Лабораториялық жұмыстар, файлдарды пайдалану


12-13 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

ФАЙЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Файл - сыртқы есте сақтау құрылғыларында (магниттік дискілерде) орналастырылған және мәлімет өңдеу, тасымалдау кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны.

Файлдармен жұмыс істеу үшін оларды алдымен ашу керек, яғни файл туралы мәліметті - атын, адресін программаға белгілі ету қажет.

Си тілінде файл ашу fopen () функциясы арқылы орындалады. Ол сыртқы құрылғыдағы физикалық файлды, мысалы, А:\NUR. DAT, программадағы оның логикалық атымен байланыстырады. Логикалық ат дегеніміз - файлға нұсқауыш, яғни файл туралы мәлімет сақталатын жады аймағына сілтеме жасау. Файлға нұсқауыш сипатталуы тиіс.

Сонымен, файлдармен жұмыс істегенде нұсқауыштар қолданылады. Файлға нұсқауыш мынадай түрде сипатталады:

FILE *fp;

мұндағы FILE типі - <stdio. h> тақырыптық файлында анықталған құрылым. Бұл нұсқауышты көрсетілген файлмен сол файл ашылғаннан бастап, байланыстырып қоюға болады. Ол үшін келесі функция пайдаланылады:

fopen ("файл адресі/аты", "қатынасу типі") ;

ол файлға нұсқауыш мәнін қайтарады немесе қате болса, NULL мәнін береді.

Мысалы, мынадай оператор орындалуы нәтижесінде

fp = fopen ("ex1. txt", "w") ;

жұмыс бумасындағы ex1. txt файлы оған мәлімет жазу (write) үшін ашылады, ал программада бұл файлды fp нұсқауышы арқылы пайдаланамыз (яғни fopen() функциясы файлдың сыртқы атын оның программада қолданылатын ішкі логикалық атымен байланыстырады) .

Сонымен, файлды ашатын fopen() функцияcының жалпы жазылуы:

fp = fopen(name, mode)

мұнда fp - файлға сілтейтін нұсқауыш; name - файлдың адресін де көрсетуге болатын аты, көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады; mode - файл қандай режимде қолданылатынын көрсететін параметр, бұл да символдар тіркесімен төмендегідей түрде жазылады:

" r " - файлды оқу үшін ашу (файл бұрын ашылған болуы тиіс) ;

" w " - бос файлды информация жазу үшін ашу;

" a " - файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;

" r+ "- файлдан информация оқу және оған информация жазу үшін ашу) ;

" w+ "- бос файлдан информация оқу және оған мәлімет жазу үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі) ;

" a+ "- файлдан информация оқу және оның соңына информация қосып жазу үшін ашу) .

" t " - файл мәтіндік (текстік) режимде ашылады, ол rt, wt, at, т. с. с. болып көрсетіле береді.

" b " - файл екілік режимде ашылады, rb, wb, ab, т. с. с. болып көрсетіле береді.

Келісім бойынша файл көбінесе мәтіндік режимде ашылады.

Файлмен жұмыс істеп болған соң, оны жабу үшін келесі функция қолданылады:

fclose(файл_нұсқауышы) .

Файлға мәлімет жазу/оқу үшін жалпы енгізу/шығару функциялары тәріздес бірсыпыра функциялар пайдаланылады:

fprintf(), fscanf(), fputs(), fgets(), getc(), putc(), fgetc(), fputc() .

Бұлардың ішіндегі getc() /fgetc(), putc() /fputc() функциялары әрекеттері ұқсас, айырмашылықтары тек getc () пен putc () макроанықтаулар да, aл fgetc () және fputc () - нағыз функциялар болып табылады.

Барлық файлдық функциялар прототиптері <stdio. h> файлында орналасқан.

Файлдардан мәлімет жазу/оқу әрекеттерін үш топқа бөлуге болады:

- символдарды енгізу/шығару операциялары;

- сөз тіркестері жолдарын енгізу/шығару операциялары;

- блок бойынша енгізу/шығару операциялары.

Символдарды енгізу/шығару операцияларында файлдан бір ғана символ оқылады немесе оған бір символ жазылады. Мысалы:

fgetc(FILE *fp) ; ашылған файлдан символ оқиды.

fputc(int ch, FILE *fp) ; ch символы кодын файлға жазады.

Сөз тіркестері жолдарын енгізу/шығару операцияларында бір мәлімет алмасуы кезінде файлдан сөз тіркесі жолдары оқылады немесе оған сөз тіркесі жазылады. Мысалы:

gets(char *S) ; файлдан мәлімет байттарын '\n' символы кездескенше біртіндеп оқиды да, оларды S тіркесіне орналастырып, '\n' символын ‘\0’ (нөл-терминатор) белгісіне айналдырады.

fgets(char *S, int m, FILE *fp) ; fp түрінде сипатталған файлдан байттарды оқып, оларды '\n' символы кездескенше немесе m байт оқылып біткенше S тіркесі мәні ретінде жазып шығады.

Блок бойынша енгізу/шығару операцияларында мәліметтер алмасу олардың бір блогын толық қамтиды. Мысалы:

fread (void *ptv, int size, int n, FILE *fp) ;

мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет) .

fwrite (void *ptv, int size, int n, FILE *fp) ;

мұнда ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.

fprintf және fscanf функцияларын пайдалану

fprintf - файлға информация жазу үшін, ал fscanf - файлдан информация оқу үшін қолданылады. Олардың жалпы жазылу түрі:

fprintf(fp, “спецификация шаблоны”, p) ;

мұндағы p -өрнек ;

fscanf(fp, “спецификация шаблоны”, адрес) ;

Мысал : Бүтін сандар тізбегін n=5 пернелерден енгізіп, оларды файлға жазу керек болсын.

// файл ашып, оған 5 сан жазу

#include <stdio. h>

#include <conio. h>

main()

{ int k, i, n=5;

char fname[] ="a:\\num. txt\0";

clrscr() ;

FILE *fp;

fp=fopen(fname, "w") ;

clrscr() ;

printf(" Енгізілген сандар %s файлына жазылады \n",

fname) ;

puts(" Әр сан енгізілген соң, Enter басыңыз \n") ;

for(i=0; i<n; i++)

{scanf("%i", &k) ;

fprintf(fp, "%d ", k) ;

}

fclose(fp) ;

printf(" Енгізілген сандар %s файлына жазылды \n",

fname) ;

getch() ;

}

Нәтижесі:

Енгізілген сандар a:\num. txt файлына жазылады

Әр сан енгізілген соң, Enter басыңыз

1

2

3

4

5

Енгізілген сандар a:\num. txt файлына жазылды

Файлдағы мәлімет: 1 2 3 4 5

Бес бүтін санды n=5 бұрыннан бар file1. txt файлына жазу керек, сол файлды мәлімет қосу үшін ашып, оған 5 сан жазып, сонан соң ондағы мәліметті оқып тексеру керек.

/* файлға мәліметтер қосу */

#include <math. h>

#include <stdio. h>

#include <conio. h>

main()

{ int i, k=0, s=0, n=5, y, x;

char fname[] ="file1. txt";

clrscr() ;

FILE *fp;

fp=fopen("file1. txt", "at") ;

if ((fp=fopen(fname, "at") ) == NULL)

{ printf("\nФайлды ашуда қате болды") ;

getch() ;

return(0) ;

}

puts("Enter арқылы бөліп, 5 сан енгізіңіз:") ;

for(i=1; i<=n; i++)

{scanf("%i", &x) ;

fprintf(fp, "%d ", x) ; }

fclose(fp) ;

getch() ;

}

Нәтижесі:

Enter арқылы бөліп, 5 сан енгізіңіз:

11

22

33

44

55

Файлдағы мәлімет: 1 2 3 4 5 11 22 33 44 55

Дискідегі file1. txt файлын мәліметтер оқу үшін ашып, ондағы мәліметті оқып, файлдағы тақ сандардың қанша екенін және қосындысын табу керек.

/* файлдан мәліметтер оқу */

#include <math. h>

#include <stdio. h>

#include <conio. h>

main()

{ int i, k=0, s=0, n=5, y, x;

char fname[] ="file1. txt";

clrscr() ;

FILE *fp;

fp=fopen(fname, "r") ;

/* Оқу үшін файл ашу */

fp=fopen("fp", "rt") ;

if ((fp=fopen(fname, "rt") ) == NULL)

{ printf("\n Файл ашуда қате болды") ;

getch() ;

return(0) ;

}

puts("Файлдан оқылған сандар:") ;

while(!feof(fp) )

{fscanf(fp, "%i", &y) ;

printf(" %i ", y) ;

if (y%2==0) {s+=y; k=k+1; }

}

fclose(fp) ;

printf("\nТақ сандар қосындысы s = % i,

олардың саны k=%i", s, k) ;

getch() ;

}

fgets және fputs функцияларын пайдалану

Сөз тіркестерімен жұмыс істегенде fgets және fputs функциялары қолданылады:

fgets функциясының жалпы жазылу түрі:

fgets(нұсқауыш, MAXLEN, fp) ;

нұсқауыш - ЭЕМ жадындағы орынға сілтейтін нұсқауыш; MAXLEN - оқылатын тіркестің максимальды ұзындығы; fp - файл нұсқауышы.

Мысалы:

#define L 20

main()

{

FILE *fp;

char *st[n] ;

fp=fopen(“stroka”, ”r”) ;

while(fgets(st, L, fp) !=NULL)

puts (st) ;

}

Файлдарға сөз тіркестерін жазу үшін fputs функциясы келесі түрде қолданылады:

status=fputs(қатар нұсқауышы, fp) ;

status - бүтін сан, оның мәні eof функциясында жазылады, егер fputs() функциясы файлдың соңына шыққан болса немесе қате тапса, fputs функциясы жазылатын жолдың соңына /0 символын жазбайды.

Төменде осы функцияларды пайдалану мысалы келтірілген.

//

#include <stdio. h>

void main ()

{

int n;

char str[50], str1[50], ch;

FILE *fp;

// Файлға мәлімет жазу

fp = fopen("ex. txt", "w") ;

puts ("Бүтін сан енгізіңіз: ") ; scanf("%d", &n) ;

fprintf (fp, "%d\n", n) ;

puts ("Символ енгізіңіз: ") ; ch=getchar() ;

putc (ch, fp) ;

puts ("Сөз тіркесін енгізіңіз: ") ; gets(str) ;

fputs(str, fp) ;

fclose(fp) ;

// Файлдан мәлімет оқу

if((fp = fopen("ex. txt", "r") ) != NULL)

{

fscanf (fp, "%d", &n) ; printf ("n=%d\n", n) ;

ch = getc (fp) ; putchar (ch) ;

fgets(str1, 50, fp) ; puts (str1) ;

fclose (fp) ;

}

else printf ("\nФайлдан мәлімет оқылмайды!") ;

}

Мұндағы fgets() функциясының екінші параметрі N - оқылатын символдар саны, оған '\0' белгісі де қосылады. Бұл функция өз жұмысын N-1 символын оқығаннан кейін немесе '\0' белгісі кездескенде аяқтайды. Екеуінде де сөз тіркесі соңына '\0' белгісі қосылады. fgets() функциясы оқылған сөз тіркесі адресін қайтарады немесе файл оқылып болғанда (не қате шықса), NULL белгісін береді.

fputs() функциясы әрекет дұрыс орындалса, соңғы оқылған символ кодын қайтарады, ал қате болса, EOF (файл соңы) белгісін береді. Бұл функция курсорды автоматты түрде келесі жолға көшірмейді.

Жоғарыдағы функциялар файл мәліметтерін біртіндеп, символдан соң келесі символды қарастыра отырып өңдейді. Си тілі файлдармен жиым сияқты жұмыс істеуге де мүмкіндік береді, яғни кез келген байтты жеке өңдеуге де болады. Файл ішіндегі белгілі бір орынды айқындау үшін мына функция қолданылады:

fseek(файлға нұсқауыш, бастапқы нүктеден ығысу, бастапқы нүкте) ;

Екінші аргумент типі long , оның мәні оң да, теріс те болуы мүмкін. Ол бастапқы нүктеден қанша орынға (байтпен) ығысу керек екендігін көрсетеді. Үшінші аргумент файлдағы бастапқы нүкте орнын анықтайтын код болып табылады. Осы код үшін мынадай мәндер тағайындалған:

  1. - файл басы;
  2. - ағымдағы позиция;
  3. - файл соңы.

Дұрыс орындалғанда, fseek() функциясы 0 мәнін береді, ал егер қате (мысалы, файлдың сол жақ шекарасынан ары аспақшы болғанда) болса, онда -1 береді.

fwrite және fread функцияларын пайдалану

Құрылымдарды пайдаланатын файлдармен жұмыс істеу кезінде fread() /fwrite() функцияларын пайдаланған ыңғайлы. Олардың жазылуы:

fread(ptr, size, n, fp) ;

мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет) .

fwrite (ptr, size, n, fp) ;

мұнда ptr нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.

Осы функцияларды қолданудың бір мысалын келтірейік:

typedef struct

{

char author [30] ;

char title [50] ;

int pages;

} BOOK;

BOOK b1={"Kernighan", "С Language", 256}, b2;

FILE *fp;

void main()

{ . . .

fp=fopen("struct. txt", "w+") ;

// файл әрі оқу, әрі жазу үшін ашылды

fwrite(&b1, sizeof(BOOK), 1, fp) ;

fseek(fp, 0, 0) ; // маркер файл басына

fread(&b2, sizeof(BOOK), 1, fp) ;

printf("Авторы - %s, аты - %s, беттер саны -

%d\n", b2. author, b2. title, b2. pages) ;

}

Бақылау сұрақтары

  1. Файл дегеніміз не? Ол не үшін пайдаланылады?
  2. Файл қайда орналасады және қалай белгіленеді?
  3. Файл ашу функциясы қалай жазылады?
  4. Файл атын программада қалай анықтаймыз?
  5. Файлдың қолданылу режимдері қалай көрсетіледі?
  6. Файлға мәлімет жазу/оқу функциялары.
  7. Файлға жаңа элемент қалай қосылады?
  8. Мәлімет оқылған файлға мәлімет жазуға бола ма?
  9. Файлдан ақпарат оқу үшін не істеу керек?
  10. Файлға ақпарат жазу үшін не істеу керек?
  11. Символдар мен сөз тіркестерін файлға жазу үшін не істеу керек?
  12. Құрылымдарды пайдаланатын файлдар қандай функцияларды пайдаланады?


ТАПСЫРМАЛАР

1. Файлдан сандар оқып, солардың ішіндегі теріс сандар қанша екенін анықтайтын программа құру керек.

2. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі 6 символдан артық сөздерді экранға шығарып, басқа файлға жазып шығыңдар.

3. Файлдан сандар оқып, солардың арифметикалық ортасын файл соңына қосып жазу керек.

4. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың керісінше жазылған нұсқасын басқа бір файлға жазып шығыңдар.

5. Файлдан сандар оқып, солардың максимумын анықтайтын программа құру керек.

6. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі бос орын орнына сызықша жазып оны басқа бір файлға жазып шығу керек.

7. Файлдан сандар оқып, солардың минимумын анықтайтын программа құру керек.

8. Бір файлда екі сөйлем жазылған, соның екінші сөйлемін басқа файлға жазып шығу керек.

9. Файлдан сандар оқып, солардың көбейтіндісін анықтайтын программа құру керек.

10. Сөз тіркесінен тұратын файлдағы бас әріптерді кіші әріптерге айналдырып, басқа файлға жазып шығу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні дәрістер кешені
Жергілікті жүйелер топологиясы
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Информатика негіздері
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Web торабын құруды оқыту тақырыбы
Рнр технологиясының электронды оқулығын жасау
Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға әдістемелік нұсқаулар
Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесінің обьектілері
Мәліметтер базасын жобалау бойынша электрондық оқулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz