2015 жылға дейінгі елді дамытудың индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақстан Британ Техникалық Университеті

Философия және құқық кафедрасы

«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын оқып-үйренуге арналған Арнайы курстан

Реферат

«2015 жылға дейінгі елді дамытудың индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру»

Орындаған:

Тексерген:

Алматы

Мазмұны

1. Кіріспе 3

2. Негізгі бөлім 5

2. 1. Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге асыру қағидаттары 5

2. 2. Cтратегияны iске асырудың кезеңдерi және

тетiгi 6

2. 2. 1. Іске асыру кезеңдерi 6

2. 2. 2 Iске асыру тетiгi 8

2. 3. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 9

3. Қортынды бөлім 10

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы аламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Жалпы алғанда, Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге асыру қағидаттары

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.

Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.

Стратегиядағы қарастырылған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Cтратегияны iске асырудың кезеңдерi және тетiгi

1. Іске асыру кезеңдерi

Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.

Бiрiншi кезең (2003-2005 жж. ) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, ҚҚT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.

Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзу, Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электротехникалық комиссиясына, т. б. кiруi жоспарланады.

Осы кезеңде қорларды құруға көзделген капиталды түзу, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк жүйесiн айтарлықтай жетiлдiру қажет.

Ғылымды, бiлiмдi дамыту және оны индустриялық-инновациялық дамытуға бағыттай отырып, кәсiби кадрларды даярлау саласындағы реформаны бастау, стандарттау мен сертификаттауды жетiлдiру, Қазақстанның ДСё-ға кiру процесiн аяқтау көзделiп отыр.

Осы кезеңдегi экономиканың дамуы индикативтi жоспардың болжамына сәйкес жүргiзiлетiн болады.

2003-2005 жылдар аралығы болжам бойынша өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң нақты қарқынын ескере отырып, ЖIӨ-нiң екi еселенуiмен байланысты стратегиялық мақсатқа жету қамтамасыз етiледi.

Жоспарлы кезеңде экспорт пен iшкi тұтынудың дәстүрлi тауарлары және қызметтерi өндiрiсiнiң бiр мезгiлде сан жағынан өсуiмен қатар өнеркәсiп пен аграрлық секторды қайта жаңғырту, жұмыстың инвестициялық-құрылыс күллi кезеңiн түбегейлi өзгерiсi есебiнен экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету үшiн негiз салыну қажет.

Орта мерзiм iшiнде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтiң, бiлiм және денсаулық сақтау жүйелерiн, құрылымдық-институционалдық дамыту және мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, қаржы секторын дамыту және ырықтандыруды жалғастыру қажет. Тиiмдi инновациялық инфрақұрылымның негiзi қалануға тиiс.

Соңғы жылдардағыдай тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң өсуi тау-кен өнеркәсiбiн дамытудың қарқын алу есебiнен, ең алдымен мұнай мен газ өндiрудi ұлғайту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл кезде макроэкономикалық саясат төмен инфляцияны қамтамасыз етуге, Қазақстан экономикасына тiкелей инвестициялардың келуiне және экспортты ұлғайтуға ынталандыратын жағдай жасауға бағытталуы тиiс.

Осыған сәйкес монетарлық саясат 5, 5 және 4 % арасындағы инфляцияның орташа жылдық өсiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Мұнай бағасының конъюнктурасы Қазақстан үшiн қолайлы кезде теңгенiң құнсыздануы АҚШ долларына қатысты жылына тиiсiнше 4, 5 және 3 % арасында ауытқуы тиiс.

Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi.

Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады.

Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi.

Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.

Өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобаларды iске асыру басталады.

Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.

Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.

Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.

2. Iске асыру тетiгi

Стратегияны орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның iске асырылуы жөнiнде iс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi үш жылдық кезеңге әзiрлеп, бекiтедi.

Iс-шаралар жоспарында елдiң индустриялық-инновациялық дамуының әрбiр кезеңiнiң сапалық ерекшелiктерi көрсетiлiп, Стратегия қағидаттарын iске асыру жөнiндегi нақты шаралар көзделедi. Индустриялық дамудың басым бағыттары бойынша бөлек салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрленедi. Онда нақты атқарушылар мен iске асырудың мерзiмдерi, сондай-ақ қаржыландырудың жылдар бойынша болжанатын көлемi мен көздерi көрсетiледi.

Бағдарламаларды әзiрлеу ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдардың меншiк нысанына және ведомствоға жататынына қарамастан қатысуымен жүзеге асырылатын болады.

Кешендi түрде жоспарланатын iс-шаралар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың елдiң индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн барынша үйлестiруге мүмкiндiк бередi.

Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

Стратегияны iске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың болжанатын көлемi жылына 1, 2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны icкe асырудың мемлекеттiк шығындарының құны 2002 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млрд. AҚШ долл. құрайды. Стратегияны iске асыру шеңберiнде жеке секторды қаржыландыру үшiн даму институттарына бұл қаражаттарды жыл сайын бөлу жоспарланады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен ғылымды, бiлiмдi, кәсiби мамандарды даярлауды қаржыландырудың көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде айқындалатын болады. Стратегияның iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму Банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаржылары iске қосылады. Бұл орайда инвестициялық және инновациялық жаңа институттар құруда iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.

Сонымен қатар, жаңа технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамыту мен құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған неғұрлым басым да тиiмдi жобаларды iске асыру үшiн халықаралық ұйымдар мен донор-елдердi тарту көзделедi.

Негiзгi қаржы жүгi жеке секторға түсуi тиiс. Алдын ала бағалау бойынша мемлекеттiк және жеке капиталдың қатысуының ара қатынасы бестiң бiрге қатынасын құрауы тиіс.

Қорытынды

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай iске асыру экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.

Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок субъектiлерi үшiн тең бәсекелес жағдай жасалады.

Экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруда ғылым жетiстiгiн пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi стандарттау және сертификаттау және т. б. салаларда кейiндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады.

Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттiң қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшiн таңдау бөлiгiнде iрiктеу рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен ашықтығына ие болады.

Инвестициялық идеялар мен жобалардың келешегiн айқындау саласында қазiргi кездегi әдiстер қолданатын, жаңа қаржы институттары құрылады.

Салық және кеден заңнамалары бәсекелестiктi, қазақстан өнiмдерiнiң экспортын және елдiң экономикасына инвестициялардың келуiн ынталандыруға бағытталады.

Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндiрiстiк инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау
Төртінші индустриялдық революция
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
ҚР индустриалдық - иновациалық саясаты
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz