Ақпараттық қоғам және жаһандану


МАЗМҰНЫ
- Ақпараттық коммуникация және оның озық үлгілері
КІРІСПЕ
Диссертациялық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Әлемдік дағдарыс кезіндегі Қазақстандағы ақпараттық саясаттың жай-күйіне сраптамалық талдау жасалып, ақпараттық мәселелер зерттелген. Автор ақпараттық қоғам құру жағдайында әлемдік дағдарыс жайының Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне келтіретін қатерлерін саралап, болашақта мемлекеттің, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нақты ұсыныстар жасайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретінде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, ал ұлттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерінің бірі ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады. Елбасы бұдан кейінгі жолдауларында, сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарында да экономикалық, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға байланысты шаралар жүйесін жетілдірудің қажеттігін атап өтті. Ал 2010 жылғы Жолдауында «Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады» деп атап көрсетті [Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 30 қаңтар. ] .
Ақпараттық саясат - Қазақстан Республикасының мемлекет қызметінің саяси-экономикалық және басқа да салаларында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі Заңнамалық актілерде деп мемлекеттің ақпараттық ресурстарының, сонымен қатар ақпараттық саладағы жеке адам мен қоғамның мүдделерінің қорғалуының жай күйі танылады.
Жаһандану дәуірінде орын алып отырған Әлемдік дағдарыстың Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздігіне қаншалықты әсерін бағамдау маңызды. Осы орайда мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ақпарат алу саласында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты пайдалануды, оны конституциялық құрылыстың мызғымастығын, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.
Зерттеудің өзектілігі төмендегі қоғамда қалыптасқан факторлар мен жағдайларға байланысты:
Біріншіден, Мемлекеттiң саяси-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени өмiрiнде елеулі орын алып отырған ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды, яғни ұлттық қауіпсіздіктің ақпараттық қауіпсіздіктен тәуелділігі арта түспек.
Екіншіден, Әлемдік дағдарыстың орын алуы барысындағы елдегi экономикалық факторлармен қатар ақпараттану процесiне, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке ену жағдайларымен тiкелей байланысты. Қазақстанның бүкiләлемдiк ақпараттық кеңiстiкке ену және ұлттық ақпараттық кеңiстiк құрудың Дағдарыс жағдайында ақпараттық қауiпсiздiк кезегiн күттiрмейтiн мемлекеттiң сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қаралуы тиiс.
Үшіншіден , Бүкіләлемдік дағдарыс (2007 - 2009) жағдайында дамыған елдердің ақпараттық экспансиясы күшейіп, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени ахуалына, соның себебінен мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келеді. Сондықтан да ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық, технологиялық, құқықтық аспектілерімен бірге гуманитарлық мәселелерін зерттеу қай уақытта да өзекті болып табылады.
XXI ғасыр басында, ақпараттық қоғам құру барысында ақпараттық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік жүйесінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Бұл біртұтас мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік саясатын қалыптастырып, оны дамыту шаралары басымдықты талап етеді. Сондай-ақ, зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінің Әлемдік дағдарыс жағдайындағы барысы толық зерттелмегендігіне байланысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда Әлемдік дағдарыс жағдайындағы ақпараттық саясат осы уақытқа дейін саясаттанушылар тарапынан толыққанды зерттелмеген деп айтуға болады. Бұған себеп - ақпараттық саясат, салыстырмалы түрде алғанда, ХХ ғасырдың соңына таман пайда болған жаңа ұғым. Жалпы ақпарат теориясы, ақпаратты қорғау түсініктері өткен ғасырдың ортасынан зерттеу объектісіне айналып, ақпараттық технологиялардың тез дамуы, соған сәйкес дамыған елдер қозғаушысы болып табылатын бүкіләлемдік жаһандану процесіне даму жолына енді түскен мемлекеттердің тез тартылуы ақпараттық қауіпсіздіктің өзектілігін күшейте түсті.
Дегенмен, мемлекеттің ақпараттық саясатына қатысты бірнеше қазақстандық ғалымдардың еңбектерін атауға тұрарлық.
Белгілі ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері болған А. С. Сәрсенбаев алғашқы болып бұқаралық ақпарат құралдарының методологиялық негіздеріне талдау жасап, өтпелі кезеңдегі Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің қалыптасу жағдайын, қоғамның саяси жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролін зерттеді, және соған сәйкес туындайтын ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне шолу жасаған [Сарсенбаев А. Стратегия формирования информационной политики Республики Казахстан в переходный период: дис. д-ра полит. наук. - Алматы, 2000. - 225 с. ] .
Танымал саясаттанушы ғалым Ғ. Ж. Ибраева Қазақстанда демократиялық қоғам құру жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарының ролі мен орны, мемлекеттің медиакеңістігін қалыптастыру, әлемдік ақпарат кеңістігіне ену жағдайында мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу, қазақстандық халықтың мәдениеті мен ділін сақтау, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қауіпсіздікке әсерін зерттеп, ғылыми негіздеді [Ибраева Г. Ж. Телевидение Казахстана в период формирования государственности (политические аспекты обновления и тенденции развития) : автореф. д-ра полит. наук. - Алматы, 1996. - 23 с. ] .
Е. К. Алияров докторлық диссертациясында жаһандық ақпараттану жағдайында Қазақстанның ақпараттық саясатын қалыптастырудың методологиялық мәселелерімен бірге мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігінің халықаралық және нормативтік-құқықтық аспектілеріне көңіл бөлген [Алияров Е. К. Государственная информационная политика Республики Казахстан в условиях глобальной информатизации: дис. д-ра полит. наук. - Алматы, 2006. - 317 с. ] . Е. К. Алияровтың кейбір ұсыныстары Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігіне халықаралық әріптестік тұрғыдан саясаттанулық талдау жасаған ізденуші А. С. Ақшолақованың да (ғылыми жетекшілері профессорлар А. А. Нұрмағамбетов және Н. В. Романова) еңбегін атап өтуге болады [Акшулакова А. С. Информационная безопасность Республики Казахстан: дис. канд. полит. наук. - Алматы, 2009. - 140 с. ] . Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық аспектілеріне байланысты зерттеу жүргізген заңгер ғалым А. Е. Жатқанбаеваның ғылыми еңбегі де назар аударарлық [Жатканбаева А. Е. . Теоретические проблемы конституционно-правового обеспечения информационной безопасности в Республике Казахстан: автореф. д-ра юрид. наук. - Алматы, 2009. - 42 с. ] .
Ақпараттық саясаттың техникалық аспектілеріне байланысты қазақстандық ғалымдар Сарыпбеков Ж. С . [Сарыпбеков Ж. С. Основы теории проектирования вычислительных систем и сетей: учебное пособие. - Алматы: КазПТИ, 1994. - 141 с. ], Бияшев Р. Г. [ Айдарханов М. Б., Бияшев Р. Г., Горковенко Е. В., Сахариев Б. Б. и др. Парирование угроз безопасности корпоративных информационных ресурсов. - Алматы: Ғылым, 2003. - 175 с. ] , Пшенин Е. С. [ Пшенин Е. С. Проектирование систем защиты и безопасности информации: учебное пособие. - Алматы: КазНТУ, 2001. - 125 с. ], Тұрым А. Ш. [Тұрым А. Ш., Мұстафина Б. М. Ақпарат қорғау және қауіпсіздендіру негіздері: оқу құралы. - Алматы: АЭжБИ, 2002. - 97 б. ] , ізденушілер Аманжолова С. Т. [ Аманжолова С. Т. Стохастические модели и методы процессов защиты информации в распределенной информационной вычислительной системе на примере системы дистанционного образования: автореф. к. т. н. - Алматы, 2009. - 26 с . ], Капалова Н. А. [ Капалова Н. А. Разработка и исследование генерации и распределения ключевых последовательностей для поточного шифрования: автореф. к. т. н. - Алматы, 2008. - 24 с. ], Д. К. Казимованың [Казимова Д. А. Формирование готовности студентов к обеспечению информационной безопасности: дисс. канд. пед. наук. - Караганда, 2006. - 138 с. ] т. б. еңбектерін атауға болады.
Cондай-ақ, ҚР ақпараттық саясатын шетелдік тәжірибемен салыстыра анықтауда және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі механизмдерін ашып көрсетуде Р. Бердібаевтың [Бердібаев Р. Ш. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси механизмдері: фил. ғ. к. дис. - Алматы, 2010. - 135б. ] кандидаттық диссертациясы мен Г. Сұлтанбаеваның [Сұлтанбаева Г. С. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан: фил. ғ. д. дис. . - Алматы, 2010. - 360б. ] докторлық диссертацияларын атауға болады. Ақпараттық саясаттың түрлі аспектілері бойынша зерттеулер жүргізіп, осы саладағы ғылымның дамуына қомақты үлес қосқан шетелдік ғалымдардың қатарына Н. Винер, З. Бжезинский, А. И. Ракитов, Г. Г. Почепцов, И. С. Малюхин, В. И. Ярочкин, А. В. Донцов, Н. А. Брусницын, И. Н. Панарин, А. А. Стрельцов, Ю. М. Батурин, Н. В. Щедрин, А. Е. Тарас, В. А. Рубанов сияқты т. б. ғалымдарды жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған және басқа да ғалымдардың еңбектерін зерттеп, саралау Қазақстанда ақпараттық саясаттың Әлемдік дағдарыс жағдайындағы қызметінің әлі де кешенді зерттеуді талап ететінін көрсетті. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері - тарихы мен дәстүрі, мәдениеті, тілі мен діліне байланысты сұрақтар назар аударуды талап етеді. Диссертациялық еңбектің басқа зерттеулерден айырмашылығы да осында.
Зерттеу объектісі - Әлемдік дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты.
Зерттеу пәні мемлекеттік ақпараттық басқаруды қамтамасыз ету құралы ретіндегі ақпараттық саясатты қамтамасыз етудің саяси механизмдері және оны дамыту процесі болып табылады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында ақпараттық саясатты қамтамасыз етудің саяси механизмдерін зерттеу және оны дамытудағы мемлекеттік органдардың рөлін анықтау.
Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу алға қойылды:
- Ақпараттық саясатты зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін анықтау;
- Әлемдік дағдарыс жағдайындағы ақпараттық кеңістіктегі мемлекет пен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін зерттеу;
- Ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы шет ел тәжірибесін зерттеу;
- Әлемдік дағдарыс пен жаһандану кезеңіндегі Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатты жүргізудің саяси принциптері мен ерекшеліктерін саралау;
- Жаһандану жағдайында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процестерді қалыптастыру мен дамытудағы рөлін анытау;
- Дағдарысты еңсеру бағытында Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатын ұтымды жүргізу механизмдерін дамытуға ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық еңбек отандық ғылымда Әлемдік дағдарыс кезіндегі Қазақстандағы ақпараттық саясаттың негізгі механизмдерін кешенді зерттеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі деуге болады. Зерттеу барысында келесі ғылыми жаңалықтарды ашуға қол жеткізілді:
- Әлемдік дағдарыс жағдайындағы ақпараттық кеңістіктегі мемлекет пен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері зерттелді; ;
- Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында мемлекет пен қоғамның, жеке адамдардың ақпараттық қауіпсіздігіне келетін қауіп-қатер рухани тұрғыдан зерттеліп, тәрбие процесі мен ақпараттық кеңістіктің өзара тәуелділігі анықталып, соған байланысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдері қарастырылған;
- Ақпараттық саясаттың әлемдік тәжірибелерін қарастыра отырып, саяси коммуникацияның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асу механизмдері сарапталды ;
- Әлемдік дағдарыс жағдайындағы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ұстанымдары мен даму бағыттары анықталып, олардың демократиялық процестерді жүзеге асырудағы рөлі айқындалды;
- Әлемдік дағдарыс жағдайында алдыңғы қатарлы дамыған мемлекттердің ақпарат саласына байланысты заңнамаларына салыстырмалы талдау жасалып, Қазақстанның ақпараттық саясатын дамыту мақсатында нормативтік-құқықтық құжаттар жүйесін жетілдіруге ұсыныс жасалған;
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізін шетелдік және отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеудегі жалпы методологиялық сипаттағы негізгі ережелер құрайды.
Зерттеудің методологиялық негізін танымның жалпы ғылыми әдістері, пәнаралық әдістер, құжаттар мен қолданыстағы заң актілерін статистикалық сараптау әдістері, жүйелік, салыстырмалық және құрылымдық-функционалдық әдістер құрайды.
Зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары мен жарлықтары, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің ақпарат саласындағы заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбегі құрайды.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Диссертациялық еңбектегі теориялық тұжырымдар ұлттық қауіпсіздік, әсіресе ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық саясат мәселелеріне арналған зерттеулердің жетілуіне, дамуына көмектеседі.
Диссертацияның тәжірибелік құндылығы. Диссертациялық еңбектің нәтижелері мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін дамытуда ескерілуі мүмкін. Сонымен қатар еңбектің ғылыми жаңалықтары елдің ақпараттық саясаты және жастар тәрбиесімен айналысатын мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар мен мүдделі азаматтар үшін қызығушылық тудырады деп есептейміз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Ақпараттық саясатта БАҚ және мемлекет арасындағы қарым-қатынас даму типологиясының бірнеше модельдері қарастырылады. Олардың қатарында әлем елдерінің ақпараттық саяси жүйесінде кеңінен танымал: тәуелсіз баспасөз немесе еркін идея нарығы моделі, әлеуметтік жауапкершілік моделі, демократиялық өкілдік моделі, кеңестік социалистік модель, авторитарлық модель, даму моделі (үшінші әлем елдері моделі) . Аталмыш модельдердің қай-қайсы болмасын қазақстандық саяси билік пен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты нақты айқындай алмайды, дегенмен сол аталған модельдердің бірқатарының кейбір элементтері көрініс тапқан. Демократиялық даму жолындағы Қазақстан үшін БАҚ түрлі саяси мүдделердің тоғысқан алаңы болып отыр. Сондай-ақ, қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекет пен БАҚ қарым-қатынасына авторитарлық және даму моделъдерінің аралас келуі тән.
2. Бүгінде елімізде ақпараттық қоғам құру процесі қарқынды жүріп жатқан жағдайда ақпарат, ақпараттық байланыстар қоғамның кез-келген саласының негізгі өзегіне айналып отыр. Ақпараттық байланыстар саяси жүйенің қан тамыры секілді, оның құрамдас бөліктері мен элементтеріне нәр береді, өзара байланысын, іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады. Басқаша айтқанда, саяси жүйенің, оның құрамдас бөліктерінің дұрыс қызмет атқаруы ақпараттың объективтілігінен, нақтылығынан, дер кезінде жетуінен тікелей тәуелді. Яғни, кез-келген мемлекеттің, ондағы мемлекеттік басқару формаларына қарамастан, оның саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктерінде (саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар мен принциптер, саяси сана мен саяси мәдениет) ақпараттың қалыптастырушы, үйлестіруші, байланыс факторы ретінде алатын орны ерекше болмақ және ол дами бермек. Өйткені ақпараттық технологиялардың, ақпарат таратудың жаңа әдістерінің, соның ішінде бүгінгі күні Қазақстанда ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілген Интернет желісінің дамуымен бірге саяси жүйенің коммуникативтік қызметі де жандана түседі. Мемлекеттік билік те бұл жаңалықтарға қызығушылық танытып, соның нәтижесінде «электрондық үкімет» сияқты жаңа жобалар, ақпараттық-коммуникациялық саяси институт туындап отыр. Сонымен бірге ақпаратты өндіру-тарату процесі мен компьютерлік техниканың шапшаң дамуы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен механизмдеріне айтарлықтай әсер етуде. Бүгінгі ақпарат тасқыны толассыз күшке айналған, бүкіләлемдік дағдарыс кезіндегі қалыптасқан жағдайда қоғамдағы ақпараттың рөлі мен орны ерекше болып отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттің, қоғамның және жеке адамдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің күрделенуіне ықпал етуде.
3. Жаһандану бүкiл әлемдi ең жаңа озық технологиялар мен ақпараттық кеңiстiк арқылы қаржы-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени байланыстардың ашық жүйесiне тартуды бiлдiредi. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың көмегімен қарқынды жүріп жатқан әлемдік жаһандану үдерісі кез-келген өнеркәсібі дамымаған елдерді бағындырып алу қаупі бар. Дамушы елдердің қатарына жататын Қазақстанның Әлемдік дағдарыс жағдайында қоғамның түгелге дерлік салалары үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті болып табылады. Әсіресе рухани салада ақпараттық саясатты жүзеге асыру мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының маңызды бөлігі ретінде қарастыруды талап етеді. Өйткені әлемдік ақпараттық кеңістіктің ықпалы ұлттық рухты жаңғыртып, дамытуға, ұлттық рухтың компонеттерінің бірі ұлттық мәдениеттің, мемлекеттік тілдің дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде. Ал «ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты - бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім, яғни қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» болып табылады [15] . Сондықтан Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерінің бірі ретінде кешенді тәрбие жұмысы қарастырылуы тиіс.
4. Әлемдік дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі саяси механизмдерінің бірі заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер жүйесі техника мен технологиялардың даму үрдісіне сәйкес жетілдіріліп отыруы тиіс. Заң шығару процесінде негізгі шаралар ретінде тыйым салу, қорқыту-үркіту, жазалау емес, үйрету, түсіндіру, көмек көрсету жұмыстары жүргізілу керек. Қолданыстағы заңнама негізінен мемлекеттік ақпараттық ресурстарды, сонымен бірге ақпарат саласында мемлекеттің мүддесін, мемлекеттік биліктің құқығын қорғауға бағытталған. Ал азаматтардың Конституциямен анықталған еркін ақпарат алу, сонымен бірге олардың дербес мәліметтерін қорғау құқығын реттейтін заңнамалық актілер жетіспейді. Сондықтан «Ақпарат және ақпаратты қорғау», «Дербес мәліметтер туралы» заңдар қабылдау қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар қолданыстағы және болашақта қабылданатын, өзгертілетін және толықтырылатын заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нұсқаларының мағынасы жағынан сәйкестігіне көңіл аударуды қажет етеді.
5. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен байланыс инфрақүрылымының дамуы аталған ақпараттық қозғалыстарды таралуы, кері байланысы, езара алмасуы мүмкіндіктерімен қатар, сол ақпаратгық қозғалысқа қатысушы субъектілердің саяси білімі, саяси мәдениеті, саяси санасы мен саяси қатысуына ьщпал етуі әлеуетті күрделі құрылым ретінде дами бермек. Саяси ақпаратты зерттеу саласындағы теориялардың көптігі методологиялық түрғыдан негіздеуде қиындықгар тудыратыны анық. Олардың қатарында: кез келген дамып келе жатқан білім саласы сияқты қазіргі заманғы саяси коммуникативистика бірқатар іргелі проблемаларға қатысты қарама-қайшы пікірлерден арыла қоймады; зерттеу пәні жайында, яғни зерттеу объективті сипатга болуы тиіс пе, керісінше, сыни-субъективтік түрғыда болуы керек пе деген пікірталастар өрбуде; саяси кибернетиканың ақпараттық ықпал етудегі заңдылықтары саяси жүйеде ақпарат алмасу механизмі қалыптасуына ықпалы артып отыр.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі.
Магистрлік диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияың егізгі нәтижелері 2 ғылыми мақалада жарыққа шықты.
Зерттеу құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тақырыпшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
1. 1 Ақпараттық коммуникация және оның озық үлгілері
Өркениет дамуының ақпараттық кезеңі адам әрекетінің барлық саласын басқаруда, соның ішінде саясатта да күн тәртібіне түбегейлі жаңа ақпараттық тәсілдердің даму қажетгілігін ұсынуда. Сондықган саясат әлеміне, билік үшін күрес-тайталастың әлеміне қазіргі кезде ақпараттық принциптерге сүйенген коммуникациялық байланыс технологиялары белсене енуде. Саясатты басқару жэне алға қойылғанған саяси мақсаттарға жету үрдістеріндегі менеджерлік, маркетингтік жэне жарнамалық тәсілдердің өзектілігін әлеуметтік салаларға ғылыми әдістемелердің жүйелі түрде енуінен деп санауға болады.
Ақпарат түсінігі қоғамда тірі организмдердің бір-бірімен өзара байланыс орната бастаған уақыттан бері адам мен табиғаттың, адам мен адамның өзара түсіністік орнатып, сөйлесе бастауынан пайда болып, өмір сүріп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz