Шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайын талдау мазмұны мен әдістері



Шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайын талдау
мазмұны мен әдістері
Қаржылық есеп беру және оны талдау
Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
Шаруашылық субъектісінің кірістілігін талдау.
Шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігін
және іскерлік белсенділігін талдау.
Шаруашылық субъектісінің кәсіпкерлік тәуекелі мен потенциалды банкротталуын талдау
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектісінің қаржы шаруашылық қызметінің жаңа материалдық жоспарының, қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономикалық жағдайға сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операциялардың жазып, көрсетудің дәстүрлі бұхгалтерік қызметі көптеген қаржылық ақпараттарды пайдаланудың сұрақ, тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін барлық ақпараттар белгілі түрде өзгертілуі қажет.
Қазіргі жағдайда бұхгалтерлер қаржы нәтижесін қалыптастырудың әртүрлі әдістерін білуді кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияның іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алу саны басшылыққа ұсынуы керек.
Бухгалтер қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдаудың ажырамас бөлігі болып табылатын қаржы менеджментіне дейін өсім, айтарлықтай өзгереді.
Қоғамда қаржылық талдаудың біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды.
Есептеу жүргізбей шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды салыстырмай шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайын талдау
мазмұны мен әдістері
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектісінің қаржы шаруашылық
қызметінің жаңа материалдық жоспарының, қолданысқа енгізілуі және қаржылық
есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі
нарықтық экономикалық жағдайға сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін
жасауды қажет етеді. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операциялардың жазып,
көрсетудің дәстүрлі бұхгалтерік қызметі көптеген қаржылық ақпараттарды
пайдаланудың сұрақ, тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе
көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін барлық ақпараттар белгілі түрде
өзгертілуі қажет.
Қазіргі жағдайда бұхгалтерлер қаржы нәтижесін қалыптастырудың әртүрлі
әдістерін білуді кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияның іс жүзіне
асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алу саны басшылыққа ұсынуы
керек.
Бухгалтер қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдаудың
ажырамас бөлігі болып табылатын қаржы менеджментіне дейін өсім, айтарлықтай
өзгереді.
Қоғамда қаржылық талдаудың біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туындайды.
Есептеу жүргізбей шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер
ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды салыстырмай шаруашылықты
ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорындарынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері алдында өзінің өндірістік кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – осы, кәсіпорын белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен
өз қарыз – міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстары мен
қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы
тұрақтылығына тікелей байланысты болады. Қаржылық жағдайы талдаудың басты
міндеттемелеріне келесілерді жатқызуға болады:
1. Қаржылық жағдайларға баға беру мен есеп беру мерзіміндегі өзгерісі.
2. Акт, олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкес оларды таратудағы
және пайдалылығындағы тиімділікті зерттеу.
3. Ай налым капиталының көлемі және ағымдағы міндеттемелер
арақатынасын анықтау.
4. Қаржы есептік және несие ережесін сақтау.
5. Кәсіпорын акт-мен және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.
6. Ағымдағы актілердің айналымдылық есебі.
7. Баланстардың өтімділігін талдау.
8. Кәсіпорын табыстылығы.
9. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.
10. Кәсіпорын қаржы стратегиясын айқындау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның қаржылық қызметін қорытындылаушы
кезеңі болып табылады. Ол үшін саланы қамтиды:
1) Жабдықтау.
2) Өндіріс
Бұлардың жиынтығы коммерциялық өндірістік және қаржылық қызметті
құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және таратылған капиталдың көлеміне және құрамына өзгеріс әкелетін
қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуін, тиімді
пайдалануына есеп және несие тәртібін сақтауға меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы ара-қатынастың рационалдығына, сондай-ақ,
кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық өндірістік және
коммерциялық жақтары арасындағы тығыз байланыс пен өзара тиімділік бар.
Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі көбінесе оның өндірістік сату
көрсеткіштерімен анықталады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру үшін және жеткізу үшін
кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың
қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі
жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс
бар. Ол ақша қаражатының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің
іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқталуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың
тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай
отырып, қаржы ресурстарын соншалықты аз жұмсайды және керісінше.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі. Қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен негізгі алты әдісті бөліп
қарастыруға болады:
1. Көлденең талдау
2. Тікелей талдау
3. Тренттік талдау
4. Салыстырмалы талдау
5. Факторлық талдау
6. Қаржылық коэфициент әдісі
Көлденең талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен
салыстыру ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі
баптарының абсолюттік және анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін
әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржы көрсеткіштерінің құрылымын анықтау,
ол жалпы баланс немесе оның бөліктері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке
баптардың үлес салмағын анықтайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бір қатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді, басқаша айтқанда тренттік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трентті яғни, жеке
кезеңдердің дербес еркшеліктері мен кездейсоқ әсермен тазартылған көрсеткіш
динамикасының негізгі тенденциясын көрсетеді.
Салыстырмалы талдау – бұл фирмалардың еншілес фирмалардың, бөлімдердің,
цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрамына көрсеткіштерін
шаруашылық ішінде талдау. Сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа
саланың орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың
көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке
тигізетін әсерін зерттеудің ДЕ терминдік немесе реттелмеген тәсілдері
көмегімен талдау, сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді
оның құрамдас бөліктері.

Қаржылық есеп беру және оны талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық қамсыздандыру
жүйесі:
а) Бухгалтерлік баланс
б) Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп.
в) Ақша қаражаттарының қоғам туралы есеп.
Бухгалтерлік баланс (БЕС №2) –есепті жылдың басындағы және соңындағы
кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады:
1. Баланс меншік иелерін шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен
танысады.
2. Басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орнын,
таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы, басқару шешімін
қабылдау туралы түсінік алады.
Баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолдануға да
пайдалануға мүмкіндік береді.
Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлік, мүліктік және жеке
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме – бұл тұлғаның белгілі бір элементі басқа бір тұлғаның
пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу, бір іс-
әрекеттен бас тарту, ал несие беруші қарыз адамнан өзінің міндетін
орындауын талап етуге құқығы бар.
Меншікті капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері.
Балансты құру принципі, активтер олардың өнімділік деңгейіне байланысты
өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер-
төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты, мерзімнің жеделдігі азынан
көбіне қарай.
Субъект қызметінің қаржылық нәтиже туралы есеп № БЕ.С анықталады. Онда
заңды тұлғалардың рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық
қызмет нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың
тәртібі көрсетіледі. Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың
барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау
барысында есепке алынады. Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни
табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану
жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңдегі жұмсаған ақша
қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме
саны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті
кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін
бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет – субъектілердің табыс алу жөніндегі негізгі
қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ
басқа да бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және
сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет – бұл қызмет нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз
қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгерісіне ұшырайтын субъектінің қызметі
болып табылады.
Экспресс талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы
мен даму динамикасының көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып
табылады.
Ол үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1. Дайындық
2. Қаржылық есепте алдын-ала шолу жасау.
3. Балансты экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа
сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның дайындығына көз жеткізу.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.
Үшінші кезеңнің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның
қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады.
Мұнда бұхгалтерлік баланспен жұмыс істеу.
Балансты оқи білу дегеніміз – Бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны
бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі рөлін, басқа да баптармен
байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін –
мынадай мүмкіндік береді.
Балансты оқу процесінде әр бапты 2 аспектіде қарастыру қажет:
1. Экономикалық мазмұны, көлемі және динамикасы бойынша.
2. Баланстың қарама-қарсы жағының қандай бабымен корреспонденцияланады.
Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады:
1) 12,10 қалдық құны олардың бастапқы құнынан асып кетпейді, себебі, ол
бастапқы құн тозу Е алып тастағанда шығады.
2) 222 сатып алу бағасы, егер де жеңілдік болмаса, онда сату бағасынан
төмен болады, себебі, сату бағасына саудалық үстеме баға қосылады.
3) Мемлекеттік кәсіпорындағы жарғылық капитал бабының сапасы қалдық
құнымен көрсетілген 12, 10 баптарының жалпы сомасынан көп болады.
Балансты оқу барысындағы маңызды әрекеттерінің бірі – Осал баптарын
анықтау болып табылады.
Мұндай баптарға Жабылмаған зиян және қайтарылуы қамтамасыз етілмеген
несие баптарын жатқызуға болады.

Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің
орнықтылығының негізгі анық қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып, қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Қаржы тұрақтылығы – табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Қаржы
тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және
кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылық негізгі бөлігі болып табылады. Ал
кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ол ең алдымен әрдайым табыстың
шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық
жағдайында ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап
етеді, және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаумен, несие берушінің,
жұмысының және т.б. ұйымдармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы
тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар
мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы кәсіпорында өндірісті
дамытуға оның материалды техникалық базасын жақсартуға мүмкін.
Кәсіпорынның актілерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіші
мобильді және иллюбильді қаражаттар қатынасының коэфициенті.

М және и.қ.қ.к = ағымдағы активтер.
ұзақ мерзімді активтер.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай күйінде қандай сапалық өзгерістер
болғанын зерттеу қажет. Онда анықталады:

1) Н.қ.нақты құн.коэф = қалд.құн бойынша н.қ.
баланс валютасы
Бұл кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын сипаттайды:
2) Н.қ.техникалық жағдайын сипаттайды:

а) Н.қ.тозу коэф = н.қ.тозу Σ________
н.қ.бастапқы құны

б) Н.қ.жаңару коэф = келіп түскен ке.қ.____
кез.соң.н.қ.баст.құны

в) Н.қ.жарамд.коэф = н.қ.қалдық құны__
н.қ.бастапқы құны
Талдаудың келесі кезеңі болып баланс активтерінің құрылу көздерін
талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу
және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарауға алынған капиталдың да
есебінен жүргізілуі мүмкін. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған
капиталдың арасындағы қатынас оның қ.қ. тұрақтылығын көрсетеді. Нарық
қатынасы жағдайында ко-ң қызметі және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Қаржылық жағдайды экспресс - талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесі
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның табысы мен шығысын талдау
Қаржылық жағдайы
Арагон ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Пәндер