Римдік құқығымен термині мен көне рим құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. Римдік құқығымен термині мен көне рим құқығы . Рим мемлекетінің құл иелену құқық тұсындағы құқығымен айқындалады. Рим мемлекетінің даму тарихы және рим құқығымен және барлық жүйесі шет мемлекеттердің тарихы құқығы құрсінде оқытылады. Римнің азаматтық құқық негіздері пәні мүліктік құқықтың маңызды отбасылық қағидаларын апсолюттық монархия тұсындағы мезгілін қамтиды. Біздің қазіргі қоғамды азаматтық құқытық термині құқықтың мүлік қатынастарын реттейтін аумағында қолданады. Латын тілінде Cibilia - азаматтық дегенді білдіреді. Алайда сивелия қазіргі азаматтық құқыққа толығымен сәйкес келмейді. Бұл терминмен бірден ежелгі Римнің ұлттық құқығы сипатталады. Бұл құқықтық тек Рим азаматына кбриттерге ғана таралған. Сондықтан ол кейде құқықтық деп атайды.

Бұл жағдайда IUS-цивилия халық құқықғына IUS-цивилия қарсы шығады. RENT …. . жентю IUS жентю Римнің барлық тұрғындарына пән соның ішін де перегрин тән құқық болатын көшпенділер бұлар Египеттің Орта Азиядан т. б. келген көшпенділерді мен Рим азаматтарының арасындағы мүліктік құққытары реттейтін болғандықтан ал Рим азаматтарының құқықтарының бірер болып табылады. Рим заңгерлері кен философиялық категорияны қамтитын жол барлық халыққа тән, олардың табиғи құқығын айқындайтын құқықтық деп есептеген IUS цевилия кей жағдайда құқықтың кей жүйесіне қарсы шығады. Олар преторлардың тәжірибесінде және магистраттардың тәжірибесіне қалыптасқан тәжірибесіне қалыптасқан құқық кейде претор деп атайды. Бұл қарсылықта IUS цивилия - халық жиналысында кейіннен синаттан шыққан құқық нормаларын белгілейді. Сонымен азаматтық құқыққа бүгінгі түсінік бойынша Римде 3 аталған жүйе кірген.

  1. Цивилдік құқық
  2. Халықтық құқық
  3. Преторлар құқық

Преторлар - консулдардың көмекшілері, цензорлар - рим азаматтарын триболарға бөлу мақсатында ценздерді орнықтыратын, эдилдер - полициялық міндеттерді жүзеге асырған, квесторлар - консулдардың арнайы мамандануы жоқ көмекшілері плебейлік трибуналар - плебейлердің мүддесін қозғаушылар және төменгі магистраттар - қылмыстарды тергеуімен айналысқан.

Рим құқығының негізгі белгілерін, түсініктерін, терминдерін білу керек. Рим құқығының негізі (сапасы) бүкіл буржуазиялық азаматтық - құқықтық теорияға сіңісіп кетті. Қазір көп қолданылатын терминдердің, түсініктердің пайда болған уақытын білу арқылы олардың шын маңызын да анықтауға болады.

Рим құқығының заңгерлік техникасын, тілін, ішкі құрылысын заңгерлердің білгені жөн. Рим құқығының тарихымен танысу арқылы құқық қалай пайда болады, өзгереді, қандай кезеңдерден өтеді, өзінің ішкі мазмұнын қалай өзгертеді, сыртқы нысаны қалай дамиды деген жалпы мәселелерден мағлұмат алуға болады. Рим, құқығы жеке меншік үстемдік еткен қоғамдық құрылыстардың ең жақсы нысаны.

Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар оның сан ғасырлық тәжірибесін өте жоғары бағалады. Рим құқығы дамуының жоғары сатысы құқықтың жоғары нысаны болып қалды.

Республика түрінде өзінің проблемаларын шешіп, демократиялық әдістерді, институттарды қолданып жатқанда Рим мемлекеті құқығының даму деңгейі төмен болды. Құқықтардың сол кезеңін біз ежелгі құқық кезеңі деп белгілейміз. Оның негізгі қайнар көзі 12 кесте заңдары құқық нысандары болып қалған.

Рим мемлекеті империяға айналып, әлсіреп, ыдырай бастағанша құқық жоғары дәрежесіне көшеді. Рим құқығының ең маңызды құжаты - Корпус Юрис Цивлис Византияда VI ғасырда пайда болған. Бұл Батыс Рим империясының құлаған кезеңі.

2. Рим құқығының негізгі белгілері. Рим құқығының негізгі белгілері-жеке меншіктің неғұрлым абсолюттық құқығын бекіту болып табылады. Бұл тауарлы ақша қатынастарының жоғары деңгейіне байланысты. Рим құқығы құлдарға да толық жеке меншікті бекітіп берді, Рим құқығының келесі белгісі - оның прогрессивтік-консервативтік сипаты. Рим құқығы жылдам өзгеріп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында жөнге салып тұрады. Ол өзінің ішінде ескі заңгерлік институттарды, манципация, квирит, нексум сияқты нысандарды көп уақыт сақтайтын.

Римде тек қана заң қызметкерлері емес, бүкіл құқық сыйлы болатын. Құқыққа осындай көзқарастағы қоғам көбінесе дұрыс шешімдерді сақтап отырды. Ол құқық нормасын бұзуға, жоюға, асықпады.

12 кесте заңдары ата-баба құқығы ретінде жұрттың бәрі көретін көрнекті жерге қойылатын. Ол заңдарды ешкім "мен оқымадым, мен білмеймін" деп айта алмайтын еді. Жаңа құқық нормасын шығарып жатса да, оның бұрынғы атын, негізгі нысанын сақтауға тырысатын. Бұл әрбір Рим азаматы құқық мықты, тұрақты, жеке адамның құқығын, мүддесін қорғайды деп сену үшін істелген нәрсе.

3. Рим құқығының негізгі кезеңдері. Рим құқығының бірінші кезеңі-квирит құқығы. Қоғамның әлеуметтік-нарықтық құрылысы айтарлықтай емес еді, сондықтан құқықтың нысаны өте қарапайым жағдайда болды. Квирит құқығының негізгі белгілері-ішкі тәртіпсіздікті түзету, діни нормалар мен бірлікте болу, бұрынғы заңдармен, әдеттермен байланысты үзбеу еді. Құқық әлі салаға бөлінбейтін. Оның діни рәсімі, дәстүрлік жоралғы сипаттары сақталды. Құқықтық нормалар жалпылама шығарылды, сондықтан ол өте нақтылы, жетілмеген болатын. Квириттердің құқығы преторлардің құқығымен қатар дамыды.

Ежелгі Рим құқығының мұрасының ең маңыздысы 12 таблица заңдары. Бұл құқықтық құжаттың қабылдануыма плебейлер мен патрицийлердің күресі әсерін тигізді. Плебейлер патрицийлердің сотын осы заң бойынша тәртіпке келтірді және өздерінің құқығын қорғады.

Бұл заң б. д. дейінгі V ғасырда қабылданды, Бұл цивилдік құқықтың мұрасы болып табылады.

Бұл құқық бүкіл Римнің зат-мүліктерін манципацияға жататын және манципацияға жатпайтын деп екі түрге бөледі.

Манципацияға жататындар: жер, құл және мал, қалғандары жатпайтын заттар.

Манципация сатушы және сатып алушы, өлшеу және бір кесек жезі бар таразышы және 5 куәгер, Римнің толық құқылы азаматтары. Сатып алушы қолын иыққа қойып: "мен Рим заңдары бойынша 1000 құлды осы жерден сатып алдым" - дейді. Сатушының үндемей тұрғаны келісім бергені деп есептеледі. Жезді өлшеуші өлшеуіштің табағына зат лақтырады, келісім жасалды деп саналады. Осы айтылған процестің бір рәсімі орындалмаса, келісім заңды емес. Мұның өзі Рим құқығында ұсақ формализмнің көп екенін көрсетеді.

Жер бүкіл Рим қауымының меншігі болып саналды. Сондықтан оны сату үшін осындай күрделі манципация процесі керек еді. Қауым жерге, құлға, малға қатысты келісімдерді қадағалайды. Басқа заттардың бәрін еркін сатуға болады. Олардың құны да жоғары.

Нексум-құлдық борыш. Бұл құлдықты да жезбен баянды етеді. Қарызын төлей алмаған азаматқа сот шешімі бойынша бұғау кигізіледі. Өсімқор қарыз алушы адамды үйіне алып кетіп, 3 жексенбі басты базарға шығарып, қарызын төлейтін туысқандарын және жолдастарын іздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының жалпы сипаты
Рим құқығының қайнар көздері
Римдік жек құқық пәні
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдістемесі
Азаматтық құқық - құқық саласы ретінде
Азаматтық құқық түсінігі, пəні, қағидалары
Рим құқығының тарихы
Азаматтық құқық пәні
Азаматтық құқықтың қағидалары
Әдеттегі құқық және заң
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz