Абай шығармаларын мектепте оқыту



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім:

а) Абай шығармаларын мектепте оқыту
мәселелері

ә) Абай шығармаларын 5.9.сыныптарда оқыту

б) 10.сыныпта Абай шығармаларын оқыту
мәселелері

ІІІ Қорытынды
Қазақстан өз алдына егеменді мемлекет атанып отырған тұста баршаға жаңа міндеттер жүктейді. Еліміз еңсесін көтеріп, ата-баба армандағаны осы егемендік еді деп ұрпаққа ұқтырмақ болған тұста, бүгінгі бізге керек сөз Абайдан табылады. Ол жаңа қоғам, жаңа адам тәрбиесі үшін керектіні шығармаларында жіктеп тұрып айтып кеткен. Ол өз халқының тірлігіне, оның келешегіне көп ой жіберіп, терең ойлауы мен қатты толғануынан баға жетпес асыл дүниелер тудырған. Бірде ол өкініп, бірде күйініп, бірде ұрсып айтса да онда оның өз елін озық елдер қатарында көргісі келгендік тілегі жатады. ''Абай шығармасын мектепте оқыту өте орынды'' деп қана қойсақ, ол жеткіліксіз. Осы міндет бірер жұмыспен орындала қалады деу жөнсіз, өйткені Абайдың ақындығы мен шығармашылығы, тілінің байлығы мен көркемдігі осыларды айту аз күш емес.
Абай шығармаларында басты мақсат - адамды барынша кәмелетке, кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайық түрде көрсету, іске асыру, пайдалану, қызығын көру, басқаға шарапатын тигізу, ол дүниеде озық ету. Шын имандылық Алланы тану, оны мейлінше сүю, оған барынша ұқсату, еліктеу жолымен келеді. Имандылыққа тәрбиелеу, имандылыққа қол жеткізу, бұл трактаттың басынан аяғына дейін өтетін негізгі жем, өйткені кәміл имнадылық дарыған адамға жаман қасиет болмақ емес. Абай тәрбиенің ішінде ең бірінші орынға таза діни тәрбиені қояды, қалған тәрбие түрлері /адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене т.б./ осы тәрбиеге тығыз байланысты жүреді, жүзеге асырылады. Абай дәріптерден дін – ол гуманизм жолын ұстаған қасиетті дін, ол ''тәркі дүниелікке'' мүлде қарсы. ''Ғұмыр - өзі хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмелет жоқ. Бірақ Әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді.''
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қанипа Бітібаева ''Әдебиетті оқыту
әдістемесі'' А. 1997ж.
2. Құрманбаев ''Әдебиет сабағының
үлгілері'' А. 1993ж.
3. Дайрабаева ''Оқытудың принциптері''
А. 1987ж.
4. Ханғаш Сүйіншалиев ''Қазақ әдебиетінің
тарихы'' А. 1997ж.
5. А.Көбесов ''Абайтану дәрістері'' А. 2000ж.
6. Қоңыратбаев ''Оқыту процестері''
Алматы 1968ж.
7. Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Абай шығармаларының оқыту мәселелері
А. 1995ж.
8. С. Қирабаев, Қ.Мырзағалив ''Қазақ
әдебиеті'' Алматы 1997ж.
9. Шәменов Қ. ''Қазақ әдебиетінің тарихы''
Алматы 1965ж.
10. Тілеужанов М. Сұлтанмахмұттың Абай
дәстүрі үшін күресі Алматы 1957ж.


Сілтеме әдебиеттер

1. ''Қазақ тілі мен әдебиеті'' 5. 2001ж.

2. ''Қазақ тілі мен әдебиеті'' 12. 2001ж.

3. ''Қазақ тілі мен әдебиеті'' 6. 2001ж.

4. ''Қазақ тілі мен әдебиеті'' 4. 2001ж.

5. ''Қазақ тілі мен әдебиеті'' 7. 2002жыл

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Престиж Академиясы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Абай шығармаларын мектепте оқыту

Орындаған: Сейтмуратов Е.К.
Қабылдаған: Ержанова С.Б.

Алматы 2004

Жоспары:
І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім:

а) Абай шығармаларын мектепте оқыту
мәселелері

ә) Абай шығармаларын 5-9-сыныптарда оқыту

б) 10-сыныпта Абай шығармаларын оқыту
мәселелері

ІІІ Қорытынды

Абай шығармаларының міндеті

Қазақстан өз алдына егеменді мемлекет атанып отырған тұста баршаға жаңа
міндеттер жүктейді. Еліміз еңсесін көтеріп, ата-баба армандағаны осы
егемендік еді деп ұрпаққа ұқтырмақ болған тұста, бүгінгі бізге керек сөз
Абайдан табылады. Ол жаңа қоғам, жаңа адам тәрбиесі үшін керектіні
шығармаларында жіктеп тұрып айтып кеткен. Ол өз халқының тірлігіне, оның
келешегіне көп ой жіберіп, терең ойлауы мен қатты толғануынан баға жетпес
асыл дүниелер тудырған. Бірде ол өкініп, бірде күйініп, бірде ұрсып айтса
да онда оның өз елін озық елдер қатарында көргісі келгендік тілегі жатады.
''Абай шығармасын мектепте оқыту өте орынды'' деп қана қойсақ, ол
жеткіліксіз. Осы міндет бірер жұмыспен орындала қалады деу жөнсіз, өйткені
Абайдың ақындығы мен шығармашылығы, тілінің байлығы мен көркемдігі осыларды
айту аз күш емес.
Абай шығармаларында басты мақсат - адамды барынша кәмелетке,
кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайық түрде көрсету, іске асыру,
пайдалану, қызығын көру, басқаға шарапатын тигізу, ол дүниеде озық ету. Шын
имандылық Алланы тану, оны мейлінше сүю, оған барынша ұқсату, еліктеу
жолымен келеді. Имандылыққа тәрбиелеу, имандылыққа қол жеткізу, бұл
трактаттың басынан аяғына дейін өтетін негізгі жем, өйткені кәміл имнадылық
дарыған адамға жаман қасиет болмақ емес. Абай тәрбиенің ішінде ең бірінші
орынға таза діни тәрбиені қояды, қалған тәрбие түрлері адамгершілік, ақыл-
ой, еңбек, дене т.б. осы тәрбиеге тығыз байланысты жүреді, жүзеге
асырылады. Абай дәріптерден дін – ол гуманизм жолын ұстаған қасиетті дін,
ол ''тәркі дүниелікке'' мүлде қарсы. ''Ғұмыр - өзі хақиқат. Қай жерде ғұмыр
жоқ болса, онда кәмелет жоқ. Бірақ Әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние
емес еді.''
Ұлы ақын мұрасын жан-жақты, терең зерттеуді мақсат еткен қазақ әдебиеті
тарихы салаларының бірі Совет өкіметі орнасымен-ақ, өткендігі мұраға
қамқорлық маркістік-лениндік жаңа дүние таным негізінде жүргізіле бастады.
Ал Абай мұрасын тану, таныту насихаттаудың алғашқы белгілері революцияға
дейін-ақ көрінгенімен, оны шын мағынасындағы ғылыми тұрғыдан танып бағалау
ісі біздің заманымызда ғана жүзеге асты. 1933 жылы М.Әуезов Абайдың тұңғыш
ғылыми өмірбаянын жазып Абайдың негізін салуды бастап берді. Бірақ 30
жылдардың аяғында жазылған сын мақала, зерттеулерде бұл мұраны танып,
бағалауға сол тұстың әдеби атмосферасында орын тепкен тұрпайы
социологиялық, компоротивистік негізіндегі теріс танымдардың салқыны тимей
қалған жоқ. ''Абайдың туғанына 95 жыл 100 жыл толу мерекесіне орай көптеген
мақала, зерттеулер жазылды.
Осы кезден бастап әр түрлі ғылым саласында Абай мұрасын әр қырынан
қарастырып, зерттеу нәтижесінде төрт докторлық жиырма төрт кондидаттық
дисертация қорғалып, ондаған зерттеулер жарық көрді. Абай мұрасының бірегей
белгілері М.Әуезов мұрасын зерттеуді ғылым зерттеулері мен көркем
шығармаларын жазу үстінде қатар жүргізіліп, сегіз түрлі күрделі проблема
төңірегінде ізделді.
Ал бұл Абай проблемалары Абайдан көрнекті зерттегені С.Мұқанов,
Қ.Жұмашев, С.Семченко, Б.Кенжебаев, Т.Тәжібаев, т.б. көптеген ғылымдар әрі
қарай жалғастырды.
Республикамыздың жоғарғы оқу орындарында 1942 жылы Абайдан арнайы курс
оқытылып семинар сабақтары өткізіліп келді.
Абай шығармаларын мектепте оқыту мәселелері.
Аса күрделі рухани құбылыс Абай мұрасын меңгеру, оны жас ұрпақтың
рухани бұлақ көзіне айналдыру – абайтанушы ғалымдар мен бағдарлама, оқулық
авторларының парызы. Алайда бұл парыз өз дәрежесінде өтелмей келеді. Абай
шығармаларын жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәнінің
бағдарламасы мен оқулықтарымызда жүйелеп беру мәселесі өз шешімін таппай
келеді. ''Су басынан тұниды'' дейді халық даналығы. Мектептегі білім
бұлағының басы – бағдарлама мен оқулық.
Абай шығармалары монографиялық тұрғыда өтілетін 10 сынып бағдарламасы
мен оқулығындағы біз байқаған басты кемшіліктер мыналар:
1. Абай шығармаларының не хронологиялық, не тақырыптық жүйесі жоқ.
2. Ақынның эволюциялық өсу жолы ескерілген, сондықтан шығармаларындағы
ішкі логикалық байланыс бұзылған.
3. Лирикалары мен қара сөздеріндегі ой сабақтастығына мән берілмеген.
4. Абай лирикасындағы ойшылдық пен суретшілік арасындағы бірлік ашылмаған.
5. Адамзатты биік адамгершілік мұраттарға бастайтын мораль философиясы
қалыс қалған; ұлы ақын шығармаларында терең ой жүйесіне айналған ''Адам
болу'' мәселесі мен гуманизм мәселесіне мән берілмеген.
6. Бағдарлама мен оқулық ілгеріде жазылғандықтан ұлы ақын шығармаларын
талдау, түсіндіру, бағалау өткен қоғам мақсат-мүддесі тұрғысынан
барілген.
7. Абайдың нәр алған рухани бұлақ көздерінен орыс әдебиетінің ықпалы басым
көрсетілген.
Бұған бағдарлама мен оқулық авторларын кінәлауға болмайды. Оның
субъективті және объективті себептері бар:
1. Ұлы ақын шығармаларының табиғатының аса күрделілігі;
2. М.Әуезовтың кейінгі абайтанудағы тоқырау;
3. Өткен қоғам идеологиясының ықпалы;
4. Қазіргі абайтанудағы жаңалықтар қорытылып, бағдарлама мен оқулыққа
енгізілмеуі.
Қанипа Бітібаева жасаған ''Абай Құнанбаев шығармаларын тереңдете
оқытудың үлгі бағдарламасында'' (''қазақ тілі мен әдебиеті'' журналы 1994
№2) негізгі бағдарламамыздың кемшіліктер қайталанған. Мұнда да ''оқу,
білім, ғылым тақырыбы'', ''Махаббат, әйел, достық тақырыбы'', ''Өлең, өнер,
ән туралы'' т.б. деп Абай өлеңдерін 10 тақырыпқа топтастырып, ''Ескендір''
поэмасын және 9-қара сөзді оқуға ұсынды және Абай аудармаларын берген.
Бұл бағдарлама да тақырып қуалап, ұлы ойшыл ақынның шығармаларындағы
ішкі терең ой жүйелерін танытуға мүмкіндік бермейді. Өлеңдері мен қара
сөздеріндегі сабақтастыққа көңіл бөлінбеген. Бағдарламада ақын өлеңдерін
тақырыпқа бөленгенде өлеңнің ішкі мазмұнына үңілмей, тақырыбына
қарағандықтан қателіктер кеткен. Мысалы, ''Қыран бүркіт не алмайды салса
баптан'' өлеңнің Қ.Бітібаева ''Саятшылық өнер'' тақырыбына жатқызған. Бұл
өлең саятшылық тақырыбына жатпайды. Мұндағы ''қыран бүркіт'' - ел
тізгінін қолға алуға ақыл-парасаты жетерлік, халық көшін бастауға жарайтын
азамат бейнесі, ал ел билеуге өзінің ақыл-парасаты жетпесе де арсыздығымен
''қыран бүркітпен'' тақымдасып, іші тарлығынан онымен жағаласып, атақ үшін
қалай да ел билеу мансабына ілініп, ілінбесе жауығып жүрген ''пысықтар''
мен ''қуларды'' ''күйкентай'' мен ''қарға'' бейнесінде берген.
Биыл ''Жаңа буын оқулықтарын'' жазу үшін барлық пәндерден
эксперементтік бағдарламалар шықты. Қазақ әдебиеті бағдарламасын (5-11
сыныптар) қарап шықтық. 5-9 сынып әдебиетінде қолданыстағы бағдарламада
біраз өзгерістер бар екен. Бұрынғы бағдарламада қамтылмаған Ежелгі дәуір
мен Ислам дәуір әдебиеті және Шортанбай, Дулат, Майлықожа, Сүйінбай сынды
ақындар қамтылыпты. Әсіресе, 8-9 сынып әдебиетін оқытуға түрлі өзгерістер
енгізіліпті. Ол өзгерістерге алып қосарымыз жоқ. Бізге керегі - Абай
шығармаларының қамтылуы мен берілу принципі. Қолданыстағы бағдарламада 5-8
сыныптарды Абайға 14 сағат беріліп, 15 өлеңін оқу көзделсе, эксперементтік
бағдарламада 16 сағат беріліп, 15 өлеңін, 1 дастанын, 3 қара сөзін оқыту
көзделген.
Алайда Абай шығармаларын 5-9 сыныптарды іріктеп беруде бағдарлама
авторларының принципі таным жүйесін ұстамағаны байқалады.
Мысалы, 6-сыныпқа ''Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ'', ''Құлақтан
кіріп бойды алар'', ''Әсемпаз болма әрнеге'' өлеңдері және 31-қара сөздің
көтерген мәселесі өзінше.
Абай шығармаларын 5-9 сыныптарда оқыту.
Енді Абайды мектепте қалай оқытамыз, оқушыларға ұлы ақын
шығармаларының ішкі сырын ашып, даналық ойлардың меңгерудің жолы қалай
болмақ деген мәселеге келейік. Бұл аса күрделі мәселе: оның күрделілігі
Абайдың жай ақын еместігінде. Оның ақындығын ой көрнеп тұр: бір өлеңіндегі
ой ұшқыны бүкіл шығармаларына тамыр жайып отырады. Мектеп оқушылары түгілі
жоғары білімді адамдардың қабылдануына да оңай соқпайтын ұлы ақын
шығармалары 5-9 сынып оқушылары үшін аса күрделі болмақ.
Алайда жас ұрпағымыз ұлы-ойшыл шығармаларына терең бойлай алмаса да,
оқып, жаттап өскені ләзім. Сонда біз орта мектептің бұл буынында Абай
шығармаларын оқытқанда неғұрлым жеңілінен бастап біртіндеп ауырға қарай аяқ
басамыз және бір сыныпта ұлы ақынның бірнеше тақырыптағы шығармаларын
қамтып, оқушылардың санасына салмақ түсірмей бір тақырыпты толығырақ
меңгерту үшін тақырыптас шығармаларын іріктеп алып оқытып талдаймыз.
Мәселен, 5-сыныпта өтілген табиғат лирикасын 6-сыныпта өтілетін шығармалары
толықтырады, ал 7-сыныпта өтілген ғылым-білімге, адамгершілікке баулитын
шығармаларын 8-сыныпта өтілетін Әбіш туралы өлеңдері мен ''Әсемпаз болма
әрнеге'' өлеңі тереңдете түседі. 9-сыныпта берілген өлең өнер тақырыбын
алдындағы екі сыныпта өтілген ғылым-білім тақырыбындағы өлеңдерімен ішкі
мағына жағынан байланысы бар шығармалар.
5-8-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ұлы ақынның біршама
жеңіл табиғат лирикасы мен жеткіншектерді ғылымға үндейтін әрі адамгершілік
асыл қасиеттерге баулитын өлеңдерін іріктеп беріп, ересектеу сыныпта
ақынның эстетикалық талғамын танытатын өлеңдерін беруді орынды деп таптық.
Қазір пайдаланып жүрген орта мектептің 5-11- сыныптарына арналған
қазақ әдебиетінің өтпелі бағдарламасында (1991 жыл) 5-сыныпта оқуға
берілген ''күз'' ''қыс'' өлеңдерін сол сыныпта оқыту орынды деп білеміз.
Ал 6-сыныпта берілген ''Жасымда ғылым бар деп ескермедім'', ''Ғылым таппай
мақтанба'', ''Әсемпаз болма әрнеге'' өлеңдері 6-сынып оқушысы ұғымына
ауыр, ақынның ''Адам болу'' мәселесін көтерген ішкі мән-мағынасы терең
өлеңдер. Сондықтан бұл өлеңдердің алғашқы екеуін 7-сыныпта өтуді, ал
''Әсемпаз болма әрнеге'' өлеңін 8-сыныпта оқытуды ұсынамыз.
Ал 6-сыныпқа 7-сыныпта оқытып жүрген ''Қансонарда бүркітші шығады
аңға'', ''Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ'', ''Жазғытұры'' және бұрын 8-
сыныпта оқытылып келген ''Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай'' өлеңін
ұсынамыз. Бұл өлеңдер саятшылық және табиғат лирикасы болғандықтан 8-сынып
оқушысының қабылдануына онша ауыр тимейді. Қайта оқушылардың тілін, көркем
ойын дамытады. 8-сыныпта бағдарлама мен оқулықта бұрыннан беріліп келе
жатқан ''Әбіш туралы'' үш өлеңге принципті өзгеріс енгізіп, ''Жиырма жеті
жасында'', ''Кешегі өткен ер Әбіш'', ''Талаптың мәнәп тұлпарын'', ''Тұл
бойын ұят-ар едің'' атты төрт өлеңнен ұсынамыз және осы өлеңдерге
тақырыптас ''Әсемпаз болма әрнеге'' өлеңін берген орынды. Бағдарламада
берілген ''Дүтбайға'', ''Бойы бұлғаң'' өлеңдері Әбіш бейнесіне қарама-қарсы
сатиралық образдар болғандықтан салыстыру арқылы ақын ойы ашыла
түсетіндіктен қалдыру керек.
Қазіргі қолданыстағы бағдарламамызда 9-сыныптан әдебиет тарихы курсы
басталып, бұл сыныпта халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы және XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетіміздің өтілетіні белгілі. Ал
эксперементтік бағдарламада 9-сыныпта Абайға 5 сағат беріліп, ''Сабырсыз,
арсыз еріншек'', ''Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін'', ''Мәз болады
болысың'', ''Сегізаяқ'', ''Ескендір'' дастанын оқуға ұсыныпты. Бұл әлі
түпкірлікті бағдарлама емес. Дегенмен, бұл сыныпта Абайға 5 сағат
берілгенін құптай отырып, өлең өнер тақырыбындағы ақынның эстетикалық
талғамын танытатын өлеңдерін оқытуды жөн деп тауып, ''өлең – сөздің
патшасы, сөз сарасы'', ''мен жазбаймын өлеңді ермек үшін'', ''Біреудің
кісісі өлсе, қанасы ол'', ''көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа'', ''құлақтан
кіріп бойды алар'', ''құр айқай бақырған'' өлеңдерін өтуді ұсынамыз.
9-сыныптағы эстетикалық талғамдарына тәлім беретін өлеңдердің орны
ерекше. Бұл кез сынып оқушыларының нағыз өнер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Пәндер