Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2

I тарау . Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері.

§ 1. 1. Ойын туралы ұғым . . . 3

1. 2. Ойынның түрлері мен рөлі . . . 7

ІІ тарау . Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану . . . 11

§2. 1. Қарапайым тсініктер . . . 15

§2. 2. Он көлеміндегі сандар . . . 23

§2. 3. Кестелік құрау және азайту . . . 29

§2. 4. Педагогикалық іс - тәжірибе нәтижесі . Біз нені

үйрендік? . . . 42

Қорытынды . . . 54

Пайдаланған әдебиеттер . . . 55

Кіріспе.

Қазақстан білім беру тұжырымдамасында «Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән . Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады» -деген . Осыған орай әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда . Сондықтан да бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе .

Жұмыстың мақсаты - бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау .

Жұмыстың болжамы - егер бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарлайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Зерттеу әдісі - тақырыпқа байланысты психологиялық-
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, әдістемелік
тұрғыдан талдау; алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс -
тәжірибелерімен танысу; бақылау, ізденушілік және зерттеушілік
жұмыстар.

Зерттеу нысаны - бастауыш мектептегі математика пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - бірінші сыныпта дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту жолдары мен әдістері.

Зерттеу жумысының міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау ;
  2. Бірінші сыныпта математика сабағында дидактикалықойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісіндамыту мүмкіндіктерін анықтау.
  3. Бірінші сыныпта математика сабағында дидактикалықойынды пайдалану әдістемесін ұғыну

Жұмыстың практикалық құндылығы - бастауыш сыныпта математиканы оқытуда; студенттердің педагогикалық іс -тәжірибесінде және математиканы оқыту әдістемесі пәнінен лобораториялық, практикалық сабақтарда пайдалануға болады .

I тарау . Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері.

§ 1. 1. Ойын туралы ұғым.

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың
жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған
қатысты оқыту - тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-
тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,
зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық .

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. б. Сонымен қатар ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: Р. М. Жуковская, Д. В. Менджерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленка т. б.

Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде
түсіндіріледі.

Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғүрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады . Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден - бір әдісі ол - ойын «Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелдеген . Тіпті XVIII ғасырда Руссо былай деген: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын негізінде байқау керек» .

Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс- әрекет. Ойын әсері психикалық іс - әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады .

Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дүрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психолгтар Ж. Аймауытов, Л. С. Выготский, М. Жұмабаев, Қ. Жарықбаев, С. Макаренко, М. Мұқанов, Ж. Намазбаева, Т. Собиров, Г. Усманов т. б. арнайы зерттеу еңбектері бар .

Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады . Солардың бірі Л. С. Выготский төменгі класс оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез - қүлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады .

Выготский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді . Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады . Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л. С. Выготский төменгі класс оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады . Бүдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс - әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.

М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен . Мәселен, жан - тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т. б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерш көрсеткен.

«Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады» . Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа қүмар болуы шарт . Баланы қүмар қылу үшін мұғалім өзі қүмар болуы керек . Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп, ыңылдап түрса, шәкіртте қүмарлық бола ма ?» - деген .

М . Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу - тәрбие процесінде мұғалім де, ата - ана да керек .

Қ . Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған . Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т. б.

Төменгі кластағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар . Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды . Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп түрады . Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады .

Бала табиғатынан қимыл - қозғалысқа қүмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала - құлыншақ, бала - ұрыншақ», «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған.

Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды . Бала достықта бірін - бірі түсініп, қимыл -әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .

М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән
берген : «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс . Ойнағанда бала жанындағыны
әсерлене пайдаланады .

7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз . Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды . Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, оларды өмірге бейімделуі.

Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау .

  • Егер 2 - ге 1 - ді қоссақ қанша болады ?Тағы сол сияқты .
  • 2 -ден 1 - ді азайт . Сұрақтар берілді.

Жоғарыда бірнеше сабақтардың күнделікті іс - жоспарлары көрсетілген, осы тақырыптар бойынша жұргізілген эксперимент нәтижесі төмендегінше.

:
:
10-ға:

10-ға

Геометриялық: Геометриялық
Қарапайым: Қарапайым
:

: Мектеп аттары
10-ға: дейін
Геометриялық: фигура
Қарапайым: мысалдарды
:
:
10-ға: тура және
Геометриялық: туралы
Қарапайым: шығару
:
:
10-ға: кері санау
Геометриялық: ұғымын
Қарапайым:
:
:
10-ға:
Геометриялық: анықтау
Қарапайым:
:
: №65
10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:
:
: Ы. Алтынсарин
10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:
:

1

: атындағы
10-ға:

100%

Геометриялық:

83, 5 %

Қарапайым: 68%
:
: гуманитарлық -
10-ға:

-

Геометриялық:
Қарапайым:
:
: эстетикалық
10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:
:
: гимназия
10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:
:
: №47 Т. Тәжібаев
10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:
:

2

:

атындағы тарихи

10-ға:

100%

Геометриялық:

86, 5 %

Қарапайым: 65, 5 %
:
: - гуманитарлық
10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:
:
:

гимназия

10-ға:
Геометриялық:
Қарапайым:

Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады . Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды . Көбірек есінде сақтайды . Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шүғыл және оңай жүзеге асырады . Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді . Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте үстамаса, оны қүрдастары ойыннан шеттетеді.

Құрбыларымен қарым - қатынас жасау қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді . Мақсаткерлік, ерік-күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес, көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, тіптен секіру, бұғалық тастау, допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді . Балалар ойнап жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс - әрекетті игеру міндетін орындайды.

1. 2. Ойынның түрлері мен рөлі.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез . Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен үзтаздардың міндеті . Балалардың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.

Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді . Мүның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты . Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында үтымды пайдалану керек . Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады . Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар :

  1. Дидактикалық ойындар.
  2. Сөздік - дидактикальщ ойындар .
  3. Ролъді сюжетті ойындар .
  4. Драмалъщ ойындар.
  5. Творчестволъщ ойындар.
  6. Әдеби - музыкальщ ойындар .

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор . Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн . Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады . Бірақ ол үйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты .

Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сүрыптап, жоспарлайды . Оның дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді. Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бүзбастан, оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады. Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді . Мұндай ойынға мынадай сала тән : мазмұнның тәрбиелік - танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс - әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, үйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлык ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым -қатынастардың игі тілектестігі және көңіл - күйлерінің шаттығы .

Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік - жігеріне, мінез -қүлқына ықпал жасайды . Ойынды ақыл - ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады . Ойын процесінде балалардьщ білімі мен уғымы айқындалып, тереңдей түседі . Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс . Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс - әрекеттер, өзара қарым -қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Үстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне қүлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс - әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез -қүлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді . Ереже ойынға үйымшылдық, түрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым - қатынас пен өзара қарым - қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды . Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, үялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойын бала үшін - нағыз өмір . Егер үстаз ойынды ақылмен үйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады .

Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады . Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. «Ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу - білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады .

Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді . Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен қолданудың маңызы зор .

Ойын оқушының ой - өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады . Дұрыс үйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады . Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.

Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады . Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі . Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горький «Бала ойынды суйеді. Ойнаганда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындагы дуниені ойын және ойыншың устінде тез таниды . Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнаганда өз ана тілінің нәзік жерлерін уйренеді, тілдің музыкасын угады», дегені мәлім.

Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық, сөздік, творчестволық, сюжеттік, рольді ойындардың маңызын еркше атап көрсетуге болады .

Оқушының математикалық тілде дүрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар . Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс . Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады . Математика сабағында есептеуге үйрету, математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ - жауап әдістерін қолдану қажет . Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады . Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар . Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп, ақыл - ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл - күйі артып, жүйелері жақсарады .

Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс . Ойынға қажетті құралдарды, күні бұрын дайындау қажет . Сондықтан да бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі . Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс - әрекетінің бір түрі . Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады . Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап - байқағанын, естігенін - білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес . Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, творчестволық іс - әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш - жігерін білдіруге жол табады . Үлкендердің іс - әрекетіне еркін араласып, қарым - қатынасқа түседі.

Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А. В. Запорожец : «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н. К. Крупская «балалар ушін ойын - оқу , олар ушін ойын - еңбек, олар ушін ойын-тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата - аналарына арналған лекцияларында А. С. Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады . Сондықтан А. С. Макаренко : «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп түжырымдайды .

Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ . Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады .

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс . Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол .
Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың
әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын
дамытады . Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау,
білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай
пайдаланылады.

Бірінші сыныпқа арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар тапшылығынын орнын қалай толтыруға болады ? Шамасы, бізге бірінші кезекте балабақшалардың тәжірибесін пайдалану керек болар . Бала - бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие жағдайларына арналып көп мөлшерде алуан түрлі дидактикалық ойындар мен ойыншықтар жасап, оларды балалармен жүргізген жұмыстарында ойдағыдай қолдануда . Ондай практика, әрине мақтауға түрады және жинақтауды талап етеді. Алайда мүның бәрі кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың жүйесін жай алмайды .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Сыни ойлау қабілеті
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Бастауыш мектеп математикасын оқыту
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы оқушылардың жас ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz