Ежелгі Оғыз мемлекеті



І. Кіріспе
а)Тақырыптың Казакстан тарихымен байланыстылығы
ә)Сол кездегі қоғам деңгейі
б)Мемлекеттің өмір сүрген уақыты

ІІ. Негізгі бөлім
1) Ежелгі Оғыз мемлекетінің пайда болуы
а) Мемлекеттің құрылуы, жер аумағы
2) Оның дамуы және әкімшілік.шаруашылық саяси құрылысы
а)Оғыздардың тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы
ә)Саяси жағдайы
б)Шаруашылығы
в)Кәсібі мен қолөнері
3) Мемлекеттің ыдырауына әсер еткен эндогенді және экзогенді факторлар
а) Мемлекеттің ыдырауының себептері

ІІІ. Қорытынды
1) Мемлекет өміріндегі негізгі ерекшеліктер
Еліміздің этникалық негізін құрайтын ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың ортасы, әрі куәгері болған. Бұл кезеңде жерімізде Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттары өмір сүрген. Бұлардың әрқайсысының өзнің этникалық құрылысы, даму ерекшеліктері бар. Бірақ мен айтып отырған Ежелгі Оғыз мемлекетінің де өзі өмір сүрген кезеңде қоғамның дамуына қосқан үлесі аз емес. Ол аталған қағанаттың басынан өткізген ішкі-сыртқы жағдайынан, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ахуалынан көрініс тауып отырады.Бұл Қазақстан тарихында айрықша іздер қалдырды.
Түрік қағанаты кезінде Византия, Иран сияқты елдермен, сол сияқты Түркеш қағандығы Қытай елімен байланыс жасаса, Оғыз мемлекеті өз кезегінде Хазариямен, Киевтік Русьпен одақтасып, Қытаймен, кейбір Орта Азиялық мемлекеттермен қарым–қатынаста болды. Бұл жағдай орта ғасырларда қазақ жеріндегі осы феодалдық мемлекеттердің халықаралық аренаға шыққандығын көрсетеді. Ол қарым-қатынаста бір-біріне көмек, ынтымақтастық, сауда мәселелері де шешімін тауып отырды.
Аталмыш Оғыз мемлекеті ІХ-ХІ ғасырлар аралығында Ұлы Жібек Жолының, оның бойындағы қалалардың гүлденген кезінде, саяси тұрақтылық жағдайында өмір сүрді, өсті. Ол бір жағынан көршілес мемлекеттердің дамуына саяси және әлеуметтік-экономикалық әсер етті. Сонымен қатар қағанат қалалық отырықшылық тіршіліктің өркендеуіне өзінше ықпал етті, түрік тілдес тайпалардың отырықшылана бастауын тездетті. Тұрақты мекен жайлар көбейді. Бұл қалалық мәдениеттің дамуына жол ашты. Бұл кезде түрік тілі өркендеп, түрік жазуы қанат жая бастады. Бұған дәлел Түрік жазба әдебиетінің ескерткіштерінің бірі — атақты “Оғызнама” жәдігері (жазулары).
o Оғыз-наме. Махаббат-наме ( қазақ тіліне аударғанда Ә. Дербісәлиев, М . Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев). А., 1986.

o Қазақстан тарихы Ақышев К.А. Байпақов К.М. (4 томдық) 1 том
o Көне түріктер Лев Гумилев А.1994.
o Қазақстан тарихы М. Қозыбаев (әдістемелік оқулық)
o Очерки истории огузов и туркмен Агаджанов С.Г.
o Көне түрік тарихы (2 томдық) 1 том А.2002.
o Қазақстан тарихы очерктері

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрлігінің Академиясы

Тақырыбы:

Ежелгі Оғыз мемлекеті

Орындаған:
Бидахметов Е.Б.
1 “Б” курс

Алматы 2005

Жоспар

І. Кіріспе
а)Тақырыптың Казакстан тарихымен байланыстылығы
ә)Сол кездегі қоғам деңгейі
б)Мемлекеттің өмір сүрген уақыты

ІІ. Негізгі бөлім
1) Ежелгі Оғыз мемлекетінің пайда болуы
а) Мемлекеттің құрылуы, жер аумағы
2) Оның дамуы және әкімшілік-шаруашылық саяси құрылысы
а)Оғыздардың тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы
ә)Саяси жағдайы
б)Шаруашылығы
в)Кәсібі мен қолөнері
3) Мемлекеттің ыдырауына әсер еткен эндогенді және экзогенді
факторлар
а) Мемлекеттің ыдырауының себептері

ІІІ. Қорытынды
1) Мемлекет өміріндегі негізгі ерекшеліктер

Терминдер

ІХ-ХІ ғ. мемлекет құрамына кірген қалалар туралы деректер

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Еліміздің этникалық негізін құрайтын ежелгі түркі елі, түркі жұрты
ұлы тарихи оқиғалардың ортасы, әрі куәгері болған. Бұл кезеңде жерімізде
Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттары өмір сүрген.
Бұлардың әрқайсысының өзнің этникалық құрылысы, даму ерекшеліктері бар.
Бірақ мен айтып отырған Ежелгі Оғыз мемлекетінің де өзі өмір сүрген
кезеңде қоғамның дамуына қосқан үлесі аз емес. Ол аталған қағанаттың
басынан өткізген ішкі-сыртқы жағдайынан, әлеуметтік, экономикалық және
мәдени ахуалынан көрініс тауып отырады.Бұл Қазақстан тарихында айрықша
іздер қалдырды.
Түрік қағанаты кезінде Византия, Иран сияқты елдермен, сол сияқты
Түркеш қағандығы Қытай елімен байланыс жасаса, Оғыз мемлекеті өз кезегінде
Хазариямен, Киевтік Русьпен одақтасып, Қытаймен, кейбір Орта Азиялық
мемлекеттермен қарым–қатынаста болды. Бұл жағдай орта ғасырларда қазақ
жеріндегі осы феодалдық мемлекеттердің халықаралық аренаға шыққандығын
көрсетеді. Ол қарым-қатынаста бір-біріне көмек, ынтымақтастық, сауда
мәселелері де шешімін тауып отырды.
Аталмыш Оғыз мемлекеті ІХ-ХІ ғасырлар аралығында Ұлы Жібек Жолының,
оның бойындағы қалалардың гүлденген кезінде, саяси тұрақтылық жағдайында
өмір сүрді, өсті. Ол бір жағынан көршілес мемлекеттердің дамуына саяси және
әлеуметтік-экономикалық әсер етті. Сонымен қатар қағанат қалалық
отырықшылық тіршіліктің өркендеуіне өзінше ықпал етті, түрік тілдес
тайпалардың отырықшылана бастауын тездетті. Тұрақты мекен жайлар көбейді.
Бұл қалалық мәдениеттің дамуына жол ашты. Бұл кезде түрік тілі өркендеп,
түрік жазуы қанат жая бастады. Бұған дәлел Түрік жазба әдебиетінің
ескерткіштерінің бірі — атақты “Оғызнама” жәдігері (жазулары).

Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы.
VІІІ ғасырдың аяғы-ІХ ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі
ағысында Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті құрылды, орталығы осы
өзеннің бойындағы, Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Ол қала Қимақ даласы
арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолдарының үстінде
орналасқан, сондықтан Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын керуен жолдары
осы қаланың үстінен өткен.
Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы қазіргі
кезде оның жағасында “9 оғыз” деп аталатын демалыс үйі бар. Түрік тілдес
оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда осы Орталық және Орта Азияда өмір
сүрген. Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түрік қағандығының құрамында
болған. Батыс Түрік және Түркеш қағанаттары құлап, Жетісуда Қарлұқ қағанаты
құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан. Алғаш оғыздар бұл аймаққа
келіп орналаса бастағанда жергілікті кангар печенегтердің қарсылығына тап
болды. VІІІ ғасырдың соңғы үштен бірінде оғыздардың көсемдері Мәуеренахрдың
шекарасына жетті, ал ІХ орта шенінде кимектермен және қарлұқтармен
одақтасып, кангар-печенег тайпаларын талқандады да, Сырдарияның орта және
төменгі ағысынның аңғарын қайтарып алды. Ақыр аяғында олар жеңіліп, батысқа
қарай жылжыуға мәжбүр болған.
“Оғыз” сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір
ғалымдар “уыз” сөзінен шықты десе, екіншісі біреулері “садақтың оғы” деген
сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар “өгіз” деген төтемдік
сөзден пайда болды деп дәледеуге тырысады. “Күлтегін” жазуында Күлтегінді
жерлеу салтына қатынасқан түрік тайпаларының ішінде “Оғыз білге
таңбашының”(мөрші) болғандығы жазылған. Мұнда “таңбашының” немесе мөршінің
оғыздардың атынан баруы бұған дейін-ақ оғыздардың белгілі бір көрнекті
мемлекеттік дәрежеде болғандығын көрсетеді. Бұл жазбадағы “тоғыз-оғыз халқы
өзіне тән еді”, “Күлтегін бек... оғыздардың арасына кірді” деген сөздерден
оғыздар мен Күлтегін билік жүргізген түріктердіңі арасында жақсы қарым-
қатынастың болғандығын дәлелдейді. Ал Махмұд Қашғаридің сөздігінде
оғыздардың Жетісу, Ыстықкөл мен Шу өзендерінің арасында басқа да түрік
тілдес тайпалармен қатар тұрғандығы жазылған, тек қарлұқтардың күшеюіне
байланысты, олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып
қоныстанған.
ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның
орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді
мекендейді. Оғыздардың коныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі өзендерінің
бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Испиджаб шегіне дейін
жайылған. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен
шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыз жер иеленетін отырықшы
облыстармен, Хорезммен, Мәуеренахрмен және хорасанмен шектесіп жатқан.
Х ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын сонау дала, сол сияқты
Каспийдің құла түзі, Орталық, Заунғыз, оңтүстік-шығыс Қарақұм мен Арал
аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталған.

Оғыздардың тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы.
Оғыздардың құрамына кангар печенектердың біразы және Сырдария
аңғарының, Арал маңының және Каспий бойының далалық тайпалары — тілі
жағынан түріктене бастаған, аралығы тегі үнді-еуропалықтар, фин-угорлар,
Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жагарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер
байандұрлар, кайлар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар да
кірген.
Қытай деректері оғыздардың құрамына баяндұр, имур, қайлар кірген десе,
арабтар қимақ тайпаларының кейбір бөліктерінің оғыздарға қосылғанын
хабарлайды. Ал Мұхамед Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тападан
тұрса, әл Марвази олардың 12 тайпасы жөнінде ғана жазады. Бұдан
байқалатыны, оғыздардың 24 тайпадан тұрған кезі —оғыздардың жаңадан әр
түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі болса, 12 тайпаға түскен кезі —
ол тайпалардың бір-біріне қосылып, халықтық дәрежеге көрсетіле бастаған
мезгілі. “Дуани лұғат-ат-түрікте” оғыз тайпаларының мынандай тізбесі
келтіріледі: қынық, байандұр, ива, салұр, афшар, бектілі, бұқдұз,баят,
язғыр, имур, қарабұлақ, алабұлақ, иғдыр, урегир, тутырқа, ула-йондулуг,
түгер, жебни(жебеней), бежене, жуылдар, жаруклук.
Оғыз қағанаты тайпалардың біріккен одағынан құрылды, ал тайпалық
одақтар ел деп атлған, бүл халық, мемілекет деген ұғымды білдіреді. Олар
аймактарға бөлініп басқарылды. Оғыз рулары мен тайпалары алғашқы қауымдық
үлгідегі таза қандас туыстық емес, қайта шаруашылық-аумақтық байланыстар
жатыр. Оғыз қоғамы іс жүзінде рулық-тайпалық ұйымның түрлерін сақтаған
ертедегі таптық қоғам болды.
Оғыздардың арасында, көбінесе далалық аймақты мекендегендерінің
ішінде, монгол тектес нәсілдік бет-пішін басым болды, бірақ сонымен қатар
европалық-монголдық тектер аралас пішіндер мен басқа пішіндер де болды.
Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түркімен, өзбек, қарақалпақ
халықтарының қалыптасуында компоненттердің бірі болып қатынасты.
Оғыздарда жоғарғы билік иесі жабғу деген лауазымды именденеді. Ол
ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептелсе де, мұрагерлікке
қалып отырады. Жабғудың орнын инал атты мұрагерлік басты. Иналды жабғудың
арнйы тағайындап қойған адамы ( атабектер) тәрбиелеген. Оғыздарда жабғу
әйелдеріне де “қатын” деген атақ беріліп, олар сарай маңындағы өмірде
маңызды рөл атқарған. Оғыз мемілекеті әскери демократияға сүйенген.
Сондықтан да әскербасыларының қоғамдағы рөлі зор болған. Әскербасы сюбасшы
деп талған. Жабғу сюбасшылары мен кеңесіп, көп жағдайда оларды тыңдап
отырған. Әскербасылары саяси оқиғаларға араласып отырған, кейде тіпті
жабғуға да қарсы шығып отырған.
Жабғудың күл-еркіндер деп аталатын кеңесшілері де
болған. Оғыздарда халық жиналысы жылына бір рет шақырылған. Ақсүйек-
феодалдардың күшеюіне байланысты шонжарлардың қаңқаш деген кеңесі
күнделікті өмірде басты мәнге ие болып, халық жиналысы сирек шақырылатын
болған. Оғыз дәулетінің біртіндеп дами бастағанына байланысты, ел
басқарудың ең жоғарғы орны ұлы және кіші құрылтай жиналысына берілген.
Мұны оғыздардың атақты “Оғызнама” жәдігеріндегі “Оғыз қаған Ұлығ құрылтай
шақырды” деген сөздерінен анық көруге болады. Ұлы құрылтайда қаған өзінің
ұлдарын “боз оқ” деп оң жағына, “үш оқ” сол жағына отырғызған.
Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзықтар оң қанатқа “аға”
тайпалар қатарына жатады да, ал ұшқұштар сол қанаттың “кіші” тайпаларына
жатады. Жоғарғы ханды “сайлағанда” бұзықтардың (ұшақтарға қарағанда) көп
артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемілекті этникалық құрамы
жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген .
Оғыздарда “бой”, “оба”, “көк” деп аталатын тайпалық және рулық
бөлімшелер болған. “Дуани лұғат-ат-түрікте” және басқа да деректемелерге
қарағанда, оғыздарда “бой” тайпа деген сөз, “оба” және “көк” терминдері
көбінесе рулық бөлімшелерге қолданылған. Бұдан қоса оғыздар ұрықтар мен
аймақтарға бөлінген. “Ұрығ” атауымен рулық бөлімшелер және патронимия
құратын атақты тұқымдар, әулеттер аталған. “Оғыздама” дерегіне қарағанда,
жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған .

Саяси жағдайы.
Оғыздар Еуразиялының саяси және әскери тарихында маңызды рөл
атқарады. Олар Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы печенгтерді жеңіп,
өздеріне қаратады. Еділ бойындағы печенегтермен болған соғыс туралы
“Оғызнамада”: “Итиль өзені деген бір өзен бар еді. ...жағасында Қаратау
маңыңда ұрыс болды. ...жойқын соғыс болды... Итиль өзенің суы қып-қызыл
болды” деген жолдар кезігеді. Бұл хабар печенектердің ойсырай жеңілгендерін
көрсетеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен хазарларға қарсы
әскери одақ құрады. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқанадалады . Бұл туралы
“Оғыздамада” біршамада суреттеме берілген. Онда: “Ұрысбек оғлы Сақлаппен
келісім жасалған” дейді. Мұндағы “Ұрысбек оғлы Сақлап” деп отырғаны —
орыстың ұлы кінәзі Святослав.

Жалпы “Оғызнама” деректерінде қағанның Батысқа қарай жасалған
жорықтары туралы сөз болады. Ал аңыз-әңгімелер мен түрік шежірелерінде
Орта Азияға, Шығыс Түркістанға, Қытай жерлеріне қарай жасалған жорықтар
баяндалады.

Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат
байқалады. Біріншіден,Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды
қолға қарату. Ал оған Хазар қағанаты бөгет жасады. Екіншіден, оғыздарды
Маңғыстау мен Үстірт, Еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын
аса маңызды сауда жолдары қызықтырады. Орыс қалаларымен сауда жасауды да
ойластырады. Бұған орыс мемілекеті де мүдделі болды. Хазарияның
талқандалуы орыс көпестерінің шығыс елдеріне шығыуына жол ашты.

Оғыздардың жер үшін, сауда жолдары үшін жүргізген ұрыстары көп
жағдайда сәтті аяқталған. Орыс жылнамамаларында 985 жылы кінәз Владимирдің
торктармен (Оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы
айтылады.

Ұзақ жылдарға созылған үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-
салық оғыз тайпаларының наразылықтарын туғызады. X ғасырдың аяғы мен XІ
ғасырдың басында Әли ханның кезінде мемлекеттің жағдайы күрт нашарлайды.
Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда салжұртарды қала тұрғындарды
қаладан қуып шығарады.
Оғыз мемлекеті Әли ханның мұрагері Шахмәлік тұсында біршама уақыт қайта
күшейеді. Ол 1041жылы Хорезмді де жаулап алады. Алайда екі жылдан кейін
Оғыз жабғуы көтеріліске шыққан салжұқтардың қолынан қаза табады. Билік үшін
талас Оғыз мемлекетін әлсіретеді.

Шарушылығы.
М а л ш а р у а ш ы л ғ ы. Оғыздар көшпелі, жартылай көшпелі, жартылай
отырықшы мал шаруашылығымен айланысты. Олардың бір бөлігі, яғни жартылай
көшпелілердің тұрақты, маусымды жайылымдары болды. Тұрақты қысқы
жайылымдары Сырдың орта және төменгі ағысында, Арал теңізі жағалауларында
болды. Ал жазда оғыздар Каспий теңізінің далалы аймағын жайлаған. Әл-
Бируни оғыздардың күз айларында Хорезм шекараларына таяу көшіп келетңінін
жазды және олардың енді бір топтарының, кей бөліктерінің кимектер елінің
Маңқұр көліне таяу жерде (Ұлытау баурайында) көшіп жүргенін айтады.
Оғыздардың ұлан-байтақ даламен алыс жерлерге қоныс аударып жүретін көші-
қонға лайықты арба үстіне тігілген үйлері (жолым үйлер) болған. Ол арбаға
өгіз не түйе малын жеккен.
Орта ғасыр авторлары оғыздардың төрт түлік мал (жылқы, қой, ешкі,
сиыр, өгіз, түйе) өсіргенін айтады. Шаруашылығында қой өсіру аса маңызды
рөл атқарғандықтан, “өсімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оғыз мемлекетінің мәдениеті
Оғыз мемлекеті
Оғыздыр мемлекеті
Оғыздардың тарихи аңыздары
Оғыз мемлекеті жайлы
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Оғыз мелекеті
Ертедегі Оғыз тайпасының тарих сахнасына шығу кезеңі
Оғыз мемлекеті. Мемлекеттің ыдырауы
Оғыздар және ғұндар
Пәндер