Банктік қызмет көрсету туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Тарау. Банктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың теориялық
негізі
- Банктік қызмет түсінігі, мәні мен түрлері
- Банктің дәстүрлі қызметтері мен операцияларын ұйымдастыру
- Банктің дәстүрлі емес қызмет көрсетуіне сипаттама
2 Тарау. “Қазақстанның Халық Банкі” Ашық Акционерлік
Қоғамының банктік қызмет көрсетулер жағдайына талдау
- Халық Банкінің банктік қызметіне жалпы сипаттама
- Дәстүрлі қызмет көрсету жағдайына экономикалық талдау
- Дәстүрлі емес қызмет көрсету түрлері бойынша нәтижелерді талдау
3 Тарау. Банктік қызмет көрсетулерді дамыту мәселелері
3. 1 Халық Банктің қызмет көрсетулерін жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Банктің негізгі дәстүрлі қызметтеріне салымдар тарту мен қағаздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде банктер банк қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде әр банк бәсекелестік артықшылыты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі - бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Екінші деңгейлі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Осы айтылған несиелік есеп айырысу және басқа да барлық қаржылық операциялары бойынша дипломдық жұмыста «Қазақстанның Халық Банкің Акционерлік Қоғамын мысалға ала отырып талдау жасалынады.
«Қазақстан Халық Банкің Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіндік балансы бар, жеке мүліктері және өз міндеттері бар заңды тұлға болып табылады. Банк өз мүліктеріне және міндеттеріне жауап береді, бірақ акционерлер міндеттеріне жауапты болып табылмайды.
«Қазақстан Халық Банкің Акционерлік Қоғамындағы банктік қызмет көрсетулерді негізгі мақсат - заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және орналастыру, клиенттерге несиелік есеп айырысу қызметін көрсету, сондай-ақ заңға қарсы келмейтін басқа да банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк республикадағы кәсіпкерлікті дамытуда және қолдауда үлкен көлемде салым салуда Банктен қарыз алушылар болып еліміздегі 4000-ға жуық кәсіпорындар табылады, олардың ішіндегі ең бастылары өндірістік кәсіпорындары, ауыл шаруашылық өндірушілері, көтерме және жеке сауда кәсіпорындары, мемлекеттік ұйымдар.
Банк клиенттері болып ірі ұлттық компаниялары табылады, оларға ННК «Қазақойл», ТНК «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» Жабық Акционерлік Қоғамы, «Казахмысң корпорациясы, «Қазақстан Темір Жолың РМК және тағы басқалары жатады.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаларға ұсынылатын несиеге деген сұраныс өте жоғары, оның басты себебі несие халықтың ақша қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Халықта банктік қызмет көрсетуді жандандырудың мәні - мүмкін болатын ең төменгі шығын негізінде максималдық нәтиже алуға жағдай жасау және банктік қызмет көрсетуде банк клиенттердің талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыру, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің сапасын арттыру сондай-ақ банктік қызмет көрсету құнын қалыпты деңгейде ұстау болып табылады.
Дүниежүзінде қазіргі уақытта Қазақстанның Халық Банкі несиелік-сараптау қызметімен терең айналысатын алдыңғы қатарлы шетел банктерімен тығыз қарым-қатынаста бірлесіп қызмет атқаруда. Халық Банкі үшін несие желісі келесідей банктерде ашылған: Дойче Банк (Германия), Коммерц Банк (Германия), Дрезден Банк (Германия), Bank One (АҚШ), UBS (Швейцария), Чехославская Обходни Банк (Чехия) . Халық Банкінің ең ірі серіктестері болып Германия мемлекетінің банктері болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Халық Банкі Америкалық және Еуропалық алдыңғы қатарлы қаржы институттарымен тығыз қарым - қатынаста.
Дипломдық жұмыстың неізгі мақсаты «Қазақстанның Халық Банкің Акционерлік Қоғамының Астаналық Аймақтық филиалындағы банктік қызмет түрлеріне жан-жақты талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесідей міндеттер қойылды:
• банктік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
• халыққа көрсетілген жаңа банктік қызмет түрлерін қалыптастыру;
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып нормативтік актілер және Ұлттық Банктің бекіткен қаулысы, қазақстандық экономика ғалымдарының ғылыми еңбектері, «Қазақстан Халық Банкің Акционерлік Қоғамының Астаналық Аймақтық Филиалындағы банктік қызмет көрсету ережелері болып табылады.
1 Тарау. Банктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың теориялық негізі
- Банктік қызмет түсінігі, мәні мен түрлері
Екінші деңгейдегі банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептеу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу, сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғаласын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі екінші деңгейлі банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі таңда, екінші деңгейлі банктер клиенттерге көрсететін
қызмет түрлерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде.
Екінші деңгейлі банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын
жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды
ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни,
траст операцияларын жүргізу ) ;
• клиенттерге кеңес беру;
Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру- банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс әкелуге, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын келесі қызметі- несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыста босау мерзімдерінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Екінші деңгейлі банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінің тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің рөлі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылымды жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясы-ның үнемі жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан, бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе Жиро жүйесі. Сондай-ақ, банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтуды, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Екінші деңгейлі банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақща массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Дегенімен банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның едәуір бөлігін «жоюменң де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді), екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды сатқанда алынады- ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және шаруашылықтағы төлем қаражаты-ның массасы да азаяды.
Екінші деңгейлі банктің депозиттері ( сонымен бірге ақша массасын ) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқарту реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан екінші деңгейлі банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен
( міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Екінші деңгейлі банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырмасы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауда, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды- сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополиялды түрде жұргізеді.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүмкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың ( бойдақ жесірлердің, жасы толмағандардың ) мүлкін уақытша басқару ізбасарларының мүддесі үшін қайтыс болған адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару ( ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу) ; құндылықтарды сейфте сақтау және т. б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандар-
дан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін
( яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру ) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т. б. қызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономика-
лық мағлұматтарды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үщін өкіл ретінде қатысып, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес беруге мұмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорын-ның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратагиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп - несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.
Екінші деңгейлі банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:
• несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша ақша нарығын-
дағы конъюнктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойыншанұсқау беру, қолма - қол ақшасыз есептеуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
• бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу
бойынша - бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері бағалы қағаздарды шығару тәртібі және оларды айналыс ережесі туралы хабар;
• күрделі қаржы беру бойынша - құрылыс қызметі нарығы-
ның конъюнктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс - монтаж ( құрастыру ) жұмыстары-ның таривтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділі-гін есептеу туралы анықтама.
Соңғы кездері екенші деңгейлі банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктер-
дің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, сайып келгенде банктердің экономикадағы рөлі артуда.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Екінші деңгейлі банктердің операция-
лары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив ( қаражат тарту ) ;
актив ( қаражатты орналастыру ) ; коммисиялық делдалдық
( клиенттің тапсырысы бойынша коммисиялық ақылы ) және сенімді операциялар.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Несие есептеу операциялары - ол банктің емес ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.
Екінші деңгейлі банктің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге байланыста топтастыруға болады:
- борышқордың типіне байланысты- кәсіпорынға, үкіметке, және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
- пайдаланатын мерзіміне байланысты- қысқа мерзімді
( 1 жылға дейін ), орта мерзімді ( 1 жылдан 5 жылға дейін ), ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары ) ;
- қызмет көрсету ортасына байланысты- өндіріс аясына
берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай- өнеркәсіпке,
саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
- қамтамасыз етілуі бойынша- кепілді, қорғаулы, қауіпсіз
және қамтамасыз етілмеген ( бланктік ) ;
- өтеу тәсіліне қарай- бір уақытта және бөлік- бөлікпен
өтілетін қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері ( қағи-далары ) сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымды-
лық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен
( лимит ) несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған. Контокоррент-
тік шот деген несиелік шотпен ағымдағы ( есептеу ) шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо ( қалдық ) клиент-
ке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаража-
ты бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі.
Ал кейбір мемлекеттердің ( Канада, Ұлыбритания ) банктері несиені шектеуді «овердрафтң бойынша жүргізеді. «Овердрафтң -
клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтиже-
сінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафтың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы - конкоррентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол - клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі - несиелік шотты пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие сомасы несиелік шоттың дебетіне клиенттің ағымдағы ( есептеу ) шотының кредитіне аударылады. Есеп - төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.
Ағылшын және Швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының көлемді сома беретін индикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда қатысушы - банктің біреуі басқару-
шы және төлеушінің өкілі қызметін атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол индикаттық несиеден екі және одан да көп несте беруді ұйымдастырушысы және басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі сомаға ( 30 млн. АҚШ. долл. жоғ. ) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өнімінің, басқарушының және басқа да несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері көрсетіле-
ді.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг операциялары да кіреді.
- 2 Банктің қызметтері мен операциялары
Екінші деңгейлі банктер кәсіпорындарға және өз клиенттеріне тікелей қызмет көрсетеді. Екінші деңгейлі банктер банктік жүйеде негізгі звено болып табылады. Екінші деңгейлі банктер меншік нысанына тәуелсіз экономиканың дербес субъектісі болып табылады. Екінші деңгейлі банктердің негізгі мақсаты максималды пайда табу. Банк заңдарына сәйкес, банк - жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын өздеріне жинақтауға, клиенттеодің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несиелі ұйым. Сол себепті шектеулі қаржылық операцияларды жүргізетін банктік емес арнайы несиелік кәсіпорын-
дардан ерекшеліге екінші деңгейлі банктер өз клиенттеріне кешенді қызмет көрсетуінде, сондай - ақ несиелік кәсіпорындар тек арнайы банктік операцияларды жүзеге асырады. Сонымен, екінші деңгейлі банктер қаржылық шаруашылықтағы уақытша бос ақша қаражат-
тарын өзіне тарта отырып осы тартылған қаражаттар есебінен ұйымдардың, кәсіпорындардың және халықтың ақша қаражаттары-
на деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Екінші деңгейлі банктер өз клиенттеріне ( заңды және жеке тұлғаларына ) кең көлемде операциялар мен қызмет көрсету түрлерін ұсынады. Әмбебап тұрпаттағы екінші деңгейлі банктер халықтардың, фирмалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттарын шоғырландыру, несие ресурстарын орналастыру клиенттерге әр түрлі банктік операциялармен қызмет көрсетулерді ұсынады. Екінші деңгейлі банктердің барлық операцияларын үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Екінші деңгейлі банк операцияларының негізгі құрылымы
1 Кесте
Пассив операциялары - олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктердне несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетеді. Пассивті операциялары тарихи дәстүр бойынша активті операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі активті операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивті операцияларына мыналар жатады:
• салым қабылдау ( депозиттер ) ;
• клиенттерге шоттар ( оның ішінде корреспондент - банктер-
ге) ашу және оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару ( облигация, вексель,
депозиттік және жинақ сертификаттары ) ;
• банк аралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу;
Салым ( депозит ) - ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма - қол ақша немесе қолма - қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік сперациялар деп аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан ол активтітік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушы -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz