Төле би және оның дәуірі


Төле би және оның дәуірі.
Бұл қазақ қауымының өміріндегі ең ауыр да қасіретті кезең. Оны ұмытуға қақымыз жоқ ешқандай .
Бүгіннің биігінен қарап, қаншама құбылтып, қақпақыл ойнатқанмен тарихтың аты тарих. Оны әрбір қоғамдық құбылыстың ығына жығып, қолжаулық етіп, қанжығасына байлап, қиянат құрығымен қылғындырып, қайта жазуға ешкімге де құқ берілмеген . Тарихтың тәлімін көкейге түйіп, ащы сабағын алмағанымыздың ықсуатын көріп, жазырын тартып келеміз. Оның боямасыз беттері талай шындықты алға тартып, келеңсіздіктерге көз жеткізеді. Сөз реті келгенде айтқан абзал, біз өткенімізді Батыс, араб-парсы мен қытай-жапон деректерімен салғастырып, бағалағанда ғана көп беймағлұм жайлардың ақтандары ашылады деп ойлаймын.
Бір кездері қыр үстін қаһарымен тітіреткен құдіретті қағанат пен хандықтар өзара іштей алауыздықтан әлсіреп тақ пен тәж үшін тайталас қырқыста титықтап, алты алаштың мызғымайтындай іргетасы сөгіліп, жан-жақтан байтақ жеріне көз алартқан дұшпандарына айбарлы күш болудан қалды. Бірошақтың тұтас үш бұтындай болып, сүттей ұйып отырған ел-жұрттың шырқы бұзылып, тыныштығы тапталып, Шығыстан жөңкіген жоңғар-қалмақ қалын қолына төтеп бере алмай, аласапыран да жойқын
Бір кездері қыр үстін қаһарымен тітіреткен құдіретті қағанат пен хандықтар өзара іштей алауыздықтан әлсіреп тақ пен тәж үшін тайталас қырқыста титықтап, алты алаштың мызғымайтындай іргетасы сөгіліп, жан-жақтан байтақ жеріне көз алартқан дұшпандарына айбарлы күш болудан қалды . Бірошақтың тұтас үш бұтындай болып, сүттей ұйып отырған ел-жұрттың шырқы бұзылып, тыныштығы тапталып, Шығыстан жөңкіген жоңғар-қалмақ қалын қолына төтеп бере алмай, аласапыран да жойқын шапқыншылыққа ұшырады. Ұлы далаға жасалған дүркін-дүркін шабуыл қазақтарға құрып кету қауіпін туғызды. Сөйтіп, 1723 жылғы жылан жылымен келген жеті ағайынды жұтпен бірге жүргізілген басқыншылық соғыс байырғы көшпелі ел үшін қанды кырғынмен аяқталып, тарихқа «Ақтабан шүбырынды, Алқакөл сұлама» деп енді. Бөрік астынан бөрі, жар астынан жау шығып, аяулы ер-азаматтар; кыз-келіншектердің басы бай-лауда, мал-жаны айдауда кетті. Өкшелей куған өшпенді жаудан ығысып, Алтай, Арқа мен Жетісудагы атақонысынан ауған қазақтар жолай Қаратауға («Қаратаудың басынан көш келеді») аз уакыт паналап, тіпті болмаған соң Сыр бойын сағалап, алдымен Жиделібайсынға, одан әрі Жайықка қарай үдере өтіп кетті. Оқтын-оқтын оларға Иранның Нәдір шаһына арқа сүйеп, Хиуа, Бұхар, Қоқан хандықтары да оңтүстіктен тықсырып, қоқан-лоққы көрсетіп отырды.
Тап осы қиын-қыстау кезде Төле би қоғамдық өмір сахнасына шықты. Ол туған халкының даналығы мен кемеңгерлігінің айнасы. Қазақтың бір-туар перзенті негізгі деректерге сүйенгенде бірде Шу бойында, енді бірде Бадам өзенінің жағасында өмірге келіп, қандай қиыншылықтар болғанына қарамастан үзақ жасап, Жиделібайсынды жайлап, тоқсан үш жасында Шыназда дүние салып, өз өсиеті бойынша денесі Ташкенттегі Шайқантәуірде жерленген. Бұл кесене Қарлығаш әулие деп аталып, зиярат етушілердің киелі орнына айналды.
Әлі күнге, өкінішке орай, халқының зердесінде соншама өшпестей із қалдырған тау тұлғалас бабамыздың туған топырағы мен өскен ортасы туралы мәлеметтерде бір ізділік жоқ. Қарт журналист Ж. Рсымбетов Төлені Қазығүртқа жақын Бадам өзенінің жағасындағы Бәйтік мекенінде туғанын айтып, 1751 жылы 63 жасында Ташкентте өмірден өткенін («Оңтүстік Қазақстан», 1990 жыл, 15 қыркүйек) баяндайды. Ал К. Аманкелдиев оны Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында 1663 жылы дүниеге келіп, 1756 жылы бірде Ақбұрқан Ордада (Қазығүрт қойнауы), тағы бірде Шыназда кайтыс болды деген кереғар дерек келтіреді («Қазак әдебиеті» 1991 жыл, 18 казан) . Қалай дегенде де Төле Әлібекұлының ғүмырнамасында ақтаңдақ пен қаратаңдақ көп екені рас. Бұрмаламай, тізеге салмай, бір пәтуаға келсек, оның туған жылы 1663 жылы екені ақиқат.
Шынтуайтында, аталғандардан басқа да топшылаулар, болжамдар мен жорамалдар біршама. Сырттай көп көрінгенімен, Төлебитану (яғни халықтану десек те болады) ғылымы бұл өзі аз зерттелген тақырып. Оны бір ретпен жөнге келтіріп, бір арналы жүйеге түсіру - келешектің міндеті.
Нақтылай кетсек, Төле би Жоғары Шыршық, Өгем мен Қаратау қойнауларын ен жайлаған ұлы баба Бәйдібектің кіндігінен тараған Дулат жұртының өнікті бір бұтағы Жаныстың жетінші ұрпағынан (Жаныстан Жантобы, одан Жайылмас, одан Қожамберді, одан Құдайберді, одан Әлібек) өрбиді. Оның әулеті шынжыр балақ, шұбар төстен емес, иіс алмас момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, Әлібек орта шаруа болса да сөз ұстап, аталастары мен жамағайындары арасында аса беделді кісі болыпты. Көкірегі қазына Төленің окығаны да, тоқығаны да қыруар мол. Ол туралы халық арасында бүгінге дейін шежіре мен аңыз өте көп. Онда абзал атаның азаматтық асқақ қасиеттері аз айтылмайды. Төле би Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше сықылды көсем де шешен кісілердей бұқараға нағыз қамқор мен жанашыр болып көрінеді. Ол жалғыз өз қандастарын қоғамдастырып қана қоймай, алты алаштың қаймағы бұзылмай, тату-тәтті ақжарылқап заманда өмір сүруін аңсап өтті.
Ол сөздің бір ыңғайында шешесі Бөктектен: «Ана, мен туылған күні үйдің іші қып-қызыл болатын. Ол немене еді?» дегенде анасы біраз ойланып, былай жауап беріпті: - «Балам, үркіншілік себепті асығыстан бояу бояп едім, сол шығар».
Халық аузында тағы бір аңыз бар. Бірде оның бала күнінде түсінде аян беріп:
- Бөз аласың ба, сөз аласың ба?-дегенде Төле: «Сөз аламын!» деп оянып кетіпті деседі. Қайткенде де оған жастайынан сөз дарып, аруақ қонған жан еді. Ол шырғалаңы мен шамырқануы көп шақтың дүкен-көрігінде жасымай, шарболаттай шыңдалып шықты. Сан ұрпақтың көп ғасыр бойғы тәжірибесіне сүйеніп, даналыққа негізделген халық дипломатиясын жүзеге асырды.
Төле би аса турашыл, сыншыл кісі. Ол адам мінез-құлқы мен пиғылындағы жағымсыз жақтарды үнемі мінеп, шенеп, түзеп отырды. Өйткені келешекке үдере тартқан өмір керуені мен көшін орта жолда тығырыққа тіреп алмай, қалыптасқан құлдық сезімді мүлде мансұқ етіп, дағдылы тіршілік толқынына карсы ағу керек еді.
Тағы бір аңыз ол туралы былай дейді.
Төле би қатты дертке ұшырап төсек тартып жатқан ауыр күндері Қаздауысты Қазыбек би науқастың бас жағында, Көкі би, Мәлік би мен Ержан би аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп жаксы киінген қару-жарақты үш қария кіріпті. Біреуінің көзі қылилау, екіншісі касқа бас, үшіншісі доғал тұмсық екен дейді. Әлгілер Төле биге: «Үшеуіміз Үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі бақыты қайда, ардақты еліңізге қандай есиет-өнеге айтып қалдырасыз?» -депті.
Сонда Төле би басын көтеріп:
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара.
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халық сатады,
Халық азса, хандыққа таласады, -
депті де: «Қазақ бақыты бұрын өзара достық, бірлік, ынтымақта болатын еді», ендігі жерде қазақ бақыты: «Таздың басында, соқырдың көзінде, пұшықтың мұрнында калып тұр», -депті.
Ендігі бірде оны басқаша дәріптейді.
Төле өмір сүрген заман қазақ халқы басынан не бір қиын кезеңдерді өткерген түс еді. Осы кезде ол әрдайым халқының қасынан табылып, көк найзаның ұшымен де, қызыл тілдің күшімен де туған даласын жат-жүрттық басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан.
Ел арасында Төле би айтты дейтін шешендік сөз үлгілерінің бір төркіні былай болып келеді. 1740 жылы қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады.
Оралған соң Жолан үйлі-баранды болып, одан тарап келе жаткан бір қауым ел бір талай өніп-өсіп, үрім-бұтақ өрбітіп отыр. (Жаныс руының ішіндегі Жоландар негізінен қазір Төле би ауданындағы Сайрамсу өзенінің бойында тұрады) .
Жалпы жұрты үшін жанқиярлық танытып, өз балаларын да осылай оққа байлап беруден де таймаған Төле би.
Бұнымен Төле би тек жалғыз Ұлы жүз немесе Жаныстың ғана қорғаны болмай , бүкіл алаш азаматтарын желеп-жебеп, өміріне өріс, кеңіліне кеңіс тілеп, батагөй болып жүргенін көрсетеді.
Атасы көз жұмарда көңілін сұрай келген ақын қыз Жаңыл: - Жәке, арманыңыз бар ма? - деп бақұлдасқандай болғанда, Төле би жастықтан аударылып түсіп қиналыпты: - Шырағым, баласың-ау! Өзгелерден менде арман көп. Себебі казақ-қырғыз бір туғанындай күнінде туылып, араң ашық, болып, шілдей бытырап тозып, енші алған күндерінде қайтып өтіп барамын.
Бұлардан тыс та: «Бүткіл билікке Төле би, бүкіл хандыққа Есімхан жеткен» десе: «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жок,, Үйсін Төле биден асқан би жоқ» деп әспеттелінуі сом алтындай тұлғаны барынша тануға себездеп сәуле құяды.
Аңыздардың ар жағында да ақиқат бар. Бәрібір бұлардың барлығы асыл бабаның биік болмысын түгел жарқыратып ашып бере алмайды. Ол - заманынан әлдеқайда озық туған заңғар жан.
Айдынға ұласатын бұлақтар басынан тұнады. Билік пен шешендік халық арасында бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр еді. Тақыр жерге ешнәрсе шықпас болар. Бірақ қазақтың даңқты үш биі, үш ұстыны Төле, Қазыбек пен Әйтеке оны тек кана өнер деп карамай, қоғамдық-әлеуметтік сипат беріп, дала демократиясын одан әрі дамытып, орнықтырып, барынша пайдаланды. Рас, шешендік пен ділмарлықты кәсіп етіп, бауырдың бүтінін емес, ауылдың түтінін аңдып, карақан кара басымен күйбең күнкерісін күйттеп, аузы саябыр таппай, тілін безеп, жағын сауған қу тұяқтар аз болған жок. Әуелгіде иесі бар шешендік сөздер кейіннен келе-келе толығып, қүлпырып, жаңданып көшпелі алтын сияқты сусып басқа біреуге жамалуы да мүмкін. Кейде Төле айтты дегенді Қазыбекке, әйтпесе Әйтекеге теліп жатса оның таңкаларлық ешқандай айыпшамы жок. Оның дер кезінде хатқа түспегендіктен өзіндік сыры бар. Қара қылды қақ жарып, олар билікті төрт көзі түгел отырып бірге айтқан, не бір-бірінің жан семіртер жақсы сөздерін үлгі-өсиет ретінде тәрбие үшін ел арасына таратып, насихаттап жүргендігі шындықка жанасады.
Зерттегенде көкжиегі әрі кеңейе беретін ең кем дегенде бес ғасырдай тарихы бар поэзияның пірлері, ақын-жыраулар, билер мен шешендер даланың қоғамдық өмірінде зор міндет атқарып, оған белсене араласып отырды. Олардың даусы бізге кай дәуір түкпірінен болса да естіліп тұр. Бүкіл түрік әлемінде теңдесі жоқ қазақ ауыз әдебиетінде даналық сөздер арнайы жанр кұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz