АҚ «ҰССО» сынау лабораториясында өнімнің сапасын талдау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Физика-техникалық факультеті

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы

Қорғауға жіберілді:

Бөлегенова С. Ә.

(қолы, күні)

Дипломдық жұмыс

АҚ «ҰССО» сынау лабораториясында өнімнің сапасын талдау

050732 - стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы

Орындаушы

4курс студенті Тұрсынкәрім А. Қ.

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші

т. ғ. к., доцент Бектібай Б. Ж.

(қолы, күні)

Алматы, 2012

Мазмұны

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ: КО СЭҚ ТН код бойынша өнімді талдау
3: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ: Лак бояу материалының құрамын талдау
3: 9
: 1. 3
КІРІСПЕ: Лак бояу материалын классификациясы бойынша талдау
3: 10
: 2
КІРІСПЕ: АҚ «ҰССО» ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
3: 15
: 2. 1
КІРІСПЕ: Сапа облысындағы кәсіпорын қызметін талдау
3: 15
: 2. 2
КІРІСПЕ: АҚ «ҰССО» бөлімдерін талдау
3: 16
: 2. 3
КІРІСПЕ: АҚ "ҰССО" ұйымдастырушылық құрылымы
3: 19
: 2. 4
КІРІСПЕ: АҚ "ҰССО" сынақ зертханасын талдау
3: 20
: 3
КІРІСПЕ: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ БОЙЫНША ӨНІМНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
3: 23
: 4
КІРІСПЕ: ӨНІМ САПАСЫН ТАЛДАУ
3: 29
: 4. 1
КІРІСПЕ: Сапа туралы жалпы түсінік
3: 29
: 4. 2
КІРІСПЕ: Сапа көрсеткіштерін талдау
3: 31
: 4. 3
КІРІСПЕ: Қауіпсіздік сапа талаптарын талдау
3: 32
: 4. 4
КІРІСПЕ: Қоршаған ортаны қорғау талаптарын талдау
3: 33
: 5
КІРІСПЕ: АҚ «ҰССО» СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЯУЛАРДЫ СЫНАУ
3: 34
: 5. 1
КІРІСПЕ: Сынау жүргізу шарттары
3: 34
: 5. 2
КІРІСПЕ: Өнімді сынау әдістері
3: 35
: 5. 3
КІРІСПЕ: Бүгіліс кезінде қабықшаның созылғыштығын анықтау әдісі
3: 35
: 6
КІРІСПЕ: ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ
3: 41
: 6. 1
КІРІСПЕ: Сертификаттаудың негізгі түсініктері
3: 41
: 6. 2
КІРІСПЕ: Сертификаттау схемасының таңдалуы
3: 44
: 6. 3
КІРІСПЕ: Өнімді сертификаттау тәртібі
3: 45
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 47
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 48
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
3: 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сертификаттау және стандарттау саласында жаңа үдеріс бой көтеруде. Атап айтқанда бұл сала нақты жолға қойылып, әлемдік талаптарға толықтай жауап бере алатын, сұраныстарға сай өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағыттар таңдап алынды. Дегенмен, әлі шешімін күтіп жатқан, жетілдіру мен назар аударуды қажет ететін көкейкесті мәселелер де жетерлік. Атап айтсақ отандық сертификаттау және стандарттау саласында білікті мамандар азшылық етуде және соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар жеткілікті емес. Бұл мәселелерге саланың әлі де болса жаңа жолға түсу кезеңін бастан кешуі, құрал-жабдықтардың тек импорттық жолмен тасымалдануы негізгі себеп болып табылады. Бұл мәселелер болашақтың еншісіне берілер уақытта шешімін табатынына күмән жоқ.

Адамзат өмірінің соңғы он жылдықтары экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістердің күрт қаулап өсуімен ерекшеленеді. Солардың алдыңғы қатарында құры­лыс саласы да бар.

Әрине, құрылыс индустриясының, соның ішінде бояу өндірісі мен өнеркәсібінің қайта дамуы үшін едәуір уақыт пен жағдайдың тұрақтылығы, кәсіпкерлер мен халықтың осы іске белсенділігі қажет. Нақты дамуға бет алған бес-алты жыл бұған аздық ететіндей. Шамасы соған байланысты болар, қазіргі күні құрылыс нысандарын әрлеуге қажетті көптеген материалдар шетелдерден тасымалданып жүр.

Бояу өнімдері өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкция бойынша қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын бояу өнімдерінің құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады.

Сонымен қорыта айтқанда, ел экономи­касын дамытуда, оны әртараптандыруда құры­лыс саласының, атап айтқанда бояу өнімінің маңызы зор.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

1) Техникалық регламент бойынша өнімнің сапа көрсеткіштерін;

2) Қауіпсіздік сапа талаптарын;

3) Классификациясы бойынша бояу түрлерін;

4) Бояу құрамын талдау.

Жұмыстың мақсаты. Бояу сапасын техникалық шарттағы сынау әдістерімен талдау және сертификат беру жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері.

1) Бояу өнімінің сапасын талдау арқылы әр процестерге қатысты мәселелерге кең түрде шолу жасау

2) «Ұлттық сараптау және сынау орталығында» бояуды сынау және оған сертификат беру процедураларын талдау.

Зерттеу нысаны. Бояу сапасын талдау жолдары.

Зерттеу тақырыбы. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығындағы өнім сапасын талдау.

Зерттеудің жаңалығы. ҚР өндірілетін бояу өнімдерін сынау және сертификаттауға талдау жасау.

Қорғауға жіберілген нәтижелер. ҚР өндірілетін бояуларды сынау мен сертификаттау нәтижелері.

Жұмыстың практикалық мәнділігі. Жұмыста көрсетілген талдау нәтижелері практика жүзінде қолданылуы мүмкін.

1 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

Бастапқы ақпарат негізінен мына түрлерге бөлінеді: негізгі, анықтамалық. Берілген жағдайда дипломдық жұмысты әзірлеуге базалық және анықтамалық ақпарат ұсынылған.

Негізгі ақпарат: АҚ «ҰССО» даму тарихы, құрылымдық сұлбасы, сапа менеджменті жүйесі, бояу өнімі туралы ақпарат, сертификаттау жұмыстарының құжаттары, сынау әдістері.

Құжаттарды басқару

1 Сынау лабораториясының құжаттамасы келесі түрде берілген:

- өнімнің нормативтік құжаттары және сынау әдістері,

- аккредиттелген сынау лабораториясының жағдайы,

- сынау лабораториясын сапа бойынша басқару,

- қызметтік инструкциялар,

- АҚ «ҰлтССО» АҚ СМЖ құжатталған процедуралары,

- сынау лабораториясының СЖ ішкі құжаттамалары,

- мәліметтерді тіркеу құжаты (есептеме, хаттама, журналдар),

- құқықтық және нормативті-құқықтық құжаттама,

- ұйымдастырушы-басқарушылық құжаттама.

2 АҚ «ҰлтССО» АҚ СМЖ құжаттамаларының тізімі:

«Сапа басқару жүйесінде» нормативтік құжаттамаларға келесі сілтемелер қолданылады:

- СТ РК 1. 1-2003 «Стандарттау және қызмет түрлері. Терминдер және анықтамалар. »

- СТ РК ИСО 9000-2001 - «Сапа менджмент жүйесі. Негізгі қызмет және сөздік»

- СТ РК ИСО 9004-2001 «Сапа менджмент жүйесі. Қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар»

- ИСО/МЭК 2-96 басшылығы - «Стандарттау және қызмет түрлері. Жалпы сөздік»

- СТ РК ИСО/МЭК 17025-2001 «Сынау және калибрлеу лабораторияларының біліктілігне жалпы талаптар»

- СТ РК 3. 4-2003 «Өнім сәйкестігін растауды жүргізу реті»

- СТ РК 3. 58-2005 «Өнім сәйкестігін растауды жүргізуде қолданылатын үлгілер мен жұмыс істеу реті»

- СТ РК 7. 11-2004 «Сертификаттау және сынау лабораториясы органдарын аккредиттеген жағдайда қолданылатын құжаттардың негізгі формалары»

- СТ РК 2. 43-2002 «Кәсіпорын материалдары мен заттардың қасиеттерін және құрамының стандартты үлгілерін бекіту және өңдеу»

- СТ РК 3. 10-2004 «Апеляция қарастыру реті»

- РМГ 43-2001 «Өлшемнің анықталмағандығы туралы нұсқаулықты» қолдану

Сондай-ақ АҚ «ҰлтССО» АҚ СМЖ келесі құжатталған процедураларына қолданылатын сілтемелер:

- РК-01 «Сапа басқару»

- Пр-01 «Құжаттарды басқару процессі»

- Пр-02 «Жазбаларды басқару үдерісі»

- Пр-03 «СМЖ жоспарлау процессі»

- Пр-09 «Қызмет көрсетуді жоспарлау процессі»

- Пр-10 «Тұтынушы талаптарын анықтау және анализдеу процессі»

Анықтамалық ақпаратқа мыналар кіреді: ГОСТ 9. 104-79 Тоттану мен ескіруден сақтаудың бірегей жүйесі. Лак бояу жабыны. Эксплуатация шартының тобы

ГОСТ 9. 401-91 Тоттану мен ескіруден сақтаудың бірегей жүйесі. Лак бояу жабыны. Климаттық факторлардың әсерiне шыдамдылығын жылдам сынау әдiстері мен негізгі талаптар

ГОСТ 9. 403-80 Тоттану мен ескіруден сақтаудың бірегей жүйесі. Лак бояу жабыны. Сұйықтықтардың статикалық әсерлерге шыдамдылығын сынау әдістері

ГОСТ 9. 407-84 Тоттану мен ескіруден сақтаудың бірегей жүйесі. Лак бояу жабыны. Сыртқы түрін бағалау әдістері

ГОСТ 12. 1. 005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар

ГОСТ 12. 1. 016-79 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасы. Зиянды заттар концентрациясын өлшеу әдістемесіне талаптар

ГОСТ 12. 1. 044-89 (ИСО 4589-84) Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттар мен материалдардың өрт және жарылысқа қауіптілігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері

ГОСТ 12. 3. 002-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік процесстер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

ГОСТ 12. 3. 005-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Бояу жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

ГОСТ 12. 4. 011-89 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмысшыларды қорғау құралдары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

ГОСТ 12. 4. 021-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Желдеткіш жүйелер. Жалпы талаптар

ГОСТ 896-69 Лак бояу материалдары. Жылтырлығын анықтаудың отоэлектрлік әдісі

ГОСТ 4765-73 Лак бояу материалдары. Соққыға төзімділігін анықтау әдісі

ГОСТ 5233-89 (ИСО 1522-73) Лак бояу материалдары. Маятниктік құралмен қаттылығын анықтау әдісі

ГОСТ 5346-78 Пластикалық майлау. Конусты пенетрометрмен пенетрометрді анықтау әдістері

ГОСТ 6128-81 Химиялық өнімдерге арналған металл қалбырлар. Техникалық шарттар

ГОСТ 6589-74 Лак бояу материалдары. «Клин» құралымен перетир дәрежесін анықтау әдістері

ГОСТ 6709-72 Дистилденген су. Техникалық шарттар

ГОСТ 6806-73 Лак бояу материалдары. Бүгіліс кезінде қабықшаның созылғыштығын анықтау әдісі

ГОСТ 8420-74 Лак бояу материалдары. Шартты жабысқақтығын анықтау әдісі

ГОСТ 8784-75 Лак бояу материалдары. Жамылатындығын анықтау әдісі

ГОСТ 8832-76 (ИСО 1514-84) Лак бояу материалдары. Сынау жүргізу үшін лак бояушы қабықшаны алу әдісі

ГОСТ 9147-80 Лабораториялық фарфорлық құрылғы мен ыдыс. Техникалық шарттар

ГОСТ 9825-73 Лак бояу материалдары. Терминдер, анықтамалар мен белгілер

ГОСТ 9980. 1-86 Лак бояу материалдары. Қабылдау ережелері

ГОСТ 9980. 2-86 (ИСО 842-84, ИСО 1512-74, ИСО 1513-80) Лак бояу материалдары. Сынауға сынамаларды таңдап алу

ГОСТ 9980. 3-86 Лак бояу материалдары. Қаптама

ГОСТ 9980. 4-2002 Лак бояу материалдары. Маркировкасы

ГОСТ 9980. 5-86 Лак бояу материалдары. Тасымалдау мен сақтау

ГОСТ 14192-96 Жүктерді маркировкалау

ГОСТ 15140-78 Лак бояу материалдары. Адгезияны анықтау әдістері

ГОСТ 15150-69 Машиналар, құралдар және басқа техникалық өнімдер. Түрлі климаттық аймақтар үшін орындау. Сыртқы ортаның климаттық факторларына дәрежелер, эксплуатация шарттары, сақтау және тасымалдаудың әсер етуі

ГОСТ 17537-72 Лак бояу материалдары. Қатты және қабықша түзуші заттардың массалық үлесін анықтау әдістері

ГОСТ 19007-73 Лак бояу материалдары. Кебу деңгейі мен уақытын анықтау әдістері

ГОСТ 21903-76 Лак бояу материалдары. Шартты жарыққа төзімділігін анықтау әдістері

ГОСТ 24104-2001 Лабораториялық таразылар. Жалпы техникалық талаптар

ГОСТ 25336-82 Шыны лабораториялық құрылғылар мен ыдыстар. Түрлері, негізгі парметрлері мен өлшемдері

ГОСТ 28246-89 (ИСО 4618-1-3-84) Бояу мен лактар. Терминдер мен анықтамалар

ГОСТ 28513-90 Лак бояу материалдары. Тығыздығын анықтау әдістері

ГОСТ 29251-91 (ИСО 385-1-84) Шыны лабораториялық ыдыс. Бюреткалар. 1-бөлім. Жалпы талаптар

ГОСТ 29319-92 (ИСО 3668-76) Лак бояу материалдары. Түсті визуальді салыстыру әдісі

ГОСТ Р 51121-97 Тағамды емес тауарлар. Тұтынушыға мәлімдеме. Жалпы талаптар [11] .

1. 1 КО СЭҚ ТН коды бойынша өнімді талдау

Кеден тарифы және Қазақстан республикасының сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық номенклатурасы.

Қазақстан республикасының сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық номенклатурасының интерпретациясының негiзгi ережелерi.

Бiртұтас кеден тарифы - үшiншi елдерден бiртұтас кеден аумағына (КО СЭҚ ТН ) кеден одағының сыртқыэкономикалық қызметiнiң бiртұтас Тауарлық номенклатурасымен сәйкес жүйелi тасылатын тауар қолданылатын кеден баждары мөлшерлерiнiң төбесi.

Тауарлардың (бұдан әрi - ҚР-ның СЭҚ ТН-cы) Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық номенклатурасындағы классификация келесi ережелер бойынша iске асады:

- Бөлiмдердiң атаулары, топ және шағын топтар ҚР-ның СЭҚ ТН-ның қолдануы тек қана ыңғайлы болу үшiн тура келедi; ҚР-ның СЭҚ ТН-ында тауарларының классификацияcsның заң мақсаттары үшiн тауарлық позициялар мәтiндерiнен сүйене және бөлiмдерге немесе топтарға тиiстi ескертулердiң және, егер мұндай мәтiндермен басқа ескерiлмесе iске асады, келесi жағдайлармен сәйкес:

а) қандай да бір тауарға тауарлық позицияның атауында кез келген сілтеме сондай тауарға жиынтықсыз немесе аяқталмаған түрде сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Егер жиынтықсыз немесе аяқталмаған түрде болса, бұл тауар жиынтықты немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеттеріне ие болады, сондай-ақ жиналмаған немесе шашылған түрде ұсынылған жиынтықты немесе аяқталған тауарға сілтеме түрінде қарастырылу керек;

б) қандай да бір материал немесе затқа деген тауарлық позиция атауында кез келген сілтеме осы материалдың немесе заттың басқа материалдар немесе заттармен қосылысы немесе қоспа ретінде қарастырылуы керек. Белгілі бір материал немесе заттан тұратын тауарға деген кез келген сілтеме осы материал немесе заттардан толықтай немесе жартылай тұратын тауарларға сілтеме ретінде қарастырылуы керек.

СЭҚ ТН - өнім түрлерінің классификацияланған топтарының атаулары және кодтарының тізімі болып табылады. Кедендік код декларациялау немесе кедендік салық секілді кедендік операцияларды жүзеге асыруда тауарлық классификациялау кезінде қолданылады.

Өнімнің кедендік классификаторын қолдану Қазақстан территориясына өнімді әкелу үшін, кедендік бақылаудан өту үшін қажет. Осындай кодтау ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлардың бірегей сәйкестендірілуі мақсатында қолданылады. Сонымен қатар кедендік декларацияның автоматтандырылған өңделуін және СЭҚ жүзеге асырудағы кеден мүшелеріне көрсетілетін басқа да мәліметтердің автоматтандырылған өңделуін жеңілдету үшін пайдаланылады.

СЭҚ ТН кодының құрамы мен мағынасы:

СЭҚ ТН коды 10 саннан құралады, олар келесі түрде түсіндіріледі:

- Алғашқы 2 сан (мысалы, 32) - СЭҚ ТН-ң тауарлық тобы;

- Алғашқы 4 сан (мысалы, 3209) - тауарлық позиция;

- Алғашқы 6 сан (мысалы, 320910) - тауарлық субпозиция;

- Барлық 10 сан, кедендік жүк декларациясында көрсетілетін тауардың толық коды (мысалы, 320919) - тауарлық подсубпозиция.

СЭҚ ТН коды тек Кедендік Комитетпен ресми түрде тағайындалады.

3209 - диспергирленген немесе су ортасында еріген, синтетикалық полимерлер мен химиялық модифицерленген табиғи полимерлердің негізіндегі бояулар мен лактар (эмаль мен политураны қосқанда) :

320919 - су-дисперсионды лак бояу материалы [14] .

1. 2 Лак бояу материалының құрамын талдау

Ішкі жұмыстарға арналған су дисперсионды лак бояу материал құрамы:

Байланыстырушы - полимердің су дисперсиясы (латекс) 7-50%

Еріткіш - су 30-40%

Пигмент - титан диоксиді 4-20%

Толтырғыш - микронизирленген мәрмәр 30-45%

Технологиялық қоспалар (аддивтер) - 2-4%

1-сурет. Лак бояу материалы құрамының көрсеткіші

Су-дисперсионды лак бояуларда судағы органикалық полимер дисперсия қолданылады. Су қайнағаннан кейін пигмент бөлшектері мен толықтырғыш арасында өзара байланыс жүреді. Нәтижесінде боялған бетте тығыз тіркесетін қабықша түзіледі.

Лак бояу жабынының негізгі қасиеттері - олардың түрлерін таңдау мен байланыстырушы санына қарай байланысты:

- беріктік пен созылғыштық;

- суға төзімділік (қабықшаның жуылғыштығы) ;

- атмосфера- және УФ- төзімділік;

- үйкеліске шыдамдылық;

- буға төзімділік;

- негізге арналған адгезия;

- ұсақталуға төзімділік;

- жылтырдың сақталуы;

- түстің беріктілігі мен сарғаюға деген төзімділігі және т. б.

Құрамына қарай байланыстырушылар келесідей негізгі түрлерге бөлінеді:

- акрилді дисперсиялар;

- стирол-акрилді;

- бутадиен-стирольді;

- винилацетатты.

Технологиялық қоспалар (аддитивтер) - пигменттерді диспергирлеу, беткі ақауларын жою және де бояуды өндіру, тасымалдау, сақтау мен жабынын қалыптастыру сияқты үдерістерді жеңілдететін, тездететін және интенсифицирлейтін компоненттер.

Диспергаторлар - бояуды сақтау кезіндегі қасиеттеріне ықпал етеді.

Қоюландырғыштар - бояуды сақтау кезінде қасиеттерінің тұрақтылығына, сондай-ақ реологиялық қасиеттеріне (жабысқақтық, аққыштық, қайта жөндеу кезіндегі ыңғайлылық) ықпал етеді.

Көбікөшіргіш - жабын материалын көбіктенуге бейімділігіне ықпал етеді.

Микробиоцидті консерванттар, фунгицидтер - бояудың тұрақтылығына және микробиоцидті жұғуға жағылған жабынға ықпал етеді.

Коалесценттер, еріткіштер - кебу уақыты мен қалыптасатын қабықшаның бірқалыптылығына ықпал етеді.

1. 3 Лак бояу материалын классификациясы бойынша талдау

- СДЛБМ мына түрлер бойынша классификацияланады: лактар, бояулар, грунтовкалар мен шпатлевкалар.

- Түсі бойынша СДЛБМдың пигменттелген классификациясы: ахроматты (қара, сұр, ақ түсті) және түрлі түсті.

Химиялық құрамы бойынша сапа көрсеткіштері А қосымшасында көрсетілген.

Қаптама белгілері

- Қаптама белгілері келесідей ретте жазылады:

а) лак бояу материалының сыртқы қаптамасының белгілері ГОСТ 9825-73 сәйкес;

б) қаптама классы белгілеріне нұсқаулығы бар нормативті-техникалық құжатқа сәйкес;

в) эксплуатация шарттарының белгісі:

климаттық факторлардың әсер ету бөлімі - ГОСТ 9. 104-79 сәйкес эксплуатация шарттарының тобы.

- Қаптама белгілерінде лак бояу материалын жағудың технологиялық ретінің қабат санын көрсету немесе қаптаманы стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес белгілеу.

- Лак бояу материалының белгілерін, жағу деңгейі мен эксплуатация шартының белгілерін нүктемен бөледі. Эксплуатация шартының түрлі әсерлері кезінде олардың белгілерін тиремен бөледі.

1-кесте. Қаптама белгілеріне мысалдар

Қаптама белгілері
Қаптама сипаттамасы
Қаптама белгілері: Эмаль МЛ-152 көк. II. У1
Қаптама сипаттамасы: Макро-климаттық ауданның ашық ауасында 11 класс бойынша эксплуатацияланатын МЛ-152 көк эмаль қаптамасы
Қаптама белгілері: Эмаль ХС-710 сұр. Лак ХС-76. IV. 7/2
Қаптама сипаттамасы: Қышқыл ерітінділері әсері кезіндегі IV класс бойынша эксплуатацияланатын ХС-76 лагімен лактанған ХС-710 сұр эмаль қаптама
Қаптама белгілері: Эмаль ХВ-124 көгілдір. V. 7/1-Т2
Қаптама сипаттамасы: Тропиктік құрғақ макроклиматтық аудандағы химиялық немесе басқа да өндірістермен ластанған атмосферада V класс бойынша эксплуатацияланатын ХВ-124 көгілдір эмаль қаптамасы
Қаптама белгілері: Грунтовка ФЛ-03қоңыр. VI. У3
Қаптама сипаттамасы: Макроклиматтық аудандағы жабық ғимараттарда VI класс бойынша эксплуатацияланатын ФЛ-03қ грунтовка қаптамасы
Қаптама белгілері: Эмаль ПФ-115 896. III. У1 қою сұр.
Қаптама сипаттамасы: Макроклиматтық аудандағы ашық алаңда III класс бойынша эксплуатацияланатын 896 қою сұр ПФ-115 эмаль қаптамасы

2-кесте. Артықшылық бойынша сапа көрсеткіштерін талдау

Лак бояу материалдар тобы
Топ белгілері
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары)
Лак бояу материалдар тобы: Атмосферотөзімді
Топ белгілері: 1
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Ашық алаңдарда эксплуатацияланған түрлі климаттық жағдайлардың атмосфералық әсеріне төзімді жабын
Лак бояу материалдар тобы: Шектеулі атмосферотөзімді
Топ белгілері: 2
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Түрлі климаттық жағдайларда жылытылған немесе жылытылмаған ғимарат ішінде немесе шатыр астында эксплуатацияланған жабын
Лак бояу материалдар тобы: Суға төзімді
Топ белгілері: 4
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Тұщы суға және оның буына, сондай-ақ теңіз суына төзімді жабын
Лак бояу материалдар тобы: Арнайы
Топ белгілері: 5
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Өзіндік қасиеттерге ие жабын: рентгенттік және басқа да сәулеленуге төзімді, жарқырап тұратын, термореттегіш, керісінше өсу, материалдардың сіңіруін, терілерді, резинаны, пластмассаны бояу, гигиеналық, жылжымаға қарсы және т. б.
Лак бояу материалдар тобы: Жанар майға төзімді
Топ белгілері: 6
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Минералды майлар мен консистентті жағармай, жанармай, керосин және басқа да мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді жабын
Лак бояу материалдар тобы: Химиялық төзімді
Топ белгілері: 7
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Қышқылдар, сілтілер және т. б. сұйық химиялық реагенттер немесе олардың буының әсеріне төзімді жабын
Лак бояу материалдар тобы: Термотөзімді
Топ белгілері: 8
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Жоғары температура әсеріне төзімді жабын
Лак бояу материалдар тобы: Электроизоляциондық және электрөткізгіштік
Топ белгілері: 9
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Электр қуаты, ток, электр доғасы әсеріне төзімді жабын
Лак бояу материалдар тобы: Консервациондық
Топ белгілері: 3
Артықшылық белгілері (қаптау эксплуатациясының шарттары): Өнімді сақтау, тасымалдау мен өндіру процесі кезінде уақытша қорғау мақсатында қолданылатын лак бояушы жабын

3-кесте. Қабық түзуші СДЛБМ белгілері мен классификациясы

Қабық түзуші СДЛБМ атауы
СДЛБМ белгілері
Негізгі қабық түзуші заттардың атауы
Қабық түзуші СДЛБМ атауы: Поливинилацетатты
СДЛБМ белгілері: ВД-ВА
Негізгі қабық түзуші заттардың атауы: Поливинилацетат
Қабық түзуші СДЛБМ атауы: Полиакрилді
СДЛБМ белгілері: ВД-АК
Негізгі қабық түзуші заттардың атауы: Акрилді және метакрилді қышқылдардың сополимерлері, олардың эфирлері және басқа да стирилді винилацетатты өндірушісі
Қабық түзуші СДЛБМ атауы: Каучукті
СДЛБМ белгілері: ВД-КЧ
Негізгі қабық түзуші заттардың атауы:

Дивинилстирольді, дивинилнитрильді және басқа да латекстер, хлоркаучук,

Циклокаучук

Қабық түзуші СДЛБМ атауы: Сополимеровинил ацетатты
СДЛБМ белгілері: ВД-ВС
Негізгі қабық түзуші заттардың атауы: Басқа винильді қоспалы винилацетатты сополимерлер
Қабық түзуші СДЛБМ атауы: Пентафтальді
СДЛБМ белгілері: ВД-ПФ
Негізгі қабық түзуші заттардың атауы: Модифицерленген алкидті шайыр

Негізгі лак бояу материалдарының белгілерін құру

а) Негізгі лак бояу материалдардың белгілері үшін әріптік-цифрлық жүйе қолданылады. Ол эмаль, бояу, ұнтақтық бояу, грунтовка, шпатлевка үшін 5 топтық белгіден құралады және лак үшін 4 топтық белгіден құралады.

- Белгінің бірінші тобы лак бояу материалдың түрін анықтайды және 1-таблицаға сәйкес «лак», «бояу» сөздерімен белгіленеді.

- Белгінің екінші тобы қабық түзуші затты анықтайды (шайыр, сополимер, олиф түрін және т. б. ) және 2-кестеге сәйкес екі әріппен белгіленеді [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
Сынау зертханасы жағдайында өнімнің сапасын талдау
ААҚ сынау зертханасы жағдайында құрлыс өнімдерінің сапасын талдау
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Үлгі алу тәсілінің нормалық құжаттар
Кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату мақсаты мен еңбекақыны өсіру шаралары
Сүт өнімдерінің оның ішінде ірімшік өнімінің сапа элементтеріне талдау жүргізу
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Таразылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz