Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты
Кіріспе
Негізгі бөлім
Аудандық сот құрылымы
Мұрағаттың негізгі міндеттері мен функциялары
Мұрағаттың құқығы
Мұрағат құжаттарының құрамы
1. Құжаттарды іріктеу және оларды жоюға хаттау
2. Істерді (нарядттарды) қалыптастыру және хаттау
3. Істерді (нарядтарды) тігу,парақтарды нөмірлеу, куәландыру
жазбасы мен ішкі тізімдемені хаттау
4. Мұқабаны хаттау
5. Істерді (нарядтарды) жүйелеу, тұрақты, уақытша сақтау және жеке құрам бойынша істер (нарядтар)тізімдемелерін жасау, істерді (нарядтарды) шифрлеу
6. Тұрақты сақтау және жеке құрам істерінің тізімдемелеріне титулды бет және алғысөз жасау
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қаңтардың жиырма бесінен сәуірдің бірі аралығында мен Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотта өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында соттың мұрағатында бас маманға көмекші ретінде жұмысымды атқардым.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті – нормативиті-құқықтық актілерді және олардың сот өндірісі барысындағы қолдануын, соттың жұмысымен танысу.
Іс тәжірибиені Аудандық сотта өткізіуімнің мақсатым ҚР Сот пен Судьялардың құқықтық мәртиебесі мен істі қарау тәртібі және сот процесіндегі іс жүргізу шараларын тәжірибеде сынап көру. Сонымен қатар өзімнің аталған дипломдық жұмыс тақырыбым «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары,қорытындылары немесе қате аударма » болғандықтан осы қылмыстарды саралау және жаза тағайындау бойынша басты мәселелерге толығырақ танысқым келді.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соттыңқызметі Қазақстан Республикасының 25 қаңтар 2000 жылғы № 132 «Қазақстан Республликасы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен реттеледі; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі және өзге де нормативті құқықты актілер.Республика аймағындағы мемлекеттік қызмет Конституция негізінде жүзеге аса отырып құқықшығарушық, атқару және сот төрелігіне бөліну принципі және бірін-бірі тежемелі тежеу жүйесіне сай негізде жүргізіледі. Конституцияның 75 бабына сай Қазақстан Республикасында әділеттік тек сотпен ғана жүргізіледі. Сот бұзылған құқықтар мен бостандықтарды, азаматтардың және ұйымдардың заңды өкілеттіктерін қорғау мен қалпына келтіру формасы болып табылады. Сот төрелігі Қазақстан Республикасы атынан, тәуелсіз, Конституцияға және өзге заңдарға сай жүргізіле отырып сот отырысының барлық қатысушыларының белсенді қатысуымен іс бойынша ақиқатты анықтап, заңды әрі негізді шешім шығаруын қамтамасыз етеді. Іс-тәжірибе кезінде қылмыстық істер бойынша сот процестеріне қатыстым. Бұл жұмыс барысында әрбір істің құжаттар тізімдемесін толтырдым, сонымен қатар, жетекшінің тапсырмасы бойынша құжаттарды түгендедім. Түгендеу кезінде қателіктер мен өзгерістер тауып, жаңа номенклатураға сай тізімдеме дайындадым.

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша комитеті Төрағасының 2003 жылдың 29 сәуірдегі №33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша комитеті Төрағасының 2003 жылдың 29 желтоқсанындағы №93 бұйрығымен бекітілген ведомстволық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелері.
3. КСРО мемлекеттік мұрағаттары жұмысының негізгі ережелері. Москва, 1984 ж.
4. Қазақстан Республикасы Жоғары сотының Төрағасының 2003 жылдың 22 желтоқсчанындағы №245 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары сотының, жергілікті соттардың, ҚР Жоғары сотының жанындағы сотқа әкімшілік ету бойынша комитеттің және облыстырадың, Астана және Алматы қалаларының соттарының әкімшісінің істерді қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтаға және тұрақты сақтауға мемлекеттік мұрағаттарға беру тәртібі туралы нұсқаулық.
5. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы сот әкімшілігі бойынша Комитет төрағасының 2003 жылғы 28 ақпандағы №46-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттарының іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулық.
6. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Қаңтардың жиырма бесінен сәуірдің бірі аралығында мен Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотта өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында соттың мұрағатында бас маманға көмекші ретінде жұмысымды атқардым.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті - нормативиті-құқықтық актілерді және олардың сот өндірісі барысындағы қолдануын, соттың жұмысымен танысу.
Іс тәжірибиені Аудандық сотта өткізіуімнің мақсатым ҚР Сот пен Судьялардың құқықтық мәртиебесі мен істі қарау тәртібі және сот процесіндегі іс жүргізу шараларын тәжірибеде сынап көру. Сонымен қатар өзімнің аталған дипломдық жұмыс тақырыбым Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма болғандықтан осы қылмыстарды саралау және жаза тағайындау бойынша басты мәселелерге толығырақ танысқым келді.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соттың қызметі Қазақстан Республикасының 25 қаңтар 2000 жылғы № 132 Қазақстан Республликасы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңымен реттеледі; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі және өзге де нормативті құқықты актілер. Республика аймағындағы мемлекеттік қызмет Конституция негізінде жүзеге аса отырып құқықшығарушық, атқару және сот төрелігіне бөліну принципі және бірін-бірі тежемелі тежеу жүйесіне сай негізде жүргізіледі. Конституцияның 75 бабына сай Қазақстан Республикасында әділеттік тек сотпен ғана жүргізіледі. Сот бұзылған құқықтар мен бостандықтарды, азаматтардың және ұйымдардың заңды өкілеттіктерін қорғау мен қалпына келтіру формасы болып табылады. Сот төрелігі Қазақстан Республикасы атынан, тәуелсіз, Конституцияға және өзге заңдарға сай жүргізіле отырып сот отырысының барлық қатысушыларының белсенді қатысуымен іс бойынша ақиқатты анықтап, заңды әрі негізді шешім шығаруын қамтамасыз етеді. Іс-тәжірибе кезінде қылмыстық істер бойынша сот процестеріне қатыстым. Бұл жұмыс барысында әрбір істің құжаттар тізімдемесін толтырдым, сонымен қатар, жетекшінің тапсырмасы бойынша құжаттарды түгендедім. Түгендеу кезінде қателіктер мен өзгерістер тауып, жаңа номенклатураға сай тізімдеме дайындадым.
Негізгі бөлім
Астана қаласында қалалық және аудандық соттар құру, Ақмола қалалық сотын тарату және Қазақстан Республикасы судьяларының санын ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 11 шілдедегі № 4010 Жарлығынан көшірме.
Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар № 2694 Жарлығының 10 бабының 1 және 2 тармақтарына, 11 бабының 2 тармағына, 15 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес және Астана қаласының Әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгеріске байланысты Астана қаласында облыстық сотқа теңестірілген қалалық сот-Астана қалалық соты , Алматы және Сарыарқа аудандық соттары құрылсын, Ақмола қалалық соты таратылсын деген Қаулы етілген. Осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 1998 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірілмей күшіне енетін 1 және 2 тармақтарына қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Он бес жыл - Қазақстандағы сот әділдігінің өркендеу жылдарындағы Тарих танымы уақытпен өлшенбек емес, ол өз кезеңіндегі мән - жайға ықпал еткен ерекшелікпен дараланады. Осы тұрғыдан алғанда республикадағы Астана қалалық сотының ғұмыры да, мәртебесі де ерекше. Оның өркендеу жолы тәуелсіз еліміздің қарыштап алға басумен қанаттасып келеді. Сот ұжымы өткен осы алғашқы он бес жыл ішінде мемлекетіміздің саяси әлеуметтік қайта қалыптасуында және еліміздің өркендеуіне ыждаһаттылықпен үлес қосып, өз істерін жауапкершілікпен алға бастырды. Сондай ақ бұл жылдары мемлекетіміздің аса маңызды стратегиялық құқықтық саясаты - құқықтық сот реформасын кезең кезеңмен жүзеге асыру, еліміздің экономикалық және әлеуметтік - саяси реформасын жеделдетуге көп жағынан ықпал берді. Осы жылдардың ішінде ең басты мәселе - турашылдықпен сот әділдігін қамтамасыз етудегі иыққа түскен ауыр жүк болды әрі сот билігінің беделін көтеруге кепілдік берді.Осы аталған қол жеткен маңызды жетістіктерге Астана судьялары да елеулі үлес қосты. Олар судьяларға қойылған талаптарды әрдайым биік деңгейде ынтазарлықпен орындауда.
Сондай ақ, ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Елордамыздың аумағында Алматы және Сарыарқа аудандық соттары құрылды.
Алматы аудандық сотының төрағасы болып Д.Ж. Балыков тағайындалды;
- 2002ж.ж. - 2004ж. Е.Ж. Тасыров,
- 2004ж.ж. А.К.Ташенова
- 11.09.2004 жылы Алматы аудандық соты азаматтық істер және қылмыстық істер бойынша мамандандырылып бөлінді.
- 2004 -2008 ж.ж. Е.Ш. Баймурзин басқарды,
- 2008ж. - 2012ж. О.М.Ташетов.
05.02.2013ж.бастап Елбасының жарлығымен Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы болып Сыздықов Бақытбек Қапанұлы тағайындалды.
Ал қазіргі таңда Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы болып Ақылбай Арман Серікұлы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда сотта тәжірибелі судьялар қызмет жасауда олар:
Аринов Канат Арипханович
Баяхметов Нурлан Еркешевич
Рамазанова Асем Касембаевна
Убашева Гулжахан Ерхановна
Альхожаев Кыдырбек Корганбекович
Кошанов Убайдулла Кайрлович
Кульбаева Айжан Адиловна
Амиргалиев Айбек Айтикенович.
Олар өздеріне жүктелген жауапкершіліктің дәрежесін сезініп, сапалы сот әділдігін жүзеге асыруға барлық шараларды қолдануда. Кеңсе меңгерушісі болып бірнеше жыл бойы ШЫНЫБЕКОВ АСЛАН ТАЛГАТОВИЧ қызмет етуде. Сонымен қатар сот аппаратында 11 бас маман, 7 жетекші маман қызмет атқарады. Аудандық сотта сот мәжілісін өткізетін 6 зал бар, олар аудио - бейне жазба құралдарымен жабдықталған. Судьялар қажетті техникалық құралдармен және жиһаздармен жабдықталған. Соттың кіреберіс күту залында оның жұмысы туралы толық хабарлама, жұмыс кестесі, өтініш білдіру үшін қажетті құжаттардың үлгілері тиісті стендтерде орналастырылған және элетронды жүйе портал орнатылып жабдықталған. Аудандық сотта іске қатысушыларға арнайы құқықтық және заңнамалық ақпараттар алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Аудандық сот құрылымы
Басшылық
* Ақылбай Арман Серікұлы Төраға
Судьялар
ТАӘ
Лауазымы
Аринов Канат Арипханович
төреші
Баяхметов Нурлан Еркешевич
төреші
Рамазанова Асем Касембаевна
төреші
Убашева Гулжахан Ерхановна
төреші
Альхожаев Кыдырбек Корганбекович
төреші
Кошанов Убайдулла Кайрлович
төреші
Кульбаева Айжан Адиловна
төреші
Амиргалиев Айбек Айтикенович
төреші
Алматы ауданының № 2 аудандық сотының кеңсесі
Басшылық
* Шыныбеков Аслан Талгатович Кеңсе меңгерушісі
№ 2 Алматы аудандық сотының құрылымы:
1. Шығыс кеңсесі
2. Кіріс кеңсесі
3. Қылмыстық істер бойынша кеңсе
4. Мұрағат
Сот Жеңіс даңғылы 15 а бойындағы 4 қабатты ғимартта орналасқан. 1ші және 2ші қабатында № 2 Сарыарқа аудандық соты, ал 3ші және 4ші қабаттарда № 2 Алматы аудандық соты өз жұмыстарын атқарады.
1ші қабатында кіріс кеңсесі және ақпараттық дүңгіршектер, ал 3ші қабатта сот орындаушының орны, прокурор және адвокаттар мен медиаторлардың кабинеті, 7 сот залы және мұрағат бар.
4ші қабатта қылмыстық істер бойынша кеңсе мен шығыс кеңсесі, кодификация, сот мұрағаты, судьялар мен сот отырысының хатшыларының кабинеті орналасқан.
Мұрағат немесе Архив (лат. archіvum) - тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді.
Мұрағаттың негізгі міндеттері мен функциялары
Мұрағаттың негізгі міндеттері:
1) мұрағатта сақтаулы құжаттарды сақтау, есепке алу, сақтауға қабылдау, құндылыққа сараптама жасау, пайдалануды және сәйкесінші мемлекеттік мұрағаттарға тұрақты сақтауға уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету;
2) ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласында әдістемелік басшылықты ұйымның өзінде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда жүзеге асыру болып табылады.
Мұрағат жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мұрағаттың толықтыру көзі болып табылатын ұйымдардың жәненемесе құрылымдық бөлімшелердің тізімін жүргізуді;
2) Мұрағаттың толықтыру көзі болып табылатын ұйымның, сонымен қатар, өзге жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын белгіленген тәртіппен сақтауға қабылдауды;
3) ұйымның орталық сараптау комиссиясының (бұдан әрі - ОСК) немесе сараптау комиссиясының (бұдан әрі - СК) жұмысына қатысуды;
4) мұрағатқа сақтауға құжаттар тапсыру кезінде құрылымдық бөлімшелерге құжаттар құндылығына сараптама жүргізуде әдістемелік көмек көрсетуді;
5) Мұрағатта сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізеді, тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) сақталатын, жеке құрам бойынша істер тізімдемесіне және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер құрастырады және белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның сараптау-тексеру комиссиясына (республикалық мемлекеттік мұрағаты) көрсетілген істер тізімдемесі мен актіні келісуге (бекітуге) беруді;
6) мемлекеттік сақтауға жататын ғылыми-техникалық құжаттама, жобалар, проблемалар тізбесін құрастыруға қатысуды;
7) жеке тектік құжаттарымен қажетті жұмыстар кешенін жүргізеді;
8) сақтауға қабылданған құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) аса құнды құжаттарды анықтайды, сол құжаттардың сақтандыру көшірмелерін жасайды, аса құнды құжаттарды және олардың сақтандыру көшірмелерін есепке алуды ұйымдастырады;
10) сақтаудағы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен жеке құрамның саны мен құрамы туралы мәліметтерді жыл сайын құрастырады және үш жылда бір рет тиісті мемлекеттік мұрағатқа жібереді;
11) тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға бұрын тапсырылған құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратымен сабақтастығын ескере отырып, сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құрады және жүргізеді;
12) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға әзірлейді және белгіленген тәртіппен тапсыруды жүзеге асырады;
13) ұйымда істерді қалыптастырудың, ресімдеудің және жедел сақтаудың дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады;
14) ғылыми және практикалық мақсатта өткенді шолудың құжатты ақпаратын пайдалануды жүзеге асырады;
15) ұйым аумақтық органдар жәненемесе ведомстволық бағынысты ұйымдар мұрағаты қызметкерлерінің біліктіліктерін аттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады;
16) заңды құқықтары мен мүдделері үшін жеке және заңды тұлғаларға олардың сұраныстары бойынша сақтаудағы құжаттар негізінде оларға мұрағаттық анықтамалар (мұрағаттық құжаттардың көшірмесі) беріледі.
Мұрағаттың құқығы
Мұрағат жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін:
1) белгіленген тәртіппен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне, ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне, аумақтық органдардың жәненемесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың мұрағаттарына, өз құзыреті шегінде нұсқау беруге;
2) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен, аумақтық органдар жәненемесе ведомстволық бағынысты ұйымдар мұрағаттарынан оның жұмысы үшін қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы.
Мұрағат құжаттарының құрамы
Мұрағатқа:
1) ұйымның тұрақты, уақытша (10 жылдан астам), уақытша (10 жылға дейінгіні қоса алғандағы) сақталатын іс жүргізуі аяқталған басқарушылық құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттары;
2) алдыңғы ұйым қызметінде пайда болған тұрақты, уақытша (10 жылдан астам), уақытша (10 жылға дейінгіні қоса алғандағы) сақталатын құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттары;
3) ұйым мұрағатының толықтыру көзі болып табылатын өзге ұйымдар қызметінде пайда болған тұрақты, уақытша (10 жылдан астам), уақытша (10 жылға дейінгіні қоса алғандағы) сақталатын құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттары;
4) жеке тектік құжаттары;
5) ұйымның немесе өзге ұйымның қызметінде пайда болған басқа да, соның ішінде ақпаратты дәстүрлі және электрондық тасығыштардағы электронды, дыбыстық-бейне, ғылыми-техникалық құжаттама;
6) құрылымдық бөлімшелерден, сонымен қатар болған жағдайда алдыңғы ұйымдардан келіп түскен құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат және мәлімет базасы;
7) ведомстволық баспа басылымдары келіп түседі.
1. Құжаттарды іріктеу және оларды жоюға хаттау
Құжаттардың құндылығын сараптау қорытындысы бойынша тұрақты, уақытша сақтау және жеке құрам бойынша құжаттардың тізімдемелері, сонымен бірге сақтауға жатпайтын істерді (нарядтарды) жоюға бөлу туралы актілер жасалады.
Істерді (нарядтарды) жоюға іріктеу келесі негізде жүзеге асырылады: сақтау мерзімі көрсетілген ведомстволық құжаттар тізбесі; істер номенклатурасы; қабылдау-өткізу тізімдемесі; ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалардан тұратын істер тізімдемелер; қылмыстық, азаматтық істердің және әкімшілік құқықбұзушылық істер тізімдемелері.
Істерді (нарядтарды) жоюға бөлу қорытындысы актілермен хатталады, ол актілер бекітілген формада екі дана етіп жасалады (1 қосымша).
Қылмыстық, азаматтық істердің және әкімшілік құқықбұзушылық істерді, сонымен бірге үкімдерді орындауға байланысты материалдарды, соттылықты алып тастау туралы материалдар жоюға бастапқыда есептік-статистикалық карточкалар бойынша (әр карточканың жоғары оң жақ бұрышында істі сақтаудың соңғы жылы қойлады), содан кейін белгіленген сақтау мерзімі өтіп кеткен істер іріктеледі.
Жоюға іріктелген қылмыстық және азаматтық істер ішінен тұрақты сақтауға үкімдердің, шешімдердің, қаулылардың түпнұсқалары, сонымен қатар, жоғары тұрған соттардың кейінгі анықтамалары мен қаулылары, қысқартылған істерден істі қысқарту туралы анықтамалар қалдырылады.
Үкімдерге, шешімдерге, қаулыларға, сонымен қатар кейінгі анықтамалар мен жоғары тұрған соттардың қаулыларының түпнұсқаларына олар алынған істің тіркеу нөмірі қойылады.
Қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді, сонымен бірге үкімдердің орындалуына байланысты материалды жоюға бөлу туралы акт жасағанда келесі ережелер сақталуы тиіс:
1) істер актіде жылдар бойынша және тіркеу нөмірінің өсу ретімен орналасады;
2) Істер атауы немесе істердің топтасқан атауы деп аталатын 2 графада іс нөмірі, сотталушының аты-жөні, ҚР Қылмыстық кодексінің бабы, жауапкер мен талапкердің аты жөндері, талап мәні, құқық бұзушының аты-жөні;
3) Уақыты және істің шеткі уақыттары деп аталатан 3 графада істің қаралған жылдары қойылады;
4) актінің соңында міндетті түрде істен үкімдердің, шешімдердің, қаулылардың, сонымен бірге жоғары тұрған соттардың кейінгі анықтамалары мен қаулыларының алынғаны туралы белгі қойылады.
Есептік-статистикалық карточкаларда істің жойылғаны туралы белгі мен актінің жасау уақыты көрсетіледі.
Қылмыстық және азаматтық істермен бірге жоюға ұйымдастыру-өкімдік істер (нарядтар), сонымен бірге, сақтау мерзімі өтіп кеткен үкімнің орындалуына байланысты, соттылықты алып тастау туралы істер, орындау өндірістері, тіркеу кітаптары, журналдар, картотекалар іріктеледі.
Жоғарыда аталған құжаттарды жоюға іріктеу жеке актімен хатталады. Құжаттардың әр тобы актіге Тізбе бабына сәйкес жойылатын нарядтардың істердің, өндірістердің нөмірлерін (индекстерін) көрсете отырып, енгізіледі.
Істер атауы немесе істердің топтасқан атауы деп аталатын 2 графада істердің (наряд), тіркеу кітабтары мен журналдарының атаулары істер номенклатурасы бойынша атауларға сәйкес қойылуы қажет.
Уақыты және істің шеткі уақыттары деп аталатан 3 графада істер (нарядтар), тіркеу кітаптары мен журналдарының басталу жылддары мен іс жүргізумен аяқталған жылдары, орындаушы және басқа өндірістер үшін - олардың іс жүргізуде басталған жылы; сот істері бойынша - оларды қарау жылдары қойылады. Жоюға бөлуге жататын сот істерінің ішінен ары қарай сақтау үшін азаматтардың жеке құжаттары ары қарай сақтауға алынады және жеке іске (нарядқа) орналастырылады, оның өзінің құжаттарының ішкі тізімдемесі болады. Тізімдемеге енгізіледі: құжат иесінің тегі, аты, әкесінің аты, құжат атауы және құжат алынған іс нөмірі, істің қаралуы жылдары, істі жоюға бөлу туралы акт нөмірі мен уақыты. Талап етілмеген жеке құжаттар соттың ведомстволық мұрағатында 50 жыл, еңбек кітапшасы азаматтың бекітілген жалпы зейнет жасына жеткеннен кейін 10 жыл бойы сақталады.
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актіні соттың сараптау комиссиясы тұрақты сақтау істерінің (нарядтарының) тізімдемелері мен жеке құрам бойынша істер тізімдемелерімен бір мезігілде қарайды және мақұлдайды. Мақұлданған актілер тиісті мұрағат мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясына (СТК) тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша істер (нарядтар) тізімдемелерімен бірге қарауға беріледі. Тек мұрағат мекемесі келісім берген соң ғана соттар актіге енгізілген істерді жою құқығына ие болады. Сот істерінің, ұйымдастыру-өкімдік құжаттарынан тұратын істер (нарядтар) жағу жолымен жойылады. Жоюға бөлінген істерді, нарядтарды шаруашылық қажеттіліктерге пайдалануға немесе қағаз қалдықтарын қабылдау орнына өткізуге қатаң тыйым салынады.
1. Істерді (нарядттарды) қалыптастыру және хаттау
Істерді қалыптастыру - бұл орындалған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес іске топтау және іс ішінде құжаттарды жүйелеу.
Ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалардан тұратын істерді (нарядтарды) қалыптастырғанда келесі негізгі талаптарды сақтау қажет:
іске (нарядқа) тек орындалған, істер номенклатурасындағы атауларға сәйкес дұрыс хатталған құжаттар ғана енгізіледі;
бір сұраққа қатысты құжаттар бірге орналастырылады;
бір іске (нарядқа) келесі жылға ауысатын құжаттардан өзге бір күнпарақ жылының құжаттары топтастырлады;
тұрақты және уақытша сақтау құжаттары бөлек істерге (нарядқа) қалыптастырылады;
құжаттың мемлекеттік, орыс және басқа тілдегі нұсқалары бір іске бірге топтастырылады;
қайтаруға жататын құжаттар мен артық даналар, құжаттың жоба жазбасы іске (нарядқа) тігілмейді;
істің қалыңдығы 4 см-ден бет саны 250 парақтан аспауы керек, одан артса істерді жеке томдарға, бөлімдерге бөліп қалыптастырады;
іс (наряд) ішінде құжаттарды сұрақтардың баяндалу ретіне сәйкес (хронологиялық тіртіпте, шешілетін мәселелер бойынша) немесе іс (наряд) басында бастамалық құжатты, содан кейін - жауап, ары қарай - мәселе шешімінің барысын мазмұндайтын басқа құжаттарды орналастыру қажет;
өкімдік құжаттар мен оларға қосымша құжаттар бір іске біріктіріледі;
негізгі іс әрекет бойынша бұйрықтар, жеке құрам бойынша бұйрықтар және қызметкерлердің іссапарлары бойынша бұйрықтар жеке іске қалыптастырылады;
есептер олардың жасалу уақытына қарамастан іс жасалған жылға сәйкес қалыптастырылады;
қызметкерлердің жеке істері хронологиялық ретпен олардың түсуіне сәйкес хронологиялық тәртіппен қалыптастырылады;
еңбекақы бойынша жеке есеп шоттар жеке іске қалыптастырылады және қызметкерлер тегінің алфавиттік ретімен орналастырылады;
жеке еңбек келісім шарттары жеке істер құрамында немесе қызметкерлердің алфавиттік тәртібімен жеке қалыптастырылады;
жеке тұлғалардың тізімдері және зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарнасын аударуға төлемдік тапсырыстар жеке бір іске қалыптастырылады.
Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істері оларды соттың ведомстволық мұрағатына бергенге дейін іс қаралғаннан кейін бірден хатталады. Сот істерінде іске кірістірілген барлық құжаттар тігіледі, нөмірленеді, ішкі тізімдемелері мен куәлендіру жазбасы толтырылады. Сот істеріндегі құжаттар келесі хронологиялық ретпен тігіледі: бірінші сот қарауына дейінгі сот актілері мен хат алмасулар, содан кейін сот қарауы барысында олардың түсу тәртібіне қарай іске кірістірілген құжаттар, сот мәжілісініің хаттамасы мен сот актілері (үкім, шешім, анықтау немесе сот қаулысы). Іс парақтарын нөмірлегеннен кейін іс материалдарының тізімдемесі жасалады, ал қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу органдары жасаған тізімдеме жалғастырылады.
Орындау өндірісін хаттау соттың ведомстволық мұрағатына бергенге дейін іске асырылады. Сот орындаушысы барлық құжаттарды тігуі, нөмірлеуі, куәлендіру жазбасын және ішкі тізімдемені толтыруы қажет.
Сақтау мерзімі өтіп кеткен жоюға бөлуге іріктелген қылмыстық істердің үкімдерінің алынған түпнұсқалары мен кейінгі анықтаулар және қылмыстық істер бойынша жоғары тұрған соттардың қаулылары іске (нарядқа) сақтау мерзімі өтіп кеткен жоюға бөлуге іріктелген азаматтық істер бойынша үкімдердің алынған түпнұсқалары мен кейінгі анықтаулар және азаматтық істер бойынша жоғары тұрған соттардың қаулыларынан бөлек қалыптастырылады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша алынған қаулылар және жоғары тұраған соттардың кейінгі анықтаулары жеке іске (нарядқа) біріктіріледі. Алынған үкімдер, шешімдер, қаулылар нарядқа істердің тіркеу нөмірінің өсу тәртібімен қалыптастырылады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттарда нарядтық бір томына 25 қылмыстық немесе 50 азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерден артық емес алынған құжаттарды орналастырған жөн.
1. Істерді (нарядтарды) тігу, парақтарды нөмірлеу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz