Банк филиалдары мен өкілдіктері


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дамыған банк жүйесін құру кез келген елдегі түбегейлі экономикалық өзгерістердің басты шарты болып табылады. Қазақстан нарықтық экономикасы бар елдердегі қаржы-кредит институттарының даму үрдісін және қаржылық, соның ішінде банктік қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеу тәжірибесін басшылыққа ала отырып, отандық болмысқа икемдеді. Мұның өзі көптеген экономикалық және әлеуметтік өзгерістерден, мемлекеттің өндірістік әлеуетінің артуынан көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Президенті өз Жолдауында банкроттық шығынды кәсіпорын қызметін қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде ең соңғы жол болуы тиіс деген болатын. [1]
Банк жүйесінің әлеуетін арттыру, банк ресурстарын еселеу - бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады
ҚР Ұлттық банкінің экономиканың нақты секторына әсері банк секторы арқылы жүзеге асырылатындықтан, ол осындай аса маңызды буын болып қала береді. Банк қадағалауы жөніндегі Базель комитеті белгілеген тиімді банк қадағалауының практикасына банк тәуекелдерін реттеу жөніндегі әлемдік банк практикасындағы жалпы қабылданған көзқарастарды ұстану, банк есебінің, бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу және т. б. жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда. Ал бұл қазақстандық банктердің әлемдік деңгейге көтерілуіне, біздің елімізге шет елдік әріптестер тарапынан көрсетілер сенімнің нығаюына негіз болады.
Бұл тақырыпта «Қазақстандағы банктік қызмет көрсету мәселелері» банктердің пайда болуы және дамуы; банк ұғымы, мәні мен функциялары; банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері; экономикадағы банктердің ролі; банк жүйесінің даму тарихы; Қазақстандағы банк реформасы; банктердің халықаралық стандарттарға өтуі жайында қарастырылған.
Диплом жұмысының зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының банк жүйесі жатады. Сонымен бірге, банктердің қызметі, түрлері, оның бөлімшелерін жіктеудің негіздері де зерттеудің объектісін көрсетеді.
Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының кезеңдері және банк реформасы мен банк филиалдары мен өкілдіктерінің ұйымдастырушылық құрылымы зерттеудің пәнін айқындайды.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының бюджет туралы және өзге де қолданыстағы заңдары, зерттеу тақырыбына қатысы бар халықаралық-құқықтық актілерді қамтиды
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысында ҚР банктерінің филиалдары мен өкілдіктерінің қалыптасуы мен дамуына талдау жасауды мақсат етеді. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу орынды деп танылып отыр:
- банктердің филиалдары мен өкілдіктерінің пайда болуы мен дамуына тарихи-құқықтық сипаттама беріп, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы әр түрлі банктердің бөлімшелерін саралау;
- ҚР-ның банктерінің филиалдары мен өкілдіктерінің басқа елдердегі банк бөлімшелерінен айырмашылығын көрсету, ерешелігіне баға беру;
Жұмыста қолданылатын терминдер: банк, банк филиалдары мен өкілдіктері, банк жүйесі, кредит, нарықтық экономика және т. б.
Базалық принциптерді жасау кезінде оларды түзетушілер мына төмендегі негізгі тұжырымдарды негізге алады:
● қадағалаудың басты мақсаты қаржы жүйесінде тұрақтылық пен сенімділікті сақтау болып табылады. Бұл салымшылар мен кредиторлардың шығын тәуекелін кемітуге мүмкіндік береді;
● қадағалау органдары білікті корпоративтік басқаруды көтермелеу және нарықтық ашықтық пен бақылауды ынталандыру арқылы нарықтық тәртіпті сақтауға көмектесуі тиіс;
● өз функцияларын табысты атқару үшін қадағалау органдары оперативтік дербестікке, тиісті ақпаратты байқап-бақылау, сондай-ақ жергілікті жерлерде тексерулер жүргізу жоолымен алу мүмкіндігіне, өз шешімдеріне міндеттілік сипатын беру өкілеттігіне ие болуға тиіс;
● қадағалау органдары банк қызметінің мәні туралы жақсы түсінікке ие болулары тиіс және мүмкіндігіне қарай банктердің өздері қабылдайтын тәуекелдерді білікті басқаруларына қол жеткізулері тиіс;
● тиімді қадағалау жекелеген банктер өздеріне қабылдайтын тәуекелдердің мөлшері мен сипаты бағалануы қажеттігін талап етеді және мұндай бағаларға қадағалау сипаты сай келуге тиіс;
● қадағалау органдары банк өзіне қабылдайтын тәуекелге сай келетін ресурстарға, атап айтқанда жеткілікті капиталға, білікті басшылыққа, бақылау мен есептің тиімді жүйелеріне ие екендігіне көз жеткізулері тиіс;
● қадағалау инстанциялары арасында тығыз ынтымақтастық болуға тиіс. [2]
Қадағалау қоғамның қонымды бағаларға ұсынылатын білікті қаржы қызметіне деген сұраныстарына сай келетін тиімді де бәсекеге қабілетті банк жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Қадағалау органдары өзі қадағалайтын банктер шығынға ұшырамауына кепілдік бере алмайды және бермеуге де тиіс.
Банк қадағалауы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің неғұрлым кең тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай тетіктер санатына мыналар жатады: 1) ұтымды және ұзақ мерзімді экономикалық саясат; 2) дамыған қоғамдық инфрақұрылым; 3) жоғары рыноктық тәртіп; 4) банк саласындағы проблемаларды тиімді шешудің әдістері; 5) жүйелілік қорғаныстың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін тетіктер (немесе қоғамдық қауіпсіздік жүйесі) . Банк өз қызметінде үнемі пайда алып отыруға тиісті. Ал пайданың көлеміне банк активтерінің көлемі және сапасы әсер етеді. Сондықтан банктер активтерінің сапасын үнемі қадағалап отыруы қажет активтердің құрамында сапалы активтердің үлесін ұлғайтып отыруға тиісті. Бұл үшін банк мынадай жолдарды пайдалануына болады:
- Қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздармен және бағалы металдармен оерацияларды ұлғайту.
- Банктің несиелік портфеліде күдікті және проблемалы қарыздардың үлесін азайту.
- Табыс әкелмейтін активтерді лизингтік операциялар арқылы табыс әкелетін активтерге ауыстыру.
- Банк активтерінің диверсификациялануын ұлғайту.
- Клиенттерге трасталық операцияларды көрсетуді ұлғайту және тағы басқалары.
Банктің активтері бойынша мүмкіндік зияндардың орнын жабу үшін құрылған резервтер де банктің активтерінің сапасын жақсартуға әсер етеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi. Нақты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және қолданылатын деректер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 61 бет.
1 - тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
1. 1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының кезеңдері және банк реформасы.
Бірқатар ғалымдардың пікіріне қарағанда алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында дүниге келіп, кредиттік қатынастардың кең ауқымда дамуына орай Италияда XIV-XV ғасырларда пайда болған. [3] Ал, өзге ғалымдардың пікіріне сүйенсек, банктер әлдеқайда ертеде, феодализм тұсында төлем делдалдары ретінде туындаған.
«Банк» сөзі «стол» дегенді білдіретін италиянша «banco» деген сөзден шыққан. Банк-столадр тауар саудасы қызу жүретін алаңдарға орнатылатын болған. Сауда мемлекеттер, сондай-ақ қалалар, кейбір жеке тұлғалар шекіп шығаратын алуан түрлі монеталар арқылы жүргізілген. Бұл жағдайларда айналымға түскен толып жатқан сөлкебайлардың тегін біліп, түсінетін, оларды бағалап, кеңес бере алатын мамандар қажет болған. Осы маман-айырбасшылар базарларға өз столдарын апарып, сол жерде отырған. Италия Х ғасырдан бастап әлемдік сауда орталығына айналды, оған түрлі елдердің тауарлары мен ақшасы ағылып жататын. Бұл орайда банкирлер сауда операциялдарының бұлжымас қатысушыларына айналды. Делдал-айырбасшы-банкирлер өздерінің айырықша банк-столдарымен танымал болып, көне Грекияда (трапезиттер деп аталатын, «трапеза» - стол дегенді білдіреді), ежелгі Вавилонда және басқа елдерде кең тарап үлгірді.
Түрлі монеталарды бір-бірімен кедергісіз айырбастау үшін олардың қоры болуға тиіс. Сөйтіп, бұл айырбас - столдар бағасы әр қилы монеталар айырбасталатын айырбас үйлеріне айналды.
Алайда банктердің табиғатын валюталарды айырбастау операцияларымен барабар қарау банктердің пайда болу себебін жаңылыс түсіндіруге әкелуі мүмкін. Бұл жерде ақша әлемдік ақша функциясын орындағанда ғана банк пайда болды деген ұғым туындайды. Ақша ішкі рынокта ғана айналымда болған неғұрлым ерте кезеңдерде банктің өмірге келуі күмән тудырады. Ғалымдардың пікірінше, б. з. д. VI ғасырдың өзінде ежелгі Вавилонда салымдар қабылданып, олар бойынша пайызақы төленген. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар Грекияда б. з. д. ІV ғасырда жүзеге асырылған.
Тарихшылардың пікірінше бұл операцияларды жекелеген тұлғалар, сонымен қатар шіркеу мекемелері де орындаған. Мемлекет пен қауымдастық тарапынан зор сенімге ие болғандықтан храмдар ақша мен құндылықтарды сақтауға өте қолайлы орын болып табылған. Храмдар ақша операцияларын, яғни есепке алу және есептесуді ұдайы жүргізген және олар салмақ бірліктерінде жүзеге асырылған. Олардан бөлінімдік, біртектілік, сақталушылық сияқты қасиеттер талап етілетін. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күміс ие болған.
Храмдар негізгі ақша орерацияларымен қатар ақша берумен де айналысып, олар үшін пайыздық төлем алған. Бұлар заңнамалық нормаларды айырықша сақтай отырып ресімделетін.
Сол кезеңде адамдар қозғалыссыз жататын қомақты ақшалай байлықты үстемелей беру пайда әкелмей, қайта зиян шектіретінін түсіне бастады. Сондықтан да оларды уақытша пайдалануға беріп, үстінен пайыз алу немесе сауда мен қолөнер орындарын ашу тиімді болып, табыс пен кіріс әкелетін.
Осы кезеңде өсімқорлық, жоғары пайызға кредит беру пайда болды, себебі қарыз ақшаның негізінде тараптардың жеке келісімдеріндегі кредит берушінің үстемдігі жататын. Сауда үйлері түріндегі жеке кредиторлардың пайда болуымен қатар мемлекеттік сауда агенттері жұмыс істеген. Оларды Ежелгі Шығыста тамкарлар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатып алу, сату, өзге мемлекеттерде олармен сауда жасаумен айналысқан.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері мен сауда агенттері жүргізген осы ақша операцияларының барлығы банктердің пайда болуына өз ықпалын тигізді. Банк ірі кредит кәсіпорны болып саналғандықтан жоғарыда аталған кредиторлар әлі де банкке айналмаған еді. Банк кредит ісінің даму дәрежесіне және түптеп келгенде кредитор өз клиенттеріне қызмет көрсету жөнінде орындайтын операциялар жиынтығына тәуелді болды. Өсімқор өзі жүзеге асыратын кредит операциялары жүйеге айналғанда, яғни кредиторлар арасында бәсеке пайда болғанда өсімқор болудан қалады. Мұндай өсімқор өз ссудалары үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, сондықтан қарыз алушы одан бас тартады. Кредит мәмілелерін жасаумен қатар кредитор өз клиенттерінің бұйрығымен есеп айырысу және басқа операцияларды орындай бастайды. Банк, сөйтіп, ақша шаруашылығы дамуының кредит, ақша және есеп айырысу операцияларымен біріге келіп, бір орталыққа шоғырланатын сатысы болып табылды. Мұндай мекемелер Италияның солтүстік қалаларында XVII ғасырда пайда болды. 1619 жылы Венецияда қоғамдық серіктестік жиробанк деп аталды. (лат. gero - айналым) . Металл монеталармен және оларды алмастырған серіктестік қағаздарымен төлем жасау олардың басты операциялары болды. Европа банктердің пайда болуын білдіретін ақша опеациялары құрылып жатқан мемлекеттердің экономикалық қызметіне тұрақты түрде енген орталыққа айналды. Банк ісінің нағыз мәні мемлекеттер арасындағы сауда байланыстарының даму процесінде айқын көрінді. Банк ісін жүргізудің итальяндық тәжірибесі жеке банктерді құрудың ынталандырушы факторы ғана болып қалды. Амстердамда айырбас банкі құрылып, ол депозиттік және жиробанкке, сөйтіптүптің-түбінде ссуда банкіне айналды. Германияда итальян сауда үйлерінің негізінде неміс сауда үйлері пайда болып, олардан алғашқы неміс банктері бөлініп шықты. Францияда да солай болды, осылайша XVII ғасырда Европаның барлық елдерінде дерлік банктер пайда болды.
Ежелгі банктердің кредит операцияларымен бірге трансферт, яғни ақша қаражатын бір таблицадан (есептен) өзгеге ауыстыру арқылы есеп айырысу ісі дамыды. Банктер біртіндеп өздері мен клиенттер, клиенттердің өз араларында келісімшарттарға отыра бастады, сауда мәмілелеріде делдал болды. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер банк билеттерін (hudu -«гуду») шығарды, олар ақшамен бірдей айналыста болды.
Сөйтіп, кредит, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырландырыла бастады. Ақша шаруашылығы дамуының осы сатысында банк сияқты ірі кредит мекемесі пайда бола бастады.
XVII ғаырдың 40-жылдарынан бастап Англияда банктер эмиссия операцияларын орындауға кірісіп, XIX ғасырдың басында оған елдің орталық эмиссиялық банкі мәртебесі берілді. Оның банкноттары заңды түрдегі бірегей төлем құралына айналды.
Германияда 1846 жылы жерлердің 33 эмиссиялық банктерін біріктірген орталық банк ретінде Прусс банкі құрылды.
Рессейде банк ісі мемлекеттік тұрғыда дамыды, жеке эмиссиялық банктер болған жоқ. XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж. ) эмиссиялық банк ретінде Госбанк (Мемлекеттік банк) пайда болды.
Банктің мәнін ашпастан, банк деп нені атайды деген сұраққа жауап берместен бұрын ол жайындағы қазіргі түсінікке тоқталғанымыз дұрыс болады. Мағлұматы аз адам банкті ақша сақтайтын қойма деп түсінеді. Ал банктің қызметі әр алуан. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсінігі де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме деп, біреулер ұйым деп, төртінші біреулер делдал ұйым, т. с. с. деп санайды. Банктің мұндай анықтамаларын ғылыми және оқулық әдебиеттерде, мерзімді баспасөзде, тіпті заң, ереже, нұсқаулық сияқты ресми құжаттарда да кездестіруге болады. Алайда банк мәніне терең үңіліп зерттеген И. О. Ларушин атап өткеніндей, қазіргі заманғы банк туралы жоғарыда келтірілген түсініктердің барлығы дерлік ақиқатқа сай келмейді, банктің мәнін ашпайды, осы анықтамалардың қай-қайсысына да оның өзінің қарсы айғағы бар. [4]
Ол банк мәнін оқып - үйренуде төмендегідей әдістемелік негіздерді ұсынады:
- Банк мәніне талдау жасауды оның макродеңгейдегі қызметімен байланыстырған жөн;
- Оның мәнін әр алуан типтерге қатысы жоқ, біртұтас бірлік ретінде банкке жатқызу қажет;
- Банк мәніөзге экономикалық институттардан банкті ерекшелендіріп тұратын оның өзгешеліктерін, арнайы белгілерін ашуды талап етеді;
- Банк мәні оның құрылымын ашуды талап етеді.
Әлбетте, банктің мәнін жекелеген клиентке қатысты алғандағы қайсібір банктің қызметін қарастыра отырып ашу қиын. Банк нақты клиентке қатысты өзінің кейбір қызметтерін ғана орындау мүмкін, бірақ бұдан ол банк болып кетпейді. Нақты клиентке банк көрсетеін барлық 100-120 қызмет түрінің барлығы бірдей қажет емес. Міне, сондықтан да банк мәнін талдаған кезде жекелеген банктің операцияларын назарға алмаған абзал. Оның мәні бұл орайда абстрактілі болып келеді, ол банктің тұтастай алғандағы нақты қызметінің жиынтықты сипаттамасын білдіреді. Сол себепті экономикаға қатысты тұтас алғанда макродеңгейде қарастырған орынды. Бұл орайда банк белгілі бір қызметтер жиынығы бар мекеме емес, белгілі бір атқарымдар-функциялар бекітіліп берілген институт ретінде көрінеді.
Банк мәні банктердің типтеріне, түрлеріне, яғни қандай банк: коммерциялық, инвестициялық болмаса эмиссиялық екендігіне қарамастан бірыңғай сипатта болады. Бұл банктер өз операцияларында, атқарымдарында түрліше болады, бір-бірінен ерекшеленеді, бірақ бұдан мәні өзгермейді. Мән барлығына бірдей қатысты. Бұл ерекшеліктер банктердің тұтастылығының әралуандығын білдіреді.
Әдітемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны өзге экономикалық институттардан ерекшелендіріп тұратын айырықша белгілерін анықтауды талап етеді. Мәселе қазіргі банктердің толып жатқан қаржылық, кеңес берушілік және басқа қызметтер (200-ден асады ) орыдауында, оларды өз клиенттеріне басқа экономикалық институттар да, оның ішінде банктік емес институттар да көрсете алады. Сондай-ақ істейтін істі өзге институттар да орыдайды. Бұл жағдайдан шығудың жолы - орындалған операциялардың ішінен тек қана банктік операциялар мен қызметтерді ерекшелеуге тырысу.
Банк ерекше мекеме ретіде материалдық өндіріс саласының өнімінен елеулі түрде ерекшеленетін өнім өндіреді. Ол тек тауар шығарып қана қоймай, ақша, төлем құралдары ретіндегі ерекше түрдегі тауар өндіреді. Қолма-қол ақша шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк қана шығарады.
Қызмет көрсету саласындағы банктің негізгі өнімі зат, тұтыну бұйымдарын шығару емес, кредит беру болып табылады. Оның үстіне белгілі бір сома түріндегі кредит емес, ссуда пайызы түрінде пайда әкелетін капитал сипатындағы кредит.
Бос, уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды банк жинақтай отырып, іске қосады және оларды қайта өндіру процесінде өнімді түрде пайдаланады. Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өзінің арнайы өнімімегн ерекшелене отырып, мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға бір табан жақын тұрады, себебі бұл оның қызметінің өндірістік сипатын көрсетеді.
Кредит ісі - банктің негізі, бұл оның негізгі айналысатын шаруасы болып табылады. Оның үстіне ол шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақша түріндегі төлем айналымын реттеп отыратын ірі кредит институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банк құрылымы деп оған ерекше кәсіпорын (институт) ретінде көрінуге мүмкіндік беретін құрылымы түсініледі. Бұл мағынада банктің құрылымы төрт міндетті блокты қосады, бұларсыз ол өмір сүре де, дами да алмайды. [3]
- өнеркәсіптік және сауда капиталынан босаған ерекше капитал, қарыз түрінде болатын және ылғи қозғалыс үстіндегі капитал ретіндегі банк капиталы;
- өзге кәсіпорындар мен институттардың қызметінен оның негізгі жұмысында өз өнімінің сипатымен ерекшеленетін банк қызметі;
- банк ісі мен банкті басқару саласында арнайы білімі бар адамдардың ерекше тобы;
- Банк техникасын, ғимараттарын, байланыс және коммуникация құралдарын, құрылыстарды, ішкі және сыртқы ақпаратты, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блок.
Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банк өзге қаржы институттарынан төмендегі банк операцияларын жиынтық түрде өзі ғана жүргізу құқығын иемденумен ерекшеленеді:
- жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражатын салымдарға тарту;
- таратылған ақша қаражатын өз атынан және өз есебінен қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік шартымен клиенттердің уақытша қажеттерін қанағаттандыру үшін орналастыру;
- жеке және заңды тұлғалардың банк есептерін ашу және жүргізу.
Сөйтіп, өзге қаржы делдалдарынан ерекшелене отырып, банктер төлем құралдарын шығарады және оларды экономикалық айналымға қосып, сондай-ақ айналымнан алады.
Банктер кредиттер түрінде жаңа ақшалар шығарады. Оларды айналымға шығару займшыларға кредит беру арқылы, ал айналымнан алу- кредитті займшының жабуы арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланыс қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз, көбіне қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша банк төлем агенті болып табылады, яғни ол банк арқылы жүргізіледі. Банктер өз клиенттеріне есептер ашып, олардың басы бос ақша қаражаттарын өздеріндегі есептеріне аударады, яғни олардың бұйрықтарын орындайды.
Банктің ерекшелігіне, оның негізі мен құрылымына жүргізілген талдау бойынша банкті төлем айналымын қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты деп анықтауға болады. Банктің негізгі функциясы - ақшаның кредиторлардан займшыға және сатармандардан алармандарға қарай бағытталған қозғалысына делдал болу.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес «Банк осы Заңға сәйкес банк қызметін жүргізуге құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі және ҚР Ұлттық банкінің банк операцияларын жүргізуге беретін лицензиясының болуы арқылы анықталады.
Банктің ресми мәртебесін иеленбеген ешбір заңды тұлға «банк» деп аталуға немесе өзін банк қызметімен айналысады деп сипаттауға қақысы жоқ. Қазақстанда комерциялық банктер құру және олардың жұмыс істеуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына негізделеді. Осы Заңға сәйкес:
- банк өз қызметі арқылы пайда табуға бағытталған заңды тұлға болып табылкады;
- банк лицензияға сәкес банк операцияларын жүргізу үшін құрылған кредиттік ұйым болып табылады. ;
- заңда банк елдің банк жүйесінің екіншісі сатысы ретінде қарастырылады.
... жалғасыБанк жүйесінің негізгі элементі банк болып табылады. Бұл мыналарды білдіреді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz