Республиканың мәдени өміріндегі өзгерістер


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

2005 жылдың 1-қаңтарына кітапхана қоры 401. 386 данадан тұрады: кітаптар мерзімді басылымдар, пластинкалар, ноталар, CD-ROM-дар т. б. Жыл сайын 500-ден астам газет-журналдарға жазылады, 2002 жылдан бастап экологиялық басылымның электрондық нұсқасын алады. 50-90 жылдардағы мерзімді басылымдардың қорлары сақталған бірден-бір орын - облыстық кітапхана. Сирек кездесетін кітаптар топтамасын ерекше мақтанышпен айтуға болады. Олар: “Весь Казахстан. Анықтама кітап”(1931), “Азиятская Россия”(М., 1914), Д. Мильтонның “Потерянный и возвращенный рай” Г. Доренің суреттерімен (С. -Пб, 1895), “Введение в географию”(1970), “Остромирово Евангелие” және “Киевская псалтырь” басылымдарының көшірмесі.

Кітапхана жыл сайын 24 мың оқырманға қызмет көрсетіп оларға 500 мың данадан астам басылымдар береді. Кітапханада 12 бөлім мен секторлар оқырмандарға қызмет көрсетеді: абонемент, жалпы оқу залы, халықаралық кітаптар, өнер, өндірістік әдебиеттер, өлкетану, ақпараттық- библиографиялық бөлімдер, мерзімді басылымдар секторы, интернет-класс және т. б.

Н. В. Гоголь атындағы ОҒӘК қалалық кітапхана базасында құрылған, 1938 жылы облыстық статусқа ие болған. Бір жылда кітапхана 2000 оқырманға қызмет көрсететін, оларға 30 мың дана әдебиеттер берген. “1945 жылы Қарағандының кітапханасында 40 мыңнан астам оқырман болған . . . Кітапхана үлкен библиографиялық жұмыстар жүргізеді, өз бетінше білім алушыларға көмек көрсетеді . . . ” (Қаз ССР Халық комисариаты жанындағы мәдени-ағарту бөлімінің баяндау хатынан)
Соғыс аяқталды . . . Қарағандының даму кезеңі . . . Кітапхананың мүмкіндігі артып оқырмандар қатары өсті. Ескі ғимаратқа кітап қоры симайтын болды.
1947 жылы Ленин көшесі №1 үйдің бірінші қабатынан жаңа ғимарат берілді. 1952 жылы кітапхананың қоры 60 данаға жетті. Ғылыми әдебиеттермен толықтырылды. Бұл жылдары кітапхана оқырмандарының қатарында белгілі ғалымдар мен жазушылар болды және олар кітапханада өткізілген әрбір іс-шараларға үзбей қатысып жүрді. Олар: Ж. Бектұров, Д. А. Шаймұханов, А. Н. Тэн, Я. Е. Ламм, Е. Ибраһим т. б. Біздің кітапханада белгілі ірі оқымысты А. Л. Чижевский болған.
60 жылдардың ортасында кітапхана қоры 400 мың данаға жетті, кітапханаға жаңа кең ғимарат қажет. 1969 жылы жергілікті басшылардың қамқорлықтары нәтижесінде кітапханаға Киров көшесі №44 үйге (қазіргі Ерубаев) көшірілді. Бұл жаңалық Қазақстандағы облыстық кітапханалар жұмысына байланысты жаңа ережелердің қабылдануымен, соған сәйкес кітапхана облыстық ғылыми-әмбебап санатына жатқызылуымен тұспа-тұс келді.

70-жылдары кітапхана мәртебесі тек облыс денгейінде ғана емес Республика бойынша өсті. Кітапхана базасында Республикалық семинарлар өтті, осы жылы кітапхана Республикалық озық тәжірибе мектебі дәрежесіне көтерілді. Кітапхана құрылымы кеңейіп әдеттегі бөлімдерге қосымша жаңа бөлімдер ашылды: өнер, шетел әдебиеттері, техникалық және ауылшаруашылық әдебиеттері бөлімдері. Кітапхана облыстағы өлкетану және ауылшаруашылығы туралы әдебиеттерді сақтайтын орынға айналды.
80-жылдары кітапхана маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарына үлес қосты: “Көпшілік кітапханаларындағы кітаптың маңызы”, “Оқырмандар сұранысы және оны қанағаттандыру”. 1990 жылы Ұлттық кітапханамен бірлесіп “Қазақ тілінде кітап шығару” тақырыбына зерттеу жүргізді.
Кітапханада жаңадан мәдениет және өнер туралы ақпарат, өлкетану секторлары ашылды.

Бүгінгі ОҒӘК - бұдан 10 жыл бұрынғы жағдайынан әлдеқайда өзгерді. Бағдарлама және жобалау жұмыстарын жүргізу жаңа ақпараттық технология енгізу, қорды ақпарат тасушы құралдар арқылы құру және ақылы қызмет көрсету кітапхана жұмыстарының негізін қалайды.

Оқырмандарға қызмет көрсеткенде кітапхана мынандай бағдарламаларды басшылыққа алады: “Мемлекеттік тілді қолдау және жетілдіру”, “Қазақ әдебиетінің әлемі”, “Экология - парасаттылық парызы”, “Облыстық кітапхана - өлкетану орталығы”, “Әлемдік көркем мәдениет”. Оқырмандармен тікелей жұмыс жасайтын бөлімдер базасында “Сарыарқа”, “Өлкетану”, “Вива Лингва”, “Әдеби қонақжай” клубтары жұмыс жасайды. 1998 жылдан бері кітапханада ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының Ресурс орталығы жұмыс жасайды, олардың іс-шараларына АҚШ-ғы Әлем Корпусы волонтерлері қатысады.

1997 ж. облыстық кітапхана Қарағанды ОҒӘК автоматтандыру бағдарламасын жасады, оны жүзеге асыру электронды деректер базасын жасауға мүмкіндік берді: электронды каталог, мақалалардың электронды картотекасы, “өлкетану” электронды каталогы. Оқырмандарға қызмет көрсету деңгейі өсті: интернет ресурстарын пайдалану, “Заңгер”, “ҚР Заңдары” ЭДБ, “Британика”, “Қазақстанның музыкалық мұрасы”, “Атамекен” ақпарат дискілері
Бүгінгі күнге CD топтамасы 278 данаға жетті. Олардың ішінде “EBSCO” ДБ, тарих, экология туралы, компьютерлер туралы оқулықтар, Кирилл және Мефодийдың мегаэнциклопедиясы, мультимедия музыкалық дискілері т. б.

2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы облыстық кітапхананың ақпараттық, біліми және мәдени орталық ретінде дамуына серпіліс берді.
Бұл жылдың басты оқиғасы “ОҒӘК автоматтандыру бағдарламасын” және “Интернет-класс” жобасын облыстық бюджеттен қаржыландыру болды. Облыстық кітапхана 22 компьютер, 7 лазер принтерін алды. Ең бастысы Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеінің (РАБИС) толық пакеті сатып алынды. Бұл электрондық деректер базасын жасаудың барлық процестерін автоматтандыруға толық мүмкіндік берді. Қазір кітапханада “кітаптар”, “мақалалар”, “өлкетану”, “экология”, “мерзімді басылым”, “ағылшын кітабы” электронды каталогтар кұрылуда.
2005 жылдың 1-қаңтарына барлық электронды база 110081 библиографиялық жазбадан тұрады. Кітапханада 49 компьютер бар, оның 5 сервер.

2001 жыл - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл - кітапхана үшін ерекше елеулі жыл болды. “Қарағанды - кітапхана астанасы” деп жарияланып, мұнда “Кітапханалар Қазақстан қоғамы дамуының рухани қайнар көзі” тақырыбына Республикалық конференция өтті. Конференция ұйымдастырып өткізудегі белсенді еңбегі үшін облыстық кітапхана ҚР Ұлттық кітапханасының алғыс хатына ие болды. Кітапхана “Қазақстан кітапханаларының кәсіби негізі - ақпараттық ресурстарды құру және ықпалдастыру” секциясын аса ұйымдастырушылық танытып тартымды өткізді. Кітапхананы автоматтандыру жұмысы жалғасуда. Кітапхананы пайдаланушылар үшін Интернет-ресурсына қол жеткізілді - Интернет-класс жұмыс істейді. 2001 жылдың қараша айынан бастап кітапханада “Тіркеу” (“Регистрация”) автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ) орнатылған, яғни оқырмандарды тіркеу, есеп және статистика жұмыстары толықтай автоматтандырылған.

2002 жылдың басты оқиғасы: Қазақстандағы Франция елшілігінің жәрдемімен кітапханада Француз оқу залы ашылды, 128 Кб/сек. жылдамдықпен ADSL технологиясы негізінде Интернетке толық масштабты шығу мүмкіндігіне ие болды, “Сарыарқа: on-line”, “Интернетте Орталық Қазақстан туралы ақпараттық ресурстар” - www. saryarka. freenet. kz сайтын жасауға Халықаралық зерттеу және алмасу советінің (IREX) Интернетке қатынауды кеңейту бағдарламасы грантына ие болды.

Кітапханалық-ақпарат әлеміндегі өзгерістер кітапханалардағы әдістемелік жұмыстарға жаңаша қарауға мүмкіндік берді. 1997 жылдан бастап кітапханада құрылған маркетингтік қызмет өз жемісін беруде: жаңа тартымды кітапхана имиджі қалыптасуда, ішкі және сыртқы жарнама жүйесі қалыптасты. Бұған қала және облыс өміріндегі мәдени көпшілік іс-шаралар да тиімді әсер етеді. Кітапханадағы ақпараттық насихат жұмысының басым бағыты: қазақ әдебиетін, рухани мұра және дәстүрді, кәсіби және халықтық шығармашылықты, Қазақстандық патриотизмді, мемлекетті және оның рәміздерін, өлкетану әдебиеттерін жан-жақты насихаттау, түсіндіру. Кітапханада Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен облыс өміріндегі мерейтойларға арналған көптеген мәдени-әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі: “Оқырманды Қарағанды”, “Оқу мерекесі” т. б.
Аймақтық кітапханалық саясат құру жұмысында облыстық кітапхана бұрынғысынша алдынғы қатарда. Бұл бағытта кітапхананың біраз жетістіктері бар. Мемлекеттік кітапханаларды дамытуға көмек ретінде әдістемелік нұсқау материалдары жасалды, облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, ауыл кітапханаларын автоматтандыруға бағытталған бағдарламалық құжаттар жасалады.
Облыс кітапханашылары үшін облыстық семинарлар мен мерекелер өткізу есте қаларлық оқиға: “Менің кітапханам XXI ғасырда” (2000ж), “Шығармашылық жәрмеңкесі” (2001ж), “Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту” (2001ж) . Рефераттардың облыстық конкурсы (2002ж), облыстық конкурс “Ауыл энциклопедиясы” (2003ж), оқуды қолдау конгресі (2004ж) . Қарағанды облысы мәдениет департаментінің ақпараттық және қаржылай қолдауымен өткізілген облыстағы ОКЖ web-сайттар құру жобасына конкурсы, Облыстық кітапхана ұйымдастырып өткізген «Ауыл кітапханашыларының форумы» (2002ж) нәтижелі болды. Форумда “Жергілікті қоғамдастықта ауыл кітапханасының жаңа бейнесін құру” тақырыбына ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Кітапхана Ассоциациясының Президенті, Евразия Кітапхана Ассамблеясының төрайымы Р. А. Бердіғалиева баяндама жасады.
ОҒӘК облыстағы кітапханалар үшін әдістемелік орталық ретінде өзінің 2003 - 2005 жылдарға арналған жұмысының негізгі мақсаты анықтады:
Ел Президенті Н. Назарбаевтың “Ішкі және сыртқы саясатының 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы”, және “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылдың бағыттары”, “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін”(2004ж), “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”(2005ж) халыққа жолдауларын жүзеге асыруға үлес қосу.
Кітапхана ауыл жылдарында (2003-2005) жүзеге асырылуға тиісті әдістемелік жұмыстарын 4 негізгі бағытта анықтады.
Ауылдағы кітапханалар жүйесін тиімді орналастыру,

Ауыл кітапханаларының қорларын толықтыру және қорды жаңарту, толықтыру мәселелерін шешу;

Кітапханаларды компьютерлендіру, ауыл кітапханаларын облыстың ақпараттық кеңістігіне қосу;

Ауыл кітапханашыларының білімін жетілдіру.
Барлық кітапханалар жұмысын үйлестіріп, әдістемелік жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында Н. В. Гоголь атындағы ОҒӘК ауыл кітапханашыларының форумында айтылған ұсыныстарды ескеріп “Облыстық кітапхана - ауыл кітапханаларының Ресурс Орталығы” бағдарламасын жасады.
2003 жылы облыстық кітапхана “Модельді ауыл кітапханасы” жобасын жасады. Жобаны Қарағанды облысының мәдениет департаменті қолдап облыстық бюджеттен қаржыландырды.

Біздің кітапхана болашақта қандай болмақ? Ең алдымен - оқырмандарға да кітапханашыларға да қолайлы жаңа ғимаратта болады. Өзінің құнды қорымен облыстың, Республиканың, Әлемнің ақпараттық жүйесіне қосылады деп сенеміз.
Кітапхананың болашағы - ең алдымен оның ұжымы. Олар тек кітапханашылар ғана емес, өз жұмысына энциклопедиялық тұрғыда жауап беретін, жаңа компьютерлік технологияны жете меңгерген және оны тиімді пайдалана білетін мамандар. Кітапхана қызметкерлері кітапхана жұмысына жаңалықтар енгізіп, өздерінің кәсіби мамандықтарын жетілдіруде.
Соңғы жылдары кітапхана қызметкерлері халықаралық бірнеше конференциялар мен семинарларға қатысты: “Қрым-98”, “Ыстық көл - 2003”, “Электрондық ресурстар” (Турция - 2004), ИФЛА-ның бас конференциясы (Пекин, 1996ж), (Берлин - 2003ж), Өскемен қаласындағы Жазғы Интернет Мектебі сабағы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Республикалық ғылыми- техникалық кітапхана, Сорос-Қазақстан қоры өткізген семинар-тренингтерге қатысты. Кітапхана директоры Ж. К. Шаймұханбетова АҚШ Мемлекеттік департаментінің “Кітапхана ісін басқару” бағдарламасын бітірген (АҚШ, 2002 ж. ), Гете Институтының (Берлин - 2004ж), Қазақстандағы Франция елшілігінің (Париж, Монпелье, 2004ж) бағдарламаларына қатысты. Француз оқу залының қызметкерлері Францияда (Лион, 2002-2003ж. ж. ) Лингвистикалық және кітапханалық сынаттардан өтті.
Облыстық кітапхана Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық консорциумының мүшесі, ҚР Кітапханалар Ассоциациясының және Қазақстандық Корпоративті каталогтау Орталығының мүшесі. “Кітапханалар үшін Электрондық ақпарат” бағдарламасына қатысады және “EBSCO” ДБ қатынау құқығы бар.
Қарағанды облысында кітапхана ісін жетілдірудегі еңбегі үшін кітапхана директоры Ж. К. Шаймұханбетова Мәдениет, Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігінің “Мәдениет Қайраткері” белгісін иеленді. Халықаралық кітаптар бөлімінің меңгерушісі Ш. С. Баймұрзина “Ерен еңбегі үшін” (2001ж) медалімен марапатталды.
Кітапхананы жетілдіру бөлімінің меңгерушісі Ф. К. Тимершина облыс Әкімінің сыйлығына ие болды (2000ж) . “Евразиялық - Мәдениет пен кітапханалық ресурстар Ықпалдастығы” Республикалық конференциясында “Орал - кітапхана астанасы - 2000ж” республикалық конкурстарға белсене қатысқаны үшін кітапхана Гран-Приге (Бүріккіш принтер) ие болды.
Кітапхана мынандай жұмыстарға келешекте ерекше көңіл бөледі: ақпараттық қызметті терең меңгеру, кітапхананың құжаттық қорын жете толықтыру және оның құрамдас түрін кеңейту, жобалық және бағдарламалық жұмыстарды, Біліми және Әлеуметтік қорғалмаған топтарға қызмет көрсетуді жетілдіру.
Кітапхананың болашағы - оның өткені, кешегісі. Кітапхана өзінің өте бай және сирек кездесетін қорын, рухани ортасы мен өткен жылдарда жинақталған тәжірибесін сақтайды және жақсы дәстүрді жалғастырады.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанатының Қарағанды облысы бойынша төрағасы.

Жаңадан пайда болған кез келген мемлекеттің алғашқы қадамдарының бірі өзінің туын, елтаңбасын және әнұранын бекіту болып табылады. Бұл әр елдің саяси егемендігінің белгісі. Мемлекеттік рәміздерімізде Қазақстан халқының рухани байлығы мен адалдығы, бейбітшілігі мен тазалығы, бірлігі мен арманы, дархандығы мен қырағылығы, дамуы мен биік межелері айқын бейнеленген.

2006 жылы Елбасымызды ұлықтау мерекесінде еліміздің жаңа әнұраны тұңғыш рет шырқалды. Жаңа әнұранымыз ретінде халықтың аузында жүрген, яғни еңбектеген баладан еңкейген ақсақалдарымызға дейін білетін “Менің Қазақстаным” әні таңдап алынуы барша қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды.

Қарағанды жастарын ерекше сезімге бөлейтіні - “Менің Қазақстаным” әнінің өлеңі кеншілердің арасынан шыққан көрнекті ақын ағамыздың туындысы екендігі. Жұмекен Нәжімеденов 1955-1956 жылдары Қарағанды шахталарының бірінде еңбек еткен. Ал ән сөзінің екінші авторы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың да Сарыарқа жерінде 19 жылдай қызмет еткені баршаға мәлім. Міне, бүгінгі таңдағы әнұранымыздың сөздерін жазған екі автор да Қарағанды қаласында жұмыс істегенін біз мақтанышпен айтамыз.

Еліміздің егемендігін баянды ететін, оның нарықтық жолға түсіп, демократиялығын дамытатын негізгі қозғаушы күші - жастар. Бұл жөнінде жастармен кездесуінде ел Президенті Н. Ә. Назарбаев: “Бүгінгі істеп жатқан бағдарламалардың барлығын іске асыратын - жастар” - деп, жастарға үлкен сенім білдірді.

Болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлтына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі - бүгінгі жастардың шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.

Жастар бойына елжандылық, патриоттық сезімдерінің сіңуінде мемлекеттік тілдің алар орны ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай, бұл салада олқы тұстарымыз әлі де көп. Мысалы, кейбір мемлекеттік органдардың хабарландыру тақтайшаларындағы “Аптаның әр сәрсенбі күні қазақ тілінде сөйлеу күні…” деген хабарландыруды оқығанда көңілге кірбің ұялайды. Сонда аптаның қалған алты күнінде қай тілде сөйлеуіміз керек екен деген заңды сұрақ туады ғой… Әр азамат өзінің рухани болмысына аса ыждаһаттықпен, намыспен қарағаны жөн деп ойлаймын. Елбасының “қазақ пен қазақ қазақша сөйлескенде ғана тіліміздің мәртебесі артады” деген сөзімен келісемін.

Патриоттық рух жоғары болған сайын, Қазақстан халқы мықты бола түседі. Сондықтан да шынайы патриотизм демократиялық қоғамның терең дамуымен қалыптасады. Қазақ халқының біртуар перзенті Ж. Молдағалиевтің поэмасының арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес ел болып қалыптасу барысында, бүкіл қазақ “Мен қазақпын” деп мақтана кеуде соққаны рас.

Осындай мақтаныш сезім әр қазақтың бойында болуы керек. Елбасымыз өзінің “Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде былай дейді: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс . . . Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын”.

Отбасында берілген тәрбиенің маңыздылығын ескере отырып, жастарымыздың өз істерінің білікті маманы, ой-парасат жағынан да жан-жақты жарасымды азамат болып қалыптасуына қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар да өзіндік үлес қосуы тиіс. Мемлекетімізді дамыған елу елдің қатарынан көру үшін біздер, жастар, сапалы білім алып, берік саяси сана қалыптастырып, Жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесіне көз жұма қарамай, жастардың бүгінгі проблемаларын жан-жақты зерттеп, олардың бойында өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру - біздің, “Жас Отан” ұйымының, басты міндеттеріміздің бірі деп білеміз.

“Әлем елшілері” бейбітшілік пен достастықты жақтайды

Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай, кеше елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында “Әлем елшілері” І халықаралық съезі өткізілді. Жиынның ұйымдастырылуына “Әлем балалары” халықаралық мәдени орталығы ұйытқы болып, “Ақ Орда” республикалық қозғалысы қолдау көрсетті. Осынау шараға 1500-ге тарта оқушы балалар мен ұлттық мәдени орталықтардың, саяси ұйымдардың өкілдері қатысты. “Қазақстанда балалардың мәдени орталықтарын аз дей алмаймын. Бәріміз шама-шарқымызша жұмыс істеп жатырмыз. “Әлем балалары” Семейде құрылған бірлестік. Біз бүгін еліміздің астанасына келіп, балалардың, яғни “Әлем елшілерінің” І съезін өткізудеміз. Ондағы мақсат - сәби көңілдерде достық, адамгершілік сезімдерін ояту, оларды бейбітшілік рухында тәрбиелеуге ат салысу. Сондықтан жиынға еліміздің барлық қалаларынан, сондай-ақ, ТМД мемлекеттерінен де жеткіншектерді шақырдық”-дейді “Әлем балалары” халықаралық мәдени орталығының үйлестірушісі Елдос Фазылбеков.

Жиынды мәдени орталықтың жетекшісі Камила Исмайлова жүргізіп отырды. Съез барысында Кубаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачо, ЮНЕСКО-ның өкілі Александр Зуев, академик Қазбек Әскенов, Президент Іс басқармасының бөлім меңгерушісі Нұрлан Машықбаев сөз сөйлеп, ой-пікірлерін жеткіншектермен бөлісті десек, еліміздің әртүрлі қалаларынан келген үздік оқитын оқушылар да өздерінің пайымдауларын ортаға салды. Әсіресе Кубаның елшісінің сөзі оларға қатты әсер етті. Өйткені, Тересита ханым жыл сайын Латын Америкасында 18 жасқа толмаған 80 мың баланың зорлық-зомбылықтың құрбаны болып отырғанына, Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінде көрсетілгендей, 5 жасқа толмаған 10 миллион сәбидің жазылмайтын аурулардан қайтыс болатынына, кедей мемлекеттерде өмір есігін ашатын 50 миллион баланың азамат ретінде тіркелмейтініне, балалар трафигі дүниежүзіне 8 миллиардтан көп табыс келтіріп отырғанына қарамастан, Куба мемлекетінде мектепке бармай қалатын, тегін медициналық көмек алмайтын балалардың шын мәнінде жоқ екенін айтты. “Кубада сәби ағзасының трафигі, балалар порнографиясы деген атымен болмайды. Кішкентай балалар жұмыс істеуге мұқтаж емес. Өйткені, мемлекет әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешумен қатар, денсаулық сақтау мен білім беру мәселелерін басты назарда ұстап отыр”-деді ол.

“Әлем елшілері” І халықаралық съезінде “Әлем балалары” халықаралық мәдени орталығының құрылымын бекіту, бірлестіктің бағдарламасына сәйкес негізгі бағыттарда жұмыла әрекет ету және барлық елдердегі балалармен түсіністік қалыптастыру мақсатында Бейбітшілік, Достық және Әріптестік келісіміне қол қою туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ съездің қарары қаралып, оның қабылдануына жиналған барлық балалар қол қойды. “Съезд делегаттары балалардың дамуы балалардың құқығын сақтаумен, шығармашылық және мәдени әлеуеттерін арттырумен тікелей байланысты деп ойлайды. Осындай жиынды жыл сайын өткізу, сөйтіп бүкіләлемнің балаларының басын қосатын бірлестіктер жүйесін құру - тыныштық пен бейбітшіліктің кепілі”-деген жолдар да қарарға мән үстеп тұр.

Жиын біткен соң концерт көрсетіліп, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға сыйлықтар үлестірілді. Съезд соңында еліміздің көптеген қалаларынан, Ресейден келген үздік оқитын шәкірттер бейбітшілік көгершіндерін, шарлар ұшырып, сарай маңына шыршалар егіп, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Айгүл СЕЙІЛОВА.

Партия филиалының босатылған төрағасы сайланды

“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы соңғы уақытта ұйымдық жағынан өсіп, сапалық тұрғыдан нығайып, бекіп келе жатқаны белгілі. Осындай өзгерістер мен ілгерілеушіліктер оның облыстардағы бөлімшелеріне де тән. Атап айтқанда, ендігі жерде партияның облыстық филиалдарының төрағалары қоғамдық негізде емес, кәдімгідей қаражат алып, дербес қызмет атқармақ.

Өткен сәрсенбі күні “Нұр Отан” ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясы өткізілді. Оған осы конференцияға сайланған 128 делегаттың 121-і қатысты. Онда бір ғана мәселе қаралды. Ол - ұйымдық мәселе. “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов партия филиалының босатылған төрағасы қызметіне бұған дейін Қазталов ауданының әкімі болып келген Мәлік Құлшарды ұсынды. Бұдан соң конференция делегаттары мандаттық жүйе бойынша оны қолдап, ашық дауыс берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары
ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
«Қайта құру» кезеңіндегі Республиканың қоғамдық – саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар. Театр мен кино. Спорт
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық- саяси өмірі
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
ҚР-ның Конституциясы
Қазақстан Республикасының конституциясының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz