Қазақ драматургиясы туралы


Мазмұны:
Кiрiспе. . 3-4
I тарау. Шерхан Мұртаза драматургиясы. …5-31
II тарау. Драмадағы мiнез бен тартыс……. . 31-47
Қорытынды. . …48-50
Әдебиеттер тiзiмi51-52
Кiрiспе
Қазақ драматургиясы бүгiнгi күнi жан-жақты даму үстiндегi жанр. Арнайы зерттеу нысанасына және жекелеген белгiлi драмашыларымыздың шығармашылықтарын қарастыруда бiрнеше құнды еңбектер жазылды.
Қазақ драматургиясының даму, толысу және көркемдiк жетiстiктерiн байыптау үшiн өзге де қаламгерлердiң пьесаларымен қатар, халық жазушысы мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Ш. Мұртаза драматургиясы жан-жақты сөз болуы қажет.
Ш. Мұртаза прозасының шеберлiгi әдебиеттану ғылымында әр қырынан зерттелiп келе жатыр. Дегенмен, суреткердiң екiншi бiр шығармашылық саласы - оның драматургиясы.
Шығармашылық тынымсыз iзденiстiң нәтижесiнде өз тақырыбын тапқан тарлан суреткердiң бiрi - Ш. Мұртаза десек, жарасымды. Қаламгердiң бұл күнде өзiнiң тақырыбын тауып, оны қай қырынан болса да, игере алатын, түрлендiре, құбылта алатын дәрежеге көтерiлген кемел шағы. Жазушы өзiнiң суреткерлiк, азаматтық жолында халқын айтсам, жеткiзем деген негiзгi ой-шумақ неғұрлым әсерлiрек, тиiмдiрек ыңғайда қалайда ойландырарлықтай дәрежеде шыққанын қалап, ұдайы iзденiс үстiнде қайсарлық танытып келедi.
Ш. Мұртазаның қазақ прозасы мен драматургиясына өзiндiк жол мен үмiт қосып келе жатқан суреткер екенi белгiлi. Кез-келген драматургтiң пьесалары театрдың жақсы репертуары болуымен, шығармашылық өнерi бойынша шын бағасын алады. Соңғы 20-25- жылдары ғалым, сыншылардың пiкiрiнен Ш. Мұртаза пьесалары республика театрларында кезiнде табысты қойылымына айналғанын, көпшiлiктiң ықыласына ие болғанын аңғарамыз.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Ш. Мұртаза драматургиясының бүгiнгi әдебиетте алатын орны, драматургтiң суреткерлiк шеберлiгiн айқындау.
Сондай-ақ, Ш. Мұртаза пьесаларындағы мiнез бен тартыс мәселелерiн қарастыру. Шығармадағы жан-жақты талданатын кейiпкерлер бейнесiнiң жазушы шығармашылығанан алатын орнын аңғарту, кейiркерлерге мiнездеме беру, оның характерлерiнiң ерекшелiктерiн анықтау.
Ш. Мұртаза драматургиясы жайлы қазiргi кезде қалам тартқан Сайлаубек Жұмабек, Тұрлыбек Мамасейiт секiлдi зерттеушiлерiмiздi атап айтуға болады.
Ұлттық әдебиеттану, өнертану ғылымының көрнектi өкiлдерi Р. Нұрғали, Ә. Тәжiбаев, С. Қирабаев, С. Ордалиев, Н. Ғабдуллин және т. б. әдебиетшi-өнертанушыларымыздың әр кезде жазылған сын-мақалалары мен еңбектерi тақырыпты зерттеудiң көзiне айналды.
Дипломдық жұмыстың негiзгi материалы ретiнде Ш. Мұртазаның ”Сталинге хат”, ”Бесеудiң хаты” пьесалары және драматургтiң еңбектерiнен сөйлеген сөз тiркестерi алынды.
Зерттеу жұмысымда негiзiнен дәстүрлi салыстырмалы жүйелеу, талдау әдiс-тәсiлдерi қолданылды.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды бөлiмнен, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
I тарау. Шерхан Мұртаза драматургиясы
Халық жазушысы Шерхан Мұртаза соңғы он-он бес жылдың бедерiнде драматург ретiнде де халқына қызмет етiп, ел-жұртының тағдырындағы, замана танымындағы аса бiр зәру мәселелерге жан сала қалам тартып келедi. Қауымның көкейiндегiсiн дөп басып айта бiлген, жеткiзе бiлген қаламгердiң еңбегi жұрттың ықыласына, құрметiне ие болуда.
Жалпы, жазушы шығармашылығындағы қалыптасқан стильдiк, көркемдiк, шеберлiк драматургиялық туындыларына да тән деуге болады. Өйткенi, қаламгердiң прозалық шығармалаларындағы етене шымыр сюжет, нақты да қысқа ойлы сөйлемдер, бұл жанрдың да шырайын кiргiзе түскенiн айтқан абзал. Тiптi, бұл шеберлiк нағыз драматургияға керек нәрсе емес пе? Себебi, мұнда оқиға шұбалаңқылығына, басы артық олпы-солпылыққа, езбе тiл, мыжыма сөзге орын жоқ екенi белгiлi. Ал, Шерхан Мұртаза қаламы мұндай қарадүрсiндiктен әуелден-ақ аулақ. Сондықтан да, тәжiрибесi мол тарланбоз қаламгердiң драматургиялық шығармалары жанр заңдылықтарына толық жауап беретiн, шынайы шеберлiкпен дүниеге келген туындылар болып табылады.
Драма саласында жазушының қаламынан тамған небiр iрi драмалық туындылары бар. “Қызыл жебе”, “Сталинге хат”, “Бесеудiң хаты”, “Жалғызүйлi зiлзала”, “Жетiм бұрыш”, “Домалақ ана”, “Ноқтаға басы сыймаған” пьесалары өз тақырыптарын ашып, көрермендерiн қызықтыра бiлген. Әр пьеса өз қаһармандарының образын сомдай бiлген. Оның мiнезi арқылы заманның көрiнiсiн берген.
Шерхан Мұртаза қаламынан туған “Жалғызүйлi зiлзала” пьесасы бiтiсiмен, iле-шала сахнада жарқ ете қалды. Ғабит Мүсiрепов атындағы мемлекеттiк академиялық жастар театрында пьеса тағы да үлкен табысқа ие болды. Шығарма арқауына Алматыда, Астанада өзiмiз күнде мың көрiп, мың түңiлiп жүрген пәтер зары, баспана зары; өздерiнiң конституциялық құқығы аяққа тапталып жүргендердiң, баспанасыз жүрген замандастарымыздың бүгiнгi тiршiлiгi алынған.
Алматыда, Астанада пәтер зарын басынан кешпеген бiрде-бiр қазақ баласын таппайсыз. Әрине, бұл арада бiз мансабы бар, киiз қазықты жерге кiргiзетiн белгiлi бiр әлеуметтiк топтың саусақпен санарлықтай, жұқалтаң бөлшегiн айтып отырғанымыз жоқ. Билiк басындағылардың әр-алуан деңгейiндегi бөлшектердiң көбiнесе, қалың қауым - қарапайым халық мүддесiнен гөрi, өз пайдаларын ғана ойлайтын әлеуметтiк кеселге - тоғышарлық дертке шалдыққанын пьеса тамаша әшкерелеген.
