Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi



Кiрiспе

I бөлiм. Ғылыми.техникалық прогрестiң теориялық негiздерi.
1.1. Ғылыми.техникалық прогрестiң мәнi мен негiзгi қағидалары.
1.2. Ғылыми . техникалық саясат саласындағы негiзгi мiндеттер мен мақсаттар.
1.3. Ғылыми.техникалық прогрестi басқарудың шетелдiк тәжiрибесi.

II бөлiм. Инновациялық саясат және аймақтың ғылыми.техникалық потенциалы.
2.1. Ғылыми.техникалық потенциал түсiнiгi және оның мазмұны.
2.2. Аймақтық ғылыми.техникалық потенциалының қазiргi жағдайы.
2.3. Аймақтық ғылыми.техникалық дамуының басым бағыттарын таңдау.

III бөлiм. Аймақтық химия және мұнай химия өнеркәсiбi саласын дамытуда ғылыми.техникалық потенциалды пайдалану проблемалары.
3.1. Қазақстан Республикасындағы химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң ролi, мақсаттары және қазiргi жағдайы.
3.2. Оңтүстiк Қазақстан облысында химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң 1990.2000 жылдар аралығында дамуы.
3.3. Ғылым мен техника жетiстiктерiн аймақтық химия және мұнайхимия өнеркәсiбiне енгiзу тиiмдiлiгi.

Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Адамзат қоғамының дамуында ғылымның көкжиегi кеңейе түсiп, зор қарқынмен дамып келедi. Бүгiнгi таңда ғылымның әсер етпейтiн саласы жоқ. Ол адамның ой-санасы мен басқару, қорғаныс, техника, денсаулық - бәрi-бiрiмен тығыз байланысты. Ғылым мен техниканы дамыту, қандай кезеңде, қандай экономикалық формацияда болсын, өндiргiш күштердi өркендетүдiң басты нысаны болып қала бередi.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуi экономикалық және әлеуметтiк қиындықтарға әкелiп соқтырды. Осыған орай, бiрiмен-бiрi сабақтасып жатқан басты деген үш түрлi себеп-салдарының шикiзат базасы ретiнде дамуы, екiншiден, халықтың тұрмыс дәрежесiнiң төмендегi және ең соңғысы, экологиялық жағдайдың республика территориясында насырға шабуы.
Осындай жағдайдан елдi алып шығудың бiрден-бiр жолы ғылыми-техникалық потенциалдың мүмкiндiлiгiн кеңiнен пайдалану. Ғылыми-техникалық прогрестi экономиканы өркендетудiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарай отырып, оны басқаруды жетiлдiрудi нарықтық қатынастар төңiрегiнде қарастыру бүгiнгi таңдағы басты мәселе қатарына жатады.
Жалпы алғанда, республика экономикасын дағдарыстан алып шығып, өсiп-өркендету үшiн жаңа мемлекеттiк ғылыми-техникалық прогресстi нарық арқылы реттеу өрiсiн кеңейту керек. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-техникалық саясаттың аймақтық проблемалары бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi.
Ғылыми дипломдық жұмыста ғылыми –техникалық саясаттың теориялық негiздерi және аймақтық проблемалары, соның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан аймағындағы химия және мұнайхимия өнеркәсiптерiн дымытудағы ғылымның қызметi, ролi зерттелген.
1. Послание Президента страны народу Казахстана -Казахстан – 2030// Казахстанская правда 1997г. 11 ноября.
2. Концепция интеграции научных учереждений и ВУЗов с наукоемкими производствами // Наука Казахстана. 1999г. 1-15 января.
3. Указ президента Республики Казахстан от 11.03.1996г. О мерах по совершенствованию системы государственного управления наукой в Республике Казахстан // Казахстанская правда. 1996г. 13 марта.
4. Баймуратов У.Б. Эффективность технического прогресса в промышленности Казахстана – Алматы.1973г. – 200с.
5. Герчикова И.Н. Менеджмент – М. Банки и биржи, изд Объединение ЮНТИТ. 1995г.-480с.
6. Дедов А.Г., Сафанова И.А. Основные направления химизации экономики капиталистических стран – М.: Химия. 1988г.-250с.
7. Завин П.Н., Казанцев А.К. Инновационный менеджмент (справочное пособие).- М.:Центр исследований статистики и науки. 1998г. -495с.
8. Меньшова В.П., Тобелко И.Л. экономика химической промышленности –М.: Инфра-М.1998г -502с.
9. Меньшова В.П., Тобелко И.Л. Экономика химической промышленности – М.: Высшая школа. 1982г. – 250с.
10. Поршнев А.Г., Румянцев З.П., Саломатин Н.А. Управление организацией – М,: Инфра-М. 1998г. – 502с.
11. Рудакова И.Е. Инновационный процесс в странах развитого капитализма – М.:МГУ. 1991г. – 340с.
12. Садчиков И.Е. Ускорение научно-технического прогресса в нефтехимической промышленности – Л.: Химия. 1990г. – 187с.
13. Сатубалдин С.С. “Драконы” и “тигры” Азии: сможет ли казахстанский “барс” пройти по их стопам – Алматы: Ғылым. 1998г. – 600с.
14. Тавровский Ю. Двухэтажная Япония – М.: Политиздат. 1989г. – 287с.
15. Научно-технический прогресс (словарь) – М.: Высшая школа. 1990г.
16. Кембаев Б.А., Серикбаев А.С., Комлев Ю.В. Научно-технический потенциал Республики Казахстан в 1998 году – Алматы: Каз.Гос. ИНТИ. 1998г.
17. Комлев Ю.В. О налоговом стимулировании научной и инновационной деятельности (темоподборка) – Алматы: Каз.Гос. ИНТИ 1996г.
18. Програма развития промышленности Южно-Казахстанской области на 1998-2000 гг. – Шымкент: Департамент стратегического планирования и реформ при облстной администрации. 1998г.
19. Народное хозяйство Казахстана за 70 лет (стратегический сборник) – Шымкент: Южно-Казахстанское областное управление статистики. 1990г. – 392с.
20. Промышленность Южно-Казахстанской области (стратегический сборник) – Шымкент: Южно-Казахстанское областное управление статистики. 1998г.
21. Социально-экономическое положение Южно-Казахстанской области (стратегический сборник) – Шымкент: Южно-Казахстанское областное управление статистики. Шымкент. 1999г.
22. Аитмамбетов Р.М. Предпринимательство в инновационной сфере – поиск направлений деятельности // Деловой мир Казахстана. N5
23. Викторов А., Румянцев А. Стратегия инновационного развития региона // Экономист. 1998г. N6
24. Доклад о программе действий Правительства Республики Казахстан на1998-2000гг. // Транзитная экономика 1998г. N1
25. Кожевников Р., Дедова И. Государственная инновационная политика и ее финансовое обеспечение // Вопросы экономики. 1998г. N12
26. Овчаренко Г.В. Иннвации в системе факторов экономического роста в рыночной экономике // Социально-политический журнал. 1998г. N4
27. Хан В.А. Предпринимательство в научно-технической сфере // Қаржы-Қаражат – финансы Казахстана. 2000г. N5

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

I бөлiм. Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi.
1.1. Ғылыми-техникалық прогрестiң мәнi мен негiзгi
қағидалары.
1.2. Ғылыми – техникалық саясат саласындағы негiзгi мiндеттер мен
мақсаттар.
1.3. Ғылыми-техникалық прогрестi басқарудың шетелдiк тәжiрибесi.

II бөлiм. Инновациялық саясат және аймақтың ғылыми-техникалық потенциалы.
2.1. Ғылыми-техникалық потенциал түсiнiгi және оның мазмұны.
2.2. Аймақтық ғылыми-техникалық потенциалының қазiргi жағдайы.
2.3. Аймақтық ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттарын таңдау.

III бөлiм. Аймақтық химия және мұнай химия өнеркәсiбi саласын дамытуда
ғылыми-техникалық потенциалды пайдалану проблемалары.
3.1. Қазақстан Республикасындағы химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң ролi,
мақсаттары және қазiргi жағдайы.
3.2. Оңтүстiк Қазақстан облысында химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң 1990-
2000 жылдар аралығында дамуы.
3.3. Ғылым мен техника жетiстiктерiн аймақтық химия және мұнайхимия
өнеркәсiбiне енгiзу тиiмдiлiгi.

Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кiрiспе

Адамзат қоғамының дамуында ғылымның көкжиегi кеңейе түсiп, зор
қарқынмен дамып келедi. Бүгiнгi таңда ғылымның әсер етпейтiн саласы жоқ. Ол
адамның ой-санасы мен басқару, қорғаныс, техника, денсаулық - бәрi-бiрiмен
тығыз байланысты. Ғылым мен техниканы дамыту, қандай кезеңде, қандай
экономикалық формацияда болсын, өндiргiш күштердi өркендетүдiң басты нысаны
болып қала бередi.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуi экономикалық және
әлеуметтiк қиындықтарға әкелiп соқтырды. Осыған орай, бiрiмен-бiрi
сабақтасып жатқан басты деген үш түрлi себеп-салдарының шикiзат базасы
ретiнде дамуы, екiншiден, халықтың тұрмыс дәрежесiнiң төмендегi және ең
соңғысы, экологиялық жағдайдың республика территориясында насырға шабуы.
Осындай жағдайдан елдi алып шығудың бiрден-бiр жолы ғылыми-техникалық
потенциалдың мүмкiндiлiгiн кеңiнен пайдалану. Ғылыми-техникалық прогрестi
экономиканы өркендетудiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарай отырып, оны
басқаруды жетiлдiрудi нарықтық қатынастар төңiрегiнде қарастыру бүгiнгi
таңдағы басты мәселе қатарына жатады.
Жалпы алғанда, республика экономикасын дағдарыстан алып шығып, өсiп-
өркендету үшiн жаңа мемлекеттiк ғылыми-техникалық прогресстi нарық арқылы
реттеу өрiсiн кеңейту керек. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-техникалық
саясаттың аймақтық проблемалары бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi.
Ғылыми дипломдық жұмыста ғылыми –техникалық саясаттың теориялық
негiздерi және аймақтық проблемалары, соның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан
аймағындағы химия және мұнайхимия өнеркәсiптерiн дымытудағы ғылымның
қызметi, ролi зерттелген.

I. Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi.
1.1. Ғылыми-техникалық прогрестiң мәнi мен негiзгi
қағидалары.

Ғылыми-техникалық саясат - ғылым мен техниканың жиынтық дамуын
қамтамасыз ету, халық шаруашылығындағы iрi жаңалықтарды меңгеру және оларды
тез әрi кең көлемде тарату, әлеуметтiк-экономикалық даму үдетуiндегi ҒТП
үлесiнiң жоғарылауының мақсаты шаралар жүйесi. Ғылыми-техникалық саясат –
бұл технологиялық процестер өндiрiстi ұйымдастыру формалары мен оны
басқару, еңбек құралдарын жетiлдiру, қоғам мен табиғаттың даму
заңдылықтарын терең бiлiп даму процесi.
Ғылыми техникалық саяаттың негiзгi қағидалары.
Республиканың ғылыми техникалық саясаттың аса маңызды қағидалары:
-ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге,
елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес ынталандыру
және мемлекеттiк қолдау;
-ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
-ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырмаларды конкурстық
негiзде қалыптастыру және орналастыру;
-ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру кезiнде ғылым
мен ғылыми техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк органдардың ғылыми
жұртшылықпен өзара iс қимылын демократияландыру және қамтамасыз ету,
ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн қамтамасыз ету және
ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту;
-ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс.

2. Ғылыми-техникалық саясат саласындағы инновациялық қызмет.

Ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi мақсаты- өмiрдiң сапасын арттыруға
бағытталған зерттеулердi дамыту, жоғары технологиялы өнiмдердi экспорттауға
бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық
жағынан таза өндiрiстер әзiрлеу, шикiзатқа бағытталған экономиканы
бiртiндеп тезнологиялық, ал технологиялықты-интелектуалдық – ақпараттық
экономикаға ауыстыру және осы мақсат үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлау
болып табылады.
Оларды iске асыру үшiн:
-ғылым мен ғылыми техникалық қызметтi ұйымдастарудың жүйесiн,
нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны, соның iшiнде, ғылыми зерттеу
және тәжрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру саласындағы базаны,
оларды конкурстық iрiктеудi және нәтижелердi практикалық игерудi,
интелектуалдық меншiк құқығын қорғауды және басқаларын жетiлдiрудi;
-iргелi зерттеулердi оңтайландыру;
-экономиканың базалық салаларын қажеттiлiгiн ғылыми техникалық
қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердiң бiiрншi кезектегi
бағыттылығын ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру, зерттеу-
әзiрлеу-өнеркәсiптiк игеру бiрiңғай ғылыми-өндiрiстiк циклға көшуге ықпал
ететiн инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасауды;
-ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер шығару, өнiмдегi импортты алмастыратын
(экспортқа бағдарланған) жаңа технология әзiрлеудi, меншiктi –тәжiрибелi
эксперименттiк және өндiрiстiк техникалық базаны одан әрi нығайтуды (қайта
жаңарту техникалық жағынан қайта жарақтандыру) және дамытуды;
-қызмет бейiнiң сақтай отырып ғылыми техникалық саланың жекелеген
объектiлерiн қайта құрылымдандыруды және жекешелендiрудi;
-ғылыми қажетсiнетiн өндiрiстi ұйымдастыру мен дамыту үшiн инвестицияны
тартуды, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза технологиялар
енгiзудi;
-ғылыми-техникалық қызмет саласында шағын және орташа кәсiпкерлiктiң
тұрақты дамуын қамтамасыз етудi, нарықтық инфрақұрылым элементтерiн
қалыптастыруду және дамытуды;
-зерттеу институттарын салалық ғылыми техникалық орталықтарды және
жоғары оқу орындарын, оқу процесi мен ғылыми қызметтi ықпалдастырудың
тиiмдi тетiгiн әзiрлеудi;
-басым бағыттар бойынша кадрлар, соның iшiнде жоғары бiлiктi кадрлар
даярлауды осы негiзде елдiң интелектуалдық қабiлетiн сақтауды және дамытуды
қамтамасыз етедi.
-озық шетелдiк технологияларды отандық жағдайда таңдау мен бейiмдеуге
және өнеркәсiпте игеруге елдiң ғылыми күштерiн тартуды;
Қазақстандық ғылымды әлемдiк ғылыми техникалық кеңiстiкке ықпалдастыру
процесiн жеделдету мiндеттерiн шешу қажет.
Инновациялық қызмет – ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижелерiн жаңа
немесе жетiлдiрiлген өнiмге аудару мен байланысты атқарылатын қызмет. Ол
инновацияларға әкелiп соғатын ғылыми-технологиялық, ұйымдық қаржылық және
коммерциялық iс шаралардың бiртұтас кешенiң қамтиды.
Инновациялық қызметтiң негiзгi түрлерi:
А) өндiрiстi дайындау және ұйымдастыру, ол жаңа технологиялық процестi
қалыптастыруға қажеттi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен, инструменттер мен
қамтамасыз етудi, олардағы өзгерiстердi, сондай-ақ процедуралардағы,
өндiрiс әдiстерiмен стандарттарындағы және сапаны бақылаудағы өзгерiстердi
қамтиды;
Ә) өнiм мен технологиялық процестiң модификациясын қамтитын өндiрiске
дейiнгi жұмыстар. Жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалану үшiн
жұмыскердердi қайта дайындау.
Б) жаңа өнiмдер маркетингi. Ол жаңа өнiмдi нарыққа шығарумен, нарықты
алдын-ала зерттеумен, өнiмндi әртүрлi нарықтарға бейiмдеумен,
жарнамалаумен, нарықта сату-таратуорындарын құрумен байланысты атқарылатын
қызмет түрлерiн қамтиды;
В) сырттан патенттер, лицензиялар, ноу-хау ашулар, сауда маркалары,
конструкциялар, модельдер және технологиялық мазмұндағы қызметтер
түрендегi технологияларды алу;
Г) өзiнiң технологиялық мазмұны жағынан, кәсiпөрынға өнiмдiк немесе
процестiк инновацияларды ендiрумен байланысты болатын мешиналар мен қурал-
жабдықтар алу;
Д) өндiстiк жобалау.
Инновациялық қызметтiң негiзi – ғылым мен техниканың барлық салаларында
ғылыми-техникалық бiлiмдi дамыту, тарату және пайдаланумен тығыз
байланыстағы
Ғылыми-техникалық қызметте мына ұғымдардың маңызы үлкен:
Ғылыми (ғылыми-техникалық) бағыт – ғылым мен техниканың белгiлi бiр
саласын дамытуда маңызды бiр мiндеттердi шешуге арналғаан дербес iрi ғылыми
жұмыс.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) проблема – ғылыми бағыттың бiр бөлiгi, оны
шешудiң мүмкiн болатын бiр жолын көрсетедi.
Ғылыми жұмыс мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама түрiнде орындалуы
мүмкiн. Ол қорлар, орындаушылар, уақыт жағынан үйлестiрiлген жұмыстар
кешенiн қамтиды.
Ғылыми тақырып – мәселенiң бiр бөлiгi, жұмыстарды қаржыландыру,
жоспарлау және есепке алуда тақырыптық жоспардың негiзiне алынады және
әдетте ғылыми ұйымдың шегiнде шешiледi.
Инновациялық процесс жаңа ендiрулердi қалыптастыру және игеру жөнiндегi
қызмет ретiнде қаралады, алайда ол жаңалықты алғашқы коммерциялық
пайдаланумен бiрге тоқтап қалмайды, үздiксiз жалғаса бередi, яғни жаңа
ендiрудiң технико-экономикалық параметрлерi тұрақты жетiлдiрiлiп, нарық
талаптарына икемделедi.
Инновациялық процестiң мақсаттары төмендегiдей:
• мiндеттiң жаңаша технилық шешiмiн табу – жаңалық ашу;
• ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар жүргiзу,
(НИОКР);
• өнiмнiң сериялық өндiрiсiн игеру;
• өнiмдi өткiзудi параллельдi дайындау және ұйымдастыру;
• жаңа тауарды нарыққа ендiру;
• өнiмнiң бәсеке қабiлеттiгiн жоғарлату, технологияны тұрақты
жетiлдiру арқылы жаңа нарықтарды игеру.
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi:
1 кезең. Жаңа идеяларды жүйелеу нарықтағы технологиялық өзгерiстер
туралы, ғылыми-зерттеу бөлiмдерiнен, өндiрiстiк бөлiмдердiң маркетинг
қызметтерiнен фирманың сату-өткiзу қызметтерiнен, делдалдардан,
тұтынушылардан түсетiн мәлiметтердi жинақтау;
өнiмдi жасау және игерудегi фирманың потенциалдық мүмкiндiктерi туралы
мәлiметтер жинақтау, тәуекел жәрежесi иен мөлшерiн анықтау;
мақсатты нарықтар мен олардың дамуының ұзақ мердiмдi тенденциялары
туралы мәлiметтер жинақтау.
2 кезең. Анықталған идеяларды iрiктеу және жаңа өнiм идеяларын
қалыптастыру:
Жаңа өнiм идеяларының мүмкiндiктерi мен тәжiрибеде орындалуын
анықтау;
Жаңа және дәстүрлi өнiмдердiң технологиялық ұқсастық дәрежесiн
анықтау;
Жаңа өнiмнiң фирма стратегиясына сай келуi;
Болашақ өнiмнiң патенттiк тазалығын анықтау.
3 кезең. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiн талдау, маркетингтiк
бағдарлама жасау:
өнiмдi техникалық дайындау, яғни идеяны нақты жобаға айналдыру;
өнiмнiң техника-экономикалық мiнездемесiн анықтау, оның сапасын және
тұтыну қасиеттерiн бағалау;
нарықтағы сұраныс пен сатылу көлемiн бағалау;
жаңа өнiмдердi қалыптастыру және игеру шығындарын анықтау;
жаңа өнiмдi өндiруге қажеттi қорларды анықтау: технологиялық
машиналар мен құрал жабдықтар, шикiзат пен материалдар, кадрлар потенциалы,
қаржылар;
жаңа өнiмдi игеру және оны нарыққа шығару мерзiмi;
жаңа өнiм өндiрiсiнiң рентабельдiлiгiн талдау және бағалау;
өнiм бойынша маркетинг бағдарламасын жасау.
4 кезең. Жаңа өнiмдi жасау:
Жаңа өнiмдi дамытудың нақты бағдарламасын жасау, фирма бөлiмшелерi
арсында мiндеттердi бөлу;
Техникалық сынақтарды өткiзу (экологиялық, қауiпсiздiк және өзге де
мәселелер бойынша тексерулер);
Тауардың атауын, оның сауда белгiсiн анықтау, қораптауын, маркировкасын
безендiру.
5 кезең. Нарықтағы байқау:
ш айдан кем емес уақыт аралығында шектеулi нарықта баға және басқа да
коммерциялық өлшемдердi байқау (бағадан жеңiлдiктер беру, несие және
басқалар);
өткiзудiң оптималды жолдарын таңдау;
жарнама құралдары мен әдiстерiн таңдау;
техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
6 кезең. өнiм бойынша маркетинг бағдарламасына негiзделген
шешiм (жаңа өнiмдi өндiрiске ендiру) қабылдау.
Жаңа өнiмдi коммерциялық негiздеу: сатылу көлемi, өнiм рентабельдiгi,
сұраныс пен қажеттiлiктердi қанағаттандыру дәрежесi, өткiзу жолдары мен
әдiстерi, осы сияқты тауарларды өткiзуде тәжрибелiк, фирманың нарықтағы
танымалдығы, сатушылар мен тұтынушылармен байланыстарының тұрақтылығы;
Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi қолдағы бар қуатын пайдалануы,
қорлармен, мамандармен қамтамасыз етiлуi;
Қаржылық мүмкiншiлiктерi: өндiруге және өткiзуге инвестициялардың жалпы
саласы, қаржыландыру көздерi, күтiлетiн нәтижелер, есептеу мерзiмiндегi
пайда немесе шығын;
Нормтивтiк көрсеткiштерге сәйкестiкелдегi мемлекеттiк мөлшерлер
(нормалар), стандарттар;
Жаңа ендiрудi патенттiк қорғауды қамтамасыз ету.
Инновациялық процестiң түпкi мақсаты жаңа өнiмдi коммерциялық игеру
және оны рентабельдi өндiру. Бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн зерттеу
жұмыстары басталғаннан бастап, өндiрiске бағытталуы тиiс, алдын ала жаңа
өнiмнiң тұтынушылардың сұранысы мен қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн анықтап
алған жөн. Сонымен бiрге қажеттi құрал-жабдықтарға күрделi салымдарды өсiру
мүмкiншiлiгi мен ғылыми өндiрiстiк циклдық жекелеген кезеңдердiң жетiлдiру
мүмкiншiлiгi болғаны дұрыс. Осындай мүмкiншiлiктерге байланысты жаңа өнiмдi
зерттеудiң аз ғана бөлiгi өндiрiске ендiрiледi.
Дайындалып жатқан жаңа өнiмнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың әр түрлi
әдiстерi бар:
- эксперттiк әдiс;
-күтiлетiн пайда мөлшерiн анықтау;
-ықтималдық әдiс;
-күтiлетiн пайданың динамикасын бағалау;
көп өлшемдi критерийлер бойынша бағалау: саланың тартымдылығы, оған
бәсекелестердiң ену мүмкiншiлiктерi, жаңа өнiмнiң және бүкiл фирманың
бәсеке қабiлеттiлiгiне әсер етуi.
Инновациялық процесс түсiнiгiн әр түрлi жағынан әр деңгейден
қарастыруға болады:
1. Бiр мезгiлде жүргiзiлетiн ғылыми зерттеу, ғылыми техникалық және
өндiрiстiк қызмет ретiнде;
2. идеяның тууынан бастап оның таратылуына дейiнгi уақытты қамтитын
жаңа ендiрудiң өмiрлiк циклының кезеңдерi ретiнде;
3. өнiмнiң немесе қызметтiң жаңа түрiн жаса және тарату, қаржыландыру
және инвестициялау процесi ретiнде.
Жалпы алғанда инвестициялық жоба ойлап табу және интелектуалды
қызметтiң өндiрiстiк, қаржылқ, әкiмшiлiк және де басқа нәтижелерiн алу және
коммерциялау жобасы болып табылады.
Бұл жағдайда инновациялық процесс мынандай төрт кезеңнен тұрады:
1 кезең. Фундаметальды зерттеулер жүргiзу. Олар академиялық
институттарда, лабораторияларда жүргiзiледi. Қаржыландырылу негiзiнен
мемлекеттiк бюджет есебiнен iс жүзiне асырылады.
2 кезең. Екiншi кезеңде қолданбалы зерттеулер жүргiзiледi. Олар барлық
ғылыми мекемелерде iске асырылады және бюджет есебiнiен және тапсырыс
берушiлер есебiнен қаржыландырылады.
3 кезең. Үшiншi кезеңде жобалау конструкторлық және тәжрибелiк жұмыстар
жүргiзiледi. Олар арнайы дабораторияларда, тәжрибелiк өндiрiстерде, сондай-
ақ iрi кәсiпорындардың ғылыми өндiрiстiк бөлiмшелерiнде орындалады.
Қаржыландыру көздерi екiншi кезеңiндегiдей, сондай-ақ кәсiпорынның өз
қаржылары да пайдаланылады.
4 кезең. Төртiншi кезеңде өндiрiске өндiруден бастап нарыққа шығу ,
одан әрi өнiмнiң өмiрлiк циклының негiзгi кезеңдерi бойынша коммерциялау
iске асырылады. Үшiншi кезең мен нарыққа шығу кезеңiнде өндiрiстiк қуатты
кеңейту , мамандарды дайындау жарнамалық қызмет және сол сияқтыларға үлкен
инвестициялар қажет болады.
Инновациялық процестiң бұл кезеңiнде жаңа ендiруге әлi де нарықтың
жауабы болмағандықтан, инвестициялар тәуекелдiк жағдайда болады.
Өндiрiс көлемiн ұлғайту, өткiзу нарығын кеңейту, бәсеке
қабiлеттiлiгiн жоғарылату және инвестициялардың қайтарылуына жағдай жасау
үшiн инновациялық процестiң осы кезеңiнде құнды қағаздардың эмиссиясы
жүргiзiледi. Ол қосымша инвестициялар таратуға мүмкiндiк тудырады. Осы
кезеңде инновациялық процесс аяқталады.
Тұтыну тауарларын өндiретiн компанияларда жаңа тауарларға байланысты
фирманың саясатын анықтауда жетекшi ролдi маркетинг жөнiндегi мамандар
атқарады. Өндiорiстiк қажеттiлiктердi өтейтiн өнiм өндiретiн компанияларда,
олардың қатарына химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары жатады,
техникалық саясатты анықтауда ғылыми зерттеулер мен жобалау конструкторлық
жұмыстар бөлiмшелерi маңызды қызмет атқарады.
Инновацияларды қалыптастыру негiзiнен ғылым саласында кең өрiс алуда.
Өйткенi ғылым өндiрiстiң техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық
негiздереiне сапалық өзгiстер еңгiзедi. Ғылыми зерттеулердiң бастапқы
кезеңдерiнде-ақ жаңа өнiм немесе жаңа технология идеясы пайда болады,
оларды iске асыру мүмкiншiлiктерi мен жағдайлары қарастырылады.
Инновациялық процеске тартылатын негiзгi ресурс-адам ресурсы болғандықтан,
инновациялардың табыстылығы кәсiпорын қызметкерлерiнiң ғылыми-техникалық
бөлiктiлiгiне, шығармашылық белсендiлiгiне және мотивациясына байланысты
болмақ.
Кәсiпорындарда инновациялық процестердi ұйымдастыру ақпараттық, ғылыми,
жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, көмекшi, экономикалық, басқарушылық
және әлеуметтiк-мәдени қызметтердi қамыту керек. Маңыздылығы жағынан, еңбек
сiңiргiшi мен инновациялық процестерге қатысытын мамандар саны жағынан
ғылыми және жобалау-конструкторлық қызметтер басымдау болатыны еш күмән
тудырмайды.
Инновацияларды жасауға бағытталған тақырыптарды орындау кезеңдер мен
жұмыстарды атқаруға кеңiстiк пен уақыт комбинацияларымен ерекшеленедi.
Сонымен бiрге инновациялық процеске қатысушылар (кәсiпорындар, бөлiмшелер,
орындаушылар) арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастардың формалары
да әртүрлi болады.
Ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ұйымдастардың қолданылып жүрген
варианттарын төмендегi ерекшелiктерге байланысты негiзгi төрт топқа
топтастыруға болады:
• олардың орындалу ретi;
• ресурстардың құрылымы;
• жұмыстардың уақыттағы орындалу мiнездемесi;
• ұйымдастырушылық байланыстары.
Ғылым саласында инновациялық процестердi тиiмдi ұйымдастыру
инновацияларды жасау шығындарын, оларды жасау және орындау мерзiмдерiн,
инновациялардың сапасын және нарықтық мүмкiншiлiктерiн оптималды
үйлестiрудi талап етедi.
Ғылым саласында инновациялық процестi ұйымдастыру ерекшелiктерi ғылыми,
конструкциялық және жобалау ұжымдарының жұмыс ерекшелiктерiне де
байланысты. Ғылыми қызметкерлер мен мамандардың еңбек заты ретiнде
адамзаттың бұрын, осы уақытқа дейiн жинақтаған бiлiмi алынады ( бұрынғы
зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелерi, басылымдары, тiркеуден өткен ойлап
табулар мәлiметтер т.с.с.).
Сонымен бiрге ғылымдағы нәтижелi инновациялық қызмет үшiн еңбек затының
материалдық құрамының маңызы зор: ғылыми зеттеу жұмыстарында пайдаланатын
шикiзаттар, материалдар, жартылай дайын өнiм.
Сонымен зерттеу жұмыстарының еңбек затын ерекше, екi жақтама мiнездеуге
болады. Бұл барлық ұйымдастырушылық мәселелердi шешуде ескерiлiп отыруы
керек.
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесiн қарастырғанда инновация,
ғылым және техниканың дамуындағы өзара байланыс айқындалады. Жоғарыда
көрсетiлгендей инновациялық процесс мыналардан тұрады: ғылым – техника –
өндlрlс – тұтыну. Инновациялық процестiң басталуын әдетте фундаметалды
ғылыми зерттеу жүргiзумен байланыстырады. Осы уақытқа аз зерттелген, неиесе
тiптi зерттелмеген табиғыт жағдайлары зерттелiнедi. Осындай зерттеулердiң
нәтижесiнде табиғаттың жеке және жалпылама заңдары немесе заңдылықтары
ашылады. Сондай-ақ (теориялық есептеулердiң нәтижесiнде) жаңа материалдық
обьектiлер немесе табиғаттағы заттар, т.с.с. ашылады.
Бұрынғы нәтижелер негiзiнде қолданбалы зерттеулер немесе жұммыстар
жұргiзiледi. Оларға қолданбалы мақсаттағы арнайы зерттеулер жатады.
Солардың нәтижесiнде ашылған жаңалықтар негiзiнде жобалау конструкциялық
жұмыстар жұргiзiледi. Бұл жұмыстардың нәтижесi жаңа техникалық обьектiнiң
(машина, аппарат немесе басқа құрал-жабдықтардың) немесе жаңа технологиялық
процесс болады. Өнеркәсiп өндiрiсiнде жеке нұсқаулардың негiзiнде жаңа
өнiмнiң өнеркәсiптiк партиясын игеру жалғастырылады. Бұл қызмет өнiм
өндiрiсiнде дайындық процесi деп аталады.

1.3. Ғылымми техникалық прогрестi басқарудың шетелдiк тәжiрибесi.
Жапонияның (басқа да өнеркәсiбi дамыған елдердiң де) экономикалық
өрлеуiнiң негiзiн ғылым мен өндiрiс ұштастырылған тиiмдi механизмi құрайды.
Бұл механизм ғылымнан технологияның өнеркәсiпке және одан әрi барлық халық
шаруашылығына үздiксiз ендiрiлiп отыруын қамтамасыз етедi.
Жапон экономикасын дамуының негiзгi факторы ғылыми-техникалық прогресс
болып табылады. Ол шикiзат, энергия, жұмыс күшi сиякты дәстүрлi факторлары
едәуiр ығыстырып тастады. Жапондық ғылымдардың есебi бойынша, егер 60-шы
жылдардың аяғы мен 70-шi жылдардың басында ғылыми-техникалық прогрестiң
экономикалық өсудегi үлесi 40-50 пайыз болса, 70-шi жылдардың екiншi
жартысы – 80-шi жылдардың бiрiншi жартысында ол 70 пайызға дейiн өстi, кей
бiр жылдары 80-90 пайызға жеттi. Қазiргi уақытта жалпы iшкi өнiмнiң өсуiнiң
23 бөлiгiн ғылым мен бiлiм қамтамасыз етедi.
Жапония экономикалық дамыған елдердiң арасында өңдеу өнеркәсiбi
өнiмдерiнде жоғары технологияны өндiрiс үлесi бойынша бiрiншi орын алады
(80-шi жылдардың орта шегiнде 15% жоғары). Бұл ел 10-12 жылдың iшiнде
өндiргiш күштердiң индустриалдық жүйесiнен ғылыми-техникалық прогрестiң
жетiстiктерiн кеңiнен пайдалануға негiзделген постиндустриалдық жүйесiне
өрледi.
Мысалы, 60-шi жылдардың аяғында-ақ Жапонияда жаңа өндiрiстер мен жаңа
салаларды бiрте-бiрте игерiп, қосып алу нәтижесiнде өнеркәсiптiң әмбебап
салалық құрылымы қалыптасты, жаңа салалар мен өндiрiстер iске қосылды. 70-
шi жылдары Жапонияның өнеркәсiптiк құрылымы басқа дамыған елдердiкiнен ең
алдымен энерго және материал сиымды салалардың – қара және түстi
металлургия, химия, мұнайхимия, т.с.с. – жоғары үлес салмағымен
ерекшелiнедi. Әлемдiк нарықтағы шикiзаттың арзандығын пайдаланып, Жапония
жартылай дайын өнiмдi сырттан алғаннан (көптеген дамыған елдер сияқты),
өңделмеген шикiзатты сырттан алып, өз елiнде оны өңдеудiң толық циклын
ұйымдастыруды дұрыс деп тапты.
Бұған дейiн ғылыми-техникалық жетiстiктерiмен ерекшеленбеген елдiң аз
уақытта жоғары өрлеуi жапаондықтардың бар жаңалықты, әлемдiк ғылыми-
техникалық ойдың барлық жаңа идеяларын тез арада қабылдап ала бiлуiмен
түсiндiрiледi. 800-ден астам көрнектi ғылымдардың қатысуымен дайындалған
“Ғылым мен техниканың дамуы туралы есепте” бұл ерекшелiк ғылым мен
техниканы жоғары деңгейде ұштастыра бiлу ерекшелiгi деп түсiндiрiледi. Бұл
есепте факс, лазерлiк аппараттар, бейне таспа, микропроцессорларды немiстер
ойлап тапса да, оларды әлемдiк нарыққа жапондықтардың шығарғандығын
көрсеткен. Мамадардың ойынша, жаңа модельдi нарыққа кешiктiрiп шығару
пайданы кем дегенде 30 пайызға төмендетедi.
Сырттан алынған технологиялар жетiлдiрiледi, жергiлiктi ерешектерге
және Жапония игерген халықаралық нарықтардың талаптарына сай икемделiп
отырған.
Технологияларды импорттау жұмыстары барлық деңгейде жеке компаниялардан
бастап агентурлық-барлау қызметтерiне дейiн, жүргiзiледi. ғылыми-техникалық
мәлiметтерiмен қамтамасыз ету қызметiне ақы жақсы төленiп отырады. Жыл
сайын бұл елдiң бизнесмендерi осы сияқты шығындрға көп мөлшерде, кейбiр
мәлiметтер бойынша шамамен 60 млрд. Доллар қаржы жұмсауы тегiн емес.
Дегенмен, технологиялар импортына ең елеулi әсер ететiн мемлекет болып
табылады. Жапондық экономистер өкiметтiң бұл салаға бақылауының мына
бағыттарын болiп көрсетедi:
Бiрiншi – коммерциялық импортқа заң жағынан бақылау жасау. Сатып-алу
алуларға бақылаудан бастап, оларды мiдеттi түрде министрлiктермен келiсу
арқылы алу, сауданы либерализация асауға дейiн және құны 100 млн. Иеннен
төмен технологияларды импорттауды бекiту. 1960 жылдан бастап импорттық
технологияларды бағалауға мынадай шектеулер ендiрiлдi: бұл технологияның
iшкi технологияларға керi әсерi болмауы керек, өнеркәсiптегi қалыптасқан
тәртiптi бұзбауы тиiс, шағын фирмалардың дамуына керi әсер етуi керек,
импорттайтын фирма бұл технологияны қалай пайдалануды бiлуге мiндеттi.
Алайда мемлекеттiң араласуы барлық уақытта бiрдей жағымды әсер ете
алмайды, өйткенi қажеттi технологияларды алуды қиындатып өнеркәсiптiң
құрылымын жетiлдiрудi баяулатты, шектеулi фирмаларға ғана импортқа рұқсат
берiлiп, асыра монополизм орнатылды.
Екiншi – жеңiлдетiлген салық салуды технологиялық импортқа технологияға
төмендерге салықтың төмендетiлуi, сондай-ақ елдiң iшiнде өңдiрiлмейтiн,
бiрақоның экономикалық дамуына қажеттi құрал-жабдықтарға тарифтiк
жеңiлдiктер белгiлеу.
Үшiншi – сыртқы сауда жөнiндегi Коммиссияның халықаралық технологиялық
қатынастардың пайдалылығы мен артықшылықтарын бағалауы. Жапондық жаққа
контракт тиiмсiз болған жағдайда, комиссия оны қайта қарауды талап етедi.
Төртiншi – технологиялық импортқа жанама әсер ететiн шаралар, соның
iшiнде жаңа құрал-жабдықтар мен технологияларға инвестициялар үшiн төмен
пайызбен несие бөлу.
Соңғы 30 жыл iшiнде Жапония шетелдiк технологиялар сатып алу үшiн 10
млрд. Доллардан астам қаржы жұмсады. Жапондық фирмалар осы уақытта 42 мыңға
жуық лицензиялар сатып алды, оның жартысынан көбi АҚШ-нан сатып алынды.
Шетелдiк жетiстiктер көп жағдайда қайта қаралып, жетiлдiрiледi, бұл
олардың өндiрiске ендiрiлуiн едәур жылдамдатады. Сұраныстың өсуi мен
құрылымның өзгеруi өзық технологияларға сұраныс тұдырады, ал жоғары
технологияларды еңдiру сұраныстың өсуiн ынталандырады. Жапония жоғары
технологиялық дамудың үлгiсi бола алады. Жоғары технологиялық даму тұтас
экономиканың өрлеуiн, соның нәтижесiнде үнемi өзгерiп отыратын
тұтынүшылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi.
Жапония өзiнiң экономикалық дамуының негiзi етiп әлемдiк ғылыми-
техникалық революцияның жағымды, қолайлы шарттарын негiз етiп алды. Бұл
жерде инновациялық стратегия қалыптасты. Онда ғылыми-техникалық
өнеркәсiптiк және қаржы саясаты тығыз ұштастырылады. Басқша айтқанда,
мемлекеттiң және қоғамның барлық күш жiгерi технологияларды ғылымнан
өнеркәсiпке үздiксiз аударып отыруды қамтамасыз етуге жұмсады. Жүйелi,
кешендi инновациялық саясат мынадай функциялар мен мақсаттарды орындауға
бағытталады:
• жаңашыл идеялармен қамтамасыз ету. Бiрде-бiр, сәл ғана құндылығы
болса да, жаңалық пайда болған алғашқы кеңнен бастап назардан тыс
қалмау керек;
• ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстардың
нәтижелерiне сұранысты ынталандыру;
• венчурлық бизнеске қаржы, несие, сондай-ақ ақпарат ресурстарының
түсiп тұруын қамтамасыз ету;
• инновациялар үшiн қолайлы хал-ахуал қалыптастыру, дербес
субектiлерiнiң iс-әрекеттерiн мемлекеттiк реттеу механизмiнiң
көмегiмен салық және инвестициялық саясат арқылы.
Осындай мiндеттердi үнемi, әрi тығыз байланыста жалпы мемлекеттiк
деңгейден төмен деңгейлерде атқару мүмкiн емес. Сондықтан инновациялық
сфераны қолдау үнемi пайда болып отыратын жаңа проблемаларды тиiмдi шешуге
елдiң қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң ең маңызды
мiндеттерiнiң бiрi.
Мұндай қабiлеттiк, ғылымдардың пiкiрiнше, экономиканың ерекшк секторлық
қызметiмен қамтамасыз етiледi. Бұл секторды таза нарықтық деп атауға
болмайды, себебi онда мемлекеттiк құрылымдардың экономикалық ролi күштi.
Мұндай модельге мемлекеттiк және жекеменшiк құрылымдардың тығыз өзара әсерi
арқылы, экономикалық процестерге реттеудiң нарықтық механизмiн жекеменшiк
институттардың iс-әрекетiне әкiмшiлiк әсер етумен ұштастыру арқылы қол
жеткiзуге болады.
Осы қасиеттер Жапонияға өте қысқа мерзiмде әлемдiк ғылыми-техникалық
прогрестiң жетiстiктерiн меңгерiп қана қоймай, ғылыми-техникалық
зерттеулерде алдыңғы қатарлы позицияларды алуына мүмкiндiк тудырады.
1998-2010 жылдарға арналған ғылым мен техниканың даму болжамынан
жапондық ғылымдардың жүргiзiп жатқан фундаменталды зертеулерi мен олардың
мақсаттары туралы бiлуге болады. Бұл құжат “Токио бизнес тудей” журналында
жарияланған.
1999 жыл. Адам денесiнiң бөтен ткандерi қабылдамау реакциясын басуға
қабiлеттi тиiмдi дәрi-дәрмектер жасалынады. Бұл органдарды трансплантация
жасау тәжрибесiн кеңейтедi.
2001 жыл. АҚШ немесе Европадағы сияқты, Жапонияда да бүйрек, жүрек,
бауыр және басқа да органдарды ауыстыру операцияларды кеңiнен жасалатын
болады.
2003 жыл. Адамның иммунодефицит вирусына қарсы вакцина пайда болады.
Қатерлi онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңiне анықтау кәдуiлгi iс болып
қалады.
2005 жыл. СПИД ауруын емдеудiң тиiмдi әдiстерi пайда болады.
2006 жыл. Адам ДНК-сының барлық құпиялары ашылады. Адамның ақыл-ой,
тану және оқу механизмдерi зерттелiнедi. Осы зерттеулер негiзiнде
компьютерлердiң жаңа модельдерi, адамның миына тән логикалық құрылымдарымен
жұмыс iстейтiн компьютер пайда болады.
Мiне, жапондық ғылымдардың басында стратегия импорттық саясаттан
меншiктi ғылыми зерттеулердi дамыту стратегиясы болып өзгередi.
Алайда, жаңа бағыт лицензиялар сатып алудан бас тарту емес едi. 1993-
1994 жылдары Жапонияның лицензиялары үшiн төлемдерi 471 млрд. Иен болды,
осы уақытта оларды сатудан 135 млрд. Иен ғана түстi.
Өндiрiстiң негiзгi салаларында Жапония озық ғылыми-техникалық деңгейде
қол жеткiздi, отандық ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық
жұмыстарды кеңейттi. Жиырмадан астам технопарктардың құрылуы осыған дәлел
бола алады. Олардың iрiлерi – “Цукуба” ғылым қалашығы және Кюсюк “кремний
аралы”.
Технопарктарда, сондай-ақ бүкiл ел көлемiнде зерттеулердi кооперациялау
кеңiнен пайдаланылады, бұл олардың қайталанбауына және жаңалықтар жасау мен
оларды өндiрiске ендiрудi жеделдетуге мүмкiндiк бередi. Шет елдердiң ғылыми
зерттеу мекемелерiмен бiрiгiп жұмыс жүргiзу де күшейедi, талантты
мамандарды iске тарту да белсендi жүргiзулуде.
Сонымен бiрге, мемлекеттiк компанияларға әсерi, iсiне араласуы, әр-
түрлi ынталандыру және басқа да әрекеттерi нәтижесiнде технологиялық
бiлiмдердi iрi кәсiпорындардың орта және шағын кәсiпорындарға беруiн айта
кету керек. Мұның бәрi ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетудiң,
экономиканың барлық буындарында техникалық деңгейдi жоғарлатудың күштi
құралы болып табылады.
Жоғары технологиялардың барлық салаларында дерлiк меншiктi ғылыми
зерттеулер мен конструкторлық жұмыстарға негiзделген ғылыми-техникалық
прогрестiң негiзгi көрсеткiшi бойынша АҚШ алдына ешқандай ел салмайды. АҚШ
бәсекелестерi осы уақытқа дейiн американдық деңгейге жете алмай келедi.
Мемлекеттiң ғылыми-техникалық күшiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрi-
кәсiптiк бiлiмнiң сыртқы сауда балансы. Лицензиялардың әлемдiк нарығы,
“өндiрiстiк процесстер туралы арнай бiлiмдер кешенi” (ноу-хау), сондай-ақ
әр түрлi кеңес беру қызметтерi, маркетинг, т.с.с. экономиканың елеулi өсiп
келе жатқан салаларына айналды.
90-шы жылдардың бас жағында АҚШ-да 10 мың адамға шаққанда 43 маманың
ғылыми дәрежесi болса, Жапонияда бұл көрсеткiш 30 адам болды.
Ғылыми дәрежесi бар мамандар саны N1 кестеде көрсетiлген.
Кесте N1
Ғылыми дәрежелерi мамандар саны.
Ғылым саласы АҚШ Жапония ТМД
Гуманитарлық 777 275 403
Табиғи-ғылымдық 120 13 52
Техника және ауыл 94 84 405
шаруашылығы
Барлығы 991 373 860

Бұл мәлiметтерге талдау жасасақ, төмендегiнi байқаймыз: АҚШ пен
Жапонияда ғылыми дәрежелi мамандардың жалпы санына гуманитарлық мамандардың
үлес салмағы басым (75%); техника мен ауыл шаруашылық саласында бар – жоғы
АҚШ-да 9,5%, ал Жапонияда – 22,5%, бұрынғы ССРО елдерiн тұтас алғанда
47%, яғни осы елдердiң ғылыми-техникалық потенциалы жоғары екендiгiн
көремiз.
АҚШ-дағыдай Жапонияда ғылымдардың еңбекақысының орташа мөлшерi халық
шаруашылығындағы орташа еңбекақыдан екi есе жоғары. Жалпы ғылымғы деген
шығындар мен ғылыми қызметкерлер саны бойынша 80-шi жылдардың аяғында
Жапония екiншi орында болды.
Ғылымға жасалған шығындар (iшкi жалпы өнiмге пайыз есебiнен) N2 кестеде
көрсетiлген.
Кесте N2
Ғылыми зерттеулерге щығындар (жалпы iшкi өнiмнен пайызбен) 2000 ж.

Германия 2,45
Израиль 3,5
АҚШ 2,65
Ұлыбритания 2,19
Швеция 3,05
Жапония 2,9
Ресей 0,54
Қазақстан 0,35

Осы мәлiметтерге талдау жасасақ, байқайтынымыз: ғылымға деген
шығындардың ең үлкен үлес салмағы Израильде (3,5%), содан соң Швецияда –
3,05%, үҮшiншi орында Жапония – 2,9%. Жалпы, дамыған елдерде жыл сайын
ғылымға жалпы iшкi өнiмнен 2%-тен кем шығын жұмсалмайды, ал Ресейде,
Қазақстанда және басқа да бұрынғы Кеңестер Одағы елдерiнде бұл көрсеткiш
1998 жылы бiр пайыздан төмен болды.
Жапонияда ғылым саласында үлкен мөлшерде инвестициялар салынды. 1989-90
жылдары ғылыми зерттеулер және тәжiрибе конструкторлық жұмыстардың көлемi
11,8 трлн. иен болды, оның 92% техникалық және табиғи ғылымдарға жұмсалды.
Ғылыми-зерттеу және тәжiрибе конструкторлық қызметкерлердiң жалпы саны 905
мың адам (оның 90 пайызы табиғи және техникалық ғылымдарға), ғылыми
қызметкерлер саны 560 мыңнан астам болды.
Ғылыми зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардың негiзгi бөлiмi
жекеменшiк сектордың қаржысы (80%) есебiнен жүргiзiлсе де, мемлекеттiң
әсерi де елеулi. Мемлекеттiң қолдауы мақсатты инвестициялар, жеңiлдетiлген
несиелер, салық салуда қолайлы жағдай жасау, амортизациялық саясат арқылы
жүзеге асырылады. Мемлекет жалпы ұлттық маңызы бар жұмыстарды басқарады
және қаржыландырады (атом энергетикасы, космос шеру, әлемдiк мұхитты
зерттеу, т.с.с.). Барлық фундаменталды жұмыстардың жартысына жуығы
мемлекеттiк ғылыми зерттеулер болып табылады. Барлық фундаменталды зерттеу
шығындарының 13 бөлiгiн өнеркәсiптiк компаниялар қаржыландырады.
Сонымен бiрге Жапонияда қалыптасқан ғылыми қызмет пен ғылыми зерттеу
және тәжiрибе конструкторлық жұмыстардың мемлекеттiк бағдарламаларын
үйлестiру жүйесi де қызығушылық тудырады. Бұл жерде Ғылым және техника
жөнiндегi Басқарма мен Сыртқы сауда және өнеркәсiп Министiрлiгi басты роль
атқарады. Ғылыми зерттеу және тәжiрибе конструкторлық қызметтiң көп
мөлшерiн халық Министрлiктер мен ведомстволар қаржыландырады және
орындайды.
Ғылыми зерттеулер сондай-ақ жергiлiктi бюджет есебiнен де
қаржыландырылады. Елдегi мыңнан астам мамандырылған ғылыми-зерттеу
институттары, оларда 14 мыңға жуық ғылыми қызметкерлер жұмыс iстейдi.
Жапонияның тағы да бiр ерекшелiгi басқа елге қарағанда бұнда ғылыми
зерттеу жұмыстарында жоғары мектептiң ролi басымдау. Мұнда елге барлық
ғылыми қызметкерлердiң 13 бөлiгi қызмет етедi. Ғылыми зерттеу жұмыстарын
ұйымдастырудың негiзгi түрi университеттер жанынан мамандырылған ғылыми-
зерттеу институттарын құру. Қаржыландыру көпшiлiгiнде мемлекеттiк бюджет
есебiнен, ал жекеменшiк университеттерде - өнеркәсiптiк компаниялар
есебiнен жүргiзiледi.
Қоғамдық корпорациялар ғылыми-зерттеу институттарынан да үлкен жұмыстар
атқарады. Олар арнайы заңды тұлға ретiнде парламенттiк актiлер негiзiнде
құрылады, негiзiнен мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылады. Олар
жалпы ұлттық маңызы бар, кең көлемдегi жобаларды жасаумен айналысады,
мысалы, Жапондық атом энергиясы ғылыми зерттеу институтының – 2,4 мың
қызметкерi бар, реакторлар мен ядролық отын жасау корпорациясы – 700 адам,
физика-химия зерттеулер институты 600-ден астам адам қызмет етедi.
Ғылыми-техникалық саясатты жүргiзуде мемлекеттiң ролi артқаны сөзсiз
бола тұра, жеке болмайды. Жапонияда 270-ке жуық және меншiк ғылыми-зерттеу
институттары бар.
Басқа елдердегiдей, Жапонияда ғылыми-техникалық әлеуметтiң дамуы ұдайы
өндiрiстiн ең күштi элементiне айналады. Елдiң өмiрiнiң қай жағын алып
қарасақ та, барлық мәселелер ғылым мен техниканың проблемаларымен тығыз
байланыста шешiлетiндiгiн көремiз.

II бөлiм. Инновациялық саясат және аймақтың ғылыми-техникалық потенциалы.
2.1. Ғылыми-техникалық потенциал түсiнiгi және оның мазмұны.

Мемлекеттiк инновациялық саясаттың ажырамас бөлiгi ғылыми зерттеулер
мен жұмыстарға қолдау көрсету. Бiр жағынан, мемлекет ғылыми iзденiстерге
еркiндiктi қамтамасыз етуi керек. Екiншi жағынан, мемлекттiк құрылымдар
ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қажеттi өнiм мен
қызмет өндiрiсiне бағыттайды.
Ғылыми-техникалық сфераның жағдайын көрсететiн негiзгi категория ғылыми-
техникалық потенциал түсiнiгi болып табылады. Бұл түсiнiк елдiң жаңа
бiлiмдер мен техникалық шешiмдерге қабiлеттiгiн бейнелейдi. Ғылыми-
техникалық потенциал дегенiмiз - ғылыми-техникалық өнiм өндiрiсiнде өзара
тығыз байланыста қолданылатын әр түрлi ғылыми-техникалық ресурстардың
(кадрлар, қаржы, материалдық-техникалық, ақпараттық, т.с.с.) жиынтығы.
Ғылыми-техникалық потенциал – қоғамның ғылыми-техникалық мәселелердi
шешудегi ғылымының, инженерлiк қызметтiң, техниканың деңгейiн, қорлардың
мүмкiншiлiктерiн көрсететiн кешендi мiнездемесi.
Ғылыми-техникалық потенциалдың көрсеткiштерiн төмендегiше топтастыруға
болады.
1. Кадрлар туралы көрсеткiштер. Бұған жататындар: ғылыми-техникалық
мамандардың саны және квалификациясы (ғылым мен техника салалары бойынша,
ғылыми дәрежелерi мен атақтары бойынша, т.с.с.); жоғары және арнаулы орта
бiлiмдi мамандар дайындау (саны және саласы) және жыл сайын тиiстi оқу
орындарын бiтiргендер (салалар және дайындау түрлерi бойынша);
2. Материалдық-техникалық және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға жыл
сайын жұмсалатын мемлекеттiк шығындар, ғылыми-техникалық мамандар
дайындауға шығындар, ғылымның және инженерлiк қызметтiң тәжiрибе-
экспериментальдық құрал-жабдықтармен, материалдармен, приборлармен,
ұйымдастыру техникасымен, электронды-есептегiш құралдармен, т.с.с.
жабдықталу дәрежесi.
3. Ғылыми-техникалық ақпарат жүйесiнiң мүмкiншiлiктерi мен даму
деңгейiнiң көрсеткiштерi: жинақталған ақпараттық қорлардың саны мен сапасы,
ғылыми-техникалық ақпаратты тарату орындарының мүмкiншiлiктерi мен
жұмыстарының сапалығы; ғылыми-техникалық мамандардың жұмысқа қажеттi
ақпараттарға деген қабiлеттiктерiн қанағаттандыру дәрежесi, т.с.с.
4. Ұйымдастырушылық-басқарушылық көрсеткiштер, ғылым мен техникадағы
жоспарлау және басқару жағдайын көрсетедi.
5. Ғылыми-техникалық потенциалдың қызмет ету және даму көрсеткiштерi:
еңбек өнiмдiлiгiнiң қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң, ұлттық табыстың
ғылым мен техника жетiстiктерiн ендiру нәтижесiнде өсуi, бiр жылда
игерiлген жаңа машиналар, приборлар, құрал-жабдықтар нәтижесiнде өкiмнiң
өзiндiк құны төмендеуiнен үнемдеу, т.с.с.
Бүгiнде халық шаруашылығы алдында тұрған күрделi мәселелердi шешуге
қолда бар ғылыми-техникалық потенциалдың мүмкiншiлiгi төмен деп айтуға
толық негiз бар. Оның басты себептерi не десек, оған республикада iргелi
және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi дамыту ойдағыдай болмады, табиғат және
басқа ресурстарға сәйкес ғылыми-техникалық потенциал жан-жақты дамытылмады
дер едiк. Ғылым мен ғылыми қажеттi өтеу саласына күрделi қаржы аз болiндi,
ғылымның материалдық-техникалық базасы, әсiресе тәжiрибе эксперименталдық
базасы дамытылмады, республикалық кәсiпорындардың ғылыми-техникалық базасы
жоқтық қасы, тiптi жоқ болды, ғылым мен өндiрiстiң озық ұйымдастыру
формалары баяу дамыды. Бұған қоса, ғылым мен техника саласында iстейтiн
ғылымдар мен инженер-техник қызметкерлерiнiң еңбекақысы жоғары деген өтiрiк
дақ етек алып, ғылымға келушi талантты адамдардың қатары сиреп кеттi.
Жоғарыда көрсетiлген жалпы кемшiлiктер Қазақстанның бұрынғы одақтас
республика арасында, мысалы, негiзгi қордың өсiмi жағынан ең соңғы
орындардың бiрiнде қалуына әкелiп соқты. Бiздiң республикамызда 10 мың
адамға шаққанда 25-тен астам ғылыми-кадрлар келедi екен. Бұл көрсеткiште
ТМД елдер арасында 10-шi орында.
Көрсетiлген тұжырымдар Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық
әлеуетiнiң оның экономикалық потенциалына тiптi де сай еместiгiн
айғақтайды. Мүны мына деректер бойынша 5 пайыз, негiзгi өнеркәсiптiк
өндiрiс қоры – 8 пайыз және халық саны бойынша 8 пайыз шамасында болса,
республика ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң үлесi не бары 3
пайызға да жетпейдi.
Осындай қалыптасқан жағдай республикада ғылымды ойдағыдай өркендетуде
қиыншылықтар әкелетiнiне көз жеткiзу үшiн республикамызда ғылымды
қаржыландыруды 3-4 есе, ғылым және ғылыми қажеттi өтеу саласындағы
кадырларды екi еседен астам көбейту қажет.
Елiмiздiң ғылыми-техникалық потенциал қолдау мақсатында соңғы жылдары
Қазақстан Республикасының кiметi мен Президентi бiр қатар маңызды шаралар
қабылдады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 11.03.1996 ж. “Қазақстан
Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру шаралары
түралы” жарлығымен Ұлттық ғылым Академиясы, қазақ ауылшаруашылық ғылымдар
академиясы және ғылым мен жаңа технологиялар Министрлiгi бiрiктiрiлiп,
Республика кiметiнiң құрамындағы бiртұтас орталық атқарушы орган -
Қазақстан Республикасының ғылым академиясы құрылды. Ол мемлекеттiк ғылыми-
техникалық саясатты жүзеге аасырады және ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк
бюджет есебiнен қаржыландырады. Бұл Жарлық ғылыми-зерттеулер мен тәжiрибе-
конструкторлық жұмыстарды контрактылы мақсатты-бағдарламалы қаржыландыру
мен басқаруға көшуге жол ашты. Бiр жағынан, басым ғылыми бағыттар таңдалып,
бекiтiлсе, екiншi жағынан әрбiр ғылыми бағыт бойынша жетекшi ұйым
бекiтiлiп, ғылыми-зерттеу бағдарламалары құрылады.
2. Республика үкiметi ғылым Академиясы дайындаған “Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатының концепциясын”
бекiттi.
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру мақсатында өткен
жылы Ғылым Министрлiгi – ғылым Академиясы төмендегi iс шараларды орындады:
• фундаменталды және қолданбалы жерттеулердi бағдарламалы-
мақсатты ұйымдастыру және қаржыландыру жақсартылады;
• фундаменталды зерттеулердiң басым бағыттары анықталды,
мемлекеттiк бюджет еселiнен қардыландырылатын фундаменталды
зерттеулердiң жобалары мен бағдарламаларын iрiктеу және
сараптау жүргiзiлдi,
• қоғамдық-гуманитарлық сипаттағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттiк
тапсырыс қалыптастырылды;
• Ғылым министрлiгi – Ғылым Академиясы қайтармалы негiзде
қаржыландыратын инвестициялық жұмыстар бағдарламасын құру және
орындау тәртiбi туралы Ереже бекiтiлдi;
• ғылыми-техникалық сферада шағын және орта бизнестi дамыту
бағдарламасы құрылды.
Ғылымға бөлiнетiн бюджет қаржысының тапшылығы жағдайында, жуық арадағы
5-7 жылда Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын басқаруда
ғылыми-эерттеу мекемелерi мен жеке ғылымдарды инновациялық қызметке тарту
мәселесiне басты назар аударылуы керек.
Осы кезеңде Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтi дамытуға
мыналар негiз болады:
1. Отандық өндiрiстiң төмен тиiмдiлiгi және осыған сәйкес өндiрiлетiн
тауарлардың сыртқы және iшкi нарықта бәсеке қабiлеттiгiнiң төмендiгi;
2. Қолда бар елеулi ғылыми-техникалық потенциалдың өкiнiшке орай жылдан-
жылға төмендеуi;
3. Қазақстан Республикасының әлемдiк қатынастарға белсендi тұрде енуi
нәтижесiнде озық шетелдiк тәжiрибенi қабылдау мүмкiншiлiктерiнiң пайда
болуы;
4. Интеллектуалдық және өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жүйесiнiң
қалыптасуы.
Ғылыми-техникалық революцияның қазiргi кезеңiнде бәсеке қабiлеттiктi
жоғарылатудың бiрден-бiр негiзi ғылыми зерттеулер болып табылады. lшкi,
әсiресе әлемдiк нарықта белгiлi орын алуды көздейтiн кәсiпорындар қабiлетi
жоғары болуы керек, жаңа ғылыми идеяларды, технологиялық шешiмдер мен ноу-
хауды пайдалана бiлетiндей болуы керек.

2.2. Аймақтық ғылыми-техникалық потенциалының қазiргi жағдайы.

Президентiмiз Н.Ә. Назарбаев ұсынған “Қазақстан-2030” стратегиялық
бағдарламасында үкiметтiң белсендi инструменталдық диверсификация саясатына
көшу керектiгi, макродеңгейден микродеңгейге көңiл бұру кезеңiнiң негiзгi
ерекшелiктерi:
1. орталықтың өкiлеттiктерi барынша аймақтарға берiлуде;
2. өндiрiс пен ғылыми-техникалық институттарды нарыққа бейiмделу процесi
аяқталуда,
3. бiлiм беру институттары iрi аймақтық университеттерге бiрiктiрулiде,
яғни әр түрлi салалардың ғылымдары бiрлесiп жұмыс атқара алады.
Бұл факторлар мемлекеттiң “аймақ күштi болса – орталық күштi” принципi
бойынша дамуына қажеттi жағдайлар тудырады. Облыстарда, Оңтүстiк Қазақстан
облысында да, “үмiтсiздер” тобына жататын өндiрiстер баршылық. Қазiр олар
тоқтап тұр немесе ұзақ уақытқа тоқтатылған. Бәсекеге қабiлеттi ғылыми-
сиымды өнiм өндiруге көшу арқылы ғана оларды жандандырып, инвестициялар
тартуға болады. Бұл мәселенi шешуде аймақтық ғылымдары үлкен роль атқарады.
Облыстық қалаларында кейбiр салалық ғылыми-жобалау мекемелерi ғана
бюджеттiк қаржыландырусыз нарыққа өту жағдайында сақталып қала алды.
Олардың жеткiлiктi ғылыми-техникалық потенциалы, сондай-ақ кей жағдайларды
өндiрiстi қайта жаңғырту жобалары да болады. Өндiрiстi диверсификациялаудың
индустриалдық саясатын жүзеге асыру үшiн аймақтық университеттердңi,
салалық ғылыми-зерттеу институттары мен басқа ды ғылыми орталықтардың
күшжiгерлерiн бiрiктiрiп, белсендi инновациялық қызметке тарту мәселесi
туып отыр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет саясатындағы ғылыми - техникалық саясаттың ролі
Ғылыми зерттеу әдістемесі
Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау
Ғылым және ғылым философиясы
Инженер - техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық
Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы
Физикалық география-қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейді
География – экология – қоршаған орта
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орны
Пәндер