ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

І НОРМАН ЖАУЛАП АЛУШЫЛЫҒЫНАН КЕЙІНГІ АНГЛИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

1. 1. «Қорқынышты сот кітабы» және Англияның мемлекеттік дамуындағы ерекшеліктер . . . 8

1. 2. Норман жаулап алушылығының нәтижелері . . . 15

ІІ. ХІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АНГЛИЯНЫҢ САЯСИ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2. 1. Тұрақты заң шығарушы ұйым ретіндегі Англия парламентінің қалыптасу процессі . . . 21

2. 2. «Еркіндіктің Ұлы Хартиясы». Барондық олигархияның қалыптасуы . . . 26

2. 3. ХІІІ-ХІҮ ғғ. ағылшын парламенті . . . 34

ІІІ. СОСЛОВИЕЛІК-ӨКІЛЕТТІЛІК МОНАРХИЯ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ

3. 1. Сословиелік-өкілеттілік монархияның Англияның дамуындағы негізгі атқарған функциялары . . . 43

3. 2. Сословиелік-өкілеттілік монархия кезіндегі Англиядағы мемлекет пен құқық . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

ТҮСІНДІРМЕ ТЕРМИНДЕР . . . 57

ХРОНОЛОГИЯ . . . 59

ҚОСЫМШАЛАР . . . 60


КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі Англиядағы феодалдық мемлекеттің қалыптасуы Британ аралдарының герман және скандинавиялық тайпалардың жаулап алуышылықтарымен байланысты. Ағылшын мемлекеті үшін ХІ ғасырдың ортасы оның алдыңғы даму жолында тұйықталған англо-саксондық шеңберден шығып, әлемдік державалардың бірі ретінде танылуында аса маңызды орын алды. Ұлыбритания тарихы мен оның ортағасырлық тарихын зерттеудің өзекті болып табылуы бұл кезеңде болған тарихи оқиғалардың тарихи маңызды болуы мемлекеттің осы кезеңдегі даму үрдісін ашып көрсету арқылы әлемдік держава ретінде танылуына ықпал еткендігілігінің өзектілігін көрсету. Аталған кезеңдегі Англия тарихында аса маңызды оқиғаның бірі 1066 жыл норман герцогы Вильгельмом Жаулап алуышы норман рыцорлары мен өзге де жанкештілерімен Ұлыбританияны жаулап алады. Ұлыбританияда Норман билігінің орнауы оның саяси дамуында үлкен роль ойнайды. Феодалдық бытыраңқылық орын алған ағылшын елі Европаның ешбір континентінде болмаған мықты орталықтанған монархиялық билікті орнатады.

Жаулап алушылар жергілікті шаруалардың шаруашылығын күйзелтуді көздемеді, себебі олар өз өз шаруаларын бұл аймаққа әкелмеді, сондықтан оларға салық жинайтын халық қажет болды. Бірақ жаулап алуышлық шаруаларды басыбайлы болуын тездете түсті, яғни норман жаулап алуышлары келген уақытта басталған феодализмнің толық аяқталуына ықпал етті. Бұл еркін шаруалардың азаюына әкелген еткен нағыз төңкеріс болды. Мемлекеттік құрылымның нығаюына жат елдік басқару билігінің ықпалы зор болды.

Осы кезеңде ағылшын тарихында бірінші рет және жалпы европалық мемлекеттер үшін бұл мүмкін болмаған жайт «Қорқынышты Сот кітабы» Вельгельм Жаулап алушының бұйрығы бойынша жарық көрді. Бұл кітапты зерттеудің маңызды болуы онда сол кезеңдегі ағылшын қоғамындағы экономикалық және саяси жағдайды, елдің дамуы мен табыс көздері, халқының санын анық көруге болады. Бұл ешбір Европалық мемлекет жалпы жер санағын жүзеге асыруды қолға алмайды. Қорқынышты сот кітабы Англиядағы феодалдық қатынасты орнату құралы және феодалдық иерархиялық қағида бойынша сословиелердің орнағандығы мен жердің норман жаулап алушылардың қолына көшкендігін заңдастырған құжат көзін құрады. Сондықтан аталған тарихи жәдігерді зерттау аса маңызды болып табылады.

