Тері, оның құрлысы, қызметі, гигиенасы



Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады.
Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Тері – сезім мүшесі.
Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің
бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді.
Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТЕРІ, ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ, ҚЫЗМЕТІ, ГИГИЕНАСЫ

Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты,
серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік
береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және
судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған
тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз
ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді
күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып
немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады.
Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы
(термен) е және дененің қызуын сақтауға қатысады.бөлініп отырады.
Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын
бөледі. Тері – сезім мүшесі.
Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан
тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады.
Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің,
газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына
жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш
заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен
қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда
болады.
Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан
әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді.
Терінің
бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен
торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды
сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май
бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық
және серпімділік қасиет береді.
Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені
жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке
талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі
ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш
ағарады.
Тырнақ саусақ басын зақымданудан қорғайды.
Терінің астында май торлары бар. Ол – терінің ең терең жатқан
қабаты. Май торлары ішкі мүшелерді жауып тұрады және оларды әр түрлі
зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды, сондай-ақ энергия
қоры болып табылады.

Терінің маңызы. Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі
қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен
(соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды.
Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей
қорғаныштық қызмет атқарады.
Тері ағзадғы зат алмасу процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу
алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты
ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақтылықты болады. Дене
температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін
физиологиялық процестірді жылу реттелу дейді.
Тері арқылы су мен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы,
азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады.
Тері қанайналым процесінде қанның сақталатын қоймасының да қызыметін
атқарады.Ересек адамның терісінің капилляр қантамырында 1литрдей
қан болады.
Теріде көпдеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған.
Сондықтан тері сезім мүшесінің қызыметінің атқарады. Адам тері арқылы
бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар.(Бұрын өтіп кеткен
витаминдер тақырыбын естеріңе түсіріңдер.) Теріде блатын ерекше заттардан
күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі.
Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу процесі жүреді, яғни оттегін
сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, майжәне сүт
бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді.
Теріде ағзадағы артық май қор ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вегетативтік жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің құрылысы
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Шырышты субөнімдерді тазалау
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Жүйке жүйесінің түрлері
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Сана проблемасының философияда қойылуы
Пәндер