Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыс



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4

II. Негізгі бөлім

2.1 Ауыл.селодағы әлеуметтік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.7

2.2 Қаладағы әлеуметтік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.13

2.3 Ауыл.селодағы әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдары ... ... ...13.15

2.4 Әлеуметтік жұмысты дамытудағы мемелекеттік бағдарламалар...16.17


III Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.19

IY Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.20


Y Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларынжеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі обьектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуынабағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процесстердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың әртүрлі құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік процесстердің заңдылықтарын, принциптерін және дамуын зерделейді. Қоғамдағы жеке адамның құқықтарын және еркіндіктерін, олардың динамикасын, психологиялық, педагогикалық және басқару факторларын ықпалы нәтижесінде қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыс адамдардың қажеттіліктеріне, нақтылы жағдайлардың талаптарына байланысты қоғамдағы өтіп жатқан процестерге ықпал жасайтын өзгеше бір қызмет.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары:
➢ әлеуметтік диагноз;
➢ әлеуметтік терапия;
➢ әлеуметтік реабилитациялау, қайта қалпына келтіру;
1) Теория и практика социальной работы: Методические материалы \Отв. Ред. А.М.Панова, Е.И.Холостова. М., 1997
2) А. Н. Агафонов, К.Н. Менлибаев, К.М. Туганбекова, Г.Г. Черная. Социальная работа: теория и технологии Астана 2005.
3) А.А. Чернецкая. Технология социальной работы . Учебник 2006.
4) М. Есқалиев. Қала мен селоны жақындастырудың әлеуметтік-экономикалық проблемалары. Алматы: Қазақстан, 1980.
5) Ғ.Б. Жұмағұлов. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Оқу құралы\ Алматы, 2005.
6) К.А. Шайбеков. Село еңбеккерлеріне пенсия төлеу \ Алматы: Білім, 1981.
7) Г.Е. Талапбаева. Қазақстанда шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Алматы, 2006.
8) Ағабекова Ауылдық аймақтардың өндірістік әлеуетін ұтымды пайдалану. Алматы, 2007.
9) Қазақстандағы ауылдың дамуы. Алматы: Қазақстан, 2002.
10) Атлас. Қазақстандағы ауылдың дамуы. Алматы, 2003.
11) Социальная работа: теория и практика \ Е.И. Холостова. М.,2007.
12) Технология социальной работы. Под ред. А.А. Чернецкой
Ростов на\Д 2006.
13) Теория социальной работы М.В. Фирсов Москва 2001.
14) Русско-казахский словарь Алматы 2005.
15) Бұқаралық ақпарат құралдары.
16) www.google.kz.
17) Егемен Қазақстан

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

II. Негізгі бөлім

1. Ауыл-селодағы әлеуметтік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5-7

2. Қаладағы әлеуметтік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .7-
13

3. Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдары ... ... ...13-15

4. Әлеуметтік жұмысты дамытудағы мемелекеттік бағдарламалар...16-17

III
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 18-19

IY
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19-20

Y Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Теория и практика социальной работы: Методические материалы \Отв. Ред.
А.М.Панова, Е.И.Холостова. М., 1997
2) А. Н. Агафонов, К.Н. Менлибаев, К.М. Туганбекова, Г.Г. Черная.
Социальная работа: теория и технологии Астана 2005.
3) А.А. Чернецкая. Технология социальной работы . Учебник 2006.
4) М. Есқалиев. Қала мен селоны жақындастырудың әлеуметтік-экономикалық
проблемалары. Алматы: Қазақстан, 1980.
5) Ғ.Б. Жұмағұлов. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Оқу құралы\
Алматы, 2005.
6) К.А. Шайбеков. Село еңбеккерлеріне пенсия төлеу \ Алматы: Білім,
1981.
7) Г.Е. Талапбаева. Қазақстанда шағын қалалардың әлеуметтік-
экономикалық дамуы. Алматы, 2006.
8) Ағабекова Ауылдық аймақтардың өндірістік әлеуетін ұтымды
пайдалану. Алматы, 2007.
9) Қазақстандағы ауылдың дамуы. Алматы: Қазақстан, 2002.
10) Атлас. Қазақстандағы ауылдың дамуы. Алматы, 2003.
11) Социальная работа: теория и практика \ Е.И. Холостова. М.,2007.
12) Технология социальной работы. Под ред. А.А. Чернецкой
Ростов на\Д 2006.
13) Теория социальной работы М.В. Фирсов Москва 2001.
14) Русско-казахский словарь Алматы 2005.
15) Бұқаралық ақпарат құралдары.
16) www.google.kz.
17) Егемен Қазақстан

Кіріспе

Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған
проблемаларынжеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал
әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің
заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның
азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-
педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым
ретіндегі обьектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік
мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік
үйлесімділіктің дамуынабағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер,
механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процесстердің
дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың әртүрлі
құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар
динамикасы жатады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік процесстердің заңдылықтарын, принциптерін
және дамуын зерделейді. Қоғамдағы жеке адамның құқықтарын және
еркіндіктерін, олардың динамикасын, психологиялық, педагогикалық және
басқару факторларын ықпалы нәтижесінде қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыс адамдардың қажеттіліктеріне, нақтылы жағдайлардың
талаптарына байланысты қоғамдағы өтіп жатқан процестерге ықпал жасайтын
өзгеше бір қызмет.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары:
➢ әлеуметтік диагноз;
➢ әлеуметтік терапия;
➢ әлеуметтік реабилитациялау, қайта қалпына келтіру;
➢ әлеуметтік сақтандыру;
➢ әлеуметтік алдын-ала жүргізу;
➢ әлеуметтік қызмет көрсету;
➢ әлеуметтік делдалдық қызмет;

Әлеуметтік жұмыс қызмет етудің жан-жақты дамыған түрі және басқа
ғылымдармен байланысты болып келеді.

Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыс

Қазіргі жаңа заманда ауылдың жағдайы жайлы коммерциялық бірлестік,
өкіметтің назары ең маңызды болып келеді. Сонымен бірге, көптеген
мемлекеттерде ауыл-село секторына менсінбеушілікпен қарайды. Бар
ресурстарды өндіріске инвестиция, мемлекеттік қызметті қолдау үшін,
қаладағы жағдай мен инфрақұрылымды жақсарту үшін қолданады. Ауылдық
жерлердің көптеген елдерде кедейшілік мәселесі бірінші орында тұрады.
Халықтық және әлемдік бірлестіктерде ауылдың шоғырлану үрдісі баяу жүріп
жатыр. Ауыл-село халқының сапасы мен саулығы, әлеуметтік жағдайы қала
халқының жағдайына қарағандабіршама өзгешелеу. Сол себепті Ресей
ауылдарының күйзеліс жағдайына ұқсас, біздің Қазақстанда да ауылдық
жерлерінде әлеуметтік жұмыс енді жүріп жатыр. Ауыл-село мекеніндегі
әлеуметтік қызметкерлер әр түрлі топтағы балалармен, отбасы, қарт адамдар,
мүгедектермен және т.б. жұмыс істейді. Олар белгілі бір шағын мекемеде,
ортада үлкен және қиын жағдайлармен кездеседі. Қалалық аудандарда
шоғырланған арнайы қызметтер ауылдық жерде жоқ. Қызметкер өз жұмысында
тәжірибелі, көмек бергенде де жылдам және әлеуметтік технологиялармен
хабардар болу керек. Мысалы, жеке және топтық психотерапия немесе орта
мекемесі, қоғамдыққайрымдылық және т.б. сияқты.
Адамдармен байланыста дағды мен білімнен басқа, әлеуметтік қызметкер,
бағдарламаны жоспарлауды, жүзеге асыруды және бағалауды, саяси жүйедегі
қажет әлеуметтік-саяси реформаны қорғауды, әр деңгейдегі мемлекеттік
басқару органдарымен нәтижелі жұмыс жасауды және бейресми құрылыммен жұмыс
жасауды білуі қажет. Сондай-ақ, ауылдық әлеуметтік қызметкер әр түрлі
этникалық және расалық топтардың мәдени мінездемесімен жақсы таныс болуы
керек. Ауылдық қауым біртекті емес, сонымен бірге, әлеуметтік
қызметкерлерді дайындау және білім беру үшін жаңаша жолдары қажет.
Ауылдық әлеуметтік қызметкерлер өз клиенттерінің жағдайын шешу үшін
белгілі жүйе бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Селолық әлеуметтік дамудың
негізгі проблемасы ретінде, ауылдық тұрғындарды қазіргі заманғы және
нәтижелі қызмет көрсетулерге, нәтижелі білім, денсаулық, мәдениет,
телекоммуникация, транспорт, қызметке, сумен жабдықтау, электр жүйесімен
жабдықтау, барлық ауылдық тұрғынға мамандық оқытуға өту жолдары арқылы
әлеуметтік инфрақұрылым құру болып есептеледі. Бұл мәселелердің шешілуі
белгілі дәрежеде әлеуметтік қызметке байланысты. Адамгершілік жоғарылату
және жеке субьект ретінде адамгершілік қасиеттерін сезіну мақсатында жаңа
әлеуметтік жұмыстың даму парадигмасын құру қажет. Бұл жаңа парадигманың
мәнісін Ресей тәжірибесіне сүйене отырып, М. Гурьянов келесідей
мазмұндайды:
✔ қауымда әлеуметтік қызмет құру;
✔ жергілікті тұрғындар салтына, қажеттілігіне сай әр қауымда
әлеуметтік жұмыс моделін дамыту;
✔ білікті маман даярлауды дамыту, яғни қауымның әлеуметтік педагогын,
әлеуметтік отбасы патронажын, жеке проблемалық топтармен жасауы;
✔ ерікті, қайрымдылық қорлары, мекемелері рөлін мойындау және
әлеуметтік қамқорлық жүйесіне кіргізу.
Қауымдағы әлеуметтік қызметті жергілікті мектептерде жүзеге асыруға
бірден-бір мүмкіншілік бар. Ол орталықта әлеуметтік педагогтар
жәнеәлеуметтік қызметкерлер, мәдени ұйымдастырушы, медициналық
әлеуметтік жұмыскер, психолог мамандары жұмыс атқара алады.
Консультант ретінде заңгерлерді, экономистерді және басқа қала
мамандарынқоямыз. Белгілі әлеуметтік қызмет құрылымы ретінде, мәдени
шаралар, ұйымдастыру орталығы, әлеуметтік көмек, білім, ғылым, дене
шынықтыру және спорт, қайрымдылық жұмыстары, қоғамдық және өндірістік
еңбек, ерікті волонтерлар орталығы ретінде қалыптасады. Ауыл-селодағы
әлеуметтік жұмыста тұрғындар өмір сүруі, халықтық дәстүрлер, отбасы
орны мен мешіт, табиғат пен техника, және сонымен қатар қабылдауға
бейімделу: өзара көмек, жомарттық, қоғамдық орын және еңбек бөлінісі
сияқты әлеуметтік тізбек ескеріледі.
Ауыл тұрғындарының минималды кірістеріне байланысты проблеманы қараумен
бірге оның әлеуметтік және мәдени жақтарын да қарастыру қажет.

Қаладағы әлеуметтік жұмыс

Алматы қалалық әлеуметтік бағдарламалар және әлеуметтік жұмыс жайлы жеке
тоқталатын болсақ, Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау Департаменті таратылған еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы, тұрғын үй жәрдемақысының орталығы және модельдік
жұмыспен қамту орталығы негізінде 1999 жылы 15 сәуірде Алматы қаласы
әкімінің шешімімен құрылған. 2005 жылы қаңтар айында Алматы қаласы
әкімдігінің 2005 жылы 07 қаңтардағы № 111 қаулысы бойынша Алматы қалалық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне өзгертілді (әрі
қарай – Департамент).

Департаментке жетекшілік мәселелері бойынша 3 орынбасары бар директор
басшылық етеді.Қойылған міндеттерді орындау үшін Департаментте 12 бөлім
құрылған. 6 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
орталықтары, Алмалы және Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу
орталықтары, сонымен қатар 5 әлеуметтік мекемелері: Ардагерлер үйі,
жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер, жалғызбасты отбасылық және
жұбайлық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын үйі, ақыл-ойы жетілмеген
балаларға арналған интернат үйі, мүгедектер мен созылмалы жүйке ауруларына
арналған интернат үйі, тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларға арналған
әлеуметтік бейімдеу орталығы бар.

Қалалық бос жұмыс орын және тіркелген жұмыссыздар дерек қорлары үнемі
жаңартылып тұрады және республиканың басқа аумақтарындағы жұмыс
берушілердің жұмыс күшімен өзара алмасу мақсатында, керек кадрларды іріктеу
және пайдалану мүмкіндігі үшін республикалық дерекқорын қалыптастыру және
Интернет жүйесіндегі министрліктің Веб-сайтына мәліметтерді орналастыру
үшін, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығына табыс етіледі.

2004 жылдың күзінде Департаменттің қолдауымен Тұрмыс жағдайы төмен
азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау Қоғамдық
қоры Қамқорлық (Забота) жобасын әзірледі. Оның негізгі мақсаты
зейнеткер, мүгедек, көп балалы отбасылары және баса да халықтың әлеуметтік
осал топтарының ішінен аса мұқтаждарына материалдық-тұрмыстық жағдайыларын
жақсартуға жәрдемдесу үшін көмек көрсететін демеушілерді іздестіру.

Әлеуметтік тұрғын үйі

74 пәтерлі жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер, жалғызбасты отбасылық
және жұбайлық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын үйі Алматы қаласы
әкімінің 2001 жылы 19 ақпандағы № 93 шешімімен құрылған.

Әлеуметтік тұрғын үй қаланың коммуналдық меншігіне жатады және бюджетте
әлеуметтік саясатқа қарастырылған қаражат есебінен күтіп-ұсталынады.

Әлеуметтік тұрғын үйдің мекен-жайы: Тілендиев көшесі, 2561. Бұл қазіргі
уақыттың талаптарына сай лифтілермен жабдықталған, бөлек 1,2,3 бөлмелі
пәтерлері бар екі бес қабаттық үйлер. Әлеуметтік тұрғын үйде пәтер берудің
басты шарты егде жастағы азаматтың құқық меншігіндегі тұрғын үйін қаланың
коммуналдық меншігіне тапсыру.

Әлеуметтік тұрғын үйге көшкенде қарт азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық
қызметтері толық көлемінде төлену кепілдігі беріледі. Әр зейнеткер
зейнетақысын толық көлемде алып өзінің қаржылық тәуелісіздігін сақтап
қалады.

Әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және басқа да қызмет түрлерін көрсету
үшін қазіргі жағдайға сай кір жуатын автомат-машиналар мен киім үтіктейтін
тақталармен жабдықталған тұрмыс бөлмесі, шаштараз, аяқ киім жөндеу
шеберханасында тегін қызмет көрсетіледі. Терапевт-дәрігер күнделікті
қабылдау жүргізетін медициналық кабинет бар, медбикелердің тәуліктік
кезекшіліктері қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік тұрғын үй тұрғындары Қалалық
№ 12 клиникалық орталық ауруханасына бекітілген. Үйді тәулік бойына күзету
ұйымдастырылған.

Әлеуметтік үй ғимаратында күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз ететін
дүкен орналасқан. 2004 жылы қыркүйек айында Әлеуметтік үйде ҚР вице-
премьері Б.С.Айтімова болып қайтты.

Ақыл-ойы жетілмеген балаларға арналған интернат үйі

Мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін 1963 жылдан бастап 160
орындық ақыл-ойы жетілмеген балаларға арналған интернат үйі жұмыс жасайды.
Интернат үйі балалардың 4 жасынан бастап тұруына арналған медико-әлеуметтік
және тәрбиелік мекеме.

Интернат үйі жалпы үлгідегі 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Жалпы алаңы
5399 шаршы метр, пайдалы алаңы 1182,4 шаршы метр құрайды.

Интернат үйі оқыту-тәрбиелік рәсім және медициналық көмекпен қамтамасыз ету
үшін арнаулы жабдықталған. Арнайы мамандардың қатысуымен жекелік жұмыстары
жүргізіледі. Балаларға өзіне-өзі қызмет ету, жекелік тазалығы,
еңбексүйгіштік дағдылары үйретіледі.

2003 жылдан бері интернат үйі мүгедек балаларды түзету бағдарламасымен
бейімдеу жұмыстарын бастады, негізге республикалық САТР және Кеңес
орталықтарының әдістемелік зерттеулері алынды. 5 түзетушілік сыныптары,
арттерапия, изо, эрготерапия бойынша қосымша сыныптары ашылды, ұлдар мен
қыздарға еңбекпен емдеу жөнінде шеберханалар, жұмсақ бөлме, бассейн
жабдықталды.

Департаментпен кадрларды оқыту және даярлау, мүгедектерді медициналық,
әлеуметтік және қозғалыстық бейімдеу жөніндегі оқу семинарларын өткізу,
педагогтар мен тәрбиешілерге тренингтер ұйымдастырылды.

Ардагерлер үйі

Ардагерлер үйі Алматы қаласы әкімінің 2001 жылы 16 қыркүйектегі № 143
шешімімен құрылды және мемлекеттің қолдауына мұқтаж егде жастағы жалғыз
басты азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстарды белсендету
мақсатында Республика тәуелсіздігінің онжылдығы күні қарсаңында ашылды.
Ардагерлер үйі Мамыр-7 ықшам ауданы, 8а үйі мекен-жайында орналасқан.

Ардагерлер үйінің құрылысына қала бюджетінен 700 млн. теңге бөлінген. Үйдің
аумағы – 36512 шаршы метр, ғимараттың алаңы – 18200 шаршы метр. Ол 4
блоктан тұратын қазіргі заманның талабына сай 3 қабатты ғимарат: біреуінде
- әкімшілік, қалған үшеуінде – 350 орынға есептелген тұрғын корпустары
орналасқан.

Әр тұрғынға жайлы жағдай жасалған: жуыну бөлмесі, санторабы, күнделікті
қажетті сәнді және ыңғайлы жиһаз, ал отбасылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Ауыл - село
Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның қазақстанға әсері
Ұжымдастыру (коллективтендіру) қарсаңындағы қазақ ауылы
ҚР ауыл шаруашылығының дамуының негізгі бағыттары жайлы
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер құрамы
Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Қазақстанның ауылшаруашылық аймақтары
Аграрлық сала
Пәндер