ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер . . . 6

  1. Қазақ телевизиясын даму тарихы . . . 6
  2. Бүгінгі қазақ телевизиясының жай-күйі . . . 14

ІІ Телевизияның бейнелеу мүмкіндіктері . . . 25

2. 1 Телевизия мен киноның басты ұқсастықтары . . . 25

2. 2 Кино өндірісіндегі мүмкіндіктер . . . 33

Қорытынды . . . 36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 38

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Телевизияны бүгінде ақпарат құралдары арасындағы ең беделдісі, ең пәрмендісі десек, еш қателеспейміз. Қазақ теледидарын кешенді түрде зерттеген беделді ғалымдарымыздың бірі Құдайберген Тұрсын оған былай деп баға берді: «Телевизияның маңызы оның бұқаралығында ғана емес. Телевизоры бар әрбір отбасы өзінің бос уақытының едәуір бөлігін «көгілдір экран» алдында өткізеді. Сондықтан де телевизия әрбір семьяның өміріне күн сайын, сағат сайын көптеген пайдалы жаңалықтар әкеледі, адамның бос уақытын сан алуан және мазмұнды ете түседі» [1] . Демек бүтіндей бір отбасыға «пайдалы жаңалықтар әкелетін», «уақытын мазмұнды ете түсетін» теледидардың пәрменін жоғары бағалауымызға әбден болады. Ол, тіпті, дәлелдеуді қажет етпейтін дүние. Бірақ, қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Совет Масғұтов айтпақшы, «Көрермен көгілдір экраннан сіздер күндіз-түні төгіп жатқан қаймақты да, қатықты да, қара суды да, күлдібадам қойыртпақты да, түгін қоймай түгел құйып ала беретін бос бөшке емес» [2] . Аудитория сізден асқан шеберлікті, білімдарлық пен көрегендікті талап ететін алып күш. Көрерменге сіздің кім екендігіңіз, өмірде қандай адам екеніңіз қызық емес, экрандағы болмысыңыз ғана қабылданады. Экрандағы болмысыңыз ғана разылыққа, болмаса, наразылыққа ие болады.

«Телевидение аса қиын да қауіпті дүние. Күн сайын миллион адамның алдына шығу деген қияметтің қиыны. Өйткені, телевидение-журналистика мен киноның қосылған, тоғысқан жері, солардың ортасынан шыққан перзенті ғой» [3] .

Тележурналистиканың қиын болатын себебі, ондағы әрбір компоненттің маңыздылығында. Бейне мен сөз, әрекет пен ой, дыбыс пен саз ғажайып үйлесім тапқанда ғана есте қаларлықтай дүние тудырдым деп есептеуге болады. Ондағы журналистік талғам қоғамдағы қарабайыр ұғым-түсініктерден биік тұрмағы ләзім. «Тележурналист талғамына сай келген шындық дүние оның қаламының ұшына ілініп, оператор көзімен камераға лайықталып, режиссер әлемінде оған жан бітіп, сазгердің сиқырлы әуенімен әрленіп, сан миллион көрермен жүрегіне жол тартады» [1, 86 б. ] . Демек, телевизия ұжымдық жұмыс. Ондағы әрбір шығармашылық адамының жеке ой-пікірі, қиялы мен шабыты әріптесінің фантазиясымен үндескенде ғана тұшымды дүние туатынын айттық. Телевизияның қиындығы да осында.

Телөнердің жанрлары жетерлік, пішіндері де даму үстінде, ол толастайтын құбылыс емес. Дегенмен, соның бәрі де телевизияның функцияларына қызмет етеді. Яғни, теледидар алдында отырған көрермен одан алдымен ақпарат алады, (ақпараттық функциясы), рухани ләззәт алады, танымын кеңейтеді (мәдени ағартушылық функциясы), көңіл көтеріп, бой сергітеді (рекреативтік функциясы), т. с. с. «Телевизия БАҚ-тың тағы бір түрі ғана емес, ол осы саладағы басты құрал болып табылады. Қалыптасқан журналистика жанрларының барлығына дерлік жаңаша көзқарас әкелді. Бұрындары ашылмаған қырларын әлемге паш етті. Жаңа әдістер ұйымдыстырылды. Журналистикаға жаңа пішіндер мен жанрлар сыйлады» [6] .

Жиырмасыншы ғасыр адамзат тарихында өзінің техника мен электронды саладағы тамаша табыстарымен есте қалды. «Телефотомен толықтырылған телефон-ғасырымыздың тағы бір табысы осындай! Егер электр тогы арқылы дауысты алысқа жеткізу бар болса, суретті алыс қашықтыққа жеткізу-соңғы ашылған жаңалық»[2, 12 б. ] . Техника дамуының нәтижесінде «теңдесі жоқ мылқау» кино мен «көзге көрінбейтін маңызды» [4, 48 б. ] радионың түйісуінен ғажап өнер «теледидар» өмірге келді.

Телеэкранның қуаттылығын дер кезінде байқаған партия 1951 жылғы 22 наурызда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Бүкілодақтық радиоақпарат комитетінің құрамында КСРО-ның Орталық теледидарын құрды. 1957 жылдың басында Үкімет радио мен теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарды. Сөйтіп, КСРО Министрлер Кеңесі жанынан Радио және телехабарларын тарату жөніндегі комитет құрылды. Осының нәтижесінде 1957 жылдың 29 маусымында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады. Қоғамдағы өзгерулер мен жаңаруларға байланысты телерадио сан мәрте Қазақ ССР министрлер Кеңесінің телевизия және радиохабарлары жөніндегі Мемлекеттік комитеті (1962 жылы 15 мамыр), 1992 жылдың 18 қыркүйегінен Қазақстан Телевизия және радиохабарлары жөніндегі Мемлекеттік компаниясы, ал 1994 жылдың 4 сәуірінен Қазақстан Теледидары мен радиосы республикалық корпорациясы болып өзгерді.

Ал осы ғасырдың елуінші жылдарының орта тұсында одақтас республикаларда телестудиялар ашыла бастаған еді. Қазақ телевизиясының алғашқы кезеңі жайлы С. Масғұтов: «1958 жылы телевизия Қазақстанда да пайда болды. Республика астанасы тұрғындары 8 мартта тұңғыш рет өз экрандарында Қазақ телевизиясының алғашқы дикторлары З. Жұматова мен Н. Омарованың дидарын көрді. Олар көпшілікті Алматыда телевизия хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Сонан соң «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді» [15, 97-98 бб. ], -дейді. Сөйтіп, ең алғаш қазақ топырағында «көгілдір экран» деген атпен, өнердің жаңа түрі «теледидар» өмірге келді.

Қазақ телевизиясы ресми түрде 16 наурыз күні ашылды. «Елімізде соңғы жылдары-телевидение жылдам дамуда. Қазір одақ көлемінде бірнеше ондаған телевизиялық орталықтар жұмыс істейді, олардың саны келешекте үнемі тез қарқынмен арта бермек. Қазақстанда бірінші болып телевизорды Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандары көрді. Өткен жылдан (1957ж. -Қ. М. ) бастап Шымкент қаласы, Ильич, т. б. аудандар Ташкент телевизиясының хабарын көріп келеді. Алматыда салынып жатқан қуатты телевизия орталығының бірінші кезегі бітті. Алматылықтарға қазір алғашқы тәжірибе көрсетілуде» [16], -деді, Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы радиохабар және телевидение комитетінің төрағасы Қ. Мұстафин. Республикамыздағы алғашқы телехабарларды даярлап, эфирге беруге Алматы телестудиясының тұңғыш директоры Х. Абылғазин, бас редакторлар С. Нұрғалымов, И. Саввин, бас режиссер Л. Ғалымжанова, телеоператорлар И. Смирнов, И. Сагитов, суретші Э. Немирский т. б. қатысты. «15 апрельден бастап Алматы телестудиясы аптасына бес рет тұрақты түрде хабарлар бере бастады. Жаңа студия коллективіне Москва, Ленинград және Свердловск телестудияларының творчестволық қызметкерлері көп көмек көрсетті» [15, 98 б. ] .

Курстық жұмыстың мақсаты: ХХІ ғасыр телеыизиялық мүмкіндіктерді анықтау.

Осы мақсатқа қаратай келесі міндеттерді қарастырдық

  • Қазақ телевизиясын даму тарихын қарастыру
  • Бүгінгі қазақ телевизиясының жай-күйін талдау

- Телевизия мен киноның басты ұқсастықтарын талдау

- Кино өндірісіндегі мүмкіндіктерін қарастыру

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер

1. 1 Қазақ телевизиясын даму тарихы

Енді «XXI ғасырға саяхат» кітабынан алынған үзіндіге назар аударыңыздар. Мұнда болашақтағы телевизияның техникалық жетістіктері жайлы айтылған.

Жердің жасанды спутниктерін пайдаланып, солар арқылы бүкіл планеталық біртұтас байланыс жүйесі орнайды. Континенттер мен елдер өзара телефон, телеграф, радио және телевизия байланысын орнатады. Ол арқылы, әрине, тек информациялық хабарлар, мағлұмат-мәліметтер ғана берілмейді, бүкіл дүние жүзілік байланыс адамдарға білім беру ісіне пайдаланылады. Ұстаз-телевизия кең өріс табады, кең қолдау алады.

Сонымен қатар барлық жерлерде адам өзін-өзі оқытатын шағын машиналарды кеңінен таратады. Сынақ, емтихандарды да осы машиналар қабылдайды. Өздігінен білім алғысы келген адамдар телевизияның арнаулы оқу программасы арқылы алған білім дәрежесін осы машинаға сынатып, тексеріп алады.

Әр қалада, әр аймақта, әр елде информациялық хабар жинақтайтын бір тұтас орталықтар құрылады. Сол орталықтардан үйдегі компьютерлердің көмегімен әркім өзіне қажет хабар-мағлұматтарды кезінде сұрыптап алдырады.

Одан электронды есептеу машиналардың жүйесі кеңейіп, көбейген соң әр елде информациялық банктер, ал содан барып бүкіл дүниежүзілік информациялық банк ұйымдастырылады. Одан қазіргі банктен ақша алған секілді әр ел өзіне информациялық хабарларды керегінше алатын болады.

Сондай-ақ бүкіл дүниежүзілік кітапхана да ұйымдастырылады. Онда қазіргідей үйреншікті әр тілде жазылған кітаптар емес, пленкаға, фотопластинкаға түсірілген электроникалық машиналар ғана оқи алатын кітаптар болады. Бұл кітапханадан әркім өзі қалаған «кітаптарын», «газеттерді» видеотелефон арқылы «сұрыптап» алдырады да, оқып шыққан соң қажеті болса, пленкаға, касетаға түсіріп өзіне алып қалады.

Кино мен телевизияның болашағынан-ақ басқа мәдениет құралдарының қалай, қаншалық өзгеретінін көруге болады. Телевизияның түгелдей түрлі-түсті болатыны қазірден көрініп отыр. Барған сайын телевизордың экраны үлкейіп, тұтас қабырғаны алатын болады. Соған орай, берілетін бейненің айқындығы, әсерлілігі де кино экранындағы қалыпқа жақын келеді.

Одан кейін телевизия стерескопиялық болады, яғни экрандағы бейнелер стереокинодағы секілді жан-жақтан көрсетіледі, көлемді-аумақты болып көрінеді. Бара-бара голография кинодан телевизияға да ауысып келуі мүмкін.

Арғы болашақты болжасақ, тек бейнені көзбен көретін, сөзін, музыкасын аулақтан еститін ғана емес, телевизия бойынша иіс, дәм сияқты сезімдерді де қабылдайтын боламыз.

Сонда телевизия техникалық та, творчестволық та жағынан кинематографиядан еш қалыспай, қатар дамып отырады, кейде озып та кетеді.

Алматы телестудиясының алғашқы қоғамдық-саяси хабарларын -Б. Сланов, Г. Нечунаев; әдеби-драмалық хабарларды-Ж. Өмірбеков, Е. Жақыпов; балалар мен жастарға арналған хабарларды-Ж. Смақов, М. Барманқұлов, Р. Қалкенова; музыкалық программаларды-Қ. Рсалдин, С. Таубкина; информациялық программаларды Л. Хатаевич, Қ. Даутов, С. Досов т. б. даярлауға көп еңбек сіңірді. Студияның алғашқы жылдардағы шығармашылық-техникалық ізденістеріне атсалысқан режиссерлер Р. Асырбекова, С. Естемесова, Ә. Дүйімбаев, С. Исламова, Л. Огородникова, С. Шәріпов, Е. Прасолов, Г. Сацук; редакторлар С. Ахметова, Ғ. Жасақбаев, С. Дәулетқалиев, Д. Мұханова; телеоператорлар В. Крыловский, И. Сахнов, Б. Салықов; дикторлар Л. Аймашева, Д. Васильева, А. Жуков; дыбыс режиссерлары Н. Байгулова, Б. Поляков, З. Шәріпова; кинооператорлар тобының жетекшісі Қ. Әбдрахманов және т. б. есімдерін атаймыз. Алматы телевизия орталығының техникалық жағынан үзіліссіз жұмыс істеуіне, шығармашылық топпен бірлесе еңбек жасаған Ғ. Балфанбаева, В. Колесников, В. Лезников, В. Пильгун, И. Смирнова, В. Тюленев, Р. Файзуллиндер болды.

1960-1980 жылдары экранға келген жаңа толқын Қазақ теледидарының шығармашылық жағынан толығып, жаңа пішіндерді көрерменге ұсыну бағытында табандылық танытты. Ж. Нұсқабайұлы, С. Қаратаев, С. Тәжіғұлов, Т. Смағұлов, С. Оразалинов, Ғ. Шалахметов, Қ. Игісінов, А. Жақсыбеков,

Ф. Бегембаева, Ж. Тоқпанов, Қ. Қорғанов, Р. Жәнібеков, С. Әшімбаев, Н. Иманғалиұлы, Қ. Аралбаев, С. Байхонов, Г. Барманбекова, Б. Құсанбектердің авторлық қолтаңбалары теледидар тарихында өз іздерін қалдырды.

Қазақ телехабарларының қалыптасуы кезінде оның көп бөлігін тележурнал, плакат, очерк, репортаж, әңгіме, хабар т. б. алуан үлгідегі жанрлар мен пішіндер құрады. Кинопленканың аз кезінде эфирде болатын көріністі көпшілігінде жансыз суреттер, диаграммалар немесе белгілі бір адамдардың сөздерінің үзінділері толықтырып отырса, уақыт өте келе хабарлардың пішіні мен түрі недәуір өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер алуан саладағы берілетін хабар жанрларының өзгеру-өсу эволюциясын бейнелейді. Көрермен үшін сан алуан жанрлар мен пішіндерде берілген хабарлар көркемдік жағынан сапалы болмағанымен, рухани байлығы мол, құнарлы арена болды. Сөйтіп, телешығарылымдардағы әдістер жиынтығы мен алуан бейнелеу түрлері болашақ ізденістерге негіз қалады. Алғашқы құрылу, қаз тұру, қалыптасу кезеңі теледидардағы шығармашылық әрі техникалық топтың өз қателіктері мен кемшіліктерін үйренетін, тағылымды, тәжірибелі мектеп болғандығы анық.

Қазақ теледидарының алғашқы телебағдарламаларын тәжірибе түріндегі-кинофильм, театр және эстрада шығармалары түзді. Теледидарға газет және радио саласынан келген журналистер үшін телехабардың қиындықтарын тыңнан игеру басында оңайға түскен жоқ. Өйткені газет пен радио журналистері сөзбен жұмыс жасаса, енді оларға телеөнерде өмірдің өзіндей жанды бейнені көрермен көз алдына әкелудің күрделі тетігін меңгеруге тура келді. Сондықтан тележурналистке телехабардың табиғатына қатысты қолданылатын көркемдік безендіру мен мәнерлі құралдар-монтаж, көрініс пен кіріге сабақтасқан мәтін, шу, музыканы кешенді игеру қажеттілігі туындады.

Отандық теледидарымыздың қалыптасу кезеңі мен даму үрдістеріне Кеңестік теледидар үлгісі негіз болды. Өйткені Қазақстан Кеңес Одағының құрамында оған саяси-идеологиялық әрі экономикалық-әлеуметтік жағынан тәуелділікте еді. Сондай-ақ өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастау алған Кеңестік теледидар коммунистік партияның мүддесі тұрғысынан, социалистік идеяны уағыздауға ден қойды. Шығармашылық және технологиялық жағынан тәжірибе жинақтады. Радио мен газет, театр мен киноның элементтерінен құралған, синкретті өнер теледидар экранға жаңа бір леп, тың пішін алып келді. Эфирдегі редактор шеберлігі, режиссер шешімділігі, оператор байқампаздығы кеңестік теледидар өнерін жылдар бедерінде байытып отырды.

Содан басталған телевизия ауқымын кеңейтіп, ұлан байтақ кеңістікті әуе толқынында шарлап, жылдам дами бастады. Осылайша, тарихтың ұлы көшіне ілескен қазақ телевизиясы ізденулер мен тәжірибелерге сүйене отырып, тамаша, алғыр тұлғалардың ақыл-ойынан нәр алып, миллиондаған аудиторияны сусындатты. Ең алғашқы кезеңде Алматы телевизия орталығының қуаттылығы 120 шақырым аймақты қамтиды десе, ал ол іске қосылғаннан кейін Алматы, Талдықорған облыстарының көптеген аудандары және көршілес Фрунзе (Бішкек-Қ. Т. ) қаласы да бір мезгілде Алматы бағдарламасын қабылдады. Ал 1958 жылы Алматы-Фрунзе-Ташкент телехабарларын көрсетуді қамтамасыз ететін радиоресейлік жол салынып бітіп, 16 наурызда Өскемен телестудиясы алғаш рет телевизиялық сурет көрсетті. Сол 1958 жылдың 3 желтоқсанында Өскемен телевизия орталығының инженері Л. Парамонов құрастырған телекамера арқылы диктор тұңғыш рет экранда көрінді. Ал Қарағанды телестудиясы эфирге сол жылдың 31 тамызында шығып, «Жарқыра, жана бер, жұлдызым!» деген көркем фильмді көрсетті. Республика аумағында (1958-1959 жж. ) 30 программалық телеорталықтар жұмыс істеді.

Техникалық және басқа да жағынан енді-енді дами бастаған телевизия баспасөз және радиомен бірлесе отырып, қалың бұқара аудиторияға эстетикалық және саяси білім беріп, коммунистік құрылыс бағдарламаларын жүзеге асырып, еңбекші халыққа күш-жігер берді. Сол кездегі теледидар мен радио бұқаралық-саяси жұмысқа аздау тартылатын халық топтарын да қамтыды. Сондықтан да олар күнделікті берілетін бағдарламалардың мазмұнын жақсарта отырып, тәжіріибелі авторлар мен комментаторларды көптеп тартуға, жалынды сөзімен көпшілікті өзіне тарта алатын жас та білімді журналистерді тәрбиелеуге бағыт ұстанды. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті радио мен теледидардың жұмыстарын қадағалап, кезеңге сай міндеттер жүктеп отырды. « . . . Радиохабар мен телевидениенің комитеттеріне халық арасындағы саяси жұмыста радионы кеңінен пайдаланып, . . . қазақ халқының КПСС XXI сьезінің тарихи шешімдерін жүзеге асырудағы нақтылы табыстары мен тамаша келешегін айқын және нанымды көрсететін арнаулы программалардың, телевидениелік фильмдердің және басқа хабарлардың телевидение арқылы үнемі беріліп тұруы қамтамасыз етілсін . . . » [17], -делінген міндеттер экран қызметкерлері алдына үлкен талаптар қойды.

Соның нәтижесінде алпысыншы жылдары республика аумағында телеорталықтар салу ісі қолға алынды. «Бұл ретте жоспарлы құрылыстармен қатар жергілікті шаруашылық орындары, аса ірі кәсіпорындар қаржысына сүйене отырып қоғамдық негізде салынған телеорталықтар да болды. Осындай жолмен салынған орталық Жезқазғанда 1960 жылы ашылды» [15, 99-б. ] . Целиноград-Қарағанды бағытындағы радиорелейлік линия, Ақшатау, Атасу, Жетіғара, Жоңғар Алатауының биігіндегі ретрансляторлар іске қосылды. Мұның өзі алғашқы жылдардан-ақ телевизияның шапшаң қарқынмен дамуына үкімет пен ірі өнеркәсіп орталықтарының ерекше мүдделілік танытқандығын байқатады.

Ізденістің нәтижесінде алпысыншы жылдардың басында-ақ «Алматы студиясы ұжымының күшімен даярланған туындылар салалық редакцияларда 40 пайызды құрады» [8, 135-169 бб. ] . Студия тұңғыш рет Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы телевизиялық үндестікті жүзеге асырып, екі елдің қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-мәдени саладағы табыстарын көрерменге көрсетті. Мәскеудегі республикалық студияның бағдарламалары табысты өтті. Теледидардың жылдар өткен сайын кең қанат жаюы Қазақстан Жазушылар кеңесі жанынан теледраматургтер секциясын ашу қажеттілігін көрсетті. Сөйтіп, радио мен теледидарға шығармашылық кадрлар даярлауды Қазақ мемлекеттік университетінде жүзеге асыру қолға алынды.

Алғашқы жылдары ақпаратты хабарлау экранда ауызша түрде өтіп жатты. Ол кезде оқиғаны пленкаға толықтай түсіру мүмкіндігі болмады. Бұған теледидардың өндірістік-техникалық базасының нашар жабдықталғандығы ғана емес, сонымен қатар «тікелей хабардың» күрделілігі де себепші болды. Алайда, аудитория талабы мен уақыт сұранысы тележурналистерден жанрлардың репортаж және сұхбат түрлерін игерулерін талап етті. Орталық теледидардың «Ал, кәнеки қыздар!», «Алло, біз дарындыларды іздейміз» бағдарламаларын негізге алған теледидар ұжымы «Телевизиялық кафе», «Көгілдір от», «Сырласу», «Эдельвейс», «Достық экраны» телехабарларын экранға шығарды. 1961 жылы ЖТС (жылжымалы телевизиялық станса) арқылы радиотележурналист И. Саввин әйгілі адамдар үйінен «Кеш жарық», сол жылы қыста «Телевизиялық кафе» хабарын өмірге әкелді. «Телевизиялық кафе» хабарына кейіпкер бір мезгілде қатыса отырып, әрі студияда орындалған концерттік нөмірлерді көріп тамашалайды.

Алматы телестудиясының штаттық кестесі алғашқыда редакторлар санатын ғана көздеді. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында телестудияға тәжірибелі газет және радио журналистері жұмысқа шақырылды. Алпысыншы жылдар теледидарда публицистикалық сипаттағы хабар таратудың маңызды кезеңі болды. Теледидар газет пен радиодағы ақпараттық және публицистикалық бағдарламалардың айдарларын ауқымды түрде пайдалана бастады. Баспасөз тәжірибесінен келген айдар, лекті (цикл) ұйымдыстыру және хабарлар тізбегінің әдісі телепублицистика үшін жемісті болып шықты. Телекөрермендердің ерекше сипаты (оның көптігі мен жиі шоғырлануы) ; қабылдаудың айрықша шарттары (бірмезгілде миллиондаған көрермен) ; хабар тарату түрлері; әдістері мен пішіндері де экранның шешуші жәйттері болып табылды. Сөйтіп, телебағдарламалардың айдарларын, лектерін, тізбектерін үзбей қолдану көрермендер ортасын ерекшелесе, екіншіден көпшіліктің белгілі бір бөлігінің экранға деген қызығушылығын туындатты.

Уақыт талабына сай Қазақстанның партия және кеңес ұйымдары хабар таратудағы жаңа теледидар құрылымын жасауға белсене кірісті. Егер 1960 жылы республикада небәрі 4-5 студия ғана болса, алпысыншы жылдардың ортасында ол 14-ке жетіп, хабар тарату көлемі 44 сағатқа дейін өсті. 1958 жылы Алматы теледидарының ізін ала Өскемен мен Қарағандыда, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлде, 1964 жылы Целиноград, Орал, Балқашта, 1965 жылы Семей мен Павлодарда көрермендер көгілдір экранмен қауышты. Радиорелейлік желілер іске қосылып, қуатты хабар таратқыштар орнатылып, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан телехабарлар қабылдау мүмкіндігі туды. Телевизияның техникалық дамуы туралы профессор С. Қозыбаев: «Қазақстан Республикасында бүгінде 60-тан астам телевизиялық орталықтар мен ретрансляторлар жұмыс істейді. Барлық облыс орталықтары екі арнада телевизиялық хабарларды қабылдаса, Қарағанды мен Ақтөбе үш, Алматы-төрт арнаныбір мезгілде көру мүмкіндігіне ие. Теледидар бағдарламасын күн сайын 10 миллионнан астам адам тамашалап, республика тұрғындарының 76 пайызы көреді» [20, с. 164], -деп жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
Онлайн көрсетілімдерді дамыту
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламалары
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
Лингвистикалық мультимедиалық платформалар
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Қазір ақпарат ғасыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz