Ислам дінінде ақыретке сенудің қоршаған ортаға тигізетін әсері


Ислам дінінде ақыретке сенудің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Бұл дүние - сынақ дүниесі, ақыреттің егістігі. Бұл дүниеде не егетін болса ақыретте соны орады. Бұл дүниеде жақсы іс істегендер ақыретте сыиын алады. Жаман іс істегендер азабын тартады. Бұл жайында Құран Кәрімде көптеген айтылған аяттар бар. Адамзат бостан босқа жаратылмаған. Жаратылыстың түпкі мақсатын жүзеге асыру, жер жүзінде Аллаһтың халифасы болу, тек қана Аллаһқа құлшылық жасау үшін жаратылған. [1]
Олай болса адам баласы осы міндеттерді атқарумен жауапты. Бұл жайында Құран Кәрімде былай деп баяндалады: «Сендерді бастан аяқ жаратқанымыз және тіпті бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма? Шынайы патша Аллаһ, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол ардақты ғаршының Раббы» (Мүминун сүресі 115 - 116 аят) .
Адамның ақылы ақыретті көруі мүмкін емес. Бірақ аятпен хадис ақыреттің анық және нақты түрде болатындығынан хабар бергендіктен оған сену әр мұсылманның борышы болып табылады
Ғасырымыздың атақты ғалымдарының бірі ақыретке сенбейтіндерді былайша сипаттайды: «Ақыретке сенбеушілердің ең басында арсыздар тұрады. Өйткені ақыреттің бар екендігін бізге Аллаһ Тағала айтқан. Ал Аллаһ Тағала арсыздыққа үзілді кесілді қарсы болуды әмір еткен. Ақыретке әдепсіз де сенбейді. Жұмақ, тозақ, есеп - қисап күні, қайта тірілу жайлы мағлұматтар бізге уахи (Құран) арқылы білдірілген. Олар ойдан, қиялдан шығарылған жоқ. Уахи әдептілікке шақырады. Ал өмірінің негізі жылы төсек, тамақ жеу мен әжетханаға айналғандар ақыретке қалай сенсін. Залым, қанішер, қарақшылар даақыретке сенбейді. Мұндай адамдар ақырет деген сөздің өзін естігісі келмейді. Өйткені олар өз істеген істеріне жауап бергілері келмейді».
Адамның өмір сүру дәуірін және оны алда күтіп тұрған жағдайларды төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Біріншісі - рух жаратылған сәттен бастап, оның денеге үрленуіне дейінгі өтетін рух өмірі.
Екіншісі - адамның туылумен бастау алып өліммен аяқталатын бұл дүние өмірі.
Үшіншісі - өлімнен бастау алып қайта тірілуге дейін жалғасатын қабір өмірі.
Төртіншісі - қайта тірілумен бастау алып, мәңгілікке жалғасатын ақырет өмірі. [2]
Құран Кәрімде адамның дене және рух жағынан жаратылысының үш кезеңнен тұратындығынан хабар береді. Денеднің жаратылуының алғашқы кезеңі топырақтан бастау алады. Екіншісі ана жатыры, ал үшіншісі туылу яғни дүниеге көз ашып келу сәті. Ал, рухтың жаратылу кезеңі болса; алғашқы кезеңі бұл дүниедегі өмір сүру кезеңі, екіншісі қабір өмірі яғниғ барзах әлемі. Ал үшіншісі қабір өмірінен кейінгі қайта тірілуден бастау алатын - ақырет өмірі болып табылады.
Құран тәрбиеде ең алдымен тәрбиеге көңіл аудартады. Мәселен, Хаж сүресінің 5-10 аяттарында қайта тірілу жайында былайша баян далған: «Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін қайта тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді алдымен топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай - ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін, түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Құраған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, жібісіп көпсиді де, әртүрлі көркем өсімдік өсіп өнеді. Осы дәлелдер бойынша шын мәнінде Аллаһ: Ол Хақ. Күдіксіз Ол өлікті тірілтеді. Оның әбір нәрсеге күші жетеді. Әлбетте, қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шексіз Аллаһ қабірдегілерді тірілтеді. Адамдардың кейбірі:білімсіз, жол басшысыз, және сәуге беруші, кітабы жоқ. Аллаһ жайында таласады. Аллаһтың жолынан адастыру үшін тоң мойынлық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде жандандырушы азаптың дәмін таттырамыз. Бұл бұрынан қол екі істегендерінің сазайы. Расында Аллаһ құлдарына зұлымдық қылушы емес». [3]
Алғашқы түскен аяттардың көпшілігі ақыретек байланысты. Егерде ақыретке шынайы көңіомен сенер болса адам санасында үлкен өзгерістер болады. өмірдің мәні ақыретке сенуде жатыр леп, күдіксіз айта аламыз. Өйткені, адам балсы әрбір ісінің есебін бермейтін болсаөмірдің ешшқандай маңызы қалмайды. Ондай болған жағдайда әркім өз білгенімен жүріп өз ойына келгенін істейді. Осылайша, бар нәрсе көркінен айырылып, өмірден ақиқат іздеу бос сандырақ болып қала береді. Халықты зар жылатып, ақысын жеген залым адамдар тиісті жазасын алмаса, онда әділдік деген қайда қалады. Жоқ олар істеген істеріне жауап береді. Әлемді жаратып, әділдікті қалайтын Аллаһ Тағала адам баласының істеген әрбір ісін есепке алатындығын, зілзала сүресінде былайша баяндалады: «Сол күні (ақыретте) адам баласы, амалдарды көрсетілуі топ -топқа бөліп келеді. Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істесеген болса, Ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе оны көреді».
Ислам, адам баласына әрбір ісінің есебін ақиретте беретіндігін айтып, қайда болса да ақиқаттан ауытқымауға шақырады. Адамда ондай сезім болмағандықтан кез - келген істі істеуге дайын тұрады. заң мен милиция арқылы қорқытуымыз мүмкін. Бірақ нәтижесін ойлап көріңіз. Сыртқы күштің бопсалауымен уақытша жамандықтан баас тартуы мүмкін. Олар жоқ болған кезде ойларына келгенін істейді. Түсінікті болуы үшін мысал келтірейік. Мәселен, ылдида тұрған машинанны он адам ұстап тұра алады. Адамдар машинаны жіберер болса, машина домалап кетеді. Сондықтан машинаның ішіндегі тежегіс секілді адамның ішіндегі ақыретке деген сенімнің пайдасын ұмытпаған жөн.
Ақыретке сенушілік адамның бұзылып кеиуі үшін ойдан шығарылған соқыр сезім деушілер кездесіп жатады. Бұларды асығыс шешім қабылдаушылардың қатарына жатқызамыз. Өйткені олар адам баласының кейбір жағымсыз істерінің жазасын ақыретке бармай - ақ осы дүниенің өзінде арының азабына ұшырап, өліп жатқанын ескермейді. Мәселен, 1994 жылы американдық суретші Кевин Картер, Флутзер жүлдесін алу үшін сурет көрмесіне қатысады. Ол халықты, Африкадағы жағдаймен таныстыру мақсатымен БҰҰ-мен Африкаға қарай жол тартады. Аш халық БҰҰ-ның азық таратынын естігенде бар нәрсесін тастап, 1 км жердегі азық түлік машинасына қарай бет алды. Осы мүмкіндікті пайдаланып Картер халқының тұрып жатқан мекеніне қарай аяңдады. Келе жатып ұзақтан анасынан ажырап қалған 4-5 жасар баланың арқасында баланың өлуін күтіп отырған таз қараны байқап қалады. Осы сәтті дереу пайдаланып, суретке түсіріп ала қояды. Сөйтіп қуанышы сыймай еліне оралады. Көрмеде аштардың хал жағдайын суреттегендіктен бас жүлдені деңіп алады. Қуанышын жора - жолдастарымен бөлісіп, кешкісін үйіне оралғаннан кейін суретке қайта көз салып көреді. Суретке қарап отырып санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ ете қалады. «аш балаға наге көмек бермедім?» деген сұрақ үш ай бойы жанын жегідей жеп, ақыры есінен айырылып өз - өзін асып өлтіріп тынады. Міне, ар - ожданның өзі адамды азаптаса, адамның мына дүниедегі әділетсіздіктері үшін азапталар күн неге болмасқа. Сондықтан, ақыретке имна келтіру әділдікті қалау деген сөз.
Пайғамбарымыздың дәуіріндегі ақыреттегі азаптан қорқатын Гамидия есімді әйелдің дасынан өткізге оқиғасы қандай ғибратты десеңізші. «Гамидмя есімді әйел кісі Аллаһтың елшісінің алдына келіп, мен зинақорлық жасадым маған тиісті жазаңды бер деп, жүкті екендігін де жасырмай айтты. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) : «снің мұның болмайды. босағаннан кейін кел», деп кері қайтарады. Гамидия аман - есен босанып, баласын құндақтап пайғамбарымыздың алдына қайтып келіп: «міне балам», - дейді. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) «оны емізіп бағып - қақ. Оңы мен солын танығаннан кейін әкелесің», деп шығарып салады. Арадан біраз уақыт өтіп, бала ер жетеді. Гамидия баласының қолына бір үзім нан беріп, пайғамбарымыздың алдына ертіп келеді де былай дейді: «Міне ер жетті. өзі тамақ жей алатын болды». Сонда пайғамбарымыз (с. а. у. ) : «балаға бұдан былай кім қарайды» деп сұрайды. Балаға қарайтын адам табылғаннан кейіін пайін пайғамбарымыз(с. а. у. ) оған тиісті жазасын береді. ». Гамидияны қайта - қайта пайғамбарымыздың алдына алып барған күш ақиреттегі қоқынышты азап еді. Ол сол азапты ақыретке қалдырғысы келмеді. Ақыретке істеген күнәсынан арылып барғысы келді. Өйткені, ақыреттегі азапты Құранда былайша суреттейді: «Иә осы! Ал, расында азғындар үшін жаман орын бар. Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын. Я, осы! Енді олар қайнар су, ірің татсын! Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар». (Сад, сүресі/54-58)
«Осы, Раббылары жайында таласқан екі әріптес: Қарсы болғандарға оттан киім пішілген төбелерінің үстінен қайнап тұрған су құйылады. Онымен олардың ішіндегілері және терілері ерітіледі. Олар үшін темірде күрзілер болады. Қашан олар тозақтан бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта ітеріледі де: «жандырушы азаптың дәмін татыңдар!», - (делінеді) ». (Хажсүресі, 19-22) . Жеке адамның ақыретке сеуі, оның өзін - өзі тәрбиелеуінен септігін тигізіп, сырттан әсер беретін заң мен құқықтың пайдасын шамалы қылмақ. Бұл бізге «Адамның бастығының аямай сөккенінен гөрі, өзін - өзі айыптау әлде қайда күшті», деген сөзді еске түсіреді. [4]
1) Ақыретке сену барлық нәрседен бұрын адамзат өміріне бір мақсат, бір бағыт, адамның жаратылуындағы мақсат пен сыр-хикметті үйретеді. Құран Кәримде «Қиямет» сүресінің 36-ншы аятында былай делінген: «Адам баласы бос (бақылаусыз түрде) қалдырыла береміз деп ойлай ма?!»
2) Мұндай сенімге ие болған адам және мұндай сенімдіұстанатын қоғам ешқашан да туралықтан адаспайды. Табатын табысын дұрыс және де адал нәрселерден іздейді. Қулыққа, алдауға және парақорлыққа жақын жоламайды. Өз құқығын біледі, өзге жандардың ақысын жемейді. Өйткені ол дүниеде Аллаһымыздың сұрайтынынан қорқады әрі ұялады да.
3) Ақыретке сенген адам - діни және дүниеуи (осы дүниеге қатысты) істері мен міндеттерін кемшіліксіз, сонымен қатар, өз уақтысында орындайды. Өйткені сыйға бөлену немесе жазаға тартылу күнінің бар екендігіне сену, бүкіл адамзаттың осы дүниеде жасаған істерінің салдарынан Аллаһ Тағаланың құзырында сұрақ-жауапқа тартылатындығына сену - оның жүрегінен орын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz