Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы



Мазмұны

Кіріспе

1. Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы

2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері

3. Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.
Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».
- Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».
- Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ...ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».
Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды.
Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.
Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.
Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек.
Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын 2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде ГОСПЦЗем орталығында және «Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында» жыйнадым.
Қолданылған әдебиеттер

1. Оспанов Бақыт, Жамалбеков Есбол. «Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану». Қаз. Ұлттық унив-ті. Алматы: 2005ж.
2. Тазабеков Тілепбай «Топырақтарды жақсарту, бағалау және қорғау». Алматы: Қазұлтагру, 2004ж.
3. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р Н. «Жалпы топырақтану және топырақ географиясы». Алматы: Қазақ унив-ті 1997ж.

Мазмұны

Кіріспе

1. Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы

2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері

3. Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары
мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол
үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара
әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі
заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның
литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.
Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына
береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында,
өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол
топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды
көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай:
-Соболев С – Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік -
топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың,
ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа
көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен
қасиеттері негізін құрайды.
- Карманов И – Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің
қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы
бағалау.
- Гаврилюк Ф – Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай
топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ...ол деген топырақтарды
тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі;
топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші.
Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық
мәліметтерді (информация) қамтиды.
Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге
меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен
сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік
(функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады.
Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және
т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және
фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.
Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер
кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.
Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге
керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы –
жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер
болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін
шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін
бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық
өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық
қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек.
Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер
мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары
аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын
сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және
тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын
қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек.
Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан,
батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда
маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның
саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары
негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік
тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын
2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде
ГОСПЦЗем орталығында және Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында
жыйнадым.

1. Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы

Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде
жүргізілген. Бұл жиындағы мәліметтер XY-XYII ғ. ғ. қолжазба кітаптарда
келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. қоныстар аталған.
Егістік топырақтарға сипаттама берілген, сапасына қарай олар жақсы, орташа,
нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген .Екінші кезеңдегі жер сапасын
есептеу жұмыстарын 1833-1867 ж.ж. мемлекеттік мүлік Министрлігінің
комиссиясы, кадастрлық жұмыстар мен байланысты жүргізген. Комиссия мүшелері
топырақтар сапасы жайында мәліметтер жинап, әр топырақтан алынатын орташа
өнімді анықтаған. Осы жұмыстар нәтижесінде, топырақ сапасын өнім арқылы
анықтайтын, бонитеттеу шкаласы (кестесі) құрылған. Кадастрлық комиссия
жұмыстарын В. Докучаев жоғары бағалаған, себебі оның есептерінде Ресей
топырақтарының сапасы жайында көптеген қажетті материал келтірілген.
1861 жылғы реформадан кейін жердің сапалылығын айыратын жұмыстар
жергілікті әкімшіліктерге беріліп, Ресей топырағын бонитеттеуде үшінші
кезең басталды.
П.Костычев (1872) әртүрлі топырақтар сапасын салыстырғанда ерекше
назарды олардың тегіне, өсетін дақылдар сипатына, топырақтардың орнына,
қалыңдығына және астындағы жынысқа аударуды ұсынған.
Жергілікті әкімшілікте жерді бағалау жұмыстары әр әдіспен
(сату мен жалдау бағалары, жер иесінің таза пайдасы т.б. тұрғыдан)
жүргізіледі. Төменқала губерниясы топырағын зерттеу материалдарына сүйене
отырып, В.Докучаевпен Н. Сибирцевтің қатысуымен, алғаш рет топырақты ғылыми
бонитеттеу әдісін ұсынды, ол орыстың табиғи-тарихи бонитеттеу немесе
топырақты Нижегород типті бағалау әдісі деп аталады.Ол бойынша топырақтарды
немесе жердің сапасын бағалаудағы басты жағдайы болып олардың құнарлығын
анықтайтын табиғи сапалары, яғни табиғи құқықтық қабілеті саналған.
В.Докучаев бонитеттеуде- топырақтар құнарлығын анықтауда маңызы зор
қасиеттерді негізге алған Ондай қасиеттер 4 топқа біріктірілген:
1. Геологиялық (аналық жыныс, қарашірінділі жиектің салыну
жағдайлары мен қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері);
2. Химиялық (миниралдық құрам және әр топырақ типіндегі қоректік
элементтер мөлшері);
3. Топырақтың жұту қабілеті;
4. Физикалық қасиеттер
Көрсетілген қасиеттердің әр тобында
Жердің негізгі сапасын бағалайтын ең басты факторға В.Докучаев
Топырақтардың табиғи-құқықтық қабілетін, яғни олар құнарлығының кепілі-
табиғи сапаларын жатқызған.
Топырақтарды бонитеттеу В.Докучаев пікірінше топырақ құнарлылығын
анықтайтын көптеген қасиеттерді есепке алыну керек, олар: геологиялық
(қарашірінді қабатының қалыңдағы, ондағы гумус мөлшері, аналық жыныс және
жайласу жағдайлары, т.с.); химиялық қасиеттер; оларды анықтау үшін әр
топыраққа толық химиялық талдау жүргізілген: топырақты фторлы сутек қышқылы
мен ыдыратып, минералдық құрамындағы негізгі қоректік элементтерді ( 10
және 1 процентті тұз қышқылы сүзіндісіндегі) анықтау; топырақтың сіңіру
қабілеті физикалық қасиеттері. Көрсетілген қасиеттердің әр тобында ең жақсы
топырақ 100 бал алған, сонымен салыстыра қалған топырақтар баллдардың
анықтаған. Жоғарыдағы 4 көрсеткіштердің орташа балдары топырақтың соңғы
бонитеттік бағасын құрған. Топырақтардың осындай бағалау деректерін өнім
мен салаыстырғанда жақсы ұйқастығы көрінген.
Төменқала губерниясы топырағының толық бонитеттеу кестесін Н.
Сибирцев құрастырған. Сонымен В.Докучаев пен Н. Сибирцев топырақты
бонитеттеу теориясы мен практикасын дамытуға көп еңбек сіңірген.
Ғалымдардың пікірінше топырақ-табиғи-тарихи дене, сондықтан оны
еңбек объектісі (орны) және ауылшаруашылық өндірісінің құралы сапасында
білу үшін пайдалануға болады деген.

1кест- Ресейдің Төменгі губерниясы топырақтарын жалпы бағалаулық
(бонитеттік) шкаласы (Докучаев,1886).
Топырақтар Бонитеттік баллдар
1 2
Қаратопырақ көтеріңкі тегістіктегі 100-80
Қаратопырақ өзен аңғарлық 100-90
Күңгірт-күрең құмбалшық 80-70
Сұр- күрең құмбалшық 65
Сұр ормандық құмбалшық 55
Күшті күлгінденген құмбалшық 35
Егістік алювилік құмбалшық 50-45
Шоқормандық (борлық) құмбалшық 20-15

Төрт топтық көрсеткіштердің орташа санынан барып топырақтардың соңғы
бағалауы жасалған. Бағалаулық баллдар мен өнім деректерін салыстырғанда
жақсы ұйқастық байқалған. А.Константинов Ауылшаруашылық жерлерін
бағалау(Саратов,1901) атты еңбегінде топырақтар сапасын анықтаудағы бас
белгіге гумус мөлшерін жатқызған. Сол бойынша топырақтарды 10 сыныпқа
бөлген және оларды күздік дақылдар өнігі мен салыстырған (2-кесте).

кест-Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен күздік
дақылдар өніктілігі (Константинов, 1901)

Сынып Топырақтар Гумус,% өніктілік, ц\га
1 2 3 4
II Қаратопырақ көпгумусты 10 14,8-16,0
IV Қаратопырақ орташагумусты 8 11,5-13,0
VII Қаратопырақ азгумусты 6 6,6-8,2
VIII Азгумысты топырақ 6 5,0-6,6
X Тым азгумысты топырақ 3 2,5-3,0

С. Захаров (1916) Қарашірінділі жиектің қалыңдығы және күңгірт
түсінің қарқыны – қаратопырақты және оңтүстігіндегі аймақтар мен шөптесінің
арасында анық ұйқастық бар деп, ғалым кейін (1931) топырақ неғұрлым қалың
(қарашірінділік жиегі- Т.Т.) болса, соғұрлым өсімдік тамырларына кеңістік
өсіп, ондағы қоректік заттар мөлшері артады. Сонымен топырақтарды а.ш-қ.
Бағалауда олардың (кескінінің – Т.Т.) қалыңдығы басты жағдайдың бірі болады
деген. С.Захаров топырақтың өніктілігі мен гумус мөлшері арасында
қатарластық барын айтқан.
Г.Тумин (1920) Тамбов облысы қаратопырағындағы қарашірінді мөлшері
мен өнік арасындағы байланысты тапқан.
КСРО-да, жерге жеке меншік алынғаннан соң, топырақтарды бонитеттеу
, жерді экономикалық бағалау мен жерлік кадастр (құжаттар жинағы) ғылыми-
практикалық маңызын жоғалтқан болатын. Топырақтарды бағалау тек қана жерді
сатып алу мен сатуға; рентаны (табыс) алуға керек деп саналған.
Топырақтарды бонитеттеу өзінің өндірістік маңызын жоғалтты деп жазды.
В.Вильямс.(1949).
Тек қана 1953 жылғы СОКП Орталық Комитетінің Пленумінен кейін
топырақтарды бонитеттеуге көп ғалымдар назарын аудара бастады да, ол жалпы
мемлекеттік проблемаға айналды.
КСРО ҒА-қ Топырақ институтінің топырақтанушылар ұжымы (С.Соболевтың
басшылығымен), біраз университеттер мен КСРО топырақтарын бонитеттеу мен
агрохимиялық сипаттауға арналған Бүкілодақтық мәжіліс өткен.
Н.Благовидов (1960) 10 сыныпты топырақтарды бонитеттеудің шкаласын
ұсынған: I ( 1-10 балл)-егіншілікте пайдаланбайтын жерлер; II-IV (11-40
балл)-нашар топырақтар; V-VII (41-70 балл) – сапасы орташа топырақтар; VIII-
X (71-100 балл) – сапасы жақсы топырақтар.
1963 жылы КСРО Ауылшаруашылық министрлігі КСРО топырақтарын
бонитетнеудің бағдарламасы мен әдістемесін бекіткен болатын, соған орай
көптеген республикалар, өлкелер мен облыстарда топырақтарды бонитеттеу
жұмыстары өрістері.С.Соболов пен М. Малышкин КСРО-ң көтеріңкі тегістік
(плакорлық) топырақтарын бастапқы бонитеттеу (бағалау) шкаласы мен
түзетулік коэфициентиерін (топырақтар ерекшеліктерін көрсететін кебірлік
пен бұзылулық деңгейіне, механикалық құрамына т.б. белгілеріне қарай)
құрастырған (1965).
Топырақтарды бағалау жұмыстары Латвия, Литва, Эстония, Белорусь,
Украйна, Молдова, Өзбекстан, Қырғыстан жерлерінде, Ресей Федерациясының
көптеген облыстарында өтелген болатын.

Қазақстанда топырақтарды бонтиеттеу жұмыстары соңғы төрт онжылдық
уақытты қамтыған. Бұл жұмыстар Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды,
Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында жүргізілген. (3-есте).
ҚР-ң жер қорын басқару Агенттігі ғылыми-өндірістік жерлік
орталығының облыстық бөлімшелері жеке әкімшілік облыстық, аудандар мен ауыл
шаруашылық қожалықтар (фермерлер, т.б.) жерлерінің топырақтарын бағалауда
көп жұмыстар өтеді.

3 кест- ҚР-ң ауылшаруашылық қоныстар топырақтарының
орташа облыстық бағалаудың баллдары

Облыстар Баллдық бағалау
N\N біріктірілмеу-ден
бұрынғы
егістік шабын- дық жайы- лым
суармалы суарыл-
майтын
1 2 3 4 5 6
1 Ақтөбе 90 44 35 23
2 Алматы 116 49 50 31
3 Шығыс Қазақстан 136 68 62 59
4 Атырау 84 28 26 15
5 Жамбыл 126 54 33 27
6 Жезқазған 98 40 39 18
7 Қарағанды 95 44 41 24
8 Қызылорда 84 28 18 15
9 Көкшетау 134 67 45 35
10 Қостанай 120 60 45 39
11 Маңғыстау - - - 14
12 Павлодар 90 45 53 28

1 2 3 4 5 6
13 Солтүстік 144 75 49 48
Қазақстан
14 Семей 110 50 46 32
15 Талдықорған 114 57 53 22
16 Торғай 91 43 30 29
17 Батыс Қазақстан 101 46 45 25
18 Ақмола 104 52 43 21
19 Оңтүстік 125 56 49 23
Қазақстан

2. Топырақ бонитетін анықтау әдістетемелері мен тәсілдері
Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В.Докучаев
принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық
жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға
негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа
көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе
қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы
және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық
құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.
Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде өнім мен тығыз
байланыстыларға 100 С-тан жоғары температура қосындысы, ылғалдану
коэффициенті (Высокий мен Ивановша), климат континенталдығы (ызғарлығы)
жатады. Бірнеше топырақ қасиеттері мен агроклиматтық деректерін
пайдаланудың себебі біріншілер мен көпжылдық өнім арасындағы тығыз
коррелятивтік байланыс тек белгілі экология-тектік топырақ қатарында
(аймақтық сап, батпақтану қатарлары,сортандану, т.б.) ғана байқалады, ал
аймақтық басқа топырақтар үшін оны табуға болмайды. Мысалы, қара және
күңгірт қарақоңыр топырақтарда өнім мен гумус мөлшері немесе оның қоры
(т\га) арасында жақсы сәйкестік бар, бірақта бұл көрсеткіш солар арасындағы
кебір топыраққа жарамсыз. Кебір сапасын кебірлі қабат тереңдігі мен
кескінінің физика-химиялық қасиеттерін ескере бағалайды. Солтүстік Кавказда
гумустік жиек қалындығы және қарашірінді қоры мен өнім сәйкес келсе, Еділ
бойында олар нашар корреляцияда екен.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі топырақтардың мына физика-химиялық
қасиеттері және морфологиялық (сыртқы) белгілерімен корреляциялық
байланыста екені байқалады: ылғал мен қамтамасызданған егістік сұр ормандық
топырақта жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, механикалық құрамдағы
физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер мөлшері, тұз сүзіндісінің рН
көрсеткіші, гидролитикалық қышқылдылық, сіңірілген негіздер қосындысы және
негіздермен қанығу дәрежесі.
Ылғал мен жеткіліксіз қамтамасыз етілген орманды-дала, дала, құрғақ
дала және шөл-дала аймақтарындағы егіншілікте пайдаланатын топырақтарды:
жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, гумус жиегінің қалыңдығы және ондағы (0-
20, 0-50, 0-100 см) қарашірінді қоры (т\га), физикалық балшық пен тозаңды
бөлшектер тобының мөлшері және сіңіру сыйымдылығы. Сұр ормандық және
күлгінденген қара топырақтарда дақылдар өнімі гидролитикалық қышқылдылық
және негіздермен қанығу дәрежесімен, ал кебірленген топырақтарда-сіңірілген
натриймен, сортанданған топырақтарда-жеңіл еритін тұздар мөлшерімен
корреляциялық байланыста болғаны байқалады. Ал топырақтың құнарлығын
анықтайтын біраз маңызды қасиеттерін, айталық шабындылықты, саздылықты,
сумен шайылу, желмен ұшырылу дәрежелерін, санды есептеу мүмкін емес.
Сондықтан олар санды-сапалы әдіспен сәл, орташа, күшті атау жүйесі мен
анықталады. Топырақты бонитеттеуде аталған қасиеттердің өнімге әсерін
(баллын) сәйкесті шығарылатын түзету коэффициенттері көмегімен есептейді.
Агроклиматтық көрсеткіштерді агроклиматтық картадан немесе деректі
кітаптан (справочник) алуға болады. Табиғи шөптер өнімі (шабындық, жайылым)
тиісті топырақ түріне сәйкес анықталады, ал бағалау баллдары - әлі
шешілмеген мәселе. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жайлы негізгі
мәліметтерге жеке шаруашылықтар өнімі, тәжірибелік стансалар мен сорт
учаскелерінің деректері, немесе егіс танаптарында тікелей есептелген сандар
жатады. Осы мәліметтер әр 5,7,10 жылдарда анықталып жиналады.
Шаруашылықта егіс бір топырақты жерде орналасу сирек, көбінесе
жақын (70 процент) немесе бірнеше түршелерде орналасуы мүмкін. Сондықтан
бірінші жағдайда өнім жыйынтығы бір топырақ түршесіне сәйкес келсе, екінші
жағдайда алабы артық топырақтағы өнімге сәйкес келеді; ал бір біріне
ұқсамайтын түрлі топырақтық жағдайда өнім мөлшерін арнаулы есеп жүйесімен
шығарады. Сонымен әр топырақ түрлеріне сәйкес көпжылдық өнім деректері
жыйылады. Олар қырқынды егіншілік деңгейіне және әр топырақ түріне сәйкес
топталады. Әр деңгей келесі агротехникалық және агроэкономикалық орташа
көрсеткіштермен сипатталады: нақтылы деңгейдегі шаруашылықта 1 га егістікке
келетін ауылшаруашылық машиналар (жүк машиналарын қоса), сол алапқа
берілетін тыңайтқыштар, тиімді заттарға шыққандағы 1га егіс бағасы және
орташа жұмысшы күшімен қамтамасыздану. Барлық топырақ қасиеттері мен
ауылшаруашылық дақылдар өнімінің деректері математикалық өңдеуге салынады.
Алдағыда бонитеттеу шкаласын құрауға керек материалдар 3 әдіспен жөнделеді:
1) бонитеттеуге екі қатарлы шкалалар құрады, оның біреуі өніммен
корреляциядағы (сәйкес) топырақ қасиеттері, ал екіншісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың жұту қабілеті
Топырақ бонитеті
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Қазiргi таңдағы қазақстанның топырақ жағдайы
Топырақ бонитировкасы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ОТШ» негізгі топырақ типінің бонитет балдары
Атырау облысы, Махамбет ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Далалы аймақ қызғылт қара қоңыр топырақты қуаң дала
Топырақ ресурстарының техногенді және химиялық әсерлері
Пәндер