Қалиқан Ысқақов шығармалары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақ әдебиетіне өз қолтаңбасымен келген жазушы Қалихан Ысқақ бірнеше роман жазған, әр шығармасында соны тақырып, дара тәсіл пайдаланған, әр алуан бейнелер жасай алған бірегей жазушыларымыздың бірі. Қазақ прозасына сұлу ырғақ, ойлы тебіреніс, тың образдар әкелген сыршыл жазушылардың бірі. Айрықша эпикалық романтикасымен соңғы ширек ғасырдай уақыт қазақ әдебиетіне келісті рең берген, Алтайдың тұмса таланты. Жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры, Аякөз, Қатонқарағай аудандарының құрметті азаматы.

1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген. 1952 жылы Қазақтың С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шықты. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді. Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курсын бітірген соң сегіз жыл Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үшінші творчестволық бірлестікті басқарды. 1972 - 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесшінің қызметін атқарды. 1998 жылдан Қазақстан М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімін басқарып, «Жұлдыз» журналында проза бөлімін басқарып жүр.

Проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен тілдерінде аударылды.

«Ақсу - Жер жаннаты» романы 1992 жылы егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік сыйлығын алды.

Ысқақ Қалихан драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық, облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты - бастылары : «Апа - Апатай», «Жәке - Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней - Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым» . Автор «Есеней -Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.

Ысқақ Қалихан кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді. Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы - қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты.

Ысқақ Қалихан аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И. Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген.

Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік тақырыпта да Қ. Ысқақаов жүзден астам мақала очерктер жариялады.

Қ. Ысқақ қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумның Құрмет Грамотасымен, «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған. Шығыс Қазақстан Қатонқарағай, Аякөз аудандарының құрметті азаматы. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғанан бері сөз өнерін, басқа да өнер саласын, жалпы қазақ халқының мәдени мұрасын түгендеуге ат салысып жүрген келелі азамат та алыптық танытып келеді.

Қалиқан Ысқақ прозалық, драммалық шығармалары жекелеген зеріттеулердің арасында қарастырылғаны болмаса, бүгінді таңға дейін ғылыми мәселе ретінде жүйеленіп зеріттелмеген. Белгілі жазушының шығармашылығындағы кейіпкерлер дүниетанымы мен табиғат бейнесін нақты бағытқа алып қарастыру жұмысқа жүк етіп алынды.

Тақырыптың өзектілігі. Қалихан Ысқақтың шығармалары қазақтың сөз өнеріне өзіндік ұлттық нақышымен, прозадағы лиризмімен, қуатты тілдік бояуымен, кейіпкерлерінің күрделілігімен келді. Сондықтан суреткердің шығармаларын көркемдік-эстетикалық категориялар контексінде қарастыру - бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы аса өзекті және таңдаулы тақырыптардың бірі деп білеміз. Қалихан Ысқақтың прозасы, жалпы шығармашылығы мерзімді баспасөздерде жиі айтылып жатқандығы да шамалы. Соның негізінде теңізге тамған тамшыдай болса осы еңбек сол олқылықтың бір тесігін бітейді деген үміт бар. Біріншіден шартты, екіншіден осындай мақсат.

Зертеудің мақсаты мен міндеті. Негізге алып отырған жұмыстың басты мақсаты - Қалихан Ысқақовтың шығармашылығының үш жанры әңгіме, повесть (хикаят), романдарының бойындағы кейіпкерлердің дүниетанымын автордың табиғатпен астастыра қалай суреттей білгендігін саралау болып табылады. Кейіпкерлердің тазалығы мен гуманистік ойлары мен моралдық танымдарының қаншалықты ашылғандығын қарастыру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зеріттеу жұмысының басты жаңалығы «Қоңыз күз еді», «Ағайындар» хикаяттарымен «Тұйық» романы мен «Сыбаға», «Жесір» әңгімелерін талдау арқылы Қалихан Ысқақовтың өзіндік қолтаңбасын кейіпкерлерінің дүниетанымы мен табиғаттың көркем бейнесі ашылды.

Тақырыптың дерек көздері. Жұмысты жазу барысында Қалихан Ысқақовтың шығармалар жинағы мен сол жазылған шығармалар жанрына орай әдебиеттанушылардың зерттеген еңбектері қолданылды. Қабдолов З, Серікқалиұлы Зейнолла, Доскенов Ғ, Кәкішев Т, Храпченко Храпченко, Піралиева Г, Ахметов З, Ыбырайым Б. т. б. еңбектері негізге ала отырып тақырыптың өзегі ашылды.

Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім (үш тарау, төрт тараушадан), қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Қалиқан Ысқақов хикаяттарындағы кейіпкер бейнесі мен табиғат

«Қоңыз күз еді» повесі. Қ. Ысқақ шығармалары ішінде повесть жанрында жазылғандары басым көпшілігі болып келеді. Өз повестерінде білім мен ғылым саласындағы ардақты адамдарды тақырып етіп ала отырып, ол адамның балалық шағынан бастап сол күнге дейінгі жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталады. Осылай кеңінен толғауға повесть жанрының әлі келеді екен. Повесть пен роман арасындағы айырмашылық туралы айтқанда олардың арасына шек қоймай Г. Н. Белинский: « . . . көлемі кішірек демесең, повесть те роман» [35, 269-б], - дейді. Оқиғаны кең қамту, персонаждарды көп алу жағынан әрине романның артықшылықтары бар. Бірақ, повесть өмір шындығының детальдарын азырақ атқарады. Кез келген көркем шығарманы алып қарасақ, негізгі идеясын анықтау үшін сол туындыны оқып, автордың өзіндік талғам-түсінігін таразылап барып көз жеткіземіз. «Шындық - күрделі болса, одан туған шығармада күрделі. Өмірдегі оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр алуан. Тіршілік жалғасып жатқан мәселелерге толы болса, суреткердің ой өзегі де біреу емес, бірнешеу» [36 , 165-б], - дейді академик З. Қабдолов.

Сонымен « Қоңыр күз еді» атты повесі арқылы бізге Қалихан Ысқақ, жоғарыда айтқанымыздай үш қырынан көрінді (Ә дегенде-ақ автордың тіл білетіндігін, тіл болғанда, кәдімгі әдебиеттің бейнелі тілін білетіндігін аңғарамыз. Сол тілімен Қ. Ысқақ құр сөйлемей, қағаз бетіне сурет салып отыр. Сөз саралауда, сөйлем құруда, жалпы өнер өрнегін төгуде Қ. Ысқақ бір түрлі бір еркіндік, кең тыныс танытады. Әлгідей татымды, тартымды табиғат суретін жасаған Қ. Ысқақ енді адам тұлғасын мүсіндеуге келгенде үшінші қырын және көрсетеді. Ол адамның ішкі сезім ирімдерін сыртқы құбылыстармен астастыра біледі) . Осылардың нәтижесінде «Қоңыр күз еді» адам басында болатын жастық шақтың біраз сырын шыншыл суреттеген тартымды көркем шығарма дәрежесіне көтерілген. Бұл шығарманың тақырыбы, әрине, шағын, бұл автордың алдағы уақытта бүгінгі өміріміздің келелі жайларын кең және көркем толғауға мүмкіндігі бар екеніне кепіл бола алады» [1, 5 б] . Бұл «Қоңыр күз еді» атты хикаяты алғаш жарық көргенде академик Зейнолла Қабдоловтың айтқан пікірі.

Осы пікірдің біздің жұмысымыздың тақырыбы мен мақсатын ашық айқындап беретін пікірлердің бірі, тіпті, бірегейі десе де болады. Осы пікірде айтылғандай Қалиқан өзінің суреткерлігімен танылған жазушы.

Қалиқан Ысқақтың шығармаларының қазақ прозасында алар орны ерекше. Оның шығармаларында қазақ халқының тарихи, дәстүрлі, мәдениеті, тұрмыс-салты және өнері мейілінше кеңінен қамтылған. Тұтас түркілердің төрі, алтын бесігі Алтайды жайлап отырған күншығыстағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне кейінгі қарашекпендер келгенен енген өзгерістерді трагедиялық коллизиясымен астастыра суреттейді. Ұлт пен ұлтсыздану үрдісін астастыра суреттейді. Бұл бағытта Зейнолла Серікқалиұлы кезінде ерекше құнды пікір айтқан:

«Адамның жалпы өмірдегі орны, бүкіл тіршілігінің мән-мағынасы, ең алдымен, оның өзі не үшін туып, бұ дүниеге не үшін жер басып жүргендігін, бүкіл болмысын қаншалықты сезіне білгендігіне тікелей байланысты. Жастар прозасындағы жылылық, лиризм дегенде, айырықша лтипатпен айтатын жазушымыз - Қалихан Ысқақ. Үйіріп, аялап отырып, оқушысымен бауырласып кететін әдемі сезім» [2, 5-6 бб] . белгілі ғалым жазушының прозалық шығармасындағы ерекше лиризмді аша отырып, осы пікірінде біз үшін аса маңызды мәселені де көтеріп кеткен. Ол суреткер шығармаларының басты қуат-көркемдік-эстетикалық қуатында. Шындығында Қалиқан Ысқақов шығармалары суреткерлік жағынан, кейіпкерлерінің сезімталдығымен айталасына моральдың қуат тарататын дарынды жазушы.

Жалпы жазушы туралы айта келген ол әдебиеттің барлық жанрларына қалам тарқан шығармагер болып табылады. Жазушы ең алдымен әу дегеннен өзінің суреткерлік хикаяттарымен кеңінен танылды. Хикаяттары ең алдымен көркемдік қуатпен, эстетикалық талғаммен, кейіпкерлерінің ерекше дүиетанымымен ерекшеленіп жатады. Көркемдік - сөз өнерінің метакатегориясы екені әлемдік әдебиеттану ғылымында белгілі. Бұл бір қарағанда әдебиеттің екінші аты секілді. Сондықтан да болар Қалиқан Ысқақовтың шығамаларының әдеби талаптарға сай оқырманын тарта білетіндігі.

Жоғарыда айтылған Зейнолла Қабдоловтың пікірі елді де, ғалымды да алдамапты. Сөз, дәл осы «Қоңыр күз еді» хикаяты жайында болмақ. Хикаят өзінің бағасын алды. Ал осы шығарманың бойындағы кейіпкерлер мен табиғат суреттерін ашып айтып саралауға болмай ма. Біз, сондықтан суреткердің көркемдік жүйесінің ерекшелігін тану үшін бірнеше бейнелік құралдарды қалай пайдалана білді, соған тоқталып өтпекпіз. Бейнеліліктің ең қуаттысы, ең көнесі және ең ұлттық бояуы күштісі тұрақты, яғни фразеологиялық тіркестер болып табылады. Тұрақты тіркестердің ерекше құбылып түскен түрлерін хикаяттан қарақаттай тере беруге болады. Ол тіккестер кейіпкерлердің мінезін, болмысын, характерін ашып тұрады. Қандай кейіпкер болсын сол кейіпкердің жасы мен мінезіне сай фразеологиялық тіркестерді орынды қолдана алады. Әр жерден теріп бір екі мысал келтірсек: Қыдырхан (Бүкір) : «Қап, мына бүкірдің қорлығы-ай! Әттең ауылда болсаң шамам жетпесе де бір айқасар едім-ау!» деп зығырданы қайнап тұр. Амал жоқ, «ауыл итінің құйрығы қайқы келеді» деген осы. (Бұл қара зақір ауылда тері жинайтын агент болып істеп жүр дейді. Кезі келгенде айтармын деп өкпемді әлі сақтап жүрмін ішімде) » [3, 9 б] . Директордың әйелі (поддиректор) : «Аракідіріс болған жоқ, апақ-сапақта бөлмеген тықылдаған ақ сары әйел кіріп келіп, жұрттың апшысын қуырып, опалаң-топалаңын шығарды» [3, 9 б] . «- Жаңағы әйел кім? - Ойбай, ол нағыз дөкейдің өзі. Егер ол брысь десе, бүкіл интернат жым болады. Тәрбиеші бір ме, оқытушы екі деші, директордың әйелі үш болды ма, тағы несі бар еді, иә, айтпақшы интернаттың, барлық азық-түлік, киім-кешегінің билігі соның қолында, көңіліне жақпаса саған дұрыс киім бергізбей қояды. Общем бір сөзбен айтқанда поддиректор. Ал шындығына келсек бум-бум, ілініп-салынып осы күнге дейін сабақ беріп келеді. Маймұрын әрі мектеп, әрі интернат директоры болған соң қонышынан басып жүргенде» [3, 10 б] . Қомшабай (Жарықжұлдыз) : «- Бұл көк ат та бір, біз де бір, қу жанға тыныштық жоқ! - деп «ит ашуын тырнадан алады демекші, Жарықжұлдыз шыға көк атты сойылдап-сойылдап алды. Иі қанбаған сірі пұшпақтай көн арқаға сойыл сарт-сұрт тигенде көкшолақ құйрықты шыбжың-шыбжың еткізіп арындап тұрып алды. Сойыл тағы көтерілгенде тура тебуге ыңғайланып бөксені көтеріп-көтеріп тастады. - Қап, мына талақ тигірдің қорлығы-ай, ә! Түу сонау өзенге барып қайтқанша түн жарым болды. Бұл ырсиған неме өстеді енді, - деп Жарықжұлдыз күйіп-пісіп жүр. Көкшолақтың оны сезер түрі жоқ, құйрықты тағы бір-екі рет бұлғап-бұлғап тастап орнынан азар қозғалды» [3, 10 б] .

Кикаядағы үш кейіпкер бейнесін сомдау барысындағы қолданылған тұрақты тіркестерді көріп кейіпкерің іс-әрекеттері мен мінезі, болмысы көз алдымызға елестеп шыға келеді. Сол ауылдың қара сирақ балаларының бейнесі. Кейіпкер характерін ашып тұр. Директордың әйелінің, тақылдаған сары әйелдің «апшысын қуыруы», «қоншынан басып жүруі» тегіннен тегін емес екен. Танымы мен мінездері далаға бейімделіп кеткен, өзіне тек еркіндікті қалайтын дала балаларының бейнесі. Бала адамдары мен ауыл әйелінің көкшеке мінезі. Ол директордың әйелі. Әлеуметтік статусы жоғары. Сол статусты ашу барысында, тұрақты тіркестердің орны ерекше болып тұр. Қыдырханның «тұлғалық» ерекшелігін, интернаттағы орнын айқындау үшін «ауыл итінің құйрығы қайқы келеді» атты тұрақты тіркесі жетіп жатыр. Тіпті, символдық дәлдікпен бейнені аша білген көркемдік құрал деп қарауға болады. Қойшыбайдың бейнесін ашудағы тұрақты тіркестер «ит ашуын тырнадан алады», «талақ тигірдің» дегенінің ішінде әділетсіздікке деген қарсылық қаншама күйік жатыр. Ол күйік, әлгі интернат орнатқан «тәртіптен» бейхабар Қасымның сурағына жауапта айқын көрініс тапқан: «Сендер оның қолбаласы емессіңдер, жұмсағанына бармай қойсаңдар қайтеді екен.

Ой, сен оны айтасың ғой, әуелі мына қызықты естісеңші. Түнеукүні ауданнан кісі келіп интернатты тексерді. Тегі біреу сыбыс берген болу керек. Түлен түртті ме, қайдам, жатар орын жаман, тамақ нашар, дәмі жоқ, нан шикі пісіріледі деп өкілге шағынып едімү тергеу бітіп, өкіл ауданға кеткен соң көкемді танытпасы бар ма. «Сен немене, өкіметтің нанын жегің келмей ме, семіріп кеткен екенсің. Онда интернаттан шығараайық, кәне, тағы кімнің нан жегісі келмейді» - деп екі аяғымды бір етікке тықты-ай дейсің. Осыдан кейін бір ауыз сөз айтып көр, не интернаттан шығасың, немесе тарих пәнінен екілік бағаны басып-басып шөміштеп қосады, - деп Жарықжұлдыз иығын қопаң еткізді. - Солай, оқимын десең тыныш жүр . . . » [3, 11 б] .

Бұл үзіндіден қос баланың табиғи тазалығы көрініс тапқан. Әділетсіздікке деген қарсылық. Бірінің аузы күйген, сондықтан екіншісіне ескертіп жатыр. Шағын ауылдағы жемқор жүйенің болмысы болық ашылған сол соғыстан кейінгі жылдары алыс ауылдарда адамгершілік тұрғыдан кемшіл түсіп жатқан адамның қолына түскен бейкүнә жастардың көбінің басынрда болған жайыт. Бірақ соның бірін суреткер юмормен, әзілмен береді. Балалардың ой тынымдығы итазалық біргіп сол қыспақтан жол табу біріне-бірі арқа сүйеу, тағы басқа писихологиялық факторларды сол балалардың диалогы арқылы көркемдікпен көре білген. Сол қиындықтың өзінде жастық шаққа тән сұлулық бар. Ауыл адамгершіліктің, ізгіліктің мектебі, ұлттық халықтың характерін ашуда тұрақты тіркестердің ролі ерекше. Сондай кейіпкердің табиғатын ашуда қолданылған тұрақты тіркестерге тоқталып өтейік. Кейіпкердің аты Ыбырай (Қосымша айтсақ - шалым) : «Бір күні біздің ауылда да той болды. Жаман тымағын жалпайта киіп, бүкір торысымен жалын келіп қалыпты. Төбем көкке тигендей болды.

Өй, жүгірмек амансың ба? - деп сақалы шаушаң-шаушаң етіп, кішкентай сырырайған көзі жасаурап келе жатыр. Менің бұл шалым дегенім керемет қызық адам ғой. Өзінің шын аты Ыбырай. Әкемнің бірге туған ағасы. Біздің тұқымда баяғыда ыбырай деген біреу болған екен. Сол үйдегі шешеміз қаншайым атамның аты кетеді деп, күйеуін шалым, шалым деп жүріп Шалым атандырып жіберіпті. Енді айналдырған жиырмашақты үй шоңмұрыннан үлкен-кішісі бар үнемі Шалым деп сөйлейді. Маған үйірсектей беретіні де содан. Оның үстіне қазақ туысы дегенге қандай. Жетім қалған соң, Рақыштың артында қалған түіні соның қалған көзі деп үстіме түседі де отырады» [3, 18б] . Дархан қазақ қариясының көңіліп ұлттан қанған туысқа деген танымын суреткер осылай береді. Шалың содан соң қош айтысып кеткенше өзінің этнографиялық бейнесінен айнымайды. Суреткер оның барлық табиғи болмысын сол шалдың өз әңгімесі арқылы-ақ ашып береді. Біз сол монологта кездесетін тұрақты тіркестерді ғана теріп алайық: «Күйіп тұр», «»жетімсіреп қалды», «шарғақ құлағымды жастыққа тигізбей», «жатырың кепкір», «өлмегенге өлі балық», «аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып», «сүйекке таңба болды», «қара тасқа көрінсін», «арқа тұтар», «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас», «дүниенің құны». Суреткер ауыл адамының психологиясын терең танып, осы тіркестер арқылы характерін ашады. Біз суреткердің көркемдік метакатегориясының бір ғана бейнелік құралы тұрақты тіркесті қолдану арқылы қандай шеберлікке жеткенін байқаймыз. Бірақ бұл суреткер қолданған мың сан, көркемдік бейнелік құралдардың бірі ғана екенін ескерткіміз келеді. Біздің көтеріп отырған мәселе табиғатта айқын қуатты шығарманы болшақта көркемдік метакатегориясының контексінде тұтас қарастыру болып табылады. Ал табиғатының барлық сұлулығымен қазақ әдебиетіне келуіне Қалиқан Ысқақов аз еңбек сіңірген жоқ. Жазушының осы хикаятындағы кейіпкерлердің танымы мен бейнесін өзіндік қолтаңбасымен беріп отыр, байқап отырғанымыздай кейіпкерлердің жаны таза, моральдық байлығы мол, гуманистік образдар болып табылады. Шығарма поэтикасын құрайтын пейзаж кез-келген көркем шығарманың көркі десе болғандай, адам мен табиғат қандай тығыз байланыста өмір сүрсе, адамзаттың көңіл-күйі де сол табиғат құбылысымен бірге өріліп, көркемдік жүйенің біртұтас, ажырамас бөлігі болатыны белгілі. Көркемдік деталь тұрмыстық, заттық, этнографиялық, портреттік, пейзаждық деталь арқылы кейіпкердің рухани әлеміне тереңдей үңіліп, адам психологиясын ашады. Шығарманы өнер ретінде танытып, биікке көтеретін басты өлшемдердің бәрі - жазушының сөз қолдану шеберлігі. Шығарма Алтайдың қоңыр күзін суреттеумен басталады:

«Қоңыр күз болатын: ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң, Алтай өңірінің ең бір жүтең жағы көңілсіз жағы соқыр туман оның биік сілемдерін шым-жылас қылып жұтып қойыпты. Енді бөктерлеп келіп, қанат жайып, күркейлеп алған. Тау да бірте-бірте аласарып, адырлы жота қыратқа айналып, шөгіп бара жатқан сияқты. Әр жерде селдіреген ойдым-ойдым шоқ ағаштар болмаса етекте бұрынғыдай ну орман да жоқ. Үркіп барып, сонау жоғарыдағы алқым-алқымдарға тығылып қалыпты» [3, 6 б] . Жазушының осы хикаяты неше буын ұрпақ оқып, одан өздерін көреді. Хикаяттың алғаш жарық көргені жайында жазушы Сайын Мұратбеков былай дейді.

«Бұл повесті жұршылық өте жақсы қарсы алады» [4] .

Абайды, немесе Гетенің поэзиядағы табиғат бейнесін суреттеген көркемдік қуатын еске түсіреді. Батиғаттың сұлулықтың бейнелеу өнеріндегідей дәл айқын суреттеп, бедерлеп суреттеген. Бұндай табиғат суреттерін салу Қалиқан Ысқақовтың даралы стиліне тән ерекшелік. Табиғат суреттерін бейнелегенде де халықтың танымына да астастыра береді. Жазушы стилінде оның даралық болмысы айқын көрініс тапқан. Суреткердің өз стилін табу жөнінде ғалым А. Гузев:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасында көкпен таласқан Алтайдың сырға бергісіз адам жандүниесімен байланысы
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Қыры қалың қаламгер Жауыров Теңдік Жауырұлы
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Ақынның шығармашылық өмірбаяны
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Күрделі сөздер классификациясы
Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz