Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері



«Бірдейлік» ұғымы (орта ғасырлардағы латын тілінен аударғанда – ұқсастық, бірдей болу) жалпы ортақ түсінікте ұқсас болуды, бір нәрсенің бір нәрсеге сәйкес болуын білдіреді /12/. Ол философия, әлеуметтану, психология, мәдениантропология сияқты әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдардың категориясы ретінде көрініс табады. Әдетінше, бұл ұғым индивидтер мен топтарды салыстырмалы тұрақты, «өздеріне өздері сәйкес болатын» біртұтастық ретінде сипаттауда қолданылады.
Дегенмен де, «бірдейлік» ұғымы барлық ғылымдарда ортақ мағына бергенмен, әр ғылым бұл түсінікке қатысты өздерінің интерпретациясын, басқалардан өзгеше анықтамасын береді.
Осылайша, философия «бірдейлік бұл бір заттың құрамында болмайды (яғни, индивидке бастапқыдан бірдейлік тән болмайды), ол қарым-қатынасты білдіреді деп тұжырымайды. Яғни ол тек әлеуметтік өзара әрекет барысында ғана қалыптасады, бекітіледі (немесе керісінше, қайта қалыптасып, трансформацияланады). Нақты айтатын болсақ, бірдейлік сөзін индивидтер ғана анықтайды, өйткені субъектілік қасиет тек индивидтерге тән, яғни өздеріне қатысты немесе мүлдем қатысы жоқ белгілі бір белгілерді қолдану мүмкіндігіне тек индивидтер ие. Ал бірдейлік түсінігін топтарға тиісті қолдану тек ол сөздің ауыспалы мағынасында, бейнелеу мағынада қолдануға болады» /13/.
Сонымен қатар, «белгі» ұғымы семиотика атты белгілер туралы ғылымның ерекше бір тарауы ретінде семантика позициясынан қарастырылады, яғни қандай да болсын бір объект белгі арқылы басқа объектімен анықталады, белгіленеді, қолданысқа ие болады, сонымен қатар репрезентацияланады. «Екі объектінің арасында, яғни белгі немесе мағына сияқты объектілердің рөлінде, семиозис процесі барысында затты белгілеу жұмысы орнығады» /14/.
Егер де индивидтердің бірдейлігі қазіргі заманға дейін олардың ата-тегі немесе белгілі бір әлеуметтік тапқа тиістілігі арқылы анықталған болса, (индивидтер бұл қасиетті өзгерту билігіне ие болған жоқ), сәйкесінше, демек өзін-өзі сәйкестендіру мәселесі көтерілмеген, ал қазіргі кезеңде, немесе модерн заманында бірдейлік мәселесі тек қоғамдық мүдденің құралы ғана емес, сонымен қатар біршама өзекті бола бастады.
Қазіргі заман адамының бірдейлігі «индивидтер өздерін белгілі бір топпен, өмір сүру салтымен, құндылықтармен сәйкестендіретін ұқсастықтарды іріктей отырып, нақты өмір сүру салтына саналы бағытталуына байланысты болады». Қазіргі замандағы күрделі әлеуметтік ағзаларда бірдейлік көптеген сипаттамаларға ие. Әлеуметтену процесі барысында, түрлі өмірлік жағдайларда адам көптеген рөлдерді ойнауды үйренеді, яғни бірнеше бірдейліктерге ие болады.
1. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии. Послание Президента Н.А. Назарбаева к народу Казахстана «Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. – Астана, 1 марта 2006 года. – С. 20.
2. См.: Казахстанская политологическая энциклопедия. – Алматы, 1998. – С. 76-77.
3. Даль Р. О Демократии. – М.: Аспект пресс, 2000. – С.9.
4. Подробнее об этом см.: Новая философская энциклопедия: В четырех томах. - Том 1. - М.: «Мысль», 2000. - С. 619-621.
5. См.: Казахская политологическая энциклопедия. - Алматы, 1998. – С. 92-93.
6. Даль Р. О Демократии. – М.: Аспект пресс, 2000. – С.10.
7. Там же. С. 188.
8. Новая философская энциклопедия: В четырех томах. - Том 1. - М.: «Мысль», 2000. - С. 620.
9. Руссо Ж. Ж. Об общественном договоре // Руссо Ж. Ж. Трактаты. -М., 1969.-С. 313.
10. См.: Поппер К. Р. Открытое общество и его враги. - Т. 1 и 2. - М., 1992.
11. Политология: Энциклопедический словарь. - М., 1993. - С. 75.
12. См.: Большой энциклопедический словарь. – М.: Науч. изд-во «Большая Российская энциклопедия» - Санкт-Петербург «Норинт», 2004. – С. 434.
13. См.: Новая философская энциклопедия: В четырех томах. - Том 2. – М.: «Мысль», 2001. - С. 78-79.
14. Там же. – С. 54.
15. Там же. – С. 79.
16. Там же. – С. 79.
17. Там же. – С. 79.
18. Новая философская энциклопедия: В четырех томах. - Том 4. - М.: «Мысль», 2001. - С. 482-483.
19. Новая философская энциклопедия: В четырех томах. - Том 2. - С. 79.
20. Там же. – С. 80.
21. Всемирная энциклопедия: Философия. – М.: АСТ, Мн.: Харвест, Современный литератор, 2001. – С. 382.
22. См.: там же.
23. Большой толковый психологический словарь. – Т. 1 (А-О); Пер. с англ. / Ребер Артур. – ООО «Издательство АСТ»; «Издательство «Вече»», 2001. – С. 294.
24. Культурология. ХХ век. Энциклопедия. – Т. 1 (А-Л). – Санкт-Петербург: Университетская книга. – 1998. – С. 239.
25. См.: Большой толковый социологический словарь (Collins. – Т. 1 (А-О): Пер. с англ. / Джерри Дэвид, Джерри Джулия. – М.: Вече, АСТ, 1999. – С. 226-227; Т. 2 (П-Я). – С. 228-230.
26. Там же. Т. 1. – С. 226.
27. Подробнее об этом см.: там же. – Т. 1. – С. 224-226.
28. См.: Хоруженко К.М. Культурология. Энциклопедический словарь. – Ростов-на-Дону: Изд-во «Феникс», 1997. – С. 160-161.
29. См. также: Казахская политологическая энциклопедия. - Алматы, 1998. – С. 114-115.
30. Лекторский В.А. Личная и коллективная идентичность в современном обществе // Проблема идентичности в трансформирующемся российском обществе и школа. – М.: ИНПО, 2008. – С. 11.
31. Артёменко О.И., Кузьмин М.Н. Россия: формирование человека гражданского общества в полиэтническом социуме (историко-социокультурный аспект) // Проблема идентичности в трансформирующемся российском обществе и школа. – С. 27.
32. Там же, с. 29.
33. Маркс К., Энгельс Ф. Избранные сочинения в 9 томах. – Т. 4. – М.: ИПЛ, 1986. – С. 5.
34. Цит. по: Антология мировой политической мысли в пяти томах. – Т. 2. Зарубежная политическая мысль. ХХ в. – М.: Мысль, 1997. – С. 463-464.
35. Подробнее об этом см.: Антология мировой политической мысли в пяти томах. – Т. 2. Зарубежная политическая мысль. ХХ в. – М.: Мысль, 1997. – С. 592-610.
36. См.: Кон И.С. Открытие Я. – М., 1978; Кузьмин М.Н. Переход от традиционного общества к гражданскому: изменение человека // Вопросы философии, 1997, № 2.
37. Гараджа В.И. Национальная интеграция и этноконфессиональная идентичность // Проблемы идентичности в трансформирующемся российском обществе и школа. – С. 138.
38. Общая теория государства и права / под ред. Д.А.Керимова. - Л., 1961. С.31-32.
39. Марксистско-ленинская общая теория государства и права. Основные понятия и институты. - М., 1970. – С.216.
40. Бурдье П., Социология политики. - М, 1993. – С. 39.
41. Цит. по: Кумар К. Гражданское общество // Гражданское общество (Реферативный сборник). - М.: Российская Академия Управления, 1994. – С.17-34с. - С.18.
42. Арато А., Коэн Дж. Гражданское общество и переходный период от авторитаризма к демократии // Гражданское общество (Реферативный сборник). М.: Российская Академия Управления, 1994. – С.3-16. - С.13.
43. См.: Смольков В.Г. Гражданское общество и государство // Гражданское общество. М.: Луч, 1993. – С. 20-37. – С. 21-22.
44. См.: там же, с.24.
45. Унпелев А.Г. Политология: власть, демократия, личность. М.: Интерпакс,1994. – 256с. – С.230-231.
46. Красин Ю.А. Долгий путь к демократии и гражданскому обществу // Политические исследования. - 1992.- № 5-6. - С.97-98.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1 Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық
негіздері

1.1 Азаматтық бірегейлік теориясының шетелдік және отандық әлеуметтік-
саяси ойлардағы генезисі
Бірдейлік ұғымы (орта ғасырлардағы латын тілінен аударғанда –
ұқсастық, бірдей болу) жалпы ортақ түсінікте ұқсас болуды, бір нәрсенің бір
нәрсеге сәйкес болуын білдіреді 12. Ол философия, әлеуметтану,
психология, мәдениантропология сияқты әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдардың
категориясы ретінде көрініс табады. Әдетінше, бұл ұғым индивидтер мен
топтарды салыстырмалы тұрақты, өздеріне өздері сәйкес болатын біртұтастық
ретінде сипаттауда қолданылады.
Дегенмен де, бірдейлік ұғымы барлық ғылымдарда ортақ мағына
бергенмен, әр ғылым бұл түсінікке қатысты өздерінің интерпретациясын,
басқалардан өзгеше анықтамасын береді.
Осылайша, философия бірдейлік бұл бір заттың құрамында болмайды (яғни,
индивидке бастапқыдан бірдейлік тән болмайды), ол қарым-қатынасты білдіреді
деп тұжырымайды. Яғни ол тек әлеуметтік өзара әрекет барысында ғана
қалыптасады, бекітіледі (немесе керісінше, қайта қалыптасып,
трансформацияланады). Нақты айтатын болсақ, бірдейлік сөзін индивидтер ғана
анықтайды, өйткені субъектілік қасиет тек индивидтерге тән, яғни өздеріне
қатысты немесе мүлдем қатысы жоқ белгілі бір белгілерді қолдану
мүмкіндігіне тек индивидтер ие. Ал бірдейлік түсінігін топтарға тиісті
қолдану тек ол сөздің ауыспалы мағынасында, бейнелеу мағынада қолдануға
болады 13.
Сонымен қатар, белгі ұғымы семиотика атты белгілер туралы ғылымның
ерекше бір тарауы ретінде семантика позициясынан қарастырылады, яғни қандай
да болсын бір объект белгі арқылы басқа объектімен анықталады, белгіленеді,
қолданысқа ие болады, сонымен қатар репрезентацияланады. Екі объектінің
арасында, яғни белгі немесе мағына сияқты объектілердің рөлінде, семиозис
процесі барысында затты белгілеу жұмысы орнығады 14.
Егер де индивидтердің бірдейлігі қазіргі заманға дейін олардың ата-тегі
немесе белгілі бір әлеуметтік тапқа тиістілігі арқылы анықталған болса,
(индивидтер бұл қасиетті өзгерту билігіне ие болған жоқ), сәйкесінше, демек
өзін-өзі сәйкестендіру мәселесі көтерілмеген, ал қазіргі кезеңде, немесе
модерн заманында бірдейлік мәселесі тек қоғамдық мүдденің құралы ғана емес,
сонымен қатар біршама өзекті бола бастады.
Қазіргі заман адамының бірдейлігі индивидтер өздерін белгілі бір
топпен, өмір сүру салтымен, құндылықтармен сәйкестендіретін ұқсастықтарды
іріктей отырып, нақты өмір сүру салтына саналы бағытталуына байланысты
болады. Қазіргі замандағы күрделі әлеуметтік ағзаларда бірдейлік көптеген
сипаттамаларға ие. Әлеуметтену процесі барысында, түрлі өмірлік жағдайларда
адам көптеген рөлдерді ойнауды үйренеді, яғни бірнеше бірдейліктерге ие
болады.
Бірдейлік құрылымында философия оның екі деңгейін бөліп көрсетеді:
индивидуалды және әлеуметтік.
Егер де персоналды бірдейлік индивидтің бірегейлік қасиеті туралы
ақпарат беретін сипаттамалардың жиынтығын білдіретін болса, әлеуметтік
бірдейлік – индивидті қоршайтын әлеуметтік ортаның күтімдері мен
нормаларының сәйкестенуінің (ұқсастыруының) нәтижесі болып табылады 15.
Осы орайда бірдейліктің бұл екі деңгейін (персоналды бірдейлікті ішкі,
ал әлеуметтікті сыртқы ретінде түсіндіре отырып) бөліп қарастыруға
болмайды. Себебі, индивидтің жеке және өзінен алшақтамайтын өзі туралы ойы
әлеуметтік нормалардың иентериоризациясының( нәтижесі болып табылады.
Сонымен қатар, индивидтің жеке нормалары әлеуметтік интеракция барысында
немесе өзінің еркінен тыс қоршаған ортада қалыптасқан нормалар мен
рөлдермен үйлеспей қалуы мүмкін 16.
Әлеуметтік бірдейлікте, сәйкестену негіздеріне қатысты, бірдейліктің
төмендегідей түрлерін бөліп қарастырса болады:
- кәсіби (инженер, педагог, дәрігер, бизнесмен және т.б.);
- этностық (қазақ, орыс, татар және т.б.);
- аймақтық (қазақстандық, Сібір азаматы, Қиыр Шығыс азаматы және т.б.);
- саяси (демократ, либерал, коммунист, ұлтшыл, фашист және т.б.).
Дегенмен, тұлға құрылымында этностық бірдейліктің орны ауыса беруі
мүмкін екенін естен шығармау керек.
Кейбір жағдайда этностық бірдейлік аса маңызды рөлге ие болмайды,
немесе мүлдем көрініс таппайды (басқаша айтқанда, этностық индеферентизм
пайда болады), дегенмен басқа жағдайда индивидтің басқа бірдейлігін шеттете
отырып, басымдыққа ие бола бастайды. Бұл ірі индустриалды мегаполис
жағдайында ашық көрініс табады. Этностық бірдейлікті қарқындату кейбір
национал-патриоттар тұжырымдайтындай, терең индивидуалды санада ұйықтап
жатқан қасиеттің жандануымен емес, белгілі бір жүріс-тұрыс түрімен
сипатталатын жағдаймен (соның ішінде, этностық көрсеткіш бойынша ұжымдық
ынтымақтастық жағдайымен) байланысты болады. Этностық бірдейліктің шешуші
көрінісі заттық көрсеткіштерінің жиынында (фенотиптік сипаттамалар, тіл,
мәдени ерекшеліктер, дін) емес, осы көрсеткіштерінің әлеуметтік
коммуникация процесінде бекітілетін мағыналарда айқындалады 17.
Этностық феноменін анықтауда ғалымдар арасында, соның ішінде
философтардың бірлік жоқ екенін көзден таса қалдырмау қажет. Дегенмен
кейбір қауымдастықтарға тән болатын этностық ретінде санауға мүмкіндік
беретін немесе этностықтың болуын меңзейтін сипаттамаларды бөліп қарастырса
болады.
Бұл, біріншіден, ортақ территориалық немесе тарихи шығу тегі, ортақ
бірегей тілдің болуы, мәдениеттің материалды және рухани құндылықтары
туралы пікірдің топ мүшелері арасында бір-бірінен алшақ болуы.
Екіншіден, халық туралы ойдың бір құрамдас бөлігі ретінде
қабылданатын, мемлекеттілік сияқты саяси тұрғыдағы Отан мен ерекше
институттар туралы ой-пікірлер.
Үшіншіден, ерекше болу сезімі, яғни, топ мүшелерінің белгілі бір
нәрсеге тиісті болуын түсінуі, осыған негізделген ынтымақтастық пен ортақ
істің формалары 18.
Тұрмыстық тілде этностық бірдейлікті ұлттық бірдейлікпен жиі
шатастырады. Бірақ та, Жаңа философиялық энциклопедияда жазылғандай, оларды
ажырату жөн: белгілі бір ұлттың мүшесі ретінде индивидтің өзіндік санасы
этностан жорғары негізде (үнділіктер, канадалықтар, австриялықтар,
филиппиндіктер, швейцарлықтар, индонезиялықтар, белгиялықтар,
американдықтар және т.б.) қалыптасады. Ұлттық бірдейлік белігілі бір саяси
(ұлттық мемлекет) және мәдени (ұлттық мәдениет) қауымдастықпен өзіндік
сәйкес болуын білдіреді. Өйткені қазіргі кезеңдегі көптеген мемлекеттер
полиэтностық болып табылады, ал ұлттық бірдейліктің азаматтық-саяси өлшемі
этностық өлшемнен жоғары болады 19.
Тархи философиясында, сонымен қатар әлеуметтік философияда өркениетті
бірдейлік термині бекітілген. Ол индивидтің, этнос пен мемлеккеттің
белгілі бір өркениетке сәйкес болуын білдіреді, және әдетінше Н.Я.
Данилевский мен А. Тойнбидің қолданылатын сөздерінде немесе О. Шпенглердің
жоғарғы мәдениеттерінде көрініс табады.
Бұл белгілі бір географиялық ареалға байланысты болатын және
нәтижесінде адамзаттың ерекше бейнесін құрайтын дін, идеология,
әлеуметтік тәжірибелер мен мәдени стильдердің тасымалдаушысы ретінде
қабылданатын қауымдастық. Дегенмен ол әмбебаптылыққа, әлемдік маңыздылыққа
ие болуға талаптанады 20.
Сонымен қатар, аса маңызды бір жайға назар аударған дұрыс. Бұл –
бірдейлік ұғымы мен даралық (өзінің бірегейлігінің ерекшелігі,
индивидуалдылық, тұлға) түсінігінің арасындағы түрлі пәндік контекстте,
және түрлілік, өзгешелік, аутенттілік және т.б. туралы еуропалық
дәстүрдегі қалыптасқан дискурс арасындағы тығыз байланыстың болуы 21.
Қазіргі кезеңде бірдейліктің түрлі, автономды, сонымен қатар бір-біріне
сәйкес үш түсінігі қалыптасқан:
а) неоклассикалық қисында;
б) философияда (бірінші кезекте неоклассика мен ең бастысы постклассика
түсінігінде);
в) әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдарда (психология, әлеуметтану,
антропология, мәдениеттану).
Бірдейлік түсінігінің өзі өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары ғылыми
айналымға енгенмен, 60-шы жылдары ғана көптеген мәдени-бағдарлы
дискурстардың ішінде орталық дискурс болып табылды.
1980-ші жылдан бастап бұл түсінікті әмбебаптау, пәнаралық
кедергілерді жою тенденциясы байқала бастады. Бірдейлік мәселесін
әмбебаптауға түрткі берген, оның философия және ғылыми пәндер шекарасынан
тыс шығаруға септігін тигізген ғалым – американ психолог, психоанализ
саласының маманы Э. Эриксон. Өзінің Бірдейлік: жастық шақ пен дағдарыс
атты кітабында (1969 ж.) ол былай деп жазады: ...Біздің заманымызда
бірдейлікті зерттеу Фрейд заманында сексуалдылықты зерттеу сияқты
стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Дегенмен, біз бірдейлік
ұғымын түрлі әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдардағы түсіндірмесі мен
қолдануына талдау жасамайынша, арық қарай зерттеу жүргізе алмаймыз.
Осылайша, қисында Г. Фрег пен Б. Расселден басталатын дәстүр
қалыптасқан. Ол бойынша бірдейлік термині есім мен объекттіні (әр түрлі
нұсқада: денотат (есімнің (белгінің) заттық маңызы), десигнат (тілдік
белгінің мазмұндық жағы), заттық мағына, реферант (сөз немесе белгі қатысты
болатын зат)) сәйкестендіретін белгілеу тұрғыда (ат беру), қарасатыру
контекстінде пайдаланылады 22.
Яғни, қисында бірдейлікті силлогизмнің шынайылығын өзгертпей, бірі
екіншісінің орнына қолдана беретін екі немесе одан да еөп элементтер
арасындағы қатынас етіп қабылдау қалыптасқан.
Дегенмен, бірдейлік теориясы психологияға көп әсерін тигізді. Терминнің
өзін де Супер-Эго қалыптастырудағы интериоризация іс-әрекетінің механизмін
түсіндіру үшін З. Фрейд енгізген. А.Ребер құрастырған Үлкен психологиялық
түсіндірме сөздікте бірдейлік теориясы типтік бірдейлік теориясы ретінде
түсіндіріледі. Ол түрлі психикалық оқиғалар мен психикалық жағдайлар
физиологиялық (дәлірек физиклық) жағдайда қалыптасқан адам миының белгілі
бір күйде болуымен байланыстырады. Сонымен қатар, бұл теория бір орында
тұрмады, арық қарай дами бастады. Келесі түсіндірме төмендегідей көрініс
тапты: егер де екі адамның санасында ортақ нәрсе болса (мысалы, екеуі де
судың ылғалды екенін білсе, немесе итті көз алдырана елестетсе,
психологияны түсіну армандары болса), ол екі адамның белгілі бір физикалық
жағдайы да бірдей болады деген қорытынды жасайды. Осы түсіндірме сөздігін
құрастырушы мен автор осы анықтамаға байланысты теория типтік бірдейлік
теориясы деп аталанғанына назар аударыңыз, өйткені мұнда санадағы
оқиғалардың түрі физикалық оқиғалардың түріне сәйкес келеді делінген. Бұл
ұғымның берілген кең емес, тар мағынасында біз бірдейліктің белгілік
теориясымен танысамыз. Ол жоғары аталған анықтамаға қарағанда жұмсақтау
айтылады. Тар мағынадағы анықтамаға сәйкес, бірдейліктің белгілік
теориясында сананың белгілі бір, индивидуалды жағдайы (белгілік)
бірдейлікті білдіреді 23.
Көптеген психолог-теоретиктер жетік дамыған бірдейліктің қалыптасуы
алдында орын алған түрлі примитивті бірдейліктердің жойылуында ғана жүреді
деген көзқарасты ұстанады.
Тұлғаны зерттеуде бірдейлік ұғымы тұрақты Мен адам түсінігінде,
индивидтің өзі туралы ойының ішкі және субъективті көзқарасы ретінде
түсіндіріледі. Термин осы мағынада қолданылған жағдайда, мысалға, жыныстық-
жастық немесе жыныстық-рөлдік, нәсілдік немесе топтық және т.б.
бірдейліктер нақтыланып түсіндіріледі.
Тұлғаның негізгі психологиялық, әлеуметтік-тарихи және экзистенциялық
сипаттамаларының жиынтығын қарастыра отырып, неопсихоаналитикалық
концепцияның авторы Э. Эриксон ғылыми айналымға психоәлеуметтік бірдейлік
ұғымын енгізді. Э.Эриксонның түсінігі бойынша, индивидуалды Мен
түсінігінің өзіндік ұқсастығы мен біртұтастығының субъективті сезімі мен
бір уақыттағы объективті бақыланып отырған сапасы индивидтің әлем мен адам
бейнесінің басқалардан алшақтанатын ұқсастық пен тұтастыққа деген сенімімен
тығыз байланысты болады деп тұжырымдайды. Тұлғаның өмірлік өзегі мен
психоәлеуметтік теңдігінің басты индикаторы бола отырып, психоәлеуметтік
бірдейлік келесіні білдіреді: а) сыртқы ортаны қабылдау процесіндегі
субъектінің ішкі ұқсастықтары, уақыт пен кеңістіктегі өзінің Мен
түсінігінің тұрақты болуы мен үздіксіз орын алуы жайлы сезімі; б) осы Мен-
нің кейбір адами қауымдастыққа енуі, дүниеге деген көзқарасының жеке және
қалыптасқан әлеуметтік түрінің сәйкес болуы 24.
Бірдейлік мәселелесінің әлеуметтік түсіндірмесі психологиялық
интерпретациямен, дәлірек әлеуметтік-психологиялық түсіндірмемен өте ұқсас
келгенмен, біраз айырмашылқтар орын алады. Әлеуметтік психологтарының
пікірі бойынша, индивидуалды өзіндік сананың аспектілері әлеуметтік
категориялар маңызды орын алатын контексттерді иеленіп, әлеуметтік
бірдейліктің мазмұнын құрайтын әлеуметтік категорияларға өтуі және олармен
сәйкестенуінде көрініс табады (мысалы, өмірлік жол, гендер, дін, іс-
әрекет). Мұнымен жақсы немесе жаман мәртебе беретін баға өте тығыз
байланысты.
Осы процестерді зерттей отырып, ғалымдар бірдейліктің әлеуметтік
болашағын анықтауға, ал ол арқылы ішкі топтағы жүріс-тұрысты түсіндіруге
тырысты. Осылайша, Браун (1978) жалақыдағы айырмашылықты сақтап қалуға
ниеттенген кәсіби топтарды сипаттады. Джилз бен Джонсон (1981)
этнолингвистік топтардың жүріс-тұрысын зерттеді. Жақында ғана осы әдіс
жайлылық (топтың қысымымен бақарылатын жүріс-тұрыс), кішігірім топтардың
әсері мен топтардың поляризациясы сияқты ішкі топтағы процестерді
түсіндіруде сәтті қолданылды 25.
Сонымен қатар, жайлылықтың екі түрі ажыратылады:
а) интериоризация – топтың пікірі қабылданады және оның ішкі процесі
болып табылады;
б) бағыну – ішкі шамырқану орын алғанымен, сырттай көріністе
ынтымақтастықтың болуы.
Әлеуметтану ғылымындағы бірдейлік – бұл бір адамға мүмкіндігінше ұқсау
ниетінде сол адамның жүріс-тұрысын өзгертпей қабылдау немесе көшіру 26.
Ал осыдан шығатын жәйт, әлеуметтану ғылымында мінсіз түр мен таза түр
(ideal tupe or pure tupe) сияқты ұғымдардың болуы орынды. Олар
елестетілген құбылысты абстрактілі немесе таза (демек, мінсіз) формада
талдау мен түсіндіру мақсатында құбылыстарды ортақ немесе жеке түсіну
(идеализациялау) 27.
Бұл түсінікті енгізгені үшін әлеуметтану М.Веберге басын изеу қажет,
дегенмен ол ғалымның қатаң сыншылары да бар. Мысалға алатын болсақ,
Т.Парсонс, Уинч және т.б.
Бірдейлік ұғымының ортақ жалпы анықтамасын негізге алатын
мәдениеттану ғылымы адамдардың бір-біріне ұқсау мен белгілі бір мәдени
категориямен (тұлғалық қасиеттер, топтық нормалар, құндылықтар мен т.с.с.)
сәйкестендіру ретінде, нақты мәдениет ішінде адамның өзіндік сезімі ретінде
бірдейлік мәселесін бөліп көрсетеді 28.
Саясаттану ғылымында бірдейлік деп ерекше өзгешеліктерді түсінеді.
Мысалға, басқалардан өзгешелейтін мәдени, тілдік және т.б. сипаттамалардың
болуы. Сонымен қатар, осындай ерекшеліктер топтар мүшелерінің бір-бірімен
ынтымақтасуына септігін тигізеді, араларын бірікітіруші, байланыстырушы
буын болып табылады.
Бірдейлік ең басты түрлері ретінде саясаттану төмендегі түрлерін бөліп
көрсетеді:
азаматтық, бұл бірдейлік азаматтың белгілі-бір мемлекетке тиісті екенін
сезінуде көрініс табады;
этностық немесе ұлттық – бұл белгілі-бір этносқа тиісті болу сезімі, оның
тілімен, дәстүрімен, мәдени ерекшеліктерімен байланыста болу (ұлттық рух
түсінігіне жақын);
діни, яғни, қандай да болсын конфессия немесе деноминацияның адептісі
болу, белгілі-бір діни ілімнің жақтаушысы болу (бұл әрқашан ортақ
қбылданған ұлттық-діни дәстүрлер туралы ой-пікірмен санаса бермейді, кейде
тек сыртқы кейіпті ғана танытуы мүмкін);
мемлекеттік, мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына сәйкес болатын,
мемлекеттілік үлгісін жүзеге асыру барысында мемлекеттің барлық элементтері
тәуелсіздік көрсеткіштерімен сәйкес болуын көрсетеді;
ұлттық-мемлекеттік, мемлекеттің өзі өзіне немесе тәуелсіздік алу барысында
субъект болып табылған мемлекетқұрушы ұлттың рухани мүддесіне сәйкес
болуының көрінісі;
өркениетті – ұлттық - мемлекеттік бірдейліктің біртұтасты-ғындағы
бірдейліктің жоғарғы деңгейі мен бірлігі (мысалы, Қытай – бұл өзін
мемлекет ретінде таныстыратын өркениет), сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі
өркениетті құрайтын мемлекет тобына мүше болу (мысалға, латынамерикалық,
еуразиялық өркениеттер және т.б.) 29.
Бірдейлік түсінігіне осындай қысқаша ғана шолу жасау бізге
келесідегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
- біріншіден, бұл термин бойынша пікірлер көп болғанмен, түрлі
болғанымен, бәріне ортақ, жалпы ой-пікірлер баршылық. Осы барлығына ортақ
болып табылатын пікірлерді біз Қазақстан этностарының азаматтық бірдейлік
аспектілерін зерттеуде негізге аламыз;
- екіншіден, мұндай шолу жасамағанда этностық бірдейлік, әлеуметтік
бірдейлік, азаматтық бірдейлік сияқты терминдерді ажыратып, олардың
өздеріне тән ерекшеліктерін анқтай алмас едік. Бұл, әрине, біздің
зерттеуіміздің толық болуына кедергі болар еді.
Қазір көптеген авторлар индивидуалды бірдейліктің түсініксіз түрі,
сонымен қатар индивидуалды поли-бірдейлік, соңына келгенде қазіргі
ақпараттық қоғамдағы тұлғалық субъектінің ақыр соңы туралы көп жазады. Бұл
ақпараттық қоғамға еніп отырған және әлемнің басқа бөлігін жаһандану
процесі көмегімен осы қоғамға тартып отырған қазіргі таңдағы батыс әлемі
индивидуалды бірдейліктің дағдарысын басынан кешіріп отыруына байланысты.
Сонымен бірге ұжымдық бірдейлік те дағдарысы басталды 30.
Біз қазіргі кезде американ ғалым-географы, геосаясаттың жақтаушысы
Э.Хантингтон өзінің ХХ ғасырдағы аты шулы Өркениеттің қозғаушы күштері
атты кітабында өркениеттер қақтығысы деп атаған, жаһанданудың астарында
жатқан ұлттық-мәдени агрессияның куәгері болып отырмыз.
Дегенмен, мұның барлығының қаншалықты және келешекте қандай болашағы
бар? деген сұрақ туындайды. Өйткені, біреулерге бөтен құндылықты-мәнді
мәдени жүйелерді күштеп агрессивті енгізу қарсы іс-әрекетті жандандырады
емес пе. Сондықтан да, барлық мәдениеттерді және мультикультуризмді
біріктіретін қазан қазіргі шынайылықпен АҚШ-та, Батыс Еуропада, бұрынғы
Кеңес Одағында да қақтығысқа төтеп бере алмады. Қазіргі замандағы Қазақстан
үшін де бұл идея орынсыз болып келеді, болашағы жоқ деп айтуға болады.
Біріншіден, барлық адамдар нәсілі мен ұлтына тәуелсіз өмір сүруге және
мәдени дамуға тең құқылы.
Екіншіден, барлық мәдениеттер тең құқыққа ие, дегенмен сонымен қатар,
өлшенбейді. Өйткені, көзқарастар мен құндылықтардың басқалардан артықшылығы
жоқ.
Сондықтан біздің пікірімізше, Қазақстанның полиэтностық жағдайындағы
этносаралық өзара әрекет процесі өзінің жеке, бөлек аспектіде
қарастырылмауы қажет. Қазақстан азаматтық ұлтының геосаяси ерекшеліктері
мен қазіргі кездегі жағдайын ескере отырып, осы негізде мәдени өзара әрекет
және қалыптасу процесі ретінде әлемдік тәжірибені ескеруі дұрыс. Бұл өз
кезегінде мемлекетқұрушы ұлтты шеттемеу керек, себебі сөз бір ұлттық
мәдениетінің басқа мәдениетті қамтып алу туралы қозғалып отырған жоқ,
керісінше, Біз – Қазақстан елі идеясын жүзеге асыру мақсатында барлық
жағдайлар жасалуы қажет. Мұнысыз дәстүрлі Қазақстан қоғамының азаматтық
қоғамға трансформациялануы мүмкін емес.
Ал осыдан шығатын қорытынды – жалпы жаһандану жағынан, келесі жағынан
социумның полиэтносты және түрлілік ортасы әсерінен қазіргі кезеңдегі
Қазақстан азаматы үшін бірдейлік мәселесі өте өзекті болып отыр.
Сонымен қатар, әрине, Қазақстан қоғамының күрделі этностық құрамын,
тілдік, мәдени, діни түрлілігін көзден таса қылмау қажет. Біз қазіргі таңда
дәстүрлі қоғамда өмір сүрген ұжымдық адамының жасырын шекарасын азаматтық
қоғамдағы индивидуалды адам иеленетін әлеуметтік-мәдени сипаттамаларды
игеру үшін аттап отырған қадамымызды естен шығармауымыз керек. Өйткені,
жаңа, яғни, полиэтносты болып табылатын азаматтық қоғамға тұлғаның жаңа
тарихи түрі керек.
Бұл орайда О.И. Артеменко мен М.Н. Кузьмин атты Ресей ғалымдары
тарихтағы адам дамуының мәнін ашу мақсатында адам историзмінің белгісіз,
бірақ та шынайы орын алып отырғаны туралы сөз қозғайды:
- дәстүрлі қоғам мен ұлттың категориясы ретіндегі этностың тарихи өзара
қарым-қатынасы – азаматтық қоғам категориясы іспеттес;
- соның ішінде процеске қатысушылардың аборигендік немесе миграциялық
сипатын ескере отырып, этностың ұлтқа айналуына алғышарттар мен жағдай
жасау;
- азаматтық ұлт – моно немесе полиэтностық әлеуметтік негізде пайда
болатын азаматтық қоғам субъектісі;
- этностық пен ұлттылықтың өзара қарым-қатынасы мен арақатынасы;
- трансформация процесінің түрлі кезеңдерінде этностық (ұлттық) пен
азаматтық бірдейліктердің байланысы;
- этностылық (этнос) мемлекеттік саясаттың шынайы объектісі ретінде;
- ұлт дәстүрлі қоғамнан азаматтық қоғамға өту барысындағы, және
азаматтық қоғамдағы өзіндік іс-әрекеттің шынайы субъектісі ретінде және
т.б. 31.
Әрине, осы жоба барысында барлық сұрақтарды қамту мүмкін емес, өйткені,
әр сұрақ нақтылы, дәл жеке зерттеуді талап етеді. Дегенмен, жоғарыда
айтылған мәселелерге жүгіну бізге жеке бірдейлікті анықтауға өз септігін
тигізеді, және де зерттеуімізді толықтыратыны сөзсіз.
Сонымен қатар, біздің қазіргі таңдағы басты мақсатымыз- азаматтық
қоғамды құруда тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Ресейдің де
жеткіліксіз тәжірибесін естен шығармау. Себебі, О.И. Артёменко мен
М.Н.Кузьмин дұрыс айтқандай, - дәстүрлі қоғамның трансформациялану
аспектісінде, соның ішінде қоғамдық процестің субъектісін құраушы
элементтердің өзгеруі туралы теориялардың аздығы оң тарихи тәжірибенің
дефицитін құрайды. Қазіргі кезде тарихи тұрғыда бұрынғы дәстүрлі қоғамда
өмір сүрген адам факторымен салыстырғанда жаңа болып табылатын адам
факторының әлеуметтік-мәдени сипаттамалары туралы, дәстүрлі қоғамдағы
этностар мен олардың мәдениетінің орнына келетін, жаңа замандағы ұлттың
және зайырлы ұлттық мәдениеттің қалыптасуы жайында сөз қозғалып отыр 32.
Болашаққа көз салатын болсақ, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы басты
міндет тұлға үшін, яғни қандай да болсын индивид үшін, зайырлы
құндылықтарға негізделген, этностық, діни және тілдік тиістілігенен
тәуелсіз келетін, жалпы қазақстан азаматтарының мәдениет, құқық, мораль
сияқты құндылықтары орын алған қоғаммен өзін сәйкестендіру үшін барлық
қолайлы жағдай туғызуда жатыр.
Азаматтық қоғам мен азаматтық ұлт (ұжымдық бірдейлік) еркін,
индивидуалды жауапкершілігі мол, толерантты, өзінің қадір-қасиеті бар, ар-
намысы бар, мәдениетті, дәстүр мен діни наным-сенімдерді құрметтейтін (жеке
бірдейлік) тұлғаларды біріктіруі тиіс.
Ал ол үшін тұлғаның тарихи түрінің орнына объективті өзгерістің салдары
ретінде жаңа тұлға пайда болуы керек. Тек осының нәтижесінде ғана жеке және
ұжымдық бірдейлік орын алады. Дегенмен, әрине, бұл оңай процесс емес, және
бір уақытта бола салуы да ықтимал. Бұл туралы К.Маркс өзінің Луи
Бонапарттың он сегіз брюмері атты кітабында барлық о дүниеге аттаған
адамдардың дәстүрлері тірі жүрген адамдардың ойларында жүретін өте жаман
қорқыныш ретінде артқа тартады 33.
Азаматтық қоғамды қалыптастыруда кедергі болып саяси патернализм
табылады. Ол 70 жыл бойы кеңестік билікте өлі және тірі көсемдерді құдайдай
танытып, жоғарылату нәтижесінде қалыптасты. В.Маяковскийдің сөзімен айтатын
болсақ, білімсіз-ақ біз кімге сенуді, қайда баруды және кім үшін күресуді
білдік. Әрине, бір мезетте осы қалыптасқан санасыз психологияны өзгерту
мүмкін емес. Бұл үш ұрпақтың ауысуын талап етеді. Біз Өкілетті
демократиядағы бұқара атты Майкл Оукешоттың берген дұрыс әрі нақты
сипаттамасындағы бұқара адамнан арылған жоқпыз. Бұқара адам, - оның
айтуы бойынша, - ... өзінің санымен емес, қасиеттерімен сипатталады. Ондай
адамда индивидуалдылық әлсіз болғаны сонша, индивидуалдылығы күшті адаммен
қақтығысқан жағдайда көтеріліске шығып, антииндивуалдылыққа жүгінеді. Ол
өзіне тиісті моральді дүниеге әкеледі... Оның кедей болуы немесе бай
адамдарға қызғанышпен қарауы, білімсіз болуы міндетті емес, көп жағдайда
ол былайша айтқанда, интеллигенция қатарына жатады, дегемен ол қандай да
болсын тапқа жатпайды. Оны бірінші кезекте, интеллектуальды емес, моральдық
барабарлықпен сипаттайды. Оның құтқарылғысы келеді, дегенмен нәтижесінде
өзінің таңдауынан құтқарылуымен қанағаттанады 34.
Осы кезде жеке және ұжымдық бірдейліктердің ажырамас бөлігі ретінде
саяси немесе азаматтық мәдениет туралы мәселе бой көтереді.
Әлемдік әлеуметтік-саяси ой тарихындағы лексиконда пайда болған саяси
мәдениет категориясын ғылыми айналымға Габриэль Алмонд енгізді.
Сонымен қатар, ұлттың психологиялық және саяси сипаттамалары арасындағы
пайда болатын мәселелер орын алған осы Габриэль Алмондтың С.Вербамен
бірігіп жазған Азматтық мәдениет атты еңбегі қазіргі таңда өте өзекті
еңбектердің қатарында орын алады.
Дегенмен, осы авторлар өз еңбектерінде жеке бірдейлік, ұжымдық
бірдейлік сияқты терминдерге назар аудармаса да, осы мәселелер сол
зерттеудің мәнін құраған.
Олар ұлттың саяси мәдениетін қарастыра отырып, саяси бағдардың келесі
басты түрлерін көрсетеді:
а) когнитивті бағдарлар, яғни, саяси жүйеге, оның рөлдері мен сол
рөлдерге байланысты болатын, жүйе сыртқы ортадан алып, оған қайтару
(жүйенің кірісі мен шығысы) сынды міндеттеріне қатысты білімдер мен
сенімдер;
б) аффективті бағдарлар, немесе саяси жүйеге, оның рөлдері мен
жұмысына, оған енген адамдарына қатысты сезімдер;
в) бағалаушы бағдарлар, құндылықты стандарттар мен критерийлердің,
ақпарат пен сезімдердің комбинациясы ретінде көрініс табатын саяси
объектілер туралы ой-пікірлер мен толғаулар.
Жеке және ұжымдық азаматтық бірдейліктің құрамдас бөлігі болып
табылатын индивидтердің саяси бағдарларын жүйелей отырып, төмендегідей
сұрақтарға жауап беруге тура келеді:
1. Индивидтің өзінің ұлты және жалпы саяси жүйе туралы, оның тарихы мен
көлемі, тұрғылықты жері, конституциялық сипаттамалары, күші туралы қандай
ойда? Осы жүйелі сипаттамаларға қатысты оның сезімдері қандай күйде? Олар
туралы саналы көзқарастар мен пікірлері қандай?
2. Индивид саяси элиталардың құрылымы мен рөлдері, саясатта істелініп
отырған іс-әрекет кешеніндегі саяси ұсыныстар, бастамалар туралы не біледі?
Оның осы құрылымдарға, көшбасшылар мен саяси ұсыныстар, бастамаларға
қатысты сезімдері қандай?
3. Индивид саяси бағындыру, осы процеске еніп отырған құрылымдар,
индивидтер мен шешімдер туралы не біледі? Оларға қатысты индивидтің
сезімдері мен көзқарастары қандай?
4. Индивид өзін саяси жүйенің мүшесі ретінде қалай сезінеді? Ол өзінің
құқықтары, мүмкіндіктері, міндеттері мен жүйеге әсер ету мүмкіндігі туралы
не біледі? Осы барлық мүмкіндіктерін қалай сезінеді? Саяси ұстанымдар мен
көзқарастардың қалыптасуындағы қатысу мен атқару кезінде қандай ережелерді
пайдаланады? 35
Осылайша, азаматтық бірдейліктің индивидуалды, сондай-ақ ұжымдық сияқты
түрлері жайлы сөз қозғалып отыр. Сондықтан да, біздің зерттеуіміздің мәні –
Қазақстан этностарының азаматтық бірдейлігін анықтау бойынша негізгі
қойылып отырған сұрақтарға жауап іздеу.
Дегенмен, осы орайда тағы да, біздің ойымызша, екі жағдайға назар
аударған жөн.
Бірінші. Саяси мәдениеттің үш негізгі деңгейлерін бөліп қарастыру
қалыптасқан. Өйткені, ол деңгейлерге зерттеу жүргізбейінше, белгілі бір
ұжымдағы тұлғаның азаматтық бірдейлігін объективті анықтау мүмкін емес.
Сонымен қатар, біздің зерттеуіміздің нәтижелерін талдау үшін сол саяси
мәдениет құрылымындағы негізгі болып табылатын элементтерді естен шығармау
жөн. Ал бұл қалыптасқан дәстүр бойынша төмендегідей көрініс табады:
- саяси қажеттіліктер мен мүдделер;
- саясат туралы білім;
- саяси және идеологиялық сана;
- саяси ұстанымдар, бағдарлар, саяси оқиғаларға берілетін бағалар;
- қоғамда қалыптасқан саяси нормалар мен дәстүрлер;
- саяси жүріс-тұрыс үлгілері;
- саяси іс-әрекет машықтары мен әдіс-амалдары, білім мен тәжірибе;
- саяси институттар.
Ресей ғалымдарының, соның ішінде М.П. Перфильев, С.В. Рогачев,
П.И.Симуш және т.б. әдістерін ескере отырып, адамдардың рухани-тәжірибелік
іс-әрекетіндегі импульсивті-эмоциялық жағдайлардың толық бағаланбағанына
назар аудару керек. Бұл жетіспеушілік, біздің пікіріміз бойынша, саяси
мәдениет құрылымына менталдылық категориясы енуінің нәтижесінде сәтті
жойылып отыр. Бұл өте дұрыс сияқты, өйткені, менталдылық – бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының өкілдері
Этностық өзіндік сананың дамуы
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдар
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Дүниеге көзқарас түрлері
Эмпирикалық зерттеудің негізгі әдістері
Зерттеудің жалпы логикалық әдістері
Теориялық танымның негізгі әдістері
Мұғалімдердің креативтілік қабілеттерін арттырудың басқа тәсілдері
Пәндер