Қазақстанның көлік кешені



1. Қазақстанның көлік кешені
2. Темір жол көлігі
3. Автомобиль көлігі
4. Су көлігі
5. Құбыр көлігі
6. Әуе көлігі
7. Көлік және айналадағы орта
Көліксіз халық шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Ол арқылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында өндірістік байланыс орнайды. Олардың арасында, сондай-ақ облыс, аудан, қала мен ауыл арасында өнім алмасу жүреді, сыртқы саудаға жол ашылады.
Көліктің міңдеті — халық шаруашылығы мен халықтың жүк пен жолаушы тасымалдау жөніндегі қажетін толық қанағаттандырып, түрлі аймақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
Көлік территориялық еңбек бөлінісінің негізі болып табылады. Тек көліктің көмегімен ғана экономикалық аудавдарды мамавдандырып, кешенді дамыту мүмкін бо-лады. Көлік неғүрлым жетілдірілсе, республикада геогра-фиялық еңбек бөлінісіне, экономикалық аудандардың мамандануы мен кешенді дамуына соғүрлым көп мүмкіндік туады.
Территориясы үлан-ғайыр, табигат байлықтары мен халқы әркелкі орналасқан Қазақстан үшін коліктің маңьтзы аса зор. Республикада құрғақ жолды /темір жол және автомобиль/, әуе, су /теңіз және өзен/, құбыр және электрондық /электр жеткізу желілері/ сияқты көліктің барлық түрі дамыган. Олардың барлыгы қосылып бірыңғай көлік жүйесін түзеді.
Өзара көліктік тораптармен біріккен барлық көлік түрлерінің жиынтығы көлік кешенін қүрайды.
Көліктік тораптар дегеніміз — көліктің бірнеше түрі тоғысып, олар өзара жүк алмасатын пункттер.

Көліктің жүмыс нәтижесін жүк айналымынан білуге болады, оны тонна-километрмен өлшейді.
Жүк айналымы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалдайтын жүк мөлшері.
Көлік түрлерінің, оларды жасап және пайдалануға жүмсалған шығындары, яғни тасымалдың өзіндік қүны бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Темір жол, тас жол, жүз мыңдаған тонна құбыр кететін құбыр жолын салу өте қымбатқа түседі. Өзен, теніз, әуе жолдары едәуір арзан.
Көліктің еңбекті хөп қажет ететін түрлері — автомобиль және әуе көлігі, еңбекті аздау қажет ететіндері — құбыр, өзен, теңіз, темір жол көліктері. Жүкті тікелей алушыға жеткізу мүмкіндігінің маңызы зор. Өзен және теңіз көлігі аркылы жүкті тікелей баратын жеріне жеткізу мүмкін емес, өйткені ол жер порт-тан бірнеше шақырым қашықта орналасуы мүмкін. Жүкті түсіріп, темір жол вагонына қайта тиеу қымбатқа түседі. Автомобиль көлігі жүкті қайта тиеусіз, бірден "қақпадан — қақпаға'' жеткізе алады.
Көліктің климат жағдайларына қарамай, жыл бойы үзіліссіз жүмыс істеуінің маңызы зор. Су көлігінің мау-сымдық сипаты бар.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Қазақстанның көлік кешені
2. Темір жол көлігі
3. Автомобиль көлігі
4. Су көлігі
5. Құбыр көлігі
6. Әуе көлігі
7. Көлік және айналадағы орта

1. Қазақстанның көлік кешені

Көліксіз халық шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Ол арқылы өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығы арасында өндірістік байланыс орнайды. Олардың
арасында, сондай-ақ облыс, аудан, қала мен ауыл арасында өнім алмасу
жүреді, сыртқы саудаға жол ашылады.
Көліктің міңдеті — халық шаруашылығы мен халықтың жүк пен жолаушы
тасымалдау жөніндегі қажетін толық қанағаттандырып, түрлі аймақтар
арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

Көлік территориялық еңбек бөлінісінің негізі болып табылады. Тек
көліктің көмегімен ғана экономикалық аудавдарды мамавдандырып, кешенді
дамыту мүмкін бо-лады. Көлік неғүрлым жетілдірілсе, республикада геогра-
фиялық еңбек бөлінісіне, экономикалық аудандардың мамандануы мен кешенді
дамуына соғүрлым көп мүмкіндік туады.
Территориясы үлан-ғайыр, табигат байлықтары мен халқы әркелкі
орналасқан Қазақстан үшін коліктің маңьтзы аса зор. Республикада құрғақ
жолды темір жол және автомобиль, әуе, су теңіз және өзен, құбыр және
электрондық электр жеткізу желілері сияқты көліктің барлық түрі дамыган.
Олардың барлыгы қосылып бірыңғай көлік жүйесін түзеді.
Өзара көліктік тораптармен біріккен барлық көлік түрлерінің жиынтығы
көлік кешенін қүрайды.
Көліктік тораптар дегеніміз — көліктің бірнеше түрі тоғысып, олар
өзара жүк алмасатын пункттер.

Көліктің жүмыс нәтижесін жүк айналымынан білуге болады, оны тонна-
километрмен өлшейді.
Жүк айналымы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа
тасымалдайтын жүк мөлшері.
Көлік түрлерінің, оларды жасап және пайдалануға жүмсалған шығындары,
яғни тасымалдың өзіндік қүны бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Темір
жол, тас жол, жүз мыңдаған тонна құбыр кететін құбыр жолын салу өте
қымбатқа түседі. Өзен, теніз, әуе жолдары едәуір арзан.
Көліктің еңбекті хөп қажет ететін түрлері — автомобиль және әуе
көлігі, еңбекті аздау қажет ететіндері — құбыр, өзен, теңіз, темір жол
көліктері. Жүкті тікелей алушыға жеткізу мүмкіндігінің маңызы зор. Өзен
және теңіз көлігі аркылы жүкті тікелей баратын жеріне жеткізу мүмкін емес,
өйткені ол жер порт-тан бірнеше шақырым қашықта орналасуы мүмкін. Жүкті
түсіріп, темір жол вагонына қайта тиеу қымбатқа түседі. Автомобиль көлігі
жүкті қайта тиеусіз, бірден "қақпадан — қақпаға'' жеткізе алады.
Көліктің климат жағдайларына қарамай, жыл бойы үзіліссіз жүмыс
істеуінің маңызы зор. Су көлігінің мау-сымдық сипаты бар.
Жүк айналымының қүрылымы экономикалық аудандардың мамавдануына,
шикізат және отын базасының орналасуына, ауданда өңдеуші өнеркәсіптің
дамуыка байланысты. Экономикалық ауданның әрбір типіне жүк айналымының
өзіндік қүрылымы сәйкес келеді, ал келіктің қандай түрінің басым қолданылуы
ауданның географиялық орнына байланысты. Мәселен, кен өндіру, қара
металлургия мен ауыр машина жасау өнеркәсібі күшті дамыған көмірлі-
металлургиялық Қарағанды ауданындагы жүк айналымы қүрылымында тас көмір,
қара металдар басым орын алады. Жүк негізінен темір жол-мен тасымалданады.
Мүндай ауданның көлік балансында ішке тасымалдаудан гөрі сыртқа тасымалдау
көбірек.
Әрбір өнімнің өзінің өндіретін ауданы мен шыгарылатын аймағы бар.
Басты жүк тасқындарына тас көмір, мүнай мен мүнай өнімдері, астық, шитті
мақта, тері жатады. Тас көмірдің негізгі жүк тасқындары ірі көмір базасы
орналасқан жерлерде қалыптасады.
Қазан революциясына дейін жолсыз өлке болған Қазақстанның шексіз
даласын тек керуен соқпақтары ғана кесіп өтетін. Арбаға теңдеп жүк артатын
көлік қана кең таралған-ды. Ең жедел көлік аңыз, ертегілерде жырланатын
жүйрік ат еді. Қиыр түкпірдегі ауылдан үлкен қалаға немесе жәрмеңкеге
барғысы келгендер ап-та, тіпті айлап жол жүретін.
XIX ғасырда Қазақстан жерінде Ресей империясы әскери тірек бекіністері
мен егіншілікті кәсіп еткен орыс халқы шоғырланған шет аймақтарда почта мен
сауда көліктерінің бірқалыпты қатынауына бейімделген даңғыл почта жолдарын
сала бастады. Бүл үшін қазақтардың табиғат жағдайлары жагынан ең шүрайлы
жайылымдық жерлері тартып алынып, Ресейден қоныс аударып келгендерге
берілді.

Өзен бойларындағы қүнарлы жерлерге Ресей мек Сібірден ауып келгевдер
қоныстанды. Жүктің көбі ас-тық, түз, ағаш Ертіс арқылы тасымалданды.
Сырдария өзенімен ағаш ағызьшып, Аралда пароходтар жүк тасы-ды, Каспий
теңізі арқылы Ембі мүнайы тасымалданды.
Республиканың табиғат байлығын игеру, оларды өңдеу орталықтарын қүру,
егіншілік пен мал шаруашы-лығын дамыту үшін жолдың барлық түрін салу қажет
болды.
Қазақстан континентті республика және оның территориясында кеме
жүзетіндей өзендер жоқтың қасы болғандықтан, республика ішіндегі, сондай-ақ
көршілес елдермен байланысты қамтамасыз етуде темір жол көлігі басты рөл
атқарады.

2. Темір жол көлігі

Бүл жүктің барлық дерлік түрін тасымалдай алады және ол онша қымбатқа
түспейді. Солтүстік Қазақстак территориясын үш Сібір магистралы кесіп
өтеді.Петро-павл арқылы Транссібір магистралының кішкене бөлігі өтеді.
Екінші темір жол желісі Магнитогордан Қарталыға, одан әрі Ақмола —
Петропавл — Барнаулға барады. Ол — аса ұзын Оңтустік Сібір магист-ралының
бөлігі. Үшінші желі — Орта Сібір магистралының бөлігі. Ол Қостанай —
Көкшетау — Қайманашық — Қарасуық — Обьтағы Камень — Барнаул қалаларын
жалғастырады. Бүлар Сібір мен Қиыр Шығыстан Уралға, Ресейдің еуропалық
бөлігіне транзит жүктердің көмір, ағаш қуатты таскынын жеткізуге
арналған. Солтүстік Қазақстан территориясын-да Орталық және Батыс
Қазақстанмен салыстырғандз темір жол желісі жиі орналасқан.
Темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру үшін транссібір
магистралдарыңың жүк көп тасылатын Қарағанды — Ақмола — Петропавл
учаскелері электрлендірілген. Бұл жерлерде қуатты, шапшаң, үнемді
тепловоздар мен электровоздар, көп жүк сиятын вагон-дар, жабдықталған
автотіркемелер қатынайды. Пойыздар қозғалысын басқару автоматтандырылып,
орта-лықтандырылған.
Қазақстан территориясынан өтетін Сібір темір жол магистральдары оның
экономикасының дамуына оңды әсерін тигізді.
Мәселен, Қарталы — Ақмола — Павлодар темір жолының салынуы Торғай
алабының темір кені базасын іске қосып, одан әрі дамытуды жеделдетті,
Солтүстік Қазақстанның тың жерлерін игеруде маңызды рөл атқарып, Уралға
қарай Қарағанды көмірін тасымалдауға төте жол ашты. Акмола — Павлодар темір
жол уча-скесі Екібастүз көмірін іске жаратуға, Бозшакөл мыс кені мен
Майкүбі көмір алабын игеруге жағдай жасады. Бүл жолды салу Қазақстандағы
ірі Павлодар — Екібас-тұз территориялық-өндірістік кешенінің қалыптасуын
тездетті.
Ақмола — Қарағанды жолын салу Орталық Қазақстанда қуатты өнеркәсіп
кешенін қүруға көмегін тигізді. Қарағанды көмірі енді төте жолмен Уралға
жеткізілді. Сонымен қатар бүл жол Орталық және Солтүстік Қазақстан
аудандарын өзара байланыстырды.
Түркістан — Сібір темір жолы Кенді Алтайда ме-таллургия өнеркәсібінің
дамуына күшті ықпал жасап, Қаратау алабында химия өнеркәсібінің дамуына,
сондай-ақ ірі машина жасау, химия, ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері орталықтарының пайда болуына көмегін тигізді. Сөйтіп, Түрксіб
республиканың оңтүстігі мен шығысындағы қатынас жолдарының орталығына
айналды. Жол негізінен мақта, көкөніс, жеміс және басқа өнімдерді Сібір,
Қиыр Шығыс және бүрынғы одақтың еуропалық бөлігіне тасымалдауға арнап салын-
ды.
Үшінші трансқазақстан магистралы солтүстіктен оңтүстікке қарай
Петропавл — Қарағанды — Мойын-ты — Шу арқылы өтеді. Бүл арқылы Қарағанды
көмірі, қара және түсті металдар, тың астығы, Орталық және Солтүстік
Қазақстан халық шаруашылығының басқа да өнімдеріне Оңтүстік Қазақстан мен
Орта Азия мемлекеттеріне қарай төте жол ашылды. Магистраль Орталық
Қазақстанның кен байлығын өндіріп, игеруге көмегін тигізді.
Қазақстанда ірі темір жол тораптары жоқ, дегенмен Арыс, Луговой,
Октябрь, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Тобыл сияқты және т. б. түрлі
бағыттағы жолдар тоғысатын станциялар бар.
Барлық ірі темір жол магистралынан не үзын, не қысқалау тармақтар
шығады. Олардың бәрі пайдалы қазба кен орындарын игеруге байланысты
салынған. Ор-та Сібір магистралынан Торғай алабының темір кені орындарын
игеруге арналған Қостанай — Тобыл — Лисаков тармағы; Жітіқара асбест кен
орындарына То-был — Жітіқара тармағы; Торғай бокситтеріне Есіл — Арқалық
тармағы; полиметалл және темір кен-дерін игеруге Қарағанды — Қарағайлы
тармағы; темір және марганец кендерін Қарағанды металлургия комби-натына
тасымалдау үшін Ақтау — Қаражал тармағы; Балқаш кен-металлургия
комбинатының шикізат базасын дамыту үшін Балқаш — Саяқ темір жол тармағы са-
лынған. Түрксібтен Текелі қорғасын кеніштеріне тармақ шығады. Ақтоғай —
Достық темір жол тармағы Қытай Халық Республикасына кетеді. Жамбылдан
Қаратау мен Жаңатастағы фосфорит кендеріне, Шымкенттен Ленгірдегі көмір кен
орындарына, Жезқазғаннан Жездідегі марганец кеніштеріне, Октябрь — Ор темір
жолынан Хромтау мен Никельтаудың хромит және ни-кель кеніштеріне, Павлодар
облысының түз кәсіпшіліктеріне темір жол тармақтары тартылған. Жезқазғаннан
Жарыққа, одан Қаражалға қарай темір және марганец кеніштеріне "мыс" темір
жол тармағы барады. Жезқазған — Жарық темір жол тармағын са-лу Жезқазған —
Қарсақпай өнеркәсіп торабын дамытып, Атасу темір-марганец кен орындарын
игеруге жағдай туғызды.
Лениногор — Зырян темір жол желісі "полиметалдық" жол ретінде белгілі.
Атырау — Октябрь — Ор "мүнай" темір жол желісі де бар. Ол Ембі мүнайын Ре-
сейге шығаруға мүмкіндік берді.
Батыс Қазақстанда ендірілетін мүнайдың түгелге жуығы, Атырау мүнай
өңдеу зауытына жөнелтілетін мөлшерін қоспағанда, Республикадан тыс жерлерге
шығарылады.
Сонымен қатар "мұнай" темір жолы Орал — Ембі мүнай алабын тездете
игеріп, Ақтөбе — Мүғалжар маңы өнеркәсіп ауданын дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Әкімшілік орталығы және күрік ауылдық округінің жалғыз елді мекені
Көлік кешені, темір жол
Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі
Көлік саласы қызметтерін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Көлік геграфиясы
Көлік жүйесін өңірлік дамыту
Пәндер