Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері



Тәрбие ісі – “ой шұңқыры”, қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (ясли, балалар бақшасы) болмаса да , өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Халықтық шығармалар ішіндегі әржақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұқсас – бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.
Өзіектілігі – бұл курстық жұмыста мен инженер мамандардың біліктілігін арттыру, оны жаңарту және жетілдіру үшін қандай мәселелер мен тәрбие оқыту беру керектігін жазылған. Бұл жұмыста болашақ инженер маманын даярлау, бағыттау іс-шараларында гуманитарлық ғылымдарда (психология мен педагогика) қарым-қатынас мәденитінің рөлі терең зерттедім.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жас мамандарға өзінің жұмыс орнында қалай ұстай керектігі жазылған пен болашақ инженерді жауапкершілік болуды үйректеді
1. Алдамұратов Ә. “Жалпы психология”
2. М. Жұмабаев “Педагогика”
3. Жарықпаев “Қазақ тәлім тәрбиесі”
4. “Психололгия” под. ред. Дружинина
5. “Ізденіс” ғылыми журнал
6. Әбдиеава Қ. “Инженер қызметінің Педагогика мен Психология”
7. “Ақиқат” Ұлттық қоғамдық-саяси журнал

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
“Тәрбиелі адамдар адамның
жеке басын ардақтай біледі,
сондықтан да ол әр уақытта
мейірбанды,
жайдары, сыпайы көнгіш келеді.”
А.П. Чехов

Кіріспе
Тәрбие ісі – “ой шұңқыры”, қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл,
әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Қазақ халқы арнайы бала
тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (ясли, балалар бақшасы) болмаса
да , өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме,
ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Халықтық шығармалар
ішіндегі әржақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұқсас –
бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.
Өзіектілігі – бұл курстық жұмыста мен инженер мамандардың біліктілігін
арттыру, оны жаңарту және жетілдіру үшін қандай мәселелер мен тәрбие оқыту
беру керектігін жазылған. Бұл жұмыста болашақ инженер маманын даярлау,
бағыттау іс-шараларында гуманитарлық ғылымдарда (психология мен педагогика)
қарым-қатынас мәденитінің рөлі терең зерттедім.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жас мамандарға өзінің жұмыс орнында
қалай ұстай керектігі жазылған пен болашақ инженерді жауапкершілік болуды
үйректеді
Халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізді, алдымен дене
тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік сбеп, дәлелдері бар. Өйткені адам
баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға алынады,
содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой
сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі
баланың сана-сезімі оянған кезде жүогізілетін тәрбиенің жиынтығы іспеттес.
Енді халықтық педагогикадағы тәрбиенің жекелеген түрлеріне жеке-жеке
тоқталайық.
Негізгі бөлім
ХХІ ғасырға аяқ басып отырған кезеңде тәуелсіз Қазақстан бірқатар
мемлекеттер жетіп отырған өркениетке бет бұрып отыр. Елімізде мәдени-
әлеуметтік өзгерістердің болуы, нарықтық қатынасқа өту жағдайына байланысты
өндіріске, экономикаға жаңа қарқында қарау ғылыми-техникалық процестің
екпінді дамуы, болащақ инженер мамандарын даярлаудың дәстүрлік салтының
уақыт талабына сай келмеуі, маман даярлауды басқа деңгейде қарастыру
қажеттілігін туындатып отыр.
Білімдерді жаңарту мен жетілдіру ұмтылысы, кәсіби дамыған ептілік пен
білімді әмбебаптау, түрлі білімдерді құрастыра алатын қабілеті бар жаңа
типтегі маманды, өзісінің маманының негізгі қасиеті сияқты кәсіби
бағыттылықты қалыптасуын ескертеді.Бұнын бәрі мамандардың болашақ жұмысына
жоғары деңгейдегі даярлықта талап ететіні даусыз.
Оқытудың дәстүрлі принциптері мен заңдылықтарын қазіргі нақты талап,
мүмкіндіктер мен жағдайларға оңтайландыра және шығармашылықпен қолдану
арқылы негіздей отырып, кәсіби даярлығы доғары, нарықтық қатынас жағдайында
еңбек етуге қабілетті, қоғамда маңызды интеллектуалды мәдени позицияда
тұратын инженер мамандарын даярлау жоғары мектеп алдында көкейкесті мәселе.
Қазіргі уақытта техника саласындағы мамандықтың қалыптасуында гуманитарлық
ғылымдардың маңызы зор. Жоспарлаудағы қателіктердің алдын алуға, маман
әрбір әрекеттердің зардабын сезе білуге, өндірістік міндеттерді шешуде
жинақтылық қасиет көрсетуге, жетілген тәсілдерді қолдануға дербес
ізденістік жасауда гуманитарлық білім кең мүмкіндіктер береді. Инженер
біліктілігін арттыру төңірегінде мәселе қарастырылғанда әрбір оқушы-
студенттің әлеуметтік-психологиялыққ ахуалдық жағдайы тәрізді аймақтарды
ескеру керек. Демек болашақ психологиялық және педагогикалық тұрғыда
зерттеуді қажет етеді.
Болашақ инженер маманын даярлау, бағыттау іс-шараларында гуманитарлық
ғылымдарда қарым-қатынас мәденитінің рөлі терең зерттелмей келеді Осы
негізді техникалық жоғарғы оқу орынын студенттерінің қарым-қатынас
мәдениеті қалыптасуының арнайы ұйымдастыру-әдістермелік жүйесін жете
зерттеу жоғары мектеп педагогикасында көкейтесті мәселесіне айналып отыр.
Жоғары білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары техникалық білім
алу құрылымында әлеуметтік білімнің қосуын қажет етеді. Бұл процесс
мамандардың кәсіби ұйымдық саласын жақсартуға көмектесе келіп, олардың
жалпы мәдениетінің деңгейін тұлға аралық қарым-қатынас талдауы негізінде,
ең нәтижелі жүріс-тұрыс стратегиясын құру ептілігін қалыптастырады.
Теориялық ойлауда тәрбиелеу маманның жоғары шығармашылық мүмкіндігін
қалыптастыруға бейімдейді. Кәсіби біліктілікті, бейімділікті, дағдылықты
игерумен қатар, болашақ инженер бойында интелектік таным беріп дамытады.
Тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті жандүниесінің дами, жаңғыра беруіне,
жігерлік, табандылық сиапт алуы, өндірісте міндеттерді, алдын қойған
мақсатты шешуде жинақтылық көрсетер психикалық қызмет деңгейіне көтереді.
Өндірістік мәселелерді шешу практикада танымдық қызмет жасайтын ойлау
дүниесінде қозғаушы күш туындатарлық ықпал жасайды. Мамандық білімнің терең
әрі ауқымды, тұрақты болуына себебін тигізді.
Тәуелсіз Қазақстан экономикасын нығайтар, өнім берер инженерлер
біліктілігін арттыратын қарым-қатынас мәдениеті сонымен қатар патриоттық,
рухани жаңғырту тәрбиелеуде тәлімдік маңыз алатын қазақтың этномәдениет
элементтері болашақ маман дайындау оқу әдістертемесінде кең мүмкіндіктер
береді. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті, ақыл-парасаты
жоғары, істің көзін білетін, жан-жақты жетілген инженер маманын даярлаудағы
тәлімдік әдіс тәсіл.
Алдымызда келтірілген мәселелерді шешу үшін техникалық білім беру іс-
шаралары жеткіліксіз екені айдан анық. Бұл мақсатты іске асыру жолында
педагогикалық тұрғыда болашақ инженер маманның қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру ұйымдастыру әдістемелік процесінде жаңа шешімдер ұсынған
абзал.
Инженерлердің даярлық деңгейінің нарықтық қатынастар жағдайындағы
қазіргі өндіріс талаптарына сәйкес келе бермейтіндігін әлденеше рет
ескертті. Егер шұғыл шара бұл алшақтық та арта түседі. Инженердің еңбек
нарығындағы бәсекелестік қабілеті төмен болады, жақсы кәсіпкер бола
алмайды.
Студенттердің ғылыми-технологиялық даярлығы сапасын басқару жүйесіне
арналған көрсеткіштерді іріктеп алу көлемі жағынан өте үлкен жұмыс.
Даярлықтың аталған түріне байланысты оқу процесінбасқару үшін мамандарның
ғылыми-технологиялық даярлығының сапасы жөнінде шынайы және оперативті
ақпарат қажет.
Болашақ инженерлердің ғылыми-технологиялық даярлығының сапасын бақылау
тапсырмаларының қоры арқылы тексеру мәні жағынан педагогикалық тест әдісіне
жақын келеді. Сондықтан оны қазір ЖОО-нда қолданып жүрген студенттер
үлгерімін бағалаудың баламасын ретінде қарастыруға болады.Сабақтар сапасын
болашақ инженерлердің ғылыми-технологиялық даярлығының сапасы тұрғысынан
бағалаудың шынайылығын арттыру үшін сарапшылық бағалаулар әдісін қатаң
пайдалану керек, яғни жоғарыда аталған 10 көрсеткішті және оларды бағалау
шкалаларын барлық сарапшылар бір мәнді түсінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ
тәуелсіз ақпарат көздерін қосымша пайдалану қажет.
Болашақ мамандардың өмірлік қызметі, психологиялық дамуы және тұлға
ретінде қалыптасуы үстінде қарым-қатынас рөлінің маңызы зор. Қарым-қатынас
дағдысын пайдалану кәсіптік қызметке, қоғамдық өмірдегі белсенділік
деңгейіне тікелей байланысты. Жеке тұлғаның жоғары мәдени қасиеті,
субъектінің дамыған қабілеттілігін білдіреді. Іс-әрекеттің барлық түрінде
басқа субъектілерге дұрыс ықпал жасайды. Бұл деген сөз инженерлердің кәсіби
іскерлігін атқару процесінде әріптестермен, техникамен оң ықпалды бірлесіп
іс-әрекет жасауды ұйымдастыратын, ептілік қасиетін қамтитын функция болып
табылады. Бұнын бәрі жеке тұлғаны қалыптастыруда қарым-қатынас мәденитінің
маңыздылығын көрсетеді.
Инженерге білім, тәрбие және дұрыс беру сияқты ұлттын әлеуметтік
саласында айрықша орын алады. Әрине, инженердің өзіндік әлеуметтік бет-
бейнесінің қалыптасуы-бірнеше ғасырлар бойы жалғасқан адамдар әрекетінің
жемісі. Дүние жүзі халқының айтарлықтай бөлігін құрайтын инженерлер
қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерін шешуде маңызды
рөлге ие. Бүгінгі таңда әлем инженерлердің алдында тқрған білім алу,
жұмыспен қамтылу, қоғамдық-саяси өмірге араласу сияқты бірқатар әлеуметтік
мәселелері біздің елімізде де өзекті болып отыр.
Әлеуметтік қызмет дегеніміз- жеке тұлғаның топтардың рухани және
материалдық қажеттіліктерін зерттеу арқылы сұраныстарын қанағаттандыру.
Мәселен, жоғары оқу орнында оқитын студенттердің әлеуметтік қажеттілігі
неде болуы мүмкін ? Бұл орайда тағы да жас мамандардың жұмыссыз жүруі,
баспана табуы, материалдық зәруліктер сияқты мәселелер ауызға алынады. Яғни
жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік қызмет арналарын көбінесе жастар
арасында белең алып отырған жоғарыдағы сияқты әлеуметтік шешілуі қиын
мәселелерге бағыттау қажет. Сонда ғана осы сұрақтардың дұрыс шешілмеуі
салдарынан болып отырған түрлі келеңсіз әрекеттер (қылмыстық оқиға, арақ-
шарап, нашаға әуестік т.б.) тыйылып, тәрбие жұмысы да дұрыс жолға қойылады.
Әлеуметтік қызмет пен қарым-қатынассыз ешқандай тұлға қалыптаспайды.
Жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек
орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жас отбасына көмек көрсету
қызметтері және т.б. қызметтер құру сияқты істер өзара ұштаса отырып,
тәрбие саласының бағыттарын айқындайды.
Әлеуметтік маман жастардың бостандығы мен құқықтарының сақталуын және
алаңсыз білім алуын қамтамасыз етеді. Ұстаздармен, басқа да әлеуметтік
қызмет мамандарымен, еңбекпен қамту орталықтарымен үзбей байланыс жасап
отырады. Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, маман атқаратын
әлуметтік қызметтің бағыттарын төмендегідей қорытындыласақ:
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға
негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбиеәдісінің үш тобын
бөлуге болады:
- Матеиалдық көмек көрсету
- Әлеуметтік қамқорлықты
- Адамға әсер ету. Бұл – педагогикалық және психологиялықтұрғыда адам
санасына ықпал ету.
Қазіргі кезеңде қоғамызға жан-жақты білімді де тәрбиелі, белсенді,
әлеуметтік болашақты айқындайтын жастар қажет. Әлеуметтануда жастар
мәселесі, білім алуы, жеке тұлға ретінде қалыптасуы маңызды орын алады. Осы
орай жастарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтің рөлі айқын көрінеді.
Тәрбиелеу процесінде дастарды жұмыспен қамтамасыз ету, оларға материалдық
және моральдық көмек көрсету сияқты әлеуметтік қызмет бағыттарын
пайдаланса, еңбек жемісті болмақ.
Жоғары білімді түлектер даярлығы қойылатын барынша жалпылама талаптар
жоғары мектепті және ғылыми-технологиялық прогресті дамыту жөнінде Үкімет
шешімдерінің негізінде қалыптассады. Белгілі бір мамандыққа қатысты бұл
талаптарды нақтылау маманның іс-әрекеттің әр түрлі салаларында орындайтын
өндірістік қызметтерін саланың даму перспективасын есепке алып зерттеу
жолымен жүргізіледі. Осылайша нақты мамандықты оқытудың мақсаты аңықталады.

Маман даярлаудың және оқу процесінің жекелеген түрлерінің сапасы
жөніндегі ақпараттың шынайылығы мен сенімділігін арттыру үшін сарапшылық
бағалар әдістемесін жетілдіру керек. Ең әуелі сапа көрсеткіштерінің тізімін
және оларды бағалаудың анық шкаласын анықтаған жөн. Тек осы жағдайда ғана
барлық сарапшылар бағалау кезінде бірдей критерийлерді басшылыққа алады.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға
негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбиеәдісінің үш тобын
бөлуге болады:
1Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
2Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе
қалыртастыру әдістері.
3 Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.

1Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл-ойын
қалыртастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың
эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды-сөзді әсер ету әдісі.
Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы-берілген топқа немесе нысаналы әсер
етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүщелерінің тұлғалық сапасына,
сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді.
Пікірталастар –тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға
арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары
сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданады.
Өнеге-өрнек- өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа
негізделеді: көру арқылы қабылданадтын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз
санада бекиді.

2 Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе
қалыртастыру әдістері.
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі,
нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оныңтәрбиелілігін сипаттайды.
Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі-бұл
жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл
атқарады. Жаттығу нәтижесі-тұлғаның тұрақты қасиеттері- дағдылар мен
әдеттер.
Талап-бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не
ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі
қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Үйрету-бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде
керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы
оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын
ұйымдастыру әдісі тәбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.
3 Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.
Ынталандыү әдісі мақтау мен жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің іс-
әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері:
қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты
мөлшерді сақтауды талап етеді.
Жазалау- қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа,
адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигіетін педагогикалық әдіс.

Тәрбие мақсаты түсінігі
Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат
қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат
болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны
әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй
белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатта
мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі.
Мақсатқа жету адам бағытының негізіі болған терең де толық қанағаттанушылық
тудырады.
Тәрбие мақсаты- педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау,
жоюалау, дайындау- педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған
мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған
ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай
шаршап-шалдығққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалықтәрбиеде болмыс
көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті
естен шығарылады, осыдан “мақсатсыз тәрбие”, яғни жол-жөнекей тәлім етек
алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың
қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қойылмайды,
ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі,
жұмысынан қанағаттанушылық трахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайлаының объективті себептері
мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтыны түсіне білу
қажет.
Мақсат- субъек сапасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан
туындайтын әрекеттің нәтижесітуралы ой болжамы. Демек, мақсат- жағдайлар
себепті пайда болуынан , нақты болмыстан алынатындықтан-ол объективті
құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға
музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т. б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те
категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты
тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар
айтқандай: “Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің
әңгімесі екіншісіне ұқсамас.
Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі
баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде,
себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен
баға береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы-тәрбиелі адамның идеалды
образының дараланған саналардағы көптеген баламларын қамтыған мақсаттың
мүмкіндігінше нұсқасын анықтау- байсалды зердемен қоса, көп уақыт та,
мамандық күш салуды да талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және
субъективті әсерлердің нәтижесінде өмір бойы қалыптасады. Бірақ
педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектептік, мектептен соңғы) жеке
адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсеттетін өзінің уақыттық
шектеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Тұлғаның қалыптасуы
Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мінез-құлық мәдениеті
Ойын- тәрбие әдісі
Бала тәрбиесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Пәндер