Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы ақпарат


Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы “Қазақстан Республикасының банк жүйесі”. Қазіргі кезде экономиканың негізгі буыны - банктер. Банк мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі ретінде қоғамдық дамудың проблемалары мен заңдылықтарын көрсетеді. Сондықтан оларды жалпы экономикадан бөліп қарастыруға болмайды. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс - жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді. Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да” басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: банк жүйесін реформалау; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Сонымен, банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, қорыта келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен логикасы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Қазақстан Республикасының банк жүйесіне, екінші бөлім Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өткеннен кейінгі банктік реформасы- на, үшінші бөлім банктік қызметті ұйымдастырудың негіздеріне арналған.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тарихы және банктердің нарықтық экономикадағы ролі қарастрылған. Бұнда Кеңес үкіметі жылдарында мемлекеттік емес мекемелердің құрылуы қаралып, КСРО жылдарында салалық банктердің ұйымдастырылуы, банктік реформалардың жүргізілуі көрсетілген.
Екінші бөлімде банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі , Қазақстан Республикасының банктік жүйесін реформалау бағдарламасы және банктік жүйенің одан әрі реформалануы қарастырылып, ұлттық валютаның енгізілуі, банктердің өзара қарым-қатынасын орнату және ақша-несиелік реттеудің құралдары мен әдістері, екінші деңгейдегі банктердің қызметтері көрсетіледі.
Үшінші бөлімде банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы, Ұлттық банк, Коммерциялық банктер туралы сөз болған. Банк қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы, Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің мәні мен атқаратын қызметтері және операциялары, т. б. қаралған.
Өркендеген елдер мен Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, банктердің батыстық нарықтық үлгісін қазақстан- дық дамушы үлгісімен салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтарға көз жеткізуге мүмкіндік береді. Банктер және олардың түрлері мен даму жолдары тарихи сабақтастық принципіне негізделіп зерттеледі.
Курстық жұмыста Ғ. С. Сейітқасымов, Көшенова Б. А., Шеденов Ө. Қ., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И., Нұрғалиев Қ. Р., “Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары және солар негізінде шыққан нормативтік құжаттар мен ережелер басшылыққа алынған.
Бөлім 1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
1. 1. Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің даму тарихы.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығару- дың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемле- кеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операция- лардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссион- дық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол он кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капи- тал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғам- дық банктер (343) .
Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылданды- ру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426-несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424-ауыл шаруашылық серіктестіктері бол- ды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелен- діру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерция- лық банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жылдары құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесін- де жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі-өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына(1959 жылы оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 жылы Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 жылы таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы таратылды да, оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несие- лендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағым- дық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақтал- ды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғыр- ландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операция- ларын жүргізді.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін(Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде:Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внеш-торгбанк) негізінде:Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды. [3]
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк-шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар- мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнер-кәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олар- дың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылуымен күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеуі үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандан- дырылған ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар өз кәсіп-орындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпорындар- дың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздар- мен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіп- орындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады. Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополия- сын жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі -Орталық, коммерция- лық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті.
70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерін- де әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық орган- дардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элемент- терін, жарыс пен тәуекелдікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооператив- тік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және т. б. коммерциялық банктер құрылды.
1. 2. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушы- ларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капитал- дарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, аудан- аралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруа- шылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табыла- ды. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талап- тар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыс- тыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қана- ғаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе “ертедегідей күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. К. Маркс келесіде “Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экокмиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқару- дың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономика- ны басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономика- лық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүлде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақса-ты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайда- ланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажетті- ліктерді қанғаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалы- сын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтарма- ғандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиент- терінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдары- ның, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таң- дайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайда- мен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz