Қонақ үй кешенінің сервистік құрылымы және кәсіпорынның тұтынушылық сегментін таңдау



Қонақжайлық индустриясы – қонақтарды қарсы алып, оларға қызмет көрсетумен байланысты қызмет нарығындағы кәсіпкерлік қызмет. Бұл түсінікке қоғамдық тамақтандыру орындары, демалу және көңіл көтеру парктері, қонақ үйлер жатады.
Қонақжайлық, немесе қонақ үйлік және мейрамханалық бизнес саласы – бұл «алтын жұмыртқа туатын тауық» деп аталатын бизнес аясы. бұл қонақжайлық саласының туризмнің базасы және негізгі факторы болып саналатындықтан ( сондай-ақ халықаралық туризмде) түсіндіріледі.
В.И.Дальдің айтуы бойынша, қонақ үй – бұл тұрғын аула немесе қызмет көрсетушісі бар үй, келушілерге арналған бөлмелер және тамақтандыру орындарымен ерекшеленеді. Қонақ үй шаруашылығы ретінде орналасумен байланысты қызметтерді көрсететін шаруашылық іс-әрекет түсіндіріледі. Тұтынушулардың талап-тілектерінің ұлғаюымен байланысты қонақ үй қызметтері кешенді түрде дамиды, яғни тамақтандыру қызметімен және ішімдіктерді сатумен қонақ үй көрсететін қызмет аясы кеңейтілді.
Қонақ үй (қонақ үй кешені) – бұл адамдарға қажетті мөлшерде жиһазбен қамтамасыз етілген бөлмелерде орналастыру қызметін ұсынатын іс-әрекетпен байланысты кәсіпкерлік қызмет ретінде қолданылатын бір немесе бірнеше қонақ үйлік қызмет көрсететін архитектуралық ғимарат. Демек, қонақ үй шаруашылығының болмысы болып халықтың керекті жиһазбен қамтылған уақытша тұру алаңына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ қосалқы тұру қызметтерін көрсету.
Біздің мақсатымыз жинаған білімімізді іс-тәжірибе жүзінде шыңдау. Оқу әдістемелік әдебиеттердегі тұжырымдамалыр, ережелер мен теориялардың нақты өндіріс үрдісіндегі қолданысын бағалау, бақылау.
Міндеті – қонақ үй кешенінің экономикалық іс-әрекетін, баға саясатын, кадрлық саясатын, жұмыс принциптерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу обьектісі – «НаСа плюс» жеке кәсіпкерлігінің «Мерей» қонақ үйі, оның өндіріс үрдісі, басқару ерекшелігі.
«Мерей» қонақ үй кешенінің құрамына қоғамдық тамақтандыру орны, бар, ойын-сауық орны кіреді. Қонақ үй кешені Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты 11-ші және Таугүл ықшам аудандарында орналасқан. Толық мемлекеттік тіркеуден өтіп, сәйкестік лицензиялары бар, үкімет бюджетіне міндетті төлемдерді төлейтін, толыққанды заңды мекеме. Қазақстан нарығындағы қонақ үйлердің қызмет көрсету және тапқан табысы жөніндегі ақпараттарға сүйенсек, «Мерей» қонақ үйі еліміздегі орта деңгейге жақын қонақ үйлердің қатарында.
1. А.Д. Чудновский, М.А. Жукова «Менеджмент в туризме и гостиничном хозяйстве».
2. Учебник «Гостиничный и туристический бизнес».
3. Р. А. Браймер «Основы управления в индустрий гостеприимство».
4. О. П. Ефимова, Н. А. Ефимова «Экономика гостинец и ресторанов».
5. В. Я. Хрипач «Экономика предриятия».
6. Кулибаев А., Адасбаев Е., Данышпанов Б., Дуйсенгалиев Т. Туризм на Шелковом пути как фактор устойчивого развития. // Транзитная экономика, 2000, №4, 48-53 беттер.
7. «Мерей» қонақ үйінің қаржылық жылдық есебі(2008)
8. «Мерей» қонақ үйінің қаржылық есебі(2009)
9. «Мерей» қонақ үйінің бухгалтерлік баланысы(2009)

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қонақжайлық индустриясы – қонақтарды қарсы алып, оларға қызмет
көрсетумен байланысты қызмет нарығындағы кәсіпкерлік қызмет. Бұл түсінікке
қоғамдық тамақтандыру орындары, демалу және көңіл көтеру парктері, қонақ
үйлер жатады.
Қонақжайлық, немесе қонақ үйлік және мейрамханалық бизнес саласы – бұл
алтын жұмыртқа туатын тауық деп аталатын бизнес аясы. бұл қонақжайлық
саласының туризмнің базасы және негізгі факторы болып саналатындықтан (
сондай-ақ халықаралық туризмде) түсіндіріледі.
В.И.Дальдің айтуы бойынша, қонақ үй – бұл тұрғын аула немесе қызмет
көрсетушісі бар үй, келушілерге арналған бөлмелер және тамақтандыру
орындарымен ерекшеленеді. Қонақ үй шаруашылығы ретінде орналасумен
байланысты қызметтерді көрсететін шаруашылық іс-әрекет түсіндіріледі.
Тұтынушулардың талап-тілектерінің ұлғаюымен байланысты қонақ үй қызметтері
кешенді түрде дамиды, яғни тамақтандыру қызметімен және ішімдіктерді
сатумен қонақ үй көрсететін қызмет аясы кеңейтілді.
Қонақ үй (қонақ үй кешені) – бұл адамдарға қажетті мөлшерде жиһазбен
қамтамасыз етілген бөлмелерде орналастыру қызметін ұсынатын іс-әрекетпен
байланысты кәсіпкерлік қызмет ретінде қолданылатын бір немесе бірнеше қонақ
үйлік қызмет көрсететін архитектуралық ғимарат. Демек, қонақ үй
шаруашылығының болмысы болып халықтың керекті жиһазбен қамтылған уақытша
тұру алаңына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ қосалқы тұру
қызметтерін көрсету.
Біздің мақсатымыз жинаған білімімізді іс-тәжірибе жүзінде шыңдау. Оқу
әдістемелік әдебиеттердегі тұжырымдамалыр, ережелер мен теориялардың нақты
өндіріс үрдісіндегі қолданысын бағалау, бақылау.
Міндеті – қонақ үй кешенінің экономикалық іс-әрекетін, баға саясатын,
кадрлық саясатын, жұмыс принциптерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу обьектісі – НаСа плюс жеке кәсіпкерлігінің Мерей
қонақ үйі, оның өндіріс үрдісі, басқару ерекшелігі.
Мерей қонақ үй кешенінің құрамына қоғамдық тамақтандыру орны, бар,
ойын-сауық орны кіреді. Қонақ үй кешені Алматы қаласы, Әуезов ауданына
қарасты 11-ші және Таугүл ықшам аудандарында орналасқан. Толық мемлекеттік
тіркеуден өтіп, сәйкестік лицензиялары бар, үкімет бюджетіне міндетті
төлемдерді төлейтін, толыққанды заңды мекеме. Қазақстан нарығындағы қонақ
үйлердің қызмет көрсету және тапқан табысы жөніндегі ақпараттарға сүйенсек,
Мерей қонақ үйі еліміздегі орта деңгейге жақын қонақ үйлердің қатарында.
Жеке кәсіпкерлік НаСа плюс Мерей қонақ кешенінің құрамына келесідей
бөлімдер кіреді: қонақ үй, бильярд, бар, кафе. Міне осы бөлімдер Мерей
қонақ үйін тек қана қонақ үй ретінде ғана емес сондай-ақ толыққанды кешен
ретінде қалыптасуына септігін тигізді және бұл кәсіпорынды кешен деп
аталуына сенімді құқық береді. Бұл бөлімдер қонақ үй кешенінің құрамдас
бөліктері бола тұра әрқайсысы жеке тек өзіне ғана тән өмір сүреді.
Мерей қонақ үй кешенінің орналасуы эргономикалық, архитектуралық,
эстетикалық жағынан ыңғайлы. Ол қаланың маңызды бөліктерінің бірінде
орналасқан. Мұндай мекемелерге Әуезов ауданының әкімшілік ғимаратын,
мәдениет үйін, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын орталық алаң,
қаржы мекемелері (банктер), салық комитетін және Қазтелеком, Қазпочта
байланыс орталықтарын, тіпті сауда орталығын жатқызуға болады. Кешеннің
орналасуы бөлмелерде, ғимараттың ішінде табиғи жарықтың еркін түсуіне
жағдай жасайды.
Мерей қонақ үйі нөмірлік қордың сыйымдылығына байланысты шағын қонақ
үйлер қатарына жатқызылады. Нөмірлердің бағасына байланысты экономдық
класты қонақ үй. Нөмірлері стандарт класты екі орындық және люкс класты
нөмірлер. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін төмен бағалы нөмерлер
қарастырылған. Адам басына шаққандағы тәуліктік қонақ үйдің люкс нөмірінің
бағасы 20000 теңге, жарты тәулікке 12500 теңге, ал стандарт класты екі
орындық нөмірлердің бағасы бір адамға 7000 теңге, жарты тәулікке 3500
теңгеге тең. Және тәулігі 5000 теңге, жарты тәулікке 2500 теңгелік бөлмелер
бар. Қонақ үй нөмірлерінде тұру бағасына қосылған құн салығы мен
тамақтандыру бағалары кірмейді. Қонақтардың тамақтануы қонақ үйден тыс
кафеде басмәзірде белгіленген бағалар бойынша жүзеге асырылады.
Бильярдта бір сағатына адам басына шаққандағы бағасы 1000 теңгеге тең.
Бардағы сусындар мен шараптардың бағасы сусындар мәзірінде беріледі. Барды
минералды сулар, газдалған сусындар, жеміс-жидек шырындары, алкагольді
сусындар, шәй және кофе, темекі өнімдері, жеміс-жидек және жаңғақ
ұсынылады. Ішімдіктер бағасы бильярдта ойнау бағасынан бөлек есептеледі.
Бильярд-бардың табысы анағұрлым көбейетін кезі жаз мезгілі мен мейрам
шағында тәуліктің екінші жартысына келеді. Бильярд-бардың қонақтары болып
25 жастан жоғары, табысы орташа және орташадан жоғары халық бөлігі,
көбінесе ер адамдар демалады.
Қонақ үйдің табысты кезеңі болып жаз мезгілі саналады. Себебі, осы
мезгілде демалушы адамдар Алматыға іс-сапар, Медеу, Шымбұлақ, Алмарасан
секілді орындарға демалып тынығу үшін осы аймаққа көптеп келеді.
Қонақтардың едәуір көп бөлігі шілде, тамыз және қыркүйек айының бірінші
жартысына келеді. Сондықтан жаз мезгіліндегі қонақ үй кешенінің негізгі
қонақтары болып басқа жерлерден келген демалушылар немесе туристер
саналады. Жаз уақытынан тыс мезгілінде келетін қонақ үй қонақтары бұл –
белгілі бір іс-сапармен немесе қандай да бір іс-шаралардың мақсатымен
келген осы қаланың қонақтары.
Кафе келушілердің, тапсырыс берушілердің көңілінен шығатын,
қажеттіліктерін қанағаттандыратын толық сервисті қоғамдық тамақтандыру
орны. Мұнда корпаративті кештер, кездесулер ұйымдастырылып қана қоймай,
халықтың күнделікті келіп тамақтанып, демалуларына барлық жағдай жасалады.
әдетте мұнда кафе маңында оналасқан мекенмелердің, қызмет орындарының
қызметкерлері, қонақтары түстенеді. Кафе мәзірінде қонақтардың сұранысына
ие болған ыстық, суық тамақтар, көкөніс салаттары, кулинарлық өнімдер,
жеміс-жидек шырындары, сусындар мен алкагольді ішімдіктер ұсынылады.

Қонақ үй кешенінің сервистік құрылымы және кәсіпорынның тұтынушылық
сегментін таңдау.

Қонақжайлық индустриясының ең үлкен сегментін жеке қонақ үйлер мен
мейрамханалар жаулап алуда.
Тәуелсіз немесе жеке кәсіпорын – бұл жекеменшік обьектісінен пайда
алатын жеке кәсіпкердің тәуелсіз иелігіндегі, басқаруындығы және
қолданысындағы өндіріс орны. Басқа компаниялармен басқару немесе біреудің
сауда белгісін қолдану мәселелері бойынша келісім шарттардың болуы
кәсіпкерліктің тәуелсіз кәсіпорын ретіндегі статусының басқа нарықтық
қатынастың субъектілірінің алдында өзгеріссіз қалады.
Жеке қонақ үйлер кешенінің жылдық айналым қаражаты бес миллион теңгеден
аз табыс алады.
Тәуелсіз кәсіпорындардың көбі жанұялық орташа және шағын көлемдегі
бизнес болып келеді.
Тәуелсіз кәсіпорындардың үлкен көлемі кішігірім қалаларда немесе
курорттық жерлерде орналасады. Бұл тәуелсіз қонақ үйлердің қонақ үй желісі
жағынан болатын қатаң бәсекелестігінен қауіптенбей қалыпты жұмыс жасауына
септігін тигізетін аудандар.
Жеке кәсіпорындардың басқа қонақ үйлік немесе мейрамханалық желілерге
кіретін кәсіпорындардан ерекшеленетін айырмашылығы бұл кәсіпорындарды
басқаруына әсер етеді.
Жеке кәсіпорнындардың басқаруы жоғары басқарушылық шеберлікті талап
етеді. Ірі кәсіпорындар білікті және жоғарыақылы мамандарды жалдауға
мүмкіндіктік беретін үлкен көлемдегі табыс алады.
Мұндай кәсіпорындардың директоры үлкен басқарушылық персонал штатын
қалыптастыруға мүмкіндігі жоқ. Егер кәсіпорын үнемі өзгеріп тұратын нарық
жағдайында тәуелсіздігін сақтап қалғысы келсе және бәсеке қабілеттілігін
сақтап қалу үшін жан-жақты білім және кәсіпқойлық қасиеттері болу керек.
Жеке кәсіпорындардың басшылары іс-тәжірибелік мәселелерді шешуге біршама
жақындатылған. Сондай-ақ, мұндай кәсіпорындардың әлсіз жерлері болады,
мысалы, маркетинг немесе қаржы жағынан немесе екі жақта да әлсіздігі
білінеді.
Мұндайда тәуелсіз немесе жеке кәсіпорында маркетингтік қызмет
жеңілдетілген жағдайда жүргізіледі.
Жеке кәсіпорындарда жұмысшылар штатын шағын адамдар тобынан ғана
толықтыруға мүмкіндігі бар, көбінесе сол салада тәжірибесі, арнайы
дайындығы жоқ адамдардан құралады. Мұндай кәсіпорындарда жұмысшылардың
кәсіби өсулеріне мүмкіндіктер ұсынылмайды.
Қонақ үй кәсіпорнының ең сапалы,әрі бағасы біршама арзан орындарды ұсына
алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Қонақ үй шаруашылығында - ең алдымен қызметшілер. Осыдан келіп бұл
терминнің тағы бір анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың,
қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Қонақ үй кешенінің техникасы мен технологиясы, кадрлық саясатын,
басқару нысанын талдау.

Қонақ үй кешенінің көркемделуі, әсемделуі, жиһаздлуы, архитектурасы,
өндіріс процесінде керекті техникалармен жабдықталуы, жарықтандырулары
мен жылумен қамсыздалуы заман талабына сай жаңа үлгілермен жасалған.
Қонақ үй нөмірлерінің жиһаздалуы мен жабдықталуы барлық нормалар мен
стандарттарға сай, қонақтардың өздерін жайлы сезінуіне жағдай жасалып
орындалған. Нөмірлердің төсек-орындарының тазалығы сақталып, нөмірлерді
үнемі тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы қонақ үй, бильярд, бар және кафенің тиімді қызмет атқарып, табыс
әкелуіне септігін тигізетін барлық керекті инвентарьлармен және құралдармен
қамтамасыз етілген. Мысалы, горничнаялардың қызметінің эффектілігі жоғары
болуы үшін шаңсорғышпен, химиялық тазарту құралдарымен және басқа да керек
жарақтармен қамтылған.
Кешеннің тиімді де табысты, сондай-ақ қонақтар мен келушілердің
сұраныстарын қамтамасыз етіп, көңілдеріне толыққанды шығын қызмет
көрсетулері үшін мекемедегі қызмет атқаратын персоналдар мен
қызметкерлердің қосатын үлестері өте жоғары. Жұмысшылардың өз жұмысына
деген ынтасын арттырып, одан максималды нәтиже алу үшін, жұмысшының қызмет
етуіне барлық жағдай жасалуы шарт. НаСа плюс жеке шаруашылығының Мерей
қонақ үй кешенінің жұмысшылары мен қызметкерлеріне барлық ынталандырушы
факторалар қолданылып, жақсы жағдай жасалған. Кәсіпорынның табысты болуына
байланысты сыйақылар төленіп, жеңілдіктер беріледі. Бірақ кері жағы болып
зейнетақы қорларына аударымдар жасалмайтындығы мен қала адамдары үшін төмен
жалақы мөлшерін айтсақ болады.
Кешеннің баға саясатына келетін болсақ, мұндағы қызметтердің бағасы осы
қаладағы баға белгілеу нормаларына сай және бәсекелестердің белгілеген
бағасын ескеріліп белгіленеді. Тек қонақ үй нөмірлерінің бағасының деңгейі
жергілікті халық үшін жоғары саналады. Бірақ Мерей қонақ үйі өзінің
проектісіне люкс класты нөмірлерді қосып, европалық деңгейдегі сервис
көрсетіп жиһаздалған.
Бәсекелестеріне қаладағы бірнеше осы деңгейдегі қонақ үйлерді жатқызуға
болады. Бұл қонақ үйлер ескі үлгідегі, бағасы арзан, сервис деңгейі мен
жабдықталуы орташа қызмет көрсету мекемелері. Қорыта келгенде, Мерей
қонақ үй кешенінің өзінің деңгейіндегі қауіпті бәсекелесітері бар деуге
болады.
Кәсіпорын басшысының тағы бір маңызды міндеттерінің бірі болып
персоналдарды ынталандыру немесе сын айту жүйесін құрастыру және оның
жүзеге асырылуларын қадағалау. Басшы персоналдардың демалулары мен жұмысы
үшін жақсы жағдай қамтамасыз етуі қажет (персоналдардың тамақтандыруларын
ұйымдастыру, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және т.б. ).

ЖК НаСа плюс қонақ үй кешенінің менеджменті сурет 1-де көрсетілген.

н.,.,

Сурет 1– ЖК НаСа плюс Мерей қонақ үй кешенінің басқару құрылымы

1-ші сурет бойынша басқарудың бас буыны болып кәсіпорынның иесі
саналады. Ол әрбір құраушы бөлімдерді басқарып, реттеп, әрбір бөлімде жұмыс
атқаратын қызметшіні өзі тағайындайды. Әрбір бөлімнен келген табыс жайлы
есеп берулер, өндіріс процесі кезінде керекті материялдар жөніндегі есеп
берулер әкімшілік бөлімнің құзыретінде. Бұл бөлім басшы алдында жауапты.
Басшы мен әрбір бөлім арасында кері байланыс орнатылған және әрбір бөлім
өзіне байланысты қызмет атқарады.
Қонақ үй кешенінің иесі кәсіпорынның бірінші адамы саналады. Басшы
қонақ үй стилін анықтайды. Ол қонақ үй кешенін қонақтардың барлық
талаптарын толық қанағаттандырып, олардың қонақ үйге қайта келуін
ынталандырып басқаруы тиіс. Сонымен қатар, оның басты мақсаты кәсіпорынның
пайдалылығын, табыстылығын жоғарылату. Мерей қонақ үй кешенінің
басқарылуы авторитарлы болып келеді, бұл кәсіпорынның жанұялық бизнес
құрылып дамуына байланысты.
Басшы қонақ үй кешенінің персоналының оперативті басқарылуын күнделікті
қадағалап, басқарылушылардың жұмысын бақылап, барлық пайда болған
мәселелерді шешеді. Сондай-ақ ол басқарудың стратегиялық мәселелерін
қамтамасыздандырып отыруы тиіс. Басшы қонақ үй кешенінің ұзақ мерзімдік
жоспарын құрады, мұнда кәсіпорынның ұзақ мерзімдік мақсаттары белгіленеді
және қойылған мақсаттарға жету жолдарының стратегиялары жасалады.
Мерей қонақ үй кешенін нарықта дамушы жас қызмет көрсету мекемесі деп
айтуға болады. Әрине, бірінші кезеңде кешенге деген жергілікті халықтың
қызығушылықтары аз болып, кәсіпорын қызметтері көп сұранысқа ие болмады.
Бірақ тартымды дизайн, жаңаша тенденциялар және адам баласының жаңа
заттарды танып білуге деген талпыныстары өз үлестерін кешеннің табысының
артуына қосты. Қазіргі кезде бұл кәсіпкерлікті тұтынушылардың сеніміне
енген, максималды пайда әкелетін шағын бизнес қатарына қосуға болады.
1, 2 және 3-ші кестеде Мерей қонақ үй кешенінің 2009 жылға шаққандағы
табыс мөлшері, шығын құрамы мен олардың мөлшері мен жылдық таза пайда
мөлшері келтірілеген.
2009 жыл бойынша кешеннің табыс мөлшері.

Кесте 1- Мерей қонақ үй кешенінің бір жылдық табыс мөлшері

№ Айы Қонақ үй бойынша,Бильярд Кафе, мыңБарлығы,
мың тг мың тг Бар мың тг мың тг
тг
Люкс Стандарт
кл., кл., мың
мың тг тг
1 Қаңтар 108,0 168,0 22.8 30.89 165.0 494.69
2 Ақпан 108,0 172,0 20.85 28.9 160.0 489.75
3 Наурыз 99,0 160,0 24.68 33.0 175.8 492.48
4 Сәуір 90,0 168,0 23.0 35.88 178.55 495.43
5 Мамыр 94,5 172,0 26.76 42.0 183.9 519.16
6 Маусым 85,5 180,0 30.0 44.5 185.58 525.58
7 Шілде 103,0 188,0 40.0 53.2 180.2 564.4
8 Тамыз 117,0 184,0 35.85 48.0 184.36 569.21
9 Қыркүйе90,0 168,0 38.8 54.0 177.0 527.8
к
10 Қазан 94,5 164,0 36.25 56.2 178.7 529.65
11 Қараша 90,0 156,0 34.0 58.0 180.1 518.1
12 Желтоқс99,0 160,0 38.0 63.0 184.4 544.4
ан
Барлығы: 3218,5 370.99 547.57 2133.59 6270.65

Қонақ үй табысының құрамы және үлес салмағы. Қонақ үй кешенінің
табысының жартысынан көп бөлігі, яғни 56%-ын қонақ үй нөмірлерін сатудан
түсетін түсім құрап, 33%-ын қоғамдық тамақтандыру орны әкелетін табыс
құраған, бильярдтан 4,6% , бардан 2% табыс түсірілген.
Қонақ үй кешенінің бір айға келетін шығынның құрамы және үлес салмағы
келесі суретте көрсетілген.
68%

15%

10%

3% 3% 1%

Сурет 2 – Қонақ үй кешенінің шығын құрамы және үлес салмағы.

68% - қызметшілерге төленетін жалақы
15% - коммуналдық шығындар
10% - азық-түлік шығыны
3% - жылу беру, жанар-жағармай шығыны
3% - төленетін салық мөлшері
1% - шаруашылық шығындар

Әрбір бюджеттік мекемеге тән шығынның едәуір бөлігі, яғни бұл жағдайда
68%-ы кәсіпорындарда қызмет атқаратын қызметшілерге төленетін жалақы
шығынына, 15%-ы коммуналдық төлемдерге, 10%-ы тамақтандыруға байланысты
шығындарға, 3%-ы жылу беру, жанар-жағармайды сатып алуға жұмсалады
(ғимаратқа жылу беру жанармай жағу арқылы жүзеге асырылады), 3%-ы мемлекет
бюджетіне міндетті төленетін төлемдерге кетсе, 1%-ы шаруашылық бойынша
шығындарға, мысалы, химиялық тазарту құралдарын сатып алу.

2009 жыл бойынша кешеннің бір жылдық шығын құрамы мен мөлшері.

Кесте 2- Мерей қонақ үй кешенінің бір жылдық шығын құрамы мен мөлшері

№ Айы КоммунШаруашыЖанар-жағАзық-түл Салық, 3%, Барлығы
алдық лық армай, ік, мың мың тг мың тг
шығындшығындажылу тг
ар, ры, мыңберу, мың
мың тгтг тг
1 Қаңтар 50,0 6,0 12,0 40,0 14,84 385,84
2 Ақпан 53,0 6,3 12,0 38,0 14,693 386,993,
3 Наурыз 50,0 6,0 10,0 41,0 14,774 384,774
4 Сәуір 52,3 6,45 8,2 46,0 14,863 390,813
5 Мамыр 55,0 7,0 6,0 50,8 15,575 397,375
6 Маусым 56,2 7,0 6,0 61,0 15,767 408,967
7 Шілде 60,0 7,9 6,9 68,0 16,932 422,732
8 Тамыз 60,0 7,5 6,6 69,2 17,076 423,376
9 Қыркүйек 55,0 6,9 6,9 67,0 15,834 414,634
10 Қазан 56,2 6,3 10,0 65,0 15,890 416,390
11 Қараша 50,0 6,0 12,0 65,9 15,543 412,443
12 Желтоқсан 53,4 6,8 12,0 69,0 16,332 420,532
Барлығы: 651,1 80,15 108,6 680,9 188,119 4864,869

Бұл кестеден Мерей қонақ үй кешенінің бір жылдық шығын құрамы мен
мөлшерін көрсек болады. Жалпы алғанда, коммуналдық шығындар, шаруашылық
шығындар, азық-түлік шығындары, жанар-жағармай және салық шығындары қонақ
үй кешенінің бір жылдық таза пайдасына әсер етеді. Шығындардың көптігіне
қарамастан, қонақ үй өз табысын тиімді түрде көруде. Ескеретін жайт, 2009
жылғы шығын құрамы мен мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай
азайғанын көреміз.

Кесте 3- Мерей қонақ үй кешенінің бір жылдық таза пайда мөлшері

№ Айы Табыс Шығын деңгейі,Таза пайда,
деңгейі,мың тгмың тг мың тг
1 Қаңтар 494,69 385,84 108,85
2 Ақпан 484,750 386,993 102,757
3 Наурыз 492,48 384,774 107,706
4 Сәуір 495,43 390,813 104,617
5 Мамыр 519,16 397,375 121,785
6 Маусым 525,58 408,967 116,613
7 Шілде 564,4 422,732 141,668
8 Тамыз 569,21 423,376 145,834
9 Қыркүйек 527,8 414,634 113,116
10 Қазан 529,65 416,39 113,26
11 Қараша 518,1 412,443 105,657
12 Желтоқсан 544,4 420,532 123,868
Барлығы: 6270,65 4864,869 1405,781
Ескерту – Мерей қонақ үйінің жылдық есебі негізінде(45-78)

Кестеде қонақ үй кешенінің бір жылдық таза пайда мөлшері көрсетілген.
Қонақ үйдің шығынының анализі нақты мәліметтерді жоспарланған (немесе
өткен жылдың нақты мәліметтерімен) мәліметтерімен салыстырудын басталады.
Нақтылы және жоспарланған сомалардың арасындағы айырмашылық (немесе
динамикасы) абсалютты ауытқу (үнемдеу немесе шығындалу) болып саналады.
Шығындардың анализін табыстағы өзгерістермен байланыстыру қажет,
сондықтан табыс құрамындағы шығынның үлес салмағын өзгеру көлемі (ұлғаю
немесе төмендету) (РИ) деп аталады және төмендегідей формуламен есептеледі:

РИ = ДЗВ отч – ДЗВ баз
(1)

Мұндағы ДЗВ отч - есепті жылдағы шығынның нақты мөлшері, %;
ДЗ В баз – базистік кезеңдегі табыстағы шығынның үлесі, %;

Өзгеру көлемі базистік жылдағы нақты шығынның деңгейі табыс деңгейінен
қанша пайызға өскенін көрсетеді. Бұл қонақ үй жұмысының тиімділігін
айқындайтын маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі.
Базистік деңгейге шығын үлесінің ұлғаюы немесе төмендеу көлемінің
қатынасы (пайызбен көрсетілген) шығын үлесінің (ТИд.з.) өзгеру темпі
(төмендеу немесе ұлғаю) дап аталады және төмендегідей есептеледі.

ТИд.з. = РИ – ДЗВ баз * 100
(2)

Өзгеру темпі қонақ үй шығындарының деңгейі базистік жылдың (өткен жылғы
нақты немесе жоспарлы) шығынына қатысты қанша пайызға төмндегенін немесе
ұлғайғанын көрсетеді, егер соңғысы 100% деп есептесе.

Кесте 4- Мерей қонақ үй кешенінің шығын динамикасын бағалау.

Көрсеткіш Базистік Есепті жыл, Ауытқу өсу темпі,%
жыл, мың тг мың тг
Табыс, иың тг4891,32 6270,65 +1379,33 128,2
Шығын, мың тг3674,28 4864,869 +1190,583 132,4
Табыс 75,1% 77,6% 86,3% 103,3%
құрамындағы
шығын үлесі,
%
Ескерту – Мерей қонақ үйінің жылдық есебі(250-270)

2008 жылғы статистикалық мәліметтерге сай жылдық табыс мөлшері 2009
жылмен салыстырғанда 1379330 теңгеге аз болған, яғни 2008 жылғы табыс
4891320 теңгеге тең болған. Ал 2009 жылдың шығыны 3674280 теңге болып,
пайды мөлшері 1217040 теңгеге теңесті. Екі жылдың табыстылығын салыстыруды
кесте 4-те көруге болады.

Кесте 5- Мерей қонақ үй кешенінің табыстылығын талдау.

Көрсеткіш 2008ж 2009ж Ауытқу
Табыс, мың тг 4891,32 6270,65 +1379,33
Шығын, мың тг 3674,28 4864,869 +1190,589
Пайда, мың тг 1405,781 1217,040 +188,741
Ескерту – Мерей қонақ үйінің жылдық есебі негізінде(145-234)

Кестелерден қонақ үйдің шығын динамикасы мен табыстылығын көре аламыз.
Өткен жыл ішінде қонақ үй өз шығын динамикасын тиімді бағалау нәтижесінде,
табыстылығын арттыра білген. Және де тиімді әдістер қолдана білген. 2008
жылмен салыстырғанда 2009 жылы қонақ үй кешенінің табыстылығы артқан.

“Мерей” қонақ үйінде маркетингті ұйымдастыру және оларға қызмет
көрсетуді ұйымдастырудың жетілдіру бағыттары

Қазіргі кезде ерекше орынды нарықтық қатынастарды басқарудың
теориялық және практикалық аспектілері алады, соның ішінде елеулі
рөлді нарықты басқаруда маркетинг алады.
Фирманың бүкіл қызметі, жаңа өнім мен технологияны әзірлеу,
ассортиментті қалыптастыру, түрлі қызметтер мен тауарларға бағаны белгілеу
және оларды нарыққа жылжыту, соңғы тұтынушылармен ұзақ байланыс орнату
маркетинг заңдарына бағынады.
Нарықта өмір сүру және іскерлік белсенділіктің өсуі – қонақ үй
кәсіпорындарының маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сервистік қызмет көрсету
Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат
Франчайзингтік қатынастарды қолданудың шетелдік тәжірибесі
Туристік өнім
Мерей қонақ үйінің шаруашылық қызметінің комплексті талдау
Қонақжайлылық индустриясына әсер етеін факторлар
Қонақ үй шаруашылығы
Қонақ үй бизнесінің қалыптасуы мен дамуы
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қалыптасуы және болашағы. ЖШС «ОТЫРАР»қонақ үйі
Пәндер