Сословиелік-өкілеттілік монархияның орнауына негізгі ықпал еткен саяси оқиғаларды диплом жұмысы барысында талдау аса өзекті болып табылады. Олардың қатарына ХІІІ ғасырдағы саяси күрес кезеңіндегі 1215 жыл қақтығыс нәтижесінде Ұлы Еркіндік хартиясының шығуымен аяқталса, 1258-1267 жжыл буржуазиялық тарихнамада «барондлар соғысы» деген атауға ие азамат соғысы және 1297 жыл шағын шиеленістер мен солардың салдарынан болған хартияның заңды Бекітілуін атауға болады. Елдегі әрбір шиеленісті жайттың өзінің арнайы ерекшеліктері болды. 1215 жыл Ұлы Хартия деген атауға ие болған хартияның маңыздылығы, ол өз кезегінде королге қойылған көлемі бойынша тек материалдық жайттармен қатар саяси талаптарды қойған ауқымды құжат болып табылады. Хартия құжат ретінде әлеуметтік саяси күштердің нақты қарым-қатынасын білдіретіндігі мен елдегі саяси тәртіптің тарихи дамуына қаншалықты ықпал еткендігі зерттеу жұмысы барысында қарастыру негізге алынады.

ХІІІ ғ. король саясатына қарсы бірлескен орталық басқару аппараты ретінде барондардың саяси беделінің елде нығаюы үшін күресті. Саяси өмірге араласуға деген ұмтылыс Англияда сословиелердің өзара бірлескендігімен ерекшеленді. Бұл жайт елдегі сословиелік-өклеттілік монархияның орнауына негізгі алғышарттарды қалыптастырды. Ортағасырлық ағылшын парламенті туралы ғылыми зерттеу көздерінде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, ағылшын тарихышлары әдетте өзгеше баяндағанымен ол барлық халықтың мүддесін танытпады. Қала тұрғындарының төменгі табы мен шаруалар онда танылмады. Парламент үнемі шаруаларға қарсы феодалдық саясатты ұстанып, жұмысшыларға қарсы бағытталған қатаң шаруа заңдарын шығарып отырды. Дегенмен парламент ХІІІ-ХҮ ғғ. Англияның саяси дамуында орталықтанған билікті нығайтуға ықпал етіп прогрессивтік роль ойнады. Бұл сословиелік-өкілеттілік монархияны жүргізудің Англиядағы негізгі құралы болды, алғашында парламент корольмен қарама-қарсы саяси ұстанғанымен сословиелік-өкілеттілік монархияның елде түбегейлі орнауымен ол корольмен бірге жұмыс жүргізетін болды. Осы кезеңдегі тарихи оқиғларды, ең алымен саяси әрі әлеуметтік ерекшеліктерді, елдегі құқықтық жағдайда зерттеу үшін парламенттің негізгі функциясы мен оның елдің дамуына әсер ететін факторларын қарастыру өзекті.

Қарастырып отырған кезңде Англияда құқықтық жағдай ерекше жолмен дамыды. Одна құқық көздерінің ішінен сот істері, қылмыстық істер жүргізу, шарт түрлері мен отбасы және мүліктік құқықты реттеу тәсілдері жалпы құқықтық дәстүр, рим құқығы, ерте англосаксондық дәстүрге және канондық құқық бойынша реттелді. Бұл құқықтық жүйелердің дамуы елдегі саяси өзгерістер мен әлеуметтік жағдайға, сословиелік ерекшеліктердің орнауына әсер етті. Сонымен қатар ағлышын тарихы дүние жүзінің дамуында өзіндік ықпал еткен үлкен державалардың бірі болып табылады, ал сословиелік-өкілеттілік монархия оның дамуында өзіндік үлеске ие ірі кезеңді құрайды, сондықтан диплом жұмысы барысында аталған жайттар жан-жақты қарастырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер қарастырып отырған тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын орындау барысында, бүгінге дейін жарық көрген, тақырыпқа тікелей қатысы бар көптеген деректер пайдаланылды. Деректер қорының көпшілігі негізінен алғанда ағылшын тілінде жазылған, және оларды зерттеу жұмысында пайдаланудың өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Дегенмен Англия тарихына қатысты деректердің алғашқы легіне осы кезеңде жазылған «Қорқынышты сот кітабын» («Domesday Book») деп аталды [1] . Онда Англияның барлық жерлері мен халықтың мүлкінің есебі жүргізілді. Тізім ағылшын халқының тікелей патшаға беретін салығын реттеуге міндетті болды. Кітап Генрих ІІ билікке келгенге дейін англо-саксондықтардың астанасы болған Винчестерде сақталған, ол монархияның қазынасын Всетминстерге ауыстырады. Виктория патшайымның кезінде кітап Британ Ұлттық мұражайына ауыстырылады. Ол бірінші рет типографиялық басылымнан 1773 жыл басылады, ал 1986 жыл Оның 900 жылдық мерей тойы қарсаңында Би-Би-Си ағылшын тіліндегі (түпнұсқада «Қорқынышты сот кітабы» латын тілінде жазылған) аудармамен электронды нұсқасын жасап шығарады.

Екінші дерек көзін құрайтын, парламенттің шығармашылық тәжірибесі мен зерттеліп отырған кезеңдегі оның тәжбен қарым-қатынасын сипаттау үшін әртүрлі дерек көздерін қолдану қажет: парламент қаулылары, парламент хроникасы, ХІІ-ХҮ ғғ. Раймермен шығарылған «Foedera conventiones, letterae etc. », өзара жасалған саяси жинақтар мен дипломатиялық құжаттарынан құралды. «Парламентті жүргізу тәртібі» атты анонимдік трактат (Modus tenendi parliamentum) ағылшын ортағасырлық парламенті кезеңіндегі өзіндік қызықты дерек көзін құрайды. Ол ХІҮ ғасырда қолжазба тізімдерінің арасынан табылды, оның бірі француз, ал екіншісі латын тілінде жазылды. Тракт құрылымының жүйелі сипаттамасы, оларды шақыру тәртібі, кеңестің өтуі, парламенттің маңызды функциясы, барлығы да көрсетілген. Парламент жайында трактатта жазылға суреттеулер барлық жағдайда арнайы дерек көздерімен сай келе бермейді, автор парламенттің реформаторы есебінде оның ұүрамы мен ұйымдастырушылығында кейбір жайттарды жетілдіріп, айқын етуге, өзгертуге ұмытлады. Трактаттың анонимді авторы, парламенттің саяси ролінің мықты екендігін көрсетуге ұмтылғандығы сөзсіз. Автордың саяси идеалдары шынайы дүниелермен байланысты болды. Ол аса дәлдікпен сословиелік құрамды, шақыру тәртібін суреттейді. Аталған аударма латын тілінде В. Стеббс құрастырған Англияның конституциялық тарихи құжаттар жинағында жарияланады [2] .

«Вилландар тарихи бойынша кітап» (М. Саламон шығарған) ортағасырлық хроникалардың үзінділері мен әскердің құрамы және т. б. туралы деректер көздерінен құралған [3] . Вилландардың шаруашылық жағдай туралы жүйелі зерттеуге мүмкіндік беретін заң шығару құжаттары мен актілері болып табылады. Олардың ішінде Эдуард І кезінде 1284 жыл жарық көрген Хритлан статутын ерекше атап өтугу болады. Ал өзге заң шығар актілерінен ордонанстарды ерекше атап өтуге болады [4] .

Даффрин Клуид графтығының (1294-1417 гг. ) сот істерінде штрафтар мен төлемдердің, мұрагерлік істер мен мүліктік қылмыстық істерге қатысты тізімдері келтірілді. Бұл жүйелі тізімді зерттеу арқылы ағылшын корольдерінің саясаты туралы сараптама жасауға болады. Бұл құжаттар қазіргі таңда Лондондағы Британ мұражайында сақталған (Public Record Office. London. Special Collections 2. ) .

Маңызды жинақ ретінде атақты заңгер Гленвиланың «Англияның заң мен дәстүрі» (XII в) атты еңбегін атап өткен қажет. Дәл осы секілді маңыздылыққа ие болған белгісіз тұлғаның түрмеде 1290 жыл құрастырған Fletа еңбегі аса құнды құжатты құрады.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған кезеңдегі Ағылшын тарихнамасы ағылшын және ресей ғалымдары тарапынан кең көлемде зерттелген. Жалпы Батыс Европадағы феодализмнің орнауы мен оның дамуы, сословиелік-өкілеттілк монархияның қалыптасуы, Англияның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы әр кезеңде де зерттеліп, ғалымдар назарынан тыс қалмаған.

Қарастырып отарған кезеңдегі феодализмнің орнауы мен алып дерек көзін құрайтын Қорқынышты сот кітабына деген қызығушылық ХҮІІ ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. Тіпті ХҮІ ғ. және ХҮІІ ғ. басындағы атақты тарихшы-антиквар Д. Стоу, У. Кембден, Р. Холиншед және басқалары да өз жұмыстарын жазу барысында бұл дерек көзіне жүгінбеген. Қорқынышты Сот кітабы 1640-1660 жжыл король абсолютизмімен күрес барысндағы революция қарсаңында Эдуард Кок пен Джон Сельден де бұл құжатты зерттамеген. Тіпті бұл тізімді ХҮІІ ғ. саяси жазушы, публицист Р. Коттон да пайдаланбаған. Тек ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ ғасырдағы авторлар ғана тарихи дерек ретінде Қорқынышты сот кітабын пайдаланған. Олардың қатарында архитектор-эрудит, мұрағаттың мамандары мен мұрағат жинаушылар, қолжазба сақтаушылар, құнды деректердің авторлары мен т. б. Р. Бреди, Т. Мэдокс, Р. Стеффенс, У. Сомнер, П. Уэбба болды. Олардың көпшілігі маңызды мемлекеттік мұрағат қорына кіруге мүмкіншіліктері болды. мысалы, Р. Бреди көп уақыт бойы Тауэрдегі мұрағат қорының сақтаушысы болып, сарайдың жақын досы (Карл ІІ мен Яков ІІ сарай дәрігері) саналды. Оның көптеген мұрағат деректерін зерттеудің қорытынсыды ретінде «Введение в английскую историю» [5] еңбегін атап өтуімізге болады. Онда өзге дерек көздерінде кездеспейтін санақ жөніндегі құнды мәліметтерді кездестіруімізге болады.

Т. Мэдокс - атақты заңгер-антиквар, ол норман жаулаушылығы мен ХҮІ ғ. ортасына дейінгі кезіндегі құнда грамоталар мен әртүрлі құжаттарды жинап оларды жариялаған, қазына свиталары жөніндегі латын трактатының авторы, онда аталған санақ жөніндегі мәліметтер келтірілген [6] . 1714 жылдан өмірінің соңына дейін (1727) мэдокс король тарихнамашысы болып, мемлекеттік құнды мұрағат көздерімен жұмыс жасауға мүмкіншіліг болды. Мэдокстың орнына король тарихнамашысы қызметіне Р. Стефенс келді.

Мэдокс Қорқынышты сот кітабы мәліметтерін өзі дүние дүниеден өткеннен кейін жарық көрген «Английские баронства» («Baronia Anglica», 1736) пайдаланды, онда ірі жер иеліктерінің иегерлері феодалдар - сеньор, барон, және өзге де ірі жер иелері жөніндегі жан-жақты дерек көздері қамтылды. Бұған дейін ешбір жазушы мұншалықты көлемдегі 1086 жыл тізім ақпараттарын пайдаланбаған болатын.

Көптеген жылдар бойы мұрағатта болған құжаттарға Уильям Дагдейлде қол жеткізе алды, ол арнайы ығылшын шіркеуінің мұрағатын тексеріп, көптеген жылдар бойы Геральдика Ведосмтвасында жұмыс жасады. Ол 1086 жылғы санаққа және Қорқынышты сот кітабына қатысты құжаттарды жариялады. Өзінің «Древности Уорикшира» атты еңбегінде тізімнен үзінділер жариялайды [7] .

ХҮІІІ ғасырдағы Қорқынышты сот кітабын зерттегендердің қатарында Р. Уэбтың орны ерекше. Ол Кентбери графтығы тізіміндегі маңызды құжаттарға анализ жасайды. Дегенмен Уэбтың ғылыми зерттеу еңбегін тек ХІХ ғасырдың соңында ғана ескерген болатын. Қорқынышты сот кітабын зерттеудегі ерекше кезең 1783 жыл болды. Ағылшын тарихындағы маңызды жариялауды А. Ферлей жүзеге асырғанымен, ол көп жағдайда ескеріле бермеді [8] .

Көптеген тарихшы-ғалымдар өз еңбектерінде Анлия тарихын қамтитын мәліметтерді тоқталып өтеді. Ағылшын сословиелік-өкілеттілік монархиясы мен феодализмінің даму тарихы шетелдік және кеңестік әдебиеттерде сонымен қатар қазіргі таңдағы ғылыми еңбектерде кеңінен зерттелген. Олардың ішінде 1897 жыл жарық көрген Д. Р. Грин «Краткая история английского народа» атап өтуге болады.

Ал жаңа кезеңде жарық көрген зерттеу еңбектеріне келетін болсақ, М. Л. Абрамсон «Крупные города Апулии в XII-XIII вв. » [9], А. К. Дживелегов «Средневековые города в Западной Европе» [10], А. А. Сванидзе «Генезис феодального города в раннесредневековой Европе: проблемы и типология» еңбектерінде [11] осы кезеңдегі қалалардың дамуы мен әлеуметтік ерекшеліктер мен экономикалық жағдай баяндалады. Е. В. Гутнова «Политика королевской власти по отношению к городам и городскому сословию в Англии XIII- начала XIV вв. » және т. б. [12] өзінің зерттеу еңбегінде феодализм мен сословиелік-өкілеттілік монархияның елді дамуындағы ролі мен парламенттің қалыптасы мен оның негізгі функциясы жайында егжей-тегжеілі мәліметті топтастырған жүйелі еңбек болып табылады. Е. В. Кузнецов «Экономическое развитие Англии в XIV-XV вв», «История экономического развития Англии XIV, XV, XVI вв. » [13] еңбегінде Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы тауар-ақша қатынасының дамуына ерекше назар аударғандығымен ерекшеленеді. Я. А. Левицкий «Город и городское ремесло в Англии в X -XII вв», «Город и феодализм в Англии» [14] атты кітабында Англияны норман жаулап алушылығының жүру барысы мен оның нітижесіне және феодализмнің орнауымен қалалардың дамуы барысы мен «Қорқынышты Сот кітабы» туралы зерттеулерді дерек көздері негізінде салыстырмалы талдау жасағандығымен ерекшеленеді.

В. В. Штокмар «Очерки по истории Англии XVI века», «Экономическая политика английского абсолютизма в эпоху его расцвета» [15] еңбегінде сословиелік-өкілеттілік монархиядан абсолюттік монарияға өту кезеңіндегі жағдай мен Англияның құқықтық ерекшеліктері туралы құнды мәліметтер келтірілген. А. Л. Ястребицкая «Западноевропейский город в средние века» [16] деген кітабында Англияға норман жаулаушылығының тигізген әсері мен ондағы шаруашылық түрлерінің дамуы және қалалардың құқытық жағдайы мен шаруашылығы және әлеуметтік-саяси функциясы туралы жан-жақты салыстырмалы талдау жасалады.

Англияның ортағасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде сонымен қатар В. А. Евсеев «Английский город в тюдоровскую эпоху: регионы и города» [17], А. А. Кирилловтың «Ученичество в торговых и ремесленных гильдиях английских городов XIV-XV вв. », «Вопросы социальной и классовой борьбы в английских городах XIV-XVII вв. » [18] А. А. Макаров «Социально-психологический портрет купечества английского города Ковентри XIV в. », «Особенности социально-экономического развития Ковентри XII-XIV вв. » [19], С. П. Марковтың «Йоркская компания купцов-авантюристов и купцы-авантюристы Лондона в XV - начале XVI в. » [20], Т. В. Мосолкиннің «Город Бристоль в XIV-XV веках» [21], Л. П. Репиннің «Городское сословие в Английском парламенте» [22], М. М. Ябровтың «Зарождение отношений в английском городе (Лондон XIV- начала XVI века) » [23] және т. б. Аталған еңбектер осы кезеңдегі қоғамдық жағдайды зерттеуде, және қалалардың елдегі саяси жағдайға ықпал ету барасы мен сословиелік-өкілеттілік монархияның орнауы мен дамуында қандай роль ойнағандығы жөнінде зерттеу жүргізіуге негізгі тірек болады.

Сонымен қатар кеңестік кезеңде жарық көрген зерттеулерге Д. М. Петрушевский «Очерки из истории английского государства и общества в средние века» [24], О. Тьерри «История завоевания Англии и Нормандии» [25], Шарль Пти-Дютайи «Феодальная монархия во Франции и в Англии X-XIII веков» [26], және т. б. еңбектерді ерекше атап өтуге болады.

Шіркеу мен шіркеулік жер иеліктері туралы Т. А. Леоновтың «Рост церковного землевладения в Англии с 1350 по 1377 гг. » [27], Л. Н. Черновтың «Церковь и городская жизнь в Англии XIV-XV вв. » [28] еңбектерінде шіркеу қызметкерлерінің жер иеліктері мен оларды иелену шарттары мен ерекшеліктері туралы баяндалып, феодалдық кезеңде олардың қоғамдағы ролі туралы да аталып өтеді.

Англияның құқықтық жүйесі туралы Черниловский З. М. «Всеобщая история государства и права» [29] атты еңбегінде ортағасырлардаңы заң жүйесі мен сот органдары және сот ісін жүргізу ерекшеліктері жайында тың мәліметтер келтірілген.

Ғылыми жұмыстың методологиялық негізі мен әдістері. Қарастырып отырған мәселені талдау барысында салыстырмалы талдау жасау әдісі кеңінен қолданылады. Осы тұрғыдан алғанда тарихилық принципі негізінде, тарихи құбылыстардың генезисі мен дамуын жүйелі зерттеуді, нақты тарихи дербестіктің сақталуын қажетсінеді.

Зерттеу еңбегін жүйелі жазуда тарихи таным әдістерінің орны ерекше. Біз зерттеп отырған ортағасырдағы жазба деректері мен зерттеу қорының жүйеленген уақыты. Бірақ олардың көпшілігі жеке көзқарас тұрғысынан және де қарама-қайшы көзқарастарға толы жазылған. Міне, осындай аса көп тарихи деректер мен зерттеулер арасынан шынайылығы жоғары деректі сұрыптап алып, оған дұрыс методологиялық талдау жасау оңай емес екені анық. Көптеген тарихи деректер шетел тілдерінде жазылғандықтан олардың арасынан зерттеу нысаны етіп алып отырған мәселеге қатысты деректерді іздеп тауып, жіктеп, дұрыс ғылыми деректемелік (эвристикалық міндет) талдау жасау және осы деректерден шынайы және неғұрлым толық ақпарат алудың, оларды өңдеудің, бағалаудың, сынаудың әдістерін (аналитикалық міндет) игеру арқылы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін толық атқарып шыға аламыз. Диплом жұмысын тұжырымдау және ұсыныстар беру үшін проблемалық-хронологиялық принцип пен құрылымдық-функционалдық, тарихи-логикалық, жүйелілік, салыстырмалық тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысы Англияны норман жаулаушыларының басып кірген уақытынан бастап 1066 жыл (ХІ ғ. екінші жартысы) мен сословиелік-өкілеттілік монархияның орнауы мен дамыған кезеңі ХІҮ ғ. мен абсолюттік монархияға дейінгі аралықты (ХҮ ғ. бірінші жарсын) қамтиді.

Диплом жұмысының мақсаты: Бүгінге дейін отандық тарихи көзқарас негізінде көп қырлары әлі де ашыла қоймаған норман жаулап алуының ағылшын қоғамындағы феодализмнің қалыптасуына ықпалы мен сословиялық өкілеттілік монархия тарихын жан-жақты қарастырып, оның Англияның саяси тарихы мен экономикалық дамуына ықпалын анықтап, әлемдік ірі держава ретінде орнығынуына алғышарт тасап, прогрессивті ықпал еткендігін ышып көрсету болып табылады.

Диплом жұмысының міндеттері: Жоғарыда көрсеткен мақсаттарға сай төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделіп отыр:

- Вельгельм Жаулап алушының Англия жасаған жаулап алу соығысынң елдегі жағдайға ықпал еткендігін анықтау;

- феодалдық иерархия мен жүйенің қалыптасу процессіне зерттеулер мен дерек көздері негізінде талдау жасау;

- Аталған кезңдегі қоғамдағы әлеуметтік құрылымға сараптама жасау;

- Тақырыпқа қатысты дерек көздері мен ғылыми еңбектер негізінде Англия дамуына әсер еткен факторларға оъективті түрде баға беру;

- Англия дамуындағы парламенттің ролі мен негізгі функцияларын ашып көрсету;

- Сословиялық өкілеттілік монархияның орнауы мен оның саяси ролі мен ерекшеліктерін теориялық негізде анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
ХІ-ХІІІ ғасырдағы феодалдық бытыраңқылығы жайлы басты саяси мәселелері
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Орта ғасырдағы Франция
ХІ-ХV ғасырлардағы Англия
Орта ғасырлардағы халық бұқарасының рухани мәдениетінің дамуы мен идеологиясы
Оңтүстік славян елдердің халықаралық қатынастағы рөлі
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz