«1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы»



1. Желтоқсан оқиғасының басталуына түрткі болған себептер
а) Қарсаңда
ә) Пленумда
б) Алаңда
2. Желтоқсан . оқиға ма, әлде көтеріліс пе?
3. Дүрбелең құрбандары
4. Үміт сәулесі
5. Желтоқсан оқиғасы . қасиетті тарихымыздың бір бөлшегі.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы сол кезде СОКП Орталық Комитетінің Қазақстанда империялық үстемдікпен жүргізген ұлт саясатына қарсы қазақ жастарының бұқаралық көтерілісіне ұласты.Бірақ,ол шектен тыс аяусыз қатыгездікпен басып-жаншылды.Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы қарсаңында жұртшылық назарына өзімнің баяндамамда ұсынуды жөн көрдім.
1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс.Осы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының басты себептері мен оның басталуына дейінгі қарсаңындағы жағдайларға тоқтала кетейін.Осы кезде республика жұртын мазалаған жағдайдың бірі Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босау-босамауы еді.Бір сөз шықса,кім де болса елең ете қалатын.Республикада басты қызметтерде көп жыл істеген,абырой-беделі артқан жанды жұрт қимайтын.Егер ол кетсе, оның орнына кім болатынына ешкім немқұрайды қарай алмады.Д.А.Қонаев жасы келіп қартайғандығын, қайта құруды жүргізуге шама-шарқы келмейтіндігін айтып, соншама жауапты міндеттен босатуын жоғарыдан өтініпті деген де сөз тарады.Бірақ, жоғары жақ республикадан оның орнына лайықты адам таба алмады да, басқа жақтан іздеді ме, қалай болғанда осы мәселені шешуді сөз бұйдаға салып созып алды.Республикада тұратын алты миллионнан астам қазақ халқының азаматтарының ішінен лайықты ешкімді таппай сенімсіздік білдірілді.Біздің республикамыздың көшін бастайтын адам өзге жақтан іздестірілді.оының бәрі ел-жұрт құлағына жетті.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің осы мәселені қарайтын пленумы әне болады, міне болады деген хабар да сан-саққа шарлады.Мұның бәрі жұрт арасында, әсірес, инттелигенттер ішінде түрлі ой-пікір, алыпқашты қауесеттерді өрістетті.
Пленумда
Аяқ астынан пленум болатындығы туралы хабар-сыбыс тез тарады.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол бесінші пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйымдық мәселе қарайтын күн де жетті.
Пленум Д.А.Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетініен босатты.Оның орнына шеттен әкелінген Г.В.Колбин сайланды.Ол бұған дейін Грузияда, Ульяновскіде істеген, хатшылық, бірінші хатшылық қызмет атқарған деп таныстырылды.
Ескі тәртіп, ыңсыз-шыңсыз қалыптасқан әдіс бойынша ешкім ой-пікір білдірмей-ақ, талап-тілек лебізін айтпай-ақ, жоғарыдан шешіліп, келісіліп қойған ұсыныс самсаған қол көтерілумен “бірауыздан” қабылданды.Шұғыл жиналып, апыл-ғұпыл өткізілген пленумға кеткен уақыт небәрі 18-ақ минут екен.
1. Тоқтар Бейісқұлов “Желтоқсан ызғары”
Алматы 1994 жыл
2. “Егемен Қазақстан” газеті
1996 жыл № 3 (6 желтоқсан)
3. “Егемен Қазақстан”
1997 жыл № 4 (14 желтоқсан)
4. “Замана запыраны”
2006 жыл № 5(21 қараша)
5. Талғат Айтбайұлы “Алма Ата-1986-Декабрь”
6. “Ақиқат” журналы
2006 жыл №10

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Желтоқсан оқиғасының басталуына түрткі болған себептер
а) Қарсаңда
ә) Пленумда
б) Алаңда
2. Желтоқсан – оқиға ма, әлде көтеріліс пе?
3. Дүрбелең құрбандары
4. Үміт сәулесі
5. Желтоқсан оқиғасы – қасиетті тарихымыздың бір бөлшегі.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы
(Қарсаңда)

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы сол кезде СОКП Орталық Комитетінің
Қазақстанда империялық үстемдікпен жүргізген ұлт саясатына қарсы қазақ
жастарының бұқаралық көтерілісіне ұласты.Бірақ,ол шектен тыс аяусыз
қатыгездікпен басып-жаншылды.Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы қарсаңында
жұртшылық назарына өзімнің баяндамамда ұсынуды жөн көрдім.
1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкіл елді дүр
сілкіндірген ғаламат оқиға болды.Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды
кездеспеген құбылыс.Осы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының басты себептері мен
оның басталуына дейінгі қарсаңындағы жағдайларға тоқтала кетейін.Осы кезде
республика жұртын мазалаған жағдайдың бірі Д.А.Қонаевтың Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босау-босамауы
еді.Бір сөз шықса,кім де болса елең ете қалатын.Республикада басты
қызметтерде көп жыл істеген,абырой-беделі артқан жанды жұрт қимайтын.Егер
ол кетсе, оның орнына кім болатынына ешкім немқұрайды қарай
алмады.Д.А.Қонаев жасы келіп қартайғандығын, қайта құруды жүргізуге шама-
шарқы келмейтіндігін айтып, соншама жауапты міндеттен босатуын жоғарыдан
өтініпті деген де сөз тарады.Бірақ, жоғары жақ республикадан оның орнына
лайықты адам таба алмады да, басқа жақтан іздеді ме, қалай болғанда осы
мәселені шешуді сөз бұйдаға салып созып алды.Республикада тұратын алты
миллионнан астам қазақ халқының азаматтарының ішінен лайықты ешкімді таппай
сенімсіздік білдірілді.Біздің республикамыздың көшін бастайтын адам өзге
жақтан іздестірілді.оының бәрі ел-жұрт құлағына жетті.Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің осы мәселені қарайтын пленумы әне болады, міне болады
деген хабар да сан-саққа шарлады.Мұның бәрі жұрт арасында, әсірес,
инттелигенттер ішінде түрлі ой-пікір, алыпқашты қауесеттерді өрістетті.
Пленумда
Аяқ астынан пленум болатындығы туралы хабар-сыбыс тез
тарады.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол бесінші пленумы 1986
жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйымдық мәселе қарайтын күн де жетті.
Пленум Д.А.Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика
Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетініен босатты.Оның
орнына шеттен әкелінген Г.В.Колбин сайланды.Ол бұған дейін Грузияда,
Ульяновскіде істеген, хатшылық, бірінші хатшылық қызмет атқарған деп
таныстырылды.
Ескі тәртіп, ыңсыз-шыңсыз қалыптасқан әдіс бойынша ешкім ой-пікір
білдірмей-ақ, талап-тілек лебізін айтпай-ақ, жоғарыдан шешіліп, келісіліп
қойған ұсыныс самсаған қол көтерілумен “бірауыздан” қабылданды.Шұғыл
жиналып, апыл-ғұпыл өткізілген пленумға кеткен уақыт небәрі 18-ақ минут
екен.
Д.А.Қонаев әлі қызметінен босамай, КОКП Коммунистік партиясы Орталық
комитеті Саяси Бюросының мүшесі бола тұрып, пленумды өзі ашып жүргізуі тиіс
еді.алайда оны ашқан да, жүргізген де, сөйлеген де СОКП Орталық Комитетінің
сол кездегі хатшысы Г.П.Разумовский болды.Өктемдік, кемсітушілік,
көкіректен итерушілік, санаспаушылық емей немене бұл.Ол Д.А.Қонаевқа қысқа
ғана алғыс айтып, оны босату, ал оның орнына Г.В.Колбинді сайлау жөнінде
ұсыныс жасады.Басқа бір де бір адам ауыз ашқан жоқ.Кім қалай қабылдар екен
деген арам пиғылмен пленумға қатысқан КОКП Орталық Комитетінің ұйымдық-
партиялық жұмыс бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Ф.Мишенко текке бақылап
отырмапты.Кейін халыққа қара дақ түсіргендердің белсенді біреуі сол боп
шықты.
Пленум жөніндегі алғашқы ақпарат сол 16 желтоқсан күнің сағат 15-те
республикалық радиодан берілді.
Ертеңіне, яғни 17 желтоқсанда, “Социалистік Қазақстан” және “Казахстанская
правда” газеттерінде құрғақ ақпарат қосарлана жарияланды.Сондай-ақ
Г.В.Колбиннің өмірі қысқаша баяндалды, суреті берілді.Суретін көргендер
“түгі бетіне шығып тұрған өңі сұсты, қабағы қатулы екен” деді.Желтоқсанда
ызғар шашып келгендей еді ол.Алғашқы күннен-ақ ол айбарлы қулыққа
мінді.Желтоқсанның 17-18-індегі жастар толқуы ұнай қойған жоқ оған.Ал
толқын басталмай-ақ жұрт пленум шешімін сан-саққа жүгіртіп, “оу,ұлан-ғайыр
республикада тұратын жалпақ елден лайықты бір адам табылмағаны ма” десті.
Алаңда
Орталық Комитет пленумның шешімін қанағат тұтпаған адамдарды он алтыншы
желтоқсанның кешінде әрбір ой мазалағаны ертеңгі оқиғадан белгілі
болды.талайдың түн ұйқысы бұзылды.Алда халықты не күтіп тұр, ендігі күніміз
не болады деген күдікте сезім биледі.Өйткені, бұрын жоғарыдан басшы ғып
әкелген адамдардан қайырымдылық пен әділеттілік көре алмаған қауымның бұл
жолы да елеңдеуі тегін емес.
Әсіресе, студент жастар арасы тез қозғалды.Пленумнан кейінгі түні
жатақханалардағы студенттер тоқып шықты.Сана мен жүрекке түскен от ұшқыны
бықсып жатпай тез лаулап қоя берді.Біріне-бірі пленум шешіміне көңілдерінің
талмайтындықтарын білдірді.Жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында алаңға
шығып,қарсылық білдіру жөнінде әңгіме қозғалды.Алайда олар осындай өзгеріс
боларын бұрын естіген, білген.
Сөйтіп,ертең ертемен бір топ студенттер алаңға бет алды.Оларды тас-
түйін ойы – үкімет басшыларымен халықтың құқықтары мен проблемалары туралы
сөз жүргізу.алайда оларды бір қолында “шоқпары”, бір қолында “қалқаны” бар,
бес қаруы сақадай сай сарбаздар қарсы алды.Бейбіт шеруге шыққан жастардың
бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт боп ұшып жатты.
“Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе
Қайрат қалың жауға сермегендей ”, - деп әйгілі сері ақын.Мәди
айтқандай, жалын шарпып, жаның жанып шыққан жастар неден тайынсын.
Олардың шеруі пленум шешіміне бейбіт түрде білдірілген наразылық еді.Ол
саяси сипат алды.Ал республиканың жаңа басшылығы жастармен тең сөйлесуге
арланды, олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ асуды
намыс көрді, яғни әкімшіл-әміршіл өктем көкірек өр мінез көрсетті.
17 желтоқсанда таңғы сағат 8-де бұрынғы Брежнев алаңына жастардың
алғашқы тобы келді.
“Жастардың алғашқы топтары17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7-8-дерде
ұзын саны 200-300 шамалы адам Орталық Комитет пленумының шешіміне
қарсылықтарын білдіретін ұрандармен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
үйі алдындағы алаңға жиналды.”
Қазақстан Орталық партия Комитетінің келісімі бойынша алаңды тәртіп
сақшыларының және ішкі әскерлердің күшімен қоршап ұстауға шешім қабылданды.
10 сағат 30 минут Алматы гарнизоны бойынша №1 жауынгерлік әзірлік
жарияланды.Темір жол вокзалдары мен аэропорт жабылды.Шеруге шығушылардың
араларына барып, түсінік жұмысын жүргізу қажет деп табылды.
Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын.жұртшылық
Г.В.Колбиннің сайлауына риза еместіктерін білдірді, өз ауылдарына
Д.А.Қонаевты шығаруды талап етті, өмірдің ауыр әлеуметтік жағдайларын,
тұрғын үй алудың, жұмысқа тұрудың қиындықтарын, ана тілінің қолданылуы
ауқымының таралып бара жатқанын айтып, реніштерін білдірді.адамдар
қолдарына Лениннің портретін ұстап, халық әндерін айтып, қарусыз
жүрді.Басқа халықтарға қарсылық байқалмады, мемлекеттік құрылысқа нұсқан
әрекеттер болған жоқ.
11 сағат 30 минутта шерушілер алаңнан шығып қала көшелеріне бағыт
алды.Колонналарды, Ішкі істер министрлігінің және олардың бөлімдерінің
қызметкерлері алып жүрді.
13 сағат 30 минутта демонстраттар шеруі жол бойындағы жол бойындағы
автомобильдерден қойылған бөгеттерден өтіп, алаңға қайта оралды.Олардың
саны 1400-ден 5000 адамға дейін жеткен еді.Ол кезде алаңға қала
көшелеріндегі шеруге қатыспаған, демонстранттарды қызықтаушы жүргінші
жастар жиналып қалған.Бейбітшілік көшесін бойлау ҚазМУ қалашығы жатқан
үлкен жастар колоннасы шықты...
Алаңды қоршап алып, ешкімді шығармай, ешкімді кіргізбей ұстауға
бұйрық берілді.Алаңға бет алған демонстранттары жаңа топтары қоршауды бұзып
кіріп, қақтығысулар басталды.Қоршаудың ішіндегілері сырттан жаңадан
келгендердің бұзып кіруіне көмектесіп, арада қайшылық туды.
Ішкі істер министрі Власов СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы
келісімімен Алматыға еліміздің сегіз қаласынан ішкі әскерлердің арнаулы
бөлімдерін әкелуге бұйрық берді.
Алаңға әскери бөлімдер әкелінді.Киім үлгілері темірсауыт, темір,
қалқан, резеңке қолшоқпа.Екі арнаулы машинаға түтіндеткіш қорапшалар, белгі
беру ракеталары, көзіңнен жас парлататын “Черемуха”газы, соғыс патрондары
сияқты арнаулы керек- жарақтар тиелген.Әскери бөлімнен ісшіл-қызмет иттер
бөлімшесі де жеткізілді.
15 сағат пен 17 сағатқа дейінгі аралықта мінбеге Қазақстан
компартиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшелері шығып сөйледі.Олардың
жастарды таратуға шақырулары айқай мен ысқырықтың астында қалды.Мінбеге
қарай қар қиыршықтары, мұз кесектері ұшты.
Демонстранттар мінбені қорғаушы солдаттар мен курсанттарға тіл
тигізді, бас киімдерін ала қашты.Милиционерлер тобырдың белсенділерін қолға
түсіре бастады, тобыр оларды құтқарып қалуға ұмтылып, ұрыс-керіс басталды.
Солдаттар берілген бұйрық бойынша оларды алаңға қарай ығыстырды,
тобырдағылар солдаттарды таспен, кесек топырақпен, үй қаптауыш мәрмәр
сынықтарымен атқылап, адамдар жараланды.
17.00 сағатта алаңға ССРО Мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің сапер
күректерімен қаруландырылған Алматыдағы жоғары курсант-шекарашылар
училищесінің саны 600 шамалы құрамы келіп жетті.Шекарашы-курсанттардың
Алматыға әкелінуіне бұйрықты Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің
төрағасы Чебриков берді.
18 сағатта Қазақ ССР ішкі істер министрі Князевтың бұйрығы бойынша
темір қалпақ киіп, қолдарына қалқан ұстаған солдаттар демонстранттарды
резеңке қолшоқпарымен ұрып, алаңнан қуалай бастады.Адамдар тұс-тұсқа қашты,
бірімен-бірі сығылысып, басып-жанышталды, тобыр жан ұшыра қорғанып,
ағаштарды сындырды, ғимараттардың қабырғаларындағы қаптауыш мәрмәрларды
талқандады.Әскерлерге қарай ағаш кесінділерін, тас кесектерін лақтырды,
“жедел жәрдем” машинасы екі жақтың жараланғандарын тасымалдаумен
болды.Мінбеге бірінен соң бірі көтеріліп, Камалиденрв, Елемесов, Басаров
сөз сөйлеп, жиналғандардың тезірек тарап кетулерін өтінді, болмаса күш
қолданылатынын ескертті.Митингіге шығушылар мен право-қорғау органдары
қызметкерлері арасындағы жұлыс-керіс қиян-кескі төбелеске ұласты.
21.00-22.00 сағаттарда алаңға арнаулы құрал-жабдықтармен әкелінген
машиналар лақтырылған тастың астында қалып, қорғаушылары қашып
құтылды.Арнаулы құрал-жабдықтар алаңдағы жұртшылықтың қолына түсті.
22.00 сағатта Ішкі істер министрлігі өрт сөндіру басқармасының
бастығы полковник Абдулманов алаңнан халықты қуып шығу үшін өрт сөндіргіш
машинаны пайдаланылсын деген бұйрық алды.20 машина лафетті ұңғыдан су
шашып, жұртшылыққа қарай лап қойды.Қалың тобыр машиналарды таспен атқылады,
соның нәтижесінде 30 өрт сөндіруші жарақат алды.
23.30-24.00 сағат аралығында демонстранттарды кіші сапер
күректерімен, резеңке қолшоқпарлармен ұрып-соғып қызмет итіне талатып
қуалау операциясы жүзеге асырылды.Операция аяқталған соң алаңда асфальт
үстінде қанға бөгіп құлап жатқан адамдар машиналарға тиетіліп әкетілді.Алаң
тазарды.Жақын маңдағы көшелерде, үйлердің кіре беріс алаңқайында, жатақхана
айналасында бас сауғалап жүргендерді итпен қуып ұстап, жахалау жалғаса
берді”(Комиссия қорытындысынан).
Бұл деректерден қандай қорытынды жасауға болады?
1. “Метель 1986”операциясы “демонстрацияны дүркіретіп тарату”,
“ығыстыру – итеріп тастау” операциясы емес.Бұл ойластырылған, билік
пирамидасының барша сатысымен келісіп жасалған мемлекеттік дәрежедегі
әскери-саяси авантюра деп бағалау орынды;
2. Комиссия көрсеткендей, “Метель 1986” операциясы “жалпылама
тәртіпсіздікпен”, “тобырмен” күрескен жоқ, ұлттық еркіндікті аңсаған, оның
өзін-өзі билеу құқын талап еткен реформаторлар ұрпағына ашылған жазалау
қырғын.ал ол қанды қырғынды бастау үшін жазалаушылар демонстранттар
қатарына сыналап кіріп, олардың жетекшілерін ұстай бастады, “ығыстыру”,
“итеріп тастау” толқындарын ұйымдастырып, жастарға қол жұмсап ызаландырды,
намысына тиді.Сөйтіп авнтюра арқылы қарусыз жастарды қорғанысқа мәжбүр
етті: Демонстранттардың қолына тас, мрамор сынықтарын алудан басқа амалы
қалмады.Қорғаныс барысында олардың арасындағы жансыздар да жазалаушылар
қару жұмсауға мүмкіндік жасау үшін шектен шыққан қимыл жасауға албырт
жастарды итермеледі.Басына, иығына күрек тиген, жонына шоқпар батқан жастар
бойынан атқылап, шым-шып аққан қанға қарамай, ойламаған жерден (стихино)
арпылысы алысты.Комиссияның қортындысына көрсеткендей, олар жазалаушылардың
техникасын қолға түсірді.Жазалаушылар 7552 барлық қару-жарағымен әкелген-
ді.Олар патрондарды, жарық беретін ракеталары, түтін шашатын гранаталары,
“Черемуха”деп аталатын газы бар балондары бар машиналармен алаңға келген-
ді.№99-90 машина арпалыс кезінде қолға түсіп, жандырылып
жіберілді.Республика прокуроры Г.Б.Елемесовтың айтуынша заң қорғау
қызметкерлерінің 772-сі жарақаттанды.Республика Жоғарғы Советінің
сессиясында Комиссияның алғашқы төрағасы Қ.Мырзалиев денесіне таңба түскен
милиционерлер, солдаттар және жасақшылар саны 604 адамға жеткенін
айтқан.Кейін М.Шаханов басқарған комиссияның талап етумен Қазақ ССР Ішкі
істер министрінің бірінші орынбасары Э.Басаров берген анықтамада жарақат
алғандардың саны 1214 адам, оның ішінде 773-і милиция қызметкерлері м,ен
әскери адамдар, 441-і жай азаматтар белгіленген.Ал М.Шаханов жалпы
жараланғандар санын 1772 адам деп көрсеткен.
Мұның бәрі айқастың шын мәнінде өмір мен өлім үшін болғанын
дәлелдейді.Ендеше бұл жай толқу емес, “ығыстыру емес”, “демонстранттарды
алаңнан итеріп тастау емес”, нағыз барып тұрған қарулы әскерге, жазалаушы
экспедицияға айбар көрсеткен, жаға жыртысқан, бас жарған, қол сындырған
күрес.
3. Жазалаушылар көтерілісті жаншуға ұластырды, авантюраны өздері
қолдан жасады да, оларды жазалады.Жедел көмектің 20 бригадасы сабылып,
қаланың денсаулық мекемелеріне 540 жараланғандарды әкелді, 204 адам
госпитальға жатқызылды, 1700 адам жарақаттанды.Ал шын мәнінде емханаға
қорқып көріне алмағандар саны көрінгендермен бірнеше есе артық болуы
мүмкін.Жоғарғы Совет Президиумның Комиссиясы ұсталғандар санының 8500- ге
жуық адам екенін анықтады.Ал, прокуратура 5324 адамнан, Мемлекеттік
қауіпсіздік комитеті 850 адамнан жауап алған.99 адам сотталып, екеуі ату
жазасына кесілген.
243 адам бас пен мойнынан жараланған.Бұл күрекпен, шоқпармен
сабалаудың нәтижесі екені айдан анық.Көптеген адамдар қолдан
жараланған.Олар басын сақтап, қолдарын қалқан қылған сәтте жазалаушылардың
қаруы жілікті не сындырып, не жарып жіберген.
4.Қанды қырғынға қазақтар ұшырады.Милиция бөлімдеріне әкелінген 2400
жастардың 2302-сі қазақ еді.Хельсинк тобы госпитальға жатқызылған 369
адамның 363-і қазақ екенін атап көрсеткен.М.Есеналиевтің желтоқсанның
бұрқасыны ұлттық сипат алғанын айтуы да осыдан.ссонымен көшеге
демонстрацияға шыққан ұлттық жас балауса өкілі бостандықты аңсады,
ұлттардың өз еркімен жақындасуын қалады, ұлттың өзін-өзі билеу құқын
жақтады.Ұлыдержавалық, империялық өктемдікке қарсы шықты.Билеуші топ, одан
қалды барша жүйе оларды күстаналып, ұлтшылдыққа рынған бұзақылар деп
айыптап, қанға бөктірді.1905-жылғы қанды жексенбінің кебін Алматы жастары
киді.М.Горбачевтың “қайта құру”идеясына алданып, сеніп қалған жастар замана
өзгерген екен, демократия орнаған екен деп жапа шекті.1979-жылы Целиноград
оқиғасындай бейбіт жолымен проблеманы шешуге болады деп алданды.

Фактілер Желтоқсан қозғалысына қазақ жастарының шыққандығын көрсетеді,
америкалық Хельсинкі тобы олардың орта жасы 25-те екенін растайды, жазушы
Т.Бейісқұлов “Желтоқсан ызғары”атты еңбегінде 99 сотталған жастар туралы
деректер береді, олардың 23-і әйел, 40-ы жұмысшы, 47-сі студент жастар,
милиция пунктіне әкелінгендердің 1163-і жұмысшы жастар, ал Мемлекеттік
қауіпсіздік комитетіне әкелінгендердің 87-сі студент, 57-сі қызметкер, 102-
сі жұмыссыздар.
Желтоқсан 1986 –жастар қозғалысы, болашаққа үміт артқан ұрпақ
қозғалысы, бұл бір, олардың құрамында жұмысшылар, қызметкерлер, жоғарғы
және арнайы орта білім алу жүйесінде оқитын студенттер бар, көтерілісшілер
қазақ қауымының қалыбы сияқты, ұлтымыздың 80 проценті ауылда тұратыны
белгілі, “Декабристер”де солардан шықты(“Комсомольская правда”,1990, 2
қыркүйек).Ендеше, “Желтоқсан 1986”қозғалысының қозғаушы күші – халық,
демос. Бұл екі. “Желтоқсан 1986 қозғалысы тек қазақтардың ғана әрекеті
емес, шеруге шыққандар қатарында орыс, ұйғыр, татар, қырғыз, шешен, армян,
түрікмен, башғұрт халықтарының өкілдері бар.Әрине, он-он бес мың адамның
ішінде олар аз, бірақ бар.Осы бір факт, ұлттық қозғалыстың демократиялық
пиғылдағы басқа халықтардың өкілдеріне де ықпалы бар екендігін
байқатады.Бұл үш.
Сонымен, 1986 ж. Желтоқсанда демократиялық- ұлттық қозғалыс
өрбіді.Оның қозғаушы күші болып, демократиялық рухты басшылыққа алған
ұлттың барша тобынан шыққан реформаттар жас буын еді.Бұл қозғалыс қоғамның
даму барысында қалыптасып, пісіп-жетілгенді.Оның шығу, өрбу себебі-жүйенің
шала дүмбілездігінде, оның империялық, тоталитарлық, казармалық табиғатында
жатыр, кейбір авторлар Д.А.Қонаевты бірінші хатшылықтан алып тастау ұлттың
қабырғасын қайыстырып, көшеге жастар сол үшін шықты,- дегендей, пікірлер
айтады.Сөз жоқ, Д.А.Қонаевқа жасалған қатыгездік елді тебірентті.Бірақ ол
жараны тек ушықтырған оқиға еді, зерттеушілердің бір тобы себеп пен
сылтауды, жебеуді орын ауыстырып қателеседі, шын мәнінде қозғалыс
империяға, оған тән мерездерге қарсы болған-ды.Қозғалыс – демонстрация,
манифестация, бейбіт диалог түрінде өрбіп, соңғы сәтінде – көтеріліске
ұласты, бес қаруы сай қарулы күштің иесі мен жүйе қаражүздіктердің әдісімен
ешбір күнәсі жоқ жастардың қанын жосадай ағызды, сондықтан қозғалысты
“Желтоқсан 1986 – көтерілісі ”деп атауға да әбден болады.
Осы күнге дейін Желтоқсан оқиға ма әлде көтеріліс пе деген сауал
алдымыздан шыға береді.Желтоқсанның он бес жылдығында Ғылым академиясында
ұйымдастырылған ғылыми конференцияда баяндама жасаған белгілі қоғам
қайраткері Әбіш Кекілбаев оның көтеріліс екендігін жіліктеп, жіпке
тізгендей етіп дәлелдеп берген болатын.Ал Талғат Айтбайұлы бұл жайлы былай
деген еді: “Бұл сұрақ тарихи шығармалар тудырған қаламгердің ойы ғой.Сөз
жоқ, дәлелдері орнықты, қолмен қойғандай, бәрі көкейге қонады.Бірақ, оқиға
дейін десек, ол бір-екі кісінің бір-біріне әлімжеттік көрсеткен төбелесі
немесе он шақты жасөспірімнің аула-аулаға бөлінген текетіресі емес
еді.Алматының қақ төрінде, сол кездегі республика басшылығы отырғанбиік
ғимараттың дәл алдында жан алып,жан беріскен қанды қақтығыстар түні бойы
толастамады.Қолына түскен таспен, үй қоршауы ағаштарымен қаруланған ызалы
жастар тура Орталық Комитет үйіне дейін мұздай қаруланған солдаттарды
қуалап, тықсырумен болды.Енді бір кезде қосымша күшпен еселенген екінші жақ
қарсы шабуылға шықты.Қуып жеткенін ұрып-жығып, өлтіре тепкіледі, ыңыранып
қимылсыз қалғанын қуыс-қуысқа ысыра салды.Екі жақтан қанша адамның көз
жұмғанын, қанға боялып, зардап шеккенін қазірге дейін дәл басып ешкім де
анық айта алмайды.Демек, Желтоқсан қырғыны – дау жоқ, сол кездегі өктемшіл
билікке қарсы жүргізген қазақ жастарының көтерілісі”.

Дүрбелең құрбандары
Шеруді күшпен басқаннан кейін кәсіпорындардың жұмысшылары арасында
коммунистер әңгімелер өткізді.Желтоқсаншыларды айыптап, кінәлап айтылмаған
сөз қалмады.Басшылардың әрекетінің “дұрыстығын” дәлелдеп жатты.
Астанада тыныштық орнаса да жасақшы отрядтар көшелер мен алаңдарда
күзет атқарып жүрді.кімді күзетіп, неге күзетіп жүргенін өздері де толық
сезінбесе керек.Тәртіп сақтау керек еді.Күзет деді.Күзетті, соған
сенді.күндіз-түні кінәлілерді, айыптыларды іздеу, әшкерелеу дамылсыз
жүргізілді.
Аңду.Іздеу.Қудалау.Университет жатақханасына 16.12 күні кешке қарай
келіп кеткен екі ақ “Волга” машинасын іздеу.Үлкен-кіші үн шығармайды, аузын
бағады.Бір-бірімен сөйлесуге, пікірлесуге, араласуға батпайды. “Не болар
екен” деп іштен тынып жүрген жұрт.Үрку, сезіктену босқа емес
екен.Дүрбелеңмен жазықсыздарды жазалау, кінәлі деген қызметкерлерді орнынан
босату, қудалау, алмастыру етек алды.
Жатардың демонстрациясы “ұлтшылдықтың көрінісі” деп Мәскеуге әлденеше
хабарлағанын дәлелдеуге Г.В.Колбин білек сыбанып, қыжылы қайнап кірісті.Өз
пікірін жүзеге асыру үшін право қорғау органдарының басшыларын өзіне жинап
әңгіме өткізеді, оларды ұлтшылдарды табуға қайрайды.Алматыға ұшып келген
КСРО Бас прокурорының орынбасары О.В.Сорока Республиканың мемлекетік
қауіпсіздік комитеті, прокуратура, ішкі істер министрлігі қызметкерлерімен
шұғыл кеңес өткізді. Оған қатысқан Г.В.Колбин жастардың алаңға жиналуының
себептері жөнінде жалған сөйлеп, органдардың жұмысына көңіл толмайтынына
білдірді.
Демонстранттарды жазалау күн тәртібіне қойылды.Негізінен жергілікті
ұлт жастарын қатаң жазалау қолға алынды.Қазақ ССР-і прокуратурасында арнайы
тергеу тобы құрылыпты.оны құруға желтоқсанның 17-і күні-ақ, әлі бейбіт
шеру, қақтығыс аяқталмай жатып-ақ Қазақ ССР-інің прокуроры Е.Елемесов
бұйрық берген.топты оның орынбасары А.Мызняков басқарды.топтың құрамына 98
тергеуші кірген.Олар – республикалық үш мекеменің – прокуратура, ішкі істер
министрлігі мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері.Бәрі
білікті мамандар есептелінді.право қорғауға, заңды сақтауға мүдделі
қызметкерлер бола тұра олар заңсыздыққа жол беріп, өздері заң талабын толық
ұстанбай бұзып отырған.Мәселен, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі жанынан құрылған
Комиссияның анықтауына қарасақ, қылмыстық іс қозғалған 99 адамның “80-інің
іс-әрекеті ұлттық және нәсілдік теңдікті бұзу немесе жаппай тәртіпсіздік
жасау деп бағаланып, Қазақ ССР Қылмыстық істер кодексінің 60 және 65
баптары бойынша жауапқа тартылды”.Ал Алматы қалалық сотының мүшелері
Р.Ыдырысова – 8 адамға заңсыз үкім шығарғанын Комиссия анықтады.Басқа да
сот мүшелерінің іс қарауда жіберген заңсыздықтары, әрине, жазықсыз жастарды
жапа шектірді.
Қыршын жастардың әділдік күткені ақталмады.Салы суға кетіп кете
барды.Бірақ, олардың сондай жаза алатындай “бұзықтығы” болмағаны бірнеше
жылдан мкейін айқындалды.Басшылар үшін “айыпкер” азаматтар бастарын иіп,
еңсесі түсіп, мүләйім күйде болуы керек еді.Жазығы жоқ жандар әділетсіздік
іске қарсы өздерін көтеріңкі ұстамағанда не істемекші.Соған да
волюнтористердің өресі жетпегені ғой.
Желтоқсан оқиғаларына байланысты бір нәрсе – жұрттың сот
қызметкерлерін кінәлауы, айыптауы. Заңның өлшемі – әділеттілік, әділ шешіп,
ақ сөйлеу – олардың негізгі принципі болуға тиіс. Соны ұстанып принципшіл
болу жетпегені ереуілшілерді сотқа тарту кезінде анық
айқындалды.кемшіліктері де, кінәлары да енді ашылып жатыр.Право
органдарының алдында желтоқсаншыларды қатал жазалау талабын қойған
Г.В.Колбин сот қызметкерлерінің де іс-әрекетін көз айырмай бақылауда
ұстаған.Соның бірі – 1987 жылдың тамыз айының басында Әділет министрлігі
мен Жоғарғы сот басшыларының есебі Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Бюросында тыңдалуы. Бюрода Г.В.Колбин “Айтмұхамбетов
либералдыққа салынып, қылмыскерлерге жеңіл жаза тағайындап жатыр” деп айып
тағыпты.
Т.Айтмұхамбетов желтоқсан оқиғасына байланысты сотталған
Ж.Сәбитованың ісіне араша түскенмен толық құтқарып ала алмады.Өзі мұғалім,
екі баланың анасы түрме торынан шығарылмады.
1988 жылғы 16 маусымда сот президиумның мәжілісінде, 24 маусымда
Жоғарғы соттың пленумында Т.Айтмұхамбетов наразылық білдіріп, “Сәбитованың
жазасын үш жылға дейін азайту және екі жылға кейінге қалдыруды” талап
еткені жартылай ғана іске асты.Қарсылықтың аса күшті болғандығының салдары
бұл.Наразылық етудің нәтижесінде түрмеден Н.Салықова босатылды.
Міне байқайтынымыз – сот қызметкерлері қиын жағдайға кездескен.Оларды
1988 жылдың қаңтар айында өткен право қорғау органдарының республикалақ
кеңесінде маңдайдан тағы бір ұрып алды.Дегенмен, заңның әділетті
тұжырымдарына жүгінбей, көлденең көк аттының айтқанына көніп, айдауына жүре
берген сот қызметкерлерінің көзжұмбайлығын құптай алмасақ керек.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 14 қарашада өткен сессиясы
Қ.Мырзалиев комиссияның жұмысын қарағанда біраз депутаттардың талап етумен
тексеруді әрі жалғастыру керек деген ұйғарымға келді.
Бұрын да атсалысып келген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы
Жастар қозғалысының тарихи маңызы
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қозғаушы күштері мен барысы
Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептері
Дақпырт пен шындық
Пәндер