Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
- Мемлекеттердің құқық мирасқорлығының
түсінігі . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Күрделі халықаралық құқықтық қатынастарды реттейтін халықтардың өмірінің кез-келген саласының ерекшелігі халықтардың құқықтық нормаларында көрініс табуы керек. Тек қана осы ерекшеліктер құқықтық нормаларда тіркелсе ғана, халықтардың құқықтық тиімділігі туралы айта аламыз. Осы халықаралық құқық арқылы халықаралық қауымдастықтың іс-әрекеті нәтижесінде туындаған қатынастарды реттей аламыз, ондағы мәселелердің шешілуін көрсетеді. Халықаралық қауымдастықтың өміріндегі халықаралық құқықтың дамуын және рөлін анықтау үшін, оның жұмыс істеу ортасының статикалық және динамикалық аспектілерін бағалау керек. Сонымен қатар сапасын көрсету қажет. Адамзат даму барысында, мемлекеттер мен халықтар механикалық жиынтығынан ерекшеленетін халықаралық қауымдастықты қалыптастырды. Қауым өзінің даму барысында, дамудың негізгі катализаторларын ой елесінен өткізе отырып, өзінің құқықтық базасын дамытты және жетілдірді. Осы құқықтық база негізінен бейбітшіліктің қауіпсіздігін сақтау мен қамтамасыз етуге халықаралық қатынастың бір жүйесіне келтіруге және қатысушыларының тәртібін алдын ала білу мәселелеріне бағытталған.
Халықаралық қауымдастықтың ары қарай дамуы үшін халықаралық қауымдастықпен халықаралық құқықтың көмегімен реттейтін жалпы және ұлттық мүдденің тепе-теңдігін ұстап тұруы қажет. Өмірде көрсетілгендей, мемлекеттердің іс-әрекеттері қатаң заңи шеңберге қойылуы керек және осы шеңберден шығу құқыққа қайшы әрекет деп есептелінеді.
Халықаралық қауымдастықтың тығыз байланысқа түскен санын, ондағы болып жатқан процесстерді көпшілікке қолайлы және көпшілікпен келісілген нормативті реттеу қажеттілігі туындайды. Осылай, халықаралық қауымдастықтың өзара тығыз байланысы халықаралық құқықтық объективті дамуының алғы шарты болып табылады. Яғни, халықаралық қауымдастықтың бір қалыпты дамуы, қоғамда белгілі бір тәртіпті реттейтін халықаралық құқық институттарының дамуына байланысты. Айта кететін жай, соңғы он жылдықта да, қазіргі кезде де, өте маңызды сұрақтарды реттейді, бірақ онша дұрыс жұмыс жасамайтын, жеткілікті дамымаған халықаралық құқықтың институттары бар. Осы жерде халықаралық құқық ғылымы өзінің алдына қойған мақсатын орындауы қажет, яғни қандай да бір туындаған мәселелерді шешу үшін оларға баға беріп, шешу жолдарын іздестіру керек, және осы жолдар бүкіл адамзаттың жекелеген ұлттар мен мемлекеттердің еркіндігі мен мүддесін, қауіпсіздігі мен бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.
Халықаралық қатынастың қатысушысы мемлекеттердің жүріс-тұрысын реттеу барысында халықаралық құқық олардың тағдыры өзгергенде әрекетсіз отырмайды. Мемлекеттік территорияның өзгерілуі, яғни бірнеше мемлекетке бөлінуі болып табылады.
Мемлекеттердің мирасқорлық мәселесі әрқашан күрделі мәселелердің бірі болып табылады және көптеген жағдайлары шешілмеген. Бұл жағдай, осы мәселені зерттеуші ғалымдармен ескерілген.
Мемлекеттердің мирасқорлығы - халықаралық құқықтың ерте пайда болған институты, оның дамуына деколонизация процесі үлкен әсер етті. Жекелеген мемлекеттердің мүддесіне әсер ететін мәселелерден мирасқорлық әлемнің барлық мемлекеттеріне маңызды мәселеге айналды. Ол колониялық тәуелділіктен босаған мемлекеттерге, Еуропа және КСРО мемлекеттеріне және үлкен өзгеріске ұшыраудың алдында тұрған мемлекеттерге, яғни мирасқорлаушы мемлекеттерге және мұрагер мемлекеттерге, сонымен қатар, бүкіл халықаралық қауымдастыққа өз әсерін тигізуде.
Сөзсіз мемлекеттердің пайда болуы, құрылуы, жоғалуы және мемлекеттердің территориялық модефикациясы - алдымен саяси, әлеуметтік, экономикалық тағы сол сияқты себептердің нәтижесі болып табылады. Ал халықаралық құқықтың алдында осы себептердің құқыққа сәйкестігіне баға беруде және өзгерістердің заңи тұрғыдан маңыздылығын анықтау және осыған байланысты шығатын нәтижелерін анықтау туралы. Осының бәрі мирасқорлық институтының халықаралық құқық нормаларында көрсетілген.
Халықаралық қатынастың бір қалыптылығы бейбітшілікті сақтау мәселелері мемлекеттің мирасқорлық мәселесін шешуге бағытталған жолдардың тиімділігіне тікелей байланысты. Осы мәселе бойынша, ғылыми зерттеулер жүргізу қажет, себебі бұрын халықаралық құқықпен немесе халықаралық қатынастар тәжірибесінде көрсетілмеген, бірақ қазіргі өмір қажет ететін құбылыстарды теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігінің тууы.
Осылай келе, мемлекеттердің мирасқорлық мәселесінің маңызы мен мәні және мемлекеттердің мирасқорлық институтының дамуымен және қазіргі халықаралық тәжірибеде қолдану мәселелеріне анализ жасау, теория жағынан өзекті, ал тәжірибе тұрғысынан қажет болып табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі халықаралық құқықмирасқорлығы институты және құқықтары мен міндеттерінің көшуімен байланысты мирасқорлаушы мемлекет (мемлекеттер) пен мұрагер мемлекеті арасында пайда болатын халықаралық-құқықтық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік маңызы зор болып табылатынын мемлекеттердің мирасқорлық мәселесінің халықаралық құқықтық сұрақтарын зерттеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі талапты алдына қойылды:
- мемлекеттердің құқықмирасқорлығы институтының түсінігі мен мәнің жан-жақтан зерттеп, ашып көрсету;
- құқықмирасқорлығының объектілерге байланысты мәселелерді талдау;
- құқықмирасқорлығы институтының жаңа дәуірде рөлі мен орнын анық-тау.
Зерттеудің әдісі мен қайнар-көздері. Автор жалпы ғылыми диалектикалық әдіспен қоса, юридикалық ғылымдарға тән жеке ғылыми зерттеу әдістерін қолданды: тарихи, салыстырмалы, логикалық, жүйелік.
Дипломдық жұмысқа келесі ғалымдардың жұмыстары мен зерттеулері маңызды ықпал жасады, олар Аваков М. М., Власова Л. В., Дурденевский В. Н., Есаян А. А., Захарова Н. В., Талалаев А. Н., О'Коннелл Д., Фарукшин М. Х. және т. б.
Зерттеудің қайнар көзі келісімдер болып табылады: 1978 жылы мемлекеттердің келісімдерге қатысты мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы 1983 жылы мемлекетердің, мемлекеттік меншікке, мемлекеттік архивке және мемлекеттік қарызға қатысты мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы, КСРО- ның тарауымен қатар БҰҰ Жарғысы, ядролық қару таратпау туралы Вена конвенциясы т. б.
Қорғауға шығарылатын сұрақтар. Дипломдық жұмыстың барысында келесі нәтижелерге келіп, қорғауға шығарылып отырмыз:
- Бүгінгі күнге дейін мемлекеттердің құқықмирасқорлығының анықтама-лары белгілі бір кемшіліктеріне байланысты қалыптасқан жоқ. Осыған байланысты жұмыста біз авторлық анықтамасын беруге тырыстық: нақты фактілі жағдайда территориядағы бір мемлекеттің егемендігін басқа мемлекеттің егемендігімен ауысуы және осы салдарының нәтижесінде, мемлекеттердің құқықмирасқорлықтың нормаларды ескере отырып, халықаралық құқық қағидаларына сәйкес танылған мұрагер мемлекеттің белгілі бір объектілерге құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлаушы мемлекетке көшуі.
- Мемлекеттердің құқықмирасқорлығы екі жағдайлардың арқасында жүзеге асырылады: фактілі және заңды жағдайлар. Бүгінгі күні аталған жағдайларға ғалымдар аса көңіл бөлген жоқ. Зерттеу барысында дипломдық жұмыста фактілі және заңды жағдайлар талқыланып, бір-біріне тәуелділігін және өзара байланыстығын көрсетіп, олардың мазмұны ашып, анықтамаларды ұсындық.
- Мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы Вена конвенциялардың кемшілігі дауларды шешу процедурасы болып табылады. Біздің пікірінше Конвенцияларда орын тапқан процедурасы тиімді емес, яғни келісімдердің нормалары нақты құқықтық кепілдіктері бекітілген жоқ. Ойымызша, мұндай жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықара-лық Сотының рөлі артыра түседі, яғни дауды шешу мақсатында мемле-кеттер соттың юрисдикциясын және қабылдаған сот шешімдердің міндеттілігін мойындау тиіс.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы. Мемлекеттердің құқықмирасқорлығы институты әлі күнге дейін толық зерттелмеген мәселе-лердің бірі болып табылады. Зерттеу барысында табылған нәтижелері, ойымыз-ша, келешек ғылыми қызметте орын табылмақ. Сонымен қатар, теориялық маңыздылығы оқу процессте арнайы курстарды даярлау барысында дипломдық жұмыстың мәліметтері пайдалануымен анықталады.
Жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қоры-тындыдан және библиографиядан тұрады. Жұмыстың көлемі . . . бет.
1. Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы институтының түсінігі мен мәні
1. 1 Мемлекеттердің құқық мирасқорлығының түсінігі
Ғылыми танымда түсініктің қандай да бір анықтамасының қолданылуы құбылыс мәніне ену сатысы болып табылады. Сондықтан-да мемлекеттердің құқықмирасқорлығының түсінігі анықтамасына ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттердің құқықмирасқорлығының, оның айрықша ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мән мен мазмұндылығына жету жолы жалпы қиын болды, жаңылыс есептеулерге, қате көзқарастар мен ой-түйіндерге толы болды. Бұл процесс, біздің ойымызша, әлі күнге дейін жүруде.
Тарихи тұрғыда, ішкі мемлекеттік құқық ретінде пайда бола отырып құқықмирасқорлығы мемлекеттердің тәжірибеде қолдануының нәтижесінде халықаралық-құқықтық сипатқа ие болды. Өзінің алғашқы нысанында мемлекеттердің құқықмирасқорлықтың түсінігі құл иеленушілік Батыс Еуропада дүниеге келген. Батыс-еуропалық халықаралық-құқықтық әдебиетте мемлекеттердің құқықмирасқорлығының бұрынғы берілген анықтамаларында, рим азаматтық құқығында бекітілген, азаматтық-құқықтық мұра түсінігін болу аса қиыншылық тудырмайтын. Кейіннен бұл анықтама біраз құрделенілді, бірақ өзінің шығу тегін аса жасырылмайтын1.
Осыдан бері талай жылдар өтілгенімен бүгінгі күнде де халықаралық құқықта мемлекеттердің мирасқорлығына қатысты біріңғай қалыптасқан пікір жоқ.
Югославиялық заңгер М. Бартоштың әділ ескергеніндей, мирасқорлық мәселесі бойынша ғалымдар арасында келіспеушілік мирасқорлық анықтамасынан-ақ басталады, шынында да мирасқорлық түсінігін анықтау - халықаралық құқықтың кұрделі мәселелерінің бірі.
ХХ ғасырдың 30-40 жж. батыс халықаралық-құқықтық әдебиетте Г. Кельзеннің мемлекеттердің құқықмирасқорлығының анықтамасы кең таратылуын тапты. Ғалымның жазуы бойынша: ”мемлекеттердің мирасқорлығы дегеніміз белгілі бір территория шегінде бір мемлекеттің өзге мемлекетпен орын алмасуы және осы соңғысының құқықтар мен міндеттерді мұралауын білдіреді”. Бұл анықтамада мемлекеттердің құқықмирасқорлықтың маңызды белгісі аталады - қозғалыс, құқықтар мен міндеттердің көшуі және де олардың субъектілік тәуелділіктері мен өзгерістері. Алайда, мұндай анықтама қарастырылып отырған құбылыстың ерекшеліктерін көрсетпейтіні көрініп тұр, өйткені бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттердің басқаға кетуі, басқа да жағдайларда, мысалы халықаралық шартқа сай, мүмкін.
70-ші жылдары кеңес ғылымында И. В. Захарова берген мемлекеттердің құқықмирасқорлығы анықтамасы кең тараған, онда құқықмирасқорлықты тудыратын нақтылы (фактілі) жағдайлардың тізімі бар: “мемлекеттердің құқықмирасқорлығы - мемлекеттің келісімді құзыретінің өзгеруімен байланыс-ты мемлекеттің халықаралық құқықсубъектілігі мәртебесінің өзгеру, өзінің халықаралық құқықсубъектілгі жоғалып екінші бір мемлекет құрамына ену, сондай-ақ бір мемлекеттен басқа мемлекетке территорияның бір бөлігінің өту және жаңа мемлекет туылған кездегі құқықтары мен міндеттері бір мемлекеттен басқа мемлекетке ауысуы. Осы анықтамада көңіл байқайтын нәрсе фактілі ситуцияларға назар аудару, олардың бекітілуі құқықмирасқорлық процессінің арнайы ерекшеліктерді толық түрде ашып көрсетуге мүмкіндігін жасайды. Кейіңірек осыған тоқтата аламыз.
Социалистік халықаралық-құқықтық доктринада көптеген ғалымдар „мемлекеттердің құқықмирасқорлығын” „бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің басқаға өтуі” ретінде анықтаған. Біршама кең ауқымды анықтаманы М. М. Аваков ұсынған: „халықаралық құқықмирасқорлық - мемлекеттің өмір сүруінің пайда болу немесе тоқтатуы, болмаса оның территорияның өзгеруі салдарынан бір халықаралық құық субъектісінен басқаға құқықтар мен міндеттердің өтуі. Бұл кезде құқықмирасқорлықтың шектері, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған нормалары және қағидаларға сай, сол мемлекеттің тәуелсіз еркіндігімен және кластың мәңділігімен анықталады”2. Мұндай көзқарасты Д. И. Фельдман, М. Х. Фарукшин, Г. В. Игнатенко, Д. И. Бараташвили, А. Е. Омеленчук та берген.
Бұл анықтаманың бір кемшілігі, біздің ойымызша, халықаралық құқықтың субъекті - мемлекетінің өмір сүруінің тоқтатуы құқықмирасқорлықты білдірмейді, өйткені соңғысы кем дегенде екі субъектінің болуын көздейді - бастаушы мемлекет және мирасқорлаушы мемлекет.
Бүгінгі күні көптеген халықаралық құқық заңгерлер құқықмирасқорлыққа қатысты анықтамаларды танып олармен қатар „Мемлекеттердің құқықмирас-қорлығы туралы” Вена конвенцияларда бекітілген анықтаманы қолданалып отырады.
Халықаралық құқықмирасқорлығы саласындағы жалғыс құжаттар болып табылатын 1978 жылғы „Келісімдерге қатысты мемлекеттердің құқықмирас-қорлығы туралы” мен 1983 жылғы „Мемлекеттік меншікке, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздарға қатысты мемлекеттердің құқымирасқор-лығы туралы” Вена конвенцияларында „мемлекеттердің құқықмирасқорлығы деп бір мемлекеттің екіншісімен ауысып белгілі бір территорияның халықара-лық қатынастары үшін жауапкершілікті көтеру”3.
Біздің ойымызша, мұндай көзқарас ешқандай құндылықты білдірмей тұр, бұл мемлекеттің құқықмирасқорлығы мәнінің ашылмауынан көрініп тұр, сондай-ақ құқықмирасқорлығы тек халықаралық қатынастармен ғана байланысты емес мемлекеттің ішкі тәртібімен де байланысты.
Біздің пікірі бойынша, мирасқорлықтың көптеген анықтамаларында келесі белгілерге сілтемелер көрсетілмеген:
а) мирасқор болып табылатын халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің таптық мәні бар. Мирасқорлықты анықтау үшін қоғамда әлеуметтік өзгерістер болуы, жаңа мемлекеттің пайда болуының маңызы бар;
ә) мемлекеттің саяси - заңи белгісі ретінде егеменді билік. Бұдан саяси биліктің мәні мен шегі тәуелді болады. Егемендік мемлекеттің белгісі ретінде бір уақытта мемлекеттік биліктің қасиетін білдіреді;
б) халықаралық құқық субъектісінің мирасқорлық шектері. Мирасқор-лықта құқықтар мен міндеттердің толық немесе жартылай қабылдануы туралы айтылуы мүмкін. Бұл жаңа мемлекеттің егеменді еркі мен тапты құрлысына байланысты. Мирасқорлықтың шектері қайта құрылған мемлекетке үлкен саяси және экономикалық маңызы бар;
в) мирасқорлықтың халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен қағидаларына сәйкестігі. Бұған ең біріншіден әлеуметтік-экономикалық жүйелері әртүрлі мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі, егемендік теңдік, ішкі істерге араласпау т. б.
Жоғарыда аталғанына талдау жасай отырып келесі нәтижелерге келеміз. Келтірілген анықтамаларда мемлекеттердің құқықмирасқорлығы екі құрам-дасқа бөлінуі - нақтылы (фактілі) құқықмирасқорлығы және заңды құқықми-расқорлығы - көруге болады. Бұл халықаралық құқық ғылымында жиі кездесетін құбылыс. Осыған байланысты - "мемлекеттердің құқықмирасқор-лығы" түсінігі территориядағы өзгерістер ғана емес, территориялық өзгері-стерден туындаған құқықтағы өзгерістерді де білдіреді. АҚШ заңгерінің О. Сварлиеннің ескеруі бойынша, осы территорияда бір мемлекеттің ескі мемлекетті ауыстыруы фактілі мирасқорлық болып табылады, мұндағы құқықтық мирасқорлық осындай жағдайдағы бір мемлекеттің екіншісін заңды алмастыруын білдіреді. Ағылшын ғалымы М. Джонс мирасқорлықты осы айтылған сөздің әрбір мағынасын әртүрлі терминдермен көрсетуге тырысты: мирасқорлық сияқты фактілік өзгерістер succession in fact (фактілі мирасқорлық), бұл өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттердің құқықтар мен міндеттерді мирасқорлауы - succession in law (құқықтық мирасқорлық) .
Сондай-ақ, Г. Кельзеннің айтуы бойынша: „„мемлекеттердің құқықмирас-қорлығы” деген термині территориалды өзгерісті білдіреді, яғни осы террито-рияның шеңберінде бір мемлекет басқа мемлекетпен алмасқаны факт, сондай-ақ бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің екінші мемлекетке өтуі . . . Сонымен „мемлекеттік құқықмирасқорлығы” территориялық өзгерістерге және қарастырылып отырған өзгерістермен байланысты құқықтарға да жатады”4. Осы мәселеге Н. В. Захарова да тура осылай қарайды. Оның айтуынша: „„мемле-кеттердің құқықмирасқорлығы” термині құқықтар мен міндеттердің ауысуын мәселесің құрайтын фактілі жағдайды бекітну үшін қолданса да болады, сондай-ақ сол құқықтар мен міндеттердің бір мемлекеттен екіншіге өтуін атау үшін де қолданады”.
Біздің пікірінше, мемлекеттердің құқықмирасқорлығының фактілі және заңдылы деп бөлінуі негізінде дұрыс. "Мирасқорлық" сөзінің лексикалық мағынасы түсініктің мағынасын анықтамайды. Түсінігін анықтау кезінде ең алдымен халықаралық құқықтың өзекті мәселелеріне көңіл бөлу керек, яғни фактілі мен заңды жағдайларды анықтау.
Мемлекеттердің құқықмирасқорлығы жалпы десек - белгілі бір жағдайда немесе тарихи жағдайларда халықаралық құқықтың бір субъектінен жаңадан пайда болған құқық субъектіге құқықтары мен міндеттерінің көшуін білдіреді, яғни жаңа бір мемлекетке ауысуы. Жаңа мемлекет, өзінің егемендігін бекітіп, өзінің мемлекетіне халықаралық қатынастың аумағында құқық пен міндеттің мұрагері ретінде мұраны иеленуші болады. Осыған байланысты фактілі жағдайды талдау үшін „заңды факт” деген түсінікке дұрыс анықтамасын беру маңызды. Заңтану ғылымында „заңды факт” дегеніміз құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін, тоқтауын алып келетін, құқықтық нормалармен бекітілген жағдайлар. Осыдан келіп, „заңды факт” түсінігіне екі факторлар кіреді: оқиға, әрекет немесе әрекетсіздік (материалды фактор) және олардың құқықтық салдарының негізі ретіндегі құқық нормаларда бекітілуі (заңды фактор) . Фактілі құқықмирасқорлықтағы белгілі бір заңды факторлардың бар болу (фактілі жағдай) өтуі деген құқық нәтижеге әкеліп соғады, яғни бір мемлекеттің басқа мемлекетке белгілі бір құқықтары мен міндеттердің ауысуы (заңды құқықмирасқорлығы) . Заңды құқықмирасқорлығы фактілі жағдайдан тыс қарастырып алуға болмайды, себебі соңғысы біріншісінің алғы шарты болып табылады. Құқықмирасқорлығы бірінші мен екінші жағдайда әр түрлі, бірақ өзара байланысты мәселелері болып табылады5. Сондықтан да Н. В. Захарованың айтатындай: „құқықтар мен міндеттердің бір мемлекетінен екіншісіне ауысу жөніндегі мәселенің қалай шешілетініне, осындай ауысуыны әкеліп соққан қандай фактілі жағдайлардың заңды деп қарастыруына байланыссыз халықаралық құқық ерекше бекітеді”6.
Фактілі жағдайларға біз дипломдық жұмыстың төменгі бөлімді арнаймыз, ал осы бөлімді қорытына отырып құқықмирасқорлық институтының кодификациясына тоқта алайық.
1949 жылы ХҚК-ның бірінші сессиясында халықаралық құқық кодификациясы мемлекеттің құқықмирасқорлық туралы сұрақтар қарастырылды. Комиссия мемлекеттердің құқықмирасқорлық сұрақтарын шешуге Комитет құруды шешті.
1963 жылы он бесінші сессиясында Комиссия Комитеттің құқықмирасқорлыққа қатысты баяндаманы қарастырады. Комиссия Комитеттің жоспарын қабылдады және сұрақтың рет-ретімен болғанын бағалады: шартқа қатысты құқықмирасқорлық құқық пен міндеттемеге қатысты құқықмирасқорлық. Комиссия арнайы осы сұрақ бойынша баяндамашы ретінде Манфред Ляхсты тағайындады.
1967 жылы ХҚК бұл сұрақты үш тақырыпқа бөлуді шешті. БҰҰ-ның Халықаралық Сот мүшесі болып М. Ляхс сайланғаннан кейін, шартқа қатысты құқықмирасқорлықтың арнайы баяндамашы ретінде Комиссия Хэмфри Уолдокты (Ұлыбритания) тағайындады, ал басқа да сұрақтар бойынша Мохаммед Беджауи (Алжир) тағайындалды.
1973 жылы жиырма бесінші сессиясында Фрэнсис Вэллет (Ұлыбритания) Хэмфри Уолдоктың орнына тағайындалды, өйткені ол Халықаралық Соттың БҰҰ-ның мүшесі болып тағайындалған.
1978 жылы 31 шілдеден 23 тамызға дейін Венада Жаңарған түрде конференция өтті.
Конференцияда 69 мемлекет делегациясы қатысты - 1977 жылғы сессиясында 94 мемлекет қатысты. 1977 жылғы сессияда екі мемлекет қараушы болып тағайындалды. Сонымен қатар, бұл конференцияда Намибия бойынша БҰҰ-ның Одағы қатысты, Палестинаны босату ұйымы және Оңтүстік - Батыс Африка Халықаралық ұйымдары қараушылар болып тағайындалды.
1978 жылы 22 тамыз айында өткен Конференцияда шарттарға қатысты мемлекеттің байланысты Вена конвенциясы қабылданды.
1983 жылы қаңтарда 22 мемлекет конвенцияға қол қойды, 3 мемлекет оған қосылды және 3-уі оны бекітті.
1967 жылы ХҚК мемлекеттің құқықмирасқорлыққа қатысты сұрақтарға Мохаммед Беджауиді құқықтар мен міндеттерге қатысты құқықмирасқорлық сұрақтарына арнайы баяндама ретінде тағайындалды.
1968 жылы Комиссияның жиырмасыншы сессиясында құқықтар мен міндеттерге қатысты құқықмирасқорлықтың бірінші баяндамасы өтті.
1972 жылы алтыншы сессиясында Комиссия 8 баптың проектісін қарастырды.
1974 жылы жиырма жетінші сессиясында Комиссия 3, 9, 11, X баптары қарастырылды, олар құқықмирасқорлықтың мемлекеттік меншікке қатысты.
1976 жылы жиырма сегізінші сессиясында арнайы баяндамашы сегізінші баяндамасын тағайындады, онда тағы алты баптар комментариясымен қарастырылады. Комиссия 12, 16 -шы баптарды қарастырды.
1977 жылы жиырма тоғызыншы сессиясында Комиссия тоғызыншы баяндаманы ұсынды. Онда мемлекеттік қарызға байланысы 17-20-шы баптар қарастырылды.
1978 жылы отызыншы сессиясында Комиссия оныншы баяндаманы қарастырды. Онда мемлекеттік қарызға қатысты, сонымен қатар егер де мемлекеттер бөлінген жағдайда мемлекеттік қарызға байланысты жағдайларды қарастырды. Онда 23, 24, 25-ші баптар бойынша.
1974 жылдан 1977 жылдар арасында Бас Ассамблея Комиссияға құқықмирасқорлыққа байланысты баптардың проектілерін шарттардан тыс қарастыруды ұсынды.
1979 жылы отыз бірінші сессиясында Комиссия құқықмирасқорлықтың архивке қатысты баяндаманы қарастырды. Онда 1-25-ші баптардың проектілерін қарастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz