Менеджменттің қалыптасуы және оның алғышарттары. Тейлоризм


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Басқару революциялары . . . 5
1. 2 Басқару континумы . . . 11
1. 3 Менеджменттегі тарихи тенденциялар . . . 14
2. ҒЫЛЫМИ БАСҚАРУ МЕКТЕБІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІН ТАЛДАУ
2. 1 Тейлоризмнің пайда болуы және оның мәні . . . 16
2. 2 Фордизмнің басқарудағы ерекшеліктері . . . 22
2. 3 Ғылыми басқару мектебі өкілдерінің кәсіпорын менеджментін
дамытуын талдау . . . 25
3. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚАЗІРГІ МОДЕЛЬДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 28
Қорытынды . . . 33
Қолданылған әдебиеттер . . . 35
Кіріспе
Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға “менеджмент” деген тез енді. ” Менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “манус”, яғни “қол, күш” дегенді білдіреді.
Күнделікті тұрмыста бұл сөз белгіл бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған шешім, әрекет-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және оның іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататын - қолда бар адам мен материалдар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
ХVІІ - ХVІІІ ғ. ғ. ұлы өнеркәсіп төңкерісі, алдыңғы төңкерістерге қарағанда, басқару теориясымен практикасына әлдеқайда елеулі ықпал етті. Индустрия (өнеркәсіп) мануфактурасының шектерінен асып, акционерлік капиталдың қазіргі заманығы жүйесі пісіп жетілген сайын капитал иелері бизнеспен айналысудан барған сайын алыстай бастады. Жаңа диверсификацияланған меншік формасы пайда болды. Жалғыз жетекші - меншік иесінің орнына тек қана пурсатты (айырықша құқылы) таптан ғана емес, барлық таптар ішінен іріктеп алынған бірнеше жолдамалы менеджерлер пайда болады.
Өндіріс көлемінің өсуі, капитал айналымының жеделдеуі, банк операцияларының ұлғаюы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) ықпалы басқаруды өте-мөте күрделендіре түсті. Ол енді тек бір ғана дұрыс мағыналы ойды жұмсау саласы бола алмады, арнайы білімдерді, дағдылар мен сарапшылардың іскерлігін талап етті.
Әрбір өндіріс процесі дрбес функция қызметі мен менеджменттің іс-әрекет ету саласына бөлініп шығады. Функциялардың саны өсіп, оларды жаңа негізде үйлестіру мен біріктіру мәселесі шиеленісе түседі. Оларды біріктірү үшін, әрбір функцияға мамандар штаты бекітіледі, ал үйлестіру функциялары менеджмент үлесіне тиеді.
Бастапқыда меншік иесі мен менеджер бір тұлғада көрінген. Кейін басқару капитал мен өндірістен оқшауланады. Бір капиталистің орнына екі - акционерлер мен исалдамалы басшылар қауымдастығы пайда болады. Келесі даму кезеңі: менеджерлер көп әрі әрқайсысы нақты функцияны бақылайды. Бұдан соң бірегей менеджер - маман қайта бөлінеді және оның орнына мамандар қауымдастығы пайда болады.
Менеджмент жеке меншік секторда бизнес - менджмент ретінде туындаған, бірақ ғылыми және әлеуметтік күш ретінде орта және шағын кәсіпорында емес, ірі корпорацияларда дамыды.
Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымтастыру . Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
1. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1. Басқару революциялары
Зерттеушілер тұжырымы бойынша, басқару өнері мен ғылымының қашан және қалай пайда болғанын анықтау қиын. Менеджмент түрлі кейіпте, адамдардың топталып жұмыс істеген жерінде, әсіресе адам қызметінің үш саласында үнемі болады:
а) саяси - топтағы тәртіпті белгілеу және қолдау қажеттілігі;
б) экономикалық - өндіріс пен ресурстарды бөлу қажеттілігі;
с) қ орғаныс - жаудан, жабайы аңдардан, табиғи құбылыстардан қорғану қажеттілігі.
Менеджмент топтардың қызметтерін (тамақ жинау, үй салу және т. б. ) реттейтін және бағыт беретін ең ежелгі қоғамның өзінде де қажет болған. Мысалы, Египет пирамидалары сияқты ғаламат ғимаратты салу жұмысын жоспарлаудағы, ұйымдастырудағы нақтылықты, көп адамды, олардың қызметтерін бақылауды, ішер тамақ пен жұмысшыларды орналастыруды ұйымдастыруды қажет ететін сол уақыттың басқару өнерінің керемет ескерткіші болды.
Жалпы менеджменттің пайда болуы мен даму тарихына шамамен жеті мың жыл өтті деп есептелінеді. Осы кезеңде оның қоғам өміріндегі орны мен маңызын түбірімен өзгерткен басқару революциясы өтті. Қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруімен бірге менеджмент те көп ғасырлық эволюциядан өтті.
Ғалымдар бес басқару революцияларын атап көрсетеді:
- Діни-коммерциялық.
- Дамыған әкімшілік.
- Өндірістік-құрылыстық.
- Кәсіпқой басқарудың пайда болуы.
- «Рационалды бюрократия» қағидасы.
Шамамен жеті мың жыл бұрын Ежелгі Шумирде жазу пайда болды. Мұндай ұлы жаңалық - адам өміріндегі үлкен жетістік сауда операцияларын іскер жазбалар және коммерциялық есептеулер жүргізген бизнесмен-жрецтердің ерекше топтарын қалыптастыру сияқты қоғамға көп өзгерістер әкелді. Бұл құрылыс алғашқы қауымдық болғандықтан біріккен еңбекті ұйымдастыру мен реттеуді қоғамның немесе рудың барлық мүшелері жүзеге асырды. Рудың бұрынғы ру басшылары сол кезеңдегі қызметтің барлық түрлерін өздері басқарды.
Шамамен б. э. д. 9-7 мың жыл бұрын табиғаттың бергенін (аңшылық терімшілік, т. б. ) иемденген Таяу Шығыс тұрғындары тамақ табудың жаңа түріне - өндіріске (өндіруші экономикаға) көшті. Бұл кезең менеджмент үшін есеп беру кезеңі болды, яғни басқаруда адамдардың белгілі бір білімін қажет етті.
Ежелгі қоғамдарда - Шумерде, Египетте және Аккада құрбан шалу орнына ақша, мал, май, қолөнер бұйымдарын беріп, оны кейін шаруашылық айналымына жіберу арқылы негізгі діни принциптерді өздерінше өзгерткен дін басшыларының жоғары касталары бөліне бастады. Осындай жинақтың арқасында жрецтер байып, үстем тапқа айнала бастады. Олар іс қағаздарын жүргізді, бухгалтерлік есептерді тексерді, жабдықтау, бақылау сияқты қаражат қозғалысын басқарудың басқа да функцияларын жүзеге асырды. Жазудың пайда болуының арқасында әр-түрлі ақпарат алмасу жүзеге асты. Мұны жрецтердің бүгінгі басқару практикасымен де байланысты заңды, тарихи, іскер жазбалары жазылған саздан жасалған кестелері дәлелдейді.
Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, Ежелгі Египетте мемлекеттік шаруашылықты басқарудың бай тәжірибесі жинақталған, оны өз уақытындағы ең дамыған мемлекеттік басқару аппаратының құрылуы (б. э. д. 3000-2800 жж. ) және оны қалыптастырушы таптар (шенеуніктер, писцылар, т. б. ) көрсетеді. Тіпті басқарушыларға кеңес беретін кітаптар да («Птаххотен оқулықтары» кітабы) «сұраушының сөзін мұқият тыңда, сұраушының кеудесінен қақпа…» деген қағидалары, яғни бүгінгі таңдағы басқарушы этикетінің элементтері де болған.
Сонымен, бірінші басқару революциясының нәтижесінде менеджмент коммерциялық және діни қызмет құралы ретінде қалыптасып, біртіндеп ерекше әлеуметтік құрал мен кәсіпқой іске айнала бастады.
Екінші басқару революциясы (дамыған-әкімшілік) бірінші революциядан кейін мың жыл өткен соң келді және ол әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы көп түрлі қарым-қатынасты реттеу үшін мемлекетті басқару заңдарын жасаған Вавилон патшасы Хаммурапи атымен (б. э. д. 1792-1750ж. ж. ) байланысты болды. Осы заңдардың негізінде жасалған жұмысқа жауаптылықтың, басқарудың, бақылаудың дамыған стилі енді. Басқарудың бұл деңгейі барлық елдер деңгейінде (микро-макро деңгейінде емес) жаңа деңгей болды. Ұлы полк басшысы жєне саясатшы Хамурапи еңбектерінде мемлекетті басқарудың 285 заңы белгіленген, бұл - ежелгі шығыс қазынасындағы және менеджмент тарихындағы құнды ескерткіш. Хаммурапи кодексінің өзектілігі - әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеумен байланысты. Американдық тарихшы Р. Ходжеттс Хаммурапи нағыз лидерлік стиль жасады деп атап көрсетті.
Менеджменттегі екінші революцияның мәні - бұл басқарудың таза дамыған стилі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру мен реттеудің жаңа жүйесінің пайда болуы, лидерлік стиль мен мінез-құлықты ынталандыру әдістерінің алғашқы пайда болуы.
Үшінші басқару революциясы - өндірістік-құрылыс революциясы - өндіріс пен құрылыс саласындағы қызметті бақылаумен қоса басқарудың мемлекеттік әдістерін біріктіруге бағытталған. Бұл революция Навуходонсор ІІ-нің (б. э. д. 605-562 ж. ж. ) үстемдік еткен жылдарымен байланысты. Ол тек әлемнің 7 кереметінің кейбіреулерінің (Вавилон қақпасы, аспалы бақшалар) жобаларының авторы ғана болған жоқ, сонымен қатар тоқыма фабрикалары мен бидай сақтауда өндірістік бақылау жүйесін жасап, енгізді. Басқаруға қызметтің маңызды саласы ретінде сипаттама бергендердің алғашқылардың бірі - Сократ (б. э. д. 470-377ж. ж. ) басқаруды зерттей келе, «негізгі міндет қажетті адамды қажетті орынға қойып, өз тапсырмаңды орындату»1 деп көрсетті. Платон (б. э. д. 428-348 ж. ж. ) мемлекеттік басқару түрлерін жіктей отырып, басқару органдарының функцияларын шектеуге тырысты. Александр Македонский (б. э. д. 356-323 ж. ж. ) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.
Басқарудың көптеген жаңа тәсілдері Ежелгі Римде енгізілді: Диоклетионның (б. э. д. 243-316 ж. ж. ) территориялық басқару жүйесі мен Рим католик шіркеуінің әкімшілік принциптері (функционализм принциптерін) бүгінгі күнге дейін Батыста жетілдірілген деп есептеледі. Ол менеджменттегі персоналды басқару, беделдің қалыптасуы, үстемдік жүйесінің ұйымдастырылуы, функциялардың жүйеленуі ретінде болған.
Ежелгі Римде Катон Старинный (б. э. д. 234-140 ж. ж. ) жоспарлауды бір жылға, ал жұмыстың орындалуын бақылауды тапсырмаға сәйкес жасауды ұсынды.
Төртінші революция - кәсіпқой басқарудың туындауы. Басқару ғылымы үнемі даму үстінде болды: жаңа бағыттар, мектептер қалыптасты, басқарудың ғылыми аппараты, көзқарастары жаңарды. Бағдарлар өзгерді. Олардың жеке жетістіктері мен жіберген кемшіліктері кейінгі зерттеушілерге бағалы сабақ болды. Басқару ойларының дамуына итальяндық мемлекеттік қызметкер Макиавелли (1469-1527 ж. ж. ) үлкен үлес қосты. Ол «басшының данышпандықы бағыныштыларына қарап сыналады, данышпан адамға ақыл беріп қажеті жоқ» деп атап көрсетті. «Принциптер» кітабындағы «мақсат құралды анықтайды» деген идея да осы Макиавеллидікі.
АҚШ-та «маккиавеллизмнің жоғарғы дәрежесі» және «маккиавеллизмнің төменгі дәрежесі» деп адамдарды категорияларға бөліп, әр-түрлі басшылардың маккиавеллизмге деген бейімділігін анықтау үшін тесттер жасалған.
Маккиавеллиден кейін көптеген зерттеушілер «адамдарды белсенді әрекетке итермелейтін не?» деген сұраққа жауап беруге тырысты.
Томас Гоббс (1651 ж. ) пен Джеймс Стюарттың (1767ж. ) ойы бойынша, мотив дегеніміз - бұл үстемдікке талпыну. Ал ағылшын философы Мереллия Бентам оны пайдаға қанағаттану деп түсіндірді.
XVIII ғасырдың ортасындағы өнеркәсіптік революциядан кейін Еуропадағы өндірістің дамуы техника мен технологияның күрделі түрлерінің (жиналмалы комбайндар, өзара алмастыру бөлшектері) сапаны бақылау әдістерінің енуіне (Э. Уитни), өндіріс жұмысшыларының мамандануына (Ч. Фэббидж) жєне т. б. әкелді.
Осы кезеңде мемлекеттік басқарудың дамуына ұлы ағылшын экономисті А. Смит үлкен еңбек сіңірді. Ол еңбекті бөлудің әр түрін талдаумен қоса мемлекет пен басшының міндеттеріне сипаттама берді. Сонымен қатар «экономикалық адам» принципін қалыптастырды, оның мақсаты - жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру.
XIX ғасырдың басында ағылшын экономисті Джеймс Милл мотивация мәселесін зерттеуді ұсынды. Осы кезеңде өнеркәсіптік революцияға байланысты қолданбалы жобалар мен эксперименттер енгізіле бастады, олардың нәтижелері өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жандандыруда тиімділігін көрсетті.
Еңбек ақыны бақылау мен есептеу қағидасын А. Смит жасады.
Басқару облысындағы кең ауқымды әлеуметтік экспериментті ағылшын экономисті Роберт Оуэн жүргізді (тоқыма фабрикасының басшысы жұмысшыларға үй беру, еңбек жағдайын және тұрмысын жақсарту, алғашқы қажеттілік тауарлары бар дүкендер желісін арзан бағамен құру, жұмыс күні ұзақтығын қысқарту, мектептер салу, т. б. ) . Бұл еңбек өнімділігін арттыру мақсатындағы өте жақсы экономикалық есеп болды. Р. Оуэн реформалары сол уақыттағы ең үздік реформалар болды. Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы көріп отырғанымыздай, төртінші басқару революциясы капитализмнің тууы мен еуропалық өркениеттің индустриалды дамуының бастамасы болды. Оның негізгі ерекшелігі - менеджменттің меншіктен бөлінуі және кәсіпқой басқарудың пайда болуы.
Меншік иесінің-басшының орнын акционерлер алды, бірақ менеджер капиталистерден ерекше менеджерлердің әзірге болмауынан ең негізгі басқарушы бола қойған жоқ.
XIХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы бесінші басқару революциясының теориялық негізі «рационалды бюрократия» болды. Осы кезең ірі иерархиялық құрылымның қалыптасуымен, басқару жұмысының бөлінуімен, нормалар мен стандарттардың енуімен, менеджерлердің лауазымды міндеттері мен жауапкершіліктерінің қалыптасуымен сипатталады.
Бесінші революцияның негізін салушы Макс Вебер болды. Ол нағыз бюрократиядан шығатын еңбекті қажет деп тапты. Ол: «Күндердің күнінде өзін-өзі ақтаған ережелер, тәртіптер және процедуралар шешім қабылдаудың негізі ретінде қызмет етеді, ал үстемдік шенеулік пен оның жағдайына сәйкес бөлінеді», - деген еді. 2
Веберлік «идеалды бюрократизмнің» шыңы болып бүгінгі таңдағы шешім қабылдау теориясына да тән рационалдылық табылады. Рационалды әрекет ететін менеджер - бұл жақсы ақпараттанған басқарушы. Рационалды әрекет етпейтін менеджерге білім жетіспейді. Алғашқысында бағыт, мақсат бар да, екіншісінде - жоқ. М. Вебер рационалдылықты әр-түрлі әрекеттерді дифференцияциялау құралы ретінде түсіндірді, яғни мақсатқа жету құралы ақпараттың оптималды жетуінің негізінде таңдалып алынады.
М. Вебердің ойынша, «бюрода үстемдік ететін адамдар» басқару техникасы мен коммуникация арналарын монополиялайды, ақпаратты «қызметтік құпия» деген атпен жариялайды, бәсекені, жұмысшылардың іскер сапасын бағалау мен таңдауды жоятын қызмет құрылымы механизмін қалыптастырады. Бұл бюрократия ұйымның барлық немесе біраз мүшелерін қандай да бір басқару шешімдерін қабылдау мүмкіндігінен айырады; басқару - арнайы дайындықтан өткен кәсіпқой шенеуніктердің функциясы және олар мұнымен өмір бойы айналысуы тиіс.
Қоғамдық өндірістің күрделенуіне байланысты өз идеологиясымен құндылықтар жүйесі бар басқарудың кілтті функцияларын монополиялы жаулап алу процесі жүрді. Басқару аппаратын бюрократиялау бюрократияны әлеуметтік құрылымның үстемшіл элементіне айналдырды.
1. 2. Басқару континумы
Менеджмент өркениеттің дамуында маңызды үлес қосты. Клад Үлкен мен Джордж Кішінің «Басқару ойлары тарихы» кітабында «Басқару континумы» деген тарау бар, онда менеджменттің дамуы шумерлердің тіркеу орындарын ашудан, яғни б. э. д. 5000ж. басталады. Осы уақыттан бастап барлық жағдайларды тіркеу басталады. Ол біздің ғасырымыздың 80 жылдарына дейін жалғасты.
Бұл континум - басқарудағы неғұрлым маңызды жағдайларды оның тарихи дамуындағы ғылыми бағыт ретінде санау. Ғылыми мєселелер тұрғысынан ең маңызды жағдайларға төмендегілерді жатқызуға болады:
-б. э. д. 5000 ж. шумерлердің фактілерді жазып, тіркеп отыруы;
- б. э. д. 4000 ж. Египеттіктердің жоспарлаудың, ұйымдастыру мен бақылаудың қажеттілігін мойындауы;
- б. э. д. 1800 ж. Хаммураппидің жазуды басқаруы, минималды еңбек ақыны белгілеуі, т. б;
- б. э. д. 1600 ж. Египет. Басқаруды ұйымдастыруды орталықтандыру;
- б. э. д. 600 ж. Навуходносор ІІ. өндіріс пен еңбек ақы арқылы ынталандыруды бақылау;
- б. э. д. 500 ж. Менцикс. Жүйелер мен стандарттарды мойындау;
- б. э. д. 400 ж. Сократ. Менеджменттің әмбебаптылығының принциптерін реттеу;
- б. э. д. 400 ж. Ксенофонт. Менеджментті өнердің ерекше түрі ретінде мойындау;
- б. э. д. 20 ж. Иисус Христос. Бір жақтылық. Адамдық қатынастар;
- 1100 ж. Газали. Менеджерге талап қою;
- 1767 Сэр Джеймс Стюарт үстемдік теориясы, автоматтандырудың әсерін зерттеу;
- 1776 ж. А. Смит. Мамандану, бақылау қағидасы, еңбек ақыны есептеу принципін қолдану;
- 1820 ж. Джеймс Милл. Адамдық мотивацияны талдау;
- 1900 ж. Фредерик Тейлор. Ғылыми менеджмент.
- 1911 ж. Дж. К. Дункан. Колледждерге арналған алғашқы менеджмент оқулығы;
- 1916 ж. Генри Файоль. Менеджменттің алғашқы толық теориясы;
- 1925 ж. Р. Фишер. Менеджменттің статистикалық әдістері;
- 1938 ж. С. Блэккет. Операциялық зерттеулер;
- 1949 ж. Норбет Винер. Жүйелік талдау, ақпарат теориясы;
- 1965 ж. Игорь Ансофф. Стратегиялық менеджмент;
- 1980 ж. Майкл Портер. Бәсеке теориясы;
- 1985 ж. Том Питерс. Тұтынушыларға адам сияқты, ал персоналға - бизнестің дамуының маңызды ресурсы ретіндегі қарым-қатынас.
Әлеуметтік қоғамда басқару теориясының қалыптасуына К. Маркс пен Ф. Энгельстің еңбектері көп әсер етті. Олар өздерінің зерттеу әдістерінің көмегімен осы ғылымның қалыптасуына зор үлестерін қосты. К. Маркстың «Философия кедейлігі» еңбегінде қоғамдағы әр-түрлі ұйымдар үшін «әр түрлі еңбек бөлінісі» тән, бірақ еңбек бөлінісі ұжымдық еңбекте (шеберхана, цех) әлсіз дамиды. Тек «Капиталдың» І томында еңбек бөлінісінің қажеттілігі - еңбек процесінің орындалуы үшін бұйрықты қажет ететін жалдамалы еңбек (жұмысшылардың) кооперациясының дамуымен байланысты деп көрсетілген. Капиталды иемдену бақылау бойынша еңбектен бөлінгендіктен, оның нәтижесі болып еңбек бөлінісі мен басқарудың ерекшеленуі табылады. Енді басқару кез келген біріккен еңбектің ерекше функциясы ретінде қарала бастады.
Ф. Энгельс заттар мен адамдарды басқаруды бөлудің қажеттілігін ұсынды. өндірістегі көп мәселелерді бөлу үшін ғылыми басқарудың қажеттілігі капитализмнің даму дәуірінде пайда болды. Ол кезде техникалық және технологиялық мәдениет дәрежесі өсіп келе жатқан талаптарға сай болмады. Сонымен қатар өндіріс пен экономикалық байланыстардың дамуында басқару күрделене түсті.
Арнайы дайындалған маман-басқарушылардың рөлі монополиялық капитализмнің дамуы кезінде күшейе түсті.
Менеджменттің американдық тарихшысы Д. Рен: «Нарықтық экономиканың пайда болуы мен дамуы ұйымды басқару үшін жайлы жақсы ақпараттанған басқарушыларға қажеттілік туғызды. Бәсеке жағдайында ішкі факторлармен қоса сыртқы факторларды да ескеру қажет, ресурстардың барлық түрлерін дұрыс пайдалану жайлы білімді дамыту керек», - деген еді. 3
Менеджменттің қалыптасуының алғышарттары мен көздері төмендегілер болып табылады:
- өндірісті индустриалды ұйымдастыру;
- нарықтық қатынастардың дамуы (элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға) .
Менеджмент кез келген өндірістің маңызды жетістігі, ерекше өнері ретінде қарастырыла бастады.
1. 3 Менеджменттегі тарихи тенденциялар
Ғылыми менеджмент жағдайларының аздаған тізімінің өзі өркениеттің даму тарихындағы жағдайлар болып табылады және келесі жағдайларға назар аударуға мүмкіндік береді:
а) Басқару объектісінің күрделенуіне және көлемінің өсуіне байланысты менеджменттің ғылыми-зерттеу бағыты.
Менеджер мен кәсіпкер арасында үлкен айырмашылық бар, яғни кәсіпкер (иегер, капиталист) жасалған жобаны іске асыруда толық тәуекелге барады, ал менеджер - тек өзінің билігінің көлемінде, заң нормалары мен тәртіптерінің мөлшерінде ғана тәуекелге барады.
Осыған байланысты келесі түсініктерді анықтау керек:
«Кәсіпкер» (бизнесмен) - бұл қажеттілік құрылымын түсінген және оны белгілі бір игілікті іс жасау мақсатындағы өндірісті басқаруда өз түсінігімен сәйкетендіретін адам. Ол қажеттілікті өндірістік ресурстармен келістіре отырып, мәселелер мен міндеттерді шығармашылық түрде шеше алады, бизнесті ұйымдастыруға қажетті капитал мен энергияны дұрыс жұмсап, шығын шығарады.
Менеджер - басқа адамдардың еңбегін ұйымдастыру мен басқару бойынша маман. Оның бағынушылары мен белгілі бір салада шешім қабылдау бойынша билігі болады.
«Іскер басқару» барлық кәсіпкерлік циклді көрсететін төрт функцияны атқарады: 1) даму, 2) маркетинг, 3) өндіріс, 4) басқару. Бірақ, олардың барлығы өндіріс көлемі мен түріне байланысты болғандықтан уақыт бойынша оларды шектеуге болмайды.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысқанда шикізаттарды пайдалану әдістері мен сыртқы орта реакциясы бойынша кәсіпорын функциясын басқаша да жіктеуге болады:1) ресурстарды іздеу, 2) ресурс қорларын басқару, 3) ырғақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
б) Ғылыми менеджменттің спираль тәрізді дамуы (б. э. д. 500 жыл ішінде Менциус стандарттар жүйесінің, яғни менеджменттегі жүйелік тәсілдің қажеттілігін мойындады, ал 1949 жылы Н. Винер жүйелік талдау негізін қалыптастырды) .
в) Менеджменттің жеке мәселелері жөніндегі даулар (б. э. д. 4000ж. Жоспарлаудың қажеттілігін египеттіктер мойындады, бірақ бүгінгі күнге дейін нарықтық экономикаға жоспарлаудың жағымды әсері теріске шығып отыр) .
Сонымен, менеджменттегі бірінші тарихи тенденция басқару объектілерінің күрделенуімен және спираль тәрізді дамуымен ерекшеленеді.
Осыдан дәстүрлі, жүйелі, жағдайлық, әлеуметтік-этикалық, моральды-этикалық, тұрақты менеджмент пайда болады.
Сондықтан «менеджменттің жүйелік негіздерінің» басқару континцумын дамыту б. э. д. 400ж. ішінде Сократтың қалыптастырған менеджменттің әмбебап принциптерінің бірі ретінде қарауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz