Тәл жүйесі


Тақырыбы: «Тәл жүйесі»
Жоспар:
- Тәл жүйесі туралы түсінік;
- Тәл блоктары;
- Тәл арқандары;
- Тәл жүйесін жабдықтау.
Бұрғы қондырғыларының тәл жүйесі, лебедка барабанының айналмалы қозғалысын ілмектің ілгерілемелі (тіке) қозғалысына айналдыру және тәл арқаны ілмектеріне түсетін салмақты жеңілдету қызметін атқарады. Кронблок шкиві мен тәл блок шкиві арқылы, белгілі ретпен болат арқан өткізіліп, бір ұшы қозғалмайтын етіп бекітіледі. Тәл жүйесі жылжымайтын кронблок, жылжымалы тәл блогы, блок байланысы, бұрғылау крюгі, штроп пен бұрғылау тұрбалары ілінетін элеватордан тұрады. Ілінген жүк ауырлығы арқан өзекшесі бойынша таралады. Тәл жүйесі көтерілетін жүктің салмағына байланысты арқандағы тиеуді азайтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты арқан ұзындығы ұзарады. Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйесіне келесі талаптар қойылады: жұмыс кезіндегі беріктік, өйткені тәл жүйесі элементтерінің бұзылуы көптеген қауіпті апаттарға әкеп соғады; ыңғайлылық пен қызмет көрсету қауіпсіздігі; ұзақ қызмет етуі; тез монтаждауды жүргізу мүмкіндігі; біртипті механизмдер мен элементтердің іс жүзінде өзара орындарын ауыстыру мүмкіндігі; барлық тәл жүйесінің механизмдерін көлік жүйесіне жүктеу ыңғайлылығы.
Көтеретін жүк салмағы мен арқан ішегінің санына қарай тәл жүйесі төмендегідей жабдықталады.
Көтеретін жүк салмағы 50-75 т. Бұрғы қондырғысында шкивтер саны 2х3 және 3х4 тәл жүйесі, ал 100-300 т қондырғыларда шкивтер саны 4х5, 5х6, 6х7 тәл жүйелері қолданылады. Бұл жабдықтау жүйесіндегі бірінші цифр тәл блогы шкивінің, ал екінші - кронблок шкивінің санын көрсетеді.
Кронблоктар (1-кесте) остер мен шкивті тіректерден құрастырылған рама. Кейде рама мұнараның жоғарғы шетімен біріктіріле дайындалады.
1-кесте.
Мысал ретінде УКБА-7-500 кронблогының (1-сурет) конструкциясын қарастырамыз. Кронблок, ажырамалы тіректерге (3 және 4) орналастырылған төрт блогы және үш блокты (6) екі секциядан тұрады. Остер тіректерге берік қысылып, зақымдалудан қорғалған. Үш және төрт блокты секциялар үстіңгі жағынан кронблок рамасына берік ұстатылған ашылмалы қаптамамен (2) жабылған. Төменгі сөре арқылығына қосалқы лебедкадан келетін арқан үшін қосалқы блок (8) ілінеді. Ортаңғы бойлық арқалыққа тартальдық лебедка арқанына арналған ортаңғы блок (5) орнатылған.
Тәл блоктары (2-кесте) . Тәл блоктары кронблок сияқты ішінде шкивтер мен подшипник тіректері қондырылған тұрық түрінде болады. Тәл блогында шкив саны онымен парласқан кронблокқа қарағанда 1-ге аз болады. Тәл блогының массасы оның жүкті түсіруге қажетті жылдамдығымен қамтамасыз етуі үшін жеткілікті болуы қажет. Бұрғы қондырғыларында тәл блогының екі түрі қолданылады. Бұрғылау құбырлары «свечасын» қолмен орналастырып қоятын және көтеріп-түсіру жұмыстар процесі автоматтандырылған тәл блоктар. Мысал ретінде УБТ-5-225 тәл блогын (2-сурет) қарастырамыз. Ол екі шетінен бастырма (2) жабыстырылған екі жақтан (1) тұрады. Жақтың жоғарғы бөлігі траверсамен (9) жалғанған. Жақтың орта шенінде тербелмелі подшипниктерге отырғызылған шкивтер (5) үшін ось (7) жонылған. Жақтар төменгі шетінің оң және сол жағынан тәл арқанын блок арнасынан шығып кетуінен сақтандырушы төменгі қорғаушы қаптамаға (3) бекітілген кермелермен (4) қосылады. Блок бүйір жағынан жоғарғы бөлігінде арқан өтетін ойықтары бар тез алынатын қорғауыш қаптамамен (10) жабылады. Білік (7) бекіткіш планкасын (8) ашылып кетуден сақтандыратын екі гайкамен (6) ұстатылады. Блок подшипниктерін серіппелі май құйғышпен әр блок ортасында дөңгелек подшипниктер арасындағы осьтегі тесік арқылы майлайды.
2-кесте.
1-сурет.
2-сурет.
УБТ-5-225 тәл блогында бұрғылау құбырлары «свечаларын» қолмен орналастырады.
Тәл арқандары. Тәл механизмдерінде әр түрлі тәл арқандарының жылжымыйтын өзекшесін бекіту үшін құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғылар тәл арқанының жұмыс істеуін жылдамдатады және қолдануға қолайлы етіп беріп тұрады. Бұрғы қондырғылары тәл жүйелерінде алты жұмыр еспелі болат арқандар қолданылады. Еспелер органикалық немесе болат өзекке өріледі. Еспелердегі сым санын 19-дан 37-ге дейін дайындайды. Арқан өзекшесі ретінде кендір немесе пластмасса қолданылады. Арқан дайындау үшін жоғары көміртекті және жоғары марганецті болат сымдар қолданылады. Тәл арқанын тура немесе айқастыра өріп дайындайды. Тәл жүйесінде айқастыра өрілген сым арқандар қолданылады.
Айқастыра өру тәсілінде сымдар еспеде бір бағытта өрілсе, еспелердің өзі арқанда қарама-қарсы бағытта өріледі. Айқастыра өрілген арқандарды бір өзекшеге оң және сол бағытта орап дайындайды. Оң бағытта сағат тілінің айналу бағытымен, ал сол бағытта керісінше өреді. Бұрғы лебедкасына бекітілген қозғаламалы шетінің орнына және лебедка барабанына оралу бағытына байланысты тәл арқандары оң өрмелі болуы тиіс. Арқанды тез тозудан сақтау үшін еспелердің сыртқы қабаттарындағы сымдар диаметрі үлкен, ал ішкі қабаттарындағы сымдар диаметрі арқанды иілімді ету үшін кіші етіліп алынады.
Пайдалану мен терең барлама бұрғылауда қолданылатын болат тәл арқандарының (МЕСТ-16853-71) техникалық сипаттамалары (3-кестеде) келтірілген.
3-кесте.
Барлық болат арқандар шартты белгілермен белгіленеді. Мысалы диаметрі 32 мм, уақытша үзілу кедергісі 1568 МН/м оң өрілген арқанның 1 түрі. Арқан 1-32-160 (МЕСТ-16853-71) . Арқан 1-32-160-Л-1. Қазіргі кезде өзекшелері органикалық және пластмасса диаметрлері 28, 32 мм болат арқандар кеңінен қолданылады. Үлкен тереңдікке бұрғы қондырғысына түсірілетін салмақ, оның ең жоғарғы шартты көтеру күшіне жақындаған жағдайда, металл өзекше арқандар қолдану қажет. Арқандар үш түрде дайындалады: 1-өзекшесі металл; 2-өзекшесі органикалық; 3-өзекшесі пластмасса.
Тәл жүйесін жабдықтау. Ұңғы тереңдеген сайын көтеретін, түсіретін жүк салмағы ұдайы өсіп отырады. Лебедка қозғалтқышы ең үлкен салмақты көтеру немесе түсіру шартына байланысты алынады. Сондықтан, ол бұрғылау барысында тиімді пайдаланылмайды. Лебедка қозғалтқышының толық қуаты ұңғының жобалық тереңдігіне жеткенде ғана пайдаланылады. Сондықтан палистпаст жүйесін қуат аз жұмсалмайтындай етіп алу қажет. Бұл тәл жүйесін әр түрлі жабдықтау (2*3; 4*5; 5*6; 6*7; ) арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес бұрғылауды 2*3 жабдықтаумен бастап, тереңдеген сайын 3*4; 4*5; 5*6; т. с. с. жабдықтауға көшіріп отыру қажет.
Бірақ, тәл жүйесін жабдықтау өте күрделі және көп уақыт алатын жұмыс, сондықтан тәл жүйесін қайта-қайта жабдықтау оған кететін уақыт (Тж) бұрғылау аспабын көтеріп-түсіру процесін ұтатын уақыттан (Ттк) аз болған жағдайда ғана тиімді. Егер Тж > Ткт болса, онда бұрғылаудың басынан-ақ күрделі жабдықтауды қолданған тиімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz