Әлеуметтік топтар
Кіріспе
1.Әлеуметтік топтар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Әлеуметтік топтар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Саясатты оның субъектілері тұрғысынан талдау осы объективті саяси процеске қатынасатын нақты байланыстарды айқындауға, олардың қалай әрекет ететінін түсінуге, бұлардың әрқайсысынын қоғамдық өмірді өзгертуге қосқан үлесін көрсетуге, соның ішінде аса маңызды әлеуметтік өзгерістердің қажеттілігін, мазмұнын, бағытын және қарқынын айқындайтын пәрменді субъектілерді бөліп керсетуге мүмкіндік жасайды. Субъектінің анықтамасына сүйене отырып, субъектілерді олардың әлеуметтік құрылымдағы орнын және қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі топтастыру керек. Осы белгілеріне сәйкес тұлғаны, әлеуметтік топты және үлкен әлеуметтік топты және қауымдастықты саясаттын субъектісі ретінде көрсетіп қана қоймай, әр түрлі әлеуметтік топтарға да сипаттама беруге болады. Олардың біріншісіне қоғам дамуының табиғи-тарихи процесі барысында ғана пайда болатын және жойылатын адамдардың әлеуметтік-тарихи қауымдастығының (әлеуметтік жіктер, таптар, әлеуметтік-этникалык, қауымдастықтар) топтары (әр түрлі белгілері мен мүдделері бойынша қалыптасқан) мен әлеуметтік ұйымдар (отбасылары) жатады. Екінші топты адамдардың тұрақты бірлестіктері құрайды, бұл бірлестіктерді олардың мүшелерінің өзі саналы түрде құрады немесе оларға үстем таптар немесе басшылық саласындағы адамдардық тобы құрылтайшылық жасайды.
Саяси процестің әр кезеңіндегі әртүрлі әлеуметтік субъектілердің нақты-тарихи арақатынасын, әрбір субъектінің әлеуметтік ролінің оның қоғамдағы жағдайымен, қажеттіктерімен және мүдделерімен, өзінің қоғамда алатын орнын танып-білу деңгейімен байланысын зерделеу қажет. Тиісінше, халық бұқарасының, таптың саяси қимыл объектісінен онын субъектісіне айналу зандылығын, сонан сон, осының негізінде сапалы іс-қимыл ролінің артуын, саяси процестін. кең ауқымды өрістеуін де атап көрсету керек. Бірлескен саяси іс-қимылды жүзеге асыруда стихиялык болмауы үшін жай сана ғана емес, саналылық пен ұйымшылдық, ерік-жігер, табандылық пен дәйектілік кажет.

1. Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы, 2000ж.
2. Қ.Қалелханов. «Әлеументтану». Алматы, 1999ж.
3. Ә.Х.тұрғынбаев. «Социология». Алматы, 2001ж.
4. Ж.Сәрсенов, Г.Тәңірбергенов. «Әлеументтану». Алматы, 2000ж

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Әлеуметтік топтар
Орындаған: Курманбаева Д.
Туризм 1 топ, 2курс
Тексерген: Жумадилов А.Р.
Алматы 2010
ЖОСПАР:
Кіріспе
1.Әлеуметтік топтар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Саясатты оның субъектілері тұрғысынан талдау осы объективті саяси
процеске қатынасатын нақты байланыстарды айқындауға, олардың қалай әрекет
ететінін түсінуге, бұлардың әрқайсысынын қоғамдық өмірді өзгертуге қосқан
үлесін көрсетуге, соның ішінде аса маңызды әлеуметтік өзгерістердің
қажеттілігін, мазмұнын, бағытын және қарқынын айқындайтын пәрменді
субъектілерді бөліп керсетуге мүмкіндік жасайды. Субъектінің анықтамасына
сүйене отырып, субъектілерді олардың әлеуметтік құрылымдағы орнын және
қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі топтастыру керек. Осы
белгілеріне сәйкес тұлғаны, әлеуметтік топты және үлкен әлеуметтік топты
және қауымдастықты саясаттын субъектісі ретінде көрсетіп қана қоймай, әр
түрлі әлеуметтік топтарға да сипаттама беруге болады. Олардың біріншісіне
қоғам дамуының табиғи-тарихи процесі барысында ғана пайда болатын және
жойылатын адамдардың әлеуметтік-тарихи қауымдастығының (әлеуметтік жіктер,
таптар, әлеуметтік-этникалык, қауымдастықтар) топтары (әр түрлі белгілері
мен мүдделері бойынша қалыптасқан) мен әлеуметтік ұйымдар (отбасылары)
жатады. Екінші топты адамдардың тұрақты бірлестіктері құрайды, бұл
бірлестіктерді олардың мүшелерінің өзі саналы түрде құрады немесе оларға
үстем таптар немесе басшылық саласындағы адамдардық тобы құрылтайшылық
жасайды.
Саяси процестің әр кезеңіндегі әртүрлі әлеуметтік субъектілердің нақты-
тарихи арақатынасын, әрбір субъектінің әлеуметтік ролінің оның қоғамдағы
жағдайымен, қажеттіктерімен және мүдделерімен, өзінің қоғамда алатын орнын
танып-білу деңгейімен байланысын зерделеу қажет. Тиісінше, халық
бұқарасының, таптың саяси қимыл объектісінен онын субъектісіне айналу
зандылығын, сонан сон, осының негізінде сапалы іс-қимыл ролінің артуын,
саяси процестін. кең ауқымды өрістеуін де атап көрсету керек. Бірлескен
саяси іс-қимылды жүзеге асыруда стихиялык болмауы үшін жай сана ғана емес,
саналылық пен ұйымшылдық, ерік-жігер, табандылық пен дәйектілік кажет.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР
Шағын топтар. Жеке адамдар (индивидтер) тұрақты бірлестіктерге кіреді,
олар әр түрлі нысандар мен түрлерде әрекет етеді. Құндылықтары мен
мүдделері ортақ, өзара байланысты және әлеуметтік институттармен қатынас
орнатқан адамдардың құрамын жеке топ деп атауға болады. Алайда, жеке
адамдар өздерінің бүкіл тұлғалық ерекшелерін түгелдей көрсете бермейді.
Өзінін осы топтағы әлеуметтік роліне қатыстыларын ғана көрсетеді. Ал топ
моральдық және адамгершілік принциптерін айқындайды, бұл принциптер топқа
кіргендердің іс-әрекеттерінен көрініс табады. Мысалы, студент өзінің
мінезімен, іс-әрекетімен студенттер қауымына лайықты болуға тиіс. Топтық
мүдделері мен қызмет ету әдістерін тұлғаның саяси қызмет саласы айқындайды.
Бұл тұрғыда топ саясаттың бірінші кезекті субъектісі, ал оның мүшелері
екінші кезекті және туынды субъектісі болып табылады.
Қауымдастықтың тәжірибесі мол, танымал тұлғаларын референттік
(кеңесші) топтар деп атайды. Олар бір мезгілде екі міндетат қарады.
Біріншісі — нормативтік, мұнда олар тұлғалардың іс-қимыл нормалары мен
дағдыларын таратушылар ролін атқарады, екіншісі — салыстырмалы, бұл міндет
арқылы адам өзінің іс-әрекетін топтың жалпы жұмысымен салыстырады.
Демек, референттік жеке тұлға да, әлеуметтік орта да болып табылады.
Референттік топ арқылы тап жеке тұлғаларға өзіндік билік орнатады.
Мүдделері бойынша топтар: Бұл топтардың мүшелері белгілі бір
шешімдерді жүзеге асыру мақсатында ынтымақтасады. Бұл адамдарды немесе
жекелеген топтарды біріктіретін ұйымдарды басшылықтың ерікті түрде немесе
амалсыздан қабылдаған қолданылып жүрген зандарына сәйкес ортақ мүдделері
мен ортақ кызметтерін терең түсініп, білуі байланыстырады. Саясаттанушылар
оларды төмендегіше жіктейді:
1. Қызмет мақсаты. Мүшелері тиісті саяси шешімдерді жүзеге асыру
жолымен кажетті іске қол жеткізу мақсатында ынтымақтасатын топтарды жіктеу
мыналарды қамтиды:
а) экономикалық мүдделері бойынша топтар:
- негізгі емес (кооператив мүшелері, тұтынушылар, шаруалар, ұсақ
кәсіпкерлер, еркін кәсіп өкілдері және т.б.);
- жұмыс істеушілер (кәсіптік одақтардың орталықтары);
-концерндердің, трестердің, синдикаттардың өкілдері болып табылатын
капиталистер, менеджерлер, бұлардың саяси маңызы мемлекеттен тыс жерлерге
де белгілі болады;
б) саяси мүдделері бойынша топтар, бұлар белгілі бір саяси мақсатты
көздейтін ұйымдар болып табылады, бірақ олар партиялармен байланысты
болмайды (діни, мәдени, гуманитарлық, экологиялық және антиядролық
бағыттағы бірлестіктер).
2. Қызмет орны. Саяси билік құрылымына күштерді орналастыратын жері
бойынша (АҚШ-тың қысым жасау жүйесі, Италия мафиясы, үкіметтік дотацияға
қол жеткізетін әрі өзін-өзі басқаратын ұйымдар).
3. Қызмет түрі. Топтық, мүдделер аймақтардың, діни сенімдердің,
жіктердің және таптардың шегінде қалыптасады. Экономикалык және басқа
мүдделерді үйлестіру нәтижесінде олар саяси сипатқа ие болады.
4. Кызмет әдістері. Бұл топ мейлінше пәрменді, ашық және ресми әрекет
етеді немесе ол занды және ресми емес әдістерді (масондық құпия әрекеттер,
террорлық ұйымдар) пайдалана отырып, орталық билік аппаратына қысым
жасайды.
Қысым жасау топтары. Олар латентті (жасырын) саяси күш болып табылады.
Ол кайсыбір жағдайларда тосыннан немесе бірте-бірте аса белсенді факторға
айналуы мүмкін. Әдетте саясаттануда мұндай топтарды жеке адамдардың шоғыры
ретінде көрсетеді, олар ортақ мүдденің ықпалымен өз талаптарын білдіреді,
қоғамдық өмірдің басқа салаларына қатысты өздерінің қарсы пікірлерін
тікелей немесе жанама түрде айтады. Тиісті жағдайда олар саяси күштер,
партиялар, саясаттанған қозғалыстар ретінде саяси оқиғалардың алдыңғы
легінен көріне алады.
Кейбір кәсіби ұйымдар өз ниеттестерінің қолдап, дем берумен өмір сүріп
тұрған билікке қарсы билік құрамын құра алады. Белгілі бір қызмет
саласындағы ықпалды адамдардың тобы саясатты жүзеге асыру ісінде
мемлекеттік билікпен жарыс-тас болуы мүмкін.
Кәсіподақ күштері қоғамның топтары мен жіктерге белгілі бір бөліну
кезеңінде пайда болады. Кәсіподақтар Англияда XVIII ғасырдың соңында пайда
болып, өнеркәсібі дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің еңбек пен
тұрмысқа қатысты мүдделерін білдірушілер ретінде бірте-бірте қалыптаса
бастады. Кәсіподақтар еңбекшілердің (кәсіподақ мүшелерінің ғана емес)
әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауды, олардың мәдени деңгейін
көтеруді алдарына мақсат етіп қойды.
Кәсіподақтар кей елдерде өзінің қызметінде жұмысшы табына сүйенетін
саяси партиялармен ынтымақтаса жұмыс істейді. Бұл орайда қоғам өмірінде аса
зор роль атқарады. Кәсіподақтар еңбекшілердің мүддесін қолдап, қорғаса, ал
үстем таптар белгілі бір басқару жүйелерін қалыптастыру, әлеуметтік жік
ретіндегі элита жетекшілерінін тобын құру жолдарымен өздерінің мүдделерін
қорғайды.
Кез келген әлеуметтік құрылымның қажетті құрамдас бөлігі артықшылыққа
ие жоғары тұрған жік немесе басқару міндетін жүзеге асыратын жік — элита
болып табылады, ол жалпы мемлекеттік шешімдерді қалыптастырады және оларды
үстем таптың атынан оның басым бөлігінің, сондай-ақ адамдардың қалған
бөліктерінің, мүдделері үшін қабылдайды деп дәлелдейтін көзқарастар бар.
Үстем таптың билеуші элитаға деген көзқарасы айқын. Олардың арасындағы
өзара байланыстың үш негізгі түрі бар;
1) түптеп келгенде, саяси процестің мүдделердің әлеуметгік топтар
арасында таралуына, үстем таптардың мүдделеріне тәуелді болуы;
2) билеуші элиталардың үстем мүдделерінің көзқарасын нығайтуға
ұмтылуы;
3) үстем мүдделер мен билеуші элиталар тәжірибесі арасында тактикалық
мәселелерге де, ұлттың ортақ мүдделер маңызының артуына байланысты да
белгілі бір келіспеушіліктің тууы.
Қоғамда өзінің алатын орнына, мүддесі мен ұмтылыстарына қарай әр
алуан әлеуметтік топтар немесе таптар болатыны қашаннан белгілі. Олардың
шығу тектері жөнінде әр түрлі көзқарастар өздерінше түсіндіруге тырысты.
Бірқатары олардың шығу көзін адамдардық рухани қасиеттерінен, психологиялық
ерекшеліктерінен немесе діни кезқарастары мен дүние танымдарынан, ал
екіншілері әл-ауқаттың денгейінен іздеді. Шын мәнінде, таптардың шығу
тектері қандай, олардың түп бастаулары неде жатыр?
Қоғамды жеке адамдардың жай жиыны, олардың әр қайсысы тәуелсіздік
құқығына ие дейтін идея ұзақ уақыт үстем болды. Бірақ бұл идея тым
қарапайым еді, ол қоғамның шынайы құрылымын ашып көрсете алмады. Қоғамнын.
кейбір түп бастауларын табуға басқа да әрекеттер жасалды. Мысалы, Руссо:
Барлық қоғамдардын ішіндегі ең ежелгісі және бірден-бірі — отбасы, — деп
жазды. Оның пікірінше, отбасы саяси коғамның алғашқы үлгісі болып табылады:
...билеушісі — әке сияқты, халық — балалары, және бәрі де тең және
бостандықта дүниеге келген егер адам өзінін бостандығын біреуге берсе, ол
мұны өзінің пайдасы үшін ғана жасайды. Бірақ саяси қоғам, яғни саясат
адамдардың қарым-қатынасы мен саяси биліктің саласы болып табылатың қоғам
отбасы шыққаннан кейін сан мындаған жылдардан соң пайда болды.
Қоғам таптарға бөлінген кезден бастап таптық бөліну, таптық
қатынастар, таптық, тұрғыдан бағалаулар қоғам өмірінде зор роль атқара
бастады.
Қоғамның таптарға жіктелуінің негізгі алғышарты екі процестің:
өндіргіш күштер мен еңбек бөлінісінің дамуы болды. Бұл екі процестің өзара
тығыз байланыстығы соншалық олар жөнінде сөз болғанда, іс жүзінде, бір
құбылыстың өндіргіш күштердің жалпы ілгерілемелі дамуының екі жағы жөнінде
айтылады. Адамдардың әлеуметтік жіктерге бөлінуі аталған жалпы дамудың
нәтижесі ретінде көрінді, бөліну терендеген сайын белгілі бір таптың
қалыптасуы да соншалықты жеделдей түсті. Тарихқа белгілі еңбектің алғаш ірі
бөлінуі жалпы тайпалар қауымынан мал өсіретін тайпалар бөлінген кезде
болды, сөйтіп мал өсірушілер мен диқандар арасында тауар алмасу басталды,
бұл қоғамдық байлықтың молаюына және адамдардың әлеуметтік жіктелуіне
жағдай жасады.
Қоғамның таптарға бөлінуінің ерекше маңызы мынадан көрінеді: оның
негізгі өндіріс құрал-жабдықтарына базистік меншік қатынастары болып
табылады. Феодалдық меншік және оған сәйкес келетін рента нысандары
феодалдық коғамды оның негізгі екі табына — шаруалар мен помещиктерге
бөлді, олардың қарым-қатынастарының сипатын, қанау нысандарын айқындады.
Буржуазиялық жеке меншік қоғамды буржуазия мен пролетариатқа бөлді.
Таптық қоғамда табиғи айырмашылықтар әлеуметтік сипатқа ие болады.
Қоғамдагы әлеуметтік бөлініс — бұл процесс, осы процестің нәтижесінде
өндіргіш күштердің қол жеткен даму деңгейі негізінде белгілі бір тап жіктер
мен топтарға бөлінеді. Бұл бөліну қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірістің
күрделенуі, онда барған сайын жаңа салалардың пайда болуы салдарынан күшейе
түседі. Қандай да бір таптың әлеуметтік бөлінуін зерттеу арқылы сол тапты
құрайтын жіктер мен топтардың сипатын ашып, олардың мүдделерін білуге
болады. Бұл тұрғыда таптың, соның ішінде жұмысшы табының да бөлінуі оның
құрылымының қалыптасуына негіз болады. Белгілі болғанындай, құрылым жүйе
элементтерін бір-бірімен байланыстыратын қатынастардың саны ретінде
түсініледі.
Әрбір қоғамда таптармен қатар әлеуметтік топтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz