Қазақстан Республикасының жер ресурстары және пайдалануы


Қазақстан Республикасының жер ресурстары және пайдалануы.

Топырақ биотасына мұнайлы ластанудың әсері.

Топырақтағы мұнай көмірсутектерінің биодеграциясына әсер ететін факторлар

Топырақтың микробиологиялық қасиеттеріне мұнаймен ластанудың әсері

Мұнаймен ластанған топырақтарды тазартудың қазіргі кездегі жағдайы.

Қазақстан Республикасының жер ресурстары және пайдалануы.

Қазақстанның барлық территориясы бірнеше мұнай өндіруші региондарға (аймақтарға) жіктелген, олар өзара ауа райы-климаттық және ланшафттық белгілеріне қарай, сонымен қатар мұнайлы ластанудың сапалық-сандық өлшемдерімен ажыратылады. Мұнайгаз комплексіті кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсері, топырақ және су ресурстарының шаруашылықта пайдалы жер қойнауынан шығарылып тасталу дәрежесімен анықталады. Мысалы, Каспий аймағы көп мөлшерде мұнай және газ кен орнымен сипатталады, сонымен қатар қазіргі уақытта осы аймақта 4, 3 млн. га-дан аса жер бұзылған, оның ішінде 1, 5 млн. га техногенді зона, 1, 9 - азғындаған (жарамсыз) жайылым, 0, 6 - мұнайөнімдерімен ластанған, және 0, 3 млн. га жер радиоактивті ластанған. 1979 жылы ашылған Тенгиз кен орны әлемдегі ең тереңдерінің бірі. Тенгиз мұнайы өзінің агрессивтігімен белгілі. Оның құрамында меркаптандар және күкірт бар. Мұндай типті мұнай металлды жылдам каррозияға ұшыратындықтан өте қауіпті. Мысал, 1986 жылы Қазақстанда "Тенгиз-37" скважинасының бұрғылайу кезінде үлкен көлемде мұнай төгілген. Осы апат зардабын жою 400-ден астам тәулікке созылды.

«Биологиялық түрлерді пайдалануда оларды қорғау және тепе-теңдікте сақтау жөніндегі Халықаралық есептің» (1997ж. ) анықтауынша, Оңтүстік- Қазақстан облысы Қазақстандағы экологиялық қауіпті аймақтардың екінші тобына кіреді. ҚР Ауылшаруашылық министрлігіннің жер ресурстары басқармасының облыстық комитетінің мәлімдеуінше, 01. 11. 2003ж. жағдайына қарай жер көлемі облыс бойынша былай бөлінген (мың. га. ) :

Оңтүстік-Қазақстан облысының жалпы жер көлемі 11724, 9 мың. га, оның ішінде:

  • ауылшаруашылық мақсатына - 4543, 6қосалқы - 3176, 9орман фонды - 3036, 3өнеркәсіптік, транспорт, қорғаныс, байланыс және басқа ауылшаруашылық емес мақсатта - 56аса қорғалатын табиғи территориялар - 76, 1су фонды - 134, 1елді мекенді жерлер - 656, 5облыстан тыс қолданылатын жерлер - 0, 9басқа облдыстардың, мемлекеттердің жер игерушілері пайдалынатын жерлер - 46, 2

Мемлекеттік жер кадастыры бойынша, ОҚО-да жердің сапалық сипаты жалпы өзгермеген (мың. га) :

  • жарамды (жарамсыз белгілері жоқ) - 1838, 8тұзданған (сорланған) - 2200, 6сортаң және сортаңдау комплекстері (жиынтықтары) - 1009, 5қатты суланған, батпақты, шайылған - 942, 0тасты (защебненные) - 1017, 6дефлированные (дефлирленген) - 3108, 7.

Облыс территориясының бір бөлігін құмайт топырақ және құмды жер алып жатыр (864, 5 және 3019, 5 мың. га) . Суармалы жер мөлшегі шамамен 500, 4 мың. га. құрайды.

Шымкент қаласының территориясында республикадағы ең ірі мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорын ЖШС «Петро Казахстан Ойл Продактс» орналасқан, бірнеше ондаған гектар жерді алып жатыр, онда өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу және мұнаймен ластанған топырақты тазарту мәселелер бар.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау іс-шараларына және экологиялық зеттеулерге көп назар бөлінуде(аударылңуда) . Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үрдістерінің (процессов) технологтары әлемдік стандартқа бағытталған. Алайда, Қазақстанның көптеген өнеркәсіптерінде экологиялық мәселелер ескі әдістермен шешіледі. Мұнаймен ластанған топырақ, жақсы жағдайда болса, шлакқа және асфальтқа қайта өңделеді, жаман жағдайда болса - өртеледі. ҚР экология Министірлігінің статистикалық есебінің мәліметі бойынша соңғы 7-10 жылда рекультивациялық іс-шаралар, финанстық қаржыландыру болмғандықтан Қазақстан территориясында іс жүзінде жүргізілмеген.

Топырақ қатты (минералды бөліктер), сұйық (топырақ суы) және газ тәрізді фазалардан құралған, күрделі полидисперсті үшфазалы жүйе екені белгілі. Осы үш құраушылардың (құрамдастың) қатнасы, тірі ағзалардың тіршілік ортасы ретінде топырақтың негізгі физикалық қасиетін көрсетеді. Химиялиқ қасиеті, топырақтың миниралды элементтерімен қатар, топырақтың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болатын, органикалық заттарға да тығыз байланысты. Минералды бөлшектердің (қатты фаза) құрамы және көлемі (мөлшері) топырақтың механикалық қасиетін көрсетеді.

Топырақтың механикалық құрамы және құрылысы - тірі ағзалардың тіршілік ортасы ретіндегі олардың басты қасиетін қалыптастыру факторлары: топырақтың аэрациясы, олардың ылғалдылығы және ылғал сіңіргіштігі, жылу өткізгіштік және термиялық режимі, сонымен қатар жануарлардың топырақта қозғалу жағдайы, ағаш текті өсімдіктердің тамырының таралуы т. б. Қарап отырсақ, тек топырақтың механикалық құрамығана оған мұнай өнімдерінің сіңу және оның қанығу дәрежесін анықтайтын болады.

Микроағзалардың тіршілік әрекеті үшін топырақтың газ алмасу режимінің маңызы зор. Топырақта оттегі тірі ағзалардың тыныс алуы кезінде және органикалық қалдықтардың ыдырауы кезінде қарқынды сіңіріледі де, ал СО 2 қарқынды бөлінеді.

Топырақтың міндетті компоненттерінің бірі органикалық заттар. Негізінен органикалық заттар өлі ағзалардың ыдырауы нәтижесінде түзіледі, экскреттер құрамына кіреді. Органиканың бір бөлігі топырақтың өзінде түзілсе, көп мөлшері жербеті экожүйесінен түседі. Органикалық заттардың құрамы әртүрлі, оны лигнин, клетчатка, терпендер (эфир майлары), шайырлар, қосалқы заттар және т. б. құрайды. Органикалық заттардың (көбнесе ароматты түзілістер) малекулаларының бір бөлігі полимерленеді де, олардың бұзушы-микроағзалардың әсеріне төзімділігін арттырады. Осылайша гумус түзіледі. Топырақтың өнімділігі оның құрамындағы гумуспен анықталады.

Гумус құрамы және басқа сипаттамалар бойынша топырақ қабаттары біркелкі емес. Осыдан, топырақтанушылар мынадай топырақ горизонттарын (жиектерін) ажыратады: А, В, С. А 0 - жиегі орман жабынына немесе дала жабынына (войлок) сейкес келеді, А 1 - қарашірікті - аккумулятивті (органикалық заттарға бай), А 2 - элювиальды (органикалық заттар шайылған жиек), В - иллювиальды жиек (көбнесе сазды немесе құмды), оттегімен біріккен, және С - жиегі аналық жыныс.

Осылайша, топырақта биологиялық зат айналымымен қатысты, трофикалық үрдістердің ұзына бойы (вертикальды) құрылымының орны бар. Жоғарыда айтылғандай, тіршілік етуге қолайлы және мүмкіндігінше тығыз қоныстаған (заселённый) жиек - А 1 екені анықталды. Онда тірі ағзалардың бай жүйесі құралған. Тап осы жиек мұнайдың беттік төгілуі кезінде максималды ластанады.

Топырақ биотасына мұнайлы ластанудың әсері.

Мұнайлы ластану жаңа экологиялық жағдай туғызады, осыдан барлық табиғи биоценоздар қатарларының (звеньев) терең өзгеруіне немесе олардың толық трансформациялануына әкеледі. Барлық мұнаймен ластанған топырақтардың жалпы ерекшелігі, педобионттардың (топырақ мезо - және микрофауналары және микрофлоралары) сандық өзгерістері және әр түрлілердің шектелуімен көрінеді. Педобионттардың түрлі топтарының ластануға жауап беру әрекетінің типтері бірдей емес:

  • топырақ мезофаунасы жаппай өлімге ұшырайды : аппаттан соң үш күннен кейін топырақ жәндіктерінің көп түрлері толығымен жойылады немесе бақылаушының 1%-тейін құрайды. Олар үшін күшті уландырушы мұнайдың жеңіл фракциялары болып келеді;
  • қысқа уақытты ингибриленгеннен кейін топырақ микроағзаларының жүйесі, мұнайлы ластануға сан мөлшерінің артуымен және активтілігінің күшейуімен жауап береді. Ең алдымен, бұл көмірсутек тотықтырғыш бактерияларға қатысты, ластанбаған топырақтармен салыстырғанда олардың саны бірден артады. Көмірсутектерді утилизатциялаудың түрлі этаптарына қатысатын «арнайы» топтар жетіледі;
  • микроарганизмдердің максималды саны ферментатция жиегіне сәйкес және оның кемуі топырақтағы көмірсутек концентрациясының азаюымен байланысты. Микробиологиялық активтіліктің негізгі «жарылысы» мұнайдың табиғи жолмен деградациялануының екінші этапына түседі;
  • топырақтағы мұнайдың ыдырау үрдісі кезінде, микроағзалардың жалпы саны фондық мағынаға жуықтайды, бірақ мұнай тотықтырғыш бактериялар саны тағы көп уақытқа шейін мұнайлы ластанған топырақтардағы (оңтүстік тайга 10-20 жыл) сондай топтардан артық болады;
  • экологиялық жағдайдың өзгеруі өсімдік ағзаларының фотосинтездеуші белсенділігін тежейді. Ең алдымен бұл топырақ балдырларының дамуында көрінеді: олардың біртіндеп әлсіреуі және бір топты екінші топтың ығыстырып алмастыруы немесе барлық альгофлораның жойылуы. Әсіресе балдырлардың дамуын өңделмеген (сырая) мұнай және миниралды сулар ингибарленді (тежейді) ;
  • жоғарғы өсімдіктердің, көбнесе астық тұқымдастарының фотосинтездеуші функциясы өзгереді. Эксперименттердің көрсетуінше, оңтүстік тайга жағдайында жоғары дозалы ластану (20 л/м2) кезінде өсімдіктер бір жылдан соң да ластанған жерлерде қалыпты жетіле алмайды;
  • зерттеулердің көрсетуінше, ластанған топырақтарда көптеген топырақ ферменттерінің активтілігі төмендейді. Ластанудың барлық жағдайында топырақтағы гудролазалар, протеазалар, нитроредуктазалар, дигодрогеназалар ингибирленеді, топырақтың уреаздық және каталаздық активтілігі біршама артады.
  • топырақтың тыныс алуы да мұнайлы ластанудың алғашқы кезінде айқын жауап береді, микрофлора көмірсутектің көп мөлшерімен басылған кезде, тынысалу интенсивтігі төмендейді, микроағзалардың санының артуымен тыныс алу итентенсивтігі артады .

Мұнайлы ластану ортаның физико - химиялық параметрлерін шартты түрде өзгертеді, метоболиттік активтілігі жоғары азғана түрлерінің бөлініп қалуына байланысты, микроағзалардың түрлік мөлшері кемиді. Сондықтан мұнаймен ластанған топырақтың биогенділігінің артуы, катаболиттік активтіліктің артуы микроағзалардың сан мөлшерінің артуынан, сонымен қатар топырақ микроағзаларының комплекстік құрылымының өзгеруінен болуы мүмкін.

Микроағзалар түрлерінің әртүрлілігінің қатаң шектелуі - мұнаймен ластанған топырақтардың жалпы ерекшелігі. Ол көмірсутектердің және олардың ыдырау өнімдерінің автотрофты ассимиляциямен қысымына, топырақтың ферментті пуласының ингибирленуіне негізделген. Әр түрлі топырақ типтерінде микроағзалардың түрлік құрамының түрліше болуы, олардың көмірсутектерге өте сезімталдығын анықтайды, сонымен қатар микроағзалар жүйесінің түрлік құрамын және жеке түрлердің сандық қатынастарының өзгеруіне әкеледі. Нәтижесінде, экологиялық көзқарас бойынша, тұрақсыз қауымдастық құралады (түзіледі) . Бұл тұрақсыздық, шамамен, табиғаты сукцессионды болуына және микроағзалардың тіршілігінің негізгі энергия көзін - мұнай көмірсуларының конвейерлі қайта өңдеуіне негізделуі мүмкін. Мұнайлы ластану энергияның сыртқы көзі болып табылады, олар топырақтың микробиоценозының жеткілікті тұрақсыз жағдайын қалыптастырады және сақтайды. Тұтас алғанда сукцессияның сонғы этапы топырақ микроағзалары жүйесінің жалпы сан мөлшерінің, суммарлы биомассасының және метоболиттік активтілігінің төмендеуімен сипатталады.

Түрлі авторлар, мұнайлы ластану топырақ микробиотасының түрлік құрамына елеулі әсер ететінін растайтын фактілер келтіреді. Топырақтың мұнаймен ластануына көк - жасыл балдырлар біршама тұрақты болып келеді екен, бірақ Chlorophyta, Xanthophyta, Bacillariaphyta бөлімінің балдырлары үшін мұнайдың төмен концентрациясының өзі-ақ жойғыш болады (құртады), ал мұнайдың жоғары концентрациясы көпшілігіне 15 см дейінгі тереңдіктегі барлық балдырлардың жойылуына әкелген. Көпжылдық зерттеулердің көрсетуінше оңтүстік тайга зонасында ормандағы шымды - күлді (дерновоподозлистный) топырақтардың микробиоценозына мұнайлы ластанудың әсерінен, топырақтың мұнаймен 22 л/м 2 дозада ластануы ұзақ уақытты жағымсыз экологиялық эффект туғызған - микробиоценоз құрылымының қайта қалыптасуы көрінген (байқалған) . Амилолиттік микробтар қауымдастығы мысалында микробиоценоздардың ұйымдасуын анықтау, шымды - күлгін топыраққа енгізілген сапалық ерекшкленетін төрт мұнай концентрацясы интервалын бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл интервалдар топырақтың микробтық жүйелері реакциясының типтеріне басқа токсиканттармен ластануына сәйкес келеді.

Осылайша, топырқтың мұнаймен ластану кезінде топырақ микроағзалары жүйесінде маңызды, әйтсе де түрлі бағыттағы өзгерістер болады. Ластанған территорияларда биогеоценоздардың табиғи жолмен ре генерациялануы процесі (үрдісі) баяу жүреді, ескеретін жағдай экожүйенің түрлі ярустарының қалпына келу жиілігі (темп) түрліше болады, микроағзаларға және өсімдік жабынына қарағанды жәндіктердің сапрофиттік жүйесі өте баяу қалыптасады, бұзылған топырақтың пионер өсімдіктері көбнесе балдырлар болып келеді.

Топырақтағы мұнай көмірсутектерінің биодеграциясына әсер ететін факторлар

Топыраққа мұнай түскеннен соң, оның тікелей деграциялану үрдісі (процесс) басталатыны белгілі, онда бастапқы кезде абиотикалық үрдістер даминант (басым) болады .

Топырақтағы мұнай көмірсуларының деградациялануының физико-химиялық механизмнің біршама маңыздысы булану болады. Алғашқы тәулікте мұнай дағының үстінгі қабатынан жазғы уақытта 15% - ке дейін мұнай булануы мүмкін, оның 80% -ті техникалық бензин, 22%-ті керосинді, бірақ мазут компоненттерінің тек 0, 3%-тін құрайды, яғни, мұнай көмірсутегінің буланып ұшқыштығының маңызы зор. Осы көрсеткіштері арқылы мұнайдың тез қайнайтын фракциялары ерекшеленеді: н-алкандар және С 10 - ға дейінгі изоалкандар және топырақтан булану арқылы жеңіл элиминирленетін, моноциклді қосылыстар (бензол, толуол және т. б. ) . Керосинді (С 11 13 ), газойлды (С 14 17 ) және жеңіл майлардың немесе солярлы (С 18 25 ) фракциялардың көмірсутектері аз буланып ұшады, ал майлайтын немесе машина майлары (С 26 35 ) және гудронды (С 36 60 және оданда жоғары) фракциялар іс - жүзінде физико - химиялық желденіп ұшпайды [25] . Осыған байланысты климаттық жағдайдың да маңызы зор, яғни оңтүстік аудан топырақтарында мұнай компоненттерінің абиотикалық желденіп ұшу үрдісі, солтүстікке қарағанда жылдам жүреді. Мұнай компоненттері, топырақ бөлшектерімен түрліше әрекеттесі, топырақтың тік қапталынан таралады. Топырақ профилі (қапталы) бойымен мұнайдың вертикальді (тік) қозғалысы кезінде, гумусты жиекте (горизонтта) мұнайдың жоғары қосылысты компоненттері жинақталады, төменгі жиекке (горизонтқа) негізінен төменгі молекулярлы қосылыстар жинақталады: мұнайдың қарапайым құрылысты төменгі молекулалы парафинді нафтенді және ароматты көмірсутектері. Топырақтың үстінгі бетінде мұнай химиялық тотығады және ішін ара фотототығады. Алайда, абиотикалық тотығудың баяу жүретінін ескеру керек, сондықтан мұнай көмірсуларының көп мөлшерде бұзылуы олардың биохимиялық тотығу үрдісімен байланысты, ал ол тек мұнай тотықтырғыш микроағзалардың қатысуымен жүзеге асады.

Микроағзалар мұнай көмірсутектерінің залалсыз (зиянсыз) қосылыстарға трансформациялау (айналдыру) реакциясындағы негізгі биокатализоторлар болып табылады және сондықтан тотықтандырғыш микроағзаларының функциясына (қызметіне) мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау мұнайдың биодеградациялау эффектілігіне әсер ететін негізгі факторлар.

Микроағзалардың интенсивті жетілуі үшін қажетті факторлар, топырақтағы минералды тұздардың концентрациясы, ылғалдылық, температура және ауаның болуы, активті қышқылдылық болып табылады .

Психрофильді микроағзалар, өте баяу болса да, минус 1, 1°C-ға дейінгі температурада да мұнай өнімдерін тотықтыра алады деген мәләметтер бар. Термофильді көмірсутектотықтырғыш бактериялардың ішінде қәзіргі кезде, 60°С-ден жоғары температурада өсетін микроағзалар белгілі, дегенмен 45°С кезіде микроағзалар әрекеті толығымен әлсірейді және мұнай ыдырауы болмайды деп есептеледі. Алайда, топырақта мұнай ыдыратушы микроағзалардың дамуына оптималды деп мезофильді жағдайды- 20-30°С есептеу керек, басқа мәліметтер бойынша оптимальды болып 30-40°С табылады.

Көпшілік мұнай тотықтырғыш микроағзалар аэробты болғандықтан, көмірсутектердің биодеградадциясында негізгі ролге - оттегі ие болады. Анаэробты жағдайда биодеградадция жылдамдығы өте аз. Сондықтан, көбнесе оттегінің жеткілікті болуы, биодеградадция жылдамдығының лимиттелу (шегіне жеткізу) факторы болып табылады. Тап осыған байланысты ылғалдылығы жоғары немесе ауыр механикалық құрамды структуралы топырақтарда мұнайөнімдерінің биодеградадциясы іс жүзінде жүрмейді. Ауадағы оттегінің диффузиялану жылдамдығы суға қарағанда үш ретке жоғары екені белгілі, микробты биодеградация зонасына оттегінің жеткізілуіне мүмкіндік жасайтын жерді қопсыту және тағы басқа іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.

Мұнай тотықтырушы микроағзалар толығымен кепкен-құрғақ жерде дами алмайтыны белгілі. Топырақтағы су мөлшері қанығу дәрежесі арқылы- соңғы абсалютті құрғақ (0%) -тен толық су басумен (100%) анықталады. Топырақ зонларының бірқатарының мысалында, ылғалдылық топырақтың микробиологиялық активтілігіне әсер ететіні және топырақтың қасиетіне байланысты микробиологиялық активтілік максимумы 7%-тен 30%- ке дейін топырақтың абсалютті ылғалдылығынан ауытқуы мүмкіндігі анықталды [35], ол топырақтың толық ылғалсиымдылығының немесе суармалы ылғалсиымдылығының 60% -на сәйкес келеді. . Ылғалдылық аз мөлшерде болған жағдайда, судың жеткіліксіздігі, су артық болғанда, ауаның жеткіліксіздігі лимитирлейтін фактор ретінде көрінеді.

Топырақ қышқылдылығы, микроағзалардың оптимальді (барынша) дамуы дамуы үшін, әр түрінде түрліше болады. Әдетте бактериялар рН мәні нейтральді жағдайға жақын болғанда - рН 6, 0-7, 5, aл мицелиальды саңырауқұлақтар және ашытқылар - әлсіз қышқылды ортада жақсы дамиды (рН 3, 5-6, 0) . Блекброг, рН көрсеткіші деградадциясы кезінде лимиттеуші болатынын, атап көрсетеді . Сонымен қатар, екі бірлікті диапазонды рН өзгерісі мұнай биодеградадциясына елеулі ықпал етпейді деген көзқарас бар.

Температураның және аэрацияның қолайлы жағдайлары болған кезде, табиғи ортада мұнай өнімдерінің биодеградадциялануын лимиттеуші негізгі фактор минералды қорек элементтерімен қамтамасыз етілуі болып келеді. Бұл тәуелділік микроағзалардың көмірсутектерді көбірек интенсивті қабылдауының активті өсу үрдісінде орны болуына негізделген. Миниралды қорек элементтері жетіспеген жағдайда микроағзалардың өсуі шектеледі, және микроағзалардың көмірсутектерді пайдалануы тек «тіршілік әрекетін сақтауға» - энергия шығынына негізделген. Мұнай тотықтырғыш микроағзалардың өсүін қамтамасыз ететін қоректік элементтер ішінде негізгілері азот пен фосфор түзушілер болады. Алайда М. В. Гусев және соавторлары ең алғаш рет толық факторлы эксперимент әдісімен, азоттың және фосфордың аз мөлшерде болуы дизельді отынның ыдырауына әсер етпейтінін көрсетті және тек азоттың 424 мг/л және фосфордың 178 мг/л концентрациясында (10 және 28 С температурада) Mycobasterium mucosumga оның ыдырау стимуляциясы байқалған. Басқа мәліметтер бойынша, минералды тыңайтқыштарды қосу, дұрысында биодеградациялану жылдамдығын 5-10 есе арттырады.

Аммонидің және фосфаттың, қоректік ортада микроағзалардың өсуіне оптимальды концентрациялары өте төмен (500-1000мг/л аммони және 50-100 мг/л фосфат), ал топырақ жағдайына қарай авторлар азоттың түрлі дозаларын (мөлшерін) ұсынады және бірдей пікір жоқ. Мысалы, Сандвик соавторларымен бірге 600кг/га ұсынады, ал басқалары гектарына 1, 5 тоннадан артық. Көптеген авторлар] оптималды қатынас ретінде С:N=9:1 келтіреді, диапозонында көмірсутек концентрациясы 0, 1%-тен 10% -дейін. Мұнайда ~ 75% көмірсутек және 1 га қалыңдығы 0-20 см жерде 3 млн. кг топырақ бар екені белгілі. Осыдан, 0, 1% концентрациялы мұнайда С:N=9:1 негізге алып қайта есеп жүргізгенде, азотты 225 кг/га енгізу керек екні белгілі, ал 10% мұнай дозасында 20 тонна/га алынады. Екінші жағынан азотты тыңайтқыштардың өзі 1000кг/га концентрациядан жоғары болғанда фито- және микробтоксикантты қасиет көрсететіні белгілі .

Топырақтағы мұнай көмірсутектерінің ыдырауын стимульдеуші азоттың оптимилды концентрациясы жөніндегі сұрақ қазіргі кезге дейін жауапсыз.

Көптеген авторлар азотты аммонилы формада енгізуді ұсынады, азот нитратты формада қолданылса рН - ты қышқылдыққа қарай өзгертеді және ол мұнайдың ыдырау үрдісін ингибирлеуі мүмкін.

Фосфорлы қорек көзі ретінде ортофосфор қышқылының тұздарын қолдануға болады (мысалы, моноаммонийфосфатта, монокалийфосфаттар, аммофос) . Мұнайдың микроағзалармен активті деструкциялануы үшін қажетті фосфор мөлшері жөнінде де бірдей көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілер фосфорды С:Р=10:1 қатнасында, басқалары мұнайлы ластанған топыраққа ластану дәрежесіне тәуелсіз 50 мг/кг қосуды ұсынады. Өсімдік - микроағзалар консорциумын қолдану бұл мәселені шешіп береді, биогенді элементтердің қажетті мөлшерін өсімдіктер сіңірсе, қалдықтарын - ризосфералы микроағзалар сіңіреді.

Мұнай тотықтырушы микроағзалардың өсуіне қажетті микроэлементтер концентрациясы (магниидің мырыштың, мыстың, марганецтің, кальцидің, калидің), әдетте өте аз болады және оларға сұраныс топырақтағы табиғи мөлшерімен-ақ қанағаттандырылады. Осылайша, мұнайдың көмірсутектерінің деградациялану үрдісі көптеген факторларға байланысты. Бұл үрдістің интенсификациясы микроағзалардың өсуімен даму жағдайларын оптимизатциялау кезінде мүмкін болады.

Топырақтың микробиологиялық қасиеттеріне мұнаймен ластанудың әсері

Мұнай өндірудің және қайта өңдеудің жиілігінің артуы, мұнаймен ластанған топырақтарды рекультивациялау әдістерін жетілдірудің өзектілігін арттырды. Рекультивациялаудың биологиялық әдістіктері жетістіктерінің басымдылық көрсететіні даусыз, ол жоғары тиімділікке және экологиялық қауіпсіздікке негізделген. Мұнаймен ластанған жүйелерді биорекультивациялау әдістерін дайындау принциптерінің негізіне сол жердің экосистемасының биопотенциялын пайдалану қажет. Бұл байланыста, топырақтың сопротрофты микробиоталарын зерттеу және эффективті пайдалану мүмкіндігі аса табысты болады. Энергиялық субстратпен топырақтың ластануына топырақ микробиотасының жауап беру реакциясы берілген мәліметтерге сәйкес анықталады .

Көптеген оқымыстылар зеттеуінде субстрат құраушыларына микоағзалар бірлестігінің спецификалық реакциясы көрсетілген. Глюкоза немесе сахароза сияқты еритін көмірсулы компоненттері бар субстраттарда, микроағзалар бірлестігі құрылады, олардың одан әрі дамуы осы көмірсулардың концентрациясының мөлшеріне тәуелді. Сонымен қатар эксперимент кезінде концентрация тиімділігін бақылау қиынға соғады, сондықтан ерімейтін өсімдік текті полимирлерді пайдалану қолайлы. Целлюлоза топырақ микроағзаларымен барынша тез орнығады және ыдырайды, оны бақылау оңай болады. Алайда, целлюлозамен иницитрленген микробтар бірлестігінің биомассасы аз болады және салыстырмалы түрде түрлік құрамы кедей, ол жұмыс дәрежесін едәуір қиындатады. Крахмал активтендіретін ерекше қасиетке ие, олардың кей бірі төменде келтірілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
ҚР жер қоры
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Жер-су қатынастарын реттеу
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
Табиғатты пайдалану құқығының тәртібі
БҚО Зеленов ауданының жерін есепке алу
Су қоры жерлерінің құқықтық режимі және оның құрамдас элементтері
Қазақстан Республикасындағы ғалами проблемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz