Ұңғы бұрғылау



КІРІСПЕ 3
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1. Географиялық экономикалық жағдай 5
1.2 Геологиялық геофизикалық зерттеу 6
1.3 Литологиялық стратиграфиялық қима 9
1.4. Тектоника 17
1.5. Мұнайгаздылығы 20
2. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 22
2.1 Ұңғы бұрғылаудың геологиялық жағдайлары 22
2.1.1. Бұрғылау кезінде ұшырайтын шиеленістер 23
2.1.2 Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер 24
2.1.3 Шылам және үлгі тас алу 25
2.2. Жуу сұйығының сипаттамасы 26
2.3.1. Пайдалану тізбегінің беріктігін есептеу 34
2.4. Пайдалану тізбегін цементтеуге есептеу 37
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 42
Ақтөбе геофизикалық экспедициясының тұзасты көтерілімдерінің Темір белдемі мен Остансұқ жоғарғы палеозой ойысының солтүстігінде терригенді карбонаты түзілімдерінің кешендерінің литологиялық тарамдалуы зерттеу мақсатындағы жаңа геологиялық геофизикалық мәліметтерді талдау және жалпылау нәтижесінде Жарық тұзасты құрылымы айқындалды. Бұл құрылым П1,, П2с, П2, және П2Д шағылысу беткейлері бойынша субмеридианалды созылған және Ащысай жарылымына шығыс қанатымен антиклинал түрінде орналасқан. Аталған шағылысу беткейлері төменгі пермьнен, жоғарғы девон жасындағы терригенді түзілімдерімен байланысты. Сонымен қатар ортанғы таскөмір, жоғарғы девонның карбонатты түзілімдерінің көмірсутек жинақталуына қолайлы болып табылатын карбонатты қабатшалары да кездеседі.
Жарық құрылымыңдағы шамалау ұңғыманы бұрғылауға берген Ақтөбе ГФЭ –ның кепілдемесін НТС ПГО “АНГГ” мәжілісінде қарау кезінде мынадай геологиялық факторлар: терригенді карбонатты түзімдерінің кунгурдің галогенді жыныстарымен жабылуы, бұл мұнай мен газды табуға колайлы жағдай жасайды; төменгі пермь, жоғарғы таскөмір терригенді түзілімдерінде мұнай және газ әкелу белгілерінің болуы (П-38 ұңғы Остансұқ): бірінші және екінші карбонатты қалыңдықтағы мұнай мен газ шоғыры бар, ойыстың оңтүстік қиығында орналасқан Әлібекмола кен орнының ашылуы – бұл ауданда іздеу бұрғылауын жүргізу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жобаланған ауданда мұнай және газ кен орындарын ашу мүмкіндігі ауданның сотүстік бағытында көмірсутектер жиылысының таралу ауданнын кеңейтуге сөзсіз мүмкіндік береді.
1 Азнабаев «Условия формирования месторождении нефти и газа Прикаспийской впадины», Алматы 1989.
2 Акенов А.А., Гончаренко Б.Д., Калинко М.К. и др. «Нефтегазоносность подсолевых отложении», Москва «Недра» 1985.
3 Булекбаев З.Е., Самодуров В.И. и др. «Тектоника восточного борта Прикаспийской впадины» труды ВНИГНИ вып. 153, 1978.
4 Гришин Ф.А. «Оценка разведанных запасов нефти и газа», Москва «Недра» 1969.
5 Жолтаев Г. Ж., Булекбаев З. Е. «Тектоника и нефтегазоносность бортовых зон Прикаспийской синеклизы», Алма-Ата «Казахстан» 1975
6 Жолтаев Г. Ж. «Подсчет запасов нефти объемным методом», Методическое руководство Алма-Ата 1984
7 Мухамеджанов М. А., Антипов С. М. «Гидрогеология подсолевых отложении восточной части Прикаспийской впадины» Алма-Ата «Гылым» 1990
8 Сейітов Н., Абдулин А. «Геология терминдерінің сөздігі», Алматы «Казахстан» 1996

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“Мұнай-газ ісі” кафедрасы

Ұңғыманы аяқтау пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тексерген:Байхонов.К.М

Орындаған: гр. НГДБ-04-2

Кенжешов Ж.

Алматы 2007 ж.

КІРІСПЕ 3
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1. Географиялық экономикалық жағдай 5
1.2 Геологиялық геофизикалық зерттеу 6
1.3 Литологиялық стратиграфиялық қима 9
1.4. Тектоника 17
1.5. Мұнайгаздылығы 20
2. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 22
2.1 Ұңғы бұрғылаудың геологиялық жағдайлары 22
2.1.1. Бұрғылау кезінде ұшырайтын шиеленістер 23
2.1.2 Ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер 24
2.1.3 Шылам және үлгі тас алу 25
2.2. Жуу сұйығының сипаттамасы 26
2.3.1. Пайдалану тізбегінің беріктігін есептеу 34
2.4. Пайдалану тізбегін цементтеуге есептеу 37
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 42

КІРІСПЕ

Ақтөбе геофизикалық экспедициясының тұзасты көтерілімдерінің Темір
белдемі мен Остансұқ жоғарғы палеозой ойысының солтүстігінде терригенді
карбонаты түзілімдерінің кешендерінің литологиялық тарамдалуы зерттеу
мақсатындағы жаңа геологиялық геофизикалық мәліметтерді талдау және
жалпылау нәтижесінде Жарық тұзасты құрылымы айқындалды. Бұл құрылым П1,,
П2с, П2, және П2Д шағылысу беткейлері бойынша субмеридианалды созылған және
Ащысай жарылымына шығыс қанатымен антиклинал түрінде орналасқан. Аталған
шағылысу беткейлері төменгі пермьнен, жоғарғы девон жасындағы терригенді
түзілімдерімен байланысты. Сонымен қатар ортанғы таскөмір, жоғарғы девонның
карбонатты түзілімдерінің көмірсутек жинақталуына қолайлы болып табылатын
карбонатты қабатшалары да кездеседі.
Жарық құрылымыңдағы шамалау ұңғыманы бұрғылауға берген Ақтөбе ГФЭ
–ның кепілдемесін НТС ПГО “АНГГ” мәжілісінде қарау кезінде мынадай
геологиялық факторлар: терригенді карбонатты түзімдерінің кунгурдің
галогенді жыныстарымен жабылуы, бұл мұнай мен газды табуға колайлы жағдай
жасайды; төменгі пермь, жоғарғы таскөмір терригенді түзілімдерінде мұнай
және газ әкелу белгілерінің болуы (П-38 ұңғы Остансұқ): бірінші және екінші
карбонатты қалыңдықтағы мұнай мен газ шоғыры бар, ойыстың оңтүстік қиығында
орналасқан Әлібекмола кен орнының ашылуы – бұл ауданда іздеу бұрғылауын
жүргізу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жобаланған ауданда мұнай және газ кен орындарын ашу мүмкіндігі
ауданның сотүстік бағытында көмірсутектер жиылысының таралу ауданнын
кеңейтуге сөзсіз мүмкіндік береді. Өйткені бұл бағытта мұнай мен газ кен
орындар тобы ашылған (Кенқияқ, Жаңажол, Ұрықтау, Әлібекмола және тағы
басқа).
Жарық ауданындағы мұнай мен газ кен орындарын іздестірудің бұл
жобасында 5430 метр жобалау тереңдігінде іздеу ұңғымасын бұрғылауды
қарастырады.
Іздеу ұңғымасын бұрғылауды Ақтөбе мұнай газ барлау экспедициясы,
көрсетілген, мүмкін, өнімді аралықтарды сынауды – Ақтөбе НГРЭ, ұңғыманы
сынау мен нықтау, геофизикалық өндіру зерттеулерін – Ақтөбеде, 41- бекетте
және Қарғалы ауылында орналасқан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу жөніндегі
Ақтөбе экспедициясы жүргізеді.
Жарық ауданында мұнай мен газды іздеуге, жобалалауға өндірістік
диплом алдындағы тәжірибе жұмыстаы кезінде жиналған мәліметтер, сондай-ақ
оқулықтармен методикалық әдебиеттер мен "Мұнай мен газға геологиялық барлау
жасау кезеңдері мен стадиясы туралы ережелерге", және 1982 жылғы "Мұнай мен
газ орындарын іздеу және барлау стадиясында жұмыс жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқауларға", және де 1986 жылығы "Мұнай мен газ кен орындарын
іздеу жобасының макетіне", және де басқа нұсқаулы құжаттарға сүйенді.

1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Географиялық экономикалық жағдай

Орографиялық қатынасы жағынан іздеу жұмыстарының ауданы алдыңғы Оралға
жататын және Ақтөбе облысы Қандыағаш ауданы территорясының бір бөлігін
қамтитын Мұғалжар тауының батысына қарай орналасқан.
Аудан бедерінің сипатына қарай аудан жонды денудациялы жазықтықта
жатады, оның арасы ұсақ өзендермен, көктемдегі ақпа сулар құятын орлар мен
сайларға бөлінген. Бедерінің ең жоғарғы абсолютті белгісі +310 метр, кішісі
– 220 метр.
Ауданның гидрографикалық желісі суы минералданған және тек техникалық
мақсатқа ғана жарамды Елек өзенінің бастауы болып табылатын жарық жырасына
жатады.
Ауданның климаты континенталды, жазы ыстық (+400С-қа дейін) және қысы
суық (-400С-қадейін). Ауданда үнемі жел соғып тұрады. Атмосфералық жауын-
шашынның жылдық орташа саны жылына 180 – 250 мм- ден аспайды, ал оның көбі
күзде түседі. Қар қарашаның ортасында түсіп, наурыздың аяғына дейін жатады.
Топырақтың қату тереңдігі 1,6 метрге жетеді.
Континенталды құрғақ климат монотонды бояулы қысқа ұзындықтағы
өсімдіктерді өсіре алады. Ең көп тарағаны сұр және ақ жусан, сайлар мен
орларда бұталар өседі. Өсімдік жамылғысының су болуы жануарлар әлемінің де
азаюына, соның ішінде кемірушілердің сансыз көп болуына ықпан жасайды.
Аудан халқы көп емес, негізгі айналысатыныдары – мал шаруашылығы.
Ең ірі елді – мекенге Жұрын бекеті жатады. Ол жұмыс ауданынан 10 шақырым
оңтүстік батысқа қарай орналасқан. Жұмыс орнына құрал–жабдықтарды Ақтөбе
қаласынан автокөлік жыл бойы жүре алатын тас және грейдер жолы арқылы
жеткізіледі. Бұрғылау орны жанар – жағар маймен 130 шақырым шердегі Ақтөбе
қаласындағы мұнай базасымен жабдықталады. Бұрғылау бригадасының мүшелері
әуе және автокөліктермен тасымалданады. Әр бұрғылау орны жұмыс кезінде
вахта мүшелері тұратын вагоншалардан құралған тұрмыстық–үй кешендеріне
жеткізіледі. Әр бұрғылау орны экспедициямен ай сайын радио байланыста
болады. Ішуге және техникалық қажеттіліктерге керек су тереңдігі 200
метрге дейінгі ұңғымадан арнайы бұрғыланатын альбтік сулы беткейлерінен
алынады.
Экономикалық тұрғыдан ауданда ашылған мұнай мен газ кен орнын игеру
Жаңажол, Кенқияқ кен орындарында жұмыс жүргізілетін “Октябрь мұнайы”
мұнайгаз өндіру басқармасының, сондай-ақ Алматы – Ақтөбе темір жол
магистралына жақын орналасуына байланысты үлкен шығын әкелмеуі керек.

1.2 Геологиялық геофизикалық зерттеу

Остансұқ иіндіойысының шеңберінде 1961-1962 жылдары Изембет және
Жылансай ашылымдарында құрылымдық іздестіру (Чен-Ын-Ен) және терең барлау
(Михина М. Н.) бұрғылаулары жүргізіледі.
1963-1964 жылдары 1:6000 масштабында геологиялық картаға түсіру
жұмыстары жүргізілді, ал 1966 жылы Мартук, Құмсай ауданында құрылымдық
іздестіру бұрғылауы (Трайнин Л.П. Васильев В. Б.) басталды. Мартук, Кенқияқ
және Құмсай ашылымдарында құрылымдық іздестіру бұрғылауымен бірге КМПВ
әдісімен сейсмикалық түсіру жұмыстары жүргізілді.
1952 жылы Батыс Мұғалжар шекарасында геологиялық құрылыс жүргізумен
геологиялық іздестіру жұмыстары әрі қарай жүргізу бағыттарын таңдау
мақсатымен Мартуктен Мұғалжарға дейін созылатын төрт ендікті кескінді
сейсмикалық зерттеулермен бірге кешенді түрде құрылымдық іздестіру
бұрғылауы басталды.
1961-1962 жылдары “Спецгеофизика” мекемесі мұнаймен газды тікелей
іздестіру әдістерін жасау мақсатымен 1:500000 және 1:100000 масштабында
электробарлау жүргізу үшін тәжірибелік, өндірістік зерттеу жүргізілді.
1967-1968 жылдары аймақтық кескінге электробарлау жүргізу үшін
кескінді гравиметриялық бақылау жасау нәтижесінде (Абдуллин А.А.) Батыс
Сарыоба және Остансұқ тұзды мұнарасына сәйкес ауырлық қүшінің минимумы
анықталып, шектеуі белгіленеді.
1969-1970 жылдары (Пилифосов В.М.) тұз асты қималарын зерттеуде МОВ
әдістерін жетілдіру мақсатымен Остансұқ, Құмсай аудандарында тәжірибелік
әдістемелік зертеулер жүргізілді.
1976-1979 жылдары Остансұқ ауданында МОГТ жұмыстары (Опря Н. Н. және
басқалары) жүргізілді. МОВ және МОГТ уақытша қималары салыстыруда МОГТ
кескінінде қүрт жақсару байқалады, мұнда тұзасты беткейінің қалыңдығының
сапасы жақсы байқалған.
1978 жылы МОГТ А - УШ (Кан В.П.) аймақтық кескіні жасалып, тұз
асты тірек бейнелегіш беткейлердің стратиграфиялық байламы өткізілген.
1961-1980 жылдары “Ақтөбе мұнайбарлау” тресі, Ақтөбе, Кенқияқ мұнай
барлау экспедициялары Остансұқ ауданы мен аралас учаскелерде шамалау,
іздестіру және картаға түсіру ұңғыма көп мөлшерде бұрғыланған, аймақтағы
тұз үсті және тұз асты кеніштерінде стратиграфиялық бағана жүргізілген,
мұнай газ беруге қатынасты келешегінің зор екендігіне баға берілген
(Бөлекбаев З. Е, Придасов Ю.М. және т.б ).
1981 жылы Ақтөбе ГФЭ (Ақтанов Н.Е және тағы басқа) сейсмикалық
мәліметтерді байланыстыру және мұнай газ беруге келешегі зор тұз асты
қабаттарының ішкі құрлысына түпкілікті геологиялық қорытынды жасау үшін,
сондай-ақ терең іздестіру бұрғылауында анықталған тұз асты құрылымдарын
дайындау МОГТ мен КМПВ іздестіру сейсмобарлау жұмыстарын жүргізілді.
1983 - 1984 жылдары (Жуйков О. А және т.б) және 1986 жылы (Огай Б.А)
сейсмикалық мәліметтерді тақырыптық жақтан жалпыланып, Жұрын, Байжарық,
Жылансай, Пасмурная және Булаш құрылымдарындағы шамалау ұңғыма шоғырларына
кепілдеме берілді, оның негізінде Ақтөбе НГРЭ П-26 Байжарық, П-27 Жұрын, П-
30 Жылансай шамалау ұңғымаларына жобалар жасалды.
1987 жылы Каз НИГРИ – дің (Кан В.П) Ақтөбе бөлімшесінде МОГТ – ның
сейсмикалық мәліметтерді қайта талданып, онда Сакмар - Көкпекті жарылымдағы
аймақтық жағдай нақтыланып, мұнай газға қатысты сөзсіз қызығушылық танытқан
оның бойымен өтетін кунгур түзлімдерімен ұзаққа созылған ашылымдар аймағы
анықталды.
1974 жылдан 1984 жылға дейінгі кезеңдегі МОГТ –ның жыйнақталған
барлық мәліметтерді талдау және қайта қарау, Остансұқ ойысының солтүстік
шегінде бұрын анықталған құрылымдарды (Байжарық, Жылансай, Жұрын және т.б)
нақтылау нәтижесінде Белқұдық және Жарықсай құрылымдары анықталды.
3.1- кестеде Остансұқ ойысында орындалған геологиялық, географиялық
жұмыстардың тізбесі берілген. Жобаланған ауданда бұрын терең ұңғымалар
бұрғыланбағандықтан, 3.2-кестеде бұған жақын алаңдардағы (Остансұқ,
Байжарық және тағы басқа) жүргізілген бұрғылау ұңғымалары келтірілген.
3.3-кестеде Остансұқ ойысы алаңына жататын мұнай мен газға қатысты
алдыңғы жұмыстарды орындауға қатысты мәліметтер келтірілген.

1.3 Литологиялық стратиграфиялық қима

Аудандағы жұмыстардың литологиялық стратиграфиялық сипаттамасы
Остансұқ иілімінде орналасқан Изембет, Жылансай, Остансұқ және тағы басқа
аудандарда бұрғыланған ұңғымалардан алынған нақты мәліметтерді есепке ала
отырып жүргізілді.
Изембет ауданында жекеленген ұңғымалардан алынған ең көне түзілімдер
орта девон жасындағы жыныстар болып саналады.

Девон жүйесі - D
Орта және жоғарғы бөлімдер көрсеткен иілім шеңберіндегі девондық
түзілімдер шектеулі аймақтарға ғана тарайды және Оралтау жарылымынан
батысқа қарай Жылансай құрылымның оңтүстігінде орналасқан аудандағы № 6
ұңғымада ашылған.

Ортаңғы девон - D2
Яншин Оралтаудың ультранегізді интрузивті аймағына жатқызылған орта
девонның метаморфты жыныстары Изембет ауданында № 6 ұңғымада 1760-1896 метр
арақашықтықта ашылған және ол серпентенитті, тақтатасты, жасыл түсті
амфиболитті және дұрыс емес омырылымдардан тұрған, мұнда мұнай жағылған
кальцит өзектерімен жылжу айналары кездеседі. Түзілімдердің қалыңдығы 136
метр.

Жоғарғы девон – D3
Қалыңдығы 1600 метрлік жоғарғы девондық түзілімдер Изембет
қатпарларымен бірге № 6 ұңғымада ашылған, қатпарланған құмтастар,
құмайттастар мен сирек кездесетін гравелитті сазтастардан тұратын
шөгінділер кешені жыныстарынан құралады.

Таскөмір жүйесі – С
Сипатталған територия шеңберіндегі терригенді, карбонатты таскөмір
жасындағы шөгінділер бұрын бұрғыланған ұңғымаларда ашылып төменгі,
(Изембет, Жылансай), орта және жоғарғы (Остансұқ,Әлібекмола және тағы
басқа) бөлімшелерінде табылған.
Төменгі бөлім - С1
Сұр түсті сазтастардан, құмайттастардан, құмтастардан, сазтасты,
жұмыртасты және балшықты жұмыртасты буданың қатпарлануынан тұратын, турней
төменгі, орта жікқабаттарының терригенді Жаңажол, Қожасай және тағы басқа
алаңдарда ашылған жоғарғы визейлі түзілімдерде қалыңдығы 300-400 метрлік
ашық сұр түсті органогенді әктастар тығыз орналасқан. Көрсетілген
аудандардағы түзілімдердің ашылған жиынтық қалыңдығы 700-800 метр.
Сазтастар, құмтастар, құмайттастар, әктасты жұмыртастардан тұратын
Изембет алаңындағы төменгі таскөмір түзілімдерін Р.Г. Горецкий (1963)
Изембет сериясына біріктіреді.
Жылансай алаңындағы қима жалпы қалыңдығы 265 метрлік құмтасты саз,
әктас және құм қабаттарынан тұрады.
Ортаңғы бөлім - С2
Орта таскөмірлік түзілімдер башқұрт және мәскеу жікқабаттарынан
жыныстарынан тұрады және Остансұқ, Оба, Кенқияқ, Құмсай, Әлібекмола және
тағы басқа бұрғыланған алаңдарда ашылған.
Башқұрт жікқабаты - С2в
Башқұрт жікқабаты органогенді ақ ашық сұр ізбестастардан және ашық
сұр түйірлі доломиттенген массивті сирек қабатты сазтастардан құралған және
400 метр қалыңдықта ашылған.

Мәскеу жікқабаты – С2 м
Мәскеу жікқабаты верей, қашыр жыныстары карбонатты, терригенді және
падольск беткейінің гравелитті қабаттарының сазды түзілімдерінен тұрады.
Верей, қашыр беткейінің карбонатты жыныстары жасыл, қоңыр, сұр түсті
органогенді әктастардан тұрады, массивті, қатты, битуминозды бөліктері
бар.
Әлібекмола, Жаңажол және басқа аудандарда жоғарғы визей, башқұрт және
төменгі мәскеу жікқабаттарындағы әктастар қабаты екінші карбонатты қабатты
құрайды (КТ-2).
Жұқа әктас қабатты сазтастар мен карбонат аралық терригенді деп
аталатын сазтастардан тұратын падоль беткейі қабатының терригенді бөлігі,
екінші карбонатты қабаты жоғарыдағы мячков беткейінің әктастары мен
жоғарғы таскөмір бөледі. Орташа тас көмірдің шөгу қалыңдығы 100-700 м.

Жоғарғы бөлім – С3
Жоғарғы таскөмір түзілімдері қасымов және гжель жікқабаттарының
шөгінділері Арансай, Кенқияқ, Әлібекмола және басқа алаңдардағы көптеген
ұңғымыларда ашылған.

Қасымов жікқабаты – С3қ
Қасымов жікқабатының карбонатты шөгінділері ашық сұр әктастардан
тұрады, оргоногенді сынғыш, массивті, жарық, тесікті, ұсақ кристалды.
Сульфатты–терригенді жыныстары ангидридтерден, сазтастардан,
құмайттастардан тұрады.

Гжель жікқабаты – С3gh

Гжель жікқабаты жоғарғы қасымов жікқабатының үстінде орналасқан,
қабатта әртүрлі сазбалшықтар және пелитоморфты әктастардан құралған.
Жұмыс ауданындағы жоғарғы таскөмір шөгінділерінің қүтілеттін күші
1000 метрге дейін.
Пермь жүйесі – Р
Пермь шөгінділерінің төменгі және жоғарғы бөлімдері болады, кең
көлемде таралған және Остансұқ ойыс шеңберінде бұрғыланған барлық
ұңғымалардан алынған.
Төменгі бөлімі - Р1
Төменгі пермь шөгінділері карбонатты жыныстардың сирек қабатты
терригенді қабаттарынан түзілген ассель, сакмар және артин жікқабаттарынан
тұрады.
Ассель жікқабаты – Р1а
Ассель жікқабаты сазтастардан графилит қабаты бар құмтастардан,
құмайттастардан тұрады, ал төменгі бөлігінде жіңішке әктас қабаттары
кездеседі.

Сакмар жікқабаты – Р1S
Сакмар жікқабаты сазтастардан, құмайттастардан, құмтастармен
жұмыртастардан тұрады. Сазтастар құмайттас текті қара сұр, қара әктасты,
қатпарлы, өсімдік қалдықтарымен сирек әктас қабаттарынан тұратын
төртбұрышты болып келеді. Құмтастармен құмайттастар полимикті ашық сұр
кейде қара сұр, әктасты қатпарлы қатты цементелген, жарықтары сирек және ол
жарықтарды пиридтер жасайды.
Жұмыртастар ірі гелитті, сұр және қара сұр, жартылай жіктелген
полимиктілі, ірі цементелген болады.
Артин жікқабаты - Р1 аr
Артин жікқабаты Остансұқ ойысындағы бұл жікқабат шөгінділері көрші
аудандарда Байжарық, Жұрын, Остансұқ, Жылансай алаңдарындағы ұңғымаларда
ашылған, үлгі тасы бойынша әр түрлі құмдар, сазтасты сұр түсті жыныстар
қабатынан және жекеленген кристалды қант тәрізді кристал ангидридтер
қабаттарынан және оған органикалық қалдықтар қосылған, онда жылжу айнасымен
минералды жарықтар байқалады. Қабаттардың құлау бұрыштары 4 - 8°С кейде
10 - 17°С .
Кішіден іріге дейінгі құрамдағы әртүрлі құмтастардан тұрады,
полимкті, массивті, ірі және өте ірі, құмайттас және сазтас қатпарлары бар
қабаттар.
Сазтастар негізінен қалың, қатты, құмайттасты, әктасты аз цементелген
сазтастар мен құмайттастардың сирек қабатынан тұрады.
Бұл түзілістердің артин уақытында түзілетін ҚазНИГРИ – дің
лабораториялық зерттеулерінде нақтылайды, нәтижесінде ұңғымасы Байжарық
алаңы үлгілерінен осы уақытқа тән литосфералар кешенін бөліп көрсетті.
Ассель – сакмар – артин түзілістерінің жалпы болжамды қалыңдығы 600-
800 метр.

Кунгур жікқабаты - Р1к
Кунгур жікқабаты тұзды қабаттары көп Каспий ойпаты маңының шығыс
бөлігіндегі сияқты бұл жікқабаттары түзілістер күші өзгермейді. Жарық
мұнарасының орталығына жақын кунгур шөгіндісі үш қабаттан тұратын үлкен
күшке ие (700 метрге дейін): төменгісі терригенді-сульфатты, ортаңғысы
галогенді және жоғарғысы сульфатты – терригенді. Тұзды мұнара шоғырынан
қашықтаған сайын кунгур қимасы мұнара түзілу органның перифериялық
бөлімдерінен тұзды сығып шығару негізінен тұрады.
Төменгі терригенді-сульфатты қалыңдығы қатпарланған қара сұр
сазтастармен құмайттастардан, кейде қара түсті құмтастастармен
ангидридтермен бірге әктастардан тұрады.
Орташа галогенді қабат негізінен орташа және ірі кристалды тас
тұздардан, күші әртүрлі сульфатты-терригенді жыныстар қабатынан тұрады.
Тұзды массивтік төменгі жағында Байжарық ұңғымасына ұқсас икемді саздар
болуы мүмкін.
Жоғарғы сульфатты – терригенді қалыңдық кезектескен сазтастар,
ангидридтер, гипспен құмайттастар қабаттарынан тұрады.
Аудан шеңберіндегі кунгур жікқабатының шөгінділерінің жалпы
қалыңдығы, жоғарыда айтылғандай 500 -- 700 метрге дейін өзгереді.

Жоғарғы бөлім – Р2
Зерттелген аудандағы Байжарық. Остансұқ ұңғымаларында ашылған жоғарғы
пермь барлық түзілімдері уфалық, қазандық, татар үш жікқабаттынан тұрады,
негізінен олардың түстері қызыл түсті контининенталды шөгінділерден
құралған.
Қиманың төменгі бөлігінде сульфатты терригенді жыныстар: ангидриттер,
құмтастар, құмайттастар, кейде тұз қабаттары.
Жоғарғы жағына әктасты құмтастар, қызыл-қоңыр сазтастар,
құмайттастар, кей жағдайда тұзды тас қатпарлары ангидриттер линзасы бар
қалыңдығы аз әктас қабаттары қонады.
Қиманы ангидриттер қатпары бар құмды - сазды шөгінділер аяқтайды.
Жоғарғы пермь түзілістерінің күші кунгур күшінің өсуіне тікелей
профессионалды болып, 400-700 метр шеңберінде болады.
Мезозой тобы -- МZ
Бұл қабат Жарық ауданында көлемді түрде триас, юра, бор жүйелерінен
құралған. Олар жоғарғы пермь жыныстарына үйлесімсіздік күйде жатыр.

Триас жүйесі – Т

Бұрышы сәйкес емес төменгі триастың көлді континенталды құмды-тасты
түзілістері жыныстары жоғарғы пермь кешенінің эрозиялы үстінгі жағына
қонады; ал тұзды мұнараның жиынына бөлімдерінде кунгур жікқабаты
шөгінділеріне қонады да литологиялық құрамы жағынан орта дәнді полимикті
құмтасты қабатты ала түсті әктасты саздардан тұрады. Саздар ашық қоңыр,
кірпіш қоңыр, сазтас тәрізді, құмайттас ұясымен өзектерден тұрады.
Құмтастар орташа дәнді қоңыр, полимиктік, әктасты, ықтимал қалыңдығы 350
метрге дейін.

Юра жүйесі – J
Юра жүйесінің жыныстары төменгі триас шөгінді қабатына
стратиграфиялық жағынан үйлесімсіз жайғасып, орта юра шөгінділерінен,
жыныстарынан құралған.
Ортаңғы юра – J2
Ортаңғы юра бөлімі лагунда континенталды сазды-құмды түзілістері
төменгі триас түзілістерінде жатады да, эрозиялы бедерді бұдырландырады,
қалыңдығы - 200 метрлік құмды және қара-сұр сазды шөгінділерден тұрады.

Бор жүйесі – К

Төмені және жоғарғы бөлімдердегі барлық жүйе түзілістері жыныстардың
құмды-сазды кешенінен тұрады.
Төменгі бөлім – К1
Зерттелген аудандағы Байжарық, Остансұқ ұңғымаларында ашылған төменгі
бор түзілістері готерив, барем, апт, альб жікқабатынан құралған.

Готерив жікқабаты – К1h
Готерив жікқабаты жасыл-сұр саздардан, әктастардан, өте тығыз
полимиктілі сазбалшық пен құмдардан құралған. Қабат қалыңдығы 80 метр.
Барем жікқабаты – К1в
Бұл жікқабат құмдардан және сұр түсті пластинка тәрізді сазтастардан
құралған. Қабат қалыңдығы 100 метр.
Апт жікқабаты – К1а
Апт жікқабаты майда, ұсақ түйіршікті сұр түсті құмдардан және тығыз
полимиктілі саз балшықтардан құралған. Қабат қалыңдығы 100 метр.
Альб жікқабаты –К1аl
Альб жікқабаты ұсақ түйіршікті, полимиктілі сұр түсті саз балшықтар
мен құмдардан құралған. Қабат қалыңдығы 135 метр.

Жоғарғы бөлім – К2
Жоғарғы бор жыныстары альб жікқабатына трансагрессивті орналасып
сантон жікқабаттарының шөгінді жыныстарынан құралған.
Сантон жікқабаты – К2st
Сантон жікқабаты негізінен сұр түсті тығыз саздардан құралып,
жоғарысында түйіршікті құмдар және мергелдермен ауысады. Қабат қалыңдығы –
120 метр.

Кайнозой тобы – KZ
Зерттеліп отырған ауданда бұл тоб палеоген, неоген және төрттік
жүйесінің жыныстарымен келтірілген. Олар бор қабатымен бұрыштық үйлесімсіз
жайғасқан.
Палеоген жүйесі – Р
Палеоген жүйесінің шөгінділері қүнгірт, сары құмдардан сұр түсті саз
қабаттарынан тұрады. Қабат қалыңдығы – 200 метр.
Неоген жүйесі – N
Неоген жүйесінің қабаты палеоцен бөлімдерінің жыныстарынан құралған
ұсақ түйіршікті, қызыл түсті саздар, сұр жасыл құмдардан және құмтастардан
құралған. Қабат қалыңдығы – 280 метр.
Төрттік жүйе – Q
Төртік жүйелер шөгінділер барлық жерге тарайды және алювиалды-
делювилік құмдақтардан қалыңдығы 3-10 метрлік құмдармен саздардан тұрады.

1.4. Тектоника

Тектоникалық қатынас бойынша Жарық құрылымы Каспий маңы ойпатының
шығыс қалқан бөлігінде Орыс платформасының оңтүстік шығыс бөлігіне қабысып
жатқан, кристалды іргетасының нық орнаған ауданы бола отырып, шөгінді
жыныстардың қабаттарына толған және геологиялық құрлысы айрықша қүрделі.
Оның шығыс шетінде Остансұқ ойысы (шығысында қатпарлы Мұғалжар) батысында
тектоникалық бұзылыстарының Байжарық, Остансұқ аймағы және Ащысай және
Солтүстік Көкпекті жарылымымен бөлінген.
Геологиялық дамуының бірден-бір жолы аумағының босауы және қуатты
шөгінді қабаттың түзілуі болып табылады. Бұл қалыңдықтың негізгі бөлігін
кунгур жікқабатының галогендік шөгіндісінің табаны мен кембриге дейінгі
құрылым бетінің шөгінді қабатын қоса алғандағы тұздан төменгі кешенін
құрайды.
Тұздан төменгі шөгінді қабаттың беті батысқа моноклиналды Ащысай
жарылымының маңына 2000 – 2500 метр. Моноклинал шегінің көрсетілген
қатарларынан жекеленген қатарлар оқшуланып көрінеді. Төменгі беткейде
соңғылары байқалады да, ойпаттың ортаңғы бөлігіне ене түседі. Шығыстан
батысқа қарай Кенқияқ, Көздісай, Остансұқ, Изембет, Шұбарқұдық
құрылымдарының қатпарлары байқалады да олардың тұздан төменгі
беткейлерінде жамылғы шегінің тереңдіктері 3000 – 3500 метрден 3400 –
5000 метрге төмен болып келеді. Ал Жаңажол кен орны подольск, гжельскі
жасындағы жыныстардан құралған көлемді карбонатты массивінің жоғарғы
бөлігінде орналасқан.
Шөгінді қабаттың құрлысы құрлымдық формаларымен шөгінді элементерімен
литологиялық құрамының өте көп түрлілігімен сипатталады. Қиманың
геологиялық, геофизикалық мәліметтері бойынша аудан үш құрлымдық қабаттан
тұрады.
Төменгі кунгурге дейінгі қабат артинмен көне кезден бастап, палеозой
жыныстарынан құрылған оның құрлысы П2Д, П2, П2с және П1 беткейлерін
бейнелейді.
Ортаңғы қабат кунгурдың гидрохимиялық шөгінділерінен және жоғарғы
пермьнің ала түрлерінен құралған, ол VII, VI, Q, және S беткейлердің
бейнелерін сипаттайды.
Жоғарғы мезозой, кайнозой қабаттары триас, юра, бор және палеоген
шөгінділерін біріктіреді, құрлысы Д, V және III беткейлер бейнесін
сипаттайды.
Төмендегі құрылымдық қабаттың ішкі құрылысын сипатын бейнелеуші
көлденең бірқатарының үстінен Остансұқ ойысының батыс бөлігіне дейін
локальды қыраттарының меридианды созбалы тізбесі өтеді: Талды-Шоқы,
Остансүқ, Солтүстік Остансұқ амплитудасы -- 300 метрге дейінгі Байжарық
жотасы. Ойыстың шығысында жіңішке құрылымдарының Ашысай омырылымында,
Қарнық, Жылансай, Жарық қабысуы байқалады.
П1, П2с, П2 және П2Д тұзды беткейлерімен бөлінген Жарықсай құрлымы
шығыс қанаты Ащысай жарылымына қабысатын субмеридиональды құрылыс
антиклиналы болып табылады.
П1 беткейі үшін ең үлкен изогипса 2500 метрге дейін, П2с беткейі
үшін -- 3200 метрге дейін, П2 беткейі үшін – 4500 метр болып саналады.
Соған сай құрлымның өлшемі 5000 х 4000 метр, 1200 х 5000 метр, 1600 х
6000 метр болады, ал амплитудасы 500 -- 700 метр.
Ақтөбе геологиялық, геофизикалық мәліметтері бойынша (Е.А Огай және
басқалары 1988 ж) тұз асты шөгінді қимасында бөлініп көрсетілген барлық
бейнеленген беткейлері терригенді құрамының қалыңдықтарын сипаттайды,
мұнда орташа таскөмірлі, жоғарғы девонда шөгінділер қатқабатында қалыңдығы
аз карбонатты жыныстардың қатпарларының даму мүмкіндігі бар. Сейсмикалық
деректер бойынша төменгі таскөмір жыныстарының қалыңдығы 600 метр және ол
алғашқы бұрғылау жымыстары кезінде анықталды. Құралған бөліктің
амплитудалық көтерілуі шығыс қанаты мен салыстырғанда батыс қанаты мен өте
күрт көтерілген жалпы карбонат массивінің жыныстарының шекарасымен барлық
беткейлері байланысқан қалыптасқан пішіні сақталған. Көтерілуі, амплитудасы
жоғары, олардың өлшемдері үлкен.
Орта құрлымдық қабаттар құрлысының ерекшеліктері тұзды тектогенездің
көрінуінен байқалады. Жоғарғы пермь шөгінділері бұрышы үлкен еңкістіктермен
(70% және одан жоғары сипатталады, оның қуаты 3000 метр және одан артыққа
көбейеді, күмбез арқылы бөліктерде құрлысы әртүрлі күмбездердің жиынтық
бөліктерінде толық сипатталғанға дейін болды) күмбездер, диапиралар,
қабаттар және де тағы басқалары.
Жоғарғы құрлымдық қабат қатпардың жайпақ жазықты болуымен сипатталады.
Мезозой шөгінділерінің құмды-сазды қалыңдығы теңестірілген күмбез аралық
мульдалардың ортасына қарай 600-700 метрге дейін және одан артыққа
заңдылыққа сай арта отырып тұзды күмбездер жиынтығында 300 – 400 метрге
деиін кішірейтеді.
Жарық тұзасты құрылымы П1,, П2с, П2, және П2Д шағылысу беткейлері
бойынша субмеридианалды созылған және Ащысай жарылымына шығыс қанатымен
антиклинал түрінде орналасқан. Аталған шағылысу беткейлері төменгі
пермьнен, жоғарғы девон жасындағы терригенді түзілімдерімен байланысты.
Сонымен қатар ортанғы таскөмір, жоғарғы девонның карбонатты түзілімдерінің
көмірсутек жинақталуына қолайлы болып табылатын карбонатты қабатшалары да
кездеседі.
Жарық ауданының құрылымы брахиантиклиналды, мұнайды кеніші массивті-
қабатты, көмірсутек жинақталуының қасиеті карбонатты кеуіктілі, терригенді
болып келеді.

1.5. Мұнайгаздылығы

Әлібекмола кен орны Каспий маңының мұнайлы-газды провинцияға жатады.
Бұл аймақтың батыс бөлігі бойынша жинақталған мәліметтері төменгі, орта,
жоғарғы таскөмірмен төменгі пермь бойынша карбанатты және терригенді
шөгінділердің негізгі өнімді кешенін анықтауға мүмкіндік береді. Әлібекмола
кен орнында мұнайлы газдылы шоғырларды қалыптастырудың жағынды алғы
шарттары тұз астындағы бейнелеуіш құрылымдырының болуы мен олардың кунгур
галогенді жыныстарымен жабылуы болып саналады.
Әлібекмола кен орнында мұнайгаздылы белгісі орта девон
гипербазиттерінен шыққан аз мөлшердегі газ ағыны түрінде бейнеленген типі,
Изембет ұңғымасы, төмкенгі таскөмірдің терригенді шөгінділерінің
кеуектілігі, сіңімділігі Изембет және Жылансай ұңғымалары туралы алғашқы
мәліметтер бұрғылау және құрлымдық іздестіру сынақтары, кейін терең
ұңғымалар нәтижесінде 50-ші жылдары алынған еді.
1960 жылдары Әлібекмола ауданының шамалау ұңғымасында орта таскөмірдің
мәскеу жікқабатындағы бензин иісті және сіңген мұнай белгілері байқалды.
Жоғарғы таскөмірдің терригенді шөгінділерінде мұнайгаздылық белгілері
Остансұқ ауданында 70 жылдары бұрыннан № 38 шамалау ұңғымасында байқалды
(үлгі тас мәліметтерінің жарықтарынан мұнай шығуы және сынақ аралығы 3490-
3477 метр болғанда мұнай ағымының шығымы 0,028 м3 күн болды). Кейінірек
ойысқа жақын аудандарда мұнай, газ және конденсат кеніштері төменгі
таскөмірдің визей жікқабатындағы ока беткейлерінің үстіндегі карбонатты
шөгінділерінде байқалады. Жаңажол, Әлібекмола, Кенқияқ, Қожасай және
басқа кен орындарының орта таскөмірдегі мәскеу жікқабатымен, кашир
жікқабатында (КТ-2) орталық байқалды; таскөмір мәскеу жікқабатындағы
подольск беткейінің карбонатты шөгінділерінде Жаңажол, Әлібекмола, Ұрықтау
кен орындарындағы жоғарғы таскөмірдің гжель жікқабатында Кенқияқ, Жаңажол
және тағы басқа кен орындарындағы төменгі пермь терригенді шөгінділерінде
байқалады.
Кенқияқ кен орынының бірқатар ұңғымаларында төменгі пермьнің ассель,
сакмар және артин жікқабаттарында құрамында мұнай, газы бар жинаушы
қабаттар ашылды.
Майда тесіктері 11-ден 18 % дейін болып есептелетін ассель
жікқабаттарының өнімді беткейлеріндегі мұнай шығымы 10,9 м3 құрады (№ 102
ұңғыма 4355, 2-4374, 6 метр аралығында).
Сакмар жікқабатының өнімді беткейлерінде 10,5- тен 14% дейін тесік
коэфицентіне ие: Мұнай шығымы 2,9 м3с-қа тән (№92 ұңғыма 4515-4534 метр
аралығында) 51-62,50 м3с–қа тән ( № 104 ұңғыма, 4280-4261 м, 4183-4315
метр аралығында) соған сай газ шығымы 0,9 м3с-қа тән 1000 м3с-қа жетеді.
Майда кеуектілігі 9,8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
Жетібай кен орны жайлы
Оңтүстік ақшабұлақ аймағындағы барлау ұңғысын орналастыру
Құмкөл кен орнындағы жобаланған және жақсы бұрғыланған ұңғыманың сипаттамаларын зерттеу
Солтүстік Придорожный кен орнында 4300 пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілмен бұрғылау
Теңіз ұңғылараның конструкциясы
Бұрғылау жұмыстарын жүргізудің әдістері
Газ орналасқан қабаттың аумағы 36516 мың шаршы метр, мұнайдың аумағы 71475 шаршы метр
Қабат қысымның градиенті
Литологиялық – стратиграфиялық қима
Пәндер