Йодтың адам ағзасына қажеті зор микроэлемент


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Йодтың адам ағзасына қажеті зор микроэлемент. Тиісті мөлшерден аз болса, ауруға шалдығады. Мұндай жағдайда, әсіресе, жас балаларда ақыл-ойдың тежелуі байқалады.

Өзектілігі: Йодтың адам ағзасына қажеті зор микроэлемент. Тиісті мөлшерден аз болса, ауруға шалдығады. Мұндай жағдайда, әсіресе, жас балаларда ақыл-ойдың тежелуі байқалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша жер бетінде бұл дертпен ауыратындардың саны 650 миллионнан асады. Ал 2 миллиард адамда йоджетіспеушілігінің белгілері бар. Мамандардың мәлімдеуінше, жер шарындағы бір миллиардтан астам адам табиғи йод жетіспейтін аймақтарда өмір сүреді. Қазақстан да сол аймаққа жатады.

Бұл ауруға, әсіресе, балалар, жасөспірімдер мен әйелдер бейім келеді. Жас ағзада йод жетіспесе, интеллектуалдық қабілет нашарлайды. Ал жүкті әйелдерде түсік тастау оқиғасы, мезгілінен бұрын босану, баланың дұрыс жетілмеуі, сәбидің дүниеге келгенде іштен ауру болып немесе өлі тууы да жиі байқалады.

Йод жетіспеген адамдар көбіне эндемиялық жемсау ауруына шалдығады. Бұл қалқанша бездің үлкеюімен анықталады. Бірақ йоджетіспеушілік ағзаға әсерін қалқанша безге байланыссыз да тигізуі мүмкін. Балаларда психомоторлық даму, иммунитет тежелісі, кретинизм пайда болады.

Зерттеу объектісі: 8 сынып оқушылары

Болжам: Йод тапшылығы бар оқушыларды анықтап, оларға мәселенің күрделі екендігін түсіндіре, оқушылардың денсаулығының жақсаруы мүмкін.

Күтілетін нәтиже: Бұл жобаны оқушылармен сауалнама жүргізу, тест алу арқылы мәліметтер жинаумен бірге нәтиже шығару.

Мақсаты:

Арнайы әдістемелерді қолдана отырып, 8 сынып оқушыларында йод тапшылығын анықтап, денсаулығын түзетуде ұсыныс жасау.

Міндеті: Мәселені нақтылау, зерттеудің теориясымен танысу, онымен байланысты әдебиеттерді қарастыру, зерттеу әдістемелерін таңдау. Зерттеу нәтижесі мен алынған мәліметтерді талдау.

Мазмұны

Кіріспе 2 Негізгі бөлім 5

Зерттеу материалдары мен әдістері 8

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау 10

Қорытынды 13

Қолданылған әдебиеттер 14

Күнделік 15

Кіріспе

Йод аса маңызды микроэлементтердің біріне жатады. Организмнің қалыпты дамуы үшін ол аса қажет, солай бола тұра қажетті мөлшері өте аз -не бары 100-150 мкг.

Йод - адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент. Ол адамға ғана керек емес, жануарлар мен өсімдіктерге де қажет, бұл йодтың жер бетіндегі бүкіл тірі материялар үшін маңыздылығының айғағы.

Йод 1812 жылы ашылды жəне осылай деп аталуына буларының күлгін түсті (iodes -грекше «күлгін») болуы себеп болды. Йод қоры көбінесе сулы ортада жинақталған. Сондықтан болар суда планетадағы салмағы мен тұрқы ең ірі хайуанаттар тұрақтаған. Мысалы, қанық көк немесе аспан көк түсті кит - бювал, массасы 150 тонна жəне дене ұзындығы 30 метр. Əлемдегі бүгінгі ғылыми танылғандар ішінде бұдан ірі жануар жоқ. Теңіз жануарлары арасында өмір сүру уақыттары ұзақтығынан да рекордтар бар, мысалы, теңіз тасқабалары 200-300 жыл өмір сүреді.

Топырағы мен суы йодпен қаныққан аудандарда өсетін өсімдіктердің тұрқы ғаламат үлкендігімен таңқалдырады. Оған мысал ретінде гиганттық секвойя - мамонт ағашын қарастыруға тұрады, ол Калифорнияның Тынықмұхиттық жағалауларында өседі жəне оның биіктігі 140-160 м, ал діңгегінің диаметрі 10 м жəне одан да артық болады. Секвойя ағашы мыңдаған жылдар жасайды, қалай болғанда да, бұл ағаштың 4500 жыл жасаған даналары ғылымға танымал. Ғалымдар секвойя ағашы 9000 жыл жасауы да ықтимал деген байламға келіп отыр. «Бұл ғаламат алып ағаштардың өсуіне керекті жалғыз жағдайға йодтың буларына қаныққан теңіз тұманы жатады», - деп санайды биология ғылымының докторы, профессор В. О. Мохнач

Йод жылжымалы жəне айқын белгілері бар, табиғатта біркелкі таралмаған жер қыртысының элементі. Йодтың биосферадағы айналымы көбінесе территорияның теңіздер мен мұқиттардан алшақтығы, жердің рельефі, жəне де су мен топырақтың қышқыл-негіздік қасиеттері сияқты факторларға байланысты.

Табиғаттағы йод айналымында, оның негізгі бөлігі теңіз суында таралған. Жəне оның топырақтағы негізгі көзіне атмосфералық йод жатады, ал өз кезегінде ол атмосфераға теңіздер мен мұхиттардан түседі. Мұхиттың 1м² ауасында 10 мкг жəне одан да артық йод көлемі бар, ал континент ауа қабығында - 0, 5 мкг (бұл өте аз мөлшер) . Осыған байланысты теңіз жəне мұхиттарға жақындық, желдің бағыттары жəне жауын-шашын мөлшері йодтың топыраққа түсуінде аса маңызды роль атқарады.

Йод табиғатта үнемі айналымда болғандықтан, үздіксіз қозғалыста: мұхит пен теңіздегі сулардан буланып атмосфералық ауада қоюланып жиналады, содан кейін жауын-шашынмен араласып жердің топырақты қыртысына қайта оралады. Жер топырағында йодтың таралуы 50-ден 9000 мкг/кг-ға дейін болады жəне ол соңғы (төртінші) мұз дəуіріндегі оның қату деңгейіне байланысты. Оның концентрациясы балшықты, көмірленгендікті, қара топырақты жерлерде (1-50 мкг йод/1 г топырақта) жоғары, ал құмдауытты жəне күлденген жерлерде (0, 5-10 мкг йод /1 г топырақта) төмен болады. Жауын-шашындағы жəне өзен суларындағы йод концентрациясы 5 мкг/л, ал атмосфера ауасында - 0, 5 мкг/л болады.

Табиғатта йод түрлі формада кездеседі - органикалық жəне органикалық емес, жəне де оның басым бөлігі йодид жəне йодат түрінде таралған. Сонымен, йодтың көп мөлшері топырақтың жоғарғы қабатынан мұздықтардың еріген суларымен жəне жауын-шашындармен шайылып, өзендер арқылы теңіздер мен мұхиттарға құйылады. Йод топырақтың терең қабаттарында да болады жəне мұнай бұрғыларынан шығатын топырақтарда кездеседі. Терең қазылған құдықтардан бөлінетін сулар йодтың маңызды көзі болуы ықтимал. Жалпы алғанда, жер қыртысының жоғарғы қабаты неғұрлым кəрі болса, ол сыртқы əсерлерге көп тап болған (эрозияларға), сондықтан йодқа ол соғұрлым кедейлеу.

Йод таулы жерлерде өте аз кездеседі, содан кейінгі кезекте - шөл жəне жазықты жерлерде. Таулы жердің тұрғындары йод тапшылығынан пайда болатын - жемсау (зоб) ауруларына бейім келеді. Аймақ теңіз бен мұхиттардан неғұрлым алшақ болған сайын, оған қоршаған орта соғұрлым кедейлеу келеді. Қазақстанның бүкіл территориясы дерлік бұл минералдың мөлшері тұрғысынан жұтаң өлкеге жатады. Бұл йод тапшылық пен .

Негізгі бөлім

Йодтың организмдегі ролі

Біздің бəріміз жарақаттар мен жырылып кеткен тері қабаттарын йодтың спирттік ерітіндісімен тазалайтынын білгенбіз. Ал қазір атмосфералық ауада, ауыз суында жəне тағамдық өнімдерде аздаған мөлшерде кездесетін йодтың өзге түрінің барлығы да белгілі болды. Осы йод органикалық емес қосылыс ретінде немесе органикалық формада атмосфералық ауамен, тамақпен жəне ауыз суымен асқазан-ішек жолдары арқылы қанға түседі жəне барлық жасушалар мен тіндерге жеткізіледі, оның ішінде қалқанша безіне де, өйткені бұлардың осы минералсыз қандай да бір функция атқаруы мүмкін емес.

Өзінің формасы бойынша көбелекті немесе қалқанды елестететін қалқанша безі (аталуы да осылардан), өзінің «қанаттарымен» тыныс алу кеңірдегіне оралып мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Осы қалқанша безінің қызметіне жүрек соғуларының санының реттелуі, дене температурасы, тағамдық өнімдердің «жағылу» жылдамдығы тəуелді, жəне бездің өзінің қызмет ету мүмкіншілігі организмге түсетін йод мөлшеріне байланысты айқындалынады.

Организмдегі йодтың 80% (15- 20 мг) жуығы қалқанша безінде жинақталынған. Йод адам организміндегі осы маңызды органның гормондарының синтезделінуі үшін қажет. Мұнда тироксин жəне трийодтиронин гормондарының қызмет ету бастамасы болып табылатын йод синтезделінеді. Құрамына йод кіретін гормондар функциясының ауқымы кең жəне сан алуан. Жай ғана мысал: қалқанша безі гормондары болмаса итбалық көлбақаға айналмайды. Бұл, əрине жануарлар əлеміндегі негіз қалаушылық қызмет атқару айғағы.

Құрамына йод кіретін гормондардың биологиялық ролі мыналар:

  • тұқымдық жұмыртқаның имплантациялануы жəне оның одан əрі дамуына əсер етеді;
  • сары дененің функциясын стимулдайды, сонымен жүктілікті алғашқы кезеңдерінде сақтайды;
  • ;
  • эмбриогенез процесстерінреттейді;
  • құрсақ ішінде мидың дамуын қамтамасыз етеді;
  • тіндердің өсуі мен дифференциациясын бақылайтын анаболикалық əсерлерге ие;
  • барлық зат алмасу процесстерін реттеу жұмыстарына қатысады.

Іс жүзінде қалқанша безі гормондары организмнің барлық жүйелерінің қызметін бақылап отырады, су-тұздардың алмасуы, жылу түзілушілік, зат алмасудың үрдістігін, оған белоктар, майлар, көмірсулар мен витаминдер алмасулары да кіреді. Мысалы, қалқанша безінде бета-каротин негізін құрайтын өсімдіктік ізашарлары- каротиноидтардан А витамині түзіледі.

Йод фагоциттерді - қанның ақ денешіктерін (И. И. Мечников ашқан) белсенділендіріп организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады, ал олар қанды ауру қоздырғыштардың барлық түрінен жəне бөтен тумалы элементтерден қорғайды. Йод вирустарға, бактерияларға, микроскоптық саңырауқұлақтарға қарсы қимыл-əрекеттер жасайды, құртуға көмектеседі. Сондықтан қарқанша безі арқылы ағып өтетін қан микроорганизмдерден толығымен арылып өтеді. Сонымен қатар қалқанша безінің үрдісті қан айналымдық органдарға жататынын ескерген жөн.

Адамдардың йодқа қажеттілігі

Адамдардың йодқа қажеттілігі Халық арасында тапшылығы кеңінен таралған маңызды минералдарға деген адамдардың қажеттілігі туралы мəліметтер кестеде жинақталынып берілген. Кестеде көрсетілгендей, балалардың витаминдерге қажеттілігі жынысы мен жасына жəне де кейбір минералдардың сіңімділігіне тəуелді. Темірдің жəне мырыштың рациондағы сіңімділігі (биологиялық қол жетерлігі) неғұрлым тазаланып өңделінген тағамдарға, оның ішінде дəндік дақылдарға бай болса, соғұрлым жоғары. Ал басқа жағынан қарасақ, тазаланып өңделінген дəндік дақылдарда бұл минералдардың мөлшері, тазаланып өңделмеген азық-түліктерге қарағанда, айтарлықтай төмен. Сонымен қатар, темірдің тағам рационынан сіңімділігі тағамдық өнімдермен С витамині көп қабылдаған сайын жоғары. Алайда, 37 қазақстандықтардың тағам рациондарының құрамы С витаминіне жұтаңдау. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдердің темір мен мырышқа мұқтаждықтары осы микроэлементтердің тағам рационынан орташа сіңімділігі есебінен берілген.

Балалар мен жасөспірімдердің йод қабылдауға кеңес етілген қажеттілігінің деңгейі

Жасыжəнежынысы
Йод, мкг/күн
Жасыжəнежынысы: 1-3 жас
Йод, мкг/күн: 75
Жасыжəнежынысы: 4-6 жас
Йод, мкг/күн: 110
Жасыжəнежынысы: 7-9 жас
Йод, мкг/күн: 100
Жасыжəнежынысы: Еркектер 10-18 жас
Йод, мкг/күн: 135 (10-11 жас)
Жасыжəнежынысы: 110 (≥12 жас)
Жасыжəнежынысы: Əйелдер 10-18 жас
Йод, мкг/күн: 140 (10-11 жас)
Жасыжəнежынысы: 100 (≥12 жас)

Кеңес етілген қабылдау деңгейі (КҚД) - бұл іс жүзінде дендері сау адамдардың жасжыныстық топтарының (97, 5%) қажеттілігіне сəйкес келетін тəуліктік қабылдау

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеулер Теміртау қаласының №8 жалпы білім беру орта мектебінің базасында жүргізілді. Зерттеуге 13-14 жас аралығындағы 8 сынып оқушылары қатысты.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі зерттеу әдістері қолданды:

  1. Сауалнама
  2. Йод тапшылығын бағалау тесті
  3. Йодталған тор салу әдісі

1. Сауалнама

Мектеп оқушыларына келесі сауалнама сұрақтары қойылады:

  1. Құрамында йод бар тағамдарды қолданасыз ба? (теңіз қырыққабаты, қызанақ, сәбіз, қара қарақат, құлпынай, пияз және т. б)
  2. Тамақ дайындауда йодталған тұзды қолданасыз ба?
  3. Йодамарин қабылдайсыз ба?

2. Йод тапшылығын бағалау тесті

Әр сұраққа «ИӘ» не «ЖОҚ» деп жауап беру қажет.

□ Тамағыңызда кесек тұрғандай сезінесіз бе?

□ Сіздің ата-анаңыз қалқанша безі ауруына шалдыққан ба?

□ Соңғы кездері сіз айтарлықтай салмақ қостыңыз ба?

□ Сіз диетасыз арықтағансыз ба?

□ Сіздің тәбетіңіз күшейді ме?

□ Тәбетіңіз қашты ма?

□ Сіз қатты және көп терлеуіңізді байқадыңы ба?

□ Күн жылы болған сәтте де тоңғаныңыз болды ма?

□ Соңғы кездері қолыңыз ыстық болып жүр ме?

□ Аяғыңыз жиі салқындай ма?

□ Сіз жиі мазасыздана бастайсыз ба?

□ Ұйқышылдық, ақырындық, жиі шаршау пайда болды ма?

□ Себепсіз дірілдеу жиілене бастады ма?

□ Тыныштық күйде тамыр соғуы жиілейді ме?

□ Теріңіз тым құрғай бастады ма?

□ Дәретіңіз молая бастады ма?

□ Іш қатуға шалдыға бастадыңыз ба?

Егер де алты, не одан да көп сұраққа «ИӘ» деген жауап берілсе, адам ағзасы йод тапшылығына шалдыққанның белгісі.

3. Йодталған тор салу әдісі

Оқушының денесінде йодтық тор салу қажет. Егер қою қоңыр түсті йод сызықтары ағара бастаса, 5 минуттан кейін денеде елеулі ашық түсті болып, таңертең мүлдем жоғалса, ағзада йод тапшылығының болғанын білдіреді. Ағза тері арқылы йод молекулаларын сіңіре бастайды.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

1. Сауалнама нәтижелері

Сауалнамаға 8 сыныпта оқитын 55 оқушы қатысты.

1. 1 Бірінші сұрақты талдай келе келесі нәтижелер анықталды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йод тапшылығы ауруларын алдын алу..
S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы
S,P,D элементтер
Йодтың химиялық және медициналық маңызы
Тұздың денсаулыққа зияны
Тұздың адам өмірінде алатын орны
Тұздың құпиясы
Йодтың физикалық қасиеті
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
S,p,d-элементтерінің медициналық-биологиялық маңызы.химиялық байланыстың табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz