Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексі бойынша соттаушылардың құқықтық жағдайына сипаттама


Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексі бойынша соттаушылардың құқықтық жағдайына сипаттама
Жоспар
Кіріспе
- Құқытық мәртебенің түсінігі және құрылымы
- ҚР Конституциясының азаматтардың құқықтық мәртебесін реттеудегі маңызы
- Сотталғандардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері
- Сотталғандардың құқықтық жағдайының мазмұны
- Бас бостандықтан айыру жазасы
- Қамау алу жазасы
- Бас бостандығын шектеу жазасы
- Өлім жазасына сотталғандардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы түбірлі өзгерістер жағдайында азаматтарға және меншіктің түрлі нысандарына қол сұғылмаудың және тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғаудың сенімді кепілдіктерін қамтамасыз ету ерекше мәнге ие. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында «заңның абсолютті үстемдігін орнату және азаматтарды қылмыстылықтан қорғау» қажеттігінің аталып өткені бекер емес [1] .
Еліміздің Президенті мен Үкіметі аса маңызды міндеттердің қатарына нарықтық қатынастардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқын көрсететін, қылмыстылықпен күресудің қазіргі кезгі стратегиясын қалыптастыруды және құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігін арттыруды жатқызады.
Қарақшылық шабуылдардың көбеюі Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың жалпы өсімімен тығыз байланысты. ҚР ІІМ статистикалық мәліметтеріне көз жүгіртсек, ҚР қылмыстылықтың соңғы жылдардағы өсуі келесідей: 2002 жылы - 173858; 2003 жылы - 200873; 2004 жылы - 206006; 2005 жылы - 201796; 2006 жылы - 183913; 2007 жылы - 183977; 2008 жылы - 162491; 2009 жылы - 160895. Бұл көрсеткіштерден көрініп тұрғандай, қылмыстылықтың өршуі 2003-2005 жылдарда айқын байқалады, ал 2006 жылдан бастап біртіндеп азая бастаған. Алайда, ескеріп өтетін бір жайт, тіркелген қылмыстардың жалпы құрамының ішінде қылмыстардың ауыр түрлерінің, солардың ішінде қарақшылық шабуылдардың өсуінің тұрақтылығы сақталуда.
ҚР ІІМ мен ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпараттар орталығының мәліметтері бойынша еліміздің аумағындағы қарақшылық шабуылдардың жалпы көрсеткіші мынадай: 2002 жылы - 1400; 2003 жылы - 2308; 2004 жылы - 2330, 2005 жылы - 2140; 2006 жылы - 2097; 2007 жылы - 2046; 2008 жылы - 1968; 2009 жылы - 1938.
2000 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР Президенті құқық қорғау органдарының қызметін, олардың жұмысындағы жекелеген кемшіліктерді қатаң сынға алып, сыбайлас жемқорлықпен күреске, зорлық және пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды ашуға қатысты жұмыстардың жеткіліксіздігін көрсетті.
Қылмыстылықпен күресте құқықтық ғылымдар да, солардың ішінде қылмыстық құқық ғылымы да ерекше рөлді иеленуі тиіс. Өйткені, қылмыстық құқық ғылымының жетістіктері мемлекеттің заңшығарушылық қызметіне де, құқықбұзушылықтармен күрес жүргізуші органдардың тәжірибесіне де тікелей әсер етеді. Бұл ретте қылмыстық құқық ғылымының маңызды міндеті болып меншік нысандарының барлығын қылмыстық қол сұғушылықтан жан-жақты қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету мен нығайту табылады. Яғни, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету жағдайында мемлекеттік және қоғамдық аппараттың қызметінің сапасы ерекше мәнге ие бола түспек.
Атап өтерлік бір жайт, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодексімен мүліктік қылмыстардың құрамдарына елеулі өзгертулер енгізілді. Бұл өзгертулер меншіктің барлық нысандарының теңдігін бекіткен ҚР 1995 жылғы 30 шілдедегі Конституциясында анықталды. Конституцияның 6-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады».
Егер бұрын қолданыста болған қылмыстық заңнамада меншікке қатысты екі тарау болса (социалистік меншікке қарсы қылмыстар және азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар), қазіргі заңнамада олар бір тарауға «Меншікке қарсы қылмыстар» деп біріктірілген. ҚР ҚК «Меншікке қарсы қылмыстар» тарауында меншіктің барлық нысандарын ұрлықтан, тонаудан, қарақшылық шабуылдардан, алаяқтықтан, қорқытып алушылықтан және меншікке қатысты өзге де қол сұғушылықтардан теңдей қорғауды қамтамасыз ететін нормалар бекітілген. Бұл ретте ҚК-те мүлікті ұрлау туралы жазылған барлық баптарда, мүлік «бөтен» деп жазылған. Бөтен мүлікті ұрлау туралы сөз қозғалған барлық баптарда айқындаушы белгі ретінде ірі мөлшер көрсетілген. Меншікке қарсы қылмыстардың көптеген құрамдарына бұрын болмаған «ұйымдасқан топ» немесе «қару ретінде пайдаланылатын заттар» сияқты белгілер енгізілген. Бұл белгілер, өз кезегінде, ғылыми тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді.
1. Құқытық мәртебенің түсінігі және құрылымы
Біз еңселі ел болғалы тарихымыздың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің құрылуынан бастап, табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі - билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенінің дәлелі.
Алтай тауынан Қап (Кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада үстемдігін жүргізіп отырған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарахан, Қарлұқ, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда, келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды.
Бұл жайлы Еуразия тарихын тереңінен зерттеп, зерделеп, өзінің шығармаларында пікірін айтқан ғұлама ғалым Лев Гумилев өте ойшылдықпен жеткізген.
Жоғарыда аталған ежелгі мемлекеттердің құрамында болған қазақ ұлысының да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі болған билер үкімі құқықтық нормалардың қағидаларын (принциптерін) атқарып келді. Қазақ даласында ғасырлар бойы билер үкімі үстемдік құрып, ел арасындағы түрлі дау-шараларды шешіп отырғаны да тарихтан белгілі. Бүгінгі ұрпақдардың құлағына айқын жеткізіліп, көкейлеріне дөп қонған: «Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би» деген ғұлама сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.
Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден тарау алатыны - тарихи шындық. Содан бері Қазақ даласында қалыптасқан билер бітімі әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым - жүйеге қарай дамып, өркендеп отырды.
Он алтыншы ғасырдағы Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған заң жарлығы (1511-1523 жылдары билік құрған), Есім хан (1598-1628 жылдар аралығында билік еткен) жарлығы «Есім ханның ескі жолы» өз заманында заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісі қатарында болды.
Ғасырдан ғасырға жалғасқан осындай дәстүрлі құқықтық әдет-ғұрып, заңдарды мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасаған, «хан біткеннің қазығы болған» он жетінші - он сегізінші ғасырдағы Әз Тәуке ханның (1680-1717 жылдар аралығында хандық құрған) «Жеті жарғы» заңдар ережесінің маңызы зор болды.
Сөйтіп, сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшеліктерімен халық мүддесін, ұлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дәстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келгендігі баршамызға белгілі еді.
Алайда, жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған аралығында билер соты ескіліктің қалдығы ретінде жойылып кетті. Оның орнына әрбір одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, олар КСРО Жоғарғы Сотына бағынышты болды, оларға есеп беріп отырды.
Ең әуелі, Қазан төңкерісінен кейін, біздің еліміздегі сот жүйесі 11 сәуір 1923 жылы РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі болып құрылғаннан соң, Қазақ автономиялық КСР Ресей Федерациясы құрамына кіргендіктен, 1936 жылға дейін, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сот құрамында болып келді.
Тек, 1936 жылы КСРО жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан дербес республика боып танылған соң ғана, Қазақ ССР-і Конституциясы бойынша сот жүйесі әкімшілік бөліністегі еңбекші депутаттардың кеңестік ұйымына негізделіп құрылды. Азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын халық соттарының учаскесі ауданда болды. Бұл ең төменгі сатыдағы сот ұйымы болып есептелінді.
Бұдан кейінгі сатыда облыстық соттар тұрды. Ол облыс көлеміндегі азаматтық, қылмыстық істерді қарап, шешім қабылдады және халық сотының шешімдері мен үкімдері бойынша келіп түскен кассациялық шағым мен наразылықтарды қарап, билік айтты.
Қазақ ССР-і Жоғарғы Соты - республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып танылды. Өзінен төменгі соттарға қарап, шешім қабылдаған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған шешімдерді немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа берілмесе, оны наразылық келтіріп, қайта қарау құқығын иеленді.
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Конституциядағы 85 баптың талабына сай республикадағы барлық сот істеріне билік етті. Аталған бапта: «Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты - Қазақ ССР-індегі ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Сотына Қазақ ССР-індегі және облыстық сот ұйымдарындағы барлық сот істері мен қызметтерін қадағалау жүктелген», - деп көрсетілген. Атап өтер бір жәйт, Қазақстан территориясындағы арнайы соттардың сот ісін, қызметтерін қадағалау КСРО Жоғарғы Сотының қарауында болған.
Республика Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлап бекітті. Оның құрамына Төраға, төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың мүшелері және халық заседательдері енді, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмыс жасады.
Жеке республикалар мен одақтас елдердің жалпы мемлекеттік заңдарына талдау жасағанда, 1936 жылы қабылданған КСРО Конституциясында сот өндірісі мен сот құрылымы туралы заңдылықтарды қолдану КСРО құзыретіндегі одақтас республикаларға да тән екендігі айтылған. Бірақ, Қазақстан мен Қырғызстан территориясында РСФСР кодекстері заң нормасы ретінде 1959 жылға дейін қолданылып келді.
Осы ретте 1959 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясы аса маңызды үш бірдей заң қабылдады. Олар: Сот құрылысы туралы заң, Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексі болатын.
Аталған бұл заңдар 1958 жылғы 25 желтоқсандағы КСРО мен одақтас республикалардың заңдарын қарап бекіткен КСРО Жоғарғы Кеңесінде жан-жақты талданып, сараптаудан өткен еді. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі шығарған сот құрылымы туралы жаңа заң бойынша Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты жанынан Пленум құрылды. Бұдан бұрынғы заңдарда мұндай өкілеттілік тек РСФСР Жоғарғы Сотының құзырында ғана болған.
Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы бұдан былай республика аймағында сот істеріне қолданылатын заңдар бойынша сот басшыларына түсінік беру, статистикалық мәліметтерді сараптап көрсету, сот тәжірибесі туралы талдау жасаған материалдарды қарап, ұсыныс енгізу, республика Жоғарғы Соты Төралқасының шығарған қаулысы бойынша наразылықтарды қарау, Жоғарғы Соттың әрбір сот алқасының қызметі туралы алқа төрағасы жасаған есепті баяндамасын тыңдап, бекіту құзырына ие болды. Сонымен қатар, Пленум көрсетілген заң тәртібімен Қазақ ССР-нің заңдарын талқылап, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасына маңызды мәселе қою құқығына иеленді. Сондай-ақ, Жоғарғы Сотқа республикадағы барлық соттардың іс жүргізудегі қызметтеріне басшылық жасап, біліктілігін арттыру жөнінде айрықша құқық берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төралқасының да құзыры кеңейтіліп, ауқымды жұмыс жасауына бөгет болмады. Жоғарғы Сот төралқасының құрамы Төраға және оның орынбасары мен мүшелерінен құрылды. Төралқа Қазақ ССР Жоғарғы Сотындағы сот алқалары шығарған ұйғарымдар, шешімдер мен үкімдері бойынша келтірілген наразылықтарды қарап, олар бойынша шешім қабылдады. Оған республика прокуроры немесе оның орынбасары міндетті түрде қатысып отырды.
Республика Жоғарғы Сотының Төралқасы мен Пленумының құзыреті «Қазақ ССР-нің сот құрылымы туралы» заңындағы 47 және 49 баптар бойынша белгіленіп көрсетілген болатын. Онда Жоғарғы Сот Төралқасы мен Пленумы бұған дейінгі белгіленген заң ережелерінен әлдеқайда пәрменді болды. Сонымен бірге, олар республика аймағындағы сот істері мен оның қызмет істеуіне және басқару жүйесіне де бақылау жасады.
1957 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Сотында Төралқа қайта құрылып, оның құрамы кеңейтілді. Сол жылы республика Жоғарғы Соты құрамында Төраға және екі орынбасар, 19 сот мүшесі болды.
- ҚР Конституциясының азаматтардың құқықтық мәртебесін реттеудегі маңызы
Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлу - бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің ең басты принципі. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп көрсетілген: Республикада мемлекеттік билік біртұтас, Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Билікті тармақтарға бөлудің негізгі себептері мемлекетте заңдарды қабылдауға, яғни барлығына бірдей міндетті мінез-құлық ережесін бекітуге, оларды орындауға және төрелігін жүргізуге, яғни адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды қолдануға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу болып есептелінеді.
Биліктің тармақтарының былайша бөлінуі табиғи нәрсе болып табылады, ол табиғат заңымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, бұл мәселенің басқа да қырлары бар екендігін естен шығармауымыз қажет, мәселен оның саяси тұрғысы. Демократия жеңістіктерін сақтауда, оны қамтамасыз етуде мемлекет қызметінің үш бағытын әр түрлі үш мемлекеттік органдардың арасында бірдей бөліп, билікті бір адамның, органның қолында шоғырлана алмайтындай етіп ұстап тұру мақсаты әрбір билік иелерінің жадында болуы тиіс.
Өйткені билік жүргізуші субьекті оны өз пайдасына теріс қолдануы мүмкін, оның өзі озбырлыққа, адам тағдырын аяққа басып менмендікке салынуына апаратыны айқын. Ең бастысы - бір-біріне тәуелді емес үш тармақтар билігі өздерін өздері бақылап тұруы, бір органның заңды бұзғанына орасан зор көңіл бөлулері қажет. Осы биліктің үш тармаққа бөлінуінің өзі бірін-бірі ұстап тұруға жәрдемдесетіні сөзсіз.
Демек, билікті бөлу принципін шынайы іс жүзіне асырған кезде ғана биліктің әр үш тармағына қатысты мемлекеттік органдардың өкілдігі өз шеңберінде еркін қызмет етіп, ұдайы өзара байланыста болуына тежемелік әрі тепе-теңдік әдістері көп пайдасын тигізетіндігіне кәміл сенеміз.
Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Олардың іс-қимылдары сан алуан. Бұл дегеніміз осындай бола тұрса да бірде-бір мемлекеттік органдар Конституцияда және де басқа заңдарда белгіленген өз өкілеттілік шеңберінен тыс шығып кетулеріне құқығы жоқ.
Билікті бөлу принципінің өзі заңдарды қабылдауға байланысты заң шығарушылық қызметін тек өкілді, заңды органдар жүзеге асырса, ал заңдарды орындау, атқарушы-ұйымдастырушылық қызметі атқарушы биліктік органдарға жүктелінген; сот билігінің қисынын тәуелсіз сот органдары табады. Сойтіп, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары бір-біріне бағынбайды, өз өкілеттілігін еркін жүзеге асыра алады және олар заң жүзінде тәуелсіз.
Сонымен қатар, олардың іс-қимылдары Конституцияға сәйкес болып, Ата заңымызды бұлжытпай орындауларына бағытталуы тиісті. Олардың қызметі тек құқықпен реттелініп, оның өзі Конституцияның жоғарылығына, мемлекеттік құқықтық мәнін кепілдендіруіне әкеліп соқтыратыны ақиқат.
Осыған орай, құқықтық мемлекеттің белгісінің бірі - сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және де басқа да заң актілерімен белгіленеді. Аталған сот жүйесі туралы конституциялық заңы біздің мемлекетімізде жеке адамның мүддесі үшін, бүкіл халықтың мүддесі үшін жаңа өмірді құруды өзінің алдына мақсат етіп қойған ел ретінде Қазақстан Республикасының сот жүйесінің гуманистік сипатын белгілейді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі мына төмендегі жағдайлармен қамтамасыз етіледі:
Конституцияда, аталған конституциялық заңда, іс-жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі принциптерімен;
сот билігін барлық соттар үшін сот ісі жүргізудің заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен.
Сот билігін жүргізуші органдарының қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен нақтыланады және мынадай конституциялық принциптерге негізделеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz