ҚР-ның сот жүйесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ
1.1. Сот билігінің конституциялық негіздері ... ... ... ... .. 4
1.2. Сот билігінің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. ҚР.ның СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Сот жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2. Судьялардың мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІ. СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ АРТТЫРУ
3.1. Әділ соттың конституциялық принциптері ... ... ... ... 22
3.2. «ҚР.ғы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі»
туралы Конституциялық заңның маңызы ... ... ... ... ... .. 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

«Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды» .
Тәуелсіз сот билігі – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Заң үстемдік ететін құқықтық мемлекетті орнықтыруға жәрдемдесу – сот төрелігі органдарының негізгі міндетін қысқаша осылай тұжырымдауға болады. Сот жүйесі түбірлі өзгерістер жүзеге асып жатқан жауапты кезеңді бастан кешіріп жатқан қазіргі кезде мұның өзі ерекше және өзекті мәселе болып табылады.
Соттардың мемлекеттік биліктің өз алдына бөлек тармағы ретінде қалыптасуын біз реформаның басты нәтижелерінің бірі деп есептейміз. Соттардың басты мақсаты – азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның сақталуын және республика заңдарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Және де бүгінгі таңда азаматтардың құқықтары сот арқылы әділ қорғалатындығы жөніндегі сенімді өз бойында қалыптастыруы өте маңызды. Сондықтан да біз сот-құқық саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа өзгерістердің түпкі нәтижесі қоғамның реформаға негіз етіп алған идеяларды қалай қабылдайтындығына және оларды қолдайтындығына байланысты екенін айқын түсінеміз. Осы мән-жайдың өзі біздің интернетте өз бетімізді ашу туралы шешім қабылдауымызға түрткі болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.
Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты сот билігінің биліктің бөлек тармағы ретінде қоғамда атқаратын қызметін жан-жақты қарастру.

1. Қазақстан Республикасьшьщ Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулермен толықтырулар еңгізу туралы»
2. "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған Конституциялық Заң
3. "Қазақстан Республикасьшың құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 22 қаңтардағы 2001 жылғы Жарлығы// Егемен Қазақстан, 2001. 23 каңтар. № 14.
4. "Сот приставы туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған 1997 жылғы 7 шілде № 150 қабылданған ҚР Заңы
5. Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жинағы. – Алматы, ЮРИСТ, 2003
6. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары. Алматы: САНАТ, 1995
7. Алиев, М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органы: Оқу құралы/ Алиев, М.М..-Астана Атамұра,2004.-403б.
8. Баянов Е. Қазақстан Республикасың мемлекеті мен құқықының негіздері: Оқулық.-Алматы: 2003.-691 бет
9. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері: Оқулық құрал/Табанов С.А..-Алматы,2001.-277б.
10. Акуев Н. Халық пен мемлекет мүддесі //Егемен Казақстан, 1996. 30 тамыз.
11. Сапарғалиев Ғ. С. Казақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Өзгерістер мен толықгырулар енгізілген 2-басылым. Алматы: Атамұра, 1998. 168-бет.
12. Мәми Қ. Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдері. Астана: 2003 – 264 бет
13. Қаржаубаев Е.Қ. Сот және сот төрелігі. Оқу құраы. – Алматы: 2004 жыл – 160 бет

Сот билігінің конституциялық негіздері. КУРСОВАЯ
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. ҚазақстанНЫҢ сот билігіНІҢ маңызы
1.1. Сот билігінің конституциялық негіздері ... ... ... ... .. 4
1.2. Сот билігінің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. ҚР-ның СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ құрылуы МЕН
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Сот жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2. Судьялардың мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІ. Сот әділдігінің тиімділігінің арттыру
3.1. Әділ соттың конституциялық принциптері ... ... ... ... 22
3.2. ҚР-ғы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Конституциялық заңның маңызы ... ... ... ... ... .. 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Кіріспе
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге
де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды[1].
Тәуелсіз сот билігі – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Заң
үстемдік ететін құқықтық мемлекетті орнықтыруға жәрдемдесу – сот төрелігі
органдарының негізгі міндетін қысқаша осылай тұжырымдауға болады. Сот
жүйесі түбірлі өзгерістер жүзеге асып жатқан жауапты кезеңді бастан кешіріп
жатқан қазіргі кезде мұның өзі ерекше және өзекті мәселе болып табылады.
Соттардың мемлекеттік биліктің өз алдына бөлек тармағы ретінде
қалыптасуын біз реформаның басты нәтижелерінің бірі деп есептейміз.
Соттардың басты мақсаты – азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның сақталуын және
республика заңдарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Және де
бүгінгі таңда азаматтардың құқықтары сот арқылы әділ қорғалатындығы
жөніндегі сенімді өз бойында қалыптастыруы өте маңызды. Сондықтан да біз
сот-құқық саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа өзгерістердің түпкі
нәтижесі қоғамның реформаға негіз етіп алған идеяларды қалай
қабылдайтындығына және оларды қолдайтындығына байланысты екенін айқын
түсінеміз. Осы мән-жайдың өзі біздің интернетте өз бетімізді ашу туралы
шешім қабылдауымызға түрткі болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер
Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту
айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.
Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына
қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,
заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты сот билігінің биліктің бөлек
тармағы ретінде қоғамда атқаратын қызметін жан-жақты қарастру.
І. ҚазақстанНЫҢ сот билігі
1.1. Сот билігінің конституциялық негіздері
Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика
атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін
Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілерді негізге
ала отырып, шешуді мақсат тұтады., халықаралық шарттардың орындалуын
қамтамасыз ету үшін құрылады.
Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа
мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің,
әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте "Қазақстан
Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы"
Жарлық қабылдады.
Президентке облыстық және ондайларға теңестірілген соттардың
төрағаларын тағайындау бойынша конституциялық өкілеттік берілген.
Парламент, заң шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін,
оның қызмет принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың
мәртебесін, олардың істерді қарастыру тәртібін және т.б. белгілейді.
Мемлекеттік биліктің бір – тармағы ретінде сот билігінде біртұтас
мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар:
1) оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді;
2) оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады;
3) сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде
қабылдануға тиіс;
4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды
тұлғалар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті;
5) сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Биліктің ерекше – тармағы ретінде сот билігінде белгілі бір өзіндік
ерекшелікті белгілері бар.
Сот билігінің айрықшалығы өзіндік белгісі. Ешбір басқа билік
тармағының — заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әділ сотты
жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның75-
бабында "Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге
асырады" деп жазылған. Осы конституциялық қағиданы дамыта отырып, 2001
жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен
судьяларының мәртебесі туралы"
Сот өндірісі тәртібінде қарастыруға жататын жолдауларды, арыздар мен
шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды не өзге тұлғалар қарастыра
немесе бақылауына ала алмайды.
Заңи бейхабарлығының арқасында азаматтардың сотқа емес, басқа
мемлекеттік органдарға жүгініп, олардың құзыретіне жатпайтын мәселелер
жүктейтіні сирек емес.
Даулы мәселелер тек сот арқылы шешіле алады. Өз бетімен, заңдар
белгілеген тәртіпке қарсы өзінің басқа тұлға немесе ұйым даулайтын,
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не болмаса
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян
келтірген іс жүзіндегі немесе жорамал құқығын жүзеге асыру қылмыс болып
мойындалады.
Сот билігінің елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше
санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимі болып
табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған,
жоғары заң мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жыл
жұмыс стажы және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады
(79-бап). Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны
көрсетіледі. Осындай косымша талаптар "Сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы" Заң белгіленеді.
Судьялардың қызмет режимінің ерекшеліктері олардың тәуелсіздігі және
тек Конституция мен заңға ғана бағыныштылығы сияқты конституциялық
қағидалардан көрінеді. Заң судьялардың ауыспайтындығы мен қол
сұғылмайтындығын белгілейді. Олардың істеріне қол сұғылмауын белгілей
отырып судьяларды қорғау қажеттілігі күмән туғызбайды.
Сенімді соттар туралы ерекше айту керек. 1998 жылғы қазанда Қазақстан
Республикасының Конституциясына "Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот
ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады" (75-бап)
деген жаңа қағида енгізілді. Осындай жаңашылдық сот қызметін
демократияландыру туралы қоғамдық пікірді ескерудің нәтижесі болып
табылады.
Сот билігінің өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың ерекше
жүйесі болып табылады. Әділ сотты жүзеге асыра отырып, соттар Конституция
мен заңға ғана бағынатын болғандықтан, заң шығарушы, сондай-ақ атқарушы
биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыруға құқығы
жоқ. Соттардың қызметін бақылау соттық қадағалау арқылы және прокурорлық
қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен
тұрған соттар қарастырған істерді қарастырады.
Соттарды прокурорлық қадағалауға келетін болсақ - Конституция әділ
сотты жүзеге асыру мақсатында соттардың тәуелсіздігін бекітеді. Республика
аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтары мен өзге де нормативтік
актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын бақылайды. Басқаша айтқанда,
прокуратура соттар жергілікті жағдайларға орай үйлесімдікті заңдылыққа
қарсы қоймас үшін оларды қадағалайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің біртұтас құрылысын
ескерумен ерекше сот жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
елдің соттарының жиынтығы болып табылады. Қазақстанның сот жүйесі азаматтық
шаруашылық, әкімшілік және қылмыстық істерді қарастыруды жүзеге асыратын
жалпы заңдық хұкім соттары сот мекемелерінің біртұтас жүйесінен тұрады.
Олар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соттар, аудандық
(қалалық) халық соттары. Жалпы соттар жүйесіне әскери соттар кіреді. (1
сұқба)
1-сұқба. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
ҚР Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы
сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң күшіне ие
Жарлық қабылдады. Ол бес жыл қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан
тұруында оң рөлін атқарды. Қоғамдык реалиялар сот жүйесін Конституцияда
негізі қаланған идеялардын, негізінде және оларға сәйкес одан әрі жетілдіру
қажеттігін алға тартты. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты
соттар туралы заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда "Қазақстан
Республикасынның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Заң
қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны
одан әрі дамыту болып табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті
тармақтарға бөлу конституциялык принципін анағұрлым толық және дәйекті іске
асыруға, тежегіштер мен карсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың
өзара әрекетін күшейтуге бағытталған. ҚР әділ сотын тек Конституцияда
аталған сот органдары — сот алқалары, жеке дара судьялар жүзеге асыратын
болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы
берілмейді.
ҚР сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес
құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы
Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің
біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:
Конституцияда, "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлык, соттар мен
судьялар үшін ортақ әділ сот принциптері белгіленген.
Сотбилігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сот
өндірісі нысандарында жүзеге асырылады.
Барлық соттар Конституциянын, 4-бабында айтылатын Қазақстан
Республикасының колданыстағы құқығын қолданады.
Конституция және "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
конституциялык, заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті.
Заңды күшіне енген сот кесімдері (шешімдер, үкімдер және т.б.)
республиканың бүкіл аумағында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар,
қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер
және басқалары үшін орындауға міндетті.
Барлық соттар тек республикалык. бюджеттен қаржыландырылады. Бұл бір
жағынан сот жүйесінің біртұтастығын нығайтады, ал екінші жағынан — сот
билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоқка
шығарады.
1.2. Сот билігінің атқаратын қызметі
Сот билігінің құқықтық негіздері Конституцияда бекітілген маңызды
функциялардың бірқатарын атқарып отыр. Ол функциялар сот билігін
біріншіден, мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде, екіншіден,
мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына қатысты тежегіштер мен қарсы
салмақтардың ерекше тетігі бар мемлекеттік органдар жүйесі ретінде;
үшіншіден өзінің қызметін өзіндік ерекшелікті принциптердің, нысандар мен
әдістердің негізінде жүзеге асырушы мемлекеттік билік ретінде; төртіншіден,
әділ сотты жүзеге асырушы органдар ретінде сипаттайды.
Сот билігінің қызметтері (міндеттері) бойынша мына принциптерді бөлуге
болады: 1) әділ сот; 2) Конституциялық бақылау; 3) заңдар мен өзге де
нормативтік заңдарға түсінік беру; 4) үкімдердің және өзге де сот
шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және т.с.с. Конституциялық-құқықтық
принциптердің көпшілігі, ең алдымен, әділ сотсаласына қатысты.
Қазақстандағы сот билігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын
тежеу мен шектеу, олардың қызметін құқықтық бақылау функциясын атқарады.
Бұл функция әділ сотты жүзеге асыруға арналған сот билігінің мәнінің өзінен
туындайды.
Әділ сот мағынасы барлық азаматтардың, барлық мемлекеттік органдардың
жоғарғыдан төменгісіне дейін, барлық мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінің
құқыққа, құқықтық ережелерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған қызмет
болып табылады.
Әділ сот жайлы тек сот билігінде мемлекеттік органдардың қызметін де
қолданыстағы құқықтұрғысынан бағалауға құқықтық мүмкіндігі болғанда ғана
айтуға болады. Қарастырылып отырған функция біріншіден, соттар қолданылатын
құқықтық нормаларды Конституция нормаларымен тексеріп отыруға тиіс
екендігінен көрінеді.
Соттар, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қандай орган
қабылдағанына қарамай егер олар Конституцияға қайшы келсе, қолданбауға
тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясында егер сот қолдануға жататын
қандайда бір заң немесе өзге нормативтік құқықтық акт адамның және
азаматтың Конституция бекіткен құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасайтынын көрсе, онда ол іс бойынша өндірісті тоқтатуға және осы актіні
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске
жолдануға міндетті. Осы құқық барлық соттарға, жергілікті, сондай-ақ
Жоғарғы Сотқа берілген және іс жүзінде олар осы құқықты парламенттің,
сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер қабылдау өкілеттігі берілген басқа
да мемлекеттік органдардың конституциялық емес норма шығарушылығын тежеу
тетігі ретінде пайдаланады.
Конституция қорғайтын, демек сот органдары қызметінің саласына жататын
мемлекеттің төмендегідей мүдделері туралы айтуға болады:
Біріншіден, соттар мемлекет қызметінің қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық, бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық
патриотизм, мемлекет өмірінің осы демократиялық әдістері сияқты негіз
қалаушы принциптерін қорғауға тиіс. Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық
заңдар аталған принциптерге қастандық етуші тұлғаларға қатысты қолданылатын
шараларды көздейді. Бұл Конституцияның ұлтаралық татулықты бұзатын кез-
келген әрекет конституциялық емес деп танылады деген 39-бабына негізделген.
Екіншіден, соттар Республиканың егемендігін қорғауға тиіс. Ішкі және
сыртқы егемендіктер болады. Демек, Республиканың егемендігіне қысым
көрсетуге бағытталған ішкі, сондай-ақ сырттай акциялар орын алуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда осындай акциялар соттың қарастыруына жатуы мүмкін.
Үшіншіден, мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын кұруға жол
берілмейді. Бірде-бір заңда саяси партиялар ұйымдары мемлекеттік органдарда
құрылған болса оларды тарату туралы мәселені қалай шешу керектігі
керсетілмейді. Осы мәселені шешудің екі тәсілі бар деп пайымдаймын:
1) әкімшілік
2) соттық.
Осы мәселе айрықша маңызды болғандықтан, оны егжей–тегжейлі реттеу
керек.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік
меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп жазылған.
Азаматтық, қылмыстық заңдардың елеулі кемшіліктерінің бірі мемлекеттік
меншіктің толық келемде қорғалмайтыны болып табылады. Мемлекеттік меншікті
жекешелендіру барысында атқарушы органдардың басшыларының мемлекеттік
меншікті жеке меншікке заңды бұзуын табыстаған көптеген жағдайлар орын
алды. Жеке тұлғалар адал сатып алушылар болып танылғандықтан объектілер
олардың иелігінде қалды. Мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттері
сатып алу-сату шарттарын бұзуға негіз болып танылмайды. Соттар мемлекеттік
меншікті тең қорғау туралы конституциялық ережеге назар аудармайды, өйткені
оларға тек азаматтардың құқықтарын корғау туралы сөз болғанда ғана
Конституциялық Кеңеске жолдану құқығы берілген.
Бесіншіден, Конституцияда мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол
сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп жазылған. Қоғамдық
бірлестіктердің, жергілікті органдардың тарапынан Қазақстан аумағының
тұтастығын, иеліктен айырылмаушылығын бұзуға бағытталған акциялар,
шешімдер, әрекеттер және т.б. орын алуы мүмкін.
Алтыншыдан, Конституция белгілеген Республиканың біртұтастығы,
президенттік басқару нысаны өзгертіле алмайды. Мемлекеттік құрылыстың
біртұтастық нысанын өзгертуге біраз талпыныстар болды. Ондай талпыныстар
нормативтік құқықтық актілер нысанында (жергілікті органдардың, жергілікті
референдумдардың шешімдері) болуы мүмкін.
Сот билігінің маңызды, тіпті басты функциясы әділ сотты жүзеге асыру
болып табылады. Соттардың Конституция мен заңдар белгілеген өкілеттіктері
оларға құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мен дамыту бойынша
міндеттерді шешуге қабілетті дербес мемлекеттік билік қасиетін береді. Сот
қоғамдық өмірдің құқықпен реттелетін кез-келген саласында қоғамның
жекелеген мүшелерінің арасында, олар мен мемлекеттің, оның органдарының
арасында қақтығыстар туындаған жағдайда төрелік функциясын жүзеге асыруға
арналған.
Осындай төреліктің негізі Конституция, заң болып табылады, оларға
сәйкес сот әрекеттердің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзушылықтың орын алғаны жайлы кінаратталаптардың заңдылығы немесе
заңсыздығы туралы шешім шығарады.
Сот мемлекеттің атынан нақты қылмыстық, азаматтық, әкімшілік,
шаруашылық істер мен дауларды қарастырады. Сот билігі Конституцияның,
заңдардың, өзге нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық
шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға таралады.
Кейбір зерттеушілер сот билігінің азаматтардың Конституциялық және
өзге салалық құқық субъектілігін шектеу сияқты функциясы да бар деп
есептейді.[2] Бұл функция алдыңғы функцияның заңды жалғасы болып табылады.
Азаматтардың құқық субъектілігін шектеу заңдарға қатаң сәйкестікте
жүргізіледі. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуді
көздейді.
Сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заңды қолдану
кезінде бүкіл елдің аумағында әрекет ететін тиісті конституциялық
ережелерге сүйенуге тиіс. Егер сот қолданылатын нормативтік құқықтық
актілердің конституциялылығын тексермейтін болса, онда сот конституцияға
қарсы шешім шығаруы мүмкін. Конституциялық Кенес Қазақ, КСР Кодексінің
жауапкершілікке тартылатын тұлғаның істі қарастыруға міндетті түрде
қатысуын, және шақыру бойынша келуден бұлтарған жағдайда мәжбүрлеп
келтіруді көздейтін 261-бабының үшінші бөлімі адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететіні туралы қаулы қабылдады.[3]
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды.
Конституцияда әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сот арқылы
қорғалады деп тура көрсетілген.
ІІ. Қазақстан Республикасынның СОТ ЖҮЙЕСІ МЕН СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Сот жүйесі

тұруында оң рөлін атқарды.
Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның
жобасын әзірледі.[4] 2000 жылғы 25 желтоқсанда "Қазақстан Республикасынның
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Заң қабылданды. Аталмыш
заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту болып
табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу
конституциялық принципін анағұрлым толық және дәйекті іске асыруға,
тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара
әрекетін күшейтуге бағытталған.
ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары — сот алқалары,
жеке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық
мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.

Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық соттар мен

Сот билігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сот

Республикасының қолданыстағы құқығын қолданады.
Конституция және "Сот жуйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
конституциялық заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті.
Занды күшіне енген сот кесімдері (шешімдер, үкімдер және т.б.)

Барлық соттар тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл бір

билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа
шығарады.
Аудандық және оларга теңестірілген соттар жергілікті соттарға жатады.
Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот-әскери
гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке толмағандардың істері
бойынша және басқа соттар теңестіріледі. Аудандық және оларға теңестірілген
соттарды (әрі қарай — аудандық соттар) уәкілетті органның ұсынуы бойынша
Президент түзеді, қайта ұйымдастырады және таратады. Ұсыну Жоғарғы Соттың
Төрағасымен келісіледі. Президент бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде
бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктерде бірнеше аудандық
сот түзе алады. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын да сондай-ақ
Президент уәкілетті органның ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір аудандық сот
үшін судьялар санын атал-мыш сот төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті
орган белгілейді.
Аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша
аудандық сотта бір судья көзделген болса, онда ол осы сот төрағасының
өкілеттіктерін жүзеге асырады.
Аудандық сот бірінші инстанция соты болып табылады және оған соттық
бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын қарастырады, сот
статистикасын жүргізеді, заң көздеген басқа өкілеттіктерді жүзеге
асырады.[5] Аудандық соттың төрағасына белгілі бір міндеттер: сот
судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастыру, сот кеңселігіне жалпы
басшылық, етуді жүзеге асыру, азаматтарды қабылдау жүргізу, судья
лауазымына кандидаттардың сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету секілді
және басқа міндеттері бар.
Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады. Облыстық
соттарға республика астанасының қалалық соты, қалалық, республикалық
мәндегі қаланың соттары, мамандандырылған соттар (Республика әскерлерінің
әскери соты және басқалары) теңестіріледі. Облыстық және оларға
теңестірілген соттарды (әрі қарай — облыстық соттар) уәкілетті органның
ұсынуы бойынша Республика Президенті түзеді, қайта ұйым-дастырады және
таратады. Осындай ұсыну Жоғарғы Соттың Торағасымен келісіледі. Облыстық
соттар судьяларының жалпы санын да сондай-ақ Президент уәкілетті органның
ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір облыстық сот үшін судьялар санын аталмыш сот
төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Облыстық сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық соттың органдары:
қадағалау алқасы;
азаматтық істер алқасы;
қылмыстық істер алқасы;
соттың пленарлық отырысы болып табылады.
Занда облыстық сот екінші инстанция соты болып табылады деп атап
айтылмайды, ол өзіне соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен
материалдарын қарастырады деп көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚР ҚІЖК) облыстық соттардың соттық
бағыныштылығы көзделеді. К.Р КДЖК 397-бабында аудандық және оларға
теңестірілген соттардың үкімдеріне апелляция немесе кассация тәртібінде
облыстық және оған теңестірілген соттарға шағым немесе қарсылық беріле
алады деп жазылған. Демек, облыстық сот апелляциялық, сондай-ақ кассациялық
инстанция болып табылады. Заң көздеген жағдайларда облыстық сот бірінші
инстанция соты ретінде істерді қарастыра алады. Бұл облыстық соттың
ерекшеліктерінің бірі. Оның келесі бір ерекшелігі сот практикасын
зерделейтіні және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша облыстың соттары әділ
сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін қарастырады. Облыстық
соттың өкілеттіктерінің үшінші ерекшелігі облыс соттарының әкімгерлерін
кұруға байланысты. Облыстық сот облыс соттары әкімгерлерінің қызметін
бақылауды жүзеге асырады.
Жоғарыда аталғандай, облыстық, соттың жанында органдары — облыстық
соттың азаматтық істер алқасы мен қылмыстық, істер алқасы бар, оларға алқа
төрағалары басшылық етеді. Облыстық соттың қадағалау алқасына сот төрағасы
басшылық етеді. ҚР Конституциясына сәйкес, облыстық және оларға
теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағаларын республиканың Жоғарғы
Сот Кеңесінің ұсыныстамасы бойынша республика Президенті сайлайды (2тармак,
82бет). Әрбір алқадағы судьялардың саны сот төрағасының ұсынуы бойынша
пленарлық отырыста белгіленеді. Алқалардың мүшелерін қалыптастыру
рәсімдерінде өзгешеліктер бар. Қадағалау алқасы жыл сайын пленарлық
отырыста судьялардың жалпы санының дауыстарының көпшілігімен қүпия дауыс
беру арқылы сайланатын аталмыш облыстық соттың судьяларынан тұрады. Ал
азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасының дербес құрамын
облыстық соттың төрағасы соттың пленарлық отырысында талқылаудан кейін
белгілейді. Облыстық соттың төрағасы осы екі алқаның мамандандырылған
құрамдарын құра алады.
Облыстық соттың төрағасы мен алқалардың төрағаларына ерекше
өкілеттіктер берілген. Облыстық соттың төрағасы әділ сотты жүзеге асырады
және облыстық соттың жұмысын ұйымдастырады. Судья ретінде төраға алқаларда
сот істерін қарастыруға төрағалық етуге құқылы. Облыстық соттың төрағасы
ретінде төраға сот судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастырады,
қадағалау алқасына басшылық, етеді, облыстық, сот-тың пленарлық отырыстарын
шақырады,оларға төрағалық етеді, сот статистикасын жүргізуді, сот
практикасын зерделеуді қамамасыз етеді, азаматтарды жеке қабылдауды
жүргізеді, алқалардың төрағалары мен облыстық соттың судьяларына, аудандық
соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік өндірістер қозғайды,
заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алқа төрағалары да сондай-ақ судьяның және алқаның жұмысын
ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады. Судьялар ретінде олар
алқалардың отырыстарында төрағалық етеді. Басшылар ретінде олар алқа
судьяларының сот істерін қарастыруын қамтамасыз етеді, сот төрағасына
мамандандырылған құрамды алқалардын құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар
енгізеді, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстық соттың жанында негізінен ұйымдастырушылық сипаттағы ерекше
өкілеттіктер берілген облыстық соттың пленарлық отырысы функцияларын
атқарады. Облыстық соттың пленарлық отырыстары қажеттілікке орай, бірақ кем
дегенде бір жылда екі рет өткізіледі. Пленарлық отырыстың жұмыс тәртібі
оның өзі бекіткен регламентпен айқындалады. Пленарлық отырыстар алқаның
сандық құрамын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар
сайлайды, алқалардың төрағаларының ақпаратын тыңдайды, сот практикасын
талқылайды және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша облыстың соттары әділ
сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін және басқа да мәселелерді
қарастырады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы құзырлы соттардың
қарауына жататын азаматтық қылмыстық және өзге де істер жөніндегі жоғары
сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың
қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша
түсініктемелер беріп отырады. (81-бап).
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты келесі
функцияларды жүзеге асырады:
1) бірінші инстанция сотының;
2) кассациялық инстанцияның;
3) апелляциялық инстанцияның функциялары.
ҚР ҚІЖК 292-бабында Жоғарғы Сот бірінші инстанция соты ретінде қандай
қылмыстық, істерді қарастыруға құқылы екені көзделген. ҚР ҚІЖК 397-бабында
Жоғарғы Соттың апелляциялық және кассациялық инстанция соты ретіндегі
өкілеттіктері көзделген.
Жоғарғы Сот сот практикасын зерделейді және оны жалпыландыру
нәтижелері бойынша республика соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты
сақтау мәселелерін қарастырады. Жоғарғы Сот қолданыстағы құқықты
қалыптастыруға белсенді ат салысатын субъектілердің бірі болып табылады.
Конституцияның 4-бабында Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқына
республиканың Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары да кіреді деп жазылған.
Конституцияның 81-бабында Жоғарғы Соттың сот практикасының мәселелері
жөнінде түсініктемелер беретіні көзделген. Ал "Сот жүйесі мен судьялардың
мәртебесі туралы" Заңның 17-бабының 2- тармағының 3тармақшасында Жоғарғы
Сот "сот практикасында заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде түсініктемелер
береді" делінеді, бұл біздің пікірімізше, Жоғарғы Соттың Конституция
көздеген өкілеттіктерін тарылтады. "Қолдану" заңды іске асыру нысандарының
бірі болып табылады. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының талдамасынан
көріп отырғанымыздай, оларда заңнаманы сот практикасында іске асыру
мәселелері бойынша кең мағынада түсініктемелер беріледі.[6]
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Соттың Төрағасының ұсынуы
бойынша Президент белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы;
азамат-тык, істер алқасы; қьілмыстық істер алқасы; соттың пленарлық отырысы
болып табылады. Азаматтық істер алқасы мен қыл-мыстық, істер алқасына алқа
төрағалары, ал қадағалау алқасына — Жоғарғы Соттың Төрағасы басшылық етеді.
Әрбір алқадағы судьялардың саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуы бойынша
пленарлық отырыста белгіленеді.
Қадағалау алқасы жыл сайын пленарлық отырыста судьялардың жалпы
санының дауыстарының көпшілігімен кұпия дауыс беру арқылы сайланатын
аталмыш Жоғарғы Соттын судьяларынан тұрады. Азаматтық істер алқасы мен
қылмыстық істер алқасы кандидатуралары соттың пленарлық отырысында
талқыланатын және Жоғарғы Соттың Төрағасы тағайындайтын судьялардан тұрады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы аталған алқалардың мамандандырылған құрамдарын құра
алады.
Заң Жоғарғы Соттың Төрағасына және алқа төрағаларына белгілі бір
өкілеттіктер береді. Жоғарғы Соттың Төрағасы судьяның және Жоғарғы Соттың
басшысының функцияларын атқарады. Жоғарғы Соттың Төрағасы қадағалау
алқасына басшылық етеді, азаматтық істер бойынша алқада және қылмыстық
істер бойынша алқада сот істері қарастырылатын кезде төра-ғалық етуге
құқылы. Басшы ретінде, Жоғарғы Сотгың Төрағасы Жоғарғы Соттың пленарлық
отырыстарын шақырады, алқалардың жұмысын үйлестіреді, азаматтарды жеке
қабылдауды жүргізеді, басқа жұмыстар атқарады. "Ішкі" функциялардан басқа,
Жоғарғы Соттың Төрағасы "сыртқы" функциялар атқарады. ҚР Жоғарғы Сотының
Төрағасы мемлекеттік биліктің басқа тармақтарының органдарымен және
халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда республиканың сот жүйесінің
мүдделерін білдіреді. Заң Жоғарғы Соттың Төрағасының Қазақстан
Республикасының Президентімен қарым-қатынастары туралы қағидаларды
көздейді.
Жоғарғы Соттың Төрағасы республика Президентіне:
1) уәкілетті органның басшысының кандидатурасын ұсынады;
2) заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3)судьяларды мемлекеттік белгілермен марапаттау және оларға құрметті
атақтар беру туралы ұсыныстамалар енгізеді.
Алқа төрағалары судьялардың функцияларын атқарады. Сонымен қатар олар
ұйымдастырушылық, жұмыс атқарады, алқалардың сот отырыстарында төрағалық
етеді, Жоғарғы Соттың Пленарлық отырысында қарастыру үшін судьялардың
тиісті құжаттар дайындауын қамтамасыз етеді, Пленарлық отырысқа алқалардың
қызметі жайлы ақпарат береді, басқа өкілеттіктерді және т.б. атқарады.
Пленарлық отырыстың мүшелері Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағалары,
Жоғарғы Соттың барлық мүшелері болып табылады, сондықтан Пленарлық отырыс
Жоғарғы Соттың атынан маңызды мәселелерді шешеді. Олардын, қатарына
төмендегі мәселелер жатады:
сот практикасын зерделеу және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша
республика соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін
қарастыру;
сот практикасында заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша
түсініктемелер беретін нормативтік қаулы қабылдау және басқа мәселелер.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы" Конституциялық заңда мамандандырылған соттар құру мүмкіндігі
көзделген. Осы қағиданы негізге ала отырып, Президент 2001 жылғы 16
каңтарда "Алматы және Қарағанды қалаларында экономикалық соттар түзу
туралы" Жарлық шығарды.[7] Алматы және Қарағанды қалаларында экономикалық
дауларды қарастыруға уәкілетті мамандандырылған ауданаралық экономикалық
соттар түзілді. Мамандандырылған экономикалық соттар түзудің негізгі
мақсаты отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды
мүдделерін неғұрлым толық қорғауға жәрдемдесуге ұмтылыс болып табылады. Бұл
экономиканы дамытуға қолайлы ықпал етуге тиіс. Президент 2001 жылғы маусым
айында судьялардың 3-съезінде атап өткендей, Алматы және Қарағанды
қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарды құру "Сот
жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
Конституциялық заңның идеяларын іске асыруда бірінші қадам болып
табылады. Ол соттарды Алматы және Қарағанды калаларында құрудың себебі,
аталған қалалар неғұрлым дамыған экономикасы және инфрақұрылымы бар
аймақтар болып табылады. Бұл соттар эксперимент түрінде құрылған, егер олар
оң нәтижелер көрсетсе, онда осы секілді соттар барлық облыс орталықтарында
құрылатын болады.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға оларға қолданыстағы
заңнаманың тиісті қағидаларын тарата отырып, аудандық (қалалық) соттың
мәртебесі берілген.
Сонымен, Республиканың сот жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылы "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі
туралы" № 2694 Жарлығына сәйкес 1996 жылдың 24 мамырындағы № 3004
"Қазақстан Республикасы соттары және судьяларын аттестациялау Ережесі
негізінде 1996 жыдцың 3 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Республика
келемінде сайланған және тағайындалған судьялар бекітілген тәртіп бойынша
аттестациядан өткізілді.
2.2. Судьялардың мәртебесі
ҚР Конституциясында судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын бір
қатар құқықтық нормалар бар. Оларға төмендегілер жатады:
1) судьялардың Конституция мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі;
2) судьялардың қол сұғылмаушылығы (иммунитет);
3) судьялар үшін саяси, жас және білім шектелімдері;
4) судья лауазымының негізгі қызметтің және жұмыстың кейбір түрлерімен
сыйыспаушылығы;
5) судьяларды материалдық-тұрғын үймен қамтамасыздығы;
6) судьялардың тағайындалмалығы (сайланбалығы);
7) судьялар заң қолданған кезде басшылыққа алуға тиіс принциптер (77,
79, 80, 82-баптар).
Конституциялық қағидаларға орай, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
25 желтоқсандағы "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
Конституциялық заңында "Судьялардың мәртебесі" деген арнайы бөлім бар.
Судьялардың мәртебесі үш беліктен тұрады. Бірінші бөлік — төмендегі сәттер
кіретін судьялардың құқықтық жағдайы болып табылады.
Барлық соттардың судьялары біртұтас мәртебеге ие және өзара тек
өкілеттіктерімен ғана өзгешеленеді. Судьялардың өкілеттіктерінің
өзгешеліктері олардың, лауазымдық жағдайынан және түрлі сот буындарында —
аудандық, облыстық және Жоғарғы Соттағы жұмысынан туындайды. Барлық
судьялар әділ сотты жүзеге асырады, тұрақты негізде өздерінің міндеттерін
атқарады және сот билігінің иелері болып табылады. Судьяларға заңда
көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттемелер жүктеле алмайды.
Судьялар қылмыстармен, заңдылық және құқықты тәртіп сақтау үшін күрес
жүргізетін мемлекеттік органдардың құрамына қосыла алмайды.
Судьялардың құқықтық жағдайының маңызды элементі олардың орын
ауыстырылмаушығы болып табылады. Судьяның орын ауыстырмаушылығы судья
лауазымы ғұмырлық деген сөз емес. Судьялар заң белгілеген мерзімге - 5
жылға тағайындалады. Орын ауыстырмаушылық осы мерзімнің ішінде судья
лауазымынан босатылмайды дегенді білдіреді. Олар лауазымынан тек заңда
көзделген негіздер бойынша босатылады.
Судьялар тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьяның
тәуелсіздігі ешкім де әділ сотты жүзеге асыруға килігуге және судья мен
сенімді заседательдерге қандай да бір әсер етуге құқысыз екенін білдіреді.
Ондай әрекеттер заң бойынша қуғындалады. ҚР Қылмыстық кодексінің құрамында
әділ сотқа қарсы қылмыстар мен жазаны орындау тәртібі туралы - тарау бар.
339-бапта әділ сотты жүзеге асыру мақсатында соттың қызметіне қандай да
болмасын нысанда килігу қылмыс болып табылады делінген. Ондай қылмыстың
қоғамдық қауіптілігі сондай әрекеттердің сот билігінің дербестігі мен
тәуелсіздігіне, халықтың оған деген сеніміне ауыз салатыны, сот шешімдер
қабылдаған кезде әділдік бұзылатыны, азаматтар мен заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделері аяққа басылатыны болып табылады.[8]
Судьяның тәуелсіздігі оның қарастырылған немесе өндірістегі сот
істерінің мәні бойынша қандай да бір түсініктер беруге міндетті емес
екенінен де көрінеді. Мәжіліс бөлмесінің кұпиясы барлық жағдайларда
қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Заң судьяның тәуелсіздігінің кепілдіктерін белгілейді. Ол заңи,
ұйымдық және материалдык кепілдіктер.
Заңи кепілдіктер:
1) әділ сотты жүзеге асыру рәсімінен көрінеді. Ол Азаматтық іс жүргізу
және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде де көзделген;
2) әділ сотты атқару бойынша судьяның қызметіне килігуді жүзеге асыру
үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды құрметтемейтінін керсету үшін заң
белгілеген жауапкершіліктен;
3) судьяның қол сұғылмаушылығынан көрінеді;
Конституцияның 79-бабына сәйкес судьяны Республика Жоғары Сот
Кеңесінің корытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің
келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген
жағдайда — Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот
тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс
үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, қылмыстық
жауапқа тартуға болмайды. Судьяға қатысты қылмыстық, істі тек ҚР Бас
Прокуроры ғана қозғай алады;
4) Конституция және "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
Конституциялық заңда судьяны сайлау, қызметке тағайындау, өкілеттіктерін
тоқтату және кідірту тәртібі, судьяның қызметтен кету құқығы белгіленген;
судьяның лауазымына кандидаттарға тегінен, әлеуметтік және мүліктік
жағдайынан, нәсілдік және ұлттық жаратылысынан, жынысынан, саяси
көзқарастарынан, діни нанымдары мен өзге де мән-жайлардан тәуелсіз
лауазымды басуға тең құқық қамтамасыз етіледі.
Ұйымдық кепілдіктер судьяның лауазымына кандидаттар іріктеудің ерекше
тәртібін белгілеуден көрінеді. Аудандық соттың судьясының бос лауазымына
кандидатты Әділет біліктілік алқасы біріншіден, конкурстық негізде,
екіншіден, судьяның бос лауазымын басуға арыз жазған әрекет етуші
судьялардан тандайды.
Жоғарғы Сотының Төрағасынан, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен
судьяларынан, облыстық соттың төрағаларынан, облыстық және оларға
теңестірілген соттардың алқа төрағалары мен судьяларынан басқа, соттардың
төрағалары мен судьяларын қызметке Әділет біліктілік алқасының
кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент
тағайындайды (ҚР Конституциясының 82-бабының 3-тармағы). Конституцияда
Әділет біліктілік алқасы (ӘБА) Мәжіліс депутаттарынан, судьялардан,
прокурорлардан, құқық оқытушылары мен ғалым-заңгерлерден әділет органдары
қызметкерлерінен тұратын дербес, тәуелсіз мекеме болып табылады деп
айтылған (82-бап, 4тармақ). ӘБА мәртебесі, қалыптастыру және жұмысын
ұйымдастыру тәртібі ҚР "Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы
туралы" Заңында айқындалады.[9]
Заң жоғарыда аталған Конституция қағидаларына байланысты қабылданған
және оларды қайталайды. Заңға сәйкес алқаның негізгі міндеттері
төмендегілер болып табылады:
1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен су-
дьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды сапалы іріктеуді қамтамасыз ету
және ұсыныстамалар беру;
2) судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
ӘБА төмендегідей түрде қалыптастырылады:
o төрағаны Президент тағайындайды;
o Мәжіліс екі депутат жолдайды;
o жеті судьяны (аудандық, облыстық және Жоғарғы Соттан) Жоғарғы
Соттың пленарлық отырысы сайлайды;
o прокурорды Бас Прокурор тағайындайды;
Әділет министрлігі құқық оқытушысы мен заңгер-ғалымды жолдайды. Алқа
мүшелерінің өкілеттік мерзімі — екі жыл.
Заң алқа мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.
Олардың юриспруденция саласында терең білімдері, заңгерлік мамандық бойынша
жұмыс тәжірибесі, принциптілігі және кіршіксіз беделі болуға тиіс. Заң ӘБА
өкілеттіктерін және оның мүшелерінің өкілеттіктерін айқындайды.
ӘБА өкілеттіктеріне төмендегілер жатады:
1) аудандық немесе оларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ жоғары
тұрған соттардың судьялары болып жұмыс істеуге тілек білдірген азаматтардан
біліктілік емтихандарын қабылдау және аудандық немесе оларға теңестірілген
соттың судьясының және төрағасының лауазымына тағайындау туралы
ұсыныстамалар беру;
2) судьяның лауазымын басуға біліктілік емтиханан тапсырған адамдарды
есепке алуды жүргізу;
3) аудандық немесе оларға теңестірілген соттың судьясының және
төрағасының қызметтен кетуі немесе қызметтен кетуін тоқтату туралы
мәселелерді тергеу және аудандық немесе оларға теңестірілген соттың
судьясын және төрағасын қызметтен босату туралы ұсыныстама шығару.
Занда ӘБА төрағасының хатшысының өкілеттіктері және мүшелерінің
құқықтары бөлек беріледі. Төраға ӘБА жұмысын ұйымдастырады, ал хатшы оның
мүшелерінің ұсынысы бойынша оның қарастыруына енгізілетін мәселелерді
қалыптастырады, басқа ұйымдық жұмыстар атқарады. ӘБА мүшелері оның
қарастыруына табысталған материалдармен танысуға, оларды зерттеуге және
тексеруге қатысуға, қарастырылатын мәселелер бойынша өтінімдер мәлімдеуге,
уәждер мен дәлелдер келтіруге, дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға,
ӘБА шешімдеріне қол қоюға құқылы.
ӘБА өзінің отырыстарын кем дегенде бір жылда төрт мәрте өткізеді. Оның
отырыстары ашық және жариялы түрде өткізіледі, жабық отырыстар өткізіле
алады. ӘБА шешімдері жазбаша түрде баяндалады және оның мүшелерінің
дауыстарынын, көпшілігімен қабылданады. Қабылданатын шешіммен келіспеген
жағдайда, ӘБА мүшесі ерекше пікірін баяндауға құқылы.
Заң біліктілік емтихандарын жүргізу тәртібін көздейді. Біліктілік
емтихандарын қабылдау судьялыққа кандидаттар арнайы тексеруден өткеннен
кейін жүзеге асырылады. Ондай тексерудің мақсаты судья болуға лайықты
кандидаттарды іріктеу болып табылады. Біліктілік емтихандарын тапсыруға
оның алдында бір жылдың ішінде қызмет міндеттерін атқару кезінде кір
келтіретін қылықтар мен заңдылықты бұзушылықтар үшін судьяның лауазымынан,
құқық қорғаушы органдардан немесе мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар
жіберілмейді. Біліктілік емтихандарына сондай-ақ заң қоятын талаптарға сай
келмеген судьяға кандидаттар да жіберілмейді. Ол талаптар Сот жүйесі мен
судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңда белгіленген. ӘБА туралы
заңда конкурстық комиссия өткізу жағдайлары, судьяның лауазымынан босату
туралы мәселені қарастыру үшін негіздер көзделген.
"Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі" туралы Занда аудандық соттың
судьясына кандидаттар үшін төмендегідей талаптар көзделген. Біріншіден,
саяси шектелім. Аудандык соттың судьясы болып тек ҚР азаматы тағайындала
алады. Екіншіден, жасы бойынша шектелім: азамат жиырма бес жасқа жеткен
болуға тиіс. Үшіншіден, бұл білім, практикалық және моральдық шектелімдер:
азаматтың жоғары заңгерлік білімі, заңгерлік кәсібі бойынша кем дегенде екі
жылдық жұмыс стажы, кіршіксіз беделі болуға тиіс. Төртіншіден, бұл
біліктілік шектелімі: кандидат біліктілік емтиханын тапсыруға сотта сынақ
мерзімін табысты өткеруге және соттың пленарлық отырысында оң мінездеме
алуға тиіс. Соңғысынан басқа, барлық тізілген талаптар Конституцияда
көзделген (79-бап).
Облыстық соттың судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді Жоғарғы
Сот Кеңесі бос лауазымды басуға арыз берген адамдардың қатарынан конкурстық
негізде жүзеге асырады. Ол азаматтар аудандық соттың судьясына
кандидаттарға қойылатын талаптарға сай болуға және заңгерлік мамандығы
бойынша кем дегенде бес жылдық жұмыс стажы болуға тиіс.
Судьяларды баспанамен қамтамасыз ету де сондай-ақ республикалық
бюджетінің есебінен жүргізіледі. Судьяға және оның отбасы мүшелеріне
кезектен тыс төртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайластырылған тұрғын
үй-жай беріледі.
Судьяға қойылатын талаптар "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі"
туралы Занда көзделген. Олар әділ сотты жүзеге асыру ерекшеліктерінен
туындайтын міндеттер ретінде тұжырымдалады.
Судья:
1) ҚР Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай ұстануға; әділ сотты атқару
бойынша өзінің конституциялық міндеттерін атқару кезінде, сондай-ақ қызмет
бабынан тыс қатынастарда судья этикасының талаптарын сақтауға және судьяның
беделіне, абыройына кір келтіруі мүмкін немесе оның объективтілігі мен
риясыздығына шүбә келтіруі мүмкін нәрселерден аулақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz