Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. …. 3

І-ТАРАУ. XVI ЖӘНЕ XVII ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ИСПАНИЯ.

1. 1. Испан абсолютизмінің дамуы. . . . 6

1. 2. Карл империясы тұсындағы испан абсолютизмі. …. . 8

  1. Карл V империясының сыртқы саясаты мен саяси құрылысы………. . 12

I I- ТАРАУ. XVIғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ИСПАНИЯЛЫҚ АЛТЫН ҒАСЫР-ФИЛИПП II БИЛІГІ.

2. 1. ІІ Филипп тұсындағы Испанияда құлдыраудың басталуы. 17

2. 2. Испания абсолютизміне қарсы күрес . . . 25

  1. Англо-испан соғысы. Испан эскадрасы "Жеңімпаз Армада". 34

Қорытынды . …. . 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …42

КІРІСПЕ

«Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты» атты бітіру жұмысы елде абсолютизмнің алғаш қалыптасуынан бастап, шарықтау шегіне жеткен кезеңіне дейінгі аралықтағы мәселелер қарастырылды.

Тақырыптың өзекілігі. XVI-XVII - ғасырларда Еуропада орын алған абсолютизм- корольдің шексіз билігінің әр елде өзінің ерекшеліктері болды. Абсолютті монарх тұрақты армияға өзіне бағынышты басқару аппаратына, тұрақты алым-салыққа сүйеніп шіркеуді өз билігіне бағындыра білді. XVI ғасырдың аяғында Испания монархтары орталықтандырылған мемлекет құру барысында атақты феодалдардың көптеген құқықтарын шектеп “армия мен флот басқарудан” барлық салаларды тағайындалатын шенеуніктердің қолына берді. Қарап отырсақ бұл тарихтың жаңа бір кезеңіне аяқ басу маңызынан тақырыптың өзектілігі туындайды. Қазіргі кезде дамыған капиталистік мемлекет- Испанияның кейінгі орта ғасырлардағы орталықтандырылған мемлекетке айналу мәселесі әрқашан ғалымдардың назарында болып өзекті мәселелердің бірі болған.

Капиталистік даму неғұрлым көбірек табысқа жеткен елдерде, абсолюттік (тежеусіз) монархия пайда болды. Ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңдерінде прогресшіл роль атқарды. « . . . Абсолюттік монархия, - деп жазды Маркс, -«өтпелі дәуірлерде - ескі феодалдық сословиелер құлдырап, ал қала халықтарының орта ғасырлық сословиесінен буржуазияның қазіргі табы қалыптаса бастаған кезде және күресуші жақтардың ешқайсысы да әлі біріне-бірі үстемдік ете алмай тұрған кезде пайда болды» [1] .

Испания да Батыс Еуропа елдерінің бірі болғандықтан, Испания абсолютизмінің мән мағынасын жете түсіну, оның испан қоғамына қаншалықты ықпал жасағанын анықтау, абсолютизм тұсындағы Испан корольдеріңің жүргізген ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағытарын зерттеу Испан тарихындағы өз маңыздылығымен ерекшеленетін ғылыми тұрғыдағы актуалды мәселелер қатарына жатқызылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндетері. Менің бітіру жұмысымның басты мақсаты кейінгі орта ғасырда үстемдік еткен Карл V пен ІІ Филипп империяларының жүргізген іс-қимылдарын жан-жақты қарастыру басқа Еуропалық мемлекеттердегі абсолютизмінен ерекшелігін анықтау арқылы, әлемдік тарихтағы орнын анықтау барысында Испания абсолютизмінің саясатын айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету барысында біз мынадай міндеттерге жетуіміз керек. Ең алдымен XV-XVI ғғ. Испанияның экономикалық жағдайына көңіл бөліп, оның қай салалары дамып, ал қай салалары құлдырап дағдарысқа ұшырағандығын анықтаймыз. Мұнан кейін абсолютизмнің әлеуметтік салаға, елдің экономикасының құлдырауына тигізген әсерін көрсетіп анықтауға кірісеміз. Сонымен қатар Карл V пен ІІ Филипптің испания абсолютизмінің дамып орнауына қандай шаралар қолданып іс-әрекет жасағанын көрсетіп беруге тырысамыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмысты зерттеп жазу барысында біз көптеген қиыншылықтарға тап болдық. Өйткені XV-XVI ғғ. туралы біздің тілге аударылып жазылған деректер өте аз десек де болады. XV-XVI ғғ. Испаниядағы абсолютизмінің саясатын анықтаған кезде қолда бар деректер мен зерттеулерді жан-жақты қарастыру, ғалымдардың пікір-тұжырымдарын салыстыру және жеке сараптау жүргізіп өзімнің жеке қорытындымды жасадым. Тарықырыптың тарихнамасына келетін болсақ деректік негізіне Сервантес Сааведра Мигель денің шығармалыр жинағы [2] алынды. Испаниядағы жоғарғы билеуші топқа жататын ол өз еңбегінде король билігінің қай кезеңде, қалайша, қаншалықты күшейгендігін жан-жақты баяндайды. Бұл автор еңбегі тақырып бойынша бірден бір құнды дерек көзіне жатқызылады.

Испан абсолютизмінің ерекшеліктеріне көңіл аударған ғалымдардың ішінен бірінші кезекте Альтамира-и-Кревеаны[3-4] және О. И. Варяшты [5] атаймыз. Олардың еңбектерінің бір ерекшелігі бұл мәселені ауқымды және жүйелі түрде қарастырғандығы. Олар Карл V-тің шіркеу билігін қандай реформа жүргізу арқылы шектегендігін, соның нәтижесінде орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылысын баяндайды. Бұл автордың еңбегі тақырып бойынша бірден бір құнды дерек көзіне жатқызылады.

Бұл зерттеушілерден басқа бұл мәселеге В. А. Видюшкин [6], Н. П. Динисенко, [7] А. Е. Кудрявцев[8] өз еңбектерін осы мәселеге арнаған. XVI-XVII ғасырлардағы испан шаруаларының әлеуметтік саяси жағдайына сипатама жасап, өз бағаларын береді.

Көбінесе тарихи әдебиеттерде басқа Еуропа елдерінің абсолютизмдері жайында кеңінен зерттелгенде, ал испания абсолютизмінің саясаты туралы мәселелер назардан тысқары қалып қалған. Көп еңбектерде Испан абсолютизмінің орта ғасырдағы бұл елдің экономикасына тигізген кері әсерлері туралы мәселелерді қарастырғанда үстіртін шолу жасалған. Сөйте тұрса да, А. Р. Корсунскийдің [9-10], В. В. Штокмар [11], А. Д. Люблинская [12] еңбектері біздің жұмысымызды жазуда үлкен орын алып, көп көмек болды. А. Р. Корсунскийдің еңбегі негізінен IX-XIII ғасырлардағы испан тарихын, соның ішінде қоғамдық құрылыстың феодализмнен монархиялық абсолютизмге өту кезеңдерін талдап, өзіндік тұжырым, болжамдарын жасайды. В. В. Штокмар, А. Д. Люблинская еңбектері Батыс Еуропадағы жекелеген елдердегі абсолютизм ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде анализ жасайды. Бұл еңбектерді қолданғанда Еуропа еліндегі мемлекеттердің абсолютизмі мен испания абсолютизмінің тарихын салыстырып зерттеуге қолданылды.

Жалпы орта ғасырлардағы батыс тарихын қазақстандық зерттеушілердің де көптеген еңбектерін айтып кетуімізге болады. Атап айтатын болсақ Қ. Т. Жұмағұлов[13-15] орта ғасырлардағы феодализмнің пайда болуы мен даму кезеңдерін қарастырған. Еңбектерінде феодализмнің даму үрдістері мен ерекшеліктерін ғылыми негізде саралап, орта ғасырлар абсолютизміне тиісті бағасын береді.

Орыстың көрнекті ғалымдары Н. П. Грацианский[16] мен С. Д. Сказкин [17] өзінің еңбегін орта ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік экономикалық тарихына арқау етеді. Л. Н. Чистозвонов[18] пен В. М. Алексеев [19] еңбектерінің негізгі тақырыбын испан королінің қанаушылық әрекетіне қарсы Нидерланды халқының реформациялық қозғалысы мен таптық күресінің барысына арнайды.

Орта ғасырлардағы Еуропа өркениеті мен реконкиста кезеңдерін зерттеген авторлары Ж. Гофф[20] және У. М. Уоттың[21] еңбектері жұмыс жазуда пайдаланылды.

В. Л. Бернекердің редакциясымен шыққан «Испанские короли» атты жинағында[22], испан королдерінің өмірбаяндары мен жеке тұлғаларына сипаттама берілген.

Орта ғасырлар тарихының [23-24], батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік экономикалық тарихының [25], феодалдық мемлекеттердің

Құқығы мен мәдение ескерткіштерінің[26-27] хрестоматиялары тақырыпты кеңінен ашуда көмекші құрал ретінде қолданылды. Осы іспетті, тақырып ауқымын кеңейтуде оқулықтардың да[28-31] үлесін ерекше атауға болады.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теорялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеуде жалпы тарихи, тарихи салыстырмалық, тарихи жүйелік әдістер қолданылды. Ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеген асырудың әдістемесі ретінде салыстырмалы тәсіл таңдап алынды. Жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер - талдау мен синтез, индукция және дидукция, суреттеу және түсіндіру сияқты әдістер де қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. «XVI және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Испания» және «XVIғ. Екінші жартысындағы Испаниялық алтын ғасыр Филипп II билігі» атты екі тараудан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауында дүние жүзілік империя құруға тырысқан V Карл Испанияға ең алдымен, армия үшін қажет қаржы қаражаттары мен адам контингенті деп қарап, өзінен бұрынғылардың саяси жолын жалғастыра отырып, ол орталықтандырылған бюрократтық аппаратты барынша нығайтқаны жайлы, оған өзіне жақын тұрған фламандықтардың көбін тартып және абсолютистік тәртіптерді орнатқаны туралы жазылған. Және де елдің сыртқы саясаты мен саяси құрылысы жөнінде тоқталып өтілген.

Екінші тарауда Филипп II-нің тұсында елдің экономикасы құлдырап, Испанияның абсолют монархиясы қоғамды біріктіруге негіз боларлық дәрежеге жетпегендігі және испан абсолютизміне қарсы шыққан күрестер жайлы баяндалған. Филипп II билік еткен кезеңдегі англияға қарсы испан эскадрасы “Жеңімпаз Армада” туралы жазылып өтілген.

1 -ТАРАУ. XVI ЖӘНЕ XVII ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ИСПАНИЯ.

  1. Испан абсолютизмінің дамуы

Испания монархиясы бұрынғы бірнеше дербес корольдықтардан құралды. Бұл жерлер біріктірілгеннен кейін де едәуір автономиялықпен пайдаланды. Кастилия, Арагон, Валенсия мен Наварраның өз алдарына сословиелік-уәкілдік мекемелері - Картестері және өздерінің вице-корольдары болды. Мұның өзі орталықтанған біртұтас мемлекет деген ұғымға қайшы келді. Сөйтіп, Наварра, Каталония, Валенсия мен Майорканың өз территорияларына "шетелдік", соның ішінде кастилиялық әскерлерді де жібермеуге құқы болды. Ал Арагон болса, ол тіпті сыртқы жаудың шабуылынан Кастилияның шекарасын қорғауды өзінің міндеті деп санамады да. Провинциялардың кортестері дворяндар мен дін иелерінің және қалалардың уәкілдерінен тұрды. Оларға ең маңызды жергілікті істер мен салықтарды дауысқа салып шешу құқығы тиді. XVI ғасырда абсолютизмнің күшеюіне байланысты Кастилияның кортестеріндегі ақсүйектердің ролі біршама төмендеп, қалалардың маңызы артты. Көптеген аудандарда, әсіресе Арагонда, феодалдардың өкіметі күшті болды. Ірі діни және дүнияуи феодалдар (грандар) көптеген селолық жерлердегі халықтар жөніндегі сот билігін жүргізуді сақтап қалды және кейбір қалаларда сеньориалдық құқықпен пайдаланды. Сөйтіп, Испаниядағы мемлекеттік шексіз құқықтың біраз бөлігі, сепаративтік пиғылдағы феодалдық ақсүйектердің қолдарында қалып қойды. Ал қалалар болса олар өнеркәсіп пен сауданың едәуір табыстарға жетулеріне қарамастан, өздерінің бұрынғы бейнесін сақтап қалды. Олар орта ғасырлық коммуналар еді. Ондағы өкіметтің басында қала магистраттарында үстемдік етіп, рехидорлар (қала кеңесшілерінің) және алькальдарлар (соттардың) лауазымдарына ие болған патрициат пен ауқатты бюргерлер отырды. Бұл лауазымдарды әдетте мемлекет сататын еді. Қаланың көптеген дәулетті адамдары ақшаға дворяндық титулды -"идальгияны" сатып алатын болды. Қалалар өздерінің орта ғасырлық еркіндіктерін қызғыштай қорып сақтап отырды. Әйтсе де олар грандардың озбырлығымен күресте король өкіметін, ал кейде өздерінің байырғы құқығыларымен артықшылықтарын сақтау үшін күрескен шаруаларды да батыл қолдап отырды. Грандар мен қалалардың арасындағы бұрынғы қайшылықтар сол қалпында қалып, бұларды король өкіметі өзінің беделін нығайту үшін пайдаланды. Тарихи жағынан испан абсолютизмі аристократия өзінің ең мардымсыз артықшылықтарын сақтай отырып, әбден құлдыраған, ал қалалар

қазіргі қалаларға тән маңызға ие бола алмай, өздерінің орта ғасырлық өкіметінен айрыла бастаған дәуірде қалыптасты. Бұл Испанияның абсолют монархиясына өзгеше сипат берді. Орталықтандырылған және монархтың жеке-дара еркіне немесе оның құдіретті уақытша билеушілеріне бағындырылған мемлекеттік аппарат дербестіліктің едәуір үлесімен пайдаланды. Бірақ оның Франция мен Англияның абсолют монархияларының аппараттарынан айырмашылығы, мүлдем басқа экономикалық-әлеуметтік және саяси базаға сүйенуінде болды [11; 42]

Қалалардың сауда және өнеркәсіп қызметінде құлдыраушылық үдей түскен сайын ішкі айырбас та кемітіліп әртүрлі провинцияларда тұратындардың өзара араласулары да әлсіреді. Сауда жолдары да қаңырап бос қалды. Экономикалық қарым-қатынастардың әлсіреуі әрбір аймақтың ескі феодалдық ерекшеліктерін айқындады. Елдің қалалары мен провинцияларының орта ғасырлық сепаратизмі қайта тірілді. Бұл Маркстің Испания абсолют монархиясын Түрік империясымен салыстыруына мүмкіндік берді. "Испания, - деп жазды Маркс, - Түркия тәрізді, номиналды суверен бас болып нашар басқарылған республикалар тобыры болып қала берді. Қалыптасқан жағдайлардың салдарынан Испанияда бірегей ұлттық тіл құрылып жетіле алмады, жекеленген этникалық топтар сақталып қала берді: каталондықтар, галисийліктер және баскілер өздерінің тілінде, яғни испан әдеби тілінің негізін құрған, кастилиялық диалектіден басқа тілде сөйледі.

Испанияның абсолют монархиясы қоғамды біріктіруге негіз боларлық дәрежеге жетпеді.

  1. Карл империясы тұсындағы испан абсолютизмі

Дүние жүзілік империя құруға тырысқан V Карл Испанияға ең алдымен, армия үшін қажет қаржы қаражаттары мен адам контингенті деп қарады. Өзінен бұрынғылардың саяси жолын жалғастыра отырып, ол орталықтандырылған бюрократтық аппаратты барынша нығайтты. Оған өзіне жақын тұрған фламандықтардың көбін тартты және абсолютистік тәртіптерді орнатты.

Салық езгісі күшейе түсті. Германиядағы император тағының сайлаулары мен Европадағы агрессиялық саясат көп ақша жұмсауды талап етті. V Карл салықтарды үсті-үстіне үдете түсті және қалалардан еріксіз заемдар алып отырды.

Король өкіметінің мұндай саясаты Испания халқының әр түрлі, топтарының оппозициясын туғызды. Грандардың кортестердегі рөлін төмендетіп, сепаративтік қимылдарын басып тастау және еркінділіктеріне қол сұғу олардың ашуларын келтірді. Өкімет билігі орта ғасырлық бюргерлер мен грандардың қолдарында болып, артықшылық жағдайларды пайдаланған қалалар өздеріне корольдық абсолютизмнің қол сұғуынан әрі алым-салықтар мен еріксіз заемдардың жиілеп кетуінен қатты жапа шекті. Алым-салықтардың ең негізгі ауыртпалығын көтерген қала плебстерінің арасында наразылық күшейді. Кастилия шаруалары да қобалжи бастады. Месталар мен грандар шаруалардың қауымдық жерлерін көптеп басып ала берді. Оның үстіне, грандар өздерінің басып алған қазыналық жерлерінде шаруалардан алынатын салықтарды мейлінше ұлғайтып, қауымдардың артықшылықтарын бұрынғыдан да көбірек тежеуге тырысты. Наразылық барған сайын кең өріс алып, ел ішінде ірі оқиғалардың толғағы жете бастады [18; 128] .

1520 жылдың басында кастилиялық кортестер бас қосты. Оппозиция корольге батыл қарсы шықты. Король кортестердің елден ақшаны шетке шығаруды тоқтату, шетелдіктерге қызмет орындарын бермеу және өзі жоқта мемлекет басына кортестердің сенімді адамын қою туралы қойған талаптарына келісімін бергеннен кейін ғана өзіне қажетті жәрдем ақшаны ала алды. Он алты қаланың тоғызы ғана жәрдем ақша беру үшін дауыс берді. Сөйте тұрса да Карл берген уәделеріне қарамастан, өзінің өкілі етіп Испанияда таныла қоймаған Утрехтік епископ, кардинал Адрианы қалдырды. Сөйтіп, ол 1520 жылы 20 майда Испаниядан кетті.

Карл кетісімен-ақ Кастилия қалаларының "комунерос деген атпен белгілі болған көтерілісі коммуналарының басталды.

Көтерілісті Толедо қаласы басқарды. Осы қаладан қозғалыстың ең басты көсемдері - Хуан де Падилья мен Педро Ласо де ла Вега шықты. Испанияның ең ірі феодалдарына, Гусмандарға жақын тұрған Ласо, Кастилияның белгілі адамдарының бірі болған-ды. Көтерілісшілердің арасында қала коммуналарымен одақ құрған дворяндар да көп еді. Мұндағы биліктің дені бюргерлік пен патрициаттың қолдарында болды. Дворяндар мен қалалардың одағы берік болмады. Өйткені олардың мүдделері көп жағдайда бір-біріне қайшы келді. Кастилиялық қалалар, атап айтқанда, ақсүйектердің азық-түлік қорының кейбір түрлерінің саудасына деген монополиясын, сондай-ақ грандардың қалалар және оларға жанасып жатқан округ жөніндегі сеньориалдық құқықтарын жоюды талап етті. Грандардың муниципиалдық жерлерді басып алуларына, дворяндар мен дін иелерінің алым-салық жөнінде пайдаланатын артықшылықтарына қарсы шықты. Қалалар мен дворяндардың арасын алшақтатқан және бір маңызды нәрсе: грандардың талан-таражға салған қазыналық жерлердің қайтарылуын қалалардың қатты талап етуі болды. Олардың есебі дұрыс еді. Қазына табысының артуы сауда мен өнеркәсіптің тұралатқан оның жәрдем ақшаға және жеккөрінішті алькабалаға мұқтаждығын біршама азайтады деген ойда болды.

Өткенде патшалық құрғандардан қорлық көрген, ал енді корольдың кеңесшілері - фламандықтар ығыстырып тастаған грандар көтерілістің бас кезінен-ақ Кастилияның қала коммуналарымен бірігіп қимыл жасады. Қозғалыс Кастилия қалаларының едәуір бөлігін қамтыды. Өкіл-кардиналдың көтерілісті басып тастамақ болған әрекеті көтеріліс жасаған қалаларға жаңа қалалардың қосылып кетуіне әкеліп соқтырды. Сеговия мен Толедо барлық жерлерге агенттерін жіберіп, конфедерацияны ұйымдастыру үшін Авилуге өздерінің өкілдерін жіберуді сұрады. Мұнда 1520 жылы 29 юльде "қасиетті хунта" яғни қалалар одағының өкілдері жиналды. Хунтаның мүшелері "король мен коммуна" үшін өздерінің өмірлерін қиюға анттарын беріп, коррехидорларды қалалардағы корольдік өкіметтің өкілдерін орындарынан алды. Одақтың бүкіл қарулы күштерінің қолбасшысы етіп Хуан де Падильяны жариялады. Өкіл-кардиналды қүлатып, елдің ең жоғары өкімет билігін хунта өз қолына алды [19; 97] .

Қозғалысқа аристократиядан және орта ғасырлық тәуелсіздіктеріне қол сұқтырмауға мүдделі болған қаланың билеуші топтары, сондай-ақ дворяндардың едәуір бөлігімен қатар қала халықтарының әсіресе, Толедо, Сеговия, Куэнка және басқа өнеркәсіпті қалалардың қалың топтары - купецтер мен қолөнершілер де қатысты. Қозғалыс Испанияның шұға өндіретін ең маңызды орталықтары орналасқан аудандарын түгел қамтыды. Күреске ең белсенді қатысушылар - күндікшілер, жүн жуушылар мен түтушілер болды. Көтерілісшілердің қойған талаптарының бірі - Нидерландыдан мата әкелуге тыйым салу болғанды. Осылардың жасаған ықпалымен 1520 жылы күзде көтерілісшілердің Карлға жіберілген петициясы жазылды. Бұл петицияда мынадай аса маңызды талаптар қойылған: король тек Кастилияда ғана тұруға тиісті (Карлдың Германияға кетуіне қарсы) ; қызмет орындарына тек испандықтар ие болу керек (Карлдың фламандың кеңесшілеріне қарсы) ; кортестердің депутаттарына сайлаушылар ақы төлеп тұруға тиісті (үкіметтің пара беріп сатып алу мүмкіндігіне қарсы) ; кортестер әрбір үш жылда бір рет жиналып тұруға тиіс; ақшаны шетелдерге шығаруға тыйым салынады. Сонымен қатар кортестер петицияға грандар мен дворяндарға қарсы бағытталған бірқатар жаңа талаптарды да енгізді: корольдың жеке меншігіндегі шаруашылықтар қазынаға қайтарылуға тиіс; дворяндардың "зиянды артықшылықтары" жойылуға тиіс; муниципиалдық қызмет орындарына дворяндар қойылмауы керек; дворяндардың жерлеріне салықтар салынғаны дұрыс.

Петиция кетерілісшілердің арасында ала ауыздық туып, аңсүйектер мен дворяндардың қозғалыстан аулақ кете бастағандықтарын дәлелдеді. Қала тұрғындарының арасында да бірлік болмады. Қалалар үкіметпен күресу үшін күш қосып бірігудің орнына әрқайсысы өзінің еркіндіктері мен артықшылықтарын қорғаудың қамына кірісті. Көптеген ірі қалаларда плебстердің қалалық патрициат пен бай купецтерге қарсы қозғалысы басталды. Бургос, Самор, Саламанка, Авила мен Медина дель Кампода өкіметті қолөнершілер басып алды. Андалусия қалаларының қозғалысқа қатысудан қалыс қалулары да осы жағдайға байланысты болуы мүмкін. Гранданың ауқатты қала адамдары, көтерілісшілердің қойған талаптары қанша әділетті бола тұрғанымен де, қозғалыстың нәтижелері сауданың қа-лыптасқан ережелерін бұзып, "дәрежелері төмен тәжірибелері аз әулекілеу" адамдардың үстемдік алып кетуі қауіпін туғызатындығын мәлімдеді. Сөйте тұрса да бұлар қазірде билеушілер қатарына қосылып, "мейірімді азаматтар қорлықтың азабын тартып жатқан" жағдайда, олар басқарушылар болып отыр деп ызаланды [7; 244] .

Қозғалыстың өрісі неғұрлым кеңейе түскен сайын, оның дворяндарға қарсы сипаты да мейілінше айқындала түсті. Бұған кастилиялық шаруалардың қалың бұқара топтары да қосылды. Олар феодалдық шонжарлардың шабуылынан өздерінің праволарын қорғады және грандардың қазыналық жерлерді қайтаруы жөнінде қалалардың қойған талаптарын қолдады. Домениалдық жерлерге қоныстанған шаруалар үшін, бұл грандардың орнатқан тәртіптеріне қарағанда анағұрлым қолайлы, бұрынғы құқықтық жағдайын қайта қалпына келтіру болып табылды.

Сөйтіп, феодалдық-сепаративтік элементтер бастаған "комунерос" көтерілісі, өзінің одан арғы дамуында феодалдарға қарсы сипатқа ие болды. 1521 жылғы 10 сәуірдегі манифесінде хунта, бұдан былайғы жерде грандар мен дворяндарға және корольдықтың басқа да жауларына қарсы, олардың дүние-мүліктері мен үй-жайларына қарсы атып-асумен, семсермен және күйретіп талқандаумен күрес жүргіземіз деп жариялады.

Міне, осыдан соң грандар мен дворяндар майданды кері шұғыл бұрып жіберіп, көтеріліске қатысушылардан оның жауларының лагеріне қарай ойысты. Хунтада үкімет алдында абыройын төгіп алған немесе одан алатын өші бар дворяндардың шағын ғана тобы қалды. Осыған байланысты хунта басшыларының құрамы да өзгерді. Мұнда енді қала адамдарының орташа топтары барған сайын үлкен роль атқара бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Ағылшын абсолютизмі
Нидерландыдағы буржуазиялық революция және оның тарихи маңызы
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Елизавета І-дің ішкі саясаты. ХVI ғасырдың соңында Англиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси күйзеліс
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Кейінгі орта ғасырлардағы Англия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz