JPK Corporation ЖШС



І БӨЛІМ "JPK Corporation” ЖШС қызметімен танысу


1. "JPK Corporation” ЖШС есеп саясаты
1.2 Кәсіпорынның қаржы.шаруашылық қызметін талдау

ІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық есебі, аудиті және талдау

2.1 Кәсіпорынның меншіктік капиталын талдау және аудит
2.2 Негізгі құралдардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Инвестиция есебі, талдауы және аудиті
2.4 Тауарлы . материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті
2.5 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
2.6 Дебиторлық борыштардың есебі
2.7 Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті
2.8 Еңбек және оны төлеудің есебі, талдауы және аудиті
Бухгалтерлік есеп әдістемесіне тоқталатын болсақ, негізгі құралдарға кәсіпорынның 40 айлық есептік көрсеткіші асқан еңбек заттары кіреді. Амортизацияланатын және ұзақ мерзімді (1 жылдан асқан) негізгі құралдар жатады. Негізгі құралдың амортизациясын есептеуде бірқалыпты түзу сызықты әдісін пайдаланылады. Еңбек заттарының құны негізгі құралдарға жатпайды, олар ағымдағы кезең шығындарына жатады.
Тауарлық - материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа құн әдісі бойынша жүргізіледі. Тауарлық- материалдық қорлардың есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі.
Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста ағымдағы құны бойынша есептелінеді.
Бухгалтерлік есептегі шетел валютасы операциялары алғашқы көрінісінде қазақстандық тенге де бағаланады , яғни операция жасалған кезден бастап курс бойынша есеп айрысу жүргізіледі.
Алдағы кезең шығындары бұл шығындардың пайда болу кезеңінен бастап жабылады.
Кәсіпорында жүргізілетін бухгалтерлік есеп регисторлары:
- кассалық кітап;
- кассирдің кітабы;
- алғашқы бухгалтерлік құжаттар тіркелетін кітап;
Бухгалтерлік есептегі кәсіпорындағы барлық операциялар компьютерде бухгалтерлік есеп программасымен, яғни 1С Бухгалтерясымен жүзеге асырылады.
- кәсіпорынның шаруашылық операциялар жүргізіледі;
- баскітап
- Айналым қалдық ведомосі;
- Шоттар бойынша айналым қалдық ведомосі;
- Журнал-ордер және шот бойынша ведомосі;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университеті

Макро және микроэкономика

кафедрасы

Есеп беру

Экономика мамандығының студенті Раисов А. өндірістік іс-тәжірбие бойынша

Іс-тәжірибе өткен орын:"JPK Corporation” ЖШС

Оқу орынның іс-тәжірибе жетекшісі: Дуламбаева Р.Т.

Кәсіпорынның іс-тәжірибе жетекшісі:Калибекова Р.М.

Іс-тәжірибені өту кезеңі:
2007 жылдың 28 қаңтарынан

28 наурызға дейін .

Алматы 2007 жыл.

Мазмұны

І БӨЛІМ "JPK Corporation” ЖШС қызметімен танысу

1. "JPK Corporation” ЖШС есеп саясаты
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау

ІІ БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық есебі, аудиті және
талдау

2.1 Кәсіпорынның меншіктік капиталын талдау және аудит
2.2 Негізгі құралдардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Инвестиция есебі, талдауы және аудиті
4. Тауарлы – материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті
5. Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
6. Дебиторлық борыштардың есебі
7. Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті
8. Еңбек және оны төлеудің есебі, талдауы және аудиті

“JPK Corporation” ЖШС есеп саясаты.

Бухгалтерлік есеп әдістемесіне тоқталатын болсақ, негізгі құралдарға
кәсіпорынның 40 айлық есептік көрсеткіші асқан еңбек заттары кіреді.
Амортизацияланатын және ұзақ мерзімді (1 жылдан асқан) негізгі құралдар
жатады. Негізгі құралдың амортизациясын есептеуде бірқалыпты түзу сызықты
әдісін пайдаланылады. Еңбек заттарының құны негізгі құралдарға жатпайды,
олар ағымдағы кезең шығындарына жатады.
Тауарлық - материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа құн
әдісі бойынша жүргізіледі. Тауарлық- материалдық қорлардың есебі
нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі.
Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста
ағымдағы құны бойынша есептелінеді.
Бухгалтерлік есептегі шетел валютасы операциялары алғашқы көрінісінде
қазақстандық тенге де бағаланады , яғни операция жасалған кезден бастап
курс бойынша есеп айрысу жүргізіледі.
Алдағы кезең шығындары бұл шығындардың пайда болу кезеңінен бастап
жабылады.
Кәсіпорында жүргізілетін бухгалтерлік есеп регисторлары:
- кассалық кітап;
- кассирдің кітабы;
- алғашқы бухгалтерлік құжаттар тіркелетін кітап;
Бухгалтерлік есептегі кәсіпорындағы барлық операциялар компьютерде
бухгалтерлік есеп программасымен, яғни 1С Бухгалтерясымен жүзеге
асырылады.
- кәсіпорынның шаруашылық операциялар жүргізіледі;
- баскітап
- Айналым қалдық ведомосі;
- Шоттар бойынша айналым қалдық ведомосі;
- Журнал-ордер және шот бойынша ведомосі;
- Шоттар талдауы;
- Күндер бойынша шоттарды талдау;
- Аналитикалық есеп элементтерінің карточкасы;
- Аналитикалық есеп элементтерінің талдауы;
- және тағы басқалары.
Негізгі құралдар инвентаризациясы жылына бір рет жүргізіледі. Тауарлы-
материалдық қорлар инвентаризациясы жылына бір рет жүргізіледі. Кассадағы
қолма-қол ақша қаражаттары 1 тоқсанда бір рет жүргізіледі. Ал аудиторлық
тексеру жыл сайын жүргізіледі.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау

Техника– экономикалық көрсеткіші
Кесте-1
№ Көрсеткіштер өлшем 2005ж 2006ж Ауытқулар
бірлігі
сомада %
1 2 3 4 5 6 7
1. Өткізуден мың тг.154627285 114053763.87-40573521.25.2
(сатудан) 13
түскен табыс
2. Өнімнің мың 142414829 92904602.36 -49510226.42.7
өзіндік құны тенге 64
3. Жалпы табыс мың 12212456 21149161.51 8936705.5174.3
тенге
4. Кезеңдік мың 9274698 18382913.23 9108215.2925.5
шығындар тенге
5. Салық мың 968188 8892137.7 7923949.7 62.4
алынғанға тенге
дейінгі табыс
6. Табыс салығы мың 0 0 0 0
тенге
7. Таза табыс мың 968188 8892137.7 7923949.7 62.4
тенге
8. Жұмысшылар адам 21 18 -3
саны
9. Негізгі 100399545.1598146943.82 -2253201.365.23
құралдардың мың 3
орташа тенге
жылдық
құны
10.Еңбек тенге 7363204.04 6336320.21 -1026883.841,8
өнімділігі
11.Қор тенге 0.2 0.5 0.3 25.3
қайтарымдылығ
ы
12.Қор тенге 2.5 3.6 0.1 13.5
сыйымдылығы
13.Қор тенге 2569.3 6589.5 4020.2 21.3
Жарақтануы

“JPK Corporation”ЖШС меншікті капиталының: есебі, талдауы және аудиті.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы бұл жаңадан құрылған кәсіпорынның
жасаған қаражаттарынның сомасы. Қортындылай келгенде, жарғылық капитал
дегеніз – ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі, яғни жарғылық қорға
салынатын активтің номиналдық құны. Жарияланған жарғылық капилының
минималды көлемі бес мың минималды есепті көрсеткішін құрайды.
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуі
кәсіпорын үшін маңызды болып табылады. Төленбеген капиталдың есебі 511-ші
Төленбеген капитал шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке
тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлесі бойынша
қарыздарының сомасы туралы ақпарат жиналады. Ол активтік шот болып
табылады . 511 шот тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни табыс табуға
арналған жалған капиталдарды тіркейді. Қайтарылып алынған капиталдың
есебіне тоқталатын болсақ, ол 521 –ші шотта жүргізіледі және де
контрпасситік болып саналады. Акционерлердің меншігіндегі акцияларды
айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден
қайта сатып алынады. Қайта сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша
да , номиналдық құнынан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы
мүмкін. Қайта сатып алынатан акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған
акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы
керек. Қосымша төленген капиталдың есебі акционерлік қоғам өз акцияларын
олардың атаулы бағасынан жоғары бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде
түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Ол 531-ші шотта жүргізіледі . Ал
қосымша төленбеген капиталдың есебіне тоқталатын болсақ, 54-ші шотында
жүргізіледі. 54-ші Қосымша тө-ленбеген капитал бөлімшеснің шоттарында
құнсыздауға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да
активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтардың қозғалысы
туралы ақпарат жинақталады.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және тағы басқа ұйымның
таза табысының есебінен қалыптасатын меншікті капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал кәсіпорының негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға
және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда , дивиденттерді төлеуге
пайдаланады. Резервтік капиталдың есебі 55-ші бас шотта жүргізіледі.
Жиынтық табыстың ( зиянның )есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын
немесе зиянын есепке алу үшін 571 Жиынтық табыс(зиян) шоты пайдаланады.
Егер ұйын табысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіпорынның келтірген
пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті болып саналады. Жыл
ішінде әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар Негізгі қызметтен түскен
табыстар бөлімшесінің 701- шотында, 72-ші Негізгі емес қызметтен түскен
табыс бөлімшесінің 721-727 шоттарында, 80-ші Сатылған тауарлардың
өзіндік құны бөлімші шоттарында, оған 801-ші шоттары кіреді, сондай-ақ
811, 821, 841, 851, 861, 871 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан
алынатын шығыстар жинақталады. 571-ші Жиынтық табыс (зиян) шоты
салыстырушы операциялық шоты болып табылады : онда табыстар (571-шоттың
кредиті) және зияндар (571-шоттың дебеті ) салыстырылады. Табыс 571-шоттың
дебеті бойынша және 561-ші Есепті жылдың бөлінбеген табысы шотының
кредиті бойынша көрініс табады .

“JPK Corporation”ЖШС негізгі құралдың және материалдық емес активтердің:
есебі, талдауы және аудиті.

Негізгі құралдарға кәсіпорынның 40 айлық есептік көрсеткіші асқан
еңбек заттары кіреді. Амортизацияланатын және ұзақ мерзімді (1 жылдан
асқан) негізгі құралдар жатады. Негізгі құралдар дегеніміз – материалдық
және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ
мерзімге қасиетін, қалпын сақтап пайдаланатын материалдық активтер. Негізгі
құралдар субьектінің материалдық-техникалық жарақтану базасын құрудың
негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды
роль атқарады. Қаржылық есептің халықаралық стандартты №16 Негізгі
құралдар сүйенетін болсақ, онды амортизация есептеудің төрт әдістерін
(бірқалыпты түзу сызықты әдісі, амортизацияны орындалған жұмыстардың
көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі, қалдық құнының кему әдісі және
куммулятивті әдіс) келтірген “JPK Corporation” ЖШС негізгі құралдардың
тозуы бірқалыпты түзу сызықты әдісімен есептеледі. Бұл әдіс негізінен үйлер
мен ғимараттарды есептеуде қолданылады. Яғни обьектінің құны,оның қызмет
ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады.
Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығыны
байланысты болып келеді. Негізгі құралдың амортизациясының бірқалыпты әдісі
мына формула бойынша есептелінеді.

Бастапқы құны – жойылу құны

пайдалану мерзімі

Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып
тапшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланады, яғни ол обьектінің
пайдалылығының біртіндеп азайғандығын көрсетеді.
Материалды емес активтер дегеніміз – ереже бойынша ұзақ мерзімді ,
бірақ құны меншік иесіне байланысты болып келеді. Материалды емес активтер
Қаржылық есептің халықаралық стандартының №38 стандартында жүргізіледі.
Мысалы, материалды емес активтер ретінде тауарлық белгілерді, патент,
авторлық құқық, сауда белгілерін, сату құқығы, тауалық белгілерді
пайдалануға , белгілі бір аймақта бизнесті жүргізу , лицензиялар,
технология, формулалар, ұйымдастыру шығындары, НИОКР, гудвилл және тағы
басқалары саналады. Яғни материалды емес активтер ол нақты табиғи нысаны
жоқ және ұстап көруге болмайды активтерді айтамыз. Мысалы , технологиялық
құрал – жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз
ету керек, өткені онсыз құрал- жабдықтар қызмет ете алмайды. Материалды
емес активтер деп-белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, бірақ қандай да бір
бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субьектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт
бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтады. Материалдық емес
активтердің қатарына кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске
алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

1 . Құрылтайшылар мен үлес қосушылырдың кәсіпорының жарғылық қорына қосқан
үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы
екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
2. Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз) сый ретінде
алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша
бағаланады.
3. Басқа кәсіпорындардан, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке
адамдардан сатып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып
алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы
сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Лицензиялық келісімдер - дегеніміз белгілі бір субьектінің немесе
заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құнын екінші бір субьектіге
немесе заңды тұлғаға беру болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған субьекті
оның иесіне яғни лицензиялық келісімдер берушіге ол материалдық емес
активтер үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерде қаржы төлейді немесе
келісім бойыша басқа да міндеттерді орындайды. Ол 101 – шотта жүргізіледі.
Бағдарламамен қамтамасыз ету - деп субьектінің алдағы уақыттарда
атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді
айтады. Ол 102 – шотта жүргізіледі. Ал Патент-дегеніміз жеке адамың
немесе топтың, сондай – ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын
мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе
заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануға рұқсат беру туралы құжат
болып табылады. Ол кәсіпкерліктің кейбір түрімен айналысу үшін берілген
құқықты куәландыратын құжатты айтады. Ұйымдастыру шығындары-
кәсіпорының жаңадан ашу , құру кезінде жұмасалынған шығындар, яғни
субьектіні тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң
органдарына төленген төлемдер, банктерден есепайырысу немесе валюталық,
басқадай шоттар ашу үшін жұмсалынған шығындар, жарнамалар үшін төленген
төлемдер және басқа да жұмсалынған шығындар жатады. Ол 104 – шотта
жүргізіледі. Гудвилл материалды емес активтердің бұл түрін кейде
Фирма бағасы - деп те атайды. Гудвилл немесе Фирма бағасы матералды
емес активтер шотында есептелініп сонымен қатар, ол бір кәсіпорын екінші
бір кәсіпорынын толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады.
Фирма бағасы - болып сатып алынған нақты нарықтық бағасымен оның барлық
активтерінің баланстық құнының арасындағы айырмасы есептелінеді. Егер де
сатып алынған кәсіпорының барлық активтерінің сатылап алынған құны олардың
баланстық құнынан артық болса, онды құн арасындағы айырмашылық жағымды
гудвилл, ал кем болған жағдайда жағымсыз гудвилл деп аталады.

Инвестиция: есебі, талдуы және аудиті.

Қаржылық инвестициялардың есебі 40 “Қаржылық инвестициялар”
бөлімше шоттарында жүргізіледі. Оған 401 Акциялар, 402 Облигациялар,
және 403 Басқа қаржылық инвестициялар шоттары кіреді. 401-403 шоттары
активті, күрделі, негізгі болып бөлінеді. Бұл шоттарды дебетіне қаржылық
салымдар айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю
опрациялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары
жазылады.
Қаржылық инвестициялардң шоттары бойынша талдамалы есеп
инвестициялардың түрлерінің және осы инвестициялар салынған обьектілер
бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдер кіреді. Құнды
қағаздар инвестицияның өтелу құны мен оның сатып алынған құнының
арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе
сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады. Қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы
құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен
есептелінеді. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста
мына жолмен анықталады: сатып алу құнымен , қайта бағалау құны ескерілген
құнымен, сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең төменгі бағасымен
бағаланады. Қысқа мермімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға
аударсақ, онда : олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы
бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құн
бойынша көрсетілген болса ) бағаланады.
Қаржылқ инвестиция келеседей бөлімшелері бар: акция , облигация ,
басқа да қаржылық инвестиция. 401 Акция шотында кәсіпорынның, басқа
кәсіпорындардың банктердің және тағы басқа лардың акцияларын алуға
жұмсалынған сомалары есептелінеді. Акция – акционерлік қоғамның
капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның
иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқығын беретін бағалы
қағаз. Ал облигация дегеніміз – иесіне өз құнынан процент түрінде тұрақты
табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигация барлар эмитенттің
облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация капиталдың бір
түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік
қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге құқысы жоқ.
Облигацияның төмендегі реквизиттері болу керек: аты, фирмалық атауы және
эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет,
кәсіпорын); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигациян
талап етушіге жазылған туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса
пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу мерзімі ; шығарылған орыны мен
күні; сондай – ақ облигацияның сериясы мен нөмірі және қол қою үлгілері.
403- шотта : депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналақ
вексельдер, қазыналық ноталар, қысқа және ұзақ мерзімді берілген зайымдар,
шартты бағалы қағаздар есепке алынады. Депозиттер - бос ақша қаражатының
банктердегі салымдары. Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер
мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелер. Қазыналық векселдер -
мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі , негізінен банктер
арасында номиналдық кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады . Шартты
бағалы қағаздар – бұл опциондар, варанттар, қаржылық фьючерстер , алуға
ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір
кәсіпорын ағымдағы құны бойынша қысқа мерзімді инвестицияларды есепке
алуға құқылы. Қаржылық инвестицияларды табыстылығына байланысты анықтауға
болады. Бірінші : Табыстың тіркелген деңгейі бар облигациялардың құнын
анықтау.
Облигацияның ағымдағы құны тең , жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық
табыстың пайызы (C) бөлеміз (1+k(жабылу мерзіміне дейінгі алынатын
табысына)). Екіншісі: мерзімі шектелмеген облигациялардың ағымдағы құнын
анықтау. Белгіленген проценттік табыстарды мәңгілік төлеп отыру кейбір
мемлекеттердің міндеттемелері болып отырады,. Мысылы , жылына 1 000
теңгелік төлеммен мәңгілік қамтамасыз ететін сатып алдық делік . Егер к
–ның қолданыс таба алатын деңгейі 14%- ті құрайтын болса, онда
облигациянчң нарықтық құны :
Р=1 00014%*100%=7 142 теңгені құрайды. Табыс қолданыс таба алатын деңгейі
өзгерген кезде (табыстылықтың нарақтық деңгейі) облигациялардың құны
өзгереді. Үшінші : акцияның ағымдағы құнын анықтау. Акцияның әрекет ету
мерзімі шектелмейтіндіктен жыл сайынғы алынатын дивидент тұрақты болсын
және оның абсалютті дейгейі Д-ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула
мынандай болады: акцияның құны (Ц) тең , Д-ны бөлеміз пайыздық
мөлшерлемесіне (k).
Инвестицияны қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды
қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек. Ұзақ
мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың үстеме бағасының сомасы меншік
капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның
үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі
болмаса, онда ол шығынға жатқызылады. Бұрын төмендетілген инвестиция құны
осы кездегі инвестицияның үстемесінің есебінен өтеліп , қалған сомасы
меншікті капиталын қосылады. Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның
құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы ұзақ
мерзімді қаржылық инвстицияның азайған құны өзінің бастапқа қалпына
келтірді. Сол қалпына келтірген сома қабылданған есеп саясатына байланысты
табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.

Тауарлы – материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті.

Материалдық құндылықтардың есепке алудың алдында мынандай негізгі міндеттер
тұрады: босалқылар дер кезінде және толық есепке алу; сақтау орындарындағы
жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операциялардың
толық және дер кезінде құжаттау; көлік дайындау шығындары мен дайындалған
құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: көлікті дайындау
шығындарды өндірістік шығындардарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын
бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субьектіге қажет емес
материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың
қалдықтарымен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Материалдық босалқы
қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 20 Материалдар бөлімнің негізгі,
активті мүлікті шоттары пайдаланады. Бұл бөлімшенің құрамына төмендегі
синтетикалық шоттар кіреді: 201 Шикізат пен материалдар, 202 Сатып
алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар , 203 Отын , 204
Ыдыстар және ыдыстық материалдар , 205 Қосалқы бөлшектер , Басқа
материалдар, 207Қайта өңдеуге берілген материалдар , 208 Құрылыс
материалдары. Өнерәсіп өндірістерінде материалдың қорлары өзінің өзіндік
құнынан төмен есептеп шығарылмайды ( сатылаты таза құнына дейін ), егер де
шығарылаты дайын өнімнің оның өзіндік құнына тең немесе жоғары бағаға
сатылады деп күтілетін болса. Егер де ондай мүмкіндік болмаса матерал қоры
сатылатын таза құнына немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін. Сатылатын
таза құнын да, өнімнің өзіндік құнынан төмен бағасы бойынша анықтау үшін
тауарла-материалдық қорларға мынана төмендегі әдістерді қолдануы мүмкін:
Бірінші; баптық әдіс - әрбір тауарлы-материалдық қорлар түрлерінің
баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады. Екінші; негізгі
материалдар тобының әдісі – тауарлы - материалдық қорлар топтарының
баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады. Үшінші; жалпы
запастар деңгейінің әдісі – барлық тауарық-материалық қорлардың баланстық
және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.
Тауарлық - материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа құн
әдісі бойынша жүргізіледі. Тауарлық- материалдық қорлардың есебі
нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі.
Тауарлы-материалдық қорлардың түсін құжатпен рәсімдеу.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға
сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтери рәсімдеп, алушының қолын қойғызып,
қолхат алу арқылы беріледі. № М-2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын ала
нөміленіп №М-3 журналға тіркеледі. Бір қоймаға жататын ТМҚ алынған жағдайда
оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір
сенімхатын беруге болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі,
күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеші қоймадан
тауар алуға тура келсе, онда оған бір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат
беріледі.
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды
есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты
тұлғадан материалдар қоймадан келіп түскен кезде толтырылады.

Ақша қаражатының есебі, талдауы және аудиті.
Барлық кәсіпорын өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті
шоттарында сақтап және міндеттемелер бойынша төлемдерін, әдетте, сол
мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан
Респубикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген
шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың
арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда
олар тек ақшасыз тәртіпте айырылсуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген
мәлімет заңды тұлғалардың арасындаға әрбір мәміле бойынша шартты түрде
пайдаланады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса,
онда төлем ақшасыз тәртіпте орындау керек. Ақша қаражатын сақтау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Калькуляциялау принципі
Кремний фотодиодтың спектралдық ауданын кеңіту
ЖШС Bestam corporation дебиторлық берешек сальдосы
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамытудың стратегиясы
Ұйымда бухгалтерлік қызметті жақсы және жедел жүргізу үшін қолданылатын шаралар
Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның ішкі шаруашылық жоспарлау басқармасы
Сақтандыру ісін ұйымдастыру
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау
Пәндер