Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кiрiспе . . . 3

І.
1. 1. Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi . . .
1. 2. Несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының жай-күйдi талдау . . .
2. 1. ҚР несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсатына қол жеткiзу және мiндеттерiн орындау жөнiндегi шаралар . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . . 31

Кiрiспе

Елдiң дүниежүзiлiк экономикаға белсендi кiрiгуi, елдiң егемен кредиттiк рейтингiнiң жақсаруы, шетел инвестицияларының үлкен көлемiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (бұдан әрi - Yкiмет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) валюта режимiн ырықтандыру жөнiндегi жоспарлары Қазақстан Республикасының орнықты дамуында сөзсiз шешушi рөл атқарады.
Соған қарамастан, экономиканың ашықтық дәрежесiн арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды iшкi қаржы нарығын қалыптастыру қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ борыш құралдарының iшкi нарығын дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдауына алып келедi.
Бiрiншiден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз етудi және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және iшкi нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл - мемлекеттiк сектордың борышын басқару тетiктерiн жетiлдiру және қажеттi нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесi.
Халықаралық тәжiрибе байыпты қарыз алу саясатын жүргiзу және мемлекеттiк сектордың борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттiң әлеуетiн нығайту үшiн қажеттi шараларды уақтылы қабылдау елдiң макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшiн ең маңызды фактор болып табылатындығын куәландырады.
Әлемдiк практикада, әдетте, көптеген елдердiң сыртқы және iшкi нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетiн нығайту жөнiндегi жоспарлары бар. Бұл қажеттiлiктер капиталдың iшкi нарығын дамыту дәрежесiмен, валюта режимiнiң ерекшелiктерiмен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтiк реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзiрлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдiң кредитке қабiлеттiлiгiмен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.
Экономикалық ахуалын және институционалдық мүмкiндiктерiн ескере отырып, жеке бiр ел алып қарайтын берешектiң экономикалық жағынан қолайлы деңгейлерi көрсеткiштерiнiң (өлшемдерiнiң) белгiлi бiр бiрiздендiрiлген нормалары бар.
Бұрын Қазақстан Yкiметтiң, жергiлiктi атқарушы органдарының және Ұлттық Банкiнiң борыштарын қамтитын мемлекеттiк сыртқы борышты басқаруға басым көңiл бөлдi. Бұрын қабылданған шаралардың нәтижесiнде мемлекеттiк борыш 2001 жылдан бастап азайып отыр. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша қазiргi уақытта Қазақстанның мемлекеттiк сыртқы борышының мөлшерi бiрқалыпты болып табылады.
Бұл ретте, елдiң жалпы сыртқы борышы 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрi - ЖIӨ) 80, 9%-iн құрай отырып, 2001 жылдан бастап өсiп келедi. Халықаралық ұйымдардың жiктемесi бойынша көрсетiлген көрсеткiштер Қазақстанды сыртқы борышының бiрқалыпты деңгейi бар елдер тобына жатқызуға мүмкiндiк бередi. Алайда, жалпы сыртқы борышты одан әрi арттыру елдiң iшкi экономикалық жағдайларына ғана емес, экономикалық қауiпсiздiгiне де терiс әсерiн тигiзе алады.
Бұдан басқа, қаржы қауiпсiздiгiнiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету мақсатында ЖIӨ-ге шаққанда белгiленген қатынас шегiнде орта мерзiмдi кезеңде елдiң жалпы сыртқы борышының деңгейiн ұстап тұру қажет.
Елдiң борышын басқарудың тиiмдi жүйесiн жасау үшiн мемлекеттiк борышты, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттiң шартты мiндеттемелерiн басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу сапасын арттыруға бағытталған бiрқатар шаралар қабылдау қажет.

1. Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi

Осы Тұжырымдаманың мақсаты елдiң жалпы сыртқы борышының қазiргi деңгейiн орта мерзiмдi кезеңде ЖIӨ-ге шаққанда 65-70% деңгейiне дейiн азайтуға және ұзақ мерзiмдi перспективада елдiң жалпы сыртқы борышын ел үшiн қауiпсiз деңгейде ұстап тұруға, мемлекеттiк борышты, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттiң шартты мiндеттемелерiн сапалы басқаруға және несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу мәселелерiн тиiмдi реттеуге ықпал етуге мүмкiндiк беретiн елдiң борышын басқарудың бiртұтас және тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдаманың мiндеттерi мыналар болып табылады:
мемлекеттiк сектордың борышын, оның iшiнде борыштық мiндеттемелер бойынша тиiстi есеп жүргiзу бөлiгiнде басқару жүйесiн оңтайландыру борыш жай-күйінің жүйелiк мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асыру, тәуекелдердi басқару, мемлекеттiк органдар мен мемлекет басым қатысатын ұйымдардың тиiмдi өзара iс-қимылы;
жалпы сыртқы борышты ұсынудың құрамы мен құрылымын халықаралық әдiснамалық стандарттарға барынша жақындату;
Қазақстан үшiн "дабылды" бастапқы мәндер ретiнде әрекет ететiн жалпы сыртқы борыштың орта мерзiмдi перспективаға арналған салыстырмалы көрсеткiштерiн айқындау, оларға сәйкес мемлекеттiк органдар жалпы сыртқы борыштың осы шектерден асып кетуiне жол бермеу үшiн белгiлi бiр шектеу шараларын қабылдайтын болады;
несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу мәселелерiн реттеу тетiктерiн айқындау;
борыш құралдарының iшкi нарығын дамыту үшiн алғышарттар жасау.

2. Несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының жай-күйдi талдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қадағалау түрлері
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Қаржылық есеп беру
Банктің мешікті капиталы
Коммерциялық банктің меншікті капиталын басқару
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Банктің меншікті капиталы,оның құрылымы және қалыптасуы
АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz