“Жеті жарғы” – дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


1. “ЖЕТІ ЖАРҒЫ” . ДӘСТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЕСКЕРТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1 “Жеті жарғы” атауының мәні мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2. Жеті жарғының бастаулары және негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7


2. ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... 11

2.1. Жеті жарғының нұсқалары және оларды талдау ... ... ... ... ... ... .11

2.2. Жер.су, көш.қоныс қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.3. Отбасы және неке қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2.4. Қылмыс қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.5. Ұрлық, тонаушылық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланылыған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
“Жеті жарғы” қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениеттің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып “Жеті жарғының” мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге ұлттық танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат—мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік “Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып “Жеті жарғы” туралы мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. “Жеті жарғының” түп өзегі Евразия көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы” XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде әлсіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпалына тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дәрежеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпенділердің ірі қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауім ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғыны” тек құқықтық мәселелермен ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. “Жеті жарғыға” байланысты әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар “ақтабан шұбырынды” заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас бұзылды.
М.Тевкелев күнделігіндегі Бөгенбай батырдың әңгімесінде: “У них, киргис-кайсаков, прежде были города, а именно: Ташкент, Тюркестан, Сейрам с принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то есть посацкие мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут поздно… ” (37, с62.) - деп суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты.
1. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в ХІІІ-первой половине ХІХ века.-Қарағанды, 1995.
2. Ахметова Н.С. Институт “кун” в обычном праве казахов и его отмена советской властью.-Алматы, 1993.
3. Марғұлан Ә.Х. Қасым ханның қасқа жолы//ҚСЭ.-Алма-Аты, 1975.-Т6.541-542 б.
4. Сағымбеков Р. “Жеті жарғы” хақында Орталық Қазақстан газеті, 28 қазан, 1990.
5. Н.Өсеров Тәуке ханның “Жеті жарғысы” Алматы Жеті жарғы 1995.
6. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. Астана, Фолиант, 2001.
7. Қамбаров Қ. “Қазақтың ескі заңдары” Қазақстан заңдары, 1998,№ 5 стр. 33-40.
8. Қиянатұлы З. Дала халықтарының мемлекеттік заңдық үрдіс жалғастығы: әдеттегі заңнан: “Жеті Жарғыға“ дейін Отан тарихы, 2001, №2
9. Қашықұлы Ш. Сағымбекұлы Р. Қаз дауысты Қазыбек “Жеті жарғыға” қосқаны “Орталық Қазақстан” газ. 24 шілде, 1993.
10. “Мектеп” 2002.
11. Сағымбеков Р. “Жеті жарғы” хақында Орталық Қазақстан газеті, 28 қазан, 1990.
12. Гурлянд Я.И. Степное законодательство с древнейших времен по ХІІ столетие // Известия общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете.-Вып.4-5-Казань, 1904. –Т.ХХ.
13. Дала уәлайатының газеті. Адам, қоғам, табиғат. 1988-1902/ Құраст. Ү.Суханбердина.-Алматы, 1994.
14. Добромыслов А.И. Суд у киргизов Тургайской области в ХҮІІІ-Х и ХІХ веках- Казань, 1904.
15. Зиманов С., Өсеров Н.”Жеті жарғы” жайлы // Проблемы казхаского обычного права.-Алма-Ата, 1989. С.122-141.
16. Зиманов С. Состояние и задачи разработки обычного права казахов// Проблемы казхаского обычного права.-Алма-Ата, 1989.- С. 8-9.
17. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқытық мәдениет (теориялық мәселелері, тарихи тағлымы). –Алматы, 1997.
18. Козлов И.А. Обычное право киргизов// Памятная книжка Западной Сибири.-омск, 1882.
19. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі.-Орынбор, 1911.
20. Көпейұлы М.Ж. Қолжазбалар жинағы (жарияланбаған).
21. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. // Құраст. З.Ж. Кенжалиев, С.О. Дәулетова, Ш.А. Андабеков, М.К. Әділбаев, Е.Л.Тогжанов.-Алматы, 1996.
22. Қазқстан республикасы мемлекет және құқы тарихынан хрестоматия//Құраст. Н.О.Дулатбеков.-Қарағанды, 1994.
23. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі. (Дуани луғат-ат түрік) 3 томдық шығармалар жинағы/Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Қ.Егеубай. алматы, 1998-т.3.
24. Марғұлан Ә.Х. Қасым ханның қасқа жолы//ҚСЭ.-Алма-Аты, 1975.-Т6.541-542 б.
25. Мелекет және құқық тарихынан хрестоматия. (2- кітап)// Құраст. Н.Дулатбеков, Ж.Артықбаев, З.Тайшыбаев. –Алматы , 1998.
26. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. Жеті жаргы – Астана, 2000.
27. Тынышпаев М. История казахского народа. Алма-Ата, 1995.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жеті жарғы қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі

ЖОСПАРЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. “Жеті жарғы” – дәстүрлі мемлекет және құқық
ескерткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

1.1 “Жеті жарғы” атауының мәні мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2. Жеті жарғының бастаулары және негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2. Жеті жарғының құрылымы және жүйесі ... ... ... ... 11

2.1. Жеті жарғының нұсқалары және оларды талдау ... ... ... ... ... ... .11

2.2. Жер-су, көш-қоныс қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.3. Отбасы және неке қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2.4. Қылмыс қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.5. Ұрлық, тонаушылық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланылыған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

КІРІСПЕ

“Жеті жарғы” қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық
мәдениеттің алтын қорынан сақталған қымбат қазына. Бұл ұлы құжатқа
байланысты ауызша және жазба деректерді қарастырып отырып “Жеті жарғының”
мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының
жинағы немесе мемлекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге ұлттық
танымның айшықты айнасы, халық рухының қамқоры, ұлттық мүдденің жаршысы
екенін аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де,
мақсат—мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік
“Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының жадына берік
жазылуына негізгі себепкер.
Біз қолда бар деректерді қарастыра отырып “Жеті жарғы” туралы
мәліметтер негізінен ауызша түрде, қазақтың шежіресі, аңыз-хикаялары, өлең-
жырлары арқылы сақталған деп есептейміз. “Жеті жарғының” түп өзегі Евразия
көшпелілерінің бірнеше мың жылдар бұрын қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарына
негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы” XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ
ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік ахуалға ыңғайланған әдет-ғұрып
ережелерінің жаңа редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде
күшейіп, бірде әлсіреп замана әсеріне, әсіресе сыртқы ортаның ықпалына
тікелей ыңғайланып отыратын құбылыс. Саяси билік белгілі дәрежеде не
сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпенділердің ірі
қозғалыстарының кезінде күшейіп, ал қауім ішінде бейбітшілік тенденциялары
нығайғанда әлсіреп отырады.
Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғыны” тек құқықтық мәселелермен
ғана байланыстырады. Бұл таңдау белгілі дәрежеде тарихи институттарға
ретроспекциялық тұрғыдан қараудың тікелей жемісі. “Жеті жарғыға” байланысты
әдет-ғұрып ережелері жинақталып хатқа түсе бастаған уақытта қазақ мемлекет
дәстүрлері аса құлдырап, оның реттегіш механизмдері, заңдары қолданыстан
шыға бастаған еді. Қазақ мемлекетінің негізгі ұйытқысы, құрылымдық
жүйесінің негізі болып табылатын туысқандық қарым-қатынастар “ақтабан
шұбырынды” заманында үлкен соққы алып, қалыпты жүйесін бұзып алды. Бұл
дағдарыс әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей әсер етіп
қоғамдағы төре мен қараша, төре мен төлеңгіт, отырықшы мен көшпелі
элементтер, субэтникалық топтар мен сословиелер арасындағы қалыпты қатынас
бұзылды.
М.Тевкелев күнделігіндегі Бөгенбай батырдың әңгімесінде: “У них,
киргис-кайсаков, прежде были города, а именно: Ташкент, Тюркестан, Сейрам с
принадлежащими ко оным городками и деревнями, и оными владели киргис-
кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то есть посацкие
мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому
с 15 лет. А ныне оными никто не владеет и дань не забирает, живут поздно...
” (37, с62.) - деп суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты.
XVІІІ ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дәстүрлердің
қайта күшеюі басталды. Оның барысын біз қазақтардың Жоңғария жеріндегі
белсенді саясатынан, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып өнеркәсіп пен сауданы
қолға алуынан, Сыр бойына әсерін азайту үшін Қоқан хандығын ығыстыру
саясатынан т.б. салмақты істерден көріп қаламыз. Қазақ халқының мемлекеттік
мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан
Ресей, бір жағынан Қытай шеңгелі қазақ мемлекетінің күшейіп, іргелі ел
болуына тосқауыл қойды. Көшпелілер билігінің Евразиядағы үстемдігі осымен
біржолата тиылды да, Европа нақты жеңді.
Абылай хан қанша күш салғанымен елді өз бетімен басқарып кетуге,
қазақтың басын түгел қосып алуға дәрмені жетпеді. Оның ең басты себебі
Ресейдің қазақтың Кіші жүзіне енуі, Әбілқайырдың алауыздық туғызған
саясаты, Ресейдің Есілді өрлеп Көкшеге жақындап қалуы. Жалпы қазақ қанша
жанкешті болғанымен Евразиядағы түбегейлі өзгеріске түскен геополитикалық
жағдай өзгерте алмайтын еді. Қазақ мемлекетінің дағдарысымен бірге ірі-ірі
мемлекеттік иституттар, әдет-ғұрыптар, қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық
түсініктер жүдеушілігі басталды. Осылайша “Жеті жарғы” заңдарынан
мемлекетке қатысты ережелердің көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе
қауымға тікелей қатысты ережелер көбірек сақталды. “Жеті жарғы” өзі қалыпты
ережелер жинағы және ереже туғызушы тетік есебінде өмірден XVІІІ ғасырдың
басында-ақ озған еді. XVІІІ ғасырдың ортасындағы жағдайда “Жеті жарғыны”
мемлекет мүддесін ойластыратын Жоғарғы кеңес есебінде жаңғырту мүмкіндігі
аяқталды.
Қолда бар тарихи-этнографиялық мәліметтер “Жеті жарғы” қызметіне және
қазақтың ідет-ғұрып заңдарына жан-жақты, терең қарауға мүмкіндік береді.
Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи деректер дәстүрлі зерттеу
тәсілдерімен қатар, тың ғылыми зерттеу әдістері мен аспаптарын
(инструментари) енгізу жемісті болатынына кепілдік береді. Оның біршама
тәжірибесі кәзіргі “Нормативті этнография” аталып жүрген ғылым саласында
қалыптасып қалды (18; 46; 68; 74; 82). Сонымен бірге дәстүрлі құқықтық
көзқарастарды, жүйелерді, құндылықтарды зерттеуге “Құқықтық антропология”
тікелей араласқаны зор пайда береді. Қалай дегенмен де дәстүрлі қоғамды,
оның рухани мұрасын, тек қана саяси-құқықтық мұрасын ғана емес, рухани
қазынасы болып табылатын әдет-ғұрып заңдарын, соған байланысты қалыптасқан
нақыл, ақыл сөздерін, шешендік өнерін, салт-дәстүрін игеруге қазіргі
уақытта гуманитарлық ғылымның басты саласының бірі ретінде этнологияның
араласу мүмкіндігі мол. Классикалық тарих және заң ғылымдары тек сыртқы
(жазба) дерекке негізделсе, этнология ізденіс барысында халықтың (этнос)
ішкі құрылымына, жабық байланыс жүйелеріне, жан сақтау және өмір сүру
заңдылықтарына үңілетін зерттеу әдістеріне сүйенеді. Бұл қоғамдық
ғылымдарды, соның ішінде құқықтану саласын алға алып баратын жол.
Бұл еңбегімізде “Жеті жарғы” тек құқықтық ескерткіш қана емес, сонымен
қатар институт, билік жүргізу тетігі деген пікірді негізге алдық. бұл жерде
екі бағытты да бөле жармай тұтас қарастыру біздің негізгі мақсатымыз болды.
Тақырып аясын кеңейту үшін мүмкіндік келгенше әдет-ғұрып заңдары мен
ережелерін жас оқырмандарға көбірек таныту міндетін алдық. Болашақта жас
заңгарлер бұл жинақты толықтырып, оның құрылымына, жүйелеу ретіне
өзгерістер кіргізетіні даусыз. Мемлекеттігін құрып, заңын түзеп жатқан
тәуелсіз Қазақстан үшін “Жеті жарғы” әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Тек
қазақ қоғамының көп жағдайда синкретті мәдениет өкілі екенін, көп
құбылыстар бір-бірімен астасып жататынын ескерген жөн. Солардың ішінде
“Жеті жарғы” аталып бір-бірімен ажырамастай бірігіп кеткен мемлекет және
құқық құбылыстары жатыр, бұл біле білген адамға бөле жруға болмайтын
қасиетті дүние.

1. “Жеті жарғы” – дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші

1.1 “Жеті жарғы” атауының мәні мен мағынасы

Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте “Жеті жарғы” атауына қатысты әр
түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба
қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл
төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты
жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана
тоқталып кетеміз.
“Жеті жарғы” атауын алғаш рет Әз Тәуке хан тұсындағы қабылданған заң
ережелеріне қатысты қолданған Н.И. Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан
генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы
қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғұрып, заң ережелеріне қатысты
деректерді мол жинайды.
Н. Гродеков пікірінше “Жеті жарғы” Қасым мен Есім хандардың
заманындағы қазақтың ескілікті заңдарының негізінде жасалған: “Хан Тауке
собрал на урочище Культобе (в Сырдарьинской области) семь биев, в числе
которых был знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили старинные
обычаи ханов Касыма и Ишыма (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі
жолы) в новые обычаи, называемые – “жеты жарға” (22, с.24).
Н. Гродеков осы тақырыпқа тағы да айнала берісте соғып “Жеті жарғыны”
түзген билердің “жарғыш” атанғанын да хабарлайды. Бұл біздің пікірімізше
аса мәнді дерек: “При хане Тауке собрались семь биев, “жеті жарғыш” (22,
с.25).
“Жеті жарғыш” , “жарғыш” атауына қатысты әр түрлі пікір-деректердің
ішінде Н.И. Гродеков мәліметтері қисындылығымен де, толық қандылығымен де
бірінші орында тұрса керек.
Екінші бір көңіл аударатын мәлімет А. Леонтьевтің “Обычное право
киргиз” (1890) еңбегінде кездеседі: “Правда, ханом Тауки (Тявки) учреждено
было, по народным преданиям, собрание из семи биев, как высшее судилище. Но
оно действовало при этом хане” (53, с.122).
“Жеті жарғы” туралы осы түсінікті кейіннен Л.А. Словохатов толықтырып
“Народный суд обычного права киргиз Малой Орды” еңбегіне еңгізді. Осы
еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, Жеті жарғыға байланысты “уложение”
деген сөз қолданылады: “семь биев... составил уложение, целиком основанное на
древнем народном обычае – адате и тогда получившее название – “Джеты
Джарга” (73, с.41.).
Л.А. Словохатов “жеті” сөзінің тек мемлекеттік кеңестегі билердің
санын ғана білдіріп қоймай, толықтықты, толық кәмелетті, бүтіндікті
білдіретін ұғым есебінде пайдаланылғанын жазады: “Джеты по киргизский
(казахский – Ж.А.) озночает “семь” - число у всех народов Востока,
считавшееся выражением полноты.

1.2. Жеті жарғының бастаулары және негізі.

“Жеті Жарғының” негізі мен қайнар көзі туралы кесіп пікір айту тым
қиын. Дегенмен де “Жеті Жарғының” қайнар көзін ежелгі заманалардан, сол
дәуірлерде өмір сүрген түркі тектес ата-баба дәстүрлерінен іздеуіміз керек.
Қазақ заң нормаларының қайнар көзінің негізгі бастамасын яғни бастау көзін
сол бабалар дәуірінде пайда болып, қолданылған әдеттік праводан іздегенміз
жөн сияқты. Көптеген ғалымдарымыз “Жеті Жарғы” негіздерін Шыңғыс ханның
“Жаса” заңынан іздейді. Енді біреулері “Жеті Жарғыны” “Жаса” заңына үш
қайнаса сорпасы да қосылмайды, саф таза қазақ әдет-ғұрып дейді. Біздің
пікірмізше, “Жеті Жарғының” түп бастауы ежелгі бабаларымыздың, туысқан
түркі халықтарының әдеттік правосының жемісі, кейін әр дәуірдің өз үлесіне
тиген жаңалық, өзгерістерімен, әсіресе “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім
ханның ескі жолы” секілді әдет-ғұрып заңдардың тікелей әсер етуінен
туындаған ірі заң кодексі. “Жеті Жарғының” негізіне біз сондай-ақ әдет-
ғұрыптың бастаулары билер шешімдерін, билер кеңесінің ережелерін, жол-жоба
ретінде қоғам өміріне сіңген нормаларын жатқызамыз.
Қазақтайпаларында ежелден-ақ билер мәжілісі (съезі) болып, бірақ
Тәуке ханға дейін тұрақты орган болып қалыптаспаған еді. Осындай билер
мәжілісінде әдет-ғұрып мәселелерінің өз дәуіріне ылайықты шешімін табуға
тиісті күрделілерін шешіп отырған. Мұндай шешімдерде “Жеті Жарғының”
негізі, қайнар көзі бола алады.
Бізге келіп жеткен деректер бойынша, Урус хан, Хақ-Назар, Қасым хан,
Есім хан тұсында әдет-ғұрыпқа ірі өзгерістер енгізілген. Алайда, бұл
өзгерістер бізге тұтас күйінде келіп жетпеген.
Қасым хан 1445 жылдар шамасында туып, 1518 жыл шамасында өлген.
Кейбір деректер бойынша, 1523 жылы 70 жас шамасында қайтыс болған. 1511
жылдан бастап Қасым қазақ жерінде хан болған. Оның хандық территориясы
батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауынан басталып, оңтүстік-батысты
Түркістан қалаларына дейін жетіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың солтүстік
бөлегіндегі таулар мен алқаптарды қамтыды. Солтүстік-шығыста Ұлытау
қыраттары мен Балхаш көліне тірелді, ал солтүстік-бастыста Жайық өзені
алабына дейін созылып жатты.
“Қасым ханның қасқа жолы” атанған, әрі ел басқару ісінде қолданылған
әдет-ғұрып заңдарының негізі ежелгі әдет-ғұрып заң сүйенген. Жошы ханның
екінші баласының тұқымы Урус хан өзінен жоғары бесінші ата жердегі бабасы –
Жошы ханның тәртіп-заңдарындағы кейінге қалдырып кеткен “әдет-ғұрып” жол-
жораларына, дәуіріне сай кейбір өзгерістер енгізгені әдебиеттен мәлім.
Белгілі ірі ғалым Ә.Х. Марғұлан “Қасым ханның қасқа жолы” заңдарын
былайша түсіндіреді: “Қасым ханның қасқа жолының” негізі Орта ғасырларда
Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған “Ярғу” заңынан алынған, қазақша “жарғы”
– хақиқат деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір
жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді
халық бұқарасы ардақтап “Қара қылды қақ жарған” деп мадақтаған. Өзінің
мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскері-демократия
арнасына барып тіреледі. XV ғасырдың сонында, XVІ ғасырдың басында Бұхардың
ишан-қазылары кесіп жұріп қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, “ежелгі Жарғы
заңын қалдырыңдар, ол көкке табынатын дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат
қағидасына ауысыңдар, ант бергенде “көк соқсын” деп айтпаңдар, құран соқсын
деп, құранды бастарыңа көтеріңдер” деп үгіттейді. Бірақ, халық бұқарасы
оған селсоқ қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймайды. Уақыттың
көбін мал бағумен өткізген халық бұқарасына шариғаттың қағидалары өте қиын
болып көрінген.
Бұл тарихи оқиғаларды жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайының
шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының көптен бергі ойына
қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғатты бүтіндей қалдырып, халықтың
тілегіне жақын әрі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі “Жарғы” заңын
жаңадан күшейтеді. Халықтың қалың бұқарасы Қасымның шариғатты алмай,
ежелден қалыптасқан билер заңы – “Жарғыны” жаңадан көтергенін қатты ұнатып,
оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті,1 – дейді.
Әрине “Жарғы” деп Ә.Х. Марғұлан айтқан терминге қосылу қиын. “Жарғы”
сөзіне кезінде мерзімді баспасөзде біз этимологиялық түсінік берген
болатынбыз.2 Шариғат заңдарының әсері тимеді деген пікірде зерттеуді керек
етеді. Оның әсері болған, бірақ та ежелгі әдет-ғұрып ақиқат жобалары мұлдем
басым екендігі ақиқат.
“Есім ханның ескі жолы” деп аталған заң жобаларын Қасым ханмен
туысқан Жәдік ханның немересі, Шығай ханның баласы Есім хан заманында
қабылдаған. Жошы хан әулетінде 40 жылдан астам хандық тақта отырып, өмір
сүрген қазақтың хан – тек Есім хан болған деседі. Бұл факті әлі де болса
анықтай түсуді керек етеді. ҚСЭ-де Есім (1598-1645) 47 жыл хандық құрды
десе, Қазақ ССР тарихында (1598-1628) 30 жыл хандық құрған деп көрсетілген.
Есім хан өзінің 40 жылдан артық хандық етіп тұрған кезінде, өзінен
бұрын өткен шөбере жердегі атасы Қасым ханның қалдырған “әдет-ғұрып, салт-
сана” заңдарына сүйеніп, көптеген “жол-жоба, кәде-қаумет” заңдарын
шығарған. Есімнен кейінгі қазақты билеген хандардың кезінде қолданғаны
“Есімнен қалған ескі жол-жоба” болғандықтан, кейінгілер “Есім ханның ескі
жолы” атандырыпты.1
Есім хан өз хандығының шығыс және солтүстік-шығыс шептерінде ойрат
феодалдары агрессиясына қарсы тойтарыс беру үшін көбіне жорықтарда жүрді.2
Сол себепті де Есім хан “Қасым хан қалдырған қасқа жолына” көп өзгерістер
енгізбесе керек. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына
100 жылқы, алты жақсы (6 түйе) кесім көрсеткен. Ол барлық еркектер үшін бай-
кедей демей, жас-кәрі демей, сұлтан демей, бірдей болған. Одан басқа өнер
құны, сүйек құны, ар құны деген үстеме құн белгілеген. Әйел құны алынатын
қалың малы шамасында төленген.
Сол секілді қазақ әдет-ғұрпының негізгі маңызды ескерткіші – “Жеті
Жарғының” қайнар көзіне “бидің билігі” яғни олардың шешкен билік шешімдері
де жатады. Қоғамдағы түрлі дау-жанжалдарды әрбір рудың өз ішінен бастап,
жоғарыға дейін билер шешіп отырған. Олардың әртүрлі даулары, шешкен
шешімдері халық жадында сақталып, бізге жетіп отыр. Сол шешімдердің ең
жақсыларын атақты билер шығарып, олардың аттары бізге мәлім. Олар: ұлы
жүзден – Төле би, Орта жүзден - Қазыбек би, Кіші жүзден - Әйтеке
(Қаражігіт), қырғыздан - Қоқым би, Қара Шырын би, қарақалпақтан – Сасық би,
Тобықты руынан - Әнет би, Жағалбайлы – Шеген би, сол секілді Шақшақ ұлы
Жәнібек, Есет т.б.
Осы билердің ішінде көп әңгіме болары – Төле, Қазыбек және Әйтеке.
Өйткені, бұл үшеуі де Тәуке ханның “Жеті Жарғысын” түзуге басты қатысқан.
Төленің туған, өлген жылдары жөнінде жазба деректер жоқ. Төле бидің
Әлібек, Ұлы жүз - Үйсіннен. Сол себепті де дәстүр бойынша (көшпелі елдерде
– ру атымен, отырықшы елдерде –туған қаласымен бірге атау) “Үйсін Төле би”
аталынған. Төле бидің ұрпақтарының айтуынша, Төле 93 жасында қайтыс
болған.1
Төле Әнет бабадан бата алған деген аңыз бар. Ал, Әнет баба туралы
шежіреде мынадай дерек сақталған: “Тобықтыны Ордың қара ағашынан (Орынбор
облысы) осы жерге бастап келген Мамай батыр еді. Жоғарғы Кішіктің
бәйбішесінен екі бала – Санмұрын, Бәйімбет, тоқалынан екі бала: Әнет,
Әйтек. “Әнет баба” атанып “Жеті Жарғыны” түзуге қатысқан билердің бірі
болған және “Ақтабан – шұбырындыда” Сырдан ауғанда 97 жасында жүре алмай
қалған осы “Әнет баба” еді.2
Төле би 1660 жылы туып, 1750 жылдары шамасында қайтыс болған дейді
зерттеуші Б.Адамбаев.
Қазыбек Келдібек ұлы – руы Қаракесек, Арғын тайпасынан. Ол 1667 жылы
туып, 1764 жылы ұзақ жасап, 97 жасында қайтыс болған.3 Ал, Қазақ ССР Ғылым
академиясының сирек қолжазба фондында сақтаулы қолжазбада “Қаз дауысты
Қазыбек өлгенде қызы Маңқаның жоқтағаны” деген жоқтауда Қазыбек 1661 жылы
туып, 1758 жылы 97 жасында өлген деген белгі бар.4 Ералы Саққұлақ ұлы
жазбасында Қазыбек 1673 ж. туып, 1770 жылы өлген,5 – дейді. Біздіңше, қызы
Маңқаның жоқтаған жоқтаудағы белгі дұрысырақ.
Алшын Әйтеке туралы, оның билік шешімдері жайлы әңгімелер
сақталғанымен, оның туған, өлген жылдары дәл белгілі емес. Көптің
зерттеуінше Әйтеке би жас жағынан Төледенде, Қазыбектенде ұлкен болған.
Міне осы билер көптеген басқа билер арасынан суырылып алға шыққан.
Кейін келе-келе (өз дәуірлендеақ) басқа билер “Төле былай шешіпті”
дегендей, өздері осындай атақты билердің шешкен үлгі-өнегесімен дауларды
шешіп отырған хақ. Осындай билік шешімдер “Жеті Жарғының” таптырмас қайнар
көзі болады.
Тәуке хан жоғарыда айтылған қазақ ата, заң нормаларының қайнар
көздеріне көз жұмып қарады деген ой тумас керек. Қайта сол қайнар көздерге
сүйене отырып “Жеті Жарғыны” түзді. Тек Тәуке өз дәуіріне қайшы, қоғамның
ыдырауын тездететін, әлсірететін жақтарына ғана реформа жасады, хан
өкіметін, билер үстемдігін күшейтетін, рулардың ара-қатынасын біріктіретін
шараларды енгізді. Біз бұл мақалада тек осыларды әңгіме етіп, “Жеті
Жарғының” қайнар көзі өте тереңде жатқанын ескертіп өтуді ғана мақсат
еттік.
Ислам дінінің, шариғат нормаларының да “Жеті Жарғыға” азда болса
ықпалы болған. Көшпелі қазақ елінде исламның терең тамыр жібермегені, оның
нормаларының сирек тарағаны әдебиетте айтылып жүр. Бұл шындық.
Ислам діні енгенге дейінгі Қазақстанның қазіргі териториясында тұрушы
әртүрлі тайпалар көбінесе тас мүсіндерге, табиғат құбылыстарына сыйынып,
аспанды көк тәңірі деп табынып, қажет болса күнді, отты құдай тұтты. Ата-
баба аруағына сыйынып әрі өлген адамға істелінетін жол-жоралғы, әдет-
ғұрыптары болды. Неке және семьядағы салтында қалыптасқан кәде-қаумет, жол-
жоралары қолданылады. Ежелгі мәжәусилік шаманизм нанымдары мен соған
сүйенген әдет-ғұрыптар ұзақ мезгіл өзінің күшін жоймай, осы күнге дейін
(мысалы, келін түскенде отқа май құю, жұлдыз ақса, жұлдызым жоғары деп
айту, “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп көкке, айға жалбарыну,
наурыз мерекесі т.б.) сақталып отыр. Міне, сол дәуірлерде қалыптасқан түркі
халықтарының яғни біздің ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпы “Жеті Жарғының”
негізгі бір қайнар көзі болып табылады.
“Жеті Жарғы” мазмұны жағынан үш құрамнан тұрған деуге болады.
Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып правосы – “Қасым ханның қасқа
жолына” негізделген; екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде
“еңсегей бойлы Есім ханның ескі жолы” деп аталатын нормаларын қамтыған;
үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сәйкестендіріп әдет-ғұрып
нормаларына өзгерістер және кейбір жаңалықтар енгізілген.

2. Жеті жарғының құрылымы және жүйесі

2.1. Жеті жарғының нұсқалары және оларды талдау

"Жеті жарғының" негізгі мазмұны хандық билікті қорғауға, соған
экономикалық, саяси үстемдік әперуге арналған. Сондай-ақ күрделі де даулы
мәселелерді шешу жолдары нақты көрсетілген. Біз Абай Құнанбаевтың: "Бұл
билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді.
Бұған бұрынғы "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолы", әз
Тәукенің "Жеті жарғысын" білмек керек" деуді Ресей патшалығының қазақ
жұртына таңған жолы дұрыс еместігін, билерді еш уақытта сайлап қоюға
болмайтындығын көрсетеді. Әрі ол кезде де "Жеті жарғымен" зиялылардың жақсы
таныс екендігін білдіреді.
"Жеті жарғы" заңдары А.И. Левшиннің, Д. Андренің, А. Аитовтың, Л.Ф.
Баллюзектің, И.А. Козловтың, Г. Шангиттің, Я.И. Гурляндтың, Я.
Гавердовскийдің, Д.Я. Самоквасовтың Л.А. Словохотовтың, Н.И. Гродековтың
еңбектеріне ірілі-уақты түрде болса да берілген. Дегенмен, олардың қамти
алмаған мәселелері де болуы ғажап емес. Осы оймен біз халық арасында
ауыздан-ауызға көшіп, кешеден бүгінге келіп жеткен деректерді де зор мән
бере отырып жинауға тырыстық. Соның бір нұстқасын талдап көрейік:
Бұл нұсқаның негізгі сақтаушылары – Шантайұлы Молдыйман, атақты
шежіреші, ақын, шешен, 1846 жылы туып, 1927 жылы дүниеден өткен;
Көлдейбекұлы Ерімбет, ақын, шежіреші, 1844 жылы туып, 1916 жылы өлген және
Орманұлы Тоқтаболат, 1865 жылы туып, 1931 жылы дүниеден өткен. Осылардың
деректерін жинап, бізге жеткізген қызылордалық шежіреші Әлқуат Қайнарбайұлы
еді.
Осы нұсқа дерегі бойынша: Жәңгір ханның ұлы Тәуке "Қасым ханның қасқа
жолын", "Есім ханның ескі жолын" өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің
жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер "Тәуке ханның
Жеті жарғысы" ("Жеті жарлығы") аталып кеткен делінеді.
Бірінші жарлығы: "Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан
өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн
төленсін".
А.И. Левшин: "Кімде-кім сұлтан не қожаны өлтірсе, өлген жақтың
туысқандарына айыпты жағы жеті адамның құнын төлеуі тиіс" десе, Д.Я.
Самоквасов та: "Егер кімде-кім қожаны өлтірсе, онда өлген жақтың
туысқандарына жеті қарапайым жай адамға тиісті құнын төлеуі қажет,
төлемеген жағдайда қылмыскердің өзін қоса жақын туыстарынан жеті адамды
асып өлтіру керек" дейді. Ал П.В. Маковецкий: "Сұлтан үшін жеті қарапайым
құн" деп көрсетеді. Құнды құныкердің өзі ғана емес, бүкіл руы болып
төлеген.
Сөйтіп, Тәуке ханның "бірінші жарлағын" бізге келіп жеткен бұл дерек
растап отыр. Қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса
200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны – әлбетте, олар халықтың ханы,
сұлтаны, пірі-әзіреті болса ғана – 7000 қой, болмаса 700 түйе, немесе 1400
жылқыға тең. Бұл жөнінде Л. Баллюзектің: "Ханның құны жеті қарапайым адам
құнына тең. Өйткені хан жеті руға не атаға билік етеді" деген дерегінің
жаны бар.
Екінші жарлығы: "Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі
өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектен, пірдің тұқымы деп) екі кісінің
құны төленуі тиіс".
Төрелер мен қожалардың жай қатардағы адамы үшін құн қандай мөлшерде
төленетіні жайлы А.И. Левшин де, К. Шүкірәлиев те, Г. Шангин де, Я.
Гавердовский де, т.б. ашып ештеме де айтпаған. Ал орыс зерттеушілері
материал жинаған кезде ақсүйектер кезде ақсүйектер мен төрелердің қолындағы
тізгін әлсіреген, хандық билік жойылуға айналып, Ресей өз идеологиясын
барынша енгізуге тырысып жатқан шақ еді. Тек Л. Баллюзек пен А. Рязанов:
"Сұлтан тұқымдарының ері мен әйелдерінің құны жай адамдардан екі есе артық"
дейді.
Үшінші жарлығы: "Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын
босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе "бүтін құн", үйдің жапсарына
байланған ат теуіп өлтірсе "жарты құн", ал үйдің артына байлаған ат теуіп
өлтірсе тек "ат-тон" айып тартады".
Л. Баллюзек те дәл осы пікірді қуаттап, "тек үйдің артына байланған
ат теуіп өлтірсе, ешқандай айып төлемейді, өйткені өлген адам үйден шығып,
үйді айналғанша атты байқап, онан сақтануға мұршасы келеді" дейді.
Қазақ қоғамында ат мініс көлігі болғандықтан, біреуді ат теуіп өлтіру
(біздің замандағы мініс көлігі – машина секілді) жиі ұшырасқандықтан Тәуке
хан бұл жарлығын қабылдауы әбден мүмкін. Қазақ мінген атын белдеуге
байлайды.
Төртінші жарлығы: "Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы қол
жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз
болады".
А.И. Левшин де осы нұсқадағы пікірді қуаттап, "ата-аналарды өз
балаларын өлтіргені үшін жазаланбайды" дейді. Д.Я. Самоквасов пен поручик
А. Аитов та бұл деректі қуаттайды. Ал П.Е. Маковецкий әкесі баласын өлтіре
алуға құқық беретін ертедегі әдет-ғұрып заңы қазіргі кезде мүлдем
жұмсарғанын, әкесі ұлын ұрып жазалауға, үйінен қууға және үш ретке дейін
жалшылыққа беруге құқылы екенін айтады.
Бесінші жарлығы: "Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл
тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс
мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек".
Ал А.И. Левшин: "Ата-анасына тіл тигізіп, ұрса, онда оны қара сиырға
теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдырады әрі үстіндегі
айыпкерді қамшымен ұрады" десе, Д.Я. Самоквасов та осы пікірді қолдайды.
Бұл жерде А.И. Левшин де, Д.Я. Самоквасов та "ата-анасын ұрса" деген сөзді
қосып отыр. Ата-анасына қол жұмсау қазақ қоғамында өте ауыр қылмыс болып
табылады. Сондықтан да біз осы нұсқадағы дұрыс деп санаймыз. Отбасына
қатысты осы заңдарды неге қайта күшіне енгізбейміз? Ауыл болып, ел болып
бұл тәртіпті мығым ұстансаң несі айып? Халықтың бәрі мұндай тәртіпті қолдар
еді.
Алтыншы жарлығы: "Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы
жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып,
оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін".
А.И. Левшин: "Егер біреудің әйелін, әйелдің келісімінсіз зорлап
әкетсе, әкетуші өлім жазасына кесіледі немесе құн төлейді. Егер әйел
келіскен болса, онда, әрине, қалың мал төлеп, оның үстіне қалыңсыз бір қыз
береді" дейді.
Қазақ әдет-ғұрып заңы бойынша "ақ баталы жесір" және "ақ некелі
жесір" деп бөлінеді. Тәуке ханның алтыншы жарлығы "ақ баталы жесір" жайлы
болса, ал А.И. Левшин "ақ некелі жесір" жайлы айтып отыр. Болса да "ақ
некелі жесірдің" айыбы "ақ баталы жесірдің" айыбынан әлдеқайда ауыр.
Өйткені айыпкер біреудің отбасына қол сұғып, бүкіл рудың намысына тиіп
отыр.
Жетінші жарлыгы: "Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа –
атан, тайға – ат, қойға – тана төленеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді.
Ұрлығы анықталғанда ұры үш тоғыз (27) айып төлеуі тиіс екенін А.И.
Левшин жазады. Бірақ ол ұрыны өлім жазасына дейін кесетітін ескертеді.
Басқа зерттеушілер де осындай деректер қалдырған. Біз қазақ қоғамы ұрлыққа,
оны істеушілерге қатаң қарағанын жақсы білеміз. Ұрыны ұрлық үстінде
өлтірсе, құн төлемеген. Ұрының атын алу, ұрып-соғу жәйттері сұраусыз
болған. Қалай десек те, қазақ қоғамында ол заманда үй мүлкін ұрлау мүлдем
кездеспеген. Ал мал ұрлау сирек те болсын кездесіп отырғаны хақ. Мал-мүлік
дауын арнайы сөз ететіндіктен арада егжей-тегжей әңгіме етпедік.
"Жеті жарғы" жайлы "Ана тілі", "Халық кеңесі", "Қазақ әдебиеті", т.б.
мерзімді баспасөздерде ауық-ауық сөз етіліп, игі жұмыстар жүргізілуде. Ата-
бабаларымыздың қағида-ережелерін жинауда, оқушыларға таныстыруда мерзімді
баспасөздің атқарар қызметі орасан зор. Жарияланған барлық деректер Тәуке
хан жеті мәселе жайлы жарлық шығарғанын растайды.
Сонымен қатар бұл заңның мынандай төмендегідей нұсқасы да бар:
- Қанға мал алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын
төлеу. (Ер адамның құны- мың қой, әйелге- бес жүз қой деген шартты
келісім) белгіленген.
- Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі. Жазаны
ердің құнын төлеу арқылы ғана жеңілдетуге болады.
- Денеңе зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді. (Мәселен бас
бармақтың құны – жүз қой, шынашақ - жиырма қой екен).
- Төре мен қарашаның құнының айырмашылығы жеті есе белгіленген.
- Егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі. Ал ағайындары
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады. Мұндай қылмысты екі
қабат әйел жасаса, құн төлеуден азат етіледі.
- Егер ері әйелін өлтірсе, құнын төлеумен ғана ақтала алады.
- Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы
баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.
- Өзін-өзі өлтіргендер мұсылмандар зиратынан бөлек жерге жерленеді.
- Егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса,
бес айлық түсік үшін – бес ат, бес айдан тоғыз айға дейінгі
құрсақтағы балаға - әр айына бір түйеден төлейді. Ал түйесі жоқ
болса, балама есеп мынадай екен – жүз түйе үш жүз атқа, немесе мың
қойға пара-пар өлшеммен төленген.
- Әйелді зорлау – кісіні өлтірумен бірдей қылмыс деп танылған.
(Кәзіргі біздің заңымызға үйлеседі). Мұнадай қылмыс үшін әйелдің
еріне, немесе қыздың ата-анасы құн төленуге тиіс. Егер зорлаған
жігіт сол абыройсыз болған қызға қалың мал төлеп, әйелдікке алса,
жазадан босатылады.
- Егер әйелін ері зінәқорлық жасап (“шөп салған”) кезінде үстінен
түссе, өлтіруге қақылы. Ол үшін қылмысты дәл осы сәтте елге жария
етуге тиісті. Әйелдің ерінің көзіне “шөп салудан” аулақ екенін
дәлелдеп, төрт ер адам араға түссе дәлелдей алса, әйел күнәсіз деп
табылады, жазадан босатылады.
- Біреудің некелі әйелін ерінің келісімінсіз басынып алып қашқан
адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді. Егер әйелдің
келісімімен алып қашса, бұрынғы күйеуіне қалың төлейді, оған қоса
қалыңсыз қыз береді.
- Әйелді орынсыз, кінәсіз ренжиткен, көңліне дақ салған адам сол
әйелден кешірім сұрауға тиіс. Егер осылай етпесе арсыздығы мен
әпербақандығы, ноқайлығы үшін айып төлейді.
- Қан араластыруға жеті атаға дейін тиым салынады. Немесе жеті атаға
жеткенше қыз алып, қыз беруге жол жоқ. Егер бұл шартты бұзса, өлім
жазасына кесіледі, немесе ағайындарының белгілеген аур жазасын
тартады. Демек, жеті атаға дейін барлық ұрпақ туыс деп саналады.
- Құдайға тіл тигізген кісі жеті адам куәлік берсе, таспен атып
өлтіріледі.
- Кәпір атағын алған адам мал-мүлкінен де айрылады.
- Құл-құнсіз. Ол қожайынының еркінде. Әйтсе де қазақ халқы өз
тарихында құлдары малшы-жалшы есебінде пайдаланып, кейін еншісін
беріп, кірме ағайынға айналдырған.
- Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым киіз балап, қаа малға
теріс қаратып мінізген, өзін қамшымен сабап жүріп, ауыл-елді
аралатқан және масқарасын шығарған. Ал қыз баланың қол-аяғын
байлап, жазалауды анасының билігіне берген.
- Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен малын, немесе дүние-мүлкін егесіне
қайтаруға тиісті.
- Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса кәсіп еткен кісі екі бірдей жазамен
айыпталған.
- Ерінің ұрлығын біле-тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға
тарталмайды. Өйткені үй егесінің үстінен шағым айту әбестік,
көргенсіздік.
- Өсиет ағайындары мен молдалардың қатысуымен айтылады.
- Барымтадан мал төлімен, кейде жетегімен қайтарылуы тиіс.
- Дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі.
- Куәлікке кемінде үш, ал кейде екі адам жүреді.
- Билерге билік жасағаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі.
Егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының, Бидің рұқсаты арқылы
барымталап алуға болады...

2.2. Жер-су, көш-қоныс қатынастары

"Жеті жарғының" ең бір үлкен бөлшегін ел қонысы, жер дауы деп
топшылауға болады. Өйткені қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі негізінен
осыларға байланысты болды. "Жер – ана, мал – бала" деп қазақтар текке
айтпаса керек. Жерсіз еш нәрсенің күні жоқ, қараң. Жер – өмірді жасаушы.
Әсіресе, мал бағып, көшіп-қонған қазақтар үшін ол ерекше қастерлі.
Әрқашан да қазақ қоғамында хандар әрбір рудің көшіп-қонатын қыстауы
мен жайлауын анықтап беріп отырған. Сол заманда жоңғарлықтар қазақтардың
көп жерін басып алуы нәтижесінде қоныстың тарылуы себепті Тәуке хан жер-су,
көш қамын қайтадан реттеп, таңбаларын көрсетіп бергенін деректер
дәлелдейді. Сөз жоқ, күнелтудің негізі көзі ең шұрайлы, шүйгін, оты-суы мол
жерлерді "күштілердің" иелену салдарынан туған дау-жанжалдар елдің
ыдырауына, өзара қырғи-қабақ болуына әкеліп соқты.
"Жеті жарғы" нормаларды осындай дау-дамайларды тежен, рулар
арасындағы тартысты бәсеңдетуге арналған. Қоныс дауы, жер дауының реттелуі
көшпелі рулар үшін ғана емес, отырықшы, жартылай отырықшы қауымдар үшін де
өте қажет болды.
Тәуке хан тұсында қазақ қоғамында отырықшылық нышаны көзге
түсерліктей болғанын айта кеткеніміз абзал. Кейбір тарихи деректерде:
"Тәуке хан тұсында бидай, арпа, тары көп өседі" деп көрсетіледі.
Әсіресе Қарсақты, Сарысу, Арыс өзендері, Балқаш көлі, Сырдария
төңірегінде егін салу кәсіпке айнала бастайды. Сырдың Аралға құяр жеріндегі
қолтықтары – Жамандария, Қуандария және Жаңадария жағаларында да диқаншылық
дами түсті. Жетісу өңірі мен қазіргі Оңтүстік алқаптарда отырықшы, астықты
аудандар мен қолөнер, сауда және мәдениет орталығына айналған қалалар бой
көтерді. Өзен суларын тартатын арықтар қазылып, су шықпайтын жерлерде шығыр
орнатылды. Ал кейбір аймақтарда егін салу мен мал өсіру ісі ұштастырыла
жүргізілді.
Тәуке хан жер-су, жайлау-қыстау, көші-қон төңірегінде болып тұратын
дау-жанжалдардың күрделене түсуін тежеу ниетінде оларды шешетін заң, жол-
жобаларын жасап берді. Жер-су, жайылым, ата-қоныс, мекен-жайға иелік ету
үшін талапкер қойылатын салт-сана заңдарының түрлі шартты сұрақтары мен
қажетті белгілері болуын басты мақсат тұтты. Даулы жер талапкердің
пайдасына шешілуі үшін ол жерде төрелік биді қанағаттандырарлықтай мына
анықтамалар негіздерінің болуы шарт: ата-бабасының салынған қабірі,
қойылған құлпытасы қазылған арық, егілген егеннің аңыз-жаптары, құрылған
шығырдың орны, қазылған құдық, соғылған бөгет, малдың қысқы көңі, қойдың
күзгі түнегі, тұрғызылған қарақшы, тігілген ағаш, егілген бақша, салынған
там, соғылған азбар қора, салынған шеген, қазылған ошақтың орны, т.б..
Осы аталған белгі мұралардың қайсыбірі болса да талапкердің әкесінің
не бабасының, яки туысқан-туғанының біреуінің еңбегімен істелініп, бір
кездерде оның қоныстанып, мекен еткені анықталса, ол жерді даулап, талап
етуші кейінгі иеленушіден сөзсіз қайтарып алған.
Ол жерден соңғы мекендеушінің алып кете алмайтын (ғимарат, қора-жай,
бау-бақша, т.б.) күрделі жайларының құнын бейтарап үш кісінің кесімі
бойынша талапкерге төлеткен. Егерде жерді қайтарып алуға даулаған кезде
және онан кейін салынған жайлар, тігілген ағаштар, егілген бау-бақша, т.б.
болса, онда даулы жердің шатағы шешілмей тұрғанда біле-тұра әдейі
істелінген нәрсе деп тауып, жауапкердің ол еңбегіне еш нәрсе төлемеген.
Бір жерге дауласушылардың екі жағынан да куә-айғақтары тең болса,
істелінген еңбек, салынған белгілер екі жағында да әрі уақыт мерзімі бірдей
екен деп табылса, әрі қайсысының бұрын мекендеп, еңбек еткені анықталмай,
күмәні болса, онда ежелден келе жатқан жол-жора бойынша билік айтушылар
дауласушылар антына салады. Ант алған екінші жағы жерден шығып қалады.
Егерде бірінші талапкер жағы ант беруден бас тартса, онда өзі жерден
айрылады.
Жер мәселесі қазақ қоғамында барлық заманда да ерекше орын алған.
Рулардың өзара шекаралық белгілері болып тау, төбе, өзен, көл, мола, құдық,
шұқыр, тас обалар, жол, т.б. саналған. Әлбетте, Тәуке хан көрсетіп,
белгілеп берген жерлерінде қазақ рулары емін-еркін көшіп-қонды, тиесілі
өріс-қонысын сақтап отырды дей алмаймыз.
Әрбір рудың көшіп-қонуын билер, ру ақсақалдары басқарған. Олар
қоластындағы рудың басқа ру иелігіне өтпей, өз тиесілі жерлерінде көшіп-
қонуын қадағалаған.
Ежелден-ақ қазақтар "құдайдың қара жері", "құдайдың қара суы" деп
суды, жерді ешкім еш уақытта ешкімге шекара жасап бөліп бермегенін бетке
тұтқан. Өйткені көне дәуірлерден бері әрбір ру-тайпалардың өз жайлаулары,
жолдары, құдықтары, қыстаулары болып, заманалар өтуімен әбден қалыптасып
кеткен болатын. Сол жерлерде дұрыс көшіп-қону тәртіптері де бұзылмаған.
Мұнан қазақтарда жерге жеке меншіктілік болмаған, қоғамдық қожалық
есептелінген деген ой тумаса керек. Өйткені жер рулық меншік болып
көрінгенімен, оның төркінінде жекеменшіктілік жатты. Жер өз туыстастарынікі
болып саналғанымен, кімнің малы көп – сол өз руластарының жерін көп
пайдаланған. Бұл ірі байларға өте пайдалы еді. Көшкенде кедей руластары
малын айдасты, басқалардан малын қорғасты, жүнін қырқысып, киіз басысты.
Жер үшін дау-дамай бола қалса, солар оре түрегелді. Негізінде ірі байлар
жердің ең шұрайлысын әрі көбін пайдаланады.

2.3. Отбасы және неке қатынастары.

Қазақтардың ежелгі отбасылық дәстүрлері мен соған қатысты қағида-
ережелері хақында мағлұматтар ауыз әдебиетімізде молынан ұшырасады. Мысалы,
ата-ана құқықтары, қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдандалы болу, қазақ
некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, қыз алып қашу,
ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра, т.б. Бұлар жайлы
заңдардан бір қазақ халқының отбасына ерекше мен бергенін, шаңырақ
шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз. Сол себепті де кеңес
өкіметіне дейін қазақ қоғамында отбасының бұзылуы масқаралық саналып, ел-
жұрт талқысына түскен.
Қазақтар үлкен патриархал отбасының сипаттарын мығым ұстанған.
Өйткені ежелден бері негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-
бабаларымыз бірнеше үйелмен ұрпақтардан құралып, бірге көшіп, бірге
қонбаса, бірігіп еңбек етпесе, табиғат дүлейін былай қойғанда, ішкі
қақтығыстар мен тартыстарда күйзелген болар еді. Қазақтар мұндай бірлікті
"ата баласы" деп атаған. Ата баласының бір жаз жайлауы, күз күздеу, қыс
қыстауы бір жерде болып, бірге тіршілік еткен.
Ата баласын жасы үлкен, ақылы мен пайымы мол, көпті көрген ақсақалы
басқарған. Бір атадан тарап, өз алдына жеке отау құрған ұлдары мен
немерелері барлық істі сол ақсақалмен ақылдасып, оның айтқанын екі
қылмаған. Өз алдына жеке ауыл болып түтін түтеткеніне қарамай, бәрі
жаздыгүні бір жерге (жайлауға) жиналып, қымызды бірге ішетін. Өлі-тірі
мәселелерін жұмыла атқаратын. Бәрі бір атадан өрбігендігін естен шығармай,
бір-біріне жәрдем беріп, көмегін аямайтын. Мұндай ауызбірлігі мықтыларды
басқалар үлгі-өнеге тұтқан.
Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын ардақтаумен бірдей, бәрі
үшін қасиетті саналады. Оған дәстүр бойынша кенже бала ие. Әкесі өліп,
кенже балаға немесе кейінгі ұрпақтарына ауысса да, қара шаңырақты сол
қалпында кие тұтып, оған енші алып кеткен барлық отау, ұзатылған қыздар,
құда-жегжаттар әр түрлі сыйлық, соғым сойғанда сыбаға әкеліп тұру дәстүрі
әлі бар.
Қазақ жеті атаға дейін қыз берісіп, қыз алыспаған. Туыстардың
некелесуіне тыйым салған, мұндай (экзогамиялық) заң әлемдегі халықтар
ішінде тек қазаққа ғана тән екендігін мақтанышпен айтамыз. Өйткені
туысқандықты ұмытпау зиялылықтың, көргенділіктің көрінісі, ауызбірлік
мықтлығының дәлелі ғой. Өзін-өзі сыйлай алмағандар басқаны да сыйлай
алмайды.
Туысқандық қарам-қатынастың мықты болуына бәз біреулер тарапынан
қазіргі кезде басқаша баға беріліп, "рушылдық" деген күйе жағылуда. Бұл
түбірмен теріс пікір. Осындай қиын-қыстау кезеңде ауызбірлік мықты болып,
бір-біріне жәрдем бермесе, онда қазақ халқы тоз-тоз болмайды?! Қайта, әрбір
отбасы, ата баласы, ру, тайпа, одан қала берді қалың қазақ халқының
ауызбірлігі осыдан бастау алса, несі жаман?!
Туыстас екенсің, бір қан мен бір тектен жаралған екенсің, өз
намысыңды жырт, өз ата-баба дәстүр-салтын ұстап, өз ана тіліңде сөйле,
жақыныңды жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін, қиналғанда ақыл қосып
жәрдемдес, мұнан ешкім ұтылмайды, қайта келер ұрпақ алдында жүзіміз жарқын
болады. Әрбір ата баласы осындай ойды бойына сіңіріп өссе, өзін-өзі
таламайды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сомдала түседі. Қазіргі
экономикалық дағдарыста сорлап жатқан кім? Болашақтағы хал-ахуалымыз не
болады? Әрине, сорлап жатқан өз жұртымыз. Басқалардың өз отаны, өз жұрты
бар. Қатты қиналса құшағын ашып жәрдем көрсетеді. Бізге кім көмек бермек?
Бұлар ұлан-асыр жердің де, ондағы есепсіз байлықтардың да қожасы емес пе?
Қазіргі қиындықты пайдаланып шеттен келген жат елдіктермен қоян-қолтық
араласып, өз тегіне ауыз салып, тонап жатқан қандастарымызды көргенде
мүлдем пұшайман боласың. Мұның бәрі сол туыстықтың, биік ата-баба
дәстүрінің, қағида-ережелерінің солғын тартқандығынан деп ұғамыз.
Бұрын туысқандық көмек әр кез табыла кететін. Әсіресе, бір жақсылық
пен бір жамандықта ерекше көзге түседі. Сол секілді қыз беру, қыз ұзату,
келін түсіру, өлім-жітім, енші беру, кездейсоқ апат пен қиыншылықта, т.б.
анық көрінетін. Қазақ арасында "жылу", "асар", "немеуір", "үме",
"жұртшылық" секілді тамаша дәстүрлер бар ғой. Осындай туыстық, құда-
жегжаттық, ауызбірлік, ынтымақтық нәтижесінде ұлан-асыр жерінде қазақ шашау
шығармаған, тату-тәтті тұрмыс құрған. Бірін-бірі жылатпаған. Қазіргі күнде
дәл осындай ынтымақ жетіспей жатыр.
Қазақ халқы ұлына да, қызына да бірдей қарап, олардың арасындағы
туыстық сезімге ерекше көңіл бөлген. Қыздар ұрпағы – жиендер мен нағашылар
қарым-қатынасы тіпті ерекше. Жиен нағашыға батыл келеді, "берсе қолынан,
бермесе жолынан" деген қағидаға сәйкес, өз жолы – "жиендігін" істеуге
ерікті, оған айыпты болмаған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің отарлауы алдындағы Қазақстан
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Қазақ хандығының заңдары
Қазақстан Республикасы Парламентінің жауапкершілігі
Парламенттің құзыреті
Жеті жарғы туралы ақпарат
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар
Қазақ халқының дәстүрлі құқығының тарихы
Пәндер