Тәуке хан


Тәуке хан
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі - қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж. ) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі - елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі - елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.
Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік - берекесін кетірер ішкі дау - жанжалды, барымта - сырымтаны иып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.
Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.
Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.
Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.
17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында Қазақ елін әйгілі Әз-Тәуке басқарды. Бірақ оның билікке қай жылы келгені жайлы нақты дерек жоқ. Кейбір тарихшылар: «ол әкесі Жәңгір хан 1652 жылы қайтыс болған соң, тақ мұрагері ретінде бірден хан болды»- десе, кей ғалымдар оның билігі 1680 жылдан басталады деген пікірде. Демек арадағы 8 жылда Қазақ хандығын кім басқарды деген сауал туындайды.
80 жылдары Тәукенің хан болып көтерілгеніне дейінгі аралық, былайша айтқанда 1650-1680 аралығында қазақ хандығында кім хан болды деген сұраққа жауап бере алмай отырмыз.
Жәңгір қайтыс болғаннан кейін кім таққа отырғаны туралы мағлұмат жоқ. Бұл жерде Батыр деген кісінің болғаны айтылады. Ол туралы да мәлімет жоқ, ол бірақ рет айтылады.
Қалай билікке келді? Осы мәселе біздің тарихшылар арасында талас тудырып келе жатыр. Нақты мынау орыс-ойрат қарым қатынасын көрсететін дерек, құжаттарында мәлімет бар. Сонымен қатар жоңғарлардың деректерінде де 1652 жылы Жәңгір көз жұмады. 1680-ге дейін кім хан болды деген сұрақ туады. Бұл кезеңде біз қандай нәрсеге көңіл аударамыз.
Әз-Тәукенің таққа келу уақыты пікірталас тудырғанымен, оның елімізді 40 жылға жуық басқарғаны айдан-анық. Халық Әз-Тәуке атап кеткен ханның шын есімі - Табаққұл Мұхаммед Батырхан. Тәуке хандыққа келмес бұрын қазақтың ұлы жүз мекендеген оңтүстік жағын, Сыр бойының бір бөлігін, Жетісу өңірін жоңғарлар басып алған балатын. Тіпті жоңғар қоңтайшысы Іле өзенінің бойында жаз жайлауы ретінде көшіп қонып жүрген. Тәуке ханның басты міндеті жоңғарларға тойтарыс беру еді. Осы мақсатына жету үшін Атақты Ақша батырды өзінің 80 мыңдық әскеріне бас сардар бегі етіп сайлайды. Тәуке әскери күштерді тәртіпке келтіре отырып, сыртқы саясат жүргізуде де көрегендік танытады.
Осы кезеңде ол көрші мемлекеттермен тең дәрежелі қарым қатынас жасай білді. 1678 жылы Сүбіхан Кули ханмен сауда қарым қатынасын орнатты.
Әз-Тәуке билік құрған тұсында Түркістанның да астана ретінде беделі өседі. Сонымен қатар қала ретінде де Түркістан өркендеп өседі. Осы Әз-Тәуке заманында Сырдарияның бойындағы 32 қала қазақ хандығына қарайды.
Мұрагерлік жолмен билікке келгенде Тәуке ел ағасы жасында болатын. Оның өмірлік тәжірибесі, біліктілігі мен көрегендігі, ел басқару қабілеті ерекше еді. Таққа отырып, билік тізгіні қолына тигенде, бұрынғы хандар салған ескі сүрлеумен кетпей, елді жаңаша басқаруға тырысты. Халықтан шыққан беделді тұлғаларды өз төңірегіне топтастырып, билікке тартты. Бір ауыз сөзі жерде қалмайтын ақыл иелері елді парасат үстемдігі арқылы басқарды. Даналық сөздерімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен аты шыққан әйгілі билер де тарих сахнасына осы кезде шықты.
Бұрын егер Шыңғыс ханның тұқымдары болып саналатын сұлтандар ғана билікті қолдарында ұстаған болса, Тәуке ханның кезінде қазақтың атақты үш биі шықты тарих сахнасына. Осы кісілер шын мәнінде Тәукенің саясатының арқасында шықты. Кезінде үш жүзді төрелердің тұқымдары билейтін болса, енді билік осы билерге берілді. Бұлардың үстінде әрине хан билігі, яғни Тәуке хан тұрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz