Қазақстан ашаршылық жылдарында


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Қазақстан ашаршылық жылдарында . . . 5

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылѓан єдебиеттер . . . 13

Кіріспе.

Тәуелсіз Қазақстан дамуы тарихының қазіргі кезеңдегі бір өзекті мәселе - тотолитарлық заманда жаппай орын алған қоғамдағы әділетсіздіктер мен түрлі келеңсіздіктерден үзілді - кесілді түрде арылу және ел басқару кезіндегі билікте жіберілген “ақтаңдақтарды”жан-жақты ашып көрсету болып табылады. Өз қолы өз аузына жеткен тұста, яғни егемен ел тізгінін қолға ұстап, өркениетке бет алған қоғам ретінде өткен тарихымызды саралап, тиым салынған ақиқатты бүкпесіз айтатын, оған баға беретін уақыт жеткен сияқты.

Қазан төңкерісінен кейінгі ел басқарудағы орны толмас олқылықтар және 30-50 жылдардағы саяси - қуғын сүргінзобалаңы бізді демографиялық дағдарысқа ұшыратып, қаншама зиялы азаматтарымыздан айырды. Ел аман, жұрт тынышта екі дүркін аштық болды. Қазақ жері НКВД лагеріне айналды. Карлаг, Степлаг, оның толып жатқан нүктелері “Халық жауының” әйелдері де жазықсыз сотталып “Алжирге” жіберілді. Келімсектер, еріксіз жер аударылғандар қаптады. Өз елімізде азшылыққа ұшырадық.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күні мен Ақмола қаласына еліміздің астанасын көшіруге арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында: “Бүгінгі өмір сүріп жатқан ұрпақ өкілдерінің азаматтық борышы мен қасиетті міндеті біздің әкелеріміз бен аталарымыз тоталитарлық қоғам азабын көрген сол бір қиын жылдарды терең ой елегінен өткізу болып табылады. Бұл біздің бәрімізге де осы тарихи зұлмат ешқашан қайталанбас үшін қажет, -” деп атап өтті:1 Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 30-желтоқсанындағы Жарлығымен 1997 жыл Жалпыұлттық Келісім және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Бұл жылы заңсыз жазаланып, қудалауға ұшырағандарды ақтауда, саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алуда, әр кезеңде сондай сергелдең кешкендерге көмек көрсетуде көптеген істер атқарылды.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында елімізде, дәлірек айтсақ, Қазақстанда орын алған Сталиндік саяси террор, қуғын - сүргін зобалаңдары тарихымыздың ақтаңдақтары ретінде әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Кейбір деректерде 1930-1950 жылдары жазалау диірменінен 100 мың Қазақстандықтың өліп, оның ішінде 20 мың 170 адамның атылғаны айтылады.

1. Қазақстан ашаршылық жылдарында.

1931-1933 жылдар қазақ халқының ХХ ғасырдағы ең ауыр қайғы-қасіретке толы жылдары еді. Қазақты қынадай қырған ғаламат аштық халықтың демографиялық құрамын түгел қамтыды. Мұның түп тамыры Сталиндік қатыгез саясат пен қаныпезер голошекиндік геноцидте жатыр еді.

1929 жылға таман Қазақстанның жергілікті халқының 4-тен 3 бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын. Отаршылыққа көшу енді ғана басталып, тым баяу және асқан қиындықтармен жүріп жатты. Міне, осындай жағдайда 1929 жылдың желтоқсанында Голошекин көшпенділердің шаруашылықтарын толық коллективтендіру негізінде шұғыл отырықшыландыру керек деген сорақы шешімге тоқтады. 1930жылдың қаңтар айында ол “біз колхоз құрылысы саласында қарқын жағынан Одақтың алдыңғы қатардағы аймақтарынан қалыспай келеміз“ деп қуанды.

Қазақ шаруаларын күштеп коллективтендірудің барысында өкімет халық күн көрісінің жалғыз ғана көзі - қолындағы малын зорлықпен жинап алып, қоғамдық, мемлекеттік меншікке айналдыруды, одан қалған бірлі-жарым малдарын тағы тартып алды. Ешқандай түсіндіру шаралары жүргізілмеді. Коллективтендіру жариялап сол арада қолма-қол дауысқы салу үшін бір ғана жиналыс жетіп жатты. Қарсылық көрсеткендардің барлығы қамауға алынып социолизм жаулары деп жарияланды. Алматы аймағындағы Іле ауданында артельдің уставымен де таныстырылған тікелей қысым жасап, қорқытумен елді колхозға кіргізді. Қостанай аймағындағы Зотобол ауданында ортаға сиыр мен қойды ғана алып қоймай “кейбір колхоздарда құс та, тіпті қарбыз бен қиярдың дәндері“ қоғамдастырылды. Арал теңізінде 200-300 шақырым алыс жатқан жағалаудағы балықшыларды бір колхозға әкеліп тықты. Сыр бойындағы Кантимировкада киім-кешек, ыдыс-аяқтарды бір ортаға жиды“. Талас алқабында жан-жаққа жіберілген белсенділер елді күніне екі реттен көшіп-қонуға күштеп, арық-тұрық көтерем түйелер мен қойлардың қырылуына себепші болды. 1 Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы, әл-ауқаты соған байланысты болған қазақ шаруалары төрт-түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Колликтивтендірудің алғашқы көктемі кең даланы апатты дауылдай қырғынға ұшыратты. 40 миллион бас малдан жартысына жуығы ғана қалды. Ерекше жүгенсіздік көрсетіліп, дөрекі әрекеттер жасалған мал шаруашылық аудандарында шаруашылықтардың 95 процентіне дейін қоғамдастырылды. Шын мәніндегі нағыз малшылар мен диқандардың көпшілігі атылып, күйреп, қайтып оралмастай боп жер аударылды. Күштеп колхозға кіргізілгендер қайыршыланып аштықтың азабын тартты.

Қазақстанның барлық жерінде дерлік халық бас көтерді. Аса ірі толқулар Созақ, Алакөл, Зырян аудандарында, Орталық Қазақстанның 6 миллион шаршы аудандарында және Абай округінде болды. Колхозға қарсы болған көтерілістерді чекестердің, милицияның және тұрақты әскерлердің күшімен басып тастап отырды. Қазақтар өздерінің ата-мекендерінен кете бастады.

“Аштық апатынан аман қаламыз ба?“ деген үмітпен арып ашқан қазақтар лек-легімен шұбырып, өнеркәсіп орындарының, поселкелердің, қалалардың, . Темір жол станцияларының төңкерісінде сеңдей соғылып, сандалып жүрді. Бұл қалалар мен поселкелерде ересектер мен балалардың мәйітін күн сайын қала сыртына алып кетіп, төгіп жатты.

Осы айтылған пікірді толық қуаттайтын фактілерді Т. Рысқұлов пен О. Исаев өз аттарымен Сталинге жазған хаттарды көптеп келтірді. Олар мыналар, Орталық Қазақстанда 1932жылы көктемде 10-15мың адам аштан өлген. Ал жапай қонысынан аудан нәтижесінде қазақ аудандарында халықтың жартысы да қалмаған. Торғай мен Бетпаққара аудандарында халықтың 20-30 проценттен қырылып қалған, ал қалған елдің көбісі көшіп кеткен. Қарқаралы ауданындағы халықтыңтың саны 50 400 адам болса, содан 1933 жылы қараша айында тірі қалғаны 15 900 адам, ал аудан орталығында күн сайын 15-20 адам өліп отырған. Түркістан-Сібір темір жолы бойындағы Сергипаль қаласында 300-ге жуық қазақ аштан өлген. Балқаш ауданындағы 60 000 адамның 36000-ы қаза тапқан, 12000 қоныс аударған. Қызылорда ауданындағы ауылдық Кеңестердің көпшілігінде тұрған жергілікті халықтың 15-20 проценті ғана қалған. Қаратал ауданында 1932жылғы желтоқсанда және қаңтар айының алғашқы он күні ішінде 56 процент адам аштан өлген. Ақтөбе облысы бойынша халық саны 1 012 500адам болса, 1932 жылы содан 725 800 қалған, яғни 29 роценті қырылған . Мұндай қайғы-қасыретке ұшыраған қазақтар басқа облыстар мен аудандар да орын алды2.

Қонысынан ауған қазақтардың көбісі өнеркәсіп мекендерде сеңдей соғылып, жұмысқа орналаса алмай жүрді. Оның үстіне олардың түнде түнеп, күндіз бой жылытатын баспанасы да болмады. Сондықтан олар Қазақстан ман көршілес жатқан өлкелер мен республикаға, атап айтқанда, Батыс Сібірге, Орта Еділге, Орта Азия республикаларымен тағы сол сияқты шалғай жатқан жерлерге қарай бағыт ұстап қоныс аударды.

Өлкелік комитеттің Голощекинге көмекке келген жаңа хатшысы Л. Рошаль 1930жылдың 20науоызында “Советская степь“ газетінде: “Колхоз қозғалысының қазіргі шындығы жоспарлы жорамалдардың қырық проценттен астамы колхоздарға бірікті. Тұтас алғанда бұл қозғалыс әлуеті боп табылады“ деп жазды. Бірақ көшпенділердің шаруашылықтары тамырынан қырқылды. 1930жылдың маусымында Сталиннің “табыстан мастану“ жайлы мақаласы арқылы берілген белгі бойынша чиновниктер“ жіберілген қателіктерді аша бастады. Жетінші портконференцияда Голощекин коллективтендіру қарқыны тым жоғары болғанын айтып, өзінше ақталған болды. Бар кінәні жергілікті органдарға аудара келіп ол, жалпы алғанда, науқан табысты өтті деп санады.

“Біздің осы табыстарымыз тоқмейілсітіп, қанағаттандыра ала ма ? Ешбір қанағаттандырмайды деуіміз керек. Социолистік құрылыс міндеттері тұрғысынан, бұхара халқының 21-ауқатын көтеру тұрғысынан қарасақ бұнымыз әлі жеткіліксіз“ Бүкіл Қазақстандық ҮІІ партконференцияда жасаған есепті баяндамасында Ф. И. Голощекин осылай дегенде бұл сөздерге қызу қол шапалақтады. “Тыңдаушы лениншіл жолдас Голещекин жасасын“ деген дауыстар естілді.

Колхоздан өз еркімен шығуға рұқсат етілуі мұң екен, Қазақстандағы коллективтендірудің деңгейі бір айдың ішінде 52-проценттен бірден 32-процентке төмендеді. Кей аудандарда, оның ішінде Қарқаралыда бірде-бір колхоз қалмады. Коллективтендірудің бірінші жойқын толқынынан кейін жарты жыл болмай жатып Москвадан жаңа деректива келіп Голощекин қайтадан іске кірісті. Ендігі жерде ол “астықты“ тапсырудан бас тартты деп жеке меншік иелерін емес, колхоздарды айыптайды. “Кулактар мен байларды дереу колхоздан қуу керек“ деп талап етті. Республикалық газетте ол былай деп жазды: “Коллективтендіру естен шығып барады. Ал колхоз құрылысы жөніндегі жұмысты бір күнге де кешеуілдетуге болмайды. Коллективтендіру жұмысының әлсірету, тіпті ешбір әрекетсіз отырудың өзі асыра сілтеуден “қорқу“ нәтижесінде болды және берекесіз құбылыстардың орын алуы да осыдан. Мұндай қорқақтық “болшьевиктерге тән болмауға тиіс, бұл барып тұрған зиянды оппоратизм“ ( “Советская степь“, 1930, 23*-тамыз) .

Партиялық апараттың зорлықты көтермелеп, еркіндік беріп, мейлінше қамшылаумен коллективтендіру екінші толқыны бұрынғыдан да ойранды болып, ал уәкілдер одан сайын арсызданып, аяусыз әрекет етті.

1931жылыдың маусымына қарай Қазақстанда колективтендіру 55процентке жетті. Бұдан былай асыра сілтеуден қорықпады. Республикалық “Советская сиепь“ газеті бұдан бұрынғы секілді қуаныш білдіріп: “Қазақ республикасы коллективтендіру қарқыны жөнінен алдыңғы қатарлы республикалармен бірдей келеді“ деп рапорт берді. Ал сол алдыңғы қатарлы деген республикада адамдар ашаршылыққа ұщырап, қырылып жатты.

Дәл осы кезде қазақтар аштықпен зорлық-зомбылыққа айналған “колхозға кіру бақытынан“ қашып, жүз мыңдап басы ауған жаққа кете бастады. Ресми мәліметтер бойынша егер 1930 жылы туған жерінен 121, 2мың адам көшіп кеткен болса, 1931 жылы 1миллион 74 мың адам, яғни қазақ халқының үштен бірі өз жерінен ауды. Ата мекендерін тастап Орта Азияға қарай босқан қазақтардың бір бағыты-көршілес Қырғызстан Республикасы болды. 1931 жылыдың аяғы, 1932 жылдың басынан бастап аш өзекке талғажау іздеген аш-жалаңаш қазақтар іргелес отырған туысқан қырғыз еліне қарай шұбырды. Т. Рысқұловтың Сталинге жазған екінші хатында Қырғызстанға ауып келген қазақ босқындарының саны, шамамен айтқанда, 100мың 1 адамға жеткен қонысын тастап, Қырғызстанға ауып келгендердің басым көпшілігі Қазақстанның Оңтүстік бөлігінен көтерілген шаруалар еді, дәлірек айтқанда, бұлар Қызылорда, Шымкент Әулиеата, Алматы облыстарының тұрғындары. Басқалар пойызбен, оған мінуге мүмкіншілігі жоқтар жермен де шұбырды, екі ел арасын қосып жатқан Шу, Талас, Іле өзендерін, темір жолдың екі қапталын өрлей отырып, Қырғызстан шекарасынан өтіп, оның солтүстікжәне оңтүстік бөлігіндегі аудандары мен қалалары маңына шоғырланды

Бостандық ауыр тиді, мал қырылып, адамдар өліп жатты. Бірақ халық аштық ажалынан құтылудың басқадай амалын таппады. Ұзақ жолда жаяу жалпы ьала-шағасын ілестіріп, шұбырған қазақтың көбісі аштан бұралып, әлсіреп құлап жатты, құлағандар орнынан тұра алмай айдалады көмусіз қалып отырады. Бұл туралы “құпия“ деген сұсты жазды бар құжаттар архивтерден көп кездесуде. Солардың бірі Т. Рысқұловтың Сталинге жазған екінші хатында былай көрсетті. Сарысу ауданындағы 7мың шаруашылықтан тек 500-дей шаруашылық қалған. Өзгелері Әулиеатаға және басқа аудандарға көшіп кеткен.

Аштық дәуірлеген тұста 1933жылы Сталин “барлық колхозшыларды дәулетті ету керек“ деген ұран тастады. Екі жылдан соң еліміз халықтың саны жағынан орасан шығынға ұшырады, адамдар ашаршылықтан енді ес жинай бастаған. Ол колхозшыларға “тұрмыс бұрынғыдан жақсарып, көңілдене түсті““ деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жұт (1931-1932)
Ашаршылық нәтижесі
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Ашаршылықтың ащы шындығы
Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық
ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңіріндегі ашаршылық
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресу мен балаларға көмегі
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
1931-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚАНША ЕДІ
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz