Білім берудің қазіргі заманғы жай-күйі


КІРІСПЕ
Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдында тұрған міндеттер білім берудің жалпы жүйесіндегі оның рөлін, функциялары мен орнын ой елегінен қайта өткізудің, оны одан әрі дамытуда жаңа көзқарасты тұжырымдаудың қажеттігін тудырады.
Білім берудің тиімділігі жоғары жүйесі ел экономикасы мен Қазақстан қоғамының тұрлаулы ілгерілеуін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформаларының мақсаты - оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, сапалы өзгерістерін қамтамасыз ету. Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті сақтаудың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше кадрмен қамтамасыз етуді талап етеді.
Қоғамдағы серпінді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында білім беруге сапалы реформа жүргізу білім беру саласында қалыптасқан нақты жағдайды, өскелең үрдістер мен іс жүзіндегі қатынастарды, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің болашақтағы дамуының мүмкін жолдарын ескеретін егжей-тегжейлі жасалған стратегия болғанда ғана мүмкін болады. Мұндай стратегия жылдам өзгеретін нақты жағдайларға тұрақты бейімделетін икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс.
Бағдарламаны әзірлеу білім беру саласында қалыптасқан ұйымдық-экономикалық, мазмұндық-әдістемелік, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қатынастарға өзгерістер енгізудің қажеттігінен туындады. Ол білім беру саласында қолданылып жүрген мемлекеттік және ведомстволық бағдарламалармен және оның жаңа нормативтік-заңдық қамтамасыз етумен қатар білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдық негізін құрайды.
БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН
ТАЛДАУ
Заңнамаларға сәйкес білім беру бағдарламаларының сабақтастығы мен үздіксіздігінің принциптеріне негізделген білім беру жүйесінің ұлттық үлгісі білім берудің 4 деңгейін қамтиды:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) орта (жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік) білім беру;
3) жоғары кәсіптік;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.
Білім беру бағдарламалары мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, кәсіптік лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарының саны 1990 жылға дейін тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда 1991 жылдан бастап білім беру ұйымдарының желісі қысқара бастады, бұл, әсіресе, балалар бақшаларына қатысты болды.
(диаграмманы қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Осы кезеңде жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері бойынша желіні елеусіз қысқарту жүрді, ал жоғары оқу орындары бойынша, керісінше, олардың санының өсуі байқалды. Бұл өсу мемлекеттік емес жоғары оқу орындары санының артуы есебінен болды. Бастауыш және орта кәсіптік білім беруде жеке лицейлер мен колледждер санының өсуі желінің жаппай құлдырауына жол бермеді.
Республикада мектепке дейінгі ұйымдардың басым көпшілігінің жабылуына байланысты олардың контингенті 1, 0 млн. балаға азайды, сөйтіп қазіргі уақытта бес-алты жастағы 400 мың баланың 70 мыңы (17, 5%) ғана балалар бақшаларында толыққанды мектепалды даярлаумен қамтылды. Бұл балалардың мектепке даярлығының сапасына әсерін тигізбей қоймайды. 1997-1998 оқу жылында мектепке мектепалды даярлаудан өтпей келген бірінші сыныптықтардың тек 20, 4%-і ғана бірінші тоқсанның бағдарламасын игерудің тиісті деңгейін көрсетті, ал сонымен қатар мектепалды даярлаудан өткен бірінші сыныптықтардың арасында осы бағдарламаны игерудің жоғары деңгейі байқалады (91, 3%) .
Осы кезеңде желінің елеусіз қысқарғанына қарамастан, жасөспірімдер мен жастарды бастауыш және орта деңгейдегі кәсіптік оқытумен қамтудың деңгейі төмендеді, мұны мына диаграммадан көруге болады:
(диаграмманы қағаздағы нұсқадан қараңыз)
1999/2000 оқу жылында білім берудің жоғарғы сатысындағы жалпы білім беретін күндізгі мектеп (10-11/12/сыныптар) оқушыларының жасы бойынша білім берудің осы деңгейіне сәйкес келетін халықтың жалпы санының үлесі 79, 1%-ті құрайды. 9 жылдық мектепті бітіргені туралы куәлік алған түлектердің жалпы санының 6, 8%-і кәсіптік мектептерде, лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастырды. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі үшін, әсіресе табысы аз және көп балалы отбасыларының балалары үшін кәсіптік оқуға қол жеткізудің проблемаға айналуына алып келді.
Білім беру саласының негізгі проблемасы жеткіліксіз бюджеттік қаржыландыру болып табылады. Бұл білім беруге арналған мемлекеттік шығыстардың жалпы ішкі өнімге қатысты пайызбен берілуін көрсететін төмендегі диаграммада көрнекті түрде ұсынылған:
(диаграмманы қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік бюджеттің шығындарын бөлудің құрылымы да елеулі түрде өзгерді:
(диаграмманы қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Тұтас алғанда білім беру ұйымдарының қаржы қаражатына деген қажеттігі бюджеттік көздерден төрттің біріндей ғана қамтамасыз етіледі. Осының салдарынан:
білімге халықтың, әсіресе мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта кәсіптік білім жүйелерінде қолжетімділігі төмендеді;
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, табысы аз және көп балалы отбасылар балаларының білім беру жүйесімен қамтылмауы, оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету тетігінің болмауы жасөспірімдер мен жастардың осы санатында қылмыстың өсуіне жағдай туғызды;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім беру қызметінің қолжетімділігі төмендеді;
ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы төмендеді;
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің әлеуеті төмендеді, аудандық оқу-әдістемелік қызметтері, жоғары оқу орындарының жанындағы біліктілікті арттыру институттары мен факультеттері негізсіз таратылды;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нашарлады, білім беру индустриясы болмады;
оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың тапшылығы өсе түсті;
қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы, сондай-ақ толық және шағын жинақталған мектептердің түлектерінің арасындағы білім деңгейіндегі алшақтық ұлғайды;
оқыту мен тәрбиелеу жүйелерінің бірлігінің бұзылуы орын алды.
Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарының ғылымның академиялық секторымен, өндіріспен және тәжірибелік базамен өзара іс-қимылында алшақтық ұлғайып келеді, бұл оқу процесі мен болашақ мамандарды практикалық даярлау сапасының төмендеуіне алып келеді.
Жоғары білімді кадрларды даярлауда, атап айтқанда, онсыз қоғамның ғылыми-техникалық дамуы мүмкін болмайтын ғылыми-жаратылыстану және техникалық бағыттардағы "шығынды мамандықтардан арылу" жүріп жатыр.
Мамандардың басым бөлігі білім алуды көп деңгейлі жоғары білімнің бірінші сатысынан кейін тоқтатады, бұл республикада жоғары білімнің жалпы деңгейін айтарлықтай төмендетеді.
Кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек дағдыларын оқытуға және оларды жетілдіруге қажетті назар аударылмайды. Бұл проблеманы толық қарастырған зерттеулер жоқ, олардың негізінде білім беру процесінің икемділігін, жаңаруы мен өнімділігін, еңбек рыногында өзгеріп отыратын талаптарды ескеретін қажетті шеберлік пен дағдыларды беруді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау керек еді.
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық ахуал жасөспірімдер мен жастарды жұмыспен қамту проблемасын шиеленістірді. Жұмыссыздық, амалсыздан масыл болу халықтың осы санатының әлеуметтік және еңбек тұрғысынан құлдырауына алып келеді. Сөйтіп, осының нәтижесінде жасөспірімдер мен жастардың арасында қылмыс, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және басқа да келеңсіз көріністер белең алды.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның негізгі мақсаты - сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін жағдай жасау.
Негізгі міндеттері:
азаматтардың білімнің барлық деңгейлері мен сатыларына қол жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;
білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;
білімнің және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, білім беру қызметтерін таңдауды ұсыну;
тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз ету;
педагогтің әлеуметтік мәртебесін көтеру;
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы үшін жағдай жасау.
Бағдарлама білім берудің әрбір деңгейі үшін елдің тиімді жұмыс істейтін білім беру жүйесін құру жөніндегі нақты мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мақсаты - балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылуын дәйекті түрде ұлғайту жолымен олардың білім алудағы тең бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда оқу-әдістемелік және кадрмен қамтамасыз ету;
жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды сақтау және әсіресе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жаңа түрлері мен үлгілерін дамыту;
мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің базасында балаларды мектеп алды даярлаумен қамтамасыз ету;
ата-аналар мен жұртшылықты мектепке дейінгі білім беру процесіне тарту.
Жалпы орта білім
Мақсаты - азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуға және оның сапасын жақсартуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;
жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын іске асыру;
мектептерде оқытудың жетілдірілген мазмұны мен әдістерін жетілдіру, оқушылардың білімі мен педагогтердің қызметін бағалаудың объективті өлшемдері мен тәсілдерін енгізу жолымен білім берудің сапасын арттыру;
оқушылар мен педагогтердің денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
Жалпы орта білімнің деңгейінде ауылдық жердегі білім беруді ұйымдастыру жөніндегі мақсат пен міндеттер жеке айқындалады.
Мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу, мектеп оқушыларын оқыту сапасын арттыру, ауылдық және шағын жинақталған мектептердің қызметтерін жетілдіру үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
ауылдық және шағын жинақталған мектептердің тиімді моделін әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу;
шағын жинақталған мектептерге арналған педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау. Ауылдық жерде педагог кадрлардың тұрақтануын қамтамасыз ету;
әдістемелік әдебиетті дайындау, шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие процесіне арнаулы әдістемелер мен технологияларды енгізу;
ауылдық мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
оқытудың инновациялық әдістерін және арнаулы ұйымдастыру нысандарын енгізу жолымен ауылдық мектептердегі оқытудың деңгейін көтеру, оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру;
шағын жинақталған мектептердің оқу процесінде дистанциялық оқыту (алыстан білім беру) әдістерін әзірлеу мен меңгеру;
ауылдық және шағын жинақталған мектептерді басқарудың тиімділігін арттыру.
Бастауыш және орта кәсіптік білім
Мақсаты - еңбек рыногында бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, сондай-ақ ересек тұрғындарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу мен енгізу оларды еңбек рыногындағы жағдайды және экономикадағы құрылымдық өзгерістерді ескере отырып жаңарту;
жасөспірімдер мен жастар, сондай-ақ ересек тұрғындар үшін бастауыш және орта кәсіптік білімнің қолжетімді болуын арттыру үшін жағдайлар жасау;
бастауыш және орта кәсіптік білімнің мемлекеттік емес секторын, орта кәсіптік білімі бар жұмысшылар мен мамандарды даярлау мен қайта даярлауды қолдау;
бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мен дамыту;
бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру
Мақсаты - орта мектептерді, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың түлектерін кәсіптік даярлау үшін жеке адамның білім алу тұрғысындағы қажеттіктерін және ел экономикасы мен әлеуметтік саланың әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандарға мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орнының түлектерін қайта даярлау үшін жағдайлар жасау.
Негізгі міндеттері:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;
білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
студенттерді даярлауда, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу;
профессорлар-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың тиімді жүйесін^ұру мен дамыту;
оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, дистанциялық білім беруді дамыту;
жоғары кәсіптік білім алу үшін жастарға мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім беру кредиттерін берудің тетігін жетілдіру. Ауылдық жерге, шалғай және құлдыраған аудандарға жұмысқа жіберілетін мамандар үшін жеңілдіктер көзделетін мемлекеттік білім беру кредиттері мен студенттік кредиттерді өтеудің жаңа тетігін әзірлеу мен енгізу;
академиялық және салалық ғылымның жоғары біліммен кезең-кезеңімен интеграциялануы.
Тәрбиелеу жүйесін жетілдіру
Мақсаты - қазақстандық елжандылық, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапа қасиетін қалыптастыру.
Міндеттері:
білім беру ұйымдарындағы оқушылардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін әзірлеу мен енгізу;
балалар мен жастардың бұқаралық қоғамдық ұйымдарын дамытуды қолдау;
қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың желісін сақтау және одан әрі дамыту;
қосымша білім беретін педагогтерді, сынып жетекшілерін, білім беру ұйымдарындағы академиялық топтардың кураторларын және тәрбие проблемалары бойынша білім басқармалары органдарының қызметкерлерін қайта даярлау;
балалардың, жасөспірімдер мен жастардың құқық бұзуының, қылмыс істеуі мен бақылаусыз қалуының алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу мен негізгі міндеттерді шешу барабар ресурстық қамтамасыз етуді, атап айтқанда:
тиісті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруды;
білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуының қаржы-экономикалық тетіктерін жетілдіруді;
білім беру ұйымдары желісін тиімді дамытуды;
білім беру жүйесінің кадрларын даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуды және олардың біліктілігін жоспарлы түрде арттыруды;
оқыту мен тәрбиелеу процестерін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді жақсартуды;
оқытудың жаңа технологияларын енгізуді;
білім беру жүйесін, ақпараттандыруды қоса алғанда, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартуды талап етеді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ІСКЕ
АСЫРУТЕТІГІ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балалар бақшасы бұл күндері де үздіксіз білім берудің бірінші сатысының және балалардың ерте бастап әлеуметтенуінің тиімді моделі болып қалып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz