Ресеймен өзара қатынастар



Кіріспе.

Негізгі бөлім:
Ресеймен өзара қатынастар.
Қазақ елшілерінің атқарған қызметі.

Қорытынды.
І Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи ролін қайтадан ой елегінен өткізумен және империялық доктринаның ресімделуімен тұтас келді. Оның дүние танымдық негізі еуропалық рационалистік теориялар арсеналынан алынған идеяларды және мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген Ресей ресми топтарының ортағасырлық идеалогиясының эклектикалық құрастырмасы болды.
Империялық санаға Византиямен Рим империясының «мұрагері» Ресейдің басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де, (табиғи құқықпен» де билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйкес алғанда, мемлекеттің күш қуаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және ьодандарының санымен анықталды, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің дне дипломатиялық күрестіңкүрделі айла шарғылардың табиғи нәтижесі болып табылады. Осы түсінікті негізге алған І петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып , «бағы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қайсақ ордаларын» Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріпосы жорықта тілмаш міндетін атқарған А.И. Тевкелевке «милионға дейін жұмсалса да,аса көп шығындарға қармастан ...жан-тәнін салуды,түптеп келгенде, бір парқ қағазбен-ақ Ресей империясының құрамында болуға міндеттелетін болсын» деп ұсынған еді.
Халел Досмухамедулы. «Избранное» Алматы 1998.
Қазақстан тарихы. ІІІ-том

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:
Ресеймен өзара қатынастар.
Қазақ елшілерінің атқарған қызметі.

Қорытынды.

І Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты
жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи ролін қайтадан
ой елегінен өткізумен және империялық доктринаның ресімделуімен тұтас
келді. Оның дүние танымдық негізі еуропалық рационалистік теориялар
арсеналынан алынған идеяларды және мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген
Ресей ресми топтарының ортағасырлық идеалогиясының эклектикалық
құрастырмасы болды.
Империялық санаға Византиямен Рим империясының мұрагері Ресейдің
басқа халықтардың тағдырына құдайлық негізде де, (табиғи құқықпен де
билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға
толық сәйкес алғанда, мемлекеттің күш қуаты және билік етуші монархтың
даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және ьодандарының санымен
анықталды, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің дне дипломатиялық
күрестіңкүрделі айла шарғылардың табиғи нәтижесі болып табылады. Осы
түсінікті негізге алған І петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып , бағы
заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-
қайсақ ордаларын Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріпосы
жорықта тілмаш міндетін атқарған А.И. Тевкелевке милионға дейін жұмсалса
да,аса көп шығындарға қармастан ...жан-тәнін салуды,түптеп келгенде, бір
парқ қағазбен-ақ Ресей империясының құрамында болуға міндеттелетін болсын
деп ұсынған еді.
Сонымен бірге орыс-қазақ қатынастарының даму серпінділігінің
жеделдеуімен олардың мазмұнының тереңдеуі ол кезде Ресейдің стратегиялық
мүдделерімен және сыртқы саясатының мақсаттарымен ғана анықталған жоқ,
сонымен қатар бүкіл халықаралық қатынастар жүйесінің даму серпінділігімен ,
аймақаралық географиялық шекаралардың айқындығымен және тұтастығымен (жер
бетінің жазықтық бедері және Еуразияның орталық бөлігінде оны бөліп жататын
биік тау жоталарының болмауы), Ресей державасының халықаралық беделі мен
еуразиялық дүниедегі халықаралық ықпалының бір факторы ретіндегі оның
әскери-саяси құдіреттілігі мен, демек, Қазақстанның билеуші топтарындағы
солтүстік көршісі мен сауда экономикалық, әскери-стратегиялық және саяси
байланыстардың маңызын түсіну мен, қазақ қоғамы саяси көшбасшыларының
Ресеймен жақындасуының артуы мен анықталды.
Қазақстанның көшпелі халқымен орыс халқымен өзара байланысының
дамуында тарихи ұзақ уақыт бойы сауда саттық маңызды орын алды. Қазан және
Астрахан хандықтарына Ресейдің билігі орнатылып, Сібір жаулап алғаннан
кейін Азияға баратын бірден-ақ маңызды екі саудажолы:орта Еділ бойынан
Сібірге және одан ары Орта Азияға апаратын Кама және төменгі Еділді бойлай,
Жайық пен Каспий бағытында, Маңғыстау түбегі мен Орта Азия хандықтарына
бағытталған Оңтүстік шығыс жолдары орнатылды. Сібірдің кейбір сауда
әкімшілік орталықтарының кеден ведомостваларының деректеріне қарағанда,
1655-1670 жылдарда Тобылға қазақ даласы арқылы
Орта Азия қалаларынан жыл сайын төрт керуен,1670-1672 жылдарда –екі , ал
одан кейінгі жылдарда бір-бірден керуен келіп тұрған. Тараға ХVІІ ғасырда
жылына орта есеппен алғанда көпдегенде –бір, кейбір жылдары екі керуен , ал
1645-1646 жылдарда үш керуен . Алайда тұтас алғанда, қазақ даласы арқылы
өтетін орыс орта азиялық транзиттік сауда ХVІ-XVIIIғасырдың басында әсте де
бір келкі дамыған жоқ, мұның өзі көптеген ішкі және сыртқы саяси
жағдайларға байланысты еді.
ХXII ғасырдың соңғы ширегі- XVIII ғасырдың алғашқы үштен
бірінде қазақтардың жайық казактарымен, еділ қалмақтарымен және
башқұрттармен өзара саяси қатынастарының шиеленісуі, сондай ақ
жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүз аумағына әскери басып кіруінің күрт
жиілеп кетуі тікелей орыс қазақ және қазақ даласы арқылы көптеп өтетін
Ресей-Орта Азия саудасының дамуына елеулі кедергіге айналды. Қазақстанның
оңтүстік және солтүстік шекаралық аймақтарының қазақтардың көшпелі
көршілерімен үздіксіз дерлік қақтығыстары аренасына айналуы салдарынан
қазақ рулары мен бөлімшелерінің Ресеймен сауда байланыстары сол кезеңде іс
жүзінде мүлде тоқтап қалды, ал сауда керуендері үш жүз қазақтарының
қоныстарына соқпай, Еділ бойымен Сібірден Орталық Азияның түрлі елдеріне
және олардан кері қайтқанда Ертіс бойындағы жоңғар иеліктері мен Таулы
Алтай аудандары арқылы өтіп жүрді. Қазақтардың еуропалық халықтармен және
Ресей аймақтарымен сыртқы сауда ішінара қарым-қатынасының дамуын
XVIIIғасырдың алғашқы үштен бірінде өткен ғасырларда ашылған географиялық
ұлы жаңалықтардың маңызды мәдени-тарихи салдарыда қиындата түсті, ол
жаңалықтар құрлықаралықсауда комуникацияларының дүние- жүзілік орталығының
Жерорта теңізінен Атлант мұхиты бассейініне аусуын және дүниежүзілік
тауар айналымында құрлық ішіндегі саудадан құрлықаралық теңіз саудасына
басымдық берілуін туғызған еді. Осы ғаламдық геоэкономиялық өзгерістердің
Салдарынан Еуразияның еуропалық бөлігінен Орта Шығыс елдеріне тауар
ағындарының Ұлы Жібек жолының құрғақтағы дәстүрлі маршруты мен басқа да
онша ірі емес сауда жолдары арқылы жүру қарқыны күрт нашарлады, ал
құрлықтың орталық көшпелі аймақтарына жаңа өнеркәсіп-қолөнер бұйымдарымен
технологиялардың келуі мүлде қысқарып кетті.
Қазақстан аумағындағы дәстүрлі сауда жолдары мен маршруттардың
құрлық аралық маңызының мүлде төмендеуі және Сыр өңірі аймағына
жоңғарлардың талай рет басып кіруінің зардаптары, атап айқанда, XVIII
ғасырдың 30 -жылдарында қазақстан даласының оңтүстігінде халықаралық
сауданың іс жүзінде тоқтап қалуына салқынын тигізді, өлкенің бір кезде
гүлденген оңтүстік қалалары Түркістан ,Сайрам, Сауран және басқалар шағын
ғана сауда-экономикалықмаңызы бар, халқы аз қалалық орталықтарға
айналды;олардың көпшілігі уақыт өте келе көбінесе аграрлық сипат алды.
Сонымен бірге Азияның көршілес елдерінен Сыр өңірімен ортаазиялық
рыноктарға түскен ауыл шаруашылық өнімдерімен қолөнер бұйымдары біршама аз
және олардың түр-түрінің аз болуы себепті көшпелі халықтың өскелең тұтыну
тілектерін қамтамассызете алмады, алқазақтардың Орал өңірінің, Төменгі Еділ
бойы мен Батыс Сібірдің неғұрлым ірі және тауары көп рыноктарына баруы,
олар үшін орыстардың нығайтылған бекіністерінің болуы, сондай-ақ Еділ-Орал
аймағындағы және Сібірдің оңтүстігіндегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі
қиындата түсті.
Көшпелілердің сауда-кономикалық саладағы аталған өзгерістердің
өздері үшін келеңсіз зардаптарын көршілес отырықшы-егінші халықтан қажетті
өнімдер мен бүиымдардың бір бөлігін күш қолданып тартып алу жолымен жоюға
ұмтылуы объективті түрде шекаралық жанжалдардың өршуіне әкеп соқты.
Тегінде, Қазақстанның геосаяси кеңестігінің әр түрлі шекаралық
учаскелерінде қазақтардың башқұрттармен, қалмқтармен, орал және сібір
казактарымен қарулы қақтығыстарының жиілей түскені туралы көз көргендердің
көптеген хабарларын нақ осы жағдаймен байланыстыра қараған жөн.

XVIIғасырдың аяғы мен –XVIIIғасырдың басында Ресеймен қазақ
жүздері арасындағы дипломатиялық қатынас жандандырыла түсті. Екі тараптың
өкілетті өкілдері дүркін –дүркін келіссөз аясындағы талқылау мәселелері:
тұтқындар алмасу рәсімі, қазақтар мен Ресей бодандары –қалмақтар және
сібір ,орал казактары және башқұртар арасындағы әскери жанжалдарды реттеу,
сондай-ақ орыс көпестерінің Кіші жүз бен Орта жүздің қазақ халқымен сауда
байланыстарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болды.
Әбілхайыр ханның 1715 жылғы башқұрттар жері жасаған әскери
жорығы мен башқұртардың жақын жердегі Кіші жүз ауылдарына жауап ретінде
басып кіруі қазақ билеушілерінің Қазан губерниясымен Батыс Сібірдегі орыс
шекаралық өкімет орындарымен саяси қарым-қатынастарының жаңғыртылуына
тікелей себеп болды. Осыған байланысты 1715 жылдың күзінде башқұрт және
қырғыз –қазақ дауларын тыю және олардың тұтқындар алмасу туралы мәселені
шешу мүдделерін көздеп, Әбілқайырдың жеке елшісі, Тайқоңыр Құлтабаев батыр
Қазанға барып , онда жергілікті губернатор П. С. Салтыковпен келіссөз
жүргізді. Келіссөз аяқталмай қалып , үш жыл өткен соң қазақ ханының өз
бастамасымен қайта жалғастырылды.
Келесі жылдың қыркүйегінде Тобылға құрамында Бекболат Екешов пен
Байдәулет Бөриев батырлар бар Қайып ханның елшілігі келді , оларға
қазақтардың солтүстіктегі көшпелі көршілермен шекаралық жанжалдарын реттеп
, Сібір губернаторы М. П. Гагаринмен мәңгілік бітім жасасу, Ресеймен
Жоңғарияға қарсы әскери одақ туралы келісімге қол жеткізу және оларға
сауда-саттық жолымен Тобылға баруға мүмкідік беру үшін Ресейдің жақын
жердегі рыноктарына қазақ малшыларының кедергісіз баруына кепілдік алу
тапсырылған болатын.
Сібір астанасы жаңаи қазақ елшілігінің жіберілу фактісінің өзі мен
Тәуке мирасқорының Ресей губернаторына жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтанға
қарсы бірлескен соғыс қимылдары туралы үсыныс жасауы көп жағынан
Бухгольцтің әскери отрядының Ертіс бойымен іргеленуінің нақты мән-
жайларымен және оның Ямышев көлу ауданында ойрат әскерлерімен қақтығысуына
байланысты болатын. Қайып ханның айтуына қарағанда қонтайшының Ұ.М.И.-ға
қарсыласатынын орыс офицері Маркел Трубниковтан біліпті, ал оны
подполковник Бухгольц 1716 жылғы 1 қаңтарда Ертіс өзенінен жоңғар ханының
ордасына жіберген екен , бірақ Ямышев бекінісінен шыға бергенде ойраттар
тұтқынға алған да, олардан шекаралық жоңғар қарауылдарынан жақын жердегі
Іле өзенінің жағасында қазақ жігіттерінің тобы тартып алыпты. Орта ертіс
алабындағы Ресей-Жоңғар әскери жнжалдары туралы өздерінің білетінін көзге
көрсете растау үшін Бекболат Екешов пен Байдәулет Бөриев Трубниковты қазақ
ханының ордасынан Тобылға апарған. Трубникота өз кезегінде , губернатор
Гагаринге өзін бүкіл Қазақ ордасының келісімімен жіберілгендігін, ал оған
Ұ.М.И. адамдарымен тату болып , қалмақтармен бірлесіп соғысу керек екенін
айтқандығын мәлімдеген.
Қазақ елшілігінің Тобылға келуі және оның жоңғарларға қарсы
Ресеймен әскери одақ жасасу туралы ұсынысы Сібір губернаторын 1716
жылғы 16 қазанда Қайып ханға Никита Белоусов бастаған арнаулы жауап
елшілігін жіберіп , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынас қандай деңгейде
Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Ресей Федерциясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шарт
Қазақстанның шет елдерiмен тең құқықтық қатынастар құру
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстанның әлемдік саясаты
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Қасиетті Одақтың қызметі
Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс елдерімен өзара қарым - қатынасының дамуы
Пәндер