Билік және тұлға философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

МӨЖ

Тақырыбы: «Билік және тұлға философиясы»

050701 - «Биотехнология» мамандығы

Орындаған: 1 курс магистранты Бауенова М. Ө.

Тексерген: Саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменов П. М.

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

I
КІРІСПЕ
5
I: II
КІРІСПЕ: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
5: 7
I: 2. 1
КІРІСПЕ: Биліктің анықтамасы. Биліктің негізгі белгілері.
5: 7
I: 2. 2
КІРІСПЕ: Биліктің механизмі, көздері мен ресурстары .
5: 7
I: 2. 3
КІРІСПЕ: Тұлға философиясы
5: 1
I: 2. 4
КІРІСПЕ: Тұлға - философиялық қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде
5: 1
I:
КІРІСПЕ:
5:
I: III
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 5
I: IV
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 5


І КІРІСПЕ

Ғалымдардың арасында «билік» ұғымдары жөнінде көптеген түсініктемелер бар. Кейбір ғалымдар билік дегеніміз өмір сүруші жүйе элементтері бірінің өзінің мүдделерін осы жүйе шеңберінде іске асырудағы нақты қабілеті және осы мағынада билік жүйе ішінде болып жататын процестерге ықпалдың іске асуы болып табылады деп санайды. Басқа ғалымдар билік - деп, кейбір мақсатты бағытталған ықпалдың нәтижелерін, өнімдерін санайды. Үшінші біреулері билік - деп, адамдар мен топ адамдар арасындағы мәні ықпалды әсерде болатын, яғни тепе-теңдікке жетуге ұмтылыс жолындағы өзара қатынастар деп түсінеді.
Билікті кейде оның қаруы - мемлекетпен, қоғамның саяси ұйымымен ұқсастырады. Билік жөнінде ең көп таралған түсініктердің бірі - оны басқару құралы деп қарау.
Билік - басқару элементі, басқару күшінің көзі. Басқару - биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан шындық жағдайына айналдырылған құрал.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Биліктің анықтамасы. Биліктің негізгі белгілері.

Билік - жалпы мағынада бұл - ерік, бедел, құқық, күштеу сияқты қандай да құралдардың көмегімен адамдардың қызметі мен тәртібіне белгілі бір әсер етудегі қабілет пен мүмкіндік.

Билікті үстемдік және мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде қарауға болады. Үстемдік - қоғамдағы әмір ету мен бағыныштылық, қатынастарды құру, қоғамдағы басқарушылық, еңбек бөлінісі фактісін ұйымдық және заңдықтүрде қалыптастыру. Үстемдік қашан билік жүйеленіп, тұрақты қатынастарға айналса, қашан ұйымда шешімдерді қабылдауға, бұйрық беруге, рұқсат ету мен тыйым салуға мүмкіндік беретін позицияларға ие болып, оларды орнатса, сол уақытта пайда болады. Билік бәрінен бұрын қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен туындайды да өзінің қызмет етуі процесінде осы тәртіпке сүйенеді. Тәртіп - ол қоғамдық, жасампаздықтың негізі, оның жалпы мәнді нәтижелерін бекітудің, билікті нығайтудың өте маңызды шарты.
Биліктің беделін мойындау, оған ерікті түрде бағынуға келісім беру халықтың басым бөлігінің құндылықтарына, дәстүрлеріне, артықшылықтары мен талпыныстарына сүйенген жағдайда ғана мүмкін болады.
Билік философиясы - белгілі бір әлеуметтік субъектілердің-индивидтердің, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардың мемлекеттік-құқықтық және де басқа құралдардың көмегімен өзінің еркі басқа әлеуметтік субъектілердің қызметін бағындыру жолындағы қабілетімен сипатталатын әлеуметтік қатынастардың формасы. Билік - қоғамдық күштердің ең әуелі өздерінің қажеттері мен мүдделеріне сәйкес дегендерін саясатта және құқықтық ережелерде жүргізу жолындағы нақтылы қабілеті мен мүмкіндігі.

Билік философиясы мына төмендегідей ерекше өзгешеліктерімен сипатталады:

  1. Үстемдік, билік шешімдерінің бүкіл қоғам үшін және тиісінше биліктің басқа да түрлеріне де міндеттілігі, кез-келген қоғамдық процестер ішіне ену қабілеттілігі.
  2. Жалпылық, яғни көпшілік. Бұл -билік құқық негізінде бүкіл қоғам атынан әрекет ете алады деген сөз.
  3. Мемлекет көлемінде билік жүргізудің күші мен басқа да құралдарын қолданудағы ашықтық.
  4. Бір орталықтың, яғни шешімдер қабылдауда жалпы-мемлекеттік орталықтың болуы.
  5. Билікті жеңіп алу, ұстап тұру және жүзеге асыру үшін қолданылатын құралдардың, көздердің кең жиынтығы.

Биліктің негізгі белгілері:

  • суверенитеттік;
  • ерік;
  • бедел;
  • зорлау, мәжбүр ету.

Суверенитеттік - бұл белгілі бір әлеуметтік субъектінің қандай да
болмасын басқа күштерге, жағдайлар мен адамдарға тәуелсіздігі жағынан жоғарлығы. Саяси биліктің суверенитеттігі - тек қана тәуелсіздікке жетудің, бөлінбеудің және ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғану құқығы емес, сонымен бірге басқару мен бұйыруға деген құқығы, саяси шешімдер қабылдауға, жоғары өкіметтің барлық міндеттерін іске асыруға деген бостандығы.
Ерік - әлеуметтік субъектіні жете түсінілген саяси мақсаттың және оны дәйекті түрде іске асыру жолындағы қабілеттің, дайындық пен бостандықтың болуы. Ерік ұғымы өзінің құрылымы бойынша шешімді қабылдау және оны іске асыру сатыларына бөлінеді.
Бедел - бүкіл елде де және оның сыртында да саяси билік субъектісінің жалпының мойындаған ықпалы. Бедел - бағынушылардың басшы бойынан табатын, жоғары бағаланатын және олардың жүгінушілігін айттырмай-ақ және жазалаумен қорқытпай-ақ анықтайтын сапалар.
Зорлау, мәжбүр ету - билік жүргізуші субъектінің өз өктемдігін күш қолдану мүмкіндігін пайдалана отырып іске асыруы.
Сонымен, егер жоғарыдағы көрсетілген негізгі белгілерінің бәрі біріккен жағдайда ғана қоғамда саяси биліктің орнайтынын айтуға болады.

2. 2. Биліктің механизмі, көздері мен ресурстары

Биліктің затталған белгілері - мекемелердің, ұйымдардың, ауызша және жазба дүниелердің (құжаттардың, заңдардың, ережелердің, бұйрықтардың, нұсқаулардың) әр түрлі формадағы жиынтығы оның механизмін құрайды.
Биліктің дамыған механизмі өте күрделі де көп мағыналы құрылым екені анық. Оның негізінде тұтас алғанда қоғам тұрады, ал негізге жақын жерде үстемдік етуші саяси күштер мен олардың ұйымдары, ең жоғарыда - биліктің парламент, үкімет, мемлекет басшысы, басқа да дәрежедегі басшылар, соттар, бақылау органдары сияқты өзіне тән құрылымдары тұрады.
Басшылық - басқарушы топ тарапынан қоғам үшін түбірлі, маңызды шешімдерді жасақтап, қабылдаудан, оның мақсаттарын, міндеттері мен болашағын анықтаудан тұрады.
Басқару - басқарушы топтың іс жүзінде қызмет ету қабілетінің өмірлік тәжірибедегі көрінісі. Басқару - қабылданған саяси шешімдердің іске асырылу жолындағы тікелей іс жүзіндегі қызметі.
Биліктің көздері: дене күштері, байлық, білім, лауазым жағдайы, ұйым, т. б.
Дене күштері биліктің бастапқы негізі болып табылады. Биліктің бұл көзі талап етілген тәртіпке жету жолындағы күш ретіндегі қорқытып-үркіту тәсіліне сүйенеді.
Байлық - билік көзінің бірі. Мұның басты себебі, байлық иелерінің басқа адамдардың тіршілік етуі үшін керек заттарды тауып бере алатындығында жатыр.
Білім мен тәжірибе қызметі - саяси биліктің тағы бір көзі ретінде білім мен іс жүзіндегі тәжірибенің маңызы, әсіресе, қазіргі дамыған өркениет жағдайында артуда.
Лауазымды қызмет - келесі саяси биліктің көзі болып саналады. Дәстүрлі қоғамдарда артықшылық жағдайдағы топтың қатарында жүру билікке жету жолындағы міндетті шарт болып табылады.
Қазіргі жағдайда әлеуметтік-саяси ұғым саяси биліктің ең қуатты басты көздерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік-саяси ұйым ерте кезден бастап-ақ адамдарды және мүліктік мүмкіндіктерді ұйымдастыруға, жұмылдыруға ғана қызмет етіп қойған жоқ, сонымен бірге қабылданатын билік басындағылар шешімін де өмірде іске асыруына қызмет етеді.
Биліктің ресурстары - олардың үстінен бағынушыларға ықпал жасау мен биліктік ерікті іске асыруға бағытталған әдістер мен құралдардың жиынтығы.

Биліктің ресурстары:

  • экономикалық;
  • күшке ие (зорлаушылық) ;
  • әлеуметтік;
  • мәдени-ақпараттық;
  • демографиялық т. б.

Экономикалық ресурстарға жататындар: қоғамдық және өзіндік өндіріс
пен тұтыну үшін қажетті керек-жарақ құндылықтары, бұлардың жалпыға ортақ маңызы бірдей белгісі ретіндегі ақша, техника, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т. б.
Күш қолдану ресурстарына күш көрсету арқылы көндіру қондырымдары және бұл үшін арнайы дайындаған адамдары жатады. Бұлардың бәрі елдің қорғанысын, ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. әрбір мемлекетте күшке ие ресурстардың түйінін әскер, полиция, қауіпсіздікті сақтау ісіндегі түрлі қызмет орындары және сот пен прокуратура, бұлардың ғимараттары, қару-жарағы, техникасы, абақтылары, т. б. құрайды.
Әлеуметтік ресурстар - әлеуметтік мәртебені, не болмаса дәрежені, мекен-жайды әлеуметтік стратификацияда (жікке бөлінушілікте) көтерудің, не болмаса төмендетудің қабілеті. Әлеуметтік ресурстар қызмет орнын, дәрежені, білім беру, дәрігерлік қызмет, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету, т. б. сияқты көрсеткіштерді қамтиды.
Мәдени-ақпараттық ресурстарға білім мен ақпарат, сондай-ақ оларды қабылдау мен таратудың құралдары: ғылым мен білім мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, т. б.
Биліктің өзіндік ерекше ресурсына адамның өзі - демографиялық ресурстар жатады. Адам - әмбебап, көп міндетті және басқа ресурстарды өндіретін мүмкіндік көзі. Адам - керек-жарақ игілік жасаушы, білім мен ақпаратқа ие және оны таратушы.

2. 3 Тұлға философиясы

Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. )
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер) .
Жеке тұлға - бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т. б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін) . Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т. б. ) . Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор - баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда - адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер) .
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1) . Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары) . Микро-орта бұл - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Орта компоненттері:

1. Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.

2. Әлеуметтік орта (макро-орта)
а) өндіріс күштерінің деңгейі;
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
г) мәдени даму дәрежесі;
д) көпшілік ақпарат құралдары;
е) техникалық құралдар. Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.
3. Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері. Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т. б. ), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

2. 4 Тұлға - философиялық қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.

Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т. б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, философия ғылымы тұлғаны өмірге белсеңді түрде араласатын, философилық қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - философияның өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын философиялық құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.

Философия тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.

Тұлға философилық қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс философиясына жалпы сипаттама
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Құндылық жүйе
Философия (лекциялар)
Саясат философиясы
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz