Топырақ эрозиясы және оның алдын алу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Топырақ эрозиясы және оның алдын алу
Орындаған:
Қабылдаған:
Мазмұны
- Кіріспе . . . 3
- Топырақ ресурстарының маңызы . . . 4
- Топырақтың ластануы . . . 5
- Топырак эрозиясы және оның алдын алу . . . 7
- Жерді рекультивациялау . . . 11
- Қорытынды . . . 13
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жер байлығының негізі - құнарлы топырақ. Қазақта «байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер» деген аталы сөз бар. өсімдіктер де, су да, жан-жануар мен адам баласы, бәрі де осы жер үстінде өмір сүреді. Қандай керемет, нендей құдірет болса, бәрі де осы жерден табылады. Жер бізді асырайды, қуат береді, пана болады.
Ал топырақ - жер қабатының сыртқы бөлігі. Ол өзінің құндылығыен, мол өнім беруге бейімділігімен бағаланады. Табиғатта топырақтың түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзімде түрліше жолдармен үгілуінің және мүжілуінің нәтижесінде пайда болады.
Топырақ - сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В. В. Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсетті. Топыраққа ең алғаш рет М. В. Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы- шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энегетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.
Топырақтың құнарлылығы дегеніміз - оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақтың құнарлылығы әр түрлі жағдайларға, әсіресе адамдардың оған бапты қарауына байланысты өзгеріп отырады.
Топырақ көптеген жануарлардың өмір сүретін орталығы. Топырақ және оның құнарлығы - адамзат үшін ең басты байлық. К. Маркс топырақты ұлы лаборатория - онда еңбек құралдары да, еңбек заты да бар, онда қоныстануға болады. Сондықтан да топыраққа қамқорлық жасау, оны келесі ұрпаққа құнарлы күйінде қалдыру - біздің басты борышымыз деп көрсетті.
Құрлықтың барлық ауданы шамамен 14800 млн. га. Оның 28 %-ін өңдемелі жерлер, 45 %-ін - шөл далалар мен жатылай шөл далалар, мұздар, мәңгілік қарлар алады. Әрине құнарсыз жерді пайдаға асыру адам баласының өзіне байланысты. Топыраққа адам баласының әсер ету жолдары әр түрлі болып келеді және ол өндіргіш күштердің даму дәрежесімен тікелей байланысты. Өңделген жерлер тек қана күрделі табиғи процестердің нәтижесі емес, ол көп жағдайда адам баласының ұзақ жылдар бойы топырақты меңгеру жөніндегі еңбегінің нәтижесі. Адам еңбегінің нәтижесінде топырақ негізінен өзгереді. Бұл өзгеріс барлық жағдайда жағымды бағытта емес, жағымсыз бағытта да болуы мүмкін. Топырақтың түбірінен өзгеруі оларда ағаштарды отау, мал жаю, су қорларын пайдалану, табиғи ортаны ластау т. б нәтижесінде болады. Егер дұрыс жүргізілмесе аталған шаралардан табиғаттың құндылығы төмендейді. Жердің мал жайылымы есебінде дұрыс пайдаланбаудың өзі оның құнарлылығын кенет төмендетеді. Мысалы, бұдан 20-25 жылдар бұрын көгалы мол, жері қияқ пен қымаршыққа толы Нарын құмында қазір көбінесе қара шағыр, адыраспан өседі. Топырағының құнарлылығы төмендеді. Мұның басты себебі, жайылымдарды тиімді пайдаланбау, оған демалыс бермеу, шыққан шөпті тұқымын қалдырмай шауып алу.
Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда - «төмендету», «артқа кеміту» ) негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану т. с. с.
Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т. б. «индустриялық далалар» пайда болады. Ондай жерлердің топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде -де аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Айта кететін бір жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің нәтижесінде де жүреді. Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едәуір ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы және ондағы организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестеріне әсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрі мен типін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне әкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады, олардың топырақ ерітіндісіне шығып қалуына жағдай жасайды.
Топырақта бұлардан басқа гельминтті инвазиялар, патогенді микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар, өндірістік қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өліктері т. б. болуы мүмкін. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы бақшаларда жиі байқалған.
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу прцестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. Әсіресе, топырақты жаппай жырту кезеңінен бастап (бұдан 150-170 жыл бұрын) эрозия процесі кең етек алды.
«Эрозия» термині латынның erodere - бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0, 5-2 см /100 жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-1700 жыл қажет болар еді, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.
Табиғатта топырақтың геологиялық эрозиясы және адамдар қызметінің әсерімен болатын экономикалық эрозия кездеседі. Геологиялық эрозия өте баяу жүреді, сондықтан оның әсері топырақтың құнарлылығынан байқалмайды. Геологиялық эрозия табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді. Сондықтан да, оны жағымсыз фактор есебінде қарауға болмайды.
Топыраққа зиян келтіретін фактор - экономикалық эрозия . Бұл әсіресе жер байлығын тиімді пайдаланбағанда, оны ғылымға негіздемей жырта беруден болады. Мысалы, топырақтың беткі 20 см қалыңдығы құнарлы бөлімі болып есептелінеді. Оны құру үшін табиғатта 2-7 мың жыл кетеді. Ал эрозия процесінде ол 10-30 жыл ішінде бұзылады. Құнарлы топырақты істен шығару соншама жеңіл болса, оны қалпына келтіру көптеген қаржыны және ұзақ жылдарды керек етеді. Аса қауіпті нәрсе желдің, судың бұзу күшімен және адамдардың ысырапсыз пайдалануы нәтижесінде топырақтың істен шығуы. Осындай эрозияның нәтижесінде біздің планетамызда елу млн құнарлы жер пайдалануға жарамай отыр. Күн сайын 3000-3500 га жер пайдасыз болып, істен шығып жатады. Жаңа мұнай-газ, металл, құрылыс материалдары шығатын жерлерді игерген сайын бұл цифрдің мөлшері өсуде.
Соңғы жылдары бұл фактор молайып, экологияға зор зиян шектіруде. Сол себепті, жер бетіндегі экологиялық қауіпсіздік жолындағы күрес баршамыздың ортақ міндетіміз болып табылады. Осыған орай біздің елімізде 1988 жылы қаңтар айында «Елде табиғат қорғау ісін түбегейлі қайта құру туралы» қаулы қабылданды.
Топырақтың құнарлылығының төмендеуі, онда егістіктің бір түрімен ғана шұғылданудың зиянды әсерінен де болады. Монокультура (бір дақылды үздіксіз өсіре беру) әсіресе жерді жыртумен байланысты өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері топыраққа үлкен зиян келтіреді. Бұған мысал, Өзбекстанда көп жылдар бойы мақта дақылын сыңаржақты өсіруден, бір жағынан, жердің құнарлылығының төмендеп кетуі, екінші жағынан, экономикалық мешеу қалуы, үшінші жағынан, суды көп керек ететін дақылдарды өсіруде оның мөлшерден тыс берілуі нәтижесінде топырақтағы құнарлы заттардың жуылып кетуі.
Yшінші фактор - ирригациялық эрозия адамдар қызметіне байланысты және оны болдырмау қолдан келетін жағдай болғандықтан, осыған толығырақ тоқтолайық. Ирригациялық эрозия - су эрозиясының бір түрі. Егер су эрозиясы табиғатқа байланысты - жаңбырдың, нөсердің, су тасқынының әсерінен болса, ирригациялық эрозия - адамдардың қолда бар су ресурстарын дұрыс пайдаланбауынан, дәлірек айтқанда, суды ысыраппен пайдаланудан келіп туады. Ирригация жүйелеріне суды көп беру нәтижесінде жер суару режимі бұзылады, эрозия күшейеді, топырақты су басып кетеді, жер асты суларының деңгейі көтеріледі, осының әсерінен топырақтағы құнарлы қоректік нәрселер жуылып кетеді, су қоймалары мен тоғандар бітеліп қалады.
Топырақтың құнарлылығына жел эрозиясы да үлкен әсер етеді. Топырақтағы құнарлы гумустар, ұсақ қара топырақтар үрленіп кетеді, қатты желдің әсерінен өсімдіктердің тамыры ашылып қалады, содан кейін қурайды. Осыған байланысты топырақтың құнарлылығы кенет төмендеп, ол істен шығып қалады.
Жел эрозиясының ең жаман түрі - шаңды қара дауылдар. Олар, әсіресе Ақтөбе, ) останай, Жезқазған, Атырау облыстарында жиі болып тұрады.
Жел эрозиясының нәтижесінде құм массивтері пайда болады. Олар егістікке жарамайтын құнарсыз өлі топырақтар. Оның басым көпшілігі ) азақстан мен Орта Азияда, Каспий маңы құмдары (Мыңтөбе) Мойын құмдар Атырау, Жамбыл облыстарында орналасқан.
Қалыпты эрозия - орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия - табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.
Жазықтық эрозия - тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтырдың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.
Сызықтық эрозия - тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіліп шайылуы.
Абразия - кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы ) жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.
Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті - биологиялық белсенділігі әлсірейді.
Эрозия - құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын үш мыңнан аса га жерден айрылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 50 млн га құнарлы жер тозып бітті. Эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20-40% төмендейді. Эрозияның зардаптары мұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеноценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн га жердің 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4 млрд тонна қабаты жойылып отырады. Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған.
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді.
Топырақтың эрозиясымен күресу - егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі. Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі- шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл территорияны - дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізеді. Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденеңдеп жырту, ал өте биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады. Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-мелиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А. Т. Болотов, В. В. Докучаев, Н. М. Сибирцев, т. с. с. үнемі атап көрсеткен.
Эрозиямен күресу жолдары:
1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Yлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.
3. Ауыспалы егістерді дұрыс пайдалану
4. Топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру.
5. Жиектік жырту
6. Топырақтың құрылымын түзуге мүмкіндік туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану.
7. Топыраққа әсер ететін қысымды кемітетін техниканы пайдалану.
Топырағы бүлінген жерді қайта қалпына келтіруді рекультивациялау деп атайды. Бұндайда шұңқырларды, үйінділерді тегістейді, жер бетіне қалыңдығын 25-70 см құнарлы топырақ төгеді де, түрлі өсімдіктер егуге қолайлы жағдай жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz