Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқару


Мазмұны:
бет
Кiрiспе
- Тарау. Коммерциялық банктердiң несиелiк
портфелiн басқарудың теориялық негiзi
- Коммерциялық банктердiң несиелiк операциялардың мәнi
және жiктелуi 6
- Коммерциялық банктердiң несиелiк операцияларының
банктiң пайдасын құрауда алатын орны 16
- Коммерциялық банктiң несиелiк портфелiн басқару
сипаты және несиелiк портфельдi басқарудың шетелдiк
тәжiрибесiн оқып үйрену 21
- Тарау Қазақстан Республикасындағы екiншi
деңгңйдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқаруына
талдау жасау ("Банк Тұран Әлем" ААҚ банкiсiнiң
материалдарын мысалға ала отырып)
- "Тұран Әлем" ААҚ банкiнiң несиелiк портфелiн басқару
саясаты 27
- Банктiң несиелiк портфелiнiң сапасына баға беру 35
- Қарыз алушының несие қабiлеттiлiгiн бағалау- банктiң
несиелiк портфелiн басқару негiзi 39
- Банктегi кепiлдiң сапасын бағалау тәртiбi 50
Қорытынды 55
Қолданған әдебиеттер 59
Қосымшалар 62
Кiрiспе
Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық өзгерiстердiң негiзгi бағыттарының бiрi - халық шаруашылығы механизмiнде қаржы сферасының алатын орнының өзгеруi. Жоспарлы экономика тұсында ақша - несие ағымдары шаруашылық айналымда айтарлықтай рол атқарған жоқ, тек өндiрiс сферасының жоспарланған мақсаттарын орындауға қажеттi құрал ретiнде ғана қарастырылды. Бiрақ нарықты экономикаға өту жағдайында қаржы ағымдарынын мәнi күрт өзгердi. Нарықты экономика тұсында шаруашылық жүргiзу субъекттiлерiнде қаржы ресурстарының қажеттi мөлшерi қолда болуы немесе болмауы шаруашылық қызыметтiң жүзеге асырылуының негiзiн қалаушы фактор болып табылыды.
Бүгiнгi таңда нарықты экономикада несие - банктiк жүйе ерекше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың, халықтың ақшалай төлемдерi мен есеп айырысуларының аса зор көлемi өтедi; бұл жүйе халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып оны белсендi қызмет ететiн капиталға айналдырады, сонымен бiрге бұл жүйе көптеген қызметтер: несиелiк сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық, т. с. с. көрсетедi.
Қазақстанның нарыққа өтуi көбiнесе несиелiк қатынастар потенциялының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгiнгi таңда бiздiң елiмiзде несиелiк қатынастар бiрқатар өзгерiстерге ұшырап отыр, сонымен бiрге жалпы несиелердiң iшiнде өтiмдiлiгi жоғары қысқа мерзiмдi несие ерекше көзге түседi. Кәсiпкерлер арасында қысқа мерзiмдi несие қызығушылық туғызып отыр: Қазақстан Республикасын банктермен экономиканы қысқа мерзiмдi несиелеу тәжiрибеде қалай жүргiзiледi; қысқа мерзiмдi несиенi алу үшiн мемлекетпен қандай ережелер, нормалар, шектеулер қойылған.
Қазақстанда несиелеу келесi заңдар мен ережелерге сүйенiп жүзеге
асырылып, реттеледi: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" және "Қазақстан Республикасының банктер және банктiк қызметтер туралы" заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзiмдi несиелеу ережелерi" Бұл заңдар мен нормативтi актiлер барлық меншiк формасындағы банктермен қолдануға тиесiлi.
Диплом жұмысының мақсаты коммерциялық банктердiң несиелiк портфельдi басқарудың теориялық негiзiн ашу, сондау-ақ "Банк Тұран Әлем" ААҚ мысалға ала отырып оның несиелiк портфелiн басқарудағы ерекшелiкiн қарастыру
Сол себептен диплом жұмысымда келесi мақсаттар тұр:
- несиелiк операциялар туралы түсiнiк беру;
- несиелiк операциялардың жiктемесiн жасау;
- коммерциялық банктердiң пайдасын құруда несиелiк операциялардың алатын орны;
- коммерциялық банктiң несиелiк портфелiнiң сапасына талдау жасап, оны басқарудың мақсаттарын анықтау;
- несиелiк портфельдiң сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;
- коммерциялық банктердегi несиелiк портфельдi басқарудың шетелдiк тәжiрибесiмен таныстыру;
Диплом жұмысымда жүргiзiлген зерттеу коммерциялық банктерде несиелiк портфельдiң қалыптасу ерекшелiктерiн түсiнуге, жүргiзiлетiн несиелiк операциялардың көлемiн келешекте кеңейту үшiн алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшiн маңыздылығы мен салдарын анықтауға, несиелеу процесiнде туындайтын тәуекелдiлiк деңгейiн төмендету жолдарын ұсынуға мүмкiндiк бередi.
Диплом жұмысым кiрiспе, екi тарау мен қорытынды бөлiмдерiнен тұрады.
Жұмысымның теориялық-әдiс мазмұнын ашуда шетел және отандық экономист ғалымдардың еңбектерiн пайдаландым, оның iшiнде: Лаврушин И. О. "Банковское дело", Сейтқасымов Г. С. "Управление банковской ликвидностью и методика ее анализа" (автореферат) , Калиева Г. Т Коммерческие банки в Казахстане и проблемы обеспечения их стабильности", Рид Э; Коттер Р. "Коммерческие банки", Садвакасов К. К "Управленческий анализ деятельности коммерческого банка", Зейнельгабдин А. Б. "Финансовая политика : экономическое содержание и механизм использования" және т. б сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативтi - құқық актiлерi, ғылыми әдебиет, кезеңдiк басылым материалдары мен жинақтары қолданылды.
Зерттеу жұмысымның объектiсi коммерциялық банктердiң несиелiк портфелi, оның iшiнде ААҚ " Тұран Әлем" банкiсiнiң несиелiк қызметi.
1. Тарау. Тарау. Коммерциялық банктердiң несиелiк портфелiн басқарудың теориялық негiзi
1. 1. Коммерциялық банктердiң несиелiк операциялардың мәнi және жiктелуi
Несиелiк операциялар - ақша қаражаттарын пайдалануғу беру барысында пайда болатын несие мен несие алушы арасындағы қарым - қатынастар 1995 ж. 31. 08 шыққан Қазақстан Республикасының "Банктер мен банктiк қызметтерi туралы № 2444 заңының 34 бабына сәйкес "несиелiк операция-банкпен басқа тұлғаларға мерзiмдiлiк, ақылық және қайтарылымдылық шартымен ақша беру болып табылады. " Банктiң несиелiк немесе ссудалық операциялары банктiң директорлар кеңесiмен (жабық ақционерлiк қоғам болған жағдайда - акционерлерiнiң жалпы жиналысымен) бекiтiлген iшкi несиелiк саясаты туралы ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Iшкi несиелiк саясатты жүзеге асыратын мүше - банктiң несиелiк комитетi. Iшкi несиелiк саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргiзу барысында туындайтын тәуекел дәрежесiн төмендету мақсатында жасалады және келесiлердi анықтайды.
а) заңды және жеке тұлғалардға несие беру шарттарын;
б) лауазымды тұлғаларға және банк қызметкерлерiне несие беру шарттарын;
в) несиелiк комитеттiң ұйымдық құрылымын, қызметтерiн, өкiлеттiлiгiн;
г) несиелiк комитеттiң мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
д) несиелеу шектерiн;
е) несиелiк шарттарды бекiту процедурасын;
Несиелiк қарым - қатынасқа қатысушыларды былайша атайды:
Несие берушi = Кредитор
Несие алушы = Дебитор
Банктың несиелiк операциялары 2 топқа бөлiнедi:
- активтi немесе белсендi, яғни банк ссуда берiп, кредитор ретiнде қатынасқа түссе;
- пассивтi, бұл жағдайда банк басқа банктерден және клиенттерiнен ақша қаражаттарын тартып дебитор ретiнде шықса. Бұдан бiз несиелiк операциялардың екi формасын туындап шығарамыз: ссудалар мен депозиттер
Дегенмен, несиелiк операциялар бұл өте кең ұғым, несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың түрлi формаларының негiзiн қалаушы ұғым.
Нарық қатынастарына өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының маңызды факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiк капитал шеңберiнен шығуға мүмкiндiк берiп, жаңа күш -қуат бередi, өндiрiстiң өркендеуiне экономикалық алғышарттар жасайды.
Несие несие алушының объективтi қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн берiледi.
Несиелiк операциялардың объектiсi- бұл белгiлi бiр зат, құндылық. Бұл затқа деген қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн ссуда берiледi немесе несиелiк мәмiле жасалынады. Бiрақ несиелеу объектiсi ретiнде тек материалды зат, не құндылық қана бола бермейдi, ал сонымен қатар несие алушының қосымша ресурстарға деген де қажеттiлiгi де болуы мүмкiн. Сондықтан несиелеу объектiсi әрi материалды құндылық, әрi жалпы материалды процесс.
Қазақстан Республикасының тәжiрибесiнде банктердiң несиелiк салымдарының негiзгi объектiлерi негiзiнен экономиканың өңдеушi секторларының кәсiпорындарының: жеңiл, тамақ өнеркәсiптерiнiң, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестiң -қысқа мерзiмдi айналым қаражаттары болып табылады.
Несиелеу субъектiлерi - бұл несие алушы ретiнде қатынасқа түсетiн кәсiпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар.
Қазiргi несиелеу жүйесiнiң негiзгi ережелерi келесi қалыпта:
- Несиелеу жүйесi коммерциялық банктiң ресурстарына негiзделедi.
- Несиелiк операциялар коммерциялық сипатқа ие
- Несиелiк салалардың көлемi банк ресурстарына ғана емес, сонымен бiрге мiндеттi резервтер мен экономикалық нормативтерге де байланысты өзгерiп отырады.
- Банктiң несиелiк саясаты келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
- Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететiн несиелердiң формасына өту көзделiп отыр.
- Несиелеу жүйесi келесi принциптерге негiзделiп отыр:мерзiмдiлiк және ақылылық немесе төлемдiлiк, қайтарымдылық пен несиенiң көзделген мақсатқа жұмсау.
- Сонымен бiрге несиелеу моделiн құрастыру үшiн сол несие алушының өндiрiсiнiң экономикасы негiз болу қажет.
Несиелiк саясатты қалыптастырған кезде банктер көптеген
факторларды есепке алу қажет:
- сыртқы факторлар, яғни банк қызметiне тәуелсiз, -инфляция, ссудалық деген ұсыныс пен сұраныс т. б.
- iшкi факторлар, яғни банктердiң жеке қызметiне байланысты, -капиталдың жеткiлiктiлiгi, несиелердiң түрлерiне тиiстi табыстылық пен тәуекелдiлiк деңгейi, депозиттердiң келiп түсу тұрақтылығы, банк қызметкерлерiнiң қабiлеттiлiгi мен мамандану дәрежесi т. б.
Әр банк өзiнiң несиелiк портфелiнiң көлемiн беретiн ссуда мөлшерi
мен түрлерiн жеке өзi анықтайды. Бiрақ та бiр несие алушыға шаққанда берiлетiн несиенiң шектi мөлшерi банк капиталының 25% аспауы керек екенiн есте сақтау қажет.
Несиелiк операциялар банкке табысты ең көп әкелетiн операциялар түрi, сондықтан банктер салымдарының көп бөлiгi несиелiк операцияларға келедi.
Республика экономикасына салған банктердiң несиелiк қаражаттары 1998ж. 58 млрд. теңге, ал 1999ж. - 85, 7млрд. теңге, яғни екi жылды қосып айтсақ 107, 8млрд. теңге. Ал қысқа мерзiмдi несиелердiң үлесi төмендеп 1999ж. -59% болса, орта және ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi 41% өстi. 2000 жылдың 1 наурызына бұл сандар былай өзгерiп отыр: несиелiк салымдар 95, 1млрд. теңгеге дейiн өстi, олардың iшiнде қысқа мерзiмдi несиелер - 56, 1%, яғни орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несиелеу қарқыны күшейе түскенiн байқай аламыз. 1
Банктердiң несиелiк потенциялының динамикасы құрылымдық жағынан ғана емес, сонымен бiрге өсiм қарқынына байланысты да өзгерiс байқалды. Егер 1996ж. банктер 68, 9млрд. теңге мөлшерiнде несие берсе (солардың iшiнде ұзақ мерзiмдi несиелер-1, 5% немесе 1 млрд. теңгеге жуық), ал 1999ж. несиелердiң жалпы көлемi 26, 2млрд. теңгеге өстi (38%), оның iшiнде ұзақ мерзiмдi несиелер 44 есе өстi. Ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында көбiрек, ал қысқа мерзiмдi несиелер- сауда саласында. 1999ж. өзiнде айналым қаражаттары мен негiзгi қорды толтыруға берiлген несиенiң жалпы көлемiнен 69 % жiберiлдi (1 кесте)
1 кесте
Коммерциялық банктердiң экономика салалары
бойынша берген несиелерi, млн. тг *
- Лисак Б. Казахстанские банки на пути перемен // Банки Казахстана № 8, 2000 г.
*Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мәлiметтерiнен
Несиелiк операциялардың көптеген түрлерiн атап көрсетуге болады. Олар төмендегi белгiлерiне қатысты топтарға бөлiнедi: несие алушыға байланысты; қамтамасыз етiлу әдiсiне қарай; несиелеу мерзiмiне қатысты; несиелеу объектiсiне; ашылатын шот түрiне; қаражаттарды беру тәртiбiне; несиенi қайтару тәсiлiне; өсiмақы есептеу және төлеу тәртiбiне; тәуекел дәрежесiне; т. б. байланысты.
Сонымен несиелiк операцияларды жiктеудiң әр бiр белгiсiне тоқталып кетейiк:
Несиелеу объектiсiне (қолдану бағытына) қарай бiздiң елiмiзде несиелердi: 1) мақсатты яғни өндiрiс процесiн қамтамасыз ету үшiн материалды құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын несиелер, сауда -делдалдық операцияларды жүзеге асыру үшiн алынатын несиелер, құрылыс пен тұрғын үй сатып алуға алынған несиелер, айналым құралдарын құрауға алынған несиелер, т. б; 2) нақты мақсаты жоқ, яғни уақытша қажеттiлiктердi қанағаттандыруға алынған қаражаттар.
Дамыған елдер мен Ресей тәжiрибесi көрсеткендей нарық қатынастарының дами түсуiне байланысты несиелiк салымдар құрылымында жаңа несиелеу объектiлерiнiң пайда болуымен айтарлықтай өзгерiстер енуi мүмкiн. Ал бұл өз кезегiнде әрi коммерциялық банктердiң ұйымдық құрылымына, әрi жалпы банк жүйесiне әсерiн тигiзедi.
Несиелiк мәмленiң субъектiлерiне қатысты несиелер төмендегiдей бөлiнедi:
а) кредиторға байланысты:
- бактiк ссудалар, яғни жекелеген банкпен немесе банктiк консорциумдармен, бiрлестiктермен берiлетiн ссудалар. Мұндай ссудаларды консорциалды несиелер деп те атайды;
- банктiк емес несиелiк ұйымдармен берiлетiн ссудалар, яғни ломбардтар, несиелiк коперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, т. б. беретiн несиелер.
- жеке ссудалар, яғни мұндай несиелер жеке тұлғаларға берiледi.
- кәсiпорындар мен ұйымдар беретiн ссудалар (сауда ұйымдарының халыққа беретiн төлемi кейiнге қалдырылған несиелер, т. с. с) ;
б) несие алушыға байланысты:
- заңды тұлғаларға берiлетiн несиелер;
- жеке тұлғаларға берiлетiн несиелер;
Салалық белгiсiне қарай несиелер өндiрiс саласына, ауыл
шаруашылық, сауда, көлiк, байланыс, т. с. с. салаларына бөлiнген несие болып жiктелiнедi.
Несиелеу мерзiмiне байланысты:
- қысқа мерзiмдi несиелер (1 күн - 1 жыл)
- орта мерзiмдi несиелер (1 жыл - 3-5 жыл)
- ұзақ мерзiмдi несиелер (3-5 жылдан жоғары)
Бүгiнгi таңда республикамыздағы экономикалық жағдайдың
тұрақсыздығына байланысты несиелердiң мерзiмiне қарай жiктелiнуi шартты сипатта ғана. Банктер несие берген кезде оларды қысқа мерзiмдi (1ж. дейiн) және ұзақ мерзiмдi (1 жылдан жоғары) етiп бөледi. Қысқа мерзiмдi белгiлi бiр мерзiмге дейiн (1ж. аралығында берiлген) және талап еткенге дейiнгi, яғни бұл несие түрiнiң нақты қайтару уақыты белгiленбеген және банк оны қайтаруды кез-келген уақытта талап етуi мүмкiн. Әрине қысқа мерзiмдi несиенiң бұл түрiн алған несие алушы салыстырмалы өтiмдiлiгi өте жоғары тұлға, әрi оның активтерi тез арада қолма-қол ақшаға айналдырылуы мүмкiн.
Ашылатын ссудалық шотына қатынасты несиелер ссудалық
шоттардан берiлетiн және арнайы ссудалық шоттрадан , яғни банк алдындағы клиенттiң жалпы берешегiнiң мөлшерiн ескеретiн, берiлетiн болып бөлiнедi.
Қамтамасыз етiлуiне байланысты ссудалар бланктiк (қамтамасыз
етiлмеген) және қамтамасыз етiлген(кепiл, кепiлдiк, кепiлдеме, сақтандыру полистерi) . Банктiң қамтамасыз етiлген несиелердi таңдаудың негiзгi себебi-бұл несие алушының несиенi уақтылы және толық мөлшерде өтей алмау салдарынан шығынға ұшырау тәуекелдiлiгiнен өзiн сақтап қалу. Кепiл несиенiң өтелуiн қамтамасыз етпесе де, тәуекелдiлiк деңгейiн төмендетедi.
Өтелу кестесiне қарай ссудалар бiр жолғы төлеммен өтелетiн және төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар болып жiктелiнедi. Бiр жолғы төлеммен өтелетiн несиелердiң ерекшелiгi сонда, олар бойынша қарыздың негiзгi сомасы мен өсiмақы сомасы бiр-ақ төлеммен өтеледi.
Ал төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар төменде көрсетiлген әдiстермен өтелiнедi: 1) ай сайын, тоқсан сайын, жылда бiр рет, т. с. с. бiрдей төлемдермен өтелiнетiн қарыздар; 2) ай сайын, тоқсан сайын, жылына бiр рет, т. с. с. бiрдей емес төлемдермен өтелiнетiн қарыз;
Төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудаларды берген кезде шарттың өз күшiн сақтау мерзiмi аралығында қарыз сомасы бөлшек-бөлшекпен өтелiнiп отырады. Бұл қарызды өтеу тәртiбi әрi несие алушы, әрi несие берушi үшiн ыңғайлы. Банктiң несиелiк ресурстары босап, несие айналымы арта түседi, бұл өз кезегiнде банк өтемдiлiгiн көтередi.
Сонымен бiрге ссудалар жеңiлдiктерi бар өтелу кезеңi мен жеңiлдiктерi жоқ өтелу кезеңдерi болып бөлiнедi.
Өсiмақы төлеу әдiсiне байланысты ссудаларды келесiдей жiктейдi: ссуданы берген мезгiлде өсiмақы мөлшерiн алып қалу; несиенiң өтелуi кезiнде төленетiн өсiмақыны ссудалар және өсiмақысы бiрдей бөлiктермен ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бiр рет төленiп отыратын ссудалар.
Сонымен бiрге аннунитеттi төлемдi ссудалар, яғни қарыздың негiзгi бөлiгi мен өсiмақы мөлшерi бiр-ақ төлеммен өтелiнетiн ссудалар, туралы да ұғым бар.
Қаражаттардың айналымдылық сипатына байланысты ссудалар келесi түрлерге бөлiнедi;
а) маусымды және маусымды емес,
б) револьвердi, ролловердi. Револьвердi несиелердiң қатарына несиелiк
картолар немесе овердрафт, контокорренттi несие, т. б. формасында
берiлетiн несиелер жатады.
Мысалы, АҚШ-та тұтынушылық несиелер үш топқа бөлiнген: төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар, револьвердi және бiр жолғы төлемдi ссудалар.
Төлемi кейiнгiге қалдырылған несиелер бойынша негiзгi қарыз сомасы мен өсiмақы мөлшерi белгiлi бiр уақыт аралығында тең бөлiктермен төленiп отырады. Бұл несиенiң түрi көп жағдайда тауарды сатып алуға немесе т. б. шығындарды жабуға берiледi. Несиелiк карточкалар мен овердрафт формасындағы несиелердi де бұл несиенiң түрiне жатқызуға болады, себебi бұл несие формаларында берiлген ссудалар бойынша төлемдер ай сайын жүрiп отырады.
Төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудаларды өтеу мерзiмi АҚШ-та 2-5 жыл аралығында жатыр. Бұл несиенiң түрi негiзiнен шағын сомада берiледi, бiрақ несиелеу объектiсiне бағасы 100 мың. долл. асатын автомобильдер де, самолеттер де, яхталар да, т. с. с. жатуы мүмкiн 1
Револьвердi ссудаға қарағанда төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар қамтамасыз етiлген несиелер қатарына жатады. Сонымен қатар төлемi кейiнгiге қалдырылған несиелер банктiк ссуданың тiкелей немесе жанама несиелеу формасында берiлуi мүмкiн. Тiкелей несиелеу кезiнде банк пен несие алушы арасында несиелiк шарт жасалынады. Ал жанама несиелеу тұсында банк пен клиенттiң арасындағы несиелiк қатынастарда делдалдық болуы шарт. Делдал ретiнде көбiнесе бөлшек суда саласының кәсiпорындары қатысады. Несиелiк шарт бұл жағдайда клиентпен банктен кейiн ссуда алатын дүкен арасында жасалады. Қазiргi кездегi американдықтар автомобиль сатып алуға берiлетiн ссудалық қарыздардың 60 % жанама несиелеу формасында болып отырғандығы несиенiң бұл формасының дамыған елдер экономикасында кең тарағандығының куәсi 2
1 Романюк Д. В. Моделирование кредитно-депозитной политики банка. Дис. к. э. н. Алматы
1998г. с 83
2 Романюк Д. В. Моделирование кредитно-депозитной политики банка. Дис к. э. н. Алматы
1998г. с 84
Бiздiң елiмiзде несиенiң бұл формасы дами қойған жоқ. Бiрақ
халықты сауда ұйымдары арқылы несиелеу соңғы жылдары өрiс алып отыр.
Сатып алушылардың жоғары бағалы тауарларды (автомобильдер,
тозаңғыштар, кiр жуу машиналары, компьютерлер және т. б. ұзақ мерзiм пайдаланылатын заттар) төлемiн кейiнге қалдырып сатып алған жағдайлары жиi-жиi бұқара ақпарат құралдарынан жарияланып жүр.
Тiкелей және жанама банктiк несиелердiң өзiндiк артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Тiкелей несиелеудiң жанама формасына қарағанда артықшылықтарына тоқталатын болсақ-бұл несиелiк процесстi ұйымдастыру ыңғайлылығы, ал бұл өз кезегiнде несиелеу объектiсiн нақты бағалауға, берiлген несиенiң көзделген мақсатқа жұмсалды ма, жоқ па, несиенiң уақтылы қайтарымдылығын қамтамасыз ететiн бақылауды ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Мiне осының бәрi банк пен клиент арасындағы несиелiк қатынастарды дұрыс ұйымдастыруға өз әсерiн тигiзедi. Ал банк позициясы тұрғысынан тiкелей несиелеудiң кемшiлiктерiн атап айтсақ-тiкелей несиелуе формасы екiншiсiне қарағанда жоғары тәуекел деңгейiне ие болып отыр. Себебi бiздiң елiмiздегi несиелеу тәжiрибесi кейбiр қиыншылықтарға соқ болып отыр.
а) ссуданы берер алдында клиенттiң несие қабiлеттiлiгiне терең талдауды әр бiр банк жасай бермейдi;
б) клиенттiң несие қабiлеттiлiгiне талдау жасау әдiстемелiк негiздерi тәжiрибенiң талаптарына сай келе бермейдi;
в) несиенiң қайтарымдылығын қамтамасыз етуге берiлген кепiл көп жағдайларда нақты бағасынан әлдеқайда жоғары бағамен есепке алынады.
Екiншi жағынан, елiмiздегi макроэкономикалық жағдай (экономикалық, әлеуметтiк тұрақсыздық, инфляция деңгейiнiң қарқындары, саяси жағдайдың шиеленiсуi, т. с. с. ) да несиелiк процесстiң ұйымдастырылуына керi ықпалын тигiзедi.
Жанама несиелеуге келетiн болса, несиелеудiң бұл түрi банктерге несиелiк, проценттiк, валюталық, нарықтық, т. б. тәуекел түрлерiнiң деңгейiн қысқартуға мүмкiндiк бередi, себебi, мысалы, заңды тұлғаларға(яғни сауда ұйымдарына, кәсiпорындарына, фирмаларына, үйлерiне, т. б) берiлетiн несиелер несие алушының (заңды тұлғаның) несие қабiлеттiлiгiн нақты анықтауға, несиенiң толық және уақытында өтелiнетiнi туралы мүмкiндiктердi, сонымен қатар несиенiң өтелу процессiн толық бақылап отыруға жол ашады. Клиент тарапынан да бiрқатар артықшылықтар бар:
а) оның несиеге деген қажеттiлiгi туа салып қанағаттандырылады (ол сауда ұйымынан ұзақ мерзiм пайдаланылатын затты несиелiк карточкалар арқылы сатып алу мүмкiндiгiне ие) ;
б) несие сұрап банкке баруға қажеттiлiк жоқ және т. с. с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz