Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым



Кіріспе
1 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
2 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еңбектері
3 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Қорытынды
Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс.Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасынды Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев- әлемдік өредегі заңғайыр тұлға, қазақ ғалымының Гималайын жасап, өзі сәтті сілемінің шыңы Эверест болып өтті.
Дарында қазақ халқы жиырмасыншы ғасырда көптеген ғалымдарды өмірге әкелді, солардың арасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұлғасы құзар шыңға ұқсайды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың арқасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан геологиясы өндірістік және іс жүзінде ғана қолданылатын ғылым өлшемі шеңберінен шығып, адамзаттың ой әлемін қозғайтын биік дәрежеге жетті. Сондықтан да оның жарқын бейнесін жиырмасыншы ғасырдың ғұламаларының арасында берік тіркелген паспортымыз, мәңгі мақтанышымыз болып қала бермек.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
“Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым”

Мазмұны

Кіріспе____________________________ _____________________________
1 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
2 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еңбектері
3 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Қорытынды

Кіріспе

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор
құбылыс.Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат
зерттеушісі, әлемдік өреге ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мемлекет
және қоғам қайраткері ретіндегі, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық
қабілетінің арқасынды Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті
үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев- әлемдік өредегі заңғайыр тұлға, қазақ
ғалымының Гималайын жасап, өзі сәтті сілемінің шыңы Эверест болып өтті.

Дарында қазақ халқы жиырмасыншы ғасырда көптеген ғалымдарды өмірге әкелді,
солардың арасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұлғасы құзар шыңға ұқсайды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың арқасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан
геологиясы өндірістік және іс жүзінде ғана қолданылатын ғылым өлшемі
шеңберінен шығып, адамзаттың ой әлемін қозғайтын биік дәрежеге жетті.
Сондықтан да оның жарқын бейнесін жиырмасыншы ғасырдың ғұламаларының
арасында берік тіркелген паспортымыз, мәңгі мақтанышымыз болып қала бермек.

1 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

“ЮНЕСКО көмегімен бүкіл әлемге

еліміздің ұлы перзентінің өмірбая
ны мен еңбек жолын, ғылыми бай
мұрасын, данылығын уағыздау арқылы қазақ
халқын, сүцікті Республикамызда көрсете біліп,
оның қасиетті топырағында осын-
дай алыптардың туғанын мақтан етейік”
Н.Назарбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей облысы, Павлодар
уезі, Ақкелін болысының №4ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл
ауданы, бұрынғы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы совхоздың Теңдік ауылы)
өз уақытында қазақтың игі жақсыларына белгіліболған ауқатты әулетте дүниеге
келген.
Ғұлама ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, геология-
минерология ғылымдарының докторы (1942), профессор(1950), КСРО Ғылым
академиясының Қазақ филиалы геологиялық ғылымдар интитутының алғашқы
директоры (1941-1942), филиал Төралқасы төрағасының орынбасары (1941-1942),
төрағасы(1942-1946), Қазақ ССР Ғылым академиысының Президенті (1946-1952
және 1955-1964), Қазақ ССР Ғылым академиясының акдемигі (1946), Төралқа
мүшесі (1961-1964), Совет Одағы геолыгтары ұлттық комитеті төрағасының
орынбасары (1957-1964), Тәжік ССР Ғылым академиясының құрметті мүшесі
(1951), Қазаұстан компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі (1949), КСРО
Жоғарғы Кеңесі Одақтық Кеңес Палатасы төрағасының орынбасары (1962-1964),
Мемлекеттік (1942), және Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958).
Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтбаев (1845-1928) ауыз әдебиеті мен
өз жерінің тарихын жақсы білетін, түркі тектес Һәм шығыс елдерінің
әдебиетімен таныс аса сауатты адам болыпты. Имантай Сәтбаев қазақтың тұңғыш
ғалымы Шоқан Уәлихановқа зор құрметпен қараған, оның әкесі Шыңғыспен жақсы
таныс болып, сыйластық құрған. Орыстың белгілі ғалым-этнографы, Шоқан
Уәлихановтың бірге оқыған досы Г.Н.Потанин Ресейдің географиялық қоғамының
аүыз әдебиетін жинастыру қызметіне Имантай Сәтбаевтың көмегін пайдаланған.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың анасы Әлима Исақызы (1862-1904) кенже ұлы
Қаныш бес жасқакелгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым
Тасболатқызының (1850-1929) мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ
ғалым өз әкесінен, ауылдық молдадан, оған қоса жергіліктіекіжылдық Ақкелін
мектебінен алғашқы білімін алды. Бала Қаныш сол күндерден бастап ерекше
ұғымталдық қабілет танытты. Бұл жайында көп жылдардан кейін “Өмірдің төрт
мезгілі” атты кітабында академик Ш.Ш.Шокин былай деп жазды: “Мені бір
көргенін жадында сақтап қалғыш мінезі талай таңдатты.Арада он жыл өтсе де
бір ұшырасқан адамды кеше ғана кездескендей ұмытпайтын.”
Ауыл мектебінен кейін оқуын Павлодардағы екіжылдық орыс-қазақ
училищесінде жалғастырған жас талант оны 1914 жылы үздік аяқтады. Сол жылы
Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шықты. 1918-
1919 жылдары семейдегі педагокикалықкурстарда жаралыстану пәнінің мұғалімі,
1919-1920жылдары Ақкелін болысындағы 4-ші ауылда мұғалім, 1920-1921 жылдары
Баынауылда халық судьясы қызметтерін атқарды. Жас қаныштың қалыптасуына ата-
анасы, оқыған ортасы және сол заманның озық азаматтары-туған ағасы
Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтбаев (1894-1937), немере ағалары Әбікей Зейінұлы
Сәтбаев (1881-1937) пен Әбдікәрім Жәмінұлы Сәтбаев (1897-1937) үлкен әсер
етті. Үшеуі де отыз жетінші жылдың жазықсыз құрбаны болды. Ағаларының
қазасы Қаныш Имантайұлының қабырғасын қайыстырды,өзінің болашағын терең
ойлауға мәжбүр қылды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өмірбаянының осы жағы
Шәмшиабану Қанышқызы Сәтбаеваның “Сәулелі әулет” (1996)атты кітабы жарық
көргенше жан-жақты айтылмады. Ағаларының саяси репрессияға ұшыраүы, Мекке
сапарында дүние салған атасы Сәтбайдың қажылығы академиктің ішінара
қарсыластары үшін тоталитарлық жүйенің идеологиялық қырсығын тигізуге қару
болады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың азамат болып қалыптасуына Абай Құнанбаев,
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың үлгілі өмірі
мен еңбектері жұғынысты әсерлерін тигізді. Ол Абайдың поэзиясын жақсы
игеріп, оның көптеген шығармаларын жатқа айтып машықтанды, лирикалық
әндерін үздік орындап жүрді. Студенттік жылдарында Шоқан Уәлихановтың
шығармаларын терең талдап, мұқият оқиды. Шоқанның Қостанай төңірегіндегі
ақын-жараулардың аузынан жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы “Ер
Едіге” эпосын қазақ тіліне аударады. Осы еңбегі 1927 жылы Мәскеуд басылып
шықты. “Бұл аңызды қазақшаға қайта аударуымның себебі – бұрынғы
Меморанскийдің аударған нұсқасында аты қазақша, заты кітапшілдеу ноғайша
болып кетуіне байланысты,” – деп Қаныш Имантайұлы Сәтбаев анық жазды.
Шоқан Уәлиханов сияқты ауыз әдебиетін зерттеуді Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев янауылда жүргенде бастап, студент кезінде жалғастырды. Жезқазған –
Ұлытау өңірінде бұл талабын күрделі ғылыми зерттеуге айналдырған ол
көптнген этнографиялық тарихи мұраларды ашты. “Жезқазған ауданындағы көне
заман ескерткіштері” атты еңбегін ғылыми қауым жақсы білді. Ғылым
академиясы Президенті қызметін атқарған кезде, Шоқан Уәлихановтың алғашқы
толық шығармалар жинағын басып шығаруды қолға алып, бұл игілікті істің
бастаушысы, ұйымдастырушысы болды. 1961-1972 жылдары Шоқан Уәлихановтың
бестомдық шығармалар жинағының редакторлығы міндетін академик Әлкей
Марғұланға тапсырып, өзі редколлегия мүшесі ретінде оның ойдағыдай жарық
көруіне атсалысты. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1919 жылдан бастап және студент
кезінде жазумен шұғылданған қазақ орта мектебінің төменгі және жоғарғы
сыныптарына арналған әАлгебра оқулығын” 1924 жылы аяқтап, солкездегі Білім
Халық Комиссариатына оқулық ретінде бекіттірді. Өкінішке орай, кітап
кезінде жарыққа шықпай қалған екен, қазір Халықаралық Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев қоры ғалымның бұл еңбегін ел қолына жеткізуді көздеп, тиісті
шаралар жасап жатыр.
1921 жылы Баянауылға емделуге келген рофессор, кейіннен академик Михаил
Антонович Усов Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың геолог болуына үлкен әсер етіп,
өз Отанының қазба байлықтарын зерттеуге ынта – жігерін арттырды. 1921 жылы
күзде ол қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, Томск технологиялық
институтының тау – кен факультетінің геология бөліміне қабылданды.
Институтта оқығанкездері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірге көз қарасы,
дүние танымы кеңи түсті, өйткені сол кездегі орыстың атақты ғалым –
геологтары, Томск технологиялық институтыныңпрофессорлары В.А.Обручев пен
М.А.Усовтан ғалымдық жолына азық болатындай мол өнеге – дәріс алғаны
белгілі. 1926 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев институтты үздік аяқтап, тау –
кен инженер – геолог деген мамандық бойынша диплом алған алғашқы қазақ
болды.
2 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еңбектері

1928 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың “Қазақстан халық шаруашылығы”
журналында “Қарсақбай ауданы және оның болашағы” атты мақаласы жарық
көрді. Ойшыл ғалым, білікті зерттеуші, практикалық материалдарды ғылыми
түрде нақтылы іске қоса білетін оқымысты – инженердің пайда болғаны ел
құлағын елеңдетті. Жезқазғанның мыс аптаған маңдайы жарқырай бастады.
1928 жала шахталар мыс кенін өндіруге кірісіп, Қарсақбй мыс зауытының
алғашқы қара мысы қорытылды. “Атбасцветметтің” жұмысы Қарсақбай мыс
зауытының комбинатына жүктелді. Сол жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Москвадан
Қарсақбайға қоныс аударып, комбинаттың геологиялық бөлімін басқарды. Жас
ғалымның тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Жезқазған мыс қорының бұрынғы
болжаулардан әлдеқайда көп екені белгілі болды. 1932 жылы Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев өзінің алғашқы монографиялық жұмысын “Жезқазған мыс – кен ауданы
және оның минералды ресурстары” деп атады. Бұл еңбегі өзін де, Жезқазғанды
да кеңінен танытты. Өмірге үлкен оқымысты, жер білгірі келгенін білген ел
қуанды, ғылыми қауым жас ғалымды жоғары бағалап, өз қатарларына қосты.
1934 жылы қараша айында Одақтық Ғылым академиясының сессиясында Қаныш
Имантайұлы Сәтбаев “Мыс, көмір, темір, марганец рудалары және Жезқазған –
Ұлытау ауданының басқа да қазба байлықтары” атты тақырыпқа баяндама жасап,
Жезқазған пайдалы кен орнының, тұтас Жезқазған – Ұлытау ауданының кен
байлығын жан – жақты дәлелдеп берді. Осы баяндаманың негізгі хабарлары
сессиясының шешіміне енгізілді. Бірақ кедергіде кемістік болған жоқ, алда
әлі көптеген шиеліністар тұр еді. Одақтық геолком Жезқазған кенінің
молдығына іштартып сенбеді, геологиялық – барлау жұмысын ақшамен қамтасыз
етуден консерваторлар бас тартты.
Осындай ауыр күндерде асқан табандылық көрсеткен Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев өзінің зертеулеріне деген берік сенімнің арқасында 1934 жылы
Одақтық ауыр өнеркәсіп Халық комиссары Г.К. Орджоникидзенің қабылдауында
болып, оны айқын дәлелдермен Жезқазған мыс орнының зор мүкіндігіне сендіре
білді. Барлау жұмыстарын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. 1937жылы
мыс қорының жаңа есебі оның мөлшерін бұрынғыдан көбейте түсті. Жезқазған
түсті металлургия өнеркісібінің алып комбинатын құру ешкімнің күмәнін
тудырмады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ғылыми зерттеулері мен практикалық ұйымдастыру
қызметін шеберлікпен ұштастырды. 1940жылы Қазақстанның жиырма жылдық тойына
байланысты, Жезқазған кен байлығын жүзеге асыру жолындағы үлкен еңбегі үшін
сол кездегі ең жоғары құрмет – Ленин орденімен марапатталды. Қаныш
Имантайұлы Сәтбаевтың есімі бүкіл Одаққа және шел елдерге танымал бола
бастады, Қазақстанда аты аңызға айналып, ел құрметіне, зор атақ – даңққа
бөленді. Алдыңғы қатарлы ғалым – геолог ретінде Одақтық Ғылым академиясының
Қазақстандағы бөлімшесі төралқасына мүше болып сайланды. Қазақстан
Үкіметінің аса маңызды, әсіресе индустриялық дамудың негізін қалау жөнінде
жүктеген міндеттерін абыроймен ақтады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев геологиялық – барлау жұмыстарымен ғана
шектелмей, геология ғылымының барлық саласы бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа
технологияны пайдалана отырып, ғылым мен нақтылы істің бірлігін ұштастырып,
сан салалы геологиялық қызмет жүйесінің негізін қалады. Жезқазған қазба
кендерінің молдығын айқындау барысында, ондағы мыс кенінің гидротермальді
генизисі жайында, кеннің пайда болу және орналасу заңдылықтары жөнінде аса
маңызды ғылыми қорытындылар жысады. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - кен инженер-
геолгты ретінде тау-кенжұмысын да жақсы білетін, әр түрлі кен қазбасы
жүйелерін мұқият зерттеген, жер жүзіндегі мысты алқаптардығы кеніштнрдің
геологиясымен бірге кен қазу технологиясын да терең талдаған ғалым.
Жезқазғанда әлемде қолданып жүрген жер асты жаңа технологиясын пайдаланудың
толық мүмкіндігі бар екндігін, мұнда мыстан басқа 20 түрлі элементтер,
соның ішінде осмий және платина кездесетінін көрсетіп барді. Ғалымның
есебінше, көне замандардан бастап Жезқазған жерінен бір миллион тоннадай
мыс алынғаны көрінеді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1932 жылдың өзінде-ақ 48000
метр тереңдіктегі 1,5 шаршы шақырым жерде ғана 2 миллион тонна мыс қорының
жатқанын, оның Одақ көлеміндегі экономикалық ең тиімді әрі үлкен кен орны
екенін дәлелдеген екен. Ағылшындардың бар-жоғы 60000 тонна ғана мыс бар
деген жорамалы жоққа шықты. Оған қоса сол күздің өзінде ол Жезқазған кен
орнының орталық бөлігінен басқа 100 тарта кен шөккен қыртыстардың барын,
шашыранды кен ошақтарының көптігін, Бетбақдаладағы Жаман – Айбатта және
Сымтаста да мыс кені кездесетінін атап көрсеткен еді. Бұлардың қатарында
Солтүстік Жыланды , Көшкінбай, Қоянды және Алтынқазған мысын да атап,
Алтынқазғанда әр тоннадан 58,4 грамм алтын алуға болатынкен көзі бар екенін
болжаған болатын.
1941 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Алматыдағы Геологиялық ғылыми –
зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. Сол жылы ол Одақтық
Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалы төрағасының орынбасары, 1942
жылдан бастап сол филиалдың – болашақ Қазақстан Ғылым академиясының басшысы
болды. “Геологиялық астсна” Жезқазғаннан Алматығ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абзал адам, ғұлама ғалым - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Жұлдызы жанған Қаныш атамның биік тұлғасы
Қ. Сәтпаевтың өмiрi
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Музыка саласында сіңірген еңбегі
Қаныш Сәтбаевтың
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақстанның табиғат байлығын зертеуші
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Пәндер