Тағы да жазушының “Жетiм бұрыш” драмасы бүгiнгi қала өмiрiндегi осындай толғақты мәселелерге айналған. Замана өзi туғызып, өмiр өзi қойып отырған уақыттың ащы шындықтары мен асқынған аурудай белең алған келеңсiздiктер көз алдымыздан өтедi. Ата-бабасы көшпелi болған қазақтың бүгiнгi ұрпағының маңдайына жазылғандай, ел аман, жұрт тынышта “жаяу көшпелi” атанып, әркiмнiң босағасында жәутең тiршiлiк кешiп келедi әлi. Үйi жоқтың күйi жоқ. Үйi жоқ адам тәуелдi. Күйi жоқ адам бағынышты. Трагедияның үлкенi осыдан тарап жатқандай. Күйi жоқ әлсiз адам амалсыз кiрiптарлыққа барады. Бұдан өткен қорлық бар ма? “Бөдененiң үйi жоқ, қайда барса, бытпылдық” дегендей өз қағынан өзi жерiп, шаранасынан безген безбүйрек көкек бойжеткендер қайдан шығып жатыр дейсiз?! Баланы қолдан жасап алатындай, өлшеп-пiшiп, алдыменен атақ-мансапты ойлап, “е-е, бала керек болса, көремiз ғой” деп кердеңдеп жүргендердiң кепиет соққан кеуделерiндегi мазмұнсыз мұңдарын қалай түсiнемiз. Мiне, осындай қым-қуыт тағдырлар жүректi шымырлата, сыздатады, ойландырады, толғандырады. Зауалдың түп-тамырын iздейсiң. Оның негiзi кешегi кеңестiк тоқырау кезеңiнде қалған деуi, бiр ойдың ұшығы. Он жылдан берi пәтер ала алмай жүрген Салбырақтың жан-далбаса әрекеттерi; жұмыссыз, пәтерсiз Сандуғаштың амалының таусылғанынан милиция полковнигi Малқарға кiрiптар болуы, ақыры өмiрiнiң қайғылы аяқталуы, ал, үй-жайы бар, бәрi жеткiлiктi, тұрмысы жақсы Мүнираның жаны жаралы, көңiлi налалы бақытсыз өмiрi әмiршiл жүйенiң айтақшысы, екiжүздi, сатқын Малқардың екi оттың ортасында қалған бықсық тiршiлiгi - кiм-кiмдi де бейтарап қалдырмайтыны анық.
Драмадағы Албасты бейнесi де зерделi көрермендi үлкен ой-толғанысқа жетелейдi. Өмiр-тiршiлiкке деген өзiндiк тұрақты көзқарасы, берiк байламы жоқ, тұрғылық өзектi әлсiз жандарды, тiршiлiк тауқыметiнен тайсақтап, ауырдың үстi, жеңiлдiң астымен жүргiсi келетiн пенделердi жын иектегендей үйiрген албастының әзәзiлдiгi небiр қылмысқа, қара ниеттi жолға түсiрiп жiберетiндiгiн түйсiнемiз. Тiптi, адамның жанына жақсылық, iзгiлiк себуге ұмтылған перiштелердiң әрекеттерiнiң өзi өмiрдегi, қоғамдағы әлеуметтiк әдiлеттiлiктiң орындалмауынан заңсыздық жайлаған тiршiлiктiң қиянатынан жүзеге аспай, отқа түскен көбелектей жанталаса шырылдайды. Осындай жағдайда, Албасты бел алмағанда, қайтедi?…
Тоғышарлық жайлаған әдiлетсiз қоғамға зығырданың қайнайды. Бiрақ, қолдан келер әрекет аз. Қоғамдағы осы дерттiң берекесiздiк пен бейбастақтықтың түр-төркiнi қайда жатыр? Зауал қайдан шығып, неден өрбiген?! Драма авторы осыған жауап iздейдi. Арғы-бергiге көңiл бұрғызады. Өткенiңдi ойландырады, бүгiнiңе үңiлдiредi. Өкiнiш пе, өксiк пе, жайсыз бiрдеңе кеудеңдi тырналайды, өзегiңдi өртейдi. Бұзылған заман ба? Адам ба?… Келешек қалай болады?…
Мiне, мәселе қайда жатыр?! Осындай сан түрлi сауалдарды Республикалық Жастар мен балалар театры қойған “Жетiм бұрыш” трагедиясы алдыңа тартады.
Сонымен, көтерген жүгi салмақты, айтар ойы салиқалы “Жетiм бұрыш” трагедиясынан бiз кешегi кеңестiк жүйедегi тоқырау жылдарында адамдар арасындағы қарапайым адамгершiлiк қарым-қатынастардың қалыпты өлшемдерiнiң бұзылып, қасаңдана бастағанын, соның салдарынан қоғамдағы әлеуметтiк әдiлеттiлiкке сызат түскенiн көремiз. Сөйтiп, адамдардың өмiрден, қоғамнан торыға, тiптi түңiлген сәттерiнiң куәсi боламыз. Мұның зардабы күнi бүгiнде, тәуелсiз алған тұсымызда да жалғасып отырғаны шындық. Осындай шындықтарды басып көрсеткен драмалық туындыдан қаламгер шығармашылығына тән батылдық пен өткiрлiк байқалады.
Шерхан Мұртазаның драматургия саласындағы тағы бiр күрделi туындысы Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық театры сахнаға шығарған “Домалақ ана” тарихи драмасы.
Жалпы, жазушының драматругиялық шығармалары қарағандылықтарға бұрыннан таныс едi. Кеңестiк кезеңнiң 70-iншi жылдарында облыстық орыс драма театры “Қара маржан” романының негiзiнде жазылған пьесасы қойған болатын. Ал, 80-iншi жылдары осы театр “Сталинге хатты” қойған. Ендi, мiне, халқымыз өмiрде қасиеттi де, киелi анамыз туралы жазылған “Домалақ ана” тарихи драмасын сахнаға шығарып отыр. Халық жазушысының шығармашылығында бұрыннан да Ана тақырыбы елеулi орын алып келгенi белгiлi. Айталық, ертеректе жазылған “Мылтықсыз майдан” повесiндегi Арай ана, 2000 жылдары жарық көрген “Ай мен Айша” роман-диологиясындағы Айша бейнелерi әдебиетiмiздегi Аналар образы галереясын толықтырған тұлғалар болды. Ендi, мiне, халық анасы - „Домалақ ана” аталған Нүрила ана бейнесiн сомдаған.
Шығармадағы шым-шытырық оқиғалар мен тартыстар осы Нүрила төңiрегiнде өрбiп отырады. Бәйдiбек бимен алғаш кездескен нәзiк те, пәк, аңғал Нүриланың ақыл-парасатының, жан сұлулығының арқасында ел-жұртқа танылып, „Домалақ ана” аталуына дейiн өсу, толысу жолдарын адам ретiндегi iшкi толғаныстарын табиғи бейнелеп, шынайы көрсетедi.
Өмiрдiң сырын, бұл дүниенiң мәнiсiн түйсiнiп-түсiнген, байсалды да, байыпты Нүрила тағдырдың жазуымен ел қорғаны, батыр Бәйдiбектiң етегiнен ұстайды. Пiрi солай аян берген. Сол аянды пiр тұтқан Нүрила киелi де, қасиеттi ұғымнан аттап кете алмайды. Сондықтан да, осы қасиеттердi сақтап қалады.
„Қай заманда да, адам өмiр тiршiлiгiнде көре алмастық пен қасастық, қызғаныш пен бақталастық бiрге жүретiнi белгiлi. Нүриланы да көре алмаушылар табылды. Қызғаныштан Нүриланың жас сәбиiне қастандық жасалды. Қарғыс айтып, қан жылаған Нүрила Алла-тағалаға жалбарынады. Ақыры жаратылысынан қасиет дарыған Нүриланың көз жасын Құдай көрiп, Алла қолдап, Әруақ жебеп, сәбиi аман қалады. Ал, „қызғаныштың қызыл итi iшiн тырнап”, астамсыған Марау бәйбiшенiң тоғыз ұлы бiрдей жау қолында мерт болады. Бәйдiбектiң жау айдап кеткен бар малы Нүриланың ақылымен түгел қайтып келедi” - деп Нүриланың бейнесiн автор осылай суреттейдi [9, 248] .
Мiне, құдiреттiң шеберлiгi. Мiне, әруақтың киесi, қасиетi. Ақыры, Марау бәйбiше есiнен ауысты. Осылай драмадағы бәйбiше бейнесi де өзiнiң iс-әрекетiне лайық табиғи ашылып, шынайы көрiнiп, iрi тұлға, күрделi образ кепiлi болып танылады.
Оның да адам ретiндегi iшкi арпалас-күйзелiстер шеберлiкпен ашылған.
Шығармадағы ендiгi айтулы тұлғаның бiрi - Бәйдiбек би. Драмада Бәйдiбек ел ағасы, батыр ғана емес, ақыл-парасаты мол, көңiлi дархан, жаны таза, айналасына байсал-байыппен қарайтын, үлкен адамгершiлiк иесi ретiнде сомдалған. Бұл автордың табысы деуге лайық образ.
„Дүниедегi анадан ардақты, анадан қасиеттi ешнәрсе жоқ. Драманың шарықтау шегiндегi арақ iшiп, тайраңдаған мәңгүрттердiң киелi маралға оқ атуы, Анаға оқ атуы едi. Оларға бұл дүниеде қасиеттi еш нәрсе жоқ. Жазушы осындай имансыздықтан сақтандырады. Анаңды сыйла, қасиетiңдi қадiрле, киеңдi пiр тұт, аруақты ұмытпа, тағзым ет”, - дейдi [9, 97] .
Философиялық иiрiмдерге, ойлы орамдарға бай, iрi табыстармен шамырқанған тартысуыларға толы драма осындай меңзеулерге жетелейдi. Адам, қоғам, халық өмiрiндегi әйелдiң, ананың ролiн дәрiптейдi. Ұрпақ үшiн әйелдiктен Аналыққа көтерiлген, ел Анасына айналған Нүриладай аналарға тағзым еткiзедi. “Ұрпақ үшiн қызғаныштың қызыл итiн құрбандыққа шалдым”, - дейдi Нүрила [9, 380] . Мiне, ұлы Ана өнегесi”. Бүгiнде бiзге жетпей отырғаны осы. Ұрпақ қамын, ел бiрлiгiн, жұрт тұтастығын ойлаған Нүрила осылай „Домалақ ана” атанады.
Өйткенi, “жақсы ай мен күндей, барлығына бiрдей” дейдi. Ал, Ай да, Күн де домалақ. Ендеше, Домалақ ана да барлығына бiрдей Күн сияқты нұрын төгедi, шапағатын себедi.
Тарих драма тағылымы түңiлумен аяқталады. Мазарларды талқандап кеткен әулекi ұрпақты көзiмен көрген шырақшы: “Ендi шырақты қайда жағамын?!” - дегенде, Домалақ ана: “Алда саналы, иманды ұрпақ болмақ… Шырақты әуелi адамдардың жүрегiне жақ”, -дейдi сенiм арта [9, 394] .
“Шiркiн-ай! - деймiз бiз де, - Адамдардың жүрегiне шырақ жағылып, сол иманды ұрпақ тезiрек келсе екен!”[5, 94] .
Мiнекей, ұрпағымыздың болашағын ойлаған ұлы Ана тағлымы. Халқының келешегiн ойлап, ұлы Ана рухын тiрiлткен үлкен азамат Шерхан Мұртаза шығармасының тәлiмi.
Сонымен, “Домалақ ана” тарихи драмасы автордың да, театр өнерiнiң де айтулы табысы болғаны анық.
Халық жазушысының көрермен жылы қабылдаған күрделi драматургиялық шығармасының бiрi - Жамбыл облыстық драма театры қойған “Ноқтаға басы сыймаған” драмасы.
Иә, бұл өмiрдегi қарапайым қалыпты тiршiлiкке мойынсұнбаған, кешегi кеңестiк дәуiрдiң “тәртiптi” қалыбына сыймай кеткен бiр адам болса, ол батыр, халықтың қаһарманы атанған Бауыржан Момышұлы едi. Осы бiр, халқымыздың бiртуар перзентi, ардақ тұтқан айбыны Бауыржан Момышұлының өмiр жолы да қайшылықтарға толы болды. Қаламгер халық батырының соғыстан кейiнгi бейбiт өмiрдегi басынан өткен бiр шырғалаң оқиғаны шығармасына желi етiп алады. Өмiрде ер-азаматтың басына не келiп, не кетпейдi деп жатамыз. Бiрақ, адамның басына осындай iс түскен кезде, айналаңдағылардың шынайы болмыс-бiтiмi, ниет-пиғылы көрiнiп, нағыз бет-пердесi ашылатын сияқты. Бауыржан Момышұлының басынан да осындай қилы хикая өтiп, “Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды” дегендей бiр жағдай болған. Бiр жақсы түйiн - батыр Бауыржан Момышұлының бойындағы қайсар рухының мұқалмауы. Ерлiк ерiк-жiгердiң сынбауы. Өмiр - тiршiлiкке, дүниеге өзгеше көзбен қарайтын айбынды азамат анау-мынау ұсақ-түйектiң бәрiнен биiк тұрған қалпында, кеудесiн тiк ұстап, асқақ көрiнедi. Бiзге Бауыржан Момышұлы осынысымен қымбат.
Автор iзденiсiнен туған бұл туынды өмiрдiң мәнi, адамның тiршiлiктегi орны, бағасы туралы ой-толғаныстарға жетелейтiн айтары бар шығарма.
Өнер әлемiнiң қай саласында болсын, тақырыбын тартқан таланттың тасы өрге домалайды, бағы жанады. Шығармашының iзденiстiң негiзгi бiр кiлтипаны тегiнде, осы тақырып төңiрегiнде жатса керек. Тақырыбыңды таба алмасаң “адасасыз”, ұзақ жолға шыға алмай, батпаққа малтығасың. Ондай жағдайда, көңiл көншiтер, жан сүйсiнтер туынды да, өмiрге келмек емес. Яғни, айтқанда, шығармашылықтың арылмаған соры - осы тақырыбыңды таба алмау, әрi-сәрi күн кешу…
Шығармашылық тынымсыз iзденiстiң нәтижесiнде өз тақыбырын тапқан тарлан суреткердiң бiрi - Шерхан Мұртаза. Қаламгердiң бұл күнде өзiнiң тақырыбын тауып, оны қай қырынан болса да, игере алатын, түрленуiне құбылта алатын дәрежеге көтерiлген кемел шағы. Жазушы өзiнiң қаламгерлiк, суреткерлiк, азаматтық жолында халқын айтсам, жеткiзем деген негiзгi ой-шумақ неғұрлым әсерлiрек, тиiмдiрек ыңғайда, қалай да, ойландырарлықтай дәрежеде шыққанын қалап, ұдайы iзденiс үстiнде қайсарлық танытып келдi.
1985 жылдың сәуiрi қайта әкелген қайта құру демократиялық пен жариялылық кезеңнiң қоғамды жаңартушы лебi, әлеуметтiк-мәдени өмiрiмiздiң барлық саласына түбегейлi өзгерiстер енгiздi. Жаңаша ойлау жүйесi мен бәз-баяғы қатаң бюрократизмнiң арасындағы күрестiң драматизмi, трагедизмi: жеңiстерi мен жеңiлiстерi қазiр көз алдымызда әрқилы деңгейде, әр алуан сипатта өтiп, әлдеқашан тарих беттерiне айналып кеттi. Үш ұйықтаса ойға кiрмейтiн санаулы кедергiлер бой көрсетiп жатты. Алайда, қоғам өзiнiң қойған мақсаттарына қинала-қинала iлгерi жылжи түстi. Мұның бәрi қаламгер үшiн қажет өмiрлiк материалдар, әрi қозғаушы күштер болған едi.
Кеңес дәуiрiндегi тоқырау кезеңiнде, қалың бұлттан жылт етiп күн көрiнгендей болған, жариялылық пен қайта құру ұраны көтерiлген тұста ұлттық мүдде үшiн күресудi, ұлтты оятуды Шерхан Мұртаза өз шығармашылығында сәтiмен, орайымен пайдалана бiлдi. Тұрар Рысқұлов туралы романдар циклiн ендi драмалар циклiне айналдырады. Сөйтiп, „Қызыл жебе”, „Сталинге хат”, „Бесеудiң хаты” трагедиялары өмiрге келдi. Суреткерлiк шеберлiгiн, соны бiр қырын Шерхан Мұртаза осылай драматургияда көрсеттi. Әрине, тыңнан жол салғандай болып, дәл мұндай халықтық трагедиялар жазу екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейтiн оңай шаруа емес едi.
Мұның өзi шығармашылық iзденiс пен шеберлiктiң шексiздiгiн таныта отырып, жазушының суреткерлiк маңызды концепциясын халыққа неғұрлым тиiмдi жолмен ұғындыру керектiгiн байқатса керек. Драматургияға ат басын бұруда алдына негiзiнен осындай мақсат қойғанын айта келiп, Шерхан Мұртаза былай дейдi: „Колбиннiң заманы. „Сталинге хатты” жазып бiтiп, өнердiң қара шаңырағы ғой деп М. Әуезов театрына апарып едiм. Күндер өттi, айлар өттi. Не жарайды, не жарамайды деген тырс еткен хабар жоқ. Ақыры алып кетуге тура келдi. Барсаң, тiптi қолжазбаның өзiн әзер тауып бердi. „Не жаза қояр дейсiң” деген болу керек. Қарамаған, көңiл бөлмеген.
Сонда сол театр алдында Райымбек Сейтметовтың кезесе кеткенi. Сәлемдесуден кейiн жағдай сұрастық. Мен не жұмыспен жүргенiмдi айттым. Қолжазбаны көрсеттiм. „Мен оқып көрейiн” деп сол күнi Райымбек пьесаны алып кеттi.
Сонымен қатты ұнатып, жастар театрында „Сталинге хатты” еш өзгерiссiз сахнаға қойды.
„…Айналайын балам, - дедi спектакль соңынан көрермендердiң алдына шыққан Тұрар ағамыздың жан-жары Әзиза апай, - Тұрар атаңның әруағы разы. Көкең тура осындай болған, -деп келiп сахнадағы актер Тұрарды бетiнен сүйдi.
Егер сол күнi Райымбек кездеспегенде, қайтiп драматургияға барар ма едiм, бармас па едiм, құдай бiледi. Көрермендер де жаман қабылдамаған сияқты. Мақсаттың өзi де сол едi. Халық тағдырындағы ақтаңдақты көрсету, зобалаңды сезiндiру, жұртты серпiлту, ояту… Әйтпесе, драматургиямен атымды шығару деген ой жоқ” [5, 212] .
Ия, халқымыздың тағдырындағы бұрын айтылмай келген ақтаңдақтарға арналған бұл драмалар дегенмен де кезiнде сахнаға шығарылып, шын мәнiнде бүкiлхалықтық оянуымызға, сiлкiнуiмiзге, түрлеуiмiзге үлкен қозғау салғаны анық. Мың рет естiгеннен, бiр рет көрген артық деген сөз бар ғой. Сол айтқандай, халық сонау 1932-33 жылдары ашаршылыққа ұшыраған қазақ елiнiң басындағы айтып болмас ауыр жағдайды көзiмен көргендей болды. Жан-жүрегiмен сезiнiп, көзiне жас үйiрiлдi. Намыстары оянды, рухани серпiлдi. Бұл драмалар сол тұстарда ұлттық театр дүниесiне тың серпiлiс әкелгенi де белгiлi. Көрермен бiрiнен-бiрi естiп, театрға сыймай кеттi…
Бiр тақырыпты қамтыған “Сталинге хат”, “Бесеудiң хаты” драмалары халықтық трагедияны халқымыздың өмiрдегi екi үлкен тұлғалардың iс-әрекетi арқылы көрсетуге арналған. Олар - Тұрар Рысқұлов пен Ғабит Мүсiрепов едi